Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Жас ғалым – 2015» атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған



жүктеу 7.88 Mb.
Pdf просмотр
бет2/5
Дата15.03.2017
өлшемі7.88 Mb.
1   2   3   4   5

    (Басы  1-бетте)    Сонымен 

қатар,  тұлғаның  маңызды  сапала 

ры,  қабілеттері  мен  таланттарын 

қалыптастыру мен дамытуда қолдау 

жасау.  Биылғы  конференцияға 

бірқатар  шетелдік  ізденушілер 

мен  Астана,  Алматы,  Қызылорда, 

Актөбе,  Маңғыстау,  Талдықорған, 

Семей, 

Атырау, 


Шымкент, 

Қарағанды,  Көкшетау,  Қостанай, 

Ақтау  жəне  Орал  қалаларынан 

келген  жас  ғалымдар  қатысты. 

Кеңесті  ТарМПИ  Тəрбие  жұмысы 

жəне 


əлеуметтік 

мəселелер 

жөніндегі  проректоры  Орынқыз 

Жолдасова ашып, жүргізіп отырды. 

Ол  өз  сөзінде  студенттер  мен 

оқушылардың 

шығармашылық, 

ғылыми-зерттеу 

жұмыстарын 

насихаттау  жəне  оны  кең  көлемде 

жариялауда,  олардың  түрлі  білім 

аумағындағы  тұлғалық  дамудың 

тəсілі  ретіндегі  шығармашылық 

жəне  жобалық  зеaрттеу  іс-

əрекеттеріне  тартуға  жəне  білім 

үрдісінің  тиімділігін  көтеру  мен 

болашақта кəсіби іс-əрекеттегі өзін-

өзі анықтауда, қолданбалы ғылымға 

қызығушылықты  дамытуда  осы 

тақілеттес  іс-шаралардың  маңызы 

зор екенін атап өтті. 

Конференция  қазіргі  ғылымның 

негізгі 

бағыттарын 

айқындай 

алатын 


бес 

негізгі 


секция 

бойынша  өткізілді.  Олар:  Тарих 

(отандық,  жалпы),  философия, 

саясаттану,  əлеуметтану,  дінтану, 

мəдениеттану,  этнокультурология, 

құқықтану,  экономика.  Филология 

(тіл 

жəне 


əдебиет): 

казақ, 


орыс, 

шетелдік. 

Педагогика, 

этнопедагогика, 

психология, 

дефектология. 

Математика, 

физика,  информатика.  География, 

биология, химия, экология. Аталған 

секциялар 

бойынша 

барлығы 


110  ғылыми  баяндама  келіп 

түскен.  Конференция  барысында 

Қазақстанның  жас  ғалымдарының 

ғылыми  жетістіктерінің  көрмесі, 

презентациялар  өтті.  Сонымен 

қатар,  Қазақстанның  жəне  шет 

елдерден келген жетекші ғалымдар 

жас əріптестері арасында шеберлік 

сыныптарын жүргізді.

 Гүлбақыт Жұмабекова, Ғылыми-инновациялық қызмет бөлімінің басшысы:



– Конференцияға Қазақстанның барлық аймағындағы жəне шетелдік 29 жоғары оқу орындары мен арнайы білім беру мекемелерінен, 136 мектептен 200-ден аса 

педагогтар мен студенттер, мектеп оқушылары қатысты. Жас ғалымдардың да айтары бар екендігін конференция барысында көз жеткіздік. Конференцияның 

қорытынды жиынында үздік баяндама жасаған жас ғалымдар I, ІІ, ІІІ дəрежелі дипломмен марапатталды. Студенттерге ғылыми бағыт берген оқытушыларға 

институт ректоры атынан Алғыс хат берілді.

АҚПАРАТ

ТарМПИ-да «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жамбылдықтардың ерлігі» атты 

республикалық конференция өтті.

№1 (90)

17 маусым, 2015  жыл

сəрсенбi  

Мəлімет e.gov.kz порталынан алынды

550-ЛЕТИЕ КАЗАХСКОГО ХАНСТВА

ҒЫЛЫМИ ƏЛЕУЕТ

АЙТӨБЕЛ

РУХАНИЯТ

3

ТарМПИ-да факультетаралық «Абай оқулары» өтті. Шара ұлы ақынның 170 

жылдығына арналды.

№1 (90)

17 маусым, 2015  жыл

сəрсенбi  

ҰРПАҚ ТƏРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының  тəрбие жұмысының стратегиясы жоғары оқу орнының студентінің тұлға ретінде қалыптасу үдерісіне белсенді  қатысуына 

бағытталған. Тəрбие жұмысының мақсаты мен міндеті қашанда қоғамның обьективті қажеттілігінен туындайды. Тəрбие жұмыстары ұйымдастырушылық, патриоттық жəне 

талдау жасауға бейім, қабілеттері жоғары кəсіби тұлға тəрбиелеу, студенттердің шығармашылық бейімділігі мен қызығушылықтарын үнемі зерттей отырып, оның базалық қызметін 

дайындау ісімен ерекшеленеді. 

Тəрбие  жұмысы  оқудан  тыс  жеке 

педагогикалық  əрекет  емес,  жалпы 

даму мен оқыту үдерісіне кіріктірілген 

педагогикалық  іс-əрекеттің  қажетті 

органикалық  құрамдас  бөлігі.  Осы 

бағыттағы  ТарМПИ-нің  мақсаты  – 

жаңа  тұрпатты  ұстаз  тəрбиелеу,  со-

нымен қатар белгілі бір кəсіби салада 

бəсекеге қабілетті маман даярлау. Оқу 

жылының басынан институтта тəрбие 

үрдісінің  түрлі  бағыттары  бойынша 

көптеген  мəдени-көпшілік  шаралар 

атқарылды.  Студенттерге  арналып 

тəрбие  жəне  əлеуметтік  жұмыстар 

жөніндегі  орталық  факультеттермен,  

жастар  ұйымдарымен  жəне  ғылыми 

кітапханамен  түрлі  тақырыптағы: 

ғылыми-практикалық  конференция-

лар, жастар акциялары, флэш-мобтар, 

дөңгелек  үстелдер,  фестивальдер, 

түрлі  шығармашылық  жанрдағы 

байқаулар (əн-би байқаулары, ақындар 

мүшəйралары,  көркем  жəне  əдеби 

байқаулар, жатақхана бөлмесінің үздік  

безендірілген  үлгісі,  студенттік  үздік 

тағам, т.б.), спорттық жарыстар, спар-

такиадалар, кітап көрмелері, балалар 

үйіне, мүгедек балалар үйіне, қарттар 

үйіне қамқорлық акциялары, көрнекті 

қоғам қайраткерлерімен, құқық қорғау 

органдары  өкілдерімен,  денсаулық 

сақтау  органдары  жəне  түрлі  діни 

конфессиялар өкілдерімен, Қазақстан 

халықтары  Ассамблеясының  20 

жылдығына  арналған  Қазақстан 

халықтары  Ассамблеясының  Жам-

был облыстық филиалы өкілдерімен, 

этно-мəдени  орталықтарымен,  Ұлы 

Отан  соғысының  70  жылдығына 

Ұлы  Отан  соғысы  ардагерлерімен 

т.б.  кездесулер  ұйымдастырылды. 

Тараз  мемлекеттік  педагогикалық 

институтында  тəрбие  үрдісіне  терең  

маңызды    көңіл  бөлініп,  студенттер-

мен жүргізілетін тəрбие жұмысының 

2014-2015  оқу  жылына  арналған  9 

бағыттан тұратын іс-шаралар жоспа-

ры бекітілген.  2014-2015 оқу жылын-

да  барлығы    225  куратор  жəне    284  

академиялық    топ  тіркелген.  Инсти-

тутта  ұйымдастырылған  кездесулер-

де  тəрбие  жұмысы  бағыттарының 

мақсаты  мен  міндеттері  түсіндіріліп, 

студенттердің  оқу,  бос  уақытын 

тиімді  ұйымдастыру,  «Студент-

тер  үйіндегі»  тұрмыстық  жағдай, 

оқу 


ғимараттарындағы 

жəне 


территорияларындағы, 

сондай-ақ, 

сырттағы тəртіп туралы сұрақтар мен 

мəселелер  қарастырылды.  Кəсіптік 

бағдар  жұмысын  ұйымдастыру 

мақсатында  профессор-оқытушылар 

құрамы 

мен 


студенттерден 

жасақталған  мобильдік  топтар  Тараз 

қаласы мектептеріне, Жамбыл облы-

сы  аудандарына  іссапармен  барып, 

белсенді  бағдар  беру  жұмыстарын 

атқаруды  жоспарлап  отыр.  Инсти-

тутта студенттердің қоғамдық өмірге 

белсенді  ат  салысуына  барлық 

жағдайлар жасалынған: 

•  студент  жастардың  қоғамдық 

белсенділігін  арттыру  мақсатында 

жəне  əлеуметтік  көмек  көрсетіп, 

материалдық  жəне  моральдік  демеу 

беру бағдарламасы іске қосылған; 

• жекелеген категориядағы студент-

терге (отбасылық əлеуметтік жағдайы 

төмен  жəне  жетім  студенттерге) 

материалдық  көмек  көрсетіліп,  оқу 

төлемі  төмендетілген  жəне  институт 

жатақханасында тегін тұру көзделген; 

•  институттың  қоғамдық  өміріне 

белсенді  атсалысатын,  өнер  жəне 

спорттағы  жетістіктері  жоғары  сту-

денттерге  арнайы  шəкіртақылар  

тағайындалған.

ТарМПИ-ның 

оқу-тəрбие 

үдерісінде    студенттерді  əр  түрлі 

салаларда  жан-жақты  дамуы  мен 

белсенділігін  арттыру  үшін  Жастар 

ұйымдары  құрылған,  олар:  Жастар 

ісі  жөніндегі  комитеті,  Студенттер 

Парламенті,  Студенттік  кəсіподақ 

ұйымы, «Жас Отан» Жастар қанаты, 

Студенттер Альянсы, «Бəйтерек клу-

бы»,  «Айша»  қыздар  тəлім-тəрбие 

отауы,  «Жұлдызды  үміт»  студенттер 

театры, «Жасыл Ел» жəне Студенттік 

құрылыс  жасақтары,  «Раян  Нұр» 

көңілді тапқырлар клубы, «Оныншы 

планета»  қыздар  тапқырлар  клубы, 

«Талап»  пікірсайыс  клубы,  «Томи-

рис» бишілер ансамблі, «Эстрадалық 

əншілер» үйірмесі, спорт клубы жəне 

т.б.  Тəрбие  жұмысында  студенттік 

жастардың  адамгершілік, азаматтық, 

шығармашылық жəне отансүйгіштік,  

тұлғалық қасиеттерін дамытуға жəне 

оны    жүзеге  асыруға    үлкен  мəн 

берілуде. 

Заманның  заңғар  тұлғаларының 

бірі  –  Міржақып  Дулатов:  «Алы-

стан  алаш  десе,  аттанамын,  қазақты 

қазақ  десе,  мақтанамын»,  –  деп 

айтқанындай  арыстандай  айбатты, 

жолбарыстай  қайратты  жастарымыз 

жаңа  идеяларды  жүзеге  асырып, 

өміршең істердің бастауында тұрғанда 

бүгінгі жас ұрпақпен мақтанғанымыз 

да дұрыс шығар. «Жастар – еліміздің 

ертеңі,  болашағы»  деп  Елбасымыз 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  айтқан 

сөздерімен  толық  келісе  отырып, 

біз  жастардың  жан-жақты  білім 

алып,  мемлекетіміздің  өркендеуіне 

үлес  қосып,  Отанын  шексіз  сүйетін 

патриот 

болатынына 

сенуіміз 

қажет.  Отанымыз  –  Қазақстанның 

шаңырағының биік, іргесінің берік те 

мықты болып, бұдан да əрі өркендей 

түсуіне  жастардың  қосар  үлесі  мол 

деп  білемін.  Демек,  еліміз  тыныш, 

халқымыз аман болса, мына біздердің 

–  жастардың  да  болашағы  зор, 

бақытты болатынына сенімдімін.

Лескүл ИБРАИМОВА,

Тəрбие жəне əлеуметтік жұмыстар 

орталығының басшысы

ТƏРБИЕ

Мен 


1949 

жылы 


«саяси 

экономика  пəнінің 

оқытушысы»  деген 

атақ  алу  үшін,  сол 

кездегі 

Алматы 


қ а л а с ы н д а ғ ы 

Киров  атындағы 

ҚазМУ-ге  (қазіргі 

ə л - Ф а р а б и 

атындағы  ҚазҰУ) 

оқуға 


түстім. 

Аталмыш  жоғары 

оқу  орнын  үздік 

т ə м ə м д а ғ а н 

соң, 

осы 


сала 

бойынша  Ресейдің 

Екатеринбург 

(бұрынғы 

Свердловск) 

қаласындағы 

А.М. 

Горький 


атындағы 

УрМУ-дің  күндізгі  аспирантурасына  құжат 

тапсырдым.  Диссертациялық  жұмысымды 

ойдағыдай  қорғап,  1964  жылы  экономика 

ғылымдарының кандидаты деген атақ алдым. 

1954  жылдан  бастап  ұстаздық  жолға  түстім. 

Күні  бүгінге  дейін  шəкірт  тəрбиелеумен 

келемін.  Биылғы  жылы  жалпы  еңбек  өтіліме 

61  жыл  толмақ.  Жүріп  өткен  өмір  жолыма 

қарайтын  болсам,  көптеген  жарқын  сəттер 

жадыма  еріксіз  оралады.  Соның  бірі  –  қазір 

өзім қызмет атқарып жүрген Тараз мемлекеттік 

педагогикалық  институтында  ректор  болған 

сəтім. 


1968-1974 

жылдар 


аралығында 

болашақ  мамандарды  тəрбиелеуге  сүбелі 

үлес қостым.  Халқымыздың біртуар перзенті 

Бауыржан  Момышұлы:  «О  дүниеде  мені 

ешкімде сөйлетпейді. Бар білгенімді халқыма 

көзімнің  тірісінде  айтайын»  деген  екен.  85-

ке  шығар  шағымда  өскелең  жас  ұрпаққа, 

жалпы оқырманға айтсам деген ойым бар. Ол 

–  ұстаздар туралы. Жанары мөлдіреген, өмір 

ағымына  енді  қосылған  қара  көздеріміздің 

өмірлік  жолын  табуға  жетелейтін  адамы  – 

ол  ұстаз.  Белгілі  жазушы  Ғабит  Мүсірепов: 

«Оқушы  жастардың  ең  сенімді  ұстазы,  сыр 

жасырмай  ашық  айтатын  адамы  –  мұғалім» 

деп, ұлт тəрбиесіндегі ұстаз рөлін дəл суреттеп 

берген  болатын.  Кез  келген  маман  иесінің 

құзырлығына баға берерде «Ұстазы кім болған 

екен» деп жатамыз. «Ұстазы жақсының ұстамы 

жақсы» деген халық даналығында да осы бір 

қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тəрбиесіндегі 

ерекше  орнын  аңғару  қиын  емес.  Дегенмен, 

ұстаздардың  осындай  биік  статусын,  ешбір 

қоғам,  ешбір  ел,  бүгінге  дейін  өзінің  өз 

деңгейіне  көтере  алмай  келе  жатыр...    Менің 

пайымдауымша,  бұл  кемшіліктің  үш  себебеі 

бар. Біріншіден, адам баласы қоғамды құлдық 

дəуірден бастап, алға жылжытып, өрге сүйреп 

келеді.  Сондықтан  да,  өмірде    өктемшілдік, 

əкімшілдік,  əміршілдік  сарыны  таусылар 

емес.  Екіншіден,  қазіргі  таңда  көпшіліктің 

жеткен  жетістігіне,  толымды  табысына 

қуану  жоқтың  қасы.  «Бермесе  де  бай  жақсы, 

жемесе де май жақсы» деген халық нақылын 

біз  ауызекі  ғана  айтамыз.  Нақты  іс  жүзінде 

қолдана  қоймайтындығымыз  жасырын  емес. 

Сол  сияқты  «Ел  келешегі  –  жастарда,  жастар 

келешегі  –  ұстазда»  деген  қанатты  сөзді  тек 

жалаң ұран іспеттес болып кетті. Үшіншіден, 

адам  ғұмырының  өте  қысқалығында.  Ұстаз 

қауымының ерекшелігін жете түйсіне бастаған 

кезімізде  о  дүниелік  боламыз.  Педагогтарды 

табиғи қабілеті бойынша бағалауды, ең бірінші 

ата-анасына  жүктеуіміз  керек.  Ол  үшін  əке-

шешенің  көзі  ашық,  көкірегі  ояу  болып, 

мəдениеті  жоғарылап,  əркім  өз  перзентін 

əрдайым  сын  тезінен  өткізіп  отыруы  шарт. 

Мектеп жасына дейінгі баланы орта мектепті 

бітіргенше  үш  жақтап  бақылаған  жөн.  Ең 

алдымен  –  ата-анасы.  Екінші  сыншысы  – 

оқушының  оқитын  мектебі,  ондағы  ұстаздар 

мен  психологтар.  Үшінші  –  қоғам.  Осы  үш 

тетік болашақ мамандардың білікті де білімді 

болып  қалыптасуына  зор  септігін  тигізбек. 

Болашақ  ұстаздардың  ерекше  бір  белгісі  – 

олар  ел  қызығын,  өз  қызығынан  биік  қоя 

білетін адамдар. Жастарды білімге баулимын, 

келешектеріне  оң  жол  сілтеймін  деп  барады. 

Олай  болса,  олардың  еңбекақыларын  да 

жоғары деңгейде болғаны абзал. Ұстаз қауымы 

жастарға  сапалы  білім,  саналы  тəрбие  беріп 

қана қоймай, баланың ата-анасына да жақындай 

түседі.  Педагог  кадрлар  бүгінгідей  кез  келген 

жоғары  оқу  орындарында  немесе  арнайы 

оқу  орындарында  дайындалмай,  тек  жоғары 

деңгейде  мамандандырылған  педагогикалық 

университеттер  мен  институттарда  ғана 

даярланғаны жөн. Өкінішке орай, ұстаздардың 

ерекше  тұлға  екендігін  қоғам  əлі  де  болса 

жете  бағаламай  жүр.  Адам  оқып-біліп  ұстаз 

болмайды,  ұстаз  болып  туады.  Болмысында 

тəлімгерлік  қасиеттің  ұшқыны  жоқ  адам 

ешқашан  педагог  бола  алмайды.  Ұлы  ақын 

Абайдың: 

«Ақырын жүріп, анық бас,

 Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

 Үйретуден балаға»,– деген өлең жолдарында 

айтылғандай,  бұл  фəниде  əр  адамның  өмірінде 

анасынан кейін тұрған, ұрпаққа тəлім-тəрбие беріп, 

өмірге  баулитын  тағы  да  бір  ардақты  жан  бар. 

Ол – ұстаз. Əр тұлғаның қалыптасуында ықпалы 

мол,  маңызды  рөл  атқаратын  ұлағатты  жандарды  

ешқайсысымыз  да  жадымыздан  шығармауымыз 

керек! Айтайын дегенім осы ғана...



Қуандық ТҰРДАЛИН, 

ТарМПИ-дің профессоры, экономика 

ғылымдарының  кандидаты

АЙТАЙЫН ДЕГЕНIМ...

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан Жүсіп Баласағұн атындағы 

Түркістан өлкесінің тарихын зерттейтін ғылыми орталық ашылғаны белгілі. Мақсат – 

Түркістан өлкесінің тарихына қатысты кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізу, Тараз 

өңірі мен Əулиеата уезінің тарихы бойынша бұрын жарық көрмеген архив құжаттарын 

жинастыру, қордаланған материалдардың негізінде көптомдық құжаттар жинағы мен 

монографиялық еңбектер даярлау.   Жақында аталмыш орталықта «Түркістан өлкесінің 

тарихы», «Түркістан тұлғалары»  сериясы бойынша бірнеше кітаптар жарық көрді.

ҚР  ҰҒА  корреспон-

дент  -  мүшесі,  тарих 

ғылымдарының 

док-

торы,  про-фессор  Да-



рия  Қожамжарованың 

«Жетісу Ресей империя-

сының 

құрамында» 



атты 

монографиясы 

«Түркістан 

өлкесінің 

тарихы»  сериясы  бой-

ынша 


шығарылды. 

Кітапта  XIX  ғасырдың 

екінші  жартысы  мен 

XX  ғасырдың  бас  кезіндегі  патша  өкіметінің 

Жетісу  өлкесінде  жүргізген  отаршылдық 

саясаты,  казактар  мен  орыс  шаруаларының 

өлкеге қоныстандырылуы жəне оның салдары, 

жергілікті халықтардың дəстүрлі жер пайдала-

ну  жүйесінің  бұзылуы,  отаршылдық  саясатқа 

қарсы  шыққан  Əли  төре,  Тезек  төре,  Тойшы-

бек би, Байсейіт батыр, Диқанбай би, Сыпатай 

би, Сұраншы батыр, Тазабек батыр жəне басқа 

да Ұлы жүз билеушілерінің ерліктері, сондай-

ақ,  XX  ғасырдың  басында  өлкеден  шыққан 

қазақ  зиялыларының  жалпы  мұсылмандық 

қозғалысқа тартылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық 

қозғалыс  кезіндегі  Жетісу  халықтарының 

көтерілісі  жəне  оның  барысына  байланысты 

мəселелер қарастырылған. 

* * *


Сондай-ақ, 

атал-


мыш  автордың  «Алаш 

қоз-ғалысының 

та-

рихы»  атты  оқулығы 



шықты.  Бұл  кітапта 

қазақ 


халқының 

азаттық  үшін  күрескен 

оның 

тəуелсіздігі 



мен 

мемлекеттілігін 

қ а л ы п т а с т ы р у д а 

зор 


роль 

атқарған 

Алаш  зиялыларының 

қоғамдық  -  саяси  жəне 

ағартушылық  қызметтері  туралы  жазылған. 

Оқулық  студенттер  мен  магистранттарға, 

оқытушыларға арналған.

* * *


«Түркістан  тұлғалары»  сериясы  бойынша 

«Тұрар  Рысқұловтың  өмірі  мен  қызметінің 

күндерегінің» 1 томы баспа бетін көрді. Кітап 

авторы  –  тарих  ғылымдарының  кандида-

ты,  доцент  Ордалы  Қоңыратбаев.  Ғылыми 

еңбекте 


ұлтымыздың 

ұлы тұлғаларының бірі, 

ұлт-азаттық 

қозғалы-


сының  көшбасшысы, 

азаматтық 

тұлғасын 

əлем  мойындаған  сая-

саткер,  ірі  қоғам  жəне 

мемлекет 

қайраткері, 

ғалым-публицист Тұрар 

Рысқұловтың 1894-1919 

жылдардағы  өмірі  мен 

қызметінің 

күндерек 

мəліметтері қамтылған.   

* * * 


Т ү р к і с т а н 

жинағының  1  томы    – 

Түркістан 

өлкесінің 

(Орталық 

Азияның) 

көне  дəуірден  бүгінгі 

күнге  дейінгі  тари-

хына, 

əлеуметтік 



-  экономикалық  жағ-

дайына, халықтарының 

мəдени 

өмірі 


мен 

тұрмыс 


салтына 


жəне  т.б.  көптеген 

мəселелерге  арналған 

мақалалар  жарияланған  ғылыми  жинақ  бо-

лып  табылады.  Жинақ  маман  тарихшыларға, 

тарих  факультеттерінің  студенттеріне,  магис-

транттар мен докторанттарға арналған.

* * * 

Обрабатывающая 



промышленность  Тур-

кестанского  края  (По 

материалам Сырдарьин-

ской  и  Семи-реченской 

областей).  Автор  кни-

ги  –  доктор  историче-

ских  наук,  профессор 

Турганжан  Тулебаев.  В 

монографии  освещают-

ся  основные  проблемы 

становления и развития 

обрабатывающей  про-

мышленности дореволюционного Туркестана на 

материалах Сырдарьинской и Семиреченской областей. 

Монография адресована научным работникам, студен-

там  и  преподавателям  высших  учебных  заведений  и 

всем  тем,  кто  интересуется  историей  Туркестанского 

края второй половины ХІХ – начала ХХ века.



ЖАҢА КІТАП

ҰСТАЗ СӨЗІ

БІЛІМ БƏЙГЕСІ

Ұстаз 

– 

ұлағатты 

есім. 

Ұстаз  –  өмірдегі  бағыттаушы, 

өнердегі 

бастаушы, 

əділдікті 

жақтаушы. 

Білімнің 

асыл 

нəрін  сіңіріп,  дүниетанымыңды 

кеңейтер  қазынаны  жүрегімен 

жеткізер  асыл  ұстаз  бағасы 

алтыннан  қымбат.  Сондықтан 

да  ол  əрдайым  қаситетті  тұлға 

ретінде  ерекшеленеді.  «Ұстаз  болу 

–  мінездің  күн  шуағы,  ұстаз  болу 

–  адамның  асылдығы»  деп  ақын 

Ғафу  Қайырбеков  жырлағандай, 

өмірдегі  көп  мамандықтардың 

ішінде  жан-жақты  білімділікті, 

икемділікті, 

шеберлікті, 

ерекше 

шəкіртжандылықты, 

мейірімділікті  қажет  ететін 

мамандық та – ұстаздық мамандық. 

Бүгінгі  газетіміздің  бетінен  алғаш 

рет  ашылып  отырған  «БЕТПЕ-

БЕТТІҢ»  қонағы  «Жоғары  оқу 

орнының 

үздік 

оқытушысы» 

атағының 

иегері, 

педагогика 

ғылымдарының докторы, профессор 

Клара Бұзаубақова.  

– 

Клара 

Жайдарбекқызы, 

əңгімеміздің  əлқиссасын  өткен 

өмір  жолыңыздан,  күні  бүгінге 

дейін  жеткен  жетістіктеріңізден 

бастасақ...

–  Мен  Əулиеата  өңіріндегі  Бурыл 

ауылында 

дүниеге 


келгенмін. 

1970  жылы  Құмжота  ауылындағы 

Ы.Алтынсарин  атындағы  8  жылдық 

мектептің  1  сыныбына  барып,  1978 

жылы  орта  мектепті  үздік  бітірдім. 

1978  жылы  Ровный  ауылындағы 

(қазіргі  Бурыл  ауылы)  Ровный  орта 

мектебінде 2 жыл оқып, орта мектепті 

1980 жылы үздік бітірдім.  Сол жылы 

Жамбыл  қаласындағы  Октябрьдың 

50  жылдығы  атындағы  Жамбыл 

педагогикалық институтының (қазіргі 

Тараз  мемлекеттік  педагогикалық 

институты) 

физика-математика 

факультетіне  оқуға  түсіп,  оны  үздік 

дипломмен  тəмəмдадым.  Институт 

қабырғасында 

жақсы 

оқыдым, 


атаулы 

шəкіртақының 

иегері 

болдым.  Ол  кезде  емтихандарды 



тапсыруда  автоматтық  жүйе  болмаса 

да,  емтихандарды  автомат  түрінде 

алатынмын. 

Еңбек 


жолымды 

1985  жылы  сол  өзім  бітірген 

Бурыл  ауылындағы  Ровный  орта 

мектебінде  физика  пəнінің  мұғалімі 

болып  бастадым.  Бір  жылдан  соң 

директордың  оқу-тəрбие  жөніндегі 

бірінші 

орынбасары 

қызметін 

атқардым.  1995  жылы  М.Х.  Дулати 

атындағы 

Тараз 


мемлекеттік 

университетінде 

аспирантура 

ашылып,  1995  жылы  оқу-ісінің 

меңгерушісі  қызметін  атқара  жүре,  

аталмыш  оқу  ордасында  ғылыми 

ізденуші болып тіркелдім. Екі ғылыми 

жетекшім  болды.  Бірі  Қазақстанға 

танымал 

табиғат 


қорғаушы,  

педагогика  ғылымдарының  докторы, 

профессор, 

академик 

Нұрғали 

Сарыбеков 

жəне 

педагогика 



ғылымдарының докторы, профессор, 

академик  Махметғали  Сарыбеков. 

1998  жылы  29  қаңтарда  ғылыми 

жетекшім  Нұрғали  Сарыбекұлының 

жетекшілігімен  «Жалпы  орта  білім 

беретін  мектептерде  сабақтан  тыс 

жұмыстарды  өткізу  барысында 

оқушыларға  экологиялық  білім 

беру 

мен 


табиғат 

қорғауға 

тəрбиелеудің 

педагогикалық 

негіздері» тақырыбында кандидаттық 

жұмысымды  сəтті  қорғадым.  Сол 

жылдың  1  қыркүйегінен  бастап, 

М.Х.  Дулати  атындағы  Тараз 

мемлекеттік  университетіне  доцент 

қызметіне 

қабылдандым. 

1999 


жылдың  1  қыркүйегінде  маған 

Жамбыл  облысы  Байзақ  ауданы 

əкімдігінен ұсыныс түсіп, мені мектеп 

директоры  қызметіне  шақырды. 

1999  жылдың  2  қыркүйегінен 

2002  жылдың  1  қыркүйегіне 

дейін  Байзақ  ауданы,  Сарыкемер 

ауылындағы    Қазақстанның  40 

жылдығы  атындағы  орта  мектебінде 

директор  болып  қызмет  атқардым. 

Қазіргі  таңда  аталмыш  білім  ұясы 

республикадағы ең үздік 10 мектептің 

сапына  еніп  отыр.  Осы  кезеңдегі 

директорлық  қызметімді  де  ерекше 

атап  өткім  келеді.  Мектепте  тігін 

цехын,  шеберхана  ашып,  мектептің 

материалдық-техникалық 

базасын 


көтеруге 

атсалыстым. 

Ауданда 

алғаш  болып  мектептің  өзін-өзі 

қаржыландыруына 

бастамашы 

болғанымды  ерекше  мақтанышпен 

айтқым  келеді.  Сондай-ақ,  ауыл 

мектебінде  гимназия  сыныптарын 

ашып, оқушылардың білім сапасының 

артуына ғылыми тұрғыдан басшылық 

жасадым.  Мысалы,  2001-2002  оқу 

жылында  мектепті  бітірген  115 

түлектің 11-і ерекше үлгідегі аттестат 

иегері  болды  жəне  ЖОО-на  түскен 

107 түлектің 89-ы мемлекеттік грант 

иегері атанды. Осы жылдар белесінде 

жоғары оқу орны мен мектеп арасында 

тығыз  ынтымақтастық  байланыстар 

болып,  мектеп  базасында  алғаш 

рет  оқушылардың  ғылыми-зерттеу 

жұмыстары бойынша республикалық 

конференция  өткізілді.  2002  жылы 

отбасылық  жағдайыма  байланысты 

қайта 

университетке 



ауысуыма 

тура  келді.  2004  жылы  М.Х.  Дулати 

атындағы 

Тараз 


мемлекеттік 

университетінің 

құрамынан 

Тараз  мемлекеттік  педагогикалық 

институты  бөлінді.  Аталмыш  білім 

ордасына  М. Сарыбеков ректор болып 

тағайындалды. Сол жылы институтта 

докторантура  бөлімі  ашылып,  2 

орын  берілген-ді.  Соның  бірі  маған 

бұйырып,  докторантурада  білімімді 

одан  əрмен  жалғастырдым.  2009 

жылдың  1  шілдесінде  Алматыдағы 

Ы.Алтынсарин  атындағы  Қазақ 

Ұлттық академиясында «Мұғалімнің 

инновациялық 

іс-əрекетке 

даярлығын 

қалыптастырудың 

теориялық-əдіснамалық  негіздері» 

тақырыбындағы 

докторлық 

диссертациямды сəтті қорғап шықтым. 

2008  жыл  мен  үшін  ерекше  жыл 

болды. Астана қаласында тұңғыш рет 

өткізілген  жаңашыл  мұғалімдердің 

I-ші  форумына  қатыстым.  Жиында 

сол кездегі Білім жəне ғылым министрі 

Жансейіт  Түймебаевтың  қолынан 

Ы.Алтынсарин  атындағы  медальді 

алдым. 


– Сіз талай шəкіртке жол көрсетіп, 

із  салдыңыз.  Нағыз  ғалымдардың 

уақыт  кеңістігінде  өмір  сүріп, 

шынайы қоғамнан бір саты да болса 

жоғары тұратыны рас. Сондықтан 

бұл  саланың  өзіндік  ерекшелігі, 

қиыншылығы жетіп артылады. Оған 

шыдайтындар  некен-саяқ,  ал  нағыз 

ғалым  атану  екінің  бірінің  қолынан 

келе  бермесі  ақиқат.  Осы  орайда, 

ғылыми еңбектеріңіз жайында əңгіме 

өрбітсеңіз.

–  Сөзіңіз орынды.  Ғылым  жолы  – 

ауыр жол. Ғалым болу – ол бір затты 

қопарып  тастап,  жаңалық  ашу  емес. 

Ізденісіңді  қорытып,  соны  кəдеге 

жаратып,  білгеніңді  əрі  түйгеніңді 

шəкірттерге  үйрету.  Күні  бүгінге 

дейінгі  ғылыми  еңбектерімнің  саны 

350-ден  асады.  Соның  ішінде  4 

монография,  5  оқулық,  50-ге  жуық 

оқу-əдістемелік құралдарым бар.

–  Ұлт  ұстазы,  Алаш  қайраткері 

Ахаң, 

Ахмет 

Байтұрсынов: 

«Мектептің  жаны  –  мұғалім. 

Мұғалім  қандай  болса,  мектеп  те 

сондай болады» деген екен. Əлбетте, 

педагог  –  жас  ұрпақты,  жалпы 

адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа 

тəрбиелейтін бірден-бір жан. Қазіргі 

таңда елімізде ұстаз беделін көтеру 

бағытында  бірқатар  ілкімді  істер 

атқарылып  жатыр.  Соның  бірі  – 

жаңа тұрпатты мұғалім дайындау. 

Жалпы,  ол  қандай  болуы  керек? 

Нендей  қасиеттерімен  ерекшеленуі 

тиіс? 

–  Жаңа  тұрпатты  мұғалім 

бірінші 

кезекте, 

инновациялық 

технологияның қыр-сырын меңгерген, 

заманауи  педагогикалық  құралдарды 

оқыту  процесінде  шебер  қолдана 

алатын,  баланың  жан-дүниесін  жете 

түсінетін,  шығармашыл,  креативті, 

зияткер тұлға болуы керек. Сонымен 

қатар, ол оқушының шынайы досына 

айналуы  тиіс.  Екіншіден,  білім 

алушының  келешегіне  сеніммен 

қарауы  тиіс.  Үшіншіден,  оқушының 

жан-дүниесіне  шаттық  пен  мереке 

сыйлағаны 

абзал. 


Төртіншіден, 

оқушыны 


өзін-өзі 

тануға 


үйретеді.  Бесіншіден,  оқушыны 

шығармашылыққа 

жетелейді. 

Алтыншыдан,  өз  білімін  ұдайы 

жетілдіріп  отырады.  Жетіншіден, 

сабақта  оқушыны  жаңа  білімді 

өз  бетінше  ізденуіне  бағыттайды 

жəне  оқушының  жеке  тұлғасын 

құрметтейді.

–  Жетістікке  жету  үшін  тек 

армандап, мақсат қою жеткіліксіз 

екендігі  бесенеден  белгілі.  Толымды 

табысқа  жетудің  қандай  да  бір 

құпиясы бар ма? Бар болса қандай?

–  Ұдайы  ізденіс  шығармашылық 

еңбек  адамын  биікке    жетелейтіні 

рас.  Біріншіден,  еңбегіміз  нəтижелі 

болуы  үшін  –  еселі  іскерлік, 

екіншіден,  қалыптан  тыс  ойлау, 

креативті  іс-əрекет  қажет.  Жетістікке 

жетудің кілті – қажырлы еңбек. Осы 

орайда  айта  кеткенім  жөн  шығар, 

мені  алға  жетелеген  мектептегі 

алғашқы  ұстаздарыма  –  математика 

пəнінің  мұғалімі  О.  Тазабековке, 

Б.  Нұрслямоваға,  физика  пəнінің 

мұғалімі 

Ж. 

Шолпанқұловаға, 



институт  қабырғасында  білім  берген 

ұстаздарым  –  физика-математика 

ғылымдарының  кандидаты,  доцент 

Б.  Муслимовке,    физика-математика 

ғылымдарының кандидаты, доцент К. 

Нағметжановқа,  физика-математика 

ғылымдарының  кандидаты,  доцент 

Т.  Күренкеевке,  физика-математика 

ғылымдарының  кандидаты,  доцент 

З.  Сайымқұловқа  жəне  ерекше  қадір 

тұтатын  ғылыми  жетекшілерім, 

белгілі  ғалымдар  Н.  Сарыбековке, 

М.  Сарыбековке  үлкен  алғысымды 

айтқым келеді. 



–  Болашақ  мамандарға  қандай 

ақыл-кеңес айтар едіңіз?

–  Ашығын  айтсақ,  педагогты 

даярлау  жүйесіне  менің  көңілім 

толмайды. Өйткені, педагог кадрларды 

даярлау  жүйесін  модернизациялау 

қажеттілігі 

туындауда. 

Биыл 


менің  жетекшілігіммен  институт 

қабырғасында 

«Жоғары 

педагогикалық  білім  беру  жүйесін 

жетілдіру:  педагогикалық  кадрларды 

дайындауда 

Тараз 

мемлекеттік 



педагогикалық 

институты 

мен 

Тараз 


қаласындағы 

Назарбаев 

Зияткерлік  мектебінің  инновациялық 

ынтымақтастығы  негізінде  дуальді 

оқытуды  ендіру  жəне  жүзеге  асыру» 

атты  қанатқақты  жоба  жүзеге 

асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты 

– педагог кадрларды даярлау жүйесін 

жетілдіру, 

Тараз 


қаласындағы 

Назарбаев  Зияткерлік  мектебімен 

Тараз  мемлекеттік  педагогикалық 

институты 

арасындағы 

ынтымақтастық байланысы негізінде 

дуальді оқыту жүйесін енгізу. Дуальдік 

оқыту – теория мен практиканың ара 

қатынасы бірдей, əлемдік тəжірибеде 

дуальдік  оқытудың  2+2  моделі 

жүзеге асып жатса, бізде 3+1 моделін 

ұсындық.  Яғни,  алғашқы  3  жыл 

теориялық  білімге  арналса,  соңғы 

жылда  практикаға  арналып,  4  курс 

студенттері  жоғары  оқу  орнының 

қабырғасында  оқытудың  Кэмбридж 

əдісін  меңгеріп,  Педагогикалық 

шеберлік  орталығының  біліктілікті 

арттырудың 

3-деңгейлі 

курсы 

сертификатын алады. Педагогикалық 



жоғары  оқу  орнына  алғашқы  кезде 

кейбір мамандықтарға дуальдік оқыту 

жүйесін  түгелімен  енгізілетін  болса, 

болашақ  педагог  түлектерден  жақсы 

маман  иесі  шығады.  Университет 

яки 


институт 

қабырғасында 

болашақ 

педагогтар 

өздерінің 

мамандықтарының қыры мен сырын 

толық  меңгеруі  тиіс.  Өз  бетінше 

ізденіп,  инновациялық  бағыттағы 

ғылыми-зерттеу 

жұмыстарын 

жүргізуге  мүмкіндіктер  жасалуы 

қажет деп ойлаймын. 

– Əңгімеңізге рахмет!


Каталог: download
download -> №3 (03) 30 қараша, 2015 жыл
download -> ӘБ жұмысының 2015-2016 оқу жылының талдау нәтижелері
download -> Вестник пгу №1, 2010 106 Түйіндеме
download -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
download -> А. Әшімбаев Әбілхан қастеев шығармашылығы арқылы білімгерлердің
download -> Семинар-тренинг 3-4 октября 2014 года в Таразском государствен ном педагогическом институте был проведен семи
download -> Вестник пгу №4, 2010 134 Түйіндеме Доцент Нұрманова Ж. К. мақаласы «Компаративистиканың ғылыми өрісінде қазақ әдебиеті мен кинематографының шектесуі»
download -> Көгінен нұрын шашып, гүлдері бүршік ж ары п, ба ғы нд а бұлбұлы сайр а ға н
download -> Сабақтар "Қазақ хандығының құрылуы" "Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды "
download -> М. тынышбаев және 1916 жылғЫ Ұлт-азаттық КӨтеріліс с. К. Тулбасиева


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет