Тапсырма Тәрбие жұмысын басқарудағы сынып жетекшісінің рөлі



бет1/2
Дата06.03.2023
өлшемі75,5 Kb.
#71872
  1   2

Тапсырма 1.Тәрбие жұмысын басқарудағы сынып жетекшісінің рөлі
Мектеп-педагогикалық процесті басқарудың негізгі орталығы. Мектеп қоғамның әлеуметтік ұясы. Онда демократияландыру, ізгілендіру негізінде педагогикалық ұжым нығаяды, қалыптасады. Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады.
Мектеп өмірінде мұғалім-басты тұлға. Мұғалім арнайы мамандығы бар педагогикалық қызметпен кәсіби денгейінде айналысатын адам. Мұғалім оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушысы, әрі ұстазы, әрі ақыл беріп отыратын кеңесшісі.
Сондықтан да ол қиында жауапты іс болып саналынады. Осындай жауапты істерді өзінің педагогикалық қызметінде сынып жетекшісі ретінде қосымша жұмыс түрінде тәрбие жұмысын атқарады. Сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен оқушылар ұжымы үшін өте қажетті іс. Себебі мектеп құрлымындағы ең негізгі буын - сынып болып саналады. Сыныпта оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасып отырады.
Сондықтан сыныптағы оқушылардың тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшісіне жүктеледі. Сынып жетекшісі өз оқушыларын ұжымдық әрекетте ауызбіршілікте болуға, сыныпта дәріс беретін мұғалімдер мен тіл табыса білуге, оқушылардың ата-аналары мен байланыста бола отырып жұртшылықпен бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіре білетін ұйымдастырушы ретінде көмектеседі.
Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты- мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азамат етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сынып жетекшісі, сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының маңыздылығы мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс.
Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салаларына: ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі, эстетиккалық тәрбие және дене тәрбиесі, құқықтық тәрбие, еңбек тәрбиесі т.б. тәрбие міндеттерін мектеппен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.
Сынып жетекшісінің міндеті сан алуан. Сол себебті сынып жетекшісі жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттеріне:
1. Сыныптағы оқушылардың талап тілектерімен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін, жан-жақты зерделей білу.
2. Сынып оқушыларының не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ұйымдастырудағы белсенді, саналы ұжымға айналдыру.
3. Сыныптағы пән мұғалімімен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қойылатын педагогикалық талаптардың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
4. Тәрбие үрдісіне мектептің, отбасымен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
5. Оқушылардың ата-аналары мен үнемі байланыста болып, отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.
6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан тыс, мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
9. Тәрбиенің негізгі бастауы - ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісінің қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру.
Сынып жетекшісі басқа мұғалімдерге қарағанда оқушыларға тәрбие беруде қосымша өте маңызды міндеттер атқарады. Сондықтан оған педагогикалық жоғары талаптар қойылады. Сол талаптарды орындаған сынып жетекшісі ғана тәрбие сапасын арттыра алады.
- Жоғары идеялық және қоғамдық саналылық. Сынып жетекшілерінің педагогикалық теорияның терең меңгеруі. Сынып жетекшілері жан-жақты тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін айқын ажыратып, тәрбие қызметінің міндеттерін, мазмұнын, түрлерін және әдістерін анықтаумен жүзеге асыруда педагогикалық принциптілікті басшылыққа алулары қажет.
- Сынып жетекшісінің оқушыларына жасайтын тәрбиелік ықпалының күші оның моральдық беделіне байланысты. Тәрбиешінің өз тәрбиелі болуы керек. Шәкірттерді бойына дарытқысы келген моральдық қасиеттерге өзі де ие болуы қажет.
- Педагогикалық шеберлік.
- Педагогикалық әдептілік (оқушының жеке өзін сыйлау, әкімшілікке жол бермеу, оқушыға сергек және көңіл қойып қарау).
- Балаларға деген сүйіспеншілік пен құрмет.
- Ұйымдастырушылық қабілет.
- Сынып жетекшісінің мамандығын арттыру (өз бетімен білімін көтеру).
- Тәрбие жұмысында шығармашылық көзқарас.
Сынып жетекшісіне қойылатын талаптар мектеп мұғаліміне қойылатын жалпы педагогикалық талаптардан туындай
Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері :
• Сынып ұжымын қалыптастыру және дамыту
• Тұлғаны дамытып, әрбір білім алушының өзін танытуы әрі қайталанбас ерекшелігін сақтай отырып психолгиялық педагогикалық жағдай тудыру
• Оқушылардың шығармашылық іс- әрекетін қалыптастыру
• Сыныптағы жүйелік .Жұмысты ұйымдастыру
• Білім алушылардың бойында адамгершілік құндыықтар мен рухани бағдарларды қалыптастыру
• Салауатты өмір салтын қалыптастыру
• Білім алушылардың құқықтары мен мүделлерін қорғау
Сынып жетекшісінің негізгі қызметіне мыналар жатады :
• Сынып жетекшісінің қызметін ұйымдастыру
• Сынып ұжымының оқу ісін ұйымдастыру
• Сыныптың сабақтан тыс уақыттағы өмірін ұйымдастыру
• Оқушылардың жеке басын зерделей түсіну
• Оқушыларды әлеуметтік қорғау
• Ата- аналармен жұмыс.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет