Тапсырма әзірлеу барысында неге назар аудару керек?


Ашық тапсырма құрастыруға қатысты ұсыныстар



бет11/13
Дата06.01.2022
өлшемі109,01 Kb.
#15701
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Ашық тапсырма құрастыруға қатысты ұсыныстар:

  • Тапсырмада немесе сұрақта анық және дәл тұжырымдауды қолданыңыз.




  • Сұрақтарды ақпараттық және сұраулы мәндегі сұрақтар деп бөліңіз.







  • Жауап үлгісін тиянақтаңыз, нұсқалардың барлық мүмкіндігін есепке алыңыз, берілген жауап үлгісін тапсырманы тексеру кезінде қолданыңыз.




  • Жауаптың әр бөлігіне жинақталған балды қалай бөлу қажеттігін көрсетіңіз («Оқушылардың жұмысын бағалау үдерісі» бөлімін мұқият қараңыз).




  • Құрастырылған тапсырмалар мен жауап үлгілерін бағалауға әріптесіңізді қатыстырыңыз. Қажет болған жағдайда түзетіңіз, құрастырылған тапсырмаға өзгерістер енгізіңіз.

23


Ашық тапсырма әзірлегенде нені ескеру керек?
Оқушылардың қателесуіне себеп болатындай күрделі немесе шашыраңқы тапсырмаларды бермеуге тырысыңыз. Мысалы, «Жақсы ұсынысыңызды атап көрсетіңіз». Сондай-ақ мәтіннің тілін тапсырманың күрделілік деңгейіне әсер ететіндей аса жеңілдетудің қажеті жоқ.
Оқушының жағымсыз әрекетін туындататын тұжырымдардан аулақ болыңыз. Қажетінше жауаптар көлемін шектеуге тырысыңыз. Егер тапсырмада жауап көлемі нақтыланып шектелмесе, оқушы жауабының қаншалықты толық болуы қажеттігін білмейді. Жауаптар жауап үлгілерінде ұсынылған көлемнен артық немесе кем болуы мүмкін.
Тапсырмалардың мазмұны оқушылардың көңіл күйіне әсер ететіндей болмағаны дұрыс. Тақырыптарды таңдаған кезде отбасылық қиын жағдайлар, әлеуметтік және діни мәселелер, табиғи және техногендік өзгерістер, соғыс және терроризм, нашақорлық, ауыр науқас және т.б. мәселелерге арналған тақырыптарды таңдамаған дұрыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет