Тапсырма: Библиографиялық көрсеткіш жасау және библиографияға енетін әдебиеттерге шолу. Ғылыми жетекші



бет1/4
Дата31.12.2021
өлшемі76 Kb.
#23783
түріМонография
  1   2   3   4

Әдеби шолу

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу іс-әрекетіне жағымды мотивациясын қалыптастыруда танымдық қызығушылығын ынталандыру

Тапсырма: Библиографиялық көрсеткіш жасау және библиографияға енетін әдебиеттерге шолу.

Ғылыми жетекші: Қартбаева Ж.Ж. – п.ғ.к., доцент

Тобы: 7М01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 1-курс



Орындаған: Ақбалина Э.Е.

[Абдигапбарова У.М. Ибраева М.К. – Монография: Балалардың танымдық белсенділігін ерте жастан дамыту.]

1.1.Балалардың танымдық белсенділігін ерте жастан дамытудың психологиялық-педагогикалық астарлары

Баланы ертеден дамыту керек деген ойлар классик педагогтардың еңбектерінде де көрініс тапқан. Мәселен, А.С.Макаренконың «баланы туа салысымен тәрбиелеу керек» - дейтін қағидалары да, адамның барлық қабілеттері, оның физиологиялық, психикалық даму кезеңдерінде жетілетінділігіне негізделген[13].

Айтылғандар негізінде ол 1-3 жас аралығындағы балалардың тәрбиесінде басым назар аудару керек тұстарын айтады: «Баланың жеке қимыл-әрекетін арнайы жолға қоюды дұрыс ұйымдастыру нәтижесінде оның әр нәрсеге көз тоқтатып, көңіл бөлуін тұрақтандыруға, тілі шығуын ертерек жетілдіруге болады. Толық жарамды сенсорлық дамуды қамтамасыз ету, ақыл- ойлылыққа тәрбиелеу, байқағыштық қабілетін дамыту, көңіл қою, есте сақтауға тәрбиелеу, сөйлеуін, есту қабілетін дамыту,–3 жасқа дейінгі балалар тәрбиесіндегі ең маңызды міндеттердің бірі.»[18, б. 145].

Жақын шет елдерде ерте жастағы балалардың дамуы мәселесі бұрыннан қарастырылып келгенмен, өткен ғасырдың 80-нші жылдарынан бастап, оны әр түрлі медицина, психология, педагогика ғылымдары саласынан арнайы зерттеуге басым көңіл бөлінген.

Осы еңбектерде ерте жастағы балалардың физиологиялық, психикалық дамуы ерекшеліктері, ерте дамыту орталықтары мен қосымша білім беру мекемелерінде олардың сөйлеуін қалыптастыру, эмоциялық аясын, танымдық аясын дамыту, эстетикалық тәрбие беру, осы жастағы балаларды дамыту мен тәрбиелеуде инновациялық әдістерді қолдану, балалардың өзара және ата-аналарымен әрекеттестігі, сенсорлық дамыту және оларды тәрбиелеуге болашақ мамандарды тәрбиелеу мәселелері қарастырылған. Атап айтқанда, М.П.Малиновскаяерте жастағы балаларды қосымша білім беру мекемелерінде тәрбиелеудің педагогикалық шарттарын анықтаған болса, [19], Т.В.Брагина ерте жастағы балаларды отбасында тәрбиелеуді [20], Ш.А.Абдуллаева ерте жастағы балаларды сенсорлық дамытуды негіздеген [21]. М.Г.Сорокова реформаторлық педагогика үлгісіндегі Монтессори жүйесін жасаған [22]. Қазақстандық ғалымдардың баланы ерте жастан дамыту мәселесіне арнаған еңбектерін анықтау мақсатында біз зерттеу барысында мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие мәселесі қарастырылған отандық ғалымдардың зерттеулеріне талдау жасап, оларды жүйеледік, кестеге түсірдік.



[Аралбаева Р.К. Мектепке дейінгі педагогика: Педагогикалық факультеттердің 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша дайындалатын студенттерге арналған оқулық/-Алматы: ЖОО қауымдастығы, 2012 ж.-220 бет.]

Оқу-танымдық іс-әрекетті меңгеру мектепке дейінгі мекемеде мектеп жасына дейінгі баланы оқытудың маңызды нәтижесі ретінде

П.П.Пидкасистыйдың психологиялық-педагогикалық сөздігінде оқу іс-әрекеті – белгілі бір көлемін меңгеру, жалпы оқу білігі мен дағдыларын алу, өздігінен білім алу (тану) қабілеті және оны алынған білімді практикада қолдану іс-әрекеттерінің бір түрі ретінде көрсетіледі.

Мектепке дейінгі мекемеде оқыту процесінде уақытпен мөлшерленген сабақтарда балалар оқу-танымдық іс-әрекетке кіріседі. Балабақшада педагог еркіндікті дамытады, тыңдауды, жауап беруді, сұрақ қоюды, оқу тапсырмасын қабылдау және орындауды, өз жұмысын жоспарлауды, жұмыс орнын дайындауды және жинауды, нұсқау бойынша және жоспар бойынша жұмыс істеуді үйретеді. Бұл білік біртіндеп күнделікті сабақтарда қолдану процесінде жинақталады. Бұл сабақ – балаларды оқытудың мектепте оқытатын сабаққа жақын түрі. Сабақтың бұл түрі педагогтарға оқу іс-әрекетінің компоненттерін қалыптастыруға, ал балаларға – таным процесінде барысында өздерін көрсете алуына мүмкіндік береді, мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінде сабақтастық орнайды, білім алудың келесі сатысына көшуге дайындайды.

Оқу іс-әрекетінің мұны басқалардан ажырата алатындай ерекше құрылымы болады (Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубенштейн және т.б.) Оқу іс-әрекеті өзіне мынадай компоненттерді қамтиды: мотивация, оқу міндеті, оқу амалдары, өзін-өзі бақылауға көшетін бақылау, өзін-өзі бағалауға көшетін бағалау.

Мотивация – іс-әрекетті туғызатын әртүрлі қозғаушылар жиынтығы (сұраныс, сезім, мүдде). Оқу іс-әрекетінде – танымдық мотивация (жаңаны білгім келеді), бағалау мотивтері (үлкендердің құптауына ие болу), әлеуметтік мотивтер (әкем сияқты дәрігер болу үшін оқимын), жетістікке жету мотивтері (бәрінен артық болу үшін), сыртқы мотив (мектепте оқытудың сыртқы атрибуткасының тартымдылығы) болады.

Оқу міндеті алынатын нәтиже туралы түсінік береді. Белгілі бір оқу ситуациясында – белгілі бір тапсырма түрінде беріледі, яғни қайталап айтып беруді, қағаздан құрастыруды, заттарды өлшеуді үйрену.

Оқу амалдары – оқу міндеттерін шешу тәсілдері; білім алушылардың ғылыми ұғымдарды алу және табу амалдары, сондай-ақ оларды нақты міндеттерді шешуге қолдану, ситуацияны талдау амалдары, модельдеу амалдары, эксперимент жүргізу, классификация.


Өзін-өзі бақылауға ауысатын бақылау – оқу амалдары нәтижелерін қорытуға бағытталған амалдар және оларды берілген үлгілермен салыстыру. Компонент функциясы – меңгеру нәтижелерін бақылау.

Өзін-өзі бағалауға ауысатын бағалау. Бағалау амалдары білімді меңгерудің соңғы сапасын, міндеттерді шешудің жалпы тәсілдерін тіркейді. Бағалау функциясы – іс-әрекет қорытындысын шығару.

Оқу іс-әрекетінің барлық компоненттері өзара байланысты. Мектеп жасына дейінгі балалар оқыту процесінде оқытудың мектеп сатысына көшу кезеңінде барлық компоненттерді меңгереді. Оқу іс-әрекетінің мақсаты мен нәтижесі білімді және іс-әрекеттің жалпыланған тәсілдерін (кез келген іс-әрекетке қажетті білік пен дағдыны) меңгеру – оқу, санау, міндеттерді шешудің тиімді тәсілдерін таңдау және т.с.с.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет