Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



жүктеу 2.6 Mb.
Pdf просмотр
бет13/24
Дата15.03.2017
өлшемі2.6 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24

Әдебиеттер
1.
 
Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. М.Балақаев. –А,1989. 
2.
 
Қазақ тілінің мәдениеті. (оқулық) М.Балақаев, М.Серғалиев. –А,2006. 
3.
 
Сӛйлеу мәдениеті және шешендік ӛнер. Б.Қалимұқашева. –А,2010. 
4.
 
Дарындылықтың жұмбағы. Б.Ғалымжанұлы. №1,2014 - ―ҚМӘ‖. 
5.
 
Жаңа  технология  негізінде  оқытудың  тиімді  жолдары.  Ә.Абсатова,  №3,2014  - 
―ҚМӘ‖. 
6.
 
Жаңа технология элементтері. Р.Ӛтеулиева. №7 ―ҚМӘ‖. 
7.
 
Шешенге қойлытын талаптар. Қ.Баяхметова. -№2,2013 - ―ҚМӘ‖. 
8.
 
Дарынды оқушыны дамыту -ұстаз парызы. Ә.Ниеталықызы. №2, 2013 - ―ҚМӘ. 
9.
 
Ата-ана тәрбиесі. М.Керімбеков. -Тараз қ, 1992 
10.
 
Ата тәрбиесі. М. Керімбеков.-Түркістан қ, 1998 
 
Аннотация. В данной статье рассматривается обучения культуры разгавора и 
грамматика учеников начальных классов. 

108 
 
       Annotation.
 In this article examined educating of culture of разгавора and grammar of students of 
initial classes.
 
 
 
 
37.01 
К 32 
 
ПЕДАГОГ – ҒАЛЫМ ТӚЛЕУ КЕНЖЕБАЕВҚА 
АРНАЛҒАН ДӘРІСХАНА 
 
Керімбеков М. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Педагогика  ғылымының  докторы,  профессор,  Жаратылыстану  ғылымдары 
Академиясының  академигі  Тӛлеу  Кенжебаев  –  физиканы  оқыту  әдістемесі  мамандығы 
бойынша  (30.00.02)  Қазақстанның  тұңғыш  педагогика  ғылымдарының  докторы. 
Т.Кенжебаев 1941 жылы 17 сәуірде Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Ленин ауылында 
(бұрынғы атауы), ӛмірге келген. 
Оның ӛмір жолы Кеңес Одағының заманында басталды. 
1958  жылы  Жамбыл  қаласындағы  С.М.Киров  атындағы  орта  мектепті  бітіргеннен 
кейін,  Н.К.Крупская  атындағы  Шымкент  мемлекеттік  педагогикалық  институтының 
физика-математика  факультетіне  оқуға  түсті.  Онда  қазіргі  педагогика  ғылымының 
докторы Қ.Бӛлеевпен бірге оқып, институтты ойдағыдай бітіреді. 
1963 жылы институтты бітіргеннен кейін, орта мектепте екі жыл жұмыс істеп, білімін 
жалғастыру  мақсатында,  1965  жылы  Қазақ  су  шаруашылығы  ғылыми  –  зерттеу 
институтына  кіші  ғылыми  қызметкер  ретінде  қабылданды.  Сол  жылы  Кеңес  Армиясы 
қатарында бір жылдық офицерлік әскери борышын ӛтеп, аман – есен елге оралды. 
Елге оралған жас маман, ғылыми жұмысын жалғастыру мақсатында Жамбыл жеңіл 
және  тамақ  ӛнеркәсібі  технологиялық  институтында  –  ассистент,  аға  оқытушы,  доцент 
қызметтерін атқарды. 
1971  –  1973  жылдары  Абай  атындағы  Қазақ  педагогикалық  институтының 
аспирантурасын  мерзімінен  бұрын  аяқтап,  13.00.02  –  мамандығы  бойынша 
―Кинотехникалық  мамандықтарға  білім  алушылардың  қызығушылығын  қалыптастыру 
мәселелері‖ тақырыбында  Ресейдегі Челябинск қаласында, кандидаттық диссертациясын 
(орыс тілінде) ойдағыдай қорғады. 
Кӛп  қиындықтардан  ӛткен  ғалым  жолы  біртіндеп,ғылымның  даңғыл  жолына  түсті. 
1979-1988  жылдары  Жамбыл  жеңіл  және  тамақ  ӛнеркәсібі  технологиялық  институтында 
физика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Ал 1988-1998 жылдар аралығында 
тігін, технология факультетінің деканы қызметін атқарды. 
1992  жылы  ―Жалпы  физика  курсын  оқу  үрдісінің  тиімділігін  арттырудың 
педагогикалық  негіздері  ‖  тақырыбында  (13.00.02)  докторлық  диссертациясын  Мәскеу 
қаласында, орыс тілінде ойдағыдай қорғап шықты. 
Ғылымының  даңғыл  жолын  Челябинск,  Мәскеу  қалаларынан  бастаған  ғалым  жолы 
республика  кӛлемінде  белгілі  бола  бастады.  1994  жылы  ―Физика  профессоры‖  деген 
ғылыми  атаққа  ие  болды.  1995  жылы  Жаратылыстану  ғылыми  академиясының  толық 
мүшелігіне сайланды. 
 
 

109 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Білім  жолын  институттан  бастаған  ғалым  –  профессор  1998-2003  жылдары 
М.Х.Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік  университетінде  ―Педагогика‖  кафедрасын 
басқарып, 2003-2006 жылдары педагогика факультетінің деканы қызметін атқарды. 
Соңғы  жылдары  2006  жылдан  бастап,  ӛмірінің  соңына  дейін,Тараз  ―Аймақтық 
педагог  кадрларды  қайта  даярлау  және  біліктілігін  кӛтеру  Орталығының‖  директоры 
қызметін  атқарды.  Бұл  қызметін  Қызылорда,  Түркістан,  Шымкент,  Тараз  қаласындағы 
жоғарғы  оқу  орындары  ұстаздарының  біліктілігін  арттыру  мақсатында  кӛптеген 
жұмыстарды іске асырып, ӛзінің іскерлігін байқатты.―Ар-Ай‖ газетінде 2012ж) ―Ұстаздар 
мектебі‖  деген  тақырыппен,  педагог  кадрлардың  біліктілігін  кӛтеру  және  қайта 
даярлаудың  аймақтық  Орталығының  жұмыстары  кӛрсетілген.  Бұл  мақалада  ТарМПИ 
жанындағы  педагог  кадрлардың  аймақтық  Орталығының  соңғы  жылдардағы  біліктілігін 
кӛтеру және қайта даярлаудың мақсаты мен міндеттеріне тоқталған. 
Профессор Т.Кенжебаев туралы ―Высшая школа Казахстана‖ ғылыми журналы мен 
―Советская Россия‖ газетінде кеңінен жазылған. 
Ғалым ретінде, бүкілодақтық семинарлар кеңесіне, Мәскеу қаласындағы 1980, 1984 
,1988  жылдары  ӛткен  жиындарға  қатысып,  ӛз  тәжірибесі  туралы  кеңесті.  Ол  ғылымның 
биік  шыңына  шығып,  Қазақстан  Республикасында  ӛтілген  17  халықаралық 
конференцияларға  қатысып,  ғылыми  баяндамалар  оқыды.  Оның  Қазақстанда,  Ресейде, 
Қырғыстанда және Оңтүстік Кореяда жарияланған мақалалары 200-ден асады. Профессор 
Т.Кенжебаевтың жетекшілігімен 6 аспирант – кандидаттық диссертациясын, 2 ізденуші – 
докторлық  диссертациясын  қорғап  шықты,  5  докторлық,  17  кандидаттық  диссертацияға 
ресми оппонент болып, оларды ғылымның биік шыңына шығарды. 

110 
 
 
Жұмыс барысында институттың ―Құрмет грамотасымен‖ 5 рет марапатталса, 14 рет 
ректордың алғысы жарияланған.  
Педагогика  ғылымдарының  докторы,  профессор,  Жаратылыстану  ғылымдары 
Академиясының  академигі  Тӛлеу  Кенжебаевтың  кӛп  жылғы  ғылым  саласындағы 
еңбектреі  ескеріліп,  Тараз  мемлекеттік  педагогикалық  институтында,  ғалым  есімін  есте 
қалдыру мақсатында ―Профессор Т.Кенжебаев атындағы дәрісхананы‖ (5 корпус, 403 
аудиторияда)  
институт 
ректоры 

тарих 
ғылымының 
докторы, 
профессор 
Д.П.Қожамжарованың  қатысуымен,  салтанатты  түрде  ашылды.  Жиынға  ғалымның 
ағайын  –  туыстары,  ғалым  достары,  шәкірттері  қатысып,  ғалым  туралы  ойларын  ортаға 
салды. 
 

111 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Профессор Т.Кенжебаев атындағы дәрісханаға (№403 аудитория) елуден астам ғалым 
– профессорлар, ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары, магистрлер мен  институт 
басшыларының ғалым туралы зиялы сӛздері, қатысып отырғандардың кӛңіліне әсер етті. 
Ғалымның  ӛнегелі  ӛмір  жолы  интерактивтік  тақта  арқылы,  түсірілген  слаидтар 
кӛрсетілді.  Аудиториядағы  жасалынған  стенділердегі  ғалым    ӛмірінің  әр  кезеңдері 
кӛпшіліктің назарын ерекше аударды: 
-
 
Ғылым жолындағы кезеңдері; 
-
 
Ғылым жолындағы еңбектері; 
-
 
Ғылым жолындағы жетістіктері; 
-
 
Ғалымның ғылым жолындағы марапаттары; 
-
 
Ӛнегелі ӛмір жолы; 
-
 
Отбасымен бірге, - деген тақырыптағы стенділер  
кӛпшіліктің  назарын  бірден  ӛзіне  аударды.  Дәрісхананы  жинақтап,  жабдықтаған 
―Педагогика  және  бастауышты  оқытудың  әдістемесі‖  кафедрасының  меңгерушісі, 
педагогика  ғылымдарының  кандидаты,  доцент  Ә.Т.Кенжебаева  кӛп  істерді  тындырған. 
Аудиторияның  артқы  жағындағы  стендіде  ғалымның  ұлағатты  сӛзі  жазылған.  Онда:  
―Қазіргі  заман  талабына  сай  ойшыл,  ғылыми  –  әдістемелік  біліммен  терең  қаруланған, 
педагогика  мен  психологияны  жетік  меңгерген  мұғалім  қажет‖  –  деген  ғалым  сӛзі 
берілген. 
Аудиториядағы  интерактивтік  тақтаның  жоғарғы  жағында  ғалымның:  ―Мен, 
ұстазбын  –  ӛзімнің  әр  студент  үшін  жауапты  екенімді  сезінемін‖  –  деген  эпиграфқа 
айналған ұлағатты сӛзі жазылған. 
 
 

112 
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Физика курсы. Кенжебаев Т.К. –А, 2010ж. 
2.
 
Орта  мектептегі  дәстүрлі  емес  физика  сабактары.  Кенжебаев  Т.К.  Бұзаубақова 
К.Ж. –А, 2002ж. 
3.
 
Мектептің  оқу-тәрбие  үрдісіне  инновациялық  технологияларды  ендіру.  –А, 
2004ж. 
 
Аннотация. В данной статье рассматривается жизнь и достижения в научной сфере 
ученого Толеу Кенжебаева.  
Annotation.In this article life and achievements are examined in thescientific sphere of scie
ntist of  Toleu Кenzhеbаеvа. 
 
 
 
УДК  398942/48    
 
 
ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА ТОПТЫҚ ЖҦМЫС АРҚЫЛЫ  
БІЛІМГЕРЛЕРДІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ 
 
Маханова Б.Д., Тағашбаева Л.А. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Қазіргі  таңда  білім    берудің  негізгі  талаптарының  бірі  білімді    үздіксіз  жетілдіру  
және оқыту үрдісін интенсивтендіру болып табылады. Мұның негізі   терең және жоғары 
мәдениетті, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін игерген азаматтарды тәрбиелеумен 
тығыз  байланысты.  Мектеп  тек  белгілі  бір  білім    қорына  ие  азаматты  тәрбиелеп  қана 
қоймай,  еңбек  сүйгіш,  білім  негіздерін  терең  меңгерген  зиятты  азаматты  зиятты  
тәрбиелеп  шығаруы  тиіс  деп  ойлаймыз.  Мұның  барлығы  білім    беру  мен  тәрбиелеудің 
сапасын    кӛтеруді,  әрбір  пәнді  оқытудың  ғылыми  деңгейін  жоғарылатуды  талап  етеді.                                   
Әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатында еліміздің білім  беру жүйесіне қазіргі кезде 
кӛптеген  ӛзгерістер  жүруде.  Осыған  орай  еліміздің  мектептерінде  оқу  үрдісіне 
инновациялық  педагогикалық  технологияларды  енгізу    белсенді    түрде  қолға  алынып 
жатыр.  Жеке  түлғаның  қалыптасуын  қамтамасыз  ететін  деңгейлеп  саралап  оқыту,  сын 
тұрғысынан  ойлау,  ақпаратты-коммуникациялы  оқыту,  жобалап  оқыту,  коммуникативті 
оқыту, модульді оқыту технологияларының негізгі қағидалары- балаға ізгілік тұрғысынан 
қарау, оның ӛз бетімен білім алуына ықпал ету, қоғамдық-саяси ӛмірге белсене араласуға 
қабілетті, ӛзіндік пікірін анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру, баланың 
танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Елімізде  қолданылып 
жүрген  технологиялар  қатарында  ағылшын  тілін  оқытуда  коммуникативті  оқыту 
технологиясы маңызы зор. Қоғам  талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген 
ортақ міндет- тілді коммуникативті бағытта үйрету. 
               Қоғамымыздың  қазіргі  даму  кезеңі    білім  беру  жүйесінің  алдына  оқыту 
үрдісін технологиялар арқылы дамытудың қажеттілігін нагізгі мақсат етіп қойып тұрғаны 
анық.  Жаңа  педагогикалық  технологияларды  күнделікті  сабақ  барысында  пайдалану  – 
ХХІ ғасыр талабы болғандықтан, мұғалімнің мақсатына, мүддесіне сай, ӛзінің шеберлігіне 
орай  оқыту  формалары  мен  модульдерін  таңдауға  мүмкіншілік  жаратылған.  Сонымен 
қатар,  оқытудың  әр  түрлі  технологиялары  жасалып,  мектептердің  тәжірибесіне  енуде. 
Жаңа әдістерді оқушының  зияткерлік,   іздемпаздық, адамгершілік, рухани тағы басқа да 
адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізетіні сӛзсіз 
Шетел  тілін  оқыту  әдістемесі  әрдайым  толықтырылуы,  дамытылуы  тиіс  деп,  Ел 
президентінің 2011 жылғы жолдауында кӛрсетілгендей қазіргі шәкірттеріміз ертеңгі   күні 
әлем  кеңістігіне еркін ену үшін білім беру жүйесі халықаралық деңгейге  кӛтерілуі керек. 

113 
 
Осы  мәселені  жүзеге  асыру  мақсатында  республикамызда  білім  берудің  жаңа  жүйесі 
жасалып  және  әлемдік  білім  берудің  кеңістігіне  бағыт  алып,  12  жылдық  білім  беру 
жүйесіне  кӛшу  қолға  алынуда.  Мектептерде  «2  сыныптан  ағылшын  тілін  үйрету» 
эксперимент- сынақтар ӛткізілуде. Сондықтан да ағылшын тілі мұғалімдеріне қойылатын 
талаптар  ауқымы  үлкен.Болашақ  шетел  тілі  мұғалімінің  І  курстан  бастап  даярлығын 
қамтамасыз етудің негізі –болашақ маманның зиялы, интеллект ретінде және сезімтал жан 
болуы үшін , оның  шығармашылық қабілеттерінің дамуына кӛмектесу болып табылады. 
Шетел тілі – үлкен тәрбиелік диапазон. Ол оқушылардың жан дүниесін байытады, ой 
-  ӛрісін  кеңейтеді,  кӛркемдік  талғамын  кеңейтеді,  кӛркемдік  талғамын  тәрбиелейді, 
халықаралық  достыққа,  мәдениетке  тәрбиелейді.  Оқудың  алғашқы  кезіңде  оқушы  тілдік 
материалды  жеңіл  меңгеріп  кетуі  мүмкін,  ол  бара-  бара  материалдың   күрделенуіне 
байланысты  оқушы  әртүрлі  қиыншылықтарға  кездеседі.  Ал  бұған  мұғалімдер  кезінде 
кӛмек жасай алмайды. Демек оқушы тілдің түрлі құбылыстарын меңгеру ӛте қиын деген 
ойға келеді. Мұндай қиыншылықтан тек сабақта түрлі оқыту әдістерін пайдалану арқылы 
шыгып кетуге болады. 
Қазақстанның  білім  беру  саласындағы  ӛзгерістер  ағылшын  тілін  үйретуде  де  жаңа 
әдістемелерді  қажет  етеді.  Ең  бастысы  сабақ  жүргізудің  парадигмасы  (  сабақтың  ӛту 
құрылымы)  ӛзгерді.  Ең  басты  ӛзгеріс  тілді  үйрету  ғана  емес,  ол  тілді  жетік  меңгеріп, 
қарымӛ қатынас құралы ретінде  пайдалана білу, оның коммуникативтік құзіреттілігінде. 
Ол  үшін  мұғалім  жаңа  әдістерді  пайдаланып,  ӛз  іс-  әрекетіне  ӛзіндік  талдау  жасап, 
шығармашылық қабілетін жетілдіре отырып, ӛз білімін жетілдірумен айналысуы керек.  
Коммуникативтік оқыту  технологиясының мақсаты: шет тілінде пікір алысуды пікір 
алысу  арқылы  үйрету,  оқушылардың  ӛз  ойларын  еркін  жеткізуі  мен  ӛзара  тіл  табысып, 
сӛйлеуді  дамытуы.  Коммуникативті  оқыту  технологиясы  дегеніміз  пікір  алысуға 
негізделген  әдіс.  Коммуникативтік  –  оқыту  процесінің  тілдік  бағытын  білдіреді,  ол  тіл 
дамыту  жұмыстарының  бір  түрі.  Тіл  -  қарым  -  қатынас  құралы.  Тіл  игеру  арқылы  адам 
айналасындағы  дүниені  таниды,  басқалармен  қарым  -  қатынасқа  түсе  отырып  оның  ой 
ӛрісі кеңейеді. Ағылшын тілін үйретудегі негізгі әдістемелік бағыттар- оқу үрдісі оңайдан 
қиынға қарай бағытталған, тілдік материалдар күнделікті ӛмір шындығынан алынған және 
оқу  процесінде  әбден  шыңдалып,  ӛңделген.  Коммуникативті  оқытуда  білім  беру- 
оқушының  ӛзін  ауызша  (  тыңдап  түсіну,  сӛйлеу)  және  коммуникацияға(оқу  және 
жазбаша)  тарту,  яғни  оқылып  жатқан  тілде  бүкіл  курс  бойынша  қарым-қатынасын 
қалыптастыру.      Коммуникативтік әдіс ағылшын тілін оқытудағы оқу тәрбие үрдісінің 
барлық  мақсат-міндеттерін  қамтиды.  Басты  кӛңіл  бӛлінетін  нәрсе  ол  сӛйлеу  және  оқу. 
Оқушылар  сӛйлеу  мен  оқуды  меңгергеннен  кейін  жазуды  үйренеді.  Сӛйлеу  мен  оқу 
арқылы  дұрыс  нәтижеге  жеткен  оқушы  ӛз  ортасында  ағылшынша  еркін  сӛйлеп  ,  тілді 
қатынас қүралы ретінде пайдаланады. Коммуникативті  технологияны пайдалана отырып 
сабақ жүргізгенде жұптық, топтық жұмыстардың, ойынның, әннің, жобалау жұмысының 
маңызы  зор.              Жұптық  жұмыс  барысында  рӛлдік  ойындардың  берері  кӛп:  басынан 
бастап  сӛйлеу  ретінде  жүргізілуі  –  тілдік  серіктестің  шынайы  болуы-  ӛздері  ықылас 
білдіріп ӛз еркімен сӛйлесуі.        Топтық жұмыс кезінде:  - оқушылар ӛзара пікір алысып, 
сӛйлеу  қабілеті  артады  –  топ  мүшелері  арасында  қарым-қатынас  күшейіп,  ұжым  құруға 
септігін тигізеді- ӛзгенің де, ӛзінің де ісін объективті бағалауды үйренеді- білімгерлердің 
іскерлік  қабілеті  артады.  Білімгердің  сӛйлеу  іскерлігін  дамыту  үшін  салыстыра  отырып 
әңгімелесу,  мәтін  бойынша  ӛз  ойын  ортаға  салу,  пікір  алмасу,проблемалық  сұрақтарды 
талдау,  логикалық  ой  тұжырымын  дамыта  отырып  сӛйлеу,  түйіндеу,  ситуацияға 
байланысты  сӛйлеу,  ойындар  арқылы  сӛйлеу,  сұраққа  жауап  беру,  қорытындылау,  ӛз 
пікірін айту сияқты сӛйлеудің түрлерін қолдануға болады.  
Ағылшын  тілін  оқыту  технологияларын  қолдану  арқылы  студенттер  білімінің 
сапасын  кӛтеру  үдерісі -  оқыту  технологияларының  сапасын,  студенттердің  сол 
технология бойынша ағылшын тілінен алған білімінің сапасын, ағылшын тілін үйретуші 
оқытушылардың шығармашылық жұмысының сапасын, ағылшын тілін үйрету әдістерінің 

114 
 
сапасын  танытатын,  анықтайтын  ерекше   дидактикалық  үдеріс.  Ағылшын  тілін  оқыту 
технологиясының  сапасы   оның  қол  жеткізілетін  түпкі  нәтижесі  арқылы  ӛлшенеді. 
Студенттер тәжірибе жинақтау барысында кәсіби санасы жетіліп, елжандылық рухы, сана-
сезімі  жетіліп,  даралық  қабілеттері  де  даму  үстінде  болады.  Ағылшын  тілін  оқыту 
технологиясының  сапасы   оның  қол  жеткізілетін  түпкі  нәтижесі  арқылы  ӛлшенеді. 
Педагогикалық технологиялар арқылы    ағылшын тілі пәнін меңгертуде мынадай түйінді 
мәселелер ӛз шешімін табады: 
−  ағылшын  тілін  үйренуші  студенттің  тілді  тереңірек  танып-білуіне,  ӛз  ойын 
ағылшын тілінде еркін білдіруге қажетті дағдыларды игеруіне оң ықпал етеді; 
− ағылшын тілінің практикалық бағытына басымдылық берілетіндіктен,   студенттің 
білімді ӛмірде қолданудың маңызы жайында түсінігі дамиды; 
− студенттің танымдық қабілеті мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады; 
− студенттер проблемаларды ынтымақтастықта шешу қажеттілігін түсінеді.  
Оқытудың    топтық  формасы -  оқу сабақтарын ұйымдастырудың  бір  формасы, 
мұнда сынып құрамы жұмыс істеу үшін типологиялық топтарға, бригадаларға, звеноларға 
бӛлінеді. 
Оқу іс-әрекетін басқарудың 
бұл 
формасы мұғалімнің жоғары 
ұстаздық 
шеберлігін талап етеді.  Ол  топтарға  беретін  тапсырманы  анықтап,  оқу  іс-
әрекетін бақылауды қамтамасыз етуі керек. 
Топтық жұмыс тобын құру тілдік тұлғаның шығармашылық белсенділігін тудыруға 
және  топ  мүшелерінің  ӛзара  ынтымақтастықта  жұмыс  істеуіне  мүмкіндік  береді, 
проблемалық тақырыптың мазмұнын ашу, пікірталасқа түсу, ӛзіндік ойларын дәлелдеуде 
мұндай  оқу  ынтымақтастығын  тудыратын  топтық  жұмыстардың  мүмкіндіктері  мен 
тиімділігі мол. Атап айтқанда: 
Бір мезгілде бірлікте жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 
Бір мезгілде бірлікте және жеке даралық жұмыс істеуге бағыттайды. 
Пікірталас тудыратын қарым-қатынасқа түсу мүмкіндіктеріне ие болады 
Топта жұмыс істеп дағдыланған оқушы ӛзін  - ӛзі тексеруге мүмкіншілігі болады. Ӛз 
бетімен  атқаратын  жұмыс  түрлері  арқылы  оқушыларды  бір-бірінің  жетістіктері  мен 
кемшіліктерін байқау, салыстыру, қорытындылау дағдыларына, бірте- бірте ойын жүйелі 
айта  білуге,  ӛз  қатесін  тексеріп  байқауға,  оқу  құралдары  мен  сӛздіктер  қолдана  білуге 
дағдыланады. 
Сабақтың  ұқыпты,  айқын,  дұрыс  ұйымдастырылуы,  білімгерлер  алдындағы 
тақырыптың дұрыс таңдап алынуы білімдік және тәрбиелік мақсаттармен қатар сабақтың 
нақты  тапсырмаларын  ұтымды  жүргізіп  пайдалануына  әсер  етеді.  Бұл  талаптар  сабақ 
жоспары  мен  тақырыптық  жоспардың  жүйелі  жасалынуына  байланысты.Әрине  оқу-
тәрбие жұмысындағы нәтижеліктің басты белгілері мұғалімнің жеке басының білімділігі, 
шеберлігі, ӛмір танымы, ӛз пәніне шәкірттерін иландырып қызықтыра білуінде. 
Ал  студенттің  тұлғалық  мәдениетінің  бір  арнасын  олардың  тілді  білу  деңгейі 
құрайтындықтан, бұл пәнді  оқытуда инновациялық технологияларды тиімді  қолданудың 
жолдарын  айқындау  мәселесін  шешу  айрықша  мәнге  ие.  Кез  келген  технология  білім 
берудің  мақсатынан  бастап  оның  түпкі  нәтижесіне  дейінгі  аралықтағы  оқытудың 
әдістемелік жүйесіне енетін барлық компоненттің біртұтас ортақ мүддеге бірлесе қызмет 
етуінің тиянақталған жолы болып саналады. Әрбір сабақта топтық жұмыс арқылы бірлесе 
әрекеттенген тиімді. Бұл ұстанымбілімнің басты идеяларының бірі. Осы бағытты ұстанған 
оқу жобаларының барлығы да бірлескен әрекеттерді үйренудің негізі деп таниды. Шағын 
топтық жұмыстар үйренушілерде бірлік, бірегейлік сезімдер қалыптастырып, сол арқылы 
ӛздерінің ұжымға тікелей қатысы бар екендігін аңғартады.  
Қорыта айтқанда, білікті ұстаз ӛз сабағына оқушыларды тегіс қатыстыра алады. Егер 
сабағын білімгерлердің қызығушылығы арттыратындай етіп құрастырса,оның оқуға деген 
ынтасы  пайда  болады,  әр  сабаққа  білімгер  ӛз  қалауымен  барады.  Бұның  бәрі  тек  біздің 
ӛзіміздің  қолымызда  және  балаларды  қолдап,  мадақтап  отыру  қажет.  «Оқушы-

115 
 
толтыратын құмыра емес, тұтататын алау»,  —  деп Д.Ховард айтқандай,  шәкірттерімізге 
сапалы білім беру-біздің міндетіміз. 
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
 1.Иманқұлова  С.  «Жаңаша  оқыту  әдістемесі»,  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық 
университетінің хабаршысы, Филология сериясы, 97-98 беттер, №1, 2006 ж.. 
2.  М.  С.  Сақтағанова,  Н.  Қ.  Алиева,  Н.  Қ.  Айтбаева  «Ағылшын  тілін  оқытудың 
әдістері», Білім, 43-бет, №3, 2006 ж.. 
3.А.Әлімов. 
Интербелсенді 
әдістерді 
жоғарғы 
оқу 
орындарында 
қолдану.Алматы,2009ж. 
 
Аннотация.  Эффективность  групповой  работы  на  занятиях  английского  языка 
рассматривается в данной статье.  
Annotation. The effective ways of group work is considered in this article. 
 
 
 
ӘОЖ 821.512. 
122:929.52:970.24 
 
МЕМУАР – БІЗДІҢ ӘДЕБИЕТТЕ КЕНЖЕ  
ҚАЛҒАН ЖАНР 
 
Несипбергенова Ә., Кӛпбаева М. 
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ. 
Қоғамдық, әлеуметтік ӛмір барысында адамдар қатынасындағы не бір қайшылықтар 
мен  күрес-тартыстың  қайнар  кӛзі  де,  құяр  арнасын  қазақ  әдебиетіндегі  мемуарлық 
туындылардың  қай-қайсынан  болмасын  айқын  кӛруге  болады.  Мемуарлық  туындыда 
суреткер  роман,  повестердегідей  шығарма  сюжетін  әр  тараптан  ӛрбітіп,  үлкен  арнаға 
құйып  отыруға  мүмкіндігі  келе  бермейді.  Суреттелетін  оқиғаға  жазушының  ӛз  басы 
тікелей,  я  жанама  түрде  болса  да  қатысты  болғандықтан,  шығарманың  сюжеттік  желісі 
автордың  дүниетанымы  мен  кӛрген-түйгендеріне  негізделеді.  Осыған  орай  мемуарлық 
шығармаларда  документальды  фактіге  сүйену,  дәлелдеу  жиі  орын  алады  да, 
суреттемелерден  кӛрі,  баяндау  тәсілі  басымдау  болып  келеді.  Ӛмірді  терең  бағалаған 
жазушы ел туралы, ауыл салты, халық дәстүрі жайында да әр алуан оқиғаның куәсі болып 
отырады  да,  оқушыға  нені  құптатып,  неден  безіндірмек  болғанын  шығармада  ашық 
айтады.   
Әдебиет  сүйгіш  қауымды  толғантатын  теориялық  сауалдардың  бірі  –  мемуар  мен 
естеліктің  айырмашылығы  қандай  деген  мәселе.  Жанр  табиғатын  толық  түсіне 
алмаушылықтың  салдарынан  кейде  осы  екі  жанрдың  ара  парқын  нақты  ажырата  алмай 
қалатын  жағдайлар  кездеседі.Жанр  табиғатын  анықтауда  оны  жіктеп  берудің  маңызды 
мәселе болып табылатындығы осында. 
Мемуар – кӛркем әдебиеттің, соның ішінде проза жанрының бір түрі. Ал естелік пен 
деректі  ғұмырбаяндық  туынды  болса,  әдебиеттен  гӛрі  журналистикаға    жақын  болып 
келетін, соның сипаттарын бойына кӛбірек сіңірген сала. Естелік, кӛзбен кӛрген шынайы 
шындыққа  құрылса  игі.  Ол  бұл  ретте  «бас  кеспек  болса  да,  тіл  кеспек  жоқ»  дерлік 
шыншыл жанр. Жанрдың қалыпты формасы жоқ. Ықтимал формаларды қайталаудың ӛзі 
қателікке  ұрындыруы  мүмкін.  Естелік-  еске  алып  отырған  адамның  шын  табиғатынан 
тууға,  еске  алып  отырған  адамның  шын  болмысына  ғана  ұқсауға  керек.  Кӛрнекті 
мемуарист  Корней  Чуковскийдің  ӛз  естеліктерін  «ойдан  шығарылмаған  әңгімелер»  деп 
атауының  сыры  да  осында!  Естелік  авторының  тәңірісі-шындық  болуы  шарт.  Әсіресе 
естеліктің  мемуарлық  аталас  жанрлардан  айырмашылығы  шыншылдығында.  Естелікте 

116 
 
қаны  сорғалаған  шындық  қана  айтылуға  керек.Таза  естелік  сипатында    жазылған 
шығармаларда кӛркем әдебиетке тән белгілер онша кӛп ұшыраса қоймайды. Осыдан келіп 
бұлардың  табиғатында  ұқсастықтарымен  бірге  ӛзгешеліктердің  де  бар  екендігі  заңды. 
Атап айтқанда, естелікте кӛркем  әдебиеттің жаны болып келетін бейнелілік, образдылық 
солғын.  Кейіпкердің жан дүниесі,  ішкі әлеміндегі буырқаныстар, персонажға тән  нақты 
мінез – құлық та онша байқала қоймайды.Естеліктің тілдік қоры онша бай бола қоймайды, 
әрі  оның  жазылуында  баяндау    сарынындағы  құрғақ  стиль,  нақты  деректер  мен 
мағлұматтар,  тіпті  цифрлар  тізбегі  басым    болып  келеді.  Сонымен  бірге  деректі 
ғұмырбаяндық шығарма мен естелікті, кәсіпқой жазушыны былай қойғанда, жазушы емес 
авторлар да жазып жатады. 
Қазақ  прозасының  әдебиетімізде  айшықты  із  қалдырып  келе  жатқан  елеулі 
саласының  – бірі мемуарлық романдар. Бірақ олар бүгінгі таңға дейін қазақ әдебиеттану 
ғылымында  жанр  табиғатын  ашу  талаптарына  сай  зерттеу  нысаны  болмаған,  кӛбінесе 
нағыз  кӛркем  романдармен  бір  контексте  талданып  отырған  немесе  иллюстрациялық 
материал  дәрежесінде  ғана  қарастырылып  келген.  Мемуарлық  романның  ӛмірлік  және 
эстетикалық фактілердің рӛлі жайлы зерттеушілеріміз айта қойған жоқ десе де болғандай.  
Қазіргі  қазақ  прозасында  табиғаты  жағынан  алып  қарағанда  таза  мемуарлық 
шығармалар  мен  мемуарға  жақын  болып  келетін  естелік  туындылар  арнайы  зерттеуді, 
мазмұндық,  идеалық-кӛркемдік  тұрғыдан  ара  жігін  ажырата  отырып  сипаттауды  қажет 
етеді.  Мемуарлық  романның  жанрлық  табиғаты  жӛнінде  орыс  ғалымдары  ортақ  пікірге 
келіп,  тиянақты  тұжырым  жасап  қойды  деп  айтуға  әлі  ерте.  И.  Шайтанов  мемуар 
жанрының  айқын  шекарасы  жоқ,  жалпы  кӛркемдік  құрылымы  солқылдақтау  болып 
келетін  шебер  қаламгердің  кӛркемдік  ӛрнектері  ме  немесе  куәгердің  екіұштылығы  ма, 
қайсысы басымдау болып келетіні белгісіз жанр деген ой айтады. Осы жағынан келгенде, 
қазақ ӛмірбаяндық туындылары да іріктеп қарастыруды қажет етеді. 
Бір  сӛзбен  айтқанда,  мемуарлық  романның  ӛзге  ӛмірбаяндық  туындылардан  басты 
айырмашылығы  –  кӛркемдік  деңгейінің  жоғарылығы  мен  прозалық    туындыларға    тән 
эстетикалық сипаттарының айқын кӛрініп тұруында.  
Мемуарлық  шығармалардың  ӛмірге  келу  себептері    жайлы  осы  жанрдың  білікті 
зерттеушісі Л.Я.Гаранин былай дейді:  «Функция мемуарного произведения как правило, 
сыязаны  с какой  – либо конкретной  или во всяком случае с вполне осязаемой  целью: 
желанием  человека  оставить  о  себе  память,  передать  накопленный  опыт  потомкам,  по 
новому оценить  прошлое  и т.д. И это определяет природу и характер воссоздаваемых в 
мемуарной литературе образов»  
Мемуарлық шығарманың жанрлық табиғатын түсініп,  кейбір ерекшелігін айқындап 
алу  үшін    бір  ғана  С.Сейфуллиннің  «  Тар  жол  тайғақ  кешу»  мемуарлық  туындысы 
жеткілікті. С.  Сейфуллин мұнда 1916 жылғы халықтық қозғалыс пен азамат соғысының 
қиын күндерін нақтылы тарихи фактілерге сүйене отырып суреттеген де, күрес үстіндегі 
революционерлердің  қайтпас  қажырлылықтарын  зор  оқиғаның  ауқымынан  алып 
кӛрсеткен.  Анталаған  ақ  гвардейцтер  мен  іштен  шалмақ  болған  ұлтшыл-байшылдардың 
революция  табыстарын  жоқ  етпек  болып,  жанталасқан  әрекеттерін  жазушы  ӛз  кӛзімен 
кӛріп,  ӛзі  атқарған  істерге  байланыстыра  баяндаған.  Сондықтан  да  әлсін-әлсін  үзіліп 
қалып  отыратын  романның  сюжеттік  арқауыда  кӛп  жағдайда  байқала  бермейді.  Кӛбіне 
жеке эпизодтарға тән аралық құбылыстар ретінде кӛзге түседі. Осы жақтарынан алғанда 
бұл  шығарма  қазақ  совет  әдебиетіндегі  мемуарлық  романның  алғашқы  үлгісі  болып 
табылады.  Оның  құрамында  тарихтылық  та,  оқулықтық  та,  кӛркем  шығармашылық  та 
қасиет бар. «Тар жол, тайғақ кешу» жазушының іздену, үйрену үстіндегі ӛзі кӛріп білген 
ӛмір  шындығының  шежіресі.  Осы  шығарма  тӛңірегінде  С.  Мұқанов  «Түр  жағынан  бұл 
мемуарлық (естелік)  шығармалардың тобына қосылады»  - деп санайды. Ал Ғ.Мүсірепов 
«Бұл осы күнге дейін маңызын жоғалтпаған, келешекте де үлкен орны бар еңбек. Рас, бұл 
бір жағы кӛркем әдебиетке, бір жағынан публицистикаға жатады. Рас, бұл басынан аяғына 
дейін  сұрыпталып  шыққан  біріккен  де  нәрсе  емес.  Әйткенмен,  бұл  Қазақстан 

117 
 
топырағында, Одақ пролетариаты етегінде  жүріп Октябрь тӛңкерісін орнатуға Қазақстан 
еңбекшілерінің  қалай  күрескендігін  толық  кӛрсете  алатын  еңбек...  Әрине,  бұл  еңбектің 
мазмұнында  да,  кӛркемдігінде  де  сынайтын  нәрселер  бар.  Әйткенмен,  Октябрьдің 
Қазақстан    жеріндегі  сипатын  бұл  кітаптан  толық  кӛретінімізге    оның  ӛте  қомақты,  ірі 
еңбек  екеніне  ешкім  таласа  алмайды».  Басқа  сипаттармен  бірге  Ғ.Мүсірепов  мемуар 
мазмұнындағы күрескерлік рухқа жете мән береді. 
Әдебиеттанушы ғалым Б.Кенжебаев  болса, «Тар жол, тайғақ кешу»  роман да емес, 
мемуар да  емес,  Қазақстанда  Совет ӛкіметін  орнату  жолындағы  күрес  туралы  жазылған 
очерк кітабы деген дұрыс.  «Тар жол, тайғақ кешу»   - кӛркем очерктер циклі» - деп үзілді 
кесілді  тұжырым жасайды. 
Б.Кенжебаевтың  әдебиеттанушы  әріптесі    Е.Ысмаилов:  «Бұл  шығарманы  ӛзі 
қатынасып  революционердің  образын  суреттеген  үлкен  эпопея  деуге  де,  кӛркем  естелік 
(мемуарлық шығарма) деуге де, тарихи публицистикалық еңбек деуге де болады»- деген 
ой айтқан.  
Академик С.Қирабаев  «Сәкеннің бұл дәуірде  жазылған  прозалық туындыларының 
кӛлемдісі   - «Тар жол, тайғақ кешу» (1927). Ол мемуарлық сипаттағы, тарихи деректерге 
сүйеніп,  жазылған шығарма»,  -десе, филология ғылымдарының докторы Т.Кәкішев  осы 
туындының жанры жӛніндегі ойын «Роман – хроника» деп тиянақтайды. 
Сонда  осы  келтірілген  дәйексӛздерден  шығатын  қортынды  –  бір  ғана  «Тар  жол, 
тайғақ  кешу»    шығармасының  жанрлық  табиғаты  жӛнінде  әдебиеттанудағы  жетекші 
ғалымдар  мен  қаламгерлердің    ӛздері  сан  алуан  пікірлер  айтып  отыр.  Бір  –  бірлерінің 
ойларын дамытып, ұштай түсіп отырғандарымен, ішінара ӛзара жоққа шығарған пікірлер  
де орын алған. Сонда басқа мемуарлық романдардың жанрлық сипаты жӛніндегі пікірлер 
де дәл осылай қиыспай жатса, оған таң қалуға болмайды. 
Орыс  мемуарлық  шығармаларының  тарихы  әріден,  нақтырақ  айтқанда,  ХҮІІІ 
ғасырдан басталады деуге болады. Бірақ Рухани әлемнің құбылысына айналған уақыты – 
ХІХ  ғасыр.  А.Герцен  ӛзінің  «Болған  жайлар  мен  ойлар»    атты  мемуарлық  шығармасы 
арқылы орыс әдебиетінің дамуын үлес қосты. Ал осы арада айта кететін бір нәрсе – қазақ 
мемуаристикасының  алғашқы  қарлығашы  деп  санауға  лайық  М.Х.Дулатидың  «Тарих-и-
Рашиди»  атты  ғұмырбаяндық  шығармасы.  А.И.Герценнің  мемуарлық  туындысынан  кӛп 
жыл бұрын дүниеге келген. Екеуінің мазмұнындағы ұқсастығы  – авторларының шетелде 
жүріп кӛрген оқиғаларын жазуы.  
Орыс әдебиетіндегі мемуарлардың бәрі бірдей озық туындылардың қатарына қосала 
қоймаған.  Мәселен,  И.С.Тургеневтің  мемуарлық  романы  мен  И.А.Гончаровтың 
«Белинскийдің  жеке  басы  туралы  жазбалар»,  «Университетте»  және  «Отанда»  атты 
мемуарлардың кемшіліктері туралы орыс зертеушілерінің сын-пікірлері айтылған. Мұның 
ӛзі мемуарлық деп журген туындылардың барлығы әдебиеттің маңдайалды ӛнімі  болып 
табыла  бермейтіндігін,  мемуар  жазудың  кез  –  келген  қаламгердің  иеленуіне    кӛне 
бермейтін қаншалықты жауапты әрі маңызды еңбек екендігін кӛрсетсе керек. 
Кеңес  үкіметінде  жазылған  мемуарлық  шығармалардың  қатарында  В.Смирновтың 
«Әлемді  ашу»,  К.Паустовскийдің  «Ӛмір  туралы  хикая»  ,  Е.Драбкананың    «Қара 
қытырлақтар»,  тува  жазушысы  Солчак  Токидің    «Арат  сӛзі»,  Джанси  Кимонконың 
«Сұқпай аққан  жерде», чуваш А.Талвирдың  «Буин даңғылында»  және т.б. Мемуар жазу 
дәстүрі кӛршілес Орта Азия халықтарының әдебиетінде де ӛзіндік жолға  қойылған.  Бұл 
бағыттағы  туындылардың  ішіндегі  ауыз  тұшытарлықтай  кӛлемдісі  мен  кӛркемі 
Садриддин  Айнидің  «Бұқара»,  «Дохунда»,  «Құлдар»  атты  романдары.Тӛрт  кітаптан 
тұратын  мемуарлық  эпопеяның  алғашқы    екі  кітабына    1949  жылы  КСРО  Мемлекеттік 
сыйлығы берілген болатын.  
Мемуарлық туындының құрылымына кӛзі үйренген оқырманның жадында тұратыны 
– авторлардың қай  – қайсысының да ә дегеннен  – ақ әңгімені ӛзінің балалаық  шағынан 
бастап, оқиғаларды ӛмір белестерімен ары қарай ӛрбітіп, ала жӛнелетіндігі. Бұның нақты 
мысалы  –  орыстың  атақыты  жазушысы  А.М.Горкийдің  «Менің  университеттерім»  және 

118 
 
С.Мұқановтың  «Ӛмір  мектебі»  атты  мемуарлық  трилогиялары.  Бұлардың  мазмұндық 
құрылымы мемуарлық романның классикалық стандарты деуге әбден лайық.  
Жалпы мемуарлық туындыда овтор ӛзі – алдыңғы қатарда жүретін бас кейіпкер. «Ол 
қалай кӛрінеді?» деген мәселе де қызықты. Мысалы үшін С.Сейфуллин «Тар жол, тайғақ 
кешуіндегі»  автордың  бас  кейіпкер  ретіндегі  сипатына  назар  аударсақ.  Ол  әңгімені  ӛз 
атынан айтып келе жатып, сол сәттегі кӛтеріліп отырған тақырыбан орай  оқырман алдына 
дерекнамалық дүниелерді жайып салады  және ең бастысы осы арада автор ретінде ӛзін ол 
жерге  қатыстырмайды.  С.  Мұқановтың  «Ӛмір  мектебі»  романындағы  ӛмір  шындығы 
жастайынан  әке  мен  шешеден  жетім  қалып,  балалық  шағын  ауыл  арасында,    ағайын 
ішінде  ӛткізген  ақынның  ӛз  ӛмірімен  тікелей  байланыста  кӛрінеді.  Жазушы  бұл  кітапта 
қазақ ауылының революция алдындағы ӛмірін кең қамтиды да, жоқшылық пен мұқтаждық 
жайлаған елдің ауыр халін тебірене суреттейді. Мұны бірде Сәбиттің ӛзі кӛріп, ӛз басынан 
кешірген  әрқилы  ауыртпалықтар  арқылы  сезінсең,  енді  бірде  мұқтаждықтың  ауыр 
салмағы  түскен  ауыл  кедейлерінің  тұрмыс-тіршілігінен  аңғарасың.  Бұл  салада  жазушы 
суреттеудің    мемуарлық  романдарға  тән  әдіс-тәсіліне  сүйеніп,  ӛзінің  ӛмір  ӛткелдерін 
шығарманың  сюжетіне  арқау  етіп,  әлеуметтік  ірі  оқиғаларды  сӛз  еткен.  Мұнда  да  жер 
дауы,  жесір  дауы,  ағартушылық  проблемалары  кӛтеріліп,  ӛз  кезінің  уақыт  тынысына 
сәйкес  кӛркемдік  шешімін  тауып  отырады.  Айтылып  отырған  мәселенің  беруілуі 
тақырыпқа  қатысты  жай  бір  зерттеу  еңбек  сияқты    болып  кӛрінеді.  Мұндай 
шығармашылық тәсілдің мемуарға бірнеше беттерге созылып кететін тұстары бар. Алайда 
оның туындының кӛркемдік болмысына ешқандай да нұқсан келтірмейтіндігін атап айту 
керек. 
Автордың ӛзінің мейлінше кӛп кӛрінуі, қаһарман ретінде алдыңғы қатарға шығуы ең 
айқын байқалатын   шығарма ол  – С.Мұқановтың «Ӛмір мектебі. Онда  автор басымырақ 
баяндайтын  әңгімелері,  негізінен  ӛз  басынан  ӛткен  жайлар.  Оқиғалар  арасында 
қыстырылып кететін кӛлденең сюжеттер мен шиеленістердің ішінде  де автор  бейнесі әр 
тұстан қылаң беріп отырады.Ӛз басына тікелей қатысы жоқ жағдаяттарға  да ішінара ойын 
сыналай  айтып,  ӛз  кӛзқарасын  білдіруден  тартына  қоймайтыны  бар.  Ондайда  автордың  
тікелей оқырманмен сӛйлесіп кетуін кӛркемдік тәслдің бір түрі  деп қабылдаған абзал. 
«Мен»  деп  айқайлатын  тақырып  қойғанымен,  М.Мағауиннің    эссе  сипатында 
жазылған  монологтық    мемуарлық  романында  да  овтордың  кейіпкер  ретінде  кӛрініп 
отыруы  біркелкі  емес.  Кей  тұста  ол  ӛзі  жайлы  әңгімені  тоқтата  тұрып,  тартылып  келе 
жатқан ой жүйесінің ыңғайына қарай шығармашылық немесе ғылыми мәселелерді сӛз етіп 
кетеді.Ішінара  ӛзінің  жеке  пікірін  білдіріп  отырғанымен,  негізінен  кӛтеріліп  отырған 
тақырыпты    талдауға  бейім.  Талданып  отырған  осы  ждайлардан  мемуарлық  романдағы 
автордың  ӛз  шығармасына  кейіпкер  ретіндегі  қатысу  деңгейі    және  жеке  тұлғасының 
кӛркемдікпен  ашылуы  бірқалыпты  емес  екенін  айқын  аңғаруға  болады.  Бұның  ӛзі 
шығармашылық әр алуандылықты кӛрсететіні сӛзсіз. 
Бүкіл  оқиғасын  ӛзі  ӛмірбаянынан  алып  жазғанымен,  Ғ.Мұстафин    «Кӛз  кӛрген» 
мемуарлық  романы  үшінші  жақтан  баяндалған.  Ол  –  қазақ  мемуарлық  романдарының 
ішінен осылайша үшінші жақтан баяндалған бірден бір шығарма. Біздің пайымдауымызша 
автор  ой  еркіндігіне  кезек  беріп,  туындының  болмыс  –  бітімін  күшейте  түскісі  келген 
келген.  Автор  ӛзін  үшінші  жаққа  айналдырып  алу  арқылы  мемуарлық  шығарманың 
оқырмандар тарапынан  таза кӛркем дүниедей қабылдауын қалаған деуге болады. 
Автордың әдеби мемуардағы қызметі ӛте маңызды, ал оның образы екі сипатқа ие: 
бір жағынан-  алғанда автордың жеке бейнесі  шығарма  кейіпкерлерінің қатарына кіреді 
және  ол  мұнда  кӛп  жағдайда    басты  рӛлде    жүреді.  Екінші  жағынан  алғанда  ол  –  осы 
кӛркем дүниені тудырушы. Бұл жағдайда ол шығарма кейіпкері тәрізді белсенді қалыпта. 
Автор  образы  екі  уақыттың,  ӛткен  кезең  мен  мемуар  туған  кезеңнің  түйіскен  тұсында 
қалыптасады. 
Мемуарлық  туындыда  автор  басты  кейіпкер  болғандықтан  жан  –  жақты  ашық 
кӛрсетуге тиісті бейне ол  –  шығарма авторының ӛзі.Ал бас кейіпкердің бәрі  жан  –  жағы 

119 
 
қырланып  кӛрінетін  бас  қаһарман    дәрежесіне  жете  бермеуі  де  ықтимал.  Бұл  автордың 
шеберлігіне  қатысты  таза  кӛркемдік  мәселесі  ғана  емес  екендігі,  бас  кейіпкер  қаһарман 
болуы  үшін  оның  қоғамдық  –  әлеуметтік  қайраткерлігі  де  айқын  болуы  керектігі 
талдаулар барысында жан – жақты дәлелденіп отыр. 
Мемуарлық  туындыларда  ұлт  жазушылары  айналып  ӛте  алмайтын  елеулі 
тақырыптардың бірі – халықтың салт – санасы, ұлттық психологиясы, салт – дәстүрі мен 
этнорграфиясы. 
С.Мұқановтың  «Ӛмір  мектебі»  мемуарлық  романының  бірінші  кітабында 
суреттелген  қазақ  қауымының  үлкен  тобы  –  әнші-күйші,  ақын-жыршы,  ұста,  саятшы, 
тігінші сияқты әртүрлі ӛнер иелері.  Жас жазушының болашық қалам қайраткері ретінде 
қалыптасуына әсіресе осы соңғы аталған әлеуметтік топ ӛкілдерінің тигізетін ықпал-әсері 
айрықша.  Қазақ  халқының  салт-дәстүріне,  этнографиясына    қатысты  түрлі  мағлұматтар 
мен  деректер  әсіресе  осы  талданып  отырған  эпопеялық  мемуарда  молынан  ұшырасады. 
Олардың жекелеген мысалдары мынадай болып келеді:  
«Қазақстың  ескі  ғұрпында,  жолаушы  шыққан  ер  адамды  әйел  жӛнелтіп  салмайды, 
оған  тіпті,  жол  болсын  деген  тілек  те  айтылмайды.  Ескі  ғұрыпта  әйелдердің  бұндай 
қылықты істеуі ердің жолына кесел болады. Біздің ауылдың адамдары да осы ескі ырымға 
бағып, Майбалыққа аттанған жігіттерді еркектер ғана апарып салуға келіпті». 
Егер  шетінен  осылай  тізе  берген  жағдайда  бұндай  танымдық  –  этнографиялық 
детальдардың тек осы трилогияның ӛзінен жүздеп келтіруге болады. 
Қазақ  халқының  салт  –  дәстүрінен  нақты  мағлұмат  беретін  мұндай  этнографиялық 
суреттер шығарманың бойында молынан ұшырасады. Олардың барлығын тізіп,  жүйелей 
тұжырымдаған кезде Б.Момышұлы шығармасының әлеуметтік танымдық салмағы да арта 
түсері  анық.  Бір  ғана  Б.Момышұлы  емес,  С.Сейфуллин,  С.Мұқанов,  Ғ.Мұстафин, 
Ш.Мұртаза,  Қ.Жұмаділов  тәрізді  жазушылардың  мемуарлық  шығармаларында  қазақ 
халқының салт – дәстүріне, этнографиясына қатысты деректер баршылық. 
Қазақ  жазушыларының  мемуарлық  туындыларда  жекелеген  ұқсас    жағдайлардың  
орын  алуы,  бір  жағынан,  халқымыздың  ұлттық  психологиялық  тұтастығын  айқын 
кӛрсетіп тұрғаны даусыз. 
Екіншіден, дала тӛсінде емін-еркін ғұмыр кешкен осынау арда жұрттың моральдық-
рухани әлемінің тазалығы, ӛздерінің адамгершілік принциптеріне деген адалдығы кӛрініп 
тұр.  Ӛмір  шығдығын  осылайшы  қаз  –  қалпында    түсірудің  нәтижесінде  қазақ  деген 
халықтың имандылыққа негізделген асыл қасиеттері де айқын ашыла түседі. 
Ӛзінің  композициялық  құрылымынымен  назар  аудартатын  шығарманың  бірі  – 
Ғ.Мұстафиннің «Кӛз кӛрген»  мемуарлық романы. Піішіндік тұрғыдан алып қарағанда  ол 
жекелеген  әрқилы  әңгімелерден  құралады.  Ол  әңгімелерінің  саны  –  жиырма  бес.  Әр 
әңгіме  –  оқиғасының  басталуы,  дамуы,  шарықтау  шегі  және  шешімі  бар,  сюжеттік 
жағынан  аяқталып  біткен  жеке  шығарма.  Бірақ  солардың  әр  қайсысы  сол  қалпымен 
шектеліп  қалмай,  романның  ортақ  фабуласына,  идеялық  бағытына  қызмет  етеді.  Бұл 
туралы филология ғылымдарының докторы Х.Әдібаев ӛз ойын : автор  оқиға ашылуына 
ере  бермей,  әр  новелланың  ӛз  шеңберінде  тиянақты    кӛркемдік  шешімін  тапқан.    Жеке 
адамдардың тағдырына үңіле отырып, белгілі дәрежеде халық күйін  шерткен. Аумалы  – 
тӛкпелі  дәуірдің шындығын кӛреміз. 
Ә.Нұршайықовтың  «Мен  және  менің  замандастарым»  мемуарлық  туындысының 
негізгі композициялық діңгегі автордың ӛзі әңгімелейтін естеліктер болса, олардың берілу 
формаларының  ӛзі  біркелкі  емес.  Автордың  біріңғай  баяндаудан  кӛрі    формалық 
түрлендіруге  басымырақ  мән  бергені  кӛрініп  тұр.  Айтылып  отырған  әңгімені  растап, 
бекіте түсу үшін түрлі құжаттарды, баспасӛз беттеріне  жарияланғандарды кіргізіп отыру  
-  мемуар  жанрына  тән  шығармашылық  дәстүр.  Бірақ  бұлжымастай  кӛрінетін  міндетті 
үрдіс емес.  
Қорыта келгенде, мемуарлық шығарма дегеніміз  – бір жағынан тарихи оқиғаларды, 
деректерді,  фактілер  мен  құбылыстарды  кейінгі  буынға  қаз-қалпында  жеткізу  болса, 

120 
 
екінші  жағынан,  болған  шындықтың  біршама  кӛкемделген,  эстетикалық  тұрғыдан 
икемделген түрі.  
Мемуарлық  шығрам  халық  тарихын  мүмкіндігінше  ӛмір  шындығында  бейнелеуге 
бейім, оқырманды ӛзіне тарта түсетін қолайлы жанрдың бірі екендігі айқындалды. Оның 
тарихи шындық пен кӛркемдік шындықты ұштастыра отырып, ӛзіне бейнелейтін кезеңнің 
кескін-келбетін жан-жақты  ашуда атқаратын рӛлі  зор. Осы тұрғыдан алғанда бұл жанрда 
жазылған шығармаларды зерттеп саралау,  жүйеге түсіріп, белгілі бір қортындылар жасау 
ӛмір қажеттілігінен туындап жатқаны сӛзсіз.  
Каталог: journals -> 1425
journals -> №3(63)/2011 Серия филология
journals -> №4(56)/2009 Серия история. Философия. Право
journals -> Казахский национальный
journals -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 / 2015
journals -> Рецензируемый медицинский научно-практический журнал
journals -> Редакционная коллегия: В. В. Тулупов — главный редактор
journals -> Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады
1425 -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық республикалық журнал


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет