Тапсырма әзірлеу барысында неге назар аудару керек?



бет1/13
Дата06.01.2022
өлшемі109.01 Kb.
#15701
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Тапсырма әзірлеу барысында неге назар аудару керек?
Білім алушылар үшін жақсы практикалық тапсырма құрастыру – жай ғана техникалық тұрғыдан жүзеге асыру емес, ол түсіну, сынамалау, қолданумен байланысты, себебі оқушылар алған білімін тәжірибеде қолданатын болады.







3-сурет. Тапсырма әзірлеу кезеңдері

4-кесте. Кезеңдердің сипаттамасы







Кезең

Сипаттамасы







Жоспарлау

Бағалауға арналған тапсырманы әзірлеу мақсаты мен міндеттерін




айқындау, қажетті құжаттарды анықтау







Құрастыру

Оқу бағдарламасын, спецификацияны қолдану, бағалау




критерийлерін белгілеу, тапсырма құрастыру







Сараптама жасау

Тапсырманың сапасын талдау, материалды қайта қарау, өзгерту




енгізу







Қолдану

Тапсырманы белгіленген уақыт пен жағдайға сәйкес қолдану







Талдау

Нәтижеге шолу жасау, кері байланысты ескеру, өзгеріс енгізу







Тапсырма түрлері. Жабық тапсырмалар
Оқу мақсаттарын дәл тұжырымдап, үнемі есте ұстау аса маңызды; оқу мақсаттарының негізінде тиімді және мәнді практикалық тапсырмалар әзірленеді. Тапсырма жабық түрдегі немесе ашық түрдегі тапсырма (жабық тапсырма, ашық тапсырма) болуы мүмкін. Тапсырманың әрбір түрі нақты оқу мақсатына жету үшін қажетті және өзекті болып саналады.
Жабық тапсырмалар педагогика мен психологияда кең қолданылады. Мұндай тапсырманы құрастыру оңай және олар оқушылардың түсінуіне жеңіл болады. Тапсырманың дидактикалық мазмұны сақталған жағдайда жабық тапсырмалардың ішкі құрылымы әр алуан болуы мүмкін. Бұл бір дидактикалық материал негізінде сандық және сапалық сипаттамалары әртүрлі бірнеше тапсырма дайындауға мүмкіндік береді.
Дегенмен оқу процесінде үнемі тек жабық тапсырмаларды қолданған жағдайда оқушылардың білім-дағдылары толық жинақталмаған, шектеулі болуы мүмкін.
Практикада жабық тапсырмалардың бірнеше түрі кеңінен қолданылады:


  • Жауабында көп таңдауы бар тапсырмалар: бір дұрыс жауабын таңдау немесе бірнеше дұрыс жауабын таңдау тапсырмалары;







  • тұжырымның шындық немесе жалған екенін анықтауға арналған тапсырмалар (Ақиқат немесе жалған тапсырмалары)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет