Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Жас ғалым – 2015» атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған



жүктеу 7.88 Mb.
Pdf просмотр
бет3/5
Дата15.03.2017
өлшемі7.88 Mb.
1   2   3   4   5

«Бетпе-Бетті» жүргізген: 

Айнұр СЫБАНАЛЫҚЫЗЫ

«Білім нұры»

Шығармашылық 

жастардың  өмірлік 

жəне 


азаматтық 

ұстанымын  дамыту 

мақсатында  үнемі  ұйымдастырылып 

тұратын  аталмыш  білім  додасына 

қатысуға  еліміздің  əр  аймағынан 

27  ұсыныс  түсіпті.  Биылғы  жылғы 

олимпиада  «Қазақ  хандығының  550 

жылдығы»  мен  «Қазақстан  халқы 

ассамблеясының 

20 


жылдығына» 

арналыпты.  Үш  кезеңнен  тұратын 

сайыстың 

бірінші 


айналымында 

студенттер  «Қазақ  хандығының  550 

жылдығы ұлттық тарихтың тағдыршешті 

кезеңі»,  «Əтномəдени  танымдылық: 

Қазақстан  –  біздің  ортақ  үйіміз»  деген 

тақырыпта ой өрбітті. Сонымен қатар, үш 

күнге  созылған  сайыс  бағдарламасында 

танымдық 

саяхат 

бойынша 


да 

жастар  білімдері  мен  біліктіліктерін 

сынады. 

Əділқазылар 

алқасының 

шешімі  бойынша  Тараз  мемлекеттік 

педагогикалық 

институтының 

студенттері  барлық  сынақтан  сүрінбей 

өтіп,  «жүзден  –  жүйрік,  мыңнан  – 

тұлпар»  атанды.  Екінші  орын  Абай 

атындағы  ҚазҰПУ-ге,  үшінші  орын 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 

университетіне  тиесілі  болды.  «Жыл 

сайын дəстүрге айналған республикалық 

олимпиаданың  білімді,  қабілеті  ұшқыр 

студенттердің 

қолдау 


көрсетудегі 

орны  орасан  зор.  Жəне  де  жоғары  оқу 

орны  қабырғасында  алған  білімдерін 

тəжірибе  жүзінде  ұштастыруда  атқарар 

рөлі  басым»  деді  ТарМПИ  «Қазақстан 

тарихы»  кафедрасының  меңгерушісі, 

аталмыш  оқу  орнының  студенттерінің 

олимпиадалық  жетекшісі  Бақытжан 

Жүрсінбаев.  Сондай-ақ,  «Музыкалық 

білім»  мамандығы  бойынша  YII-ші 

Республикалық 

студенттік 

пəндік 

олимпиадасында  аталған  оқу  орнының 



Шығармашылық 

мамандықтары 

факультетінің  студенттері  Рүстембек 

Малдыбаев,  Ерболат  Тауасаров  барлық 

сыннан  сүрінбей  өтіп,  топ  жарды. 

Болашақ музыка ұстаздарының арасында 

– шығармашылық ой-өрісінің мүмкіндігін 

кеңінен  ашып,  аспапта  орындаушылық 

шеберлігін  арттыру  мақсатындағы 

сайыста 14 жоғары оқу орнынан келген 30 

студент бақтары мен баптарын сынады. 

Екі кезеңнен тұратын сайыстың бірінші 

айналымында  студенттер  музыкалық 

шығармаларды  орындау  талаптары, 

авторлық  мəтіннің  толық  орындалуы, 

шығарманы  орындаудағы  мазмұндық 

бейнесін,  динамикалық  айқындылығын, 

музыканың  жоғары  тұрғыда  жеткізілуі 

бойынша  сайысқа  түсті.  Сондай-ақ, 

шығарманың  мазмұнындағы  стилі  мен 

бейнесін  түсіне  отырып  көрсете  білу 

бойынша да өзара мықтыны анықтады. 

Ал,  екінші  айналымда  олимпиадаға 

қатысушылар  авторлық  шығармасының 

презентациясын  өткізіп,  жұртшылық 

назарына  ұсынды.  Үздік  шыққандар 

Қазақстан  Республикасы  Білім  жəне 

ғылым  министрлігінің  1-ші  дəрежелі 

дипломымен  марапатталып,  бағалы 

сыйлыққа ие болды.



• 

ОЙМАҚТАЙ ОЙ

Ғылым жолы – ауыр 

жол. Ғалым болу – ол бір 

затты қопарып тастап, 

жаңалық ашу емес. Ізденісіңді 

қорытып, соны кəдеге жаратып, 

білгеніңді əрі түйгеніңді 

шəкірттерге үйрету.



 «БІЛІМ НҰРЫНЫҢ» АНЫҚТАМАСЫ



Клара Жайдарбекқызы БҰЗАУБАҚОВА – 1963 жылдың 11 қаңтарында Жамбыл облысы, Байзақ ауданында дүниеге келген. 1980 жылы Жамбыл педагогикалық институтын тəмəмдаған. Педагогика ғылымдарының докторы, 

профессор. Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының екі дүркін иегері. Ыбырай Алтынсарин атындағы медальдің сахибы.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-де жоғары оқу орындары студенттерінің арасында «Тарих» жəне «Музыкалық білім» мамандықтары бойынша VII республикалық пəндік олимпиадасында 

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының білімгерлері жеңімпаз атанды.

ТОПЖАРҒАН

4

Білім берудің халықаралық стандартқа сəйкес бағыты бойынша ТарМПИ-ге бакалавриат 

мамандықтары мамандандырылған аккредитациядан өтті деген куəлік берілді.

КЛАРА БҰЗАУБАҚОВА: «ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУДІҢ КІЛТІ – ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕК»

ТАРМПИ СТУДЕНТТЕРІ «ЖҮЗДЕН – ЖҮЙРІК, МЫҢНАН – ТҰЛПАР» 

ТАРМПИ СТУДЕНТТЕРІ «ЖҮЗДЕН – ЖҮЙРІК, МЫҢНАН – ТҰЛПАР» 

№1 (90)

17 маусым, 2015  жыл

сəрсенбi  

БЕТПЕ-БЕТ



   Дулат САҚ



«Білім нұры»

МЕРЕЙ

ӨНЕГЕ

АДАМ БАЛАСЫН ЗАМАН ӨСІРЕДІ

Бұл  жарық  дүниеде  адамзаттың 

адамы  болу,  маман  болу  –  бақыт! 

Бала  кезде  түрлі  арман,  қиял  бойды 

кернейді.  Бүгін  дəрігер,  ертең  заңгер, 

тағы  басқа  болсам  дейсің.  Түптің 

түбінде  бір  тоқтамға  келу  қиын. 

Санаң  сансыз  сандыраққа  ұрынады. 

Дегенмен, кей адамдар діттеген арман-

қиялын  ақиқатқа  жеткізеді.Мен-  өз 

тағдырымның  иесімін!  Мен  де  тəтті 

балалық  кезеңді  бастан  кешірдім. 

Арман-қиялым,  мақсатым  түрлі-түрлі 

еді.  Тағдыр  қалауымен  бүгінгі  таңда 

тəрбиеші болып жүрмін. Бұл мамандық 

– менің жүрек қалауым. Тағдырдың өзі 

мені осы мамандыққа жетелеп əкелді.

Мен,  2007  жылы  ТарМПИ-дың 

«педагогика жəне психология» факультетін 

тəмəмдап,  балабақшада  тəрбиеші  болып 

жұмысқа  тұрдым.  Тұрмысқа  шығып,  үш 

перзент  тəрбиелеп  отырған  жайым  бар. 

Үлкен  ұлым  Əліби  Алматы  қаласында 

Қ. Сəтбаев атындағы Қаз ҰТУ-дің 4 курс 

студенті,  Алімжаным  №45  мектепте 

тоғызыншы  сыныпта  оқиды,  бірнеше 

халықаралық  турнилердің  жеңімпазы. 

Аминам  балабақшада.  Қай  кезеңде  де  

бала тəрбиесі күн тəртібінен түскен емес. 

Ұлт болашағы білімді ұрпақтың қолында. 

Ал Ұлт Көшбасшысы – Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаев  бұл  бағытта  көптеген  ілкімді 

істерге  бастау  болып  отыр.  Бүгінде 

мемлекеттік  «Балапан»  бағдарламасы 

аясында қаншама бүлдіршіндер мектепке 

дейінгі тəрбиемен қамтылған. Ал осы бала 

тəрбиесінің  бел  ортасында  жүріп,  оларға 

жаңа технологиялар негізінде дəріс беріп 

жүргенімді  мен  де  мақтаныш  тұтамын. 

Өзімнің түлеп ұшқан білім ордам – Тараз 

мемлекеттік педагогикалық институтының 

«Нұрлы Жол» газетіндегі осы мүмкіндікті 

пайдалана отырып, қазіргі таңда атқарып 

отырған  жұмысым  турасында  айтып 

өткенім  жөн  болар.    Көш  бір  орнында 

тұрмайды. Сондықтан, білім саласындағы, 

əсіресе  тəрбиедегі  əдіс-тəсілдердің  жаңа 

технологияларға  негізделетіні  тағы  анық. 

Оның  қатарында  əлемдік  тəжірибеге 

сүйеніп, ұлттық болмысымыздың жарқын 

келбетін 

ашатын 


этнопедагогикаға 

негізделіп 

жасалған 

бағдарламалар 

аясында  жаңа  əдіс-тəсілдер  еніп  отыр. 

Бұл бағдарламалардың негізі де, ұстанған 

бағыты да – баланы тұлға етіп тəрбиелеу. 

Мен еңбек етіп отырған №28 балабақшада 

бұл үрдіс дəстүрге айналған. Жаңалықты 

жатсынбай, 

жаңа 

технологияларды 



практикаға енгізе отырып, бүлдіршіндерді 

азамат  етіп  тəрбиелеу  əрбір  тəрбиешінің 

ұстанымына айналып үлгерді. Біліктілікті 

арттырып, білімді шыңдауда тəрбиешілер 

үшін керек дүние – тəжірибе. Бұл өмірлік 

қағида.  Сондықтан,  бала  тəрбиесіне  аз 

да  болса  қосқан  үлесім.  Ақпараттық-

коммуникативтік 

технологияларды 

қолдану  кезінде  денсаулық  сақтау 

технологиялары  туралы  естен  шығармау 

керек, 


тəрбиелеудің 

техникалық 

құралдарын  қолдануды  балалардың  жас 

ерекшеліктеріне  сəйкес  уақытпен  шектеу 

керек.  Сөйтіп,  АКТ-ны  оқу-тəрбиелеу 

үдерісіне  ендіру  педагогтың  кəсіби 

сипаттамасы  болатын,  педагогикалық 

шеберлікті 

құрайтын 

педагог 


құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігін 

тудырады.  Технология  мен  ақпаратты 

тиімді 

қолдана 


білетін 

педагогта 

ойлаудың  жаңа,  басқа  стилі  болады, 

туындайтын  мəселелерді,  өз  іс-əрекетін 

ұйымдастыруын 

бағалауға 

өзгеше 

қарайды. Интерактивтік тақта – маркермен 



жазуға  немесе  экранға  бір  мезгілде 

кескін  проекциялана  алатын,  саусақпен 

көрсетуге  болатын  сыныптағы  ақ  тақта. 

Интерактивтік  содан  тұрады,  саусақтың 

орны сенсорлық экранда (немесе үстелдегі 

тышқанның  орнына  ұқсас  графикалық 

тақтадағы  стилус)  қалай  қабылданса, 

маркердің  немесе  саусақтың  орны 

компьютермен  дəл  солай  қабылданады. 

Мұндай мүмкіндікке əр түрлі тəсілдермен: 

экранның  өзіндегі  арнайы  сенсорлық 

қабаттармен  (матрицалармен),  жылдам 

сканермен  –  кез  келген  (ақ)  тақтаның 

əлдебір  жағына  бекітілген  онша  үлкен 

емес  пластинамен,  проектордың  өзімен 

құрамдасқан  сканермен  қол  жеткізуге 

болады. Интерактивтік тақта көп орынды 

талап  етпейді.  Егерде  тақта  үшін  тура 

проекциялы  проектор  төбеге  бекітілетін 

болса, онда топтың ортасында аппаратура 

үшін  қосымша  тіреуіш  орнатудың  керегі 

жоқ.  Интерактивтік  тақталар  барлық 

жастағы балалар үшін жарамды: тақтаның 

биіктігін кез келген бала бойына реттеуге 

болады. Оқытудың инновациялық əдістері 

мен техникалық құралдары бүгінгі таңда 

əркімге қол жетімді. Интерактивтік тақта 

–  бұл  педагог  алдын  ала  дайындалынған 

материалды  көрсететін    проекторға 

арналған жай ғана экран емес, сабақтарда 

болатын 

іс-əрекеттерге 

балалардың 

белсенді  қатысуына  мүмкіндік  беретін 

жалпы  жұмыстық  кеңістік.  Тəрбиешілер 

əрбір  баланың  қажеттілігін  қашан 

қанағаттандыра  алады,  сонда  олар 

олардың  əр  қайсысына  табысқа  жетуге 

жақсы  мүмкіндік  бере  алады.  Мысалы, 

ActivInspire  (БЖ)  жасалған  флипчарттар, 

баланың  ойлау  қабілетін,  белсенділігін 

дамытады.  Əсіресе  тұйық,  өз  ойын 

жеткізе  алмайтын,  өздеріне  сенімсіздеу 

балалардың 

өздері 

тапсырмаларды  



қызыға орындайды. Өйткені интерактивті 

тақтаның келесі бетінде ол тапсырманың 

дұрыс жауабы беріледі, сол арқылы балалар 

өзінің  жауабын  салыстыра  тексеріп, 

өзін-өзі  бағалайды.  Соңғы  жылдары 

облыс  орталығында  балабақшалар  мен 

шағын  орталықтардың  қатары  артып 

келеді.  Бұл  мемлекеттің  жасап  отырған 

қамқорлығы. Оның қатарында əлеуметтік 

серіктестік  арқылы  қаншама  балабақша 

ашылуда.  Бұл  ұлт  болашағына  жасалып 

жатқан  қамқорлық.  Теңіздегі  тамшыдай 

əрқайсысымыз Тəуелсіз еліміздің ажарын 

ашар  ілкімді  істерге  бастау  болсақ,  одан 

артық  бақыт  жоқ  шығар.  Өйткені,  біздің 

ұрпақ – тəуелсіз ұрпақ! 



Жанна ТЫМБАЕВА,

Тараз қалалық №28 

балабақшасының педагог-тəрбиешісі,

ТарМПИ-дің 2007 жылғы түлегі

Қазақстанда  мұғалім  стандарты  бар 

ма?  Біздің  бітіруші  түлектерімізге  жұмыс 

берушілер қандай талап қояды? Біз бітіруші 

түлектерімізді  білім  нарығы  талабына  сай 

дайындап  жатырмыз  ба?  Бұл  сұрақтардың 

жауабын бір іс-шара өткізу арқылы шешіп 

тастау мүмкін емес. Десе де Дидактикалық 

орталық  ұйымдастырған  ашық  сұхбат 

алаңы ортаға ой тастап, ары қарай жоспарлы 

түрде  жұмыс  істеуімізге  мүмкіндік 

берді.  І  кезең.  Заманауи  мектеп  мұғалімі 

қандай  болуы  керек?  ІІ  кезең.  Білім  беру 

мекемелеріндегі заманауи психологы қандай 

болуы  керек?  ІІI  кезең.  Тараз  қаласының 

мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен 

мектептер  арасында  ТарМПИ  түлектерінің 

үлес  салмағын  анықтау  мақсатындағы 

мониторинг  жəне  біздің  түлектеріміздің 

қаншалықты  сұранысқа  ие  екендігі 

мен  жұмысқа  орналасу  мəселесінің 

проблемаларына  диагностика.  IV  кезең. 

Мектептердегі  ТарМПИ  түлектерімен 

кездесу,  келісімсөздер  жүргізу.  V  кезең. 

Мектеп  жетістіктері  мен  проблемалары: 

семинарлар, тренингтер, келісімсөздер. Осы 

кезеңдер  арасында  оншақты  мектептердегі 

ТарМПИ  түлектерімен  бетпебет  кездесіп, 

қазіргі  мектептегі  проблемалар  мен  оның 

шешу  жолдарын  қарастырып  жатырмыз. 

Барлық  мектептерде  дерлік  мұғалімдердің 

ақпараттық 

коммуникативтік 



құзырлылықтары  айтарлықтай  жоғарғы 

деңгейде екен, олардың басым көпшілігі Білім 

жəне  ғылым  министрлігі  ұйымдастырған 

жаппай  оқыту  процессінде  қамтылыпты. 

Осы  мəліметті  негізге  ала  отырып,  2015 

жылдың  12-26  қаңтар  аралығында 

ТарМПИ-ның 

4-курс 


студенттері 

арасында 

ақпараттық-коммуникативтік 

құзырлылықтарын  арттыруға  бағытталған 

үш  блоктан  тұратын  72  сағаттық  оқыту 

семинар-тренингі  жəне  27  қаңтардан  9 

ақпанға  дейін  жоспарланған  12  сағаттық 

шешендік  өнер  бағытындағы  семинар-

тренинг  өткізілу  үстінде.  Нəтижесінде 

бітіруші  түлектер  84  сағаттық  сертификат 

иеленеді. 

Жалпинституттық 

«Нұрлы 

Жол»  газетінде  «Біздің  түлек»  атты  айдар 



ашылды. Негізгі мақсат əр жылдары біздің 

оқу  ордамызды  бітірген  түлектеріміздің 

жетістіктерін  дəріптеу,  оқу  ордамыздың 

миссиясын  насихаттау,  ҚР  мұғалім 

мəртебесінің  биіктеуіне  атсалысу,  институт 

пен мектеп сабақтастығын нығайту, мұғалім 

мамандығының  тартымдылығын  арттыру. 

Мұндай биік мақсаттарға қол жеткізу үшін 

3,  4  курс  студенттеріне  арналған  шеберлік 

сыныптары 

ұйымдастырылуда. 

Атап 


айтсақ,  тəрбие  жəне  əлеуметтік  жұмыстар 

жөніндегі  орталық  басшысы  Лескүл 

Ибраимованың  «Ұстаз  мəдениеті»  атты 

шеберлік  сынып  сағаты,  №28  балабақша 

тəрбиешісі, ТарМПИ-нің 2007 жылғы түлегі 

Жанна  Тымбаеваның  «Мектеп  жасына 

дейінгі  балалардың  үйлесімді  дамуына 

интерактивті  тақтаны  ұтымды  пайдалану» 

атты  шеберлік  сынып  сағаты,  Назарбаев 

зияткерлік  мектебінің  ұстазы  Жақсыбек 

Сулейманқұлов екі əріптесімен бірге «Сыни 

тұрғыдан  ойлау  стратегияларын  ұтымды 

қолдану  практикасы»  атты  шеберлік 

сынып  өткізді.Осындай  істердің  жалғасы 

ретінде «Назарбаев зияткерлік мектебіндегі 

бір  күн»  жəне  «Қазақ-түрік  мектеп-

интернатындағы  бір  күн»  атты  акциялар 

жоспарлануда. Жалпыинституттық «Нұрлы 

Жол»  газетіндегі  осындай  мол  мүмкіндікті 

пайдалана  отырып,  Тараз  мемлекеттік 

педагогикалық  институтының  3,  4  курс 

студенттерін  аталмыш  шараларға  белсене 

араласуға шақырамыз.

Гүлхан НҰРАДИН,

Этнографиялық жəне инновациялық 

орталығының басшысы

«Білім нұры»

    «Жер мен көктің желпініп арасында, Желігесің, түсесің қара суға. Құйын қуған қаңбақтай аласұра, Ей, 

өмірім,  зымырап  барасың  ба?»  деп  ұлтымыздың  ақиық  ақыны  Мұқағали  Мақатаев  жырлағандай,  өмір  – 

кəдімгі баспалдақ іспеттес. Төменнен бастап, жоғарыға көтеріле береді. Киіз туырлықты қазақта «Бағаласаң 

тірі кезде бағала» деген жақсы сөз бар. Талай-талай ізгі жолды басып өткен, ізетті ақылымен, парасатты 

пайымымен, маңдай тері еңбегімен, елге елеулі болып жүрген аға-апаларымызды біз құрмет тұтпасақ, кім 

тұтады. «Өзіңді-өзің жаттай сыйла, жат жаныңнан түсінсін» дейді.  Білім мен ғылымның ордасы Тараз 

мемлекеттік педагогикалық институтында да ұлағатты ұстаздар жетіп артылады. Міне, солардың бірі – 

ТарМПИ-дың профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Күлжəмила Жолдасова. 

Жетпіс 


жасқа 

толған 


ұстаздың 

өткен өмір жолдары 

тек  қана  еңбекке  толы.  Мерейтой  иесі 

өткен  күндерін  былай  деп  еске  алады: 

«Өмір – өзен ағып жатыр, тынбайды, Өмір 

болмас  қасіретсіз,  мұң  қайғы»  деп  қазақ 

халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. 

Өйткені,  өмір  өзен  тəрізді  тоқтаусыз, 

ешкімге білдірмей өтіп жатады деген рас 

екен.  Мен,  Оңтүстік  Қазақстан  облысы, 

Ордабасы 

ауданының 

«Коммунизм 

колхозының»  «Бейнетқор»  ауылында 

дүниеге келдім. Əкем ақынжанды, кісінің 

ала  жібін  аттамайтын  таза,  момын, 

есесін  өлеңмен  қайтарып  отыратын 

жан  болған  екен.  Біздің  ауыл  мақта 

өсірумен  шұғылданатын.  Анам  іскер, 

озат  колхозшы  болып,  2  рет  Москваға 

көрмеге  делегат  болып,  И.  Сталиннің 

қабылдауында  болған.  (1937  ж.,  1939  ж.) 

КСРО  Жоғары  Кеңес  президумының 

төрағасы  М.  Калининнің  қолынан 

медаль  алған.  Біздің  отбасымызбен 

математикаға  əуестенгеніміз  анамның 

бойындағы  қасиеті  болса,  кеште  болса 

48  жасқа  келгенімде  əкемнің  ақындық 

өнері  менде  де  қалыптасқан  тəрізді. 

Оған  да  шүкір.    1963  жылы  Шымкент 

қаласындағы  №7  Қарсыбай  Спатаев 

атындағы  қазақ  орта  мектебін,  1968 

жылы  Ташкент  қаласындағы  Ташкент 

Мемлекеттік  Университетінің  механика-

математика  факультетін  «математика» 

мамандығы 

бойынша 

тəмəмдадым. 

Арнайы  жолдама  бойынша  Өзбекстан 

Ғылымдар  Академиясының  Кибернетика 

институтында  кіші  ғылыми  қызметкер 

болып 2 жыл жұмыс істедім. 1970 жылдан 

бері,  бұрынғы  Жамбыл  педагогикалық 

институтында  «Функциялар  теориясы 

жəне 

математикалық 



анализ» 

кафедрасында  оқытушы,  аға  оқытушы 

болып  қызмет  атқардым.  Сол  кезеңде 

Чебышевтың  көпмүшелігіне  байланысты 

биортогональдық қатарларды қолданудың 

жолдарын 

зерттеу 

жұмыстарымен 

шұғылдандым. 

1983-86 


жылдары 

аралығында    Ленинград  қаласындағы  А. 

Герцен  атындағы  Ленинград  мемлекеттік 

педагогикалық  институтында  (ЛГПИ) 

сырттай  аспирантураны  оқып,  физика-

математика  ғылымдарының  докторы, 

профессор  Н.  Матвеевтің  жетекшілігімен 

ғылыми  ізденіс  жұмыстарын  жүргіздім. 

1986  жылы    «Биортогональные  ряды, 

связанные  с  многочленами  Чебышева» 

тақырыбы 

бойынша 


диссертация 

қорғап, 


01.01.01.«математикалық 

анализ»  бойынша  «физика-математика  

ғылымдарының  кандидаты»  атағына  ие 

болдым.  1992  жылы  доцентік  атағын 

иеленіп, Тараз мемлекеттік педагогикалық 

институтында  «Информатика  жəне  ЕТ» 

кафедрасының доценті, 2007 жылдан бері 

профессор болып  қызмет атқарудамын.

Өмірлік жолдасым Насурла Абуллаевта 

ғылым  жолындағы  азамат  болатын.  Ұзақ 

жылдар  бойы  М.Х.  Дулати  атындағы 

Тараз 


Мемлекеттік 

университетінің 

профессоры  болып  қызмет  атқарып  2011 

жылы дүниеден озды. Бүгінде үйелменді-

сүйелменді үш ұлдан тараған 9 немеренің 

əжесімін.  Қалилл  жəне  Малик  атты 

перзенттерім  мемлекеттік  қызметкер, 

Ғаниым  ісін  ілгері  дөңгелетіп  отырған 

кəсіпкер.  Отағасы  Нəкең  үнемі  қызмет 

барысында  жүрді.  Жамбыл  су  құрылыс 

институтында  Комсомол  комитетінің 

1-ші  хатшысы,  экономика  факультеті 

деканының  орынбасары,  жоғары  оқу 

орнына  дейінгі  факультет  деканы, 

институттың 

кəсіподақ 

ұжымының 

төрағасы  сияқты  қызметтер  атқарды.  Ал, 

мен  балалардың  тəрбиесіне  көп  көңіл 

бөліп,  тəлім-тəрбиелік  жұмыстарымды 

үйдің  жанында  орналасқан  жатақханада 

тұратын  жастар  арасында  жүргіздім. 

Институттың 

Əйелдер 


кеңесінің 

төрайымы  болып,  «Гакку»,  «Ақ  босаға» 

клубтарын  басқардым.  Ғылыми  зерттеу 

жұмыстарымды  жалғастыра  жүріп  37 

ғылыми-əдістемелік 

нұсқаулар, 

оқу 

құралдарын,  электронды  оқулықтар, 



шығармашылық  кітап  жаздым.  Сондай-

ақ,  «Сандық  əдістер  пəні  бойынша 

лабораториялық  практикум»  оқу  құралы, 

«Арнау»  атты  өлеңдер  жинағым  жарық 

көрді.  ҚР  Əділет  министрлігі  бекіткен 

«Сандық əдістер» электронды оқулықтың 

авторлық  куəлігін  иелендім.  2012  жылы 

өмірлік  серігім  Абдуллаев  Насурланың 

өмір  жолдарына  арналған  «Өнегелі 

өмір»  атты  кітабым  баспадан  шықты, 

М.Х.Дулати 

университетіндеүлкен 

аудитория  «Лекция  залы»  ашылды, 

«Ел  дамуының  кепілі  білікті  маман» 

тақырыбына конференция, «Ел дамуының 

кепілі  білімді  –  ұрпақ»  тақырыбында  екі 

рет (2011-2012 жж.) білімгерлер арасында 

математикалық 

олимпиада 

өткізу 


жұмыстарына  жетекшілік  еткенімді  де 

айтқаным  жөн  болар.  «Мемлекеттік  тілді 

қуаттаудың  компьютерлік  құралдары» 

тақырыбы 

бойынша 

мемлекеттік 

бюджеттік 

тақырыптың 

жетекшісі 

бола  жүріп  кафедрада  «Ақпараттық 

технология жəне программалау негіздері» 

бойынша  қазақ  тілінде  оқу  құралдары 

мен  əдістемелік  нұсқаулар,  электронды 

оқулықтар    жазудың  басы-қасында 

жүрдік.  Шəкірттерге  білім  берумен  ғана 

шектелмей,    облыстық  іскер  əйелдер 

ассоциясының    «Алтын  жас»  бөлімінің 

мүшесі  ретінде  жəне  қалалық  ардагерлер 

кеңесінің  жанынан  құрылған  «Асыл 

əжелер»  алқасының  төрайымы  ретінде 

өскелең  жас  ұрпақтар  арасында  əртүрлі 

тақырыптарда 

тəрбиелік 

жұмыстар 

жүргізудемін.  Еңбектерім  ескерусіз  емес. 

Министрлік,  облыс  басшылығы,  жоғары 

оқу  орындары  тарапынан  берілген 

марапаттар бір төбе. Тəубе деймін. Келешек 

—  жастардікі.  Сол  жастар  аман  болсын. 

Мен  өмірдің  біраз  белесіне  жеттім.  Сол 

белесімнің  жарқын  өтуі  ел  жұртымның 

арқасы.  Ардақты  азаматтардың  жүріп 

өткен жолдарын ескеріп отырған сендерге 

мың рахмет» деп, Күлжəмила Жолдасқызы 

өз сөзін түйіндеді. 

Тараз  мемлекеттік  педагогикалық  институтында  жаңадан  ашылған 

орталықтардың  бірі  «Дидактикалық  орталық».  Орталықтың  кезеңдік 

жұмыстары институтымыздың «tarmpi.kz» веб-сайтында жарияланды. Дегенмен 

де  бүгінде  келелі  жұмыстар  жалғасын  табуда.  Осыған  орай,  студенттеріміз  бен 

профессор-оқытушылар құрамы назарына жүргізіліп жатқан жұмыстардың жай-

жаспарынан хабардар етуді ұйғардық. 


Каталог: download
download -> №3 (03) 30 қараша, 2015 жыл
download -> ӘБ жұмысының 2015-2016 оқу жылының талдау нәтижелері
download -> Вестник пгу №1, 2010 106 Түйіндеме
download -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
download -> А. Әшімбаев Әбілхан қастеев шығармашылығы арқылы білімгерлердің
download -> Семинар-тренинг 3-4 октября 2014 года в Таразском государствен ном педагогическом институте был проведен семи
download -> Вестник пгу №4, 2010 134 Түйіндеме Доцент Нұрманова Ж. К. мақаласы «Компаративистиканың ғылыми өрісінде қазақ әдебиеті мен кинематографының шектесуі»
download -> Көгінен нұрын шашып, гүлдері бүршік ж ары п, ба ғы нд а бұлбұлы сайр а ға н
download -> Сабақтар "Қазақ хандығының құрылуы" "Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды "
download -> М. тынышбаев және 1916 жылғЫ Ұлт-азаттық КӨтеріліс с. К. Тулбасиева


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет