Тапсырмалар: Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі туралы эссе дайындаңыз. «Әлеуметтанулық қиял» түсінігіне анықтама беріңіз



бет1/2
Дата09.05.2022
өлшемі21,6 Kb.
#33504
  1   2

Тапсырмалар:

1. Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі туралы эссе дайындаңыз. «Әлеуметтанулық қиял» түсінігіне анықтама беріңіз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология). Қазіргі адамға неліктен «әлеуметтанулық қиялды» меңгеру мен әлеуметтанулық перспективаны көре алу маңызды екендігін түсіндіріңіз.

 Әлеуметтану адамдар мен топтардың өзара әрекетке гүсуін, сондай-ақ өзара әрекетке түсуді түзетін мінез-құлық ережелерін зерттейді. Бүл орайда, өзара әрекетке түсу үлгілеріне баса назар аударылады - бүл үлгілер қалай дамиды, оларды қалай қолдануға болады және қалай өзгереді деген сұрақтар қарастырылады. Әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың бірі ретінде саясаттану, экономика, психология және антропология сияқты ғылымдармен тығыз байланысты. Осы салалардың бәрі адамның әлеуметтік мінезқүлқын және белгілі бір дәрежеде қоғамды зерттейді. Бұдан басқа, бұл салалар жаңа білімді қалыптастырудың ең жақсы тәсілі ретінде ғылыми әдіске назар аударады. Ғылымның бұл саласы дәлелдемелерді жүйелі түрде сараптауға негізделген эмпирикалық зерттеулерге сүйенеді, яғни қандай да бір тұжырым жасамай түрып зерттеушілердің дәлелдерінің объективті түрде бағалануын күтеді. Қоғамдық ғылымдарды журналистикадан және адамды зерттейтін басқа салалардан ерекшелендіретін нақ осы эмпирикалық көзқарас. Әлеуметтанудағы ең негізгі ұгымдардың бірі - әлеуметтік қүрылым. Әлеуметтік қүрылым - белгілі бір қоғамды құрайтын топтық қарым-қатынастардың қайталанып келіп отыратын үлгілері. Ол тек мінез-құлық сияқты жекелеген проблемаларды ғана емес, білім алуды, неке қүруды қалай ұйымдастыру керектігі сияқты кеңірек контекстегі проблемаларды да қамтиды. Әлеуметтік қиял деп жеке адамның проблемасын түсінуді, кец әлеуметтік құрылымдарды, аз дегенде ішінара (Миллс 1959,15) түсінуді көрсететін қабілетті айтамыз. Ч. Райт Миллстің пікірінше, әлеуметтік қиял дегеніміз - жеке бастағы қиындықтарды (мысалы, кедейлік, ажырасу немесе сеиімнің жоғалуы), аса маңызды қоғамдық проблема, жалпыға ортақ проблема деп түсіну. Миллстің айтуынша, көп нәрсені біз толықтай бақылай алмаймыз, көптеген қүбылыстар қоғамның түзілуінен келіп шығады да бізден тыс жүзеге асып жатады. Мысалы, Миллс былай деп жазады: 100 мыңға жуық түрғыны бар қалада тек бір адам ғана жүмыссыз болса, бүл - оныңжеке басына қатысты жайт, солай болатұра көмектесу үшін сол адамның мінез-құлқын, оныңдағдыларын және мүмкіндіктерін қарастырамыз. Бірақ50 миллион адамнан тұрагын елде 15 миллион адам жұмыссыз болса, бұл - ортақ (қоғамдық) проблема, бірақ оны жеке тұлганың мүмкіндіктері аясында шеше алмаймыз. Мүмкіндіктердіц құрылымы бұл жерде іске аспайды. Проблема дүрыс қойылуы үшін және ықтимал шешімдер ауқымды болуы үшін тек жеке басқа қатысты жайттар мен жеке түлғалардың жагдайын емес, қогамның экономикалық және саяси институтгарын қарастыру талап етіледі. Әлеуметтік қиял - адам өмірінде кездесетін қиындықтарға басқаша қараудың және шешудің жаңа тәсілін ұсынады. Әлеуметтік қиял «адамда таңдаудың ешқандай мүмкіндігі жоқ», немесе «олардың ешқандай жауапкершілігі жоқ» дегенді білдірмейді. Тіпті құлдар да сылбыр жұмыс істеп, қожайынын сыртынан мазақтайды немесе өзіне-өзі қол жұмсай алады. Бұл да - таңдау. Дегенмен әлеуметтік қиял әлеуметтік күштердің әсерін адамның жеке таңдауымен бірге қарастырудың маңызын көрсетеді.  

2. Әлеуметтанулық зертеудің бағдарламасын құру. Тақырып таңдау бойынша (дайындау алгоритмі: зерттеу сұрағын, болжамды айқындаңыз, ұғымдарды тұжырымдап беріңіз; іріктеу жиынтығын есептеңіз).

Әлеуметтанудың қоғам өмірімен тығыз, жан-жақты байланысы, қатынасы оның атқаратын қызметінің айқын көрінеді.Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта жаңа білімнің, көкжиегін кеңейтіп, оның деңгеймен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын болашағын ашып береді. Әрине, бұл бағытта іргелі және қолданбалы эмпирикалық зерттеу теориялары, тұжырымдамалары оған барынша қызмет етеді.

Әлеуметтанудың атқаратын қызметінің бір ерекшелігі, мұнда тұжырым мен іс әруақытта бірлікте болады. Осыдан барып әлеуметтік теория мен тұжырымдамалар көбіне тәжірибелік мәселелерді шешуге бағытталады. Бұл тұрғыдан қарағанда әлеуметтанудың тәжірибелік қызметі алдыңғы қатарға шығып, атқарылатын қызметтің басқа жаңа түрлері белгіленеді. Нақтылы әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің үстінен әлеуметтік бақылауды күшейтуде жаңа ақпараттардың маңызы зор. Ол болмаса әлеуметтік қысым, әлеуметтік дағдарыс және катаклизмдер көбейіп кетуі мүмкін. Көптеген елдерде атқарушы мекемелер мен билік өкілдері, саяси партиялар және алуан түрлі бірліктер өздерінің мақсатты саясаттарын жүргізуде әлеуметтанудың барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып отырады. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану әлеуметтік бақылау функциясын атқарады.

Әлеуметтанудың тәжірибелік бағыты – оның әлеуметтік құбылыстар мен процесттердің болашақ дамуының бағытын анықтауында. Бұл жерде біз әлеумметтанудың болжайтын қызметін байқаймыз. Еліміздің жаңа, нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері қүбылыстар мен апаттардың болашаққа болжам жасап отыру арқылы ғана алдын алуға болады. Мысалы, мынандай мәселелерді болжап шешуде оның маңызы зор, атап айтқанда, жаңа нарықтық қатынастардың еңбекші бұқара халыққа беретін мүмкіншілігін ауқымы қандай? Әлеуметтік құбылыс пен процесстердің дамуындағы оның баламалы түрлері қандай? Баламалы құбылыс пен процесттердің оң және теріс жақтарының тиімділік және тиімсіздік арасалмағы мен арақатынастары қандай? т.б. Әлеуметтану қоғамның қай саласында болмасын (экономика, саяси, рухани т.б.), әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Ал, аймақтық, аудандық, тіпті еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағанда, ол нақтылы әлеуметтік зерттеуден алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес-ұсыныстарды, т.б. кеңінен пайдаланады.


Әлеуметтік қоғамда идеологиялық функцияны да атқарады. Нақты әлеуметтік зерттеуден алынған нәтижелер қоғамдағы белгілі бір жік немесе топтардың талап-тілегіне, мұң-мұқтажын шешуге, сөйтіп, олардың белгілі бір әлеуметтік мақсатқа жеткізу, сендіру үшін пайдаланылады. Әлеуметтану адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіріп, олардың саны-сезімдерін, мінез-құлықтарын, тәртібін жақсартады. Сөйтіп ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік (адамгершілік) функцияны да атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет