Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Жас ғалым – 2015» атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған



жүктеу 7.88 Mb.
Pdf просмотр
бет4/5
Дата15.03.2017
өлшемі7.88 Mb.
1   2   3   4   5

SELF-REALIZATION

5

ТарМПИ-да «Еуразиялық экономикалық ықпалдастық: Қазақстанның даму болашағы» 

атты дистанционды Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

№1 (90)

17 маусым, 2015  жыл

сəрсенбi  

БАСТАМА

БІЗДІҢ ТҮЛЕК

ТарМПИ БАРЛЫҚ МЕКТЕПТЕ!



   Дулат САҚ



«Білім нұры»

P.S.  Қандай кезең болса да ақылын 

аямайтын абзал ұстаздардың өнегесі біз 

үшін əрқашанда керек. Жақсы ісің болса 

асырған,  жаманыңды  жасырған  нар 

тұлғалар кейінгі ізін басып келе жатқан 

іні-қарындастары һəм шəкірттері үшін 

сарқылмас дария. Ендеше, Күлжəмила 

Жолдасқызының  ізгілікті  еңбек  жолы 

біздерге  өнеге.  Жетпіс  жасқа  келген 

апайымызға  əлі  де  болса  қадамыңыз 

қарышты болсын демекпіз.

Е       

                                                                                              

гер  де  өзіңіздің  17  жасыңызға  һəм  студент  атанып,  жоғары  оқу  орнының 

табалдырығын жаңадан аттаған сəтіңізге хат жолдай алар болсаңыз, не деп 

жазар  едіңіз?  Осы  сұрақ  төңірегінде  ой  өрбітіп,  терең  толғанып  көрдіңіз  бе? 

Алдағы  уақытта  газетімізде  «Құрметті  мен:  Өзімнің  он  жеті  жасыма  хат» 

атты айдар тұрақты беріліп отырмақ. Аталмыш жинақта институтымыздың 

профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері өздерінің он жеті жастағы балаң, аңғал 

да  саңғал  «меніне»  өмірде  өзін  қалай  ұстау  керектігі  турасында,  Абайша  тəмсілдегенде, 

неден  қашық,  неге  асық  болу  қажеттігі  жайында  ақыл-кеңес  түрінде  жеткізіп  отырмақ. 

Бүгін сіздердің назарларыңызға Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Баспасөз 

қызметі бөлімінің басшысы  Жандарбек Асанның хатын ұсынамыз.

ҰШҚЫН

əдеби-шығармашылық беті

Академик Зейнолла Қабдолов: «Əдебиет – ардың ісі» деп, сөз өнерінің қадыр-қасиетіне толыққанды 

баға  берген  болатын.  Шындығында  да,  əдебиет  –  адамға  өмірді  танытып  қана  қоймайды, 

көпшіліктің өмірге көзқарасын қалыптастырады, мінез-құлқына, тұрмыс-тіршілігіне ықпал етеді. 

Өнердің  ішіндегі  ең  бір  қадірлі    яки  қасиеттісі  де  –  көркем  əдебиет.  Адамның  өмірі,  қоғамдық 

қарым-қатынастар мен алуан түрлі құбылыстар, өз мінез-бітімімен дараланып көрінетін жеке 

адамдардың тағдырына да əсер ететін – көркем əдебиет. Міне, осы орайда газетімізде «əдебиет» 

атты ауылға ат басын бұрып жүрген, көзі қарақты, сөзі қанатты оқу орнымыздың қызметкерлері 

мен студенттерінің шығармаларын жариялау һəм қолдап-қуаттау мақсатында «Ұшқын» əдеби-

шығармашылық бетін ашып отырмыз. 

Редакциядан

Жандарбек АСАН – 1990 жылы 12 мамырда 

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түлкібас 

ауданында  дүниеге  келген.  «Түркібасы» 

дарынды  балаларға  арналған  қазақ-түрік 

лицейінде  оқыған.  Əл-Фараби  атындағы 

Қазақ  Ұлттық  университетінің  филология 

факультетін,  Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық 

педагогикалық  университетінің  Магистратура 

жəне PhD докторантура институтын тəмəмдаған. 

«Əдебиеттану» ғылым магистрі.    «Шамшырақ» 

қоғамдық-саяси  газетінде  бас  редактордың 

орынбасары-жауапты  хатшы,  «ҚАЗақпарат» 

баспа  корпорациясында  бас  редактор,  «КТК» 

телеарнасының  «Жаңалықтар»  ақпараттық-

сараптамалық  бағдарламасында  тілші,  «Ел 

арна»  телеарнасында  бөлім  редакторлығымен 

қоса  «24  KZ»  телеарнасында  бағдарлама 

продюсері əрі жүргізушісі болып қызмет істеген. 

2014 жылғы қараша айынан Тараз мемлекеттік 

педагогикалық институтының Баспасөз қызметі 

бөлімінің басшысы, «Білім нұры» газетінің бас 

редакторы.

Бүгінгі  жастар  бақытты.  Олардың  білім 

алуына  жұмыс  істеуіне  барлық  мүмкіндіктер 

бар.  Арғымақтың  аяғы  жетпейтін  алыс-

жақын  шетелдерде  мыңдаған  қазақ  жастары 

білім  алуға  жол  ашты.  Бүгінгі  ұрпақ  ертеңгі 

күнге  сеніммен  қарайды.  Институт  ұжымы 

жастарға  біліммен  бірдей  патриоттық  тəрбие 

беру  үрдісі  қалыптасқан.  Тəуелсіздіктің 

жақсылығын  мереке  тұсында  ғана  емес,  жыл 

бойы  ұрпақтарға  жеткізіп  отыруды  дəстүрге 

айналдырған. Əр уақытта тəрбиелік іс-шаралар 

ұйымдастырылып тұрады. Соның бірі «Елбасы 

жəне  Тəуелсіздік»,  «Біз  Елбасымен  біргеміз», 

«Елі  сүйген,  елін  сүйген  Елбасы»,  «Елбасы 

жəне  жастар»  тақырыбында  өткізілген 

дөңгелек үстел, осындай тарихи тақырыптарда 

кураторлық сағаттар өткізіліп тұрады. Мысалы, 

биыл Елбасының Ұлытау сұхбаты, тағы Қазақ  

хандығының    550  жылдығы  секілді  тарихи 

атауларды  ашық  сабақтарымызға  арқау  етіп 

алдық.    Біз  тəрбиелеп  шығаратын  болашақ 

ұстаздарымыз  да  –  Қазақстанның  келешегі. 

Өйткені  болашағымыздың  қандай  болатыны 

жас ұрпаққа берген білім мен тəрбиеге тікелей 

байланысты.  Мəңгілік  Ел  идеясы  жастардың 

жас  ұрпақтың  тəрбие  тірегі  етіп  аламыз. 

Біз  ұстаздары  дайындайтын  білім  ордасы 

болғандықтан,  саналы  тəрбие,  сапалы  білім 

беруіміз  керек.  Бүгінгі  білімгер  ертеңгі  жас 

маман,  елін  мен  жерін  сүйетін  жастарды 

тəрбиелеуіміз керек.

Мен  өзім  Жоғарғы  оқу  орында  оқытушы 

болғандықтан  жас  білімгерлерге  сабақ 

сайын  ұлы  тұлғалардың  тарихи    еңбектерін 

насихаттауға  өз  үлесімді  қосып  келемін.  Ұлы 

бабалар  тарихын  мектеп  қабырғасындағы 

мұғалімдерде  жете  түсіндірсе  екен  деп 

ойлаймын.  Өйткені  бүгінгі  жас  білімгер, 

ертең  қоғамның  маманы  дейміз.  Сондықтан 

білімгерлерді  институт  қабырғасынан  бұрын, 

мектептен  тəрбиелеуіміз  керек  сияқты. 

Сонда  ғана  білімді  азаматтар  қоғамға  өз 

үлестерін  қосып  жатса,  онда  институттың 

оқытушылармен,  мектеп  мұғалімдердің  де 

еңбегінің  жемісі  деуге  болады.  Білімі  терең, 

ойы ұшқыр, санасы кең, көкірегі ояу, көзі ашық, 

жүрегі  елім  деп  жерім  деп  соғар  азаматтарды 



тəрбиелеу біздің ортақ борышымыз.

Мақсұт ДАУТБАЕВ,

     аға оқытушы

«Сəлем, бозбала 

Жандарбек!

Болашақтан хат жазып отырған  – 25-ке 

толған өзің. Алдағы өмір жолыңда кездесетін 

түрлі  қуаныштар  мен  қиыншылықтар 

туралы сақтандырғым келмейді. Себебі, бəрібір 

өз қалауың бойынша əрекет қылатының айдан 

анық. Оны мен жақсы білемін. Тек жіберген 

кемшіліктерің  мен  «əттеген-айларыңнан» 

сабақ  алып,  келешекте  қайталамауға 

тырысқаның  абзал.  Мен  саған  болашақта 

септігін  тигізер  бірқатар  ақыл-кеңестер 

айтқым  келеді.  Сен  –  бұл  мен,  яғни  біз,  не 

десекте, маған құлақ түр.

Өзіңнің  таңдауың  бойынша  білім  мен 

ғылымның  қарашаңырағы  əл-Фарабидің 

атындағы  Ұлттық  университетке  түстің. 

Біріншіден,  ірі  шаһардың  қызығымен 

студенттік  өмірдің  шыжығына  көп 

уақытыңды  сарп  етпегенің  жөн.  Мұндағы 

сенің  еншіңе  жүктелген  міндет  біреу  – 

оқуыңды жақсы оқып, ұлы хакім айтқандай, 

«дүниенің  кетігін  тауып,  кірпіш  болып 

қалану». 

Мақсаткерлікпен 

еңбектенуді 

алғашқы курстан бастасаң деймін. 

Екіншіден,  өзіңе  жақын  болуды  көздеген 

адамдардың барлығын дос тұт. Жеке пікірлері 

мен  түрлі  пендауи  жаратылыстарына 

қарамастан.  Көпшіліктің  дүниетанымдық 

көзқарастарының  өзгеруі  қиын.  Тағы  бір 

айтарым,  үзеңгілес  серік  таңдағанда  өте 

мұқият  бол.  Кемшілігің  мен  олқы  əрекетіңді 

бетке  айтпаған  жаннан  жақсы  жолдас 

шықпайтынына  жақын  уақыттарда  көзің 

анық жетеді. 

Үшіншіден,  сен  жəне  мен  ғана  білетін 

«махаббаттың»  биік  идеалын  курстастар 

ішінен, жолыңда кездескен қасы-көзі əдемі əр 

жан  қалқадан  табуға  тырысып,  өзіңнің  де, 

өзгенің де жүрегін ауыртпағайсың. 

Төртіншіден,  балаң  шақтан  көксеген 

көкейіңдегі  асыл  арманыңнан  айныма.  Абай 

атаңның:  «Өзіңе  сен,  өзіңді  алып  шығар. 

Еңбегің  мен  ақылың  екі  жақтап»  деген 

нақылын жадыңнан шығармағайсың...

«Уақыт  –  нашар  одақтас»  деген  екен 

Уинстон  Черчилль.  Алтынмен  өлшенер 

уақытты  тиімді  пайдалан.  Əсіресе,  қазіргі 

студенттік  шағыңда.  Əзірге  саған  айтарым 

осы».

Құрметпен, Өзің

2015 жылғы маусымның 8-і

БІЛІМДІ ҰРПАҚ –  

ЕЛ  МАҚТАНЫШЫ

КӨК

Көкке барам, көк мені көтереді,

Сол біледі маған шын не керегін. 

Қанат бітіп қабырға тұсына қос, 

Аспанымда келеді еркелегім. 

Шертер едім бұлттарды буырқанған, 

Жұлдыз теріп сөмкеме жуық маңнан. 

Жердегі шер жегідей мүжіп бітті, 

Білмейді дым жүйкені қуырғаннан. 

Төскей мені тербетіп аймалаған,

Көрінердей аспаннан айна ғалам. 

Қиындықсыз қозғалтып қанаттарын,

Не сиқырмен кептерге айнала алам?! 

Күн де тайды аспаннан, шеттеп кеткен, 

Немен болсын деген ой жетсем екен. 

Мақсатымнан бір қадам айнымаймын, 

Керек болса мінермін текпешекпен.

АНА ТІЛІ – ҰЛТЫМНЫҢ 

АЙНАСЫ

Анамның сүтімен бірге енген,

«Ана тілім» өзіңнен нəр алдым.

Байлығын ұлтымның жеткізген,

Қазағым тіліңнен айналдым.

 

Қазақша өлең жырларыңмен,



Балқыған күйлеріңді тыңдадым,

Шежіре жыр дастаныңды мен,

Ана тілінде оқығаныма ризамын.

Алланың нұрынан жаралдым,

Анамның сүтінен нəр алдым.

Бір сөзбен мың басты құлатқан,

Семсердей тіліңнен айналдым.

Алмастай тіліңе сүйсінем,

Бір сөзбен дау дамай шешілген.

Ардақтап ғасыр ана тілімді,

Ұлтымның айнасы  деп білем.

ТƏУЕЛСІЗ ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҚАҒАНАТЫ

Күлжамила ЖОЛДАСОВА,

ТарМПИ-дің профессоры,

физика-математика 

ғылымдарының кандидаты

ЗЕРДЕ

6

Институтта «ТарМПИ Көшбасшысы – Шеберлік мектебі» семинар-тренингтері өз мəресіне 

жетті.

№1 (90)

17 маусым, 2015  жыл

сəрсенбi  

Ақтоты 

РАЙЫМҚҰЛОВА,

Филология факультетінің 

3 курс студенті

Ордасы боп талай-талай қағанның,

Талай зұлмат дəуірлерден қалған мұң.

Қазақ елі атауы бағзы кезден,

Маңдайында жазулы тұр ғаламның.

Ғасырлардан жарып шыққан ғарышқа,

Шежіреміз мына біздің алыста.

Сақ, ғұндар мен шумерлердің шуылы,

О, адамзат барлығыңа таныс па?

Қынабынан асқақ арын суырған,

Кіндіктері кəнипаспен буылған.

Ұранынан үркіп қашқан жаулары,

Бұл жерлерде баһадүрлер туылған.

Шөгіп кеткен аналардың жасынан,

Балбал болған бабалардың басына.

Сан мыңжылдық тарих-таңба қашалған,

Бұл жерлердің тамыр біткен тасына.

СОЛ СЕН БЕ ЕДІҢ?

Дүниеде мөлдірлікке зəруміз,

Сосын... сосын аймалауға сағымды.

Соның бəрін тұла бойға дарытып,

Қайдан келдің қоңыр көзді ару қыз?!

Тілгілейтін кірпіктерің аспанды,

Шұғылалы əсем нұрды шашқан-ды.

Күн мен көктің құшағынан құлшынып,

Жұлдызға ұқсап жарқырап бір жас тамды...

Сол сен бе едің?

Сен болмасаң мына əлемнің бəрі мұң,

Əуені де келіспейді табиғаттың əнінің.

Сен қайдансың?Тəңірінің жүрегінің,

Лүпілінен жаралдың ба жарығым?! 

Келші, келші жайнайды Жер, айнала,

Екеумізді көріп тұр тек Ай бала.

Қауызына отырғызып ақ гүлдің,

Тербетейін жай ғана,

Тербетейін жай ғана...

Ақындар бар аузы атқан жыр жалын,

Жыршылары тұрғызатын бір дауыл.

Домбырасы шертіп халық қайғысын,

Қоңыр қобыз ескен əр кез мұң-зарын.

Қыраны ұшып емін-еркін көгінде,

Құрақ ұшып досы отырған төрінде.

Отаным деп оққа тосып кеудесін,

Мың арысы өтіп кеткен өмірден.

Туылғаннан естілген маған аты,

Осы жер бабалардың аманаты.

Тəуелсіз Республикам Қазақстан,

Тəуелсіз қазағымның қағанаты.

Отаным сенде шығар жарқ ете күн,

Сенде жатыр таулардың қарт етегі.

Отаным-сені ардақтап,тағзым етіп,

Өле-өлгенше қорғауға ант етемін!

Əлімжан БІРЖАН

Филология факультетінің

3 курс студенті

17 ЖАСЫМА ХАТ!

САБАҚТАСТЫҚ

СӨНБЕЙДІ ƏЖЕ ШЫРАҒЫҢ!

Қазақ отбасындағы əже орны ерекше əрі қадірлі. Əже – отбасының ғана емес, əулеттің де ұйытқысы, 

ағайын-абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы. Əже мен немере арасындағы туыстық 

байланыс өте нəзік əрі берік. Тарихта барлық рулы елге ана болып саналған Айпара əже, Домалақ ене, 

Зере, Айғаным секілді əжелердің бейнесі аңыз-əңгімелерде, əдеби шығармаларда үлгі тұтарлық болып 

сомдалған. Алдымен əже тəрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. 

Əженің алдын көрген балаға былайғы жұрт «тəрбиелі бала» деп баға береді. Менде сол ақылгөй əжемнің 

тəрбиесін  алдым.  Менiң  əжем  Шекер  Оңтүстік  Қазақстан  облысы,  Арыс  қаласы,  Шөгірлі  ауылында 

дүниеге келген. Анасы ерте қайтыс болып, əжем бауыры Əлібек екеуі жастайынан жетімдіктің ащы дəмін 

татқан. Бойжеткен соң нағашы атама тұрмысқа шығып, екі ұл мен бес қызды дүниеге əкеледі. Хат таны-

майтын əжем өз перзенттерінің барлығын Мəскеуге өзі апарып, жоғары білім алуына септеседі. Орыс 

тілін  ауылға  келген  орыстардан  үйренген  əжем,    Мəскеуге  сапарын  толғаныспен  айтып  беретін.  Мен 

сұраудан жалықпайтынмын. Кейде əжем: «Балам-ау, мен айта берсем бұл саған ертегі секiлдi көрiнер» – 

дейдi. Шынында да қазір сол əңгімелер мен үшін ертегі. Мен əжемнен артынан қалмай жүріп көп нəрсе 

үйрендім. Үй тіршілігінен бастап, сиыр, бие, түйе саууды жəне оларды баптауды, текемет басу, ірімшік, 

құрт жасауды, қазақтың ұлттық тағамдарын пісіруді, құрақ құрауды бəрін-бəрін əжемнен үйрендім. Əжем 

65 жас мерейтойында жанарына жас алып: «Əйел қырық шырақты, бір шырағы жанбаса, бір шырағы 

жанады. Жəне ол шырақтары төңірегіне жарық пен жылу, мейірім мен шарапат таратады. Міне, менің 

жанған шырағым сендерсіңдер! Балаларым, немерелерім, тіпті шөберемнің алды бүгін мені құттықтап 

келіп отыр!» деген еді. Бар өмірін жарына, балаларына, əулетіне арнаған əжем үшін бұл расымен де үлкен 

бақыт екенін жете түсіндім.     

            



Таңшолпан ЖҰХАТОВА,

Филология факультетінің студенті

                   БАЙҚАУ 

 

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР 

МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР» 

БАЙҚАУЫ МƏРЕГЕ ЖЕТТІ

ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ІС-

ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗУ ТИІМДІЛІГІ

ЖАҢАШЫЛ МҰҒАЛІМ – 

ЗАМАН ТАЛАБЫ

(Басы 1-бетте)

Сондай-ақ, 

ақпараттық-

коммуникативтік 

техно-

логияларды  кəсіби  қызметінде 



белсенді 

қолданып 

жүрген 

оқытушыларды  қолдау  жəне 



көтермелеу,  сапалы  сандық  оқу 

материалдарының 

қолжетімді 

базасын  құру,  бəсекеге  қабілетті 

ақпараттық-коммуникативтік  оқу 

ортасын  жасау,  педагогтардың 

электрондық 

білім 


беру 

технологияларын 

құрастыру 

мен  қолданудағы  практикалық 

тəжірибелерін көрсету. Байқаудың 

ерекшелігі  оған  барлық  буын 

өкілдерінің  атсалысуы,  кафедра 

меңгерушілері, 

факультет 

декандарының, 

құрылымдық 

бөлім  басшыларының  қатысуы 

болып отыр. Байқау «Үздік ашық 

сабақ», «Үздік ЭОҚ немесе пəннің 

сандық  контенті»,  «Инновациялы 

оқытушы»,  «Үздік  авторлық  оқу 

видеосы»,  «Үздік  флипчарт» 

номинациялары 

бойынша 

өткізілді. Аталған шара болашақта 

озық  педагогикалық  тəжірибені 

насихаттау 

жəне 

жинақтау, 



оқытушының 

шығармашылық 

əлеуетін 

арттыруға 

ықпал 

етеді  деп  күтілуде.  Институт 



профессор-оқытушы 

құрамын 


бəсекеге  қабілетті  ақпараттық 

білім  беру  ортасын  жасауға, 

инновациялық 

қызметке 

ынталандыру  мақсатында  қос 

Байқауда  жүлделі  орындарға  ие 

болған  оқытушыларды  1-орынға 

40000  теңгеден,  2-орынға  – 

30000  теңгеден,  3-орынға  – 

20000 


теңгеден 

сыйақымен 

марапатталды:

1. «Үздік ашық сабақ» номина-

циясы бойынша:

1-  орын  -  Қазақ  филологиясы 

кафедрасының  оқытушысы  Н.Н. 

Иманбекова;

2-орын  -  Музыкалық  білім 

кафедрасының  аға  оқытушысы 

М.К. Жантаева;

3-орын  -  Бастауыш  оқытудың 

педагогикасы  мен  əдістемесі 

кафедрасының  аға  оқытушысы 

Г.Т. Спаналиева;

3  -  орын  -  Шетел  тілдері 

кафедрасының  аға  оқытушысы 

О.Л. Черкасова.

2.  «Үздік  флипчарт»  номина-

циясы бойынша:

1-  орын  -  Практикалық  шетел 

тілдері кафедрасының оқытушысы 

Г.Бақытқызы;

2-орын  -  Практикалық  шетел 

тілдері 

кафедрасының 

аға 

оқытушысы Г.А.Тургунтаева;



3-орын  -  Психология  жəне 

акмеология 

кафедрасының 

доценті, п.ғ.к. А.Ш. Стыбаева.

3.  «Үздік  электрондық  оқу 

құралы  /  Пəннің  электрондық 

контенті» номинациясы бойынша:

1-орын  -  Жалпы  педагогика 

жəне  психология  кафедрасының 

профессоры, п.ғ.д.  

К.Ж.Бұзаубақова,  п.ғ.к.,  доцент  З. 

Қ.Қашқынбаева, аға оқытушы Ж. 

Н.Күмісбекова;

2-орын  -  Жалпы  педагогика 

жəне  психология  кафедрасының 

аға оқытушылары С.Ж. Бөпетаева, 

П.С.Алиева;

3-орын  -  Бастауыш  оқытудың 

педагогикасы  мен  əдістемесі 

кафедрасының  аға  оқытушысы 

Г.А. Мерщиева.

4.  «Инновациялы  оқытушы» 

номинациясы бойынша:

1-орын  –  Жалпы  педагогика 

жəне  психология  кафедрасының 

аға оқытушысы Ж.Н. Күмісбекова;

2-орын  –  Философия  жəне 

əлеуметтік-саяси  пəндер  кафедра-

сының оқытушысы Г. Мусабекова;

3-орын  -  Философия  жəне 

əлеуметтік - саяси пəндер кафедра-

сының доценті, ф.ғ.к. Г.Б. Нұрадин.

5. «Үздік авторлық бейнесабақ» 

номинациясы бойынша:

1- орын – берілген жоқ.

2-орын  -  Философия  жəне 

əлеуметтік - саяси    пəндер  кафед-

расының доценті, ф.ғ.к. Р.Е. Джун-

шеев;

3-орын  –  Практикалық  шетел 



тілдері 

кафедрасының 

аға 

оқытушысы Г.Е. Алиханова. 



Жоғары 

оқу 


орнының 

профессор - оқытушы құрамының 

10% 

пайызынан 



астамы 

инновациялық  құзырлылықтарын 

жоғары  деп  бағалап  Байқауға 

қатысуы  оқытушылардың  ақ-

параттық  -  коммуникативтік 

құзырлылықтарының жоғарылауы 

əрі 

педагогикалық 



институт 

профессор-оқытушы  құрамының 

білігі 

мен 


шығармашылық 

əлеуеті, 

ақпар-қатынастық  

құзырлылықтарының 

жоғары 

екенінің 



тағы 

бір 


дəлелі. 

Осы 


тақылеттес 

болашақта 

жоғары  оқу  орындарында  озық 

педагогикалық 

тəжірибені 

насихаттау 

жəне 

жинақтау, 



оқытушының 

шығармашылық 

əлеуетін  арттыруға  ықпал  етеді, 

педагогикалық 

идеялар 

мен 


инновациялық  тəжірибе  алмасу 

алаңына  айналады,  бəсекеге 

қабілетті  ақпараттық  білім  беру 

ортасын  жасауға,  профессор-

оқытушы құрамын инновациялық 

қызметке 

ынталандыратын 

болады деп күтеміз.

        Іс-шаралар  республикамызда  аталып  өтетін 

атаулы  күндерге,  елімізге  белгілі  тұлғалардың  өмірі 

мен шығармашылығына, өмірде болып жатқан өзекті 

мəселелерге байланысты жоспарланады. Қазіргі уақыт 

ағымына қарай көпшілік шаралар түрлері жағынан да 

сапасы жағынан да байып жатқаны ақиқат, сондықтан 

оқырмандар аудиториясының белсенділігін тудыратын 

іс-шараны  өткізудің  тиімді  түрлері  мен  əдістерін 

ұштастыра  отырып  өткізген  дұрыс  деп  есептеймін. 

Көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру      барысында  

ақпараттық-  коммуникациялық  технологияларды 

пайдалана  отырып,  оқырмандардың  білімін,  қабілет-

қарымын, ізденімпаздығын арттыруды басты назарға 

алуға  тиіспіз,  осы  орайда,  біздің  кітапханада  2013-

2014  оқу  жылынан  бастап  көпшілік  іс-шаралар 

жаңа  форматта  ұйымдастырылып  өткізілуде, 

атап  айтсақ,  флешбук,  библиогид,  библиофреш, 

ашық  сұхбат  алаңы,  кітапты  ұсыну  акциялары, 

буккроссинг,  интернет-оқылым,  оқу  мерекесі,  кітап 

мерекесі, кітап премьерасы,  дивертисмент кеші, оқу 

марафоны  жəне  т.б.  Акция  –  белгілі  бір  жетістікке 

жету  мақсатында  ұйымдасқан  түрде  өткізілетін  іс-

шара,  өткізбес  бұрын  мақсатын,  маңыздылығын 

жəне  қандай  шеңберде  өткізілу  қажеттігін  анықтап 

алу  керек.  Кітап  премьерасы  немесе  флешбук    – 

цитат, сурет жəне басқа кітап туралы ақпарат арқылы 

қызықты  бір  кітапқа  тұсаукесер  өткізу.  Мысалы, 

жазушы  Зейнеп  Ахметованың  «Бабалар  аманаты» 

кітабына  кітапханаға  жаңадан  алған  кезде  кітап 

премьерасы  өткізілді.  Ашық  сұхбат  алаңы  –  кез-

келген  жерде белгілі бір тақырыпта еркін пікір алмасу 

түрінде  өткізіледі.  Библиофреш  –  жаңа  кітаптарға 

библиографиялық шолу жасау. Оқу залдарында жаңа 

түскен кітаптарға тұрақты кітап көрмесі жасалынған, 

кітаптар  жаңарған  сайын  библиографиялық  шолу 

жасалынып  тұрады.  Дивертисмент  кеші    –  текстік 

материал  мен  концерттік  нөмірлер  алмасып 

өткізіледі.  Шок-урок  –  өте  өзекті  мəселелерге 

арналған  тақырыптарда  видеослайд,  видеофильм 

көрсету  арқылы  түсіндіріліп  өткізіледі.  Биылғы  оқу 

жылының  қараша  айының  соңында  «Бəріміз  бірге 

СПИД-ті  жеңеміз!»  тақырыбында  қаланың  емхана, 

ауруханаларынан  дəрігер  мамандардың  қатысуымен 

шок-урок  өткізілді.  Библиогид  –  жаңа  түскен 

əдебиеттерге  немесе  белгілі  бір  тақырып  бойынша 

ақпараттық  шолу  жасау.  Поэтикалық  марафон  – 

шағын алаңда белгілі бір ақынның поэзиясын бірнеше 

оқырманның    кезектесіп  мəнерлеп  оқып  шығуы. 

Оқу  жылының  ІІ-ші  жартыжылдығында  ақын, 

Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Əлінің 

туғанына  80  жыл,  жазушы  Ілияс  Есенберлиннің 

туғанына  100  жылдығына  байланысты  іс-шаралар 

өткізу жəне Елбасының қараша айындағы  Қазақстан 

халқына  арнаған  Жолдауында  «2015  жыл  –  ұлттық 

тарихымызды  ұлықтау  жəне  бүгінгі  биіктерімізді 

бағалау  тұрғысынан  мерейлі  белестер  жылы.  Қазақ 

хандығының  550  жылдығын,  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, 

Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз» делінген. Осы 

айтулы  күндерге байланысты жыл бойы іс-шаралар 

өткізу  жоспарланған.  Осы  өткізілген  іс-шараларға 

міндетті  түрде  кітап  көрмесі  ұйымдастырылады. 

Кітапхана  сайтында  оқырмандарға  ақпар  беру  мен 

ұсыну  сервисін  жетілдіру  бағытында  «Виртуалды 

көрмелер»,  «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша жаңа 

интернет-сервис түрі енгізілген. Барлық оқу залдары 

мен  абонементтер  дəстүрлі  кітап  көрмесімен  бірге 

виртуалды  кітап  көрмесін  жасап  кітапхана  сайтына 

енгізіп отырады.. Кітапханада жыл сайын «Бір ел – бір 

кітап» акциясын өткізу дəстүрге айналған. Мұндай игі 

іс-шаралар əрі қарай жалғасын  таба бермек.


Каталог: download
download -> №3 (03) 30 қараша, 2015 жыл
download -> ӘБ жұмысының 2015-2016 оқу жылының талдау нәтижелері
download -> Вестник пгу №1, 2010 106 Түйіндеме
download -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
download -> А. Әшімбаев Әбілхан қастеев шығармашылығы арқылы білімгерлердің
download -> Семинар-тренинг 3-4 октября 2014 года в Таразском государствен ном педагогическом институте был проведен семи
download -> Вестник пгу №4, 2010 134 Түйіндеме Доцент Нұрманова Ж. К. мақаласы «Компаративистиканың ғылыми өрісінде қазақ әдебиеті мен кинематографының шектесуі»
download -> Көгінен нұрын шашып, гүлдері бүршік ж ары п, ба ғы нд а бұлбұлы сайр а ға н
download -> Сабақтар "Қазақ хандығының құрылуы" "Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды "
download -> М. тынышбаев және 1916 жылғЫ Ұлт-азаттық КӨтеріліс с. К. Тулбасиева


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет