Тапсырма: Физика сабағында Блум таксономиясы бойынша оқушыларға тапсырма беру кезенінде қандай проблема қоя аласыз? Осы проблема шешу нәтижесінде оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту жолдарын көрсетіңіз



Дата07.01.2022
өлшемі15,57 Kb.
#19700
түріСабақ

2 күн.

Тапсырма: Физика сабағында Блум таксономиясы бойынша оқушыларға тапсырма беру кезенінде қандай проблема қоя аласыз? Осы проблема шешу нәтижесінде оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту жолдарын көрсетіңіз.

Физика сабақтарында оқушыларға белгілі бір тақырыпқа байланысты тапсырма бергенде Блум таксономиясының категорияларын қамти отырып, күрделі тапсырмалар құрастыруға болады.

Мысалы: Физика сабағында 8 сыныпта

«Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау» тақырыбы бойынша төмендегідей кесте құруға болады. (8.4.2.11 –өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу)

Білу

Параллель және тізбектей жалғау дегеніміз не? Анықтама беріңіздер.

Түсіну, ұғу


Параллель және тізбектей жалғау формуласын жаз



Қолдану


Мектеп бөлмесінің электр лампаларының жалғануына мысалдар келтір.


Анализ (талдау)


Параллель және тізбектей жалғау түрлерін салыстыр! Қай жерде қандай жолмен жалғаған дұрыс?


Синтез


(Жинақтау)

Өз бетінше параллель және тізбектей жалғауға есептер шығару.



Баға



Параллель және тізбектей жалғауды білудің маңызы қаншалықты?


Осы әдіс – тәсілдерді пайдалануда оқушылар төмендегідей нәтижеге жетеді:
1. Сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артады.
2. Оқушылар өз бетімен іздену жолдарын үйренеді.
3. Өз ойын схема, кесте, суреттер, физикалық тәжірибелерді және виртуаль зертханалық жұмыстарды пайдалану арқылы еркін жеткізеді.
4. Физикалық тілде сөйлеу мәдениетін дамытады.
5. Ізденуі іс–әрекеті қалыптасады.

6. Физика өмірмен байланыстырады
7. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау ынтасы оянады.
8. Зертханалық және сарамандық жұмыстарды өз бетінше жасауға дағдыланады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет