Тапсырма Сөйлем құру



Pdf көрінісі
Дата20.02.2022
өлшемі58 Kb.
#25985


Берілген есімше, көсемше тұлғалы сөздерді түрлендіріп (тəуелдеу,септеу,

көптік жалғауын жалғау жəне жіктеу) сөйлем құрыңыз.

(Есімше зат есімнің жəне етістіктің қызметін атқарады. Көсемше үстеудің жəне

етістіктің қызметін атқарады.)

Оқыған, жазып

Зылиха кітабын оқыған. (етістік қызметін атқарып тұр)

Ғаламторда оқығаным мені таңғалдырды. (зат есім қызметінде)

Айым бөлмедегі үстелде тұрған құжаттарды оқыған еді.

Кеше хатты оқығандар мұражайда болатын жиналысқа келді.

Ақерке кеше күні бойы шығарма жазып жүрді.

Бір апта бұрын шығарма жазғандар сыйлықтар алды.

Арман күні бойы қараңғы бөлмеде кітап оқыған, сондықтан көзі ауырып тұр.

Менің əкем “оқығанды бірден байқауға болады” дейді.

Маған қиын тақырыптарды жазып түсіндірген оңай.

Оның жазғаны тексерістен өтпеді.


Айман Абай жолы кітабын оқыған еді.

Сіздің " Гарри Поттер" кітабын оқығаныңыз көрініп тұр.

Мансұр кеше сағат сегізде жаңалықтар оқыған екен.

Менің кеше оқығаным дəл келді

Ғаламторда осы видео туралы жазып еді.

Сенің үй тапсырмасын жазып келгенің көрініп тұр.

Ғаламторда оқығаным мені таңғалдырды

Əсет үлкен шығарма

жазбақ

.

Ауылға

барғалы

Жасминді бір ой мазалады.

Маржан күлше қыз ертегісін қызықтап оқып отыр.

Еркежан бірнеше қызықты кітаптар оқыған.

Оқығаныңды айтпа,

тоқығаныңды айт.


Жансая өзінің бала кезінде болған қазақты оқиғаларды дəптерге жазған,ал қазір

жазғанын қызықтап оқып отыр.

Дəулет қатты жүгіріп келе жатып шалынып түсті.

Ұлмекен  ең қызықты кітапты оқыған екен.

Айбын "Абай жолын" оқығалы бері өзін білімдімін деп жүр.

Атам газет оқып келе жатып сүрініп түскен.

Кеше жазған ақпараттарым керек болмай қалды.

Айгүл күні бойы Абайдың қара сөздерін оқыған екен.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет