Тараз қаласы №55 орта мектебі психолог: Игликова Қ. Ж. Тақырыбы: Қыз тәрбиесі ұлт тәрбиесі



Дата24.04.2022
өлшемі17,01 Kb.
#32082


Тараз қаласы

55 ОРТА МЕКТЕБІ

Психолог: Игликова Қ.Ж.

Тақырыбы: Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі

Бүгінгі дүниеге келген кішкентай қыз – ертеңгі сүйкімді бойжеткен, ұқыпты да, әдемі болашақ ана, сабырлы да, салиқалы әже...

«Қызға қырық үйден тиым» дейді халқымыз. Сол қырық үйдің ең біріншісі – өз бесігің, өз үйің, алтын босағаң. Олай болса, қыз баланың тәрбиесі ең алдымен үйден басталады. Ол анаға байланысты. «Шешесін көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш» деген мақал ана тәрбиесіне байланысты айтылса керек. Қай заманнан қазақ халқы әйел ананы қастер тұтып, оларды еліміздің, отбасының құт-берекесі деп құрмет көрсеткен. Ата-бабадан әулетке қалған мұра имандылық пен инабаттылық болса, «Жігіттің жақсысы қыздай, қыздың жақсысы уыздай»деп, айту тегіннен-тегін емес.

Қыз бала тек сымбатымен ғана емес, адамгершілік қасиетінің арқасында да ілтипатқа ие бола алады. Қазақ халқы қыз деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің символы ретінде қолданалады. «Қыз өссе – елдің көркі, Гүл өссе – жердің көркі», дегендей, гүл мен қызды – бөліп жаруға келмейтін егіз ұғым ретінде бағалаған. Гүлдің талдырмаш сабағы иіліп, күн көзіне еркелеп өсетіні сияқты, қыз баланы да ата-анасы ардақтап, аялап тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай өсіреді.Алқызыл гүдің тамыры тым әлсіз бола тұрып, тас жарса, қыздың жолы да тым нәзік, әрі жіңішке бола тұрып, қырық шырақты келеді. Күн тектес мейірімді, гүл тектес сұлу әйел ана –ару қыздың жер бетіндегі атқарар ісі бәрінен де маңызды. Ол ерен еңбек соңында қалар өнегелі ұрпағының ертеңімен, үлкен-кішіге көрсетер ілтипат-ізетімен өлшенбек. Алайда, екі бетінің біріне арын, екіншісіне ұятын тең бөлген тағдыры тек мән-мағыналы ғұмырды тарту ете бермесі де анық. Желкілдеп өскен құрақтың кемеліне жетпей гүлдей солатыны да кездесер... Сонда қайтпек, қайран ару?! Қызға қырық үйден, қалса қара күңнен тиым салуға хақысы бар қырмызы қыздардың нәзік жаны арпалысқа түссе кім түсінер, кім ұғар?! Адасып кеткен аруды жөнге салар кім бар?

Әрине, ақ жаулықты әжелер мен ардақты аналардың ақыл-кеңесі, жөн сілтер жөн-жосығы қажет-ақ осындайда.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында болған жан түршігерлік оқиғалар кім-кімді болсын бейжай қалдырмады. Осы орайда әр істің алдын алып , ақылмен шешіп, өмірін абырой әдеппен әдіптей білген ардақты аналардың өз соңынан ерген нәзіктерінің қателігінен салы суға кетті. Қырмызы қыздардың тағдырына алаңдап, арулардың бойын адасқақ ойдан аулақ салу үшін мына сіздерді шақырып ой бөліскелі отырмыз. «Бірігіп пішкен тоң келте болмайды», дегендей мектеп қабырғасында білім алып жатқан қыздарымыздың жарқын болашағына бірге жауапты болайық деген оймен сіздердің бастарыңызды қосып отырмыз. Өздеріңіз естіп-көргендей өткен жолғы оқиғаның біріндегі қыз баланы туыстары асырап алған екен, сол себепті де қызына дұрыс тәрбие берілмеген деген сөздер де айтылып жатыр. Біздің мектепте білім алып жатқан оқушыларымыздың да қырық пайыздайы өз ата-аналарымен бірге тұрып жатқан жоқ. Бірінің ата-анасы алысқа қаражат табуға жұмыс іздеп кеткен болса, енді бірін ата-әжесінің бауырына басқан, енді бірінің ата-анасының ажырасуына байланысты балаларын ата-әжесіне немесе туған – туыстарының отбасында қалдырған. Тіпті кейбір оқушыларымыз ата-анасыз жалғыз өздері күндерін көріп жатыр. Кісі баласын аманат етіп алып қалған сіз, жүз пайыз жақсы тәрбие беремін, өз баламдай қараймын, болашағына алаңдаймын, жанымды салып қараймын, деп толық қанды жауап бере аласыз ба?

Ренжімеңіздер, әрине, олай деп жауап бере алмайсыз, ол айдан анық нәрсе. Бұл күнде кісі баласы тұрмақ, өз балаңды да жөнге салып, ақылмен тәрбиелеу оңай шаруа болмай тұр емес пе?

Ал қазір мына кино роликті көріңіздер, содан соң қойылатын сұрақтарымыз бар, соған салиқалы жауап күтеміз.


Кинодан қандай әсер алдыңыз?

Қыз баланың іс-әрекетін қалай бағалайсыз?

Жазықсыз шарананың әңгімесі шындыққа жанасады ма?Сіз қалай ойлайсыз, іштегі шарана солай ойлауы мүмкін бе? Мүмкін болса, «Ойлан ағайын, қайда кетіп барамыз», деп жүректің жан айқайын сыртқа шығарар ма едіңіз?

Дәрігерлердің іс-әрекеті дұрыс болды ма, әлде жазықсыз шарананы сақтап қалу жолын қарастырулары керек пе еді?


Осы жағдайдың басты себепкері ер –азаматымыз қайда жүр деп ойлайсыз?


Қалай ойлайсыз, кино соңында шарананың арманы орындалды ма? Әлде жай ғана елес болып қалды ма?

«Қазіргі ер-азаматтардың мысы кеткен, әйелдердің есі кеткен», дейді халық, сіз не дейсіз, келісесіз бе?

Құдай өзі сақтасын, бірақ осы келеңсіз жағдай сіздің отбасыңызда орын алса, қандай шешім қабылдайсыз?

«Еркек зерделі болса, әйел перделі болады», деген дана халқымыз, қазіргі кезде осы мақалдың мәні қалды ма?

Отбасында қызыңыздың күнделікті өмірінде не жаңалық болып жатқаны жайында сырласуға, әңгімеге тартып отырасыз ба?



Отбасында ұлыңыздың күнделікті өмірінде не жаңалық болып жатқаны жайында сырласуға, әңгімеге тартып отырасыз ба?


«Қызға қырық үйден, қалса қара күңнен тиым», деген мақалды қазіргі кезде қолдануға қалай қарайсыз?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет