Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал


Список  использованных источников



жүктеу 2.6 Mb.
Pdf просмотр
бет15/24
Дата15.03.2017
өлшемі2.6 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24

 
Список  использованных источников:  

 
Исламгулова  С.К.  Оқу  үрдісін  технологияландыруға  жаңаша  кӛзқарастар.  - 
Алматы, 2010. 

 
Әлімов  А.  Интербелсенді  әдістерді  жоғары  оқу  орындарында  қолдану.  Оқу 
құралы. - Алматы, 2009. - 328 б. 

 
Қазақстан  Республикасындағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы. 

 
Назарбаев  Н.Ә.  Қазақстан  дағдарыстан  кейінгі  дүниеде:  Болашаққа 
интеллектуалдық секіріс // Білім нұры. 2009, №8 (38). 
 
Аннотация.  Жиырма  бірінші  ғасырдың   басталуы  жаппай  ақпараттық  қоғамға 
кӛшумен сипатталады. Оған компьютерлік техника, ақпараттық технология және басқа да 
ғылыми-техникалық  прогресс  әсерін  тигізуде.  Қазақстан  Республикасы  ғылыми-
техникалық прогрестің негізгі белгісі болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа 

130 
 
кезеңіне  енді.    Қоғамды  ақпараттандыру  –  еліміздің  экономикасының,  мәдениетінің, 
ғылымының дамуының негізгі алғышарты. 
Аnnotation.  Development  of  information-communication  technologies  (ICT)  has  led  to 
―information blast‖ whereby people are unable to find and process large volumes of information 
necessary for professional or educational purposes. Education system has always been based on 
scientific  and  technological  achievements  which  leads  to  their  further  development.  So  the 
modern  education  system  must  be  based  on  newest    achievements  in    information -
communication technologies. 
 
 
 
УДК + 001.895 
Ж 88 
 
ТӘРБИЕ ЖӚНІНДЕГІ  Ж. АЙМАУЫТҦЛЫНЫҢ  
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ – ПІКІРЛЕРІ 
 
Жумагалиев Р.А. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Оқу  –  ағарту  жұмысы  мен  мектеп  ісін,  шәкірт  тұлғасы  мен  орны  жайлы  байыпты 
тәжірибе, мәнді ұсыныс, алуан салыстыру – зерттеулер жасалынды. 
Бұл бүгінгі білім мен ғылым жүйесінде де аса қажет компонентер болып табылады. 
Қазіргі  кезеңдерде  азаматтық,  ұлттық  мәселелермен  бірге  оқу  –  тәрбие  жайы,  жас 
ұрпақтың  дұрыс  қалыптасып,  мол  білім,  айқын  мамандық  иесі  болуы  аса  маңызды 
мәселелердің бірі ретінде есептелінеді. 
Біздіңше, бұл мәселелер ұстаз ғалым Ж.Айтауытұлының ӛмірі мен қызметінен, тәлім 
– тәрбие саласындағы еңбектерінен айқын аңғарылады. 
Бұдан басқа мектеп ісі, оны басқару жайы, мұғалім мен шәкірт арақатынасы, тәлім – 
тәрбие  жұмысы,  оның  әуелгі  негізі  мен  мақсат  –  мұраттары,  дидактикалық  жалпы 
мәселелері,  оқу  –  ғылым  жүйесінің  түйінді  тұстары  да  алуан  мысал  –  дерек, 
салыстырулары арқылы беріледі. Бұл реттен алғанда, Ж.Аймауытұлының ұлттық тәлім – 
тәрбие саласындағы мұра  –  мирастары  – халқымыздың ӛмірімен, дәстүр  – ӛнегелерімен, 
руханият  саласындағы  жетістіктерін  де  жүйелі  сӛз  етуімен  мәнді,  әрі  тағылымды  әсер 
қалдырады. 
Ж.Аймауытұлының  еңбектерінің  мазмұндық  құрылымын  мына  жүйе  арқылы 
кӛрсетуді жӛн кӛрдік. 
Ж.Аймауытұлының  еңбектерінің  мазмұндық  құрылымын  үш  салаға  бӛліп 
қарастыруға болады. Олар: әдебиет, тіл саласы, психологиялық – педагогикалық. 
Әдебиет саласындағы еңбектерін қоғамдық – саяси, әлеуметтік, тарихи, деп кӛрсетіп 
оны проза, поэма, драматургия деп жіктедік. 
Тіл саласында Ж.Аймауытұлының ана тілі, ана тілінде оқыту туралы, психологиялық 
ой – пікірлері, тұлға мәселесі, тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеу жан жүйесі туралы, 
ұстаз тұлғасы, шәкірт тұлғасы, мінез – құлық туралы деп кӛрсеттік. 
Ж.Аймауытұлының  тәлім  –  тәрбие  саласындағы  алғашқы  еңбегі  –  «Тәрбиеге 
жетекші». 
Бұл кітаптың «Таныстыру» атты кіріспесінде  – мектеп ісі жас ұрпақ ӛміріне, тәрбие 
жұмысының  мақсатына  зор  маңыз  беріледі.  Еңбектің  құрылымы  (4  бӛлімге  бӛлінген), 
ондағы  бала  дамуы  ен  оны  тәрбиелеудің  мақсаты  кеңінен  түсіндіріліп,  әр  бӛлімге 
анықтама беріледі. Айталық, алғашқы бӛлімінде тәрбие мақсаты, ӛзіндік белгі – сыры сӛз 
болса,  екіншісінде  –  дидактикалық  жалпы  мәселелеріне  ерекше  назар  аударылады. 
Үшінші  бӛлімде  –  мектеп  ісі  мен  оны  басқару,  тәртіп,  тазалық,  денсаулыққа  кӛп  кӛңіл 

131 
 
бӛлінеді.  Ӛмір,  уақыт  шындықтары,  дәуір  ұсынған  талап  –  тілектер,  мектеп,  мұғалім, 
шәкірт арасындағы ортақ байланыс, мұраттар да кеңінен сӛз болады. Қысқасы, ұстаз бен 
шәкірт  тақырыбының  түйіндері  қысқа  да  нұсқалы  үлгіде  баяндалады.  Бұған  қоса  автор 
ӛмір – дүние сырын, адам әлемін назарда ұстап, ұлттық тәлім  – тәрбие негізіне, еңбектің 
ыр- сипатына, оның қоғамға, ортаға әсеріне зор маңыз береді. 
Нәтижесінде: мектеп ісі мен жас ұрпақ тәрбиесі, ұстаз бен шәкірт байланысы, ӛзіндік 
орындары,  дидактиканың  жалпы,  халқымыздың  тұрмысы  мен  шет  елдер  тәжірибесімен 
тығыз  байланыста  кӛрсетіледі.  Артық  –  кем  тұстарына  кӛзқарас  білдіреді.  Біздіңше, 
Ж.Аймауытұлының  ұлттық  тәлім  –  тәрбие  мәселесін  мектеп  ісінен,  жас  ұрпақ  ӛмірімен 
байланыстыру,  әрі  қазіргі  кезеңнің  міндет  –  талаптарымен  де  табиғи  үндестік  тауып 
отырғанын айту абзал. Бұл – біріншіден. 
Егемен    елдің  білім  жүйесінің  заңдық  негізін  жасалынып,  тұжырымдамалық-
бағдарламалық  тұрғыдан  бағыт  -бағдары  айқындалған.  Бұл  тұста  Ж.Аймауытұлы 
еңбектеріндегі  мектеп  ісі,  ұстаз  бен  шәкірт  қатынасы  арасындағы  табиғи  қатынастың 
барын  байқар  едік.  Демек,  ұрпақ  болашағы,  ұлт  келешегі  -  білім-білікке  тікелей 
байланысты. Ал, ақиқатқа  тура  қарасақ:  «Халық    пен    халықты,   адам   мен    адамды   
теңестіретін   нәрсе – білім», - деген еді ұлы тұлғамыз М.Әуезов [3, 45 б.]. 
 
Кітаптың алғашқы бӛлімі "Тәрбие негізі" деп аталады. Автор тәрбие ісін, оқу-ағарту, 
тәжірибе  тағлымдары,  сондай-ақ  білім  нәрімен  бірлікте  қарайды.  «Тәрбиеңің  де,  білім 
берудің  де  тірегі  -  мәдениетті  ӛмір,  яғни  адам  баласыньщ  түрлі  тараулы  толык  ӛмірі  - 
Тәрбие беру мен білімнің берілуі бірімен-бірі айырылатын ӛзгеше мақсаттары бар», - деп 
кӛрсетеді ұлы ұстаз. 
Осы  тұста  атап  ӛтер  жайт:  автор  тәрбие  ісі  мен  оның  әуел  бастағы  мағына-
міндеттерін кең кӛлемде ашады. Ол үшін, әрине тәрбиенің мақсатына, әуедгі негізіне мән 
береді. Дұрыс тәрбие, оң бағыт, пайдалы ақыл-кеңес кім-кімді де межелі биікке, мұратына 
жеткізетіні  де  нақтылы айтылады. 
Бұдан    кейінгі  автордың  кӛңіл  бӛлген  мәселелерінің  бірі  -  тәрбие  ісін  жеқе,  жалаң 
қарастырмай,  керісінше,  оқу-ағарту  жұмыстарымен,  ондағы  тәжірибе  тағылымдарымен 
тығыз байланыстырады. Ӛйткені: Жалғыз ағаш -  орман емес". Такырып табиғатына осы 
тұстан  мән  берсек,  бүгінгі  ғылым,  білім  жүйесі  үлттық  мектептің  түпкі  мұраты  -  оқу 
тәрбие ісін бірлікте жүргізу, озық тәжірибені ортақ игілікке айналдыру. 
Бұл  -  кеше  мен  бүгінді  байланыстыру,  ӛмір  тәжірибесін  нақтылы  практикада 
қолдаңып, жүзеге асырудың тиімді тұстарының бірі. 
Бұл  -  ата-бабаларымыздың  дәстүр-ӛнегесінің  бүгінмен  үндесуі,  ұрпақтар 
сабақтастығы, тарихи  тағылымы. 
Бұл - кешеден бүгінге жеткен басты байлық, шынайы шындық. 
Кітапта  «Тәрбие»  ғылымының  саласына  кең  мағына,  зор  маңыз  беріледі.  Адам 
баласының ӛмірге келуі, есеюі, ӛсу жолдары, осы бағыттағы  ақыл, әдемілік, мінез - бәрі-
бәрі 
тәрбие 
тақырыбымен 
сабақтастықта 
ӛріс 
алатыны 
жеткізіледі. 
 
Осыны айтқан   «Тәрбие  -  адам  тағдырын шешетін ұлы  іс» .  – деді  орыс сыншысы 
В.Г.  Белинский  аңғарған  автор  ӛмір  мен  оқудағы  тәлімдік  істерді  ортақ,  сабақтас  деп 
түсінеді.  Соған  ӛмірдің  -  қоғамдағы  орнына  ерекше  мән,  мағына  берілед.  Автор  тәрбие 
мен  оқу  ісін  ӛзара  байланыста  қарайды.  Бұл  бағыттағы  ойын  былай  білдірген:  «Тәрбие 
жалаң  ақылға  емес,  адамның  қайратыңа  да,  сезіміне  де  бағытталады,  білімдендіру 
кӛбінесе ақыл жұмысын күшейтуге арналады». Сонымен бірге, тәрбие тағылымы адамның 
ӛмірге келгеннен кейінгі кезеңдерінің бәрінде де игі әсерін, ықпалын тигізеді. Бұл туралы 
автор:  «Тәрбие  сәулесі  түспейтін  адамның  ешбір  қалтарысы  жоқ.  Тәрбие  берілмеген 
жерде шын ақылды, мәдениетті адам болмақ емес», - деп түйін жасайды [7, 14 б.]. 
Расында,  отбасынан  басталатын  тәлім-тәрбие  арналары  ӛмірдің  сан  тараулы  «Тар 
жол,  тайғақ  кешу»  кезеңінің  баршасын  қамтиды.  Ӛмір  -  ӛзенде  ӛз  отанының  қалтқысыз 

132 
 
сҥйіп  есею  -  азаматтық  борыш.  Бұл  мақсатқа  жетпеу,  талап  биігінен  кӛрінбеу  -  ұлттық 
мүддеге жат нәрсе. 
Қітаптың  кұндылығы  бүгінмен  үндестігі  -  тәрбие  табиғаты,  оның  ӛзіндік  белгі-
ерекшеліктеріне  кең  орын  берілгендігі.  Бұл  тұста  автор  тәрбие  ісін  адам  ӛмірімен, 
еңбегімен байланыстырады. Бұл бағыттағы тәрбиенің орны, әуел бастағы міндет-қызметі, 
адам әлеміне әсер-ықпалы,  нақтылы дерек кӛздері арқылы беріледі.  Тәрбие ісін  -  жалаң 
ақыл, салмақсыз үгіт-насихат  арқылы жүзеге  асыруға бодмайтындығын, керісінше ӛмір-
дүниеге  әсерін,  адамның  ӛсіп-есеюіне,  еңбектегі  орын-  үлесіне  қарай  жүйелі  жүргізу 
қажеттілігін  нақтылы  кӛрсетеді.  Тәрбие  мазмұнынан  М.Х.Дулатидің:    «Басшы  болсаң 
кӛппен сырлас,кӛптің мұқтажын ӛте»  деген асыл ойы терең танылады. 
Тұлға,  қоғамда  әртүрлі  адамдармен  араласады.  Ӛзінің  бойындағы  ерекшеліктеріне, 
қабілеттеріне  байланысты  қызметтер  атқарады  және  ол  атқарған  істерін  ӛзі  ӛмір  сүрген 
ортадағы  адамдарға  пайдасын  тигізіп,  олардың  ӛмірлерін  жақсартуға  әрекет  жасайды. 
М.Х.Дулати «Тарих и Рашидиде» еңбегіндегі  ел билеген басшылар - ақылды, ашуға бой 
алдырмайтын, зерек,зерделі, әр уақытта халқының жағдайын ойлап отыратын ұлы тұлға. 
Олар ӛз бастарынын қамын емес, халқының қамын ойлайтын, болашақты болжай білетін, 
адамдардың  бойындағы  іскерлікті,  ерік-жігерді  танып  ажырата  алатын,  заманның 
жақсарып халқының әл-ауқатын түзеп, ӛркениетті  ел болу  жолында ӛмірінің барын сарп 
ететін  адамдар  болулары  тиіс.  Осыған  байланысты  ел  билеу  теориясын  тұжырымдап, 
мынандай он шарт ұсынады. Олар: бірінші шарт, кез-келген істі шешер кезінде мемлекет 
басшысы  ӛзін  бағынышты  кісінің  орнына  қойып,  ол  адамды  ӛзіне  әмір  жүргізуші  деп 
есептесін; екінші шарт, мемлекет басшысының ең басты мінажаты-мұсылмандардың мұң-
мұқтажын,  орыңдау  болуға  тиіс;  үшінші  шарт,  ас  ішу  мен  киім  киюде  халифалардың 
қарапайымдылығын  кабылдап,  мәртебелі  басын  аста-тӛк  тамақ  пен  әлем-жәлем  киімге 
үйір  қылмасын;  тӛртінші  шарт,  орынсыз  қаталдықка,  бос  сӛзге  бой  алдырмай,  келген 
кісімен  жұмсақ  сӛйлессін,  әлсіздер  мен  кедейлердің  кеңесін  тыңдаудан  арланбасын; 
бесінші  шарт,  жұртқа  жағамын  деп  шешім  қабылдаған  кезде  әлсіздік,  екіжүзділік 
танытпасын  және  әркімнің  кӛңілін  табамын  деп  әділет  пен  шариғаттан  аттамасын; 
алтыншы шарт, мемлекет басшысы еліне тӛнетін қауіп-қатерден қаперсіз болмасын және 
ол  әміршінің  әділ  билігі  халықты  бақытқа  кенелтіп  артына  мәңгілік  жақсы  атын 
қалдыратынын есіне мықты ұстасын; жетінші шарт, мемлекет басшысы кӛзі ашық, құдай 
жолындағылармен  бірге  қарым-қатынас  жасауға  һәм  кенесіп  отыруға  үйір  болсын, 
олардың  кеңесін  тыңдауды  бақытым  деп  есептесін;  сегізінші  шарт,  мемлекет  басшысы 
ӛркӛкіректік  пен  әділеттілік  танытып,  бағыныштылары  мен  әлсіздерге  қамқор  болсын, 
халықтың  махаббатына  ие  болсын;  тоғызыншы  шарт,  мемлекет  басшысы  қатыгез 
басшылардың  қылмысты  істеріне  және  карауындағыларды  қасқырдай  талайтын 
безбүйректерге немқұрайлы карамасын; онышы шарт, кӛрегендік. Мемлекет басшысы ел 
ӛміріндегі  әрбір  оқиғаға  тереңнен  үңілуге  және  оның  себептері  мен  салдарын  біліп 
отыруға міндетті. 
М.Х.Дулати  осы  айтылғандардын  тек  мемлекет  басшыларына  ғана  емес,  жалпы 
адамзатка, ел басқарып жүрген азаматтарға, қоғамның әр түрлі саласында қызмет істейтін 
тұлғаларға  арнай  отырып,  бұл  қасиеттердің  түбінде  ӛлмейтінін,  әділдіктің  әр  кез 
жеңетінін, ӛмірдегі барлық істерден іс-әрекет үшін адамдар әйтеуір бір жауап беретініне 
меңзейді. 
Мұнын  бүгінмен  байланысты,  ортақ  тұстары  бары  анық  аңғарылады.  «Тәрбиеге 
жетекші»    еңбегінің  құндылық  қыры  мен  қызғылықты  тұстарын  еске  алған  тұста  алыс-
жақын елдер тәжірибесін, әр алуан кӛзкарастар жиынтығын атап ӛту де кәделі іс. Ӛйткені, 
автор адам  әлемі, оның еңбегі  мен тәрбиесін  сӛз еткенде ӛркениетті  елдер тәжірибесіне 
сүйенеді.  Адам  жаратылысын,  тұлға  ретінде  қалыптасуын  да  ұлттық  белгілермен  бірге 
алыс-жақын  елдер  тәжірибесімен,  жекелеген  кітап,  кӛзқарастарымен  байланыстырады. 
Автор  осының  бәрінен  де  адам  әлемін,  жаратылыс  ерекшеліктерін  жеке  тұлға  ретінде 
қалыптасуын ерекше құбылыс ретінде қарайды.  

133 
 
Біздіңше, мұның мақсат, маңызы айрықша. Ӛйткені, адам мен оның еңбегі, тәрбиесі - 
кай  қоғам  кезеңде  де  аса  мәнді  болған.  Адамның  қоғамдағы  орны,  еңбегі  мен  үлес-
салмағы  бүгінгі  таңда  да  аса  маңызды.  Адам-шешуші  тұлға  дейтініміз  сондықтан  болса 
керек. 
 Автор  тәрбие  мақсатын  сӛз  еткенінде  бұл  бағыттағы  сан  алуан  кӛзқарастардың  да 
,болғанына  кӛңіл  бӛледі.  Айталық,  «Ерте  замандаы  жабайы  педагогиканың  мақсаты: 
баланы  ата-анасына  қаратқызып  тәрбиелеу  болса  керек,  баскаша  айтқанда,  әкенің 
қызметін  –  ұлы  ,  шешесінің  кызметін  –  қызы  білу»    екенін  еске  алу  арқылы  ұлттық 
мүддені  жоғары  кояды,  құлдық  психологияға,  тар  ӛрістің  себеп-сырларына  сын  кӛзбен 
қарайды. Уақыт талаптары мен ӛмір шындығын алға тартады. 
Бұдан баска, атап айтқанда, кейінгі кездегі тәрбие ісін ойға алғанда: «...баланың жан 
қуаттары ӛсуіне қарай, табиғатына қарап тәрбие  беру»,  «адамды бақытты қылу» секілді 
мақсаттармен байланыстырады. 
Бұл тұста автор адам әлеміне, жаратылыс заңдылықтарына, тәрбие иірімдеріне енеді. 
Адамның  есею,  қалыптасу  ерекшеліктеріне  ден  қояды.  Баланы  оқыту  мең  тәрбиелеу, 
сауатын  ашу  мәселелеріне  де  назар  аударылады.  Нәтижесінде—    жас  ұрпактың  еркін 
ӛсуіне,  тәрбие  ӛнерін  жетік  меңгеруіне  мол  мүмкіндіктер  ашады.  Ең  негізгісі,  «Тәрбие 
біздің  жүрегімізге  ең  алдымен  жeкe  aдaмғa  да,  қоғамға  да  пайдалы  әдеттердің  ұрығын 
себуі  керек»  деген  К.Гельвецийдің  тұжырымдамасынан  айқын  мақсат  жан-жақты 
танылады.  Автор  бұл  тұста  ұлттық  тәлім-тәрбиеге,  жеке  тұлға  табиғатына  ден  қояды. 
Адам жаратылысы мен отбасындағы тәрбиенің маңызын-шешуші орын алатындығын баса 
кӛрсетеді. 
Адам тәрбиесі  - аса  маңызды шешуші  іс деп саналады. Оның  негізі  - ұлттық тәлім-
тәрбие, отбасы екенін ерекше атап кӛрсетуге болады.  Қоғамның  дамуы, ӛмірдің қызық-
қымбаттылығы  -  жеке  адамның  дұрыс  қалыптасып,  жақсы  тәлім-тәрбие  алуына  тікелей 
байланыстылығы  нақтылы  мысал-деректермен  беріледі.  Бұл  тұста  еске  алар  жайт. 
Ж.Аймауытұлының адам табиғаты, тәлім-тәрбие тағылымына қатысты кӛзкарастар жүйесі 
– Абай , Мағжан ойларымен үндесетінін айту орынды. 
Сонымен  қатар,  автор  жеке  тұлғаның  қалыптасуына,  әлеумет  тәрбиесінің  әсер-
ықпалына  зор  маңыз  береді.  Атап  айту  керек:  автор  тәрбиенің  қандай  болса  да  адамға, 
оның ортасына пайдалы, нәтижелі  болу  керектігін негізгі  назарда ұстайды.  Осы  тұрғыда 
М.Әлімбаевтың  «Халық  -  ғажап  тәлімгер»  деген  еңбегінде  айтылған  мына  пікірлерді 
келтіруді жӛн кӛрдік:  «Адамды қалыптастыру қоғамдық қатынастар жүйесінде мақсатты 
тәрбие жолымен жүргізіледі. Мұны дәлелдейтін қағида оқыту мен тәрбие берудің ғылыми 
теориясының  бірден-бір  негізі  болып  табылады.  Барлық  түйін  адамның  кӛрегендік 
негізінде  деп  есептейтін  биологизаторлық  кӛзқарасқа  қарама-қарсы  педагогика  ғылымы 
тұқым  куалаушылық  факторлардың  белгілі  бір  рӛлін  жоққа  шығармайды,  жеке  бастың 
қабілеттері  мен  қасиеттері  адамның  ӛмірі  мең  қызметі  процесінде  қалыптасып  дамиды»  
деп дәлелдейді [9, 12 б.]. 
Адамды  қалыптастыру,  тәрбиелеу,  оның  бейімделуі  және  жан-жақты  дамуы,  тұлға 
болып қалыптасуы әлеуметтік тәрбиеге де тікелей байланысты. 
Ал  әлеумет  тәрбиесі  -  жеке  тұлғаның  қоғамдағы  орын-үлесінен  бастап,  үлкенді-
кішілі  ұжымдарда  ӛзін-ӛзі  ұстауы,  кӛзқарас-танымының  орнықты,  еңбегінің  жемісті 
болуына  дейінгі  әрекет-қимылдарға  тікелей  байланысты  ӛріс  алады.  Әлеумет  тәрбиесі  - 
адамның  қалыптасуында  шешуші  орын  алады.  Әр  еңбектің  нәтижесі  болуына  оң  ықпал 
етеді. 
Кітапта  мұның  мысал-дерегі  жеке  тұлғаның  қалыптасуынан,  ӛмірге,  еңбекке 
араласуынан  кӛрініс  береді.  Автор  жеке  тұлға  -  қоғам  байлығы  дегенді  баса  кӛрсетіп, 
оның еңбегі мен тәрбиесін ерекше атап кӛрсетеді. 
Мұның ақиқатын бүгінгі уақыт шындыққа шығарып отыр. Расында, адам мен онын 
еңбегі,  тәрбиесі-коғам  үшін,  орта-айналасы  үшін  аса  маңызды  іс  болып  табылады. 
Айқынырақ айтсақ,  адам  мен оның еңбегі, әсіресе бүгінгі таңда: ұлттық тәуелсіздігімізді 

134 
 
нығайтуға,  бірлік-татулығымызды  арттыруда,  ең  бастысы  -  демократиялы,  салауатты 
қоғам құруда басты алғы шарттардың бірі  болып табылады.  Елбасы  «Қазақстан  –  2030» 
атты  стратегиялық  жоспарында  халықтың  рухани  жаңаруына  ерекше  маңыз  берілген 
«Адамдардың  ой-санасын  бір  сәтте  ӛзгерту  мемлекеттің  қолынан  келмейді,  бірақ 
мемлекет ӛзгерістер  процесін объективті тенденцияларды түсіндіру, маңызды ақпаратты 
халыққа  жеткізу  жолымен  және  де  ең  бастысы  ӛзіндік  молшылықка  бағытталған 
әлеуметтік-экономикалық  саясатты  іске  асыру  жолымен  жеделдетуге  қабілетті. 
Адамдардың  жаңа  дүниетанымы  қалыптасқанша  ондаған  жылдар  қажет  болады»,  -  деп 
кӛрсетеді /8/. 
Қанщама жылдар қажет болған  жағдайда  да адам  оның  қажеттіліктері,  жан дүниесі 
зерттеле бермек, мақсат-мұраттары әр кезде маңызды болмақ. 
Осы реттен келгенде, «Кабуснамадан» келтірілген тӛкендегі үзіндіде үлкен мән бар: 
«Адамдардың бірінші түрі  -  біледі және білген сайын білгісі келеді;  екінші түрі  - біледі, 
біле тұра білмеймін дейді; үшіншісі - білмейді және білгенннің тілін алмайды». Сӛз тӛрт 
топқа бӛлінеді. «Біріншісі  -  білуге де,  айтуға  да  қажеті  жоқ сӛздер;  екіншісі  - білуге де, 
айтуға  да  қажеті  жоқ бірақ айтуға болатын сӛздер;  үшіншісі  - білуге қажеті жоқ,  айтуға 
болатын сӛздер; тӛртіншісі - білу керек, бірақ айтуға қажетсіз сӛздер» [6, 18 б.]. 
Осындағы  адам  әлемі,  жаратылыс  табиғаты,  ақыл  -парсаты  мен  кемшіл  тұстары 
казіргі кезеңде де айқын аңғарылады. Абай айтқан: 
«Жас  бала  анадан  туғанда  екі  түрлі  мінезбен  туады.  «Біреуі  -  ішсем,  жесем, 
ұйықтасам  деп  туады.  Бұлар  -  тәннің  құмары,  бұлар  болмаса,  тән  жанға  қонақ  үй  бола 
алмайды,  һәм  ӛзі  ӛспейді,  қуат  таппайды.  Біреуі  -  білсем  екен  демектік  не  кӛрсе  соған 
талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, 
тамағына,  бетіне  басып  қарап,  сырнай-керней  болса,  даусына  ұмтылып,  онан  ер 
жетіңкірегенде ит үрсе  де, мал  шуласа  да,  біреу күлсе де, біреу жыласа  да  тұра жүгіріп, 
«ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?" деп кӛзі кӛрген, 
құлағы  естігеннің  бәрін  сұрап,  тыныштық  кӛрмейді.  Мұның  бәрі  -жан  құмары,  білсем 
екен, кӛрсем екен деген», немесе:  «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, кӛріп, 
ұстап, татып ескерсе, дүниедегі  жақсы-жаманды таниды-дағы сондайдан білгені, кӛргені 
кӛп болған адам білімді болады» [12, 74 б.]. 
Ұлы  мұратқа  асқақ  айбын  тән.  Адам  мұраты  - ұлы  игілік.  Ӛмір  мәні,  адам  мұраты 
уақыт сыры осы. 
Әлеумет мәселесі  әр кезде-ақ маңызды орын алған.  Автор  «социалдық  педагогика» 
мәселесі:  «әр  адамды  жеке  адам  деп  қарамайды,  кӛбінесе  -  әлеуметтің,  мемлекеттің 
мүшесі»  деп  таниды.  «Адам  ӛз  қызметін  ӛзі  жеке  атқара  адмайды,  рудьң,  халықтың 
мүшесі болып атқарады» деп түсінген автор қоғам байлығы - адамды, оның іс-әркеттерін, 
ой  мен  сӛз  жүйесін  ерекше  атайды.  Б ҧ л     тұста  адам  –  тарбие-әркеттерін,  ой  мен  сӛз 
жүйесін  ерекше  атайды.  Бұл  тұста  адам  -  табиғат  жемісі  болғанымен,  белгілі  бір  қоғам 
аясында ӛсіп, есейетіндігі, ұжымдық негізде тәрбиеленіп, ерекше қабілет  пен  кемелдікке 
қол жеткізетіндігі сӛз етіледі. Бұдан: «Адам - ӛзінің табиғаты жӛнінен қоғамдьқ, тіршілік 
иесі» (Аристотель) болатындығы айқын аңғарылады. 
Ж.  Аймауытұлының  бұл  бағыттағы  ізденіс,  кӛзқарастарын  құптаған  орынды. 
Ӛйткені,    адам,  оның  қоғамдағы  орны,  мемлекет  мүшесі  ретіндегі  міндеті  -  пайдалы 
қызметке негізделуі тиіс. 
 
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. – Алматы: Қазақ университеті.  
2.
 
Айтмамбетова Б. Тәрбиенің жалпы әдістері. – Алматы: Рауан, 1991. 
3.
 
Асанов  Ж.  Тәлім-тәрбиенің  ұлттық  негіздері.  Оқу  бағдарламасы//  Қазақсатн 
мектебі, 1995, №6-45б. 
4.
 
Ақбазарова Б. Класс жетекшісі. – Алматы: Мектеп, 1973.  

135 
 
5.
 
Айғабылова  Н.  Бала  мінезінің  қалыптасуы  және  оны  тәрбиелеу  жолдары.  – 
Алматы: Ӛнер, 1972. 
6.
 
Айтмамбетова  Б.  Бозжанова  К.  Т.б.  балаларды  семьяда  адамгершілікке 
тәрбиелеудің кейбір мәселелері. – Алматы: Мектеп, 1985. – 18б. 
7.
 
Амантурин Ш.Мұғалім және оқу-тәрбие жұмысы. – Алматы: Мектеп, 1975.-14б. 
8.
 
Алмаханова Х. Жас ӛспірімдерге эстетикалық тәрбие беру/ Методикалық нұсқау/. – 
Алматы: Рауан, 1990. 
9.
 
Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. – Алматы: Дарын, 2004. -  12б. 
10.
 
Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. – Алматы: Дарын, 2004.  
11.
 
Әбелбаев  С.  Оқушы  жастарға  эстетикалық  тәрбие  беруді  жетілдіру.  –  Алматы: 
Рауан, 1992.  
12.
 
Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру.- Алматы, 1932.  74б. 
13.
 
Әбілова З. Этнопедагогика. – Алматы: Рауан, 1997.  
 
Annotation.  This  work  is  devoted  to  the    psychologically-  pedagogical  ideas  of  
Zh.Ajmauytov about education. Some problems of family education are considered in it.  
Аннотация.  Данная  статъя  посвящена  психолого-педагогическим    идеям 
Ж.Аймауытова о воспитании. В работе затрагиваются проблемы семейного воспитания.   
 
 
 
ӘӚЖ 37.181 
 
ҚАЗАҚ МАҚАЛ –МӘТЕЛДЕРІН СЕМИНАР  
САБАҚТАРЫНДА ПАЙДАЛАНУ 
 
Кҥмісбекова   Ж.Н.,  Рапық Н. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
Мақал-мәтелдер    - халық даналығының қазына байлығы. Мақал-мәтелдер ғасырлар 
бойы  қалыптасып,  сол  халықпен  мәңгі    бақи  бірге  жасап,  біте  қайнасып  кеткен  дүние. 
Сондықтан да оны жұртшылық жадына сақтап, ӛзінің  күнделікті ӛмірінде, ӛзара қарым-
қатынасында пайдаланады. Мақал-мәтелдерге бай халықтың бірі – қазақ халқы. 
Қазақ  халқының    мақал-мәтелдері  сары  майдай  сақтап  еңбегінің  жиыны,  ой 
пікірлерінің    түйіні,  аңсаған  асыл  армандарының    арнасы,  ӛмір  тіршілігінің  айнасы, 
кӛнеден жаңаға, атадан балаға қалдырып келе жатқан тозбайтын, тот баспайтын ӛмірлік 
ӛшпес мұрасы.  
Ғылым  мен  техниканың,  жалпы  ӛркениеттің  қарыштап  алға  дамыған  заманын  біз 
дайын    құндылықтарға  үйреніп,  пайдалануға  тӛселіп  кеттік.  Олар  әлемдік  ғаламтор 
ӛнімдері, электрондық құжаттар, сонымен қатар әлеуметтік желі түрлерінің  кӛбеюі. Бұл 
құндылықтардын  да  ӛмірде  алатын  орны  ерекше.  Әсіресе,  жастарымыздың    әлеуметтік 
желі  түрлерін  пайдалануы.    Сол  желілерде  таң  атып,  кеш  батқанға  дейінгі  аралықта 
ғаламтор  шырмауынан  шыға  алмайтын  жастар  санының  кӛбеюі  бәрімізге  белгілі.  Олар 
онда  түрлі  ойындар  ойнап,  әуен  тыңдап,  хат  алмасып  жатады.    Заман  талабына  сай 
техника  мен  ғаламтор  желісін  жақсы  меңгергені  дұрыс  әрине.  Дегенмен,  адамдардың 
арасындағы  «тірі»    қарым-қатынас  түрін  алмастыра  алмайды.  Ӛйткені    хат  алмасып 
қарым-қатынас  жасауымыздың  негізінде  сӛйлеу  мәнерімізбен  тіл  байлығымыздың 
тӛмендеуі,  тіліміздің  шұбарлануына  әкеліп  отқаны  ащы  болсада  шындық.  
Кӛпшілігіміздің,  әсіресе  жастардың    сӛйлеу  мәдениеті,  сӛздік  қоры,  ұтқыр  әрі    ойлы 
сӛйлеу шеберліктері ақсап жатқаны жасырын емес. 
Бүгінгі таңда елімізде   жүріп жатқан әлеуметтік  – эканомикалық ӛзгерістер мектеп, 
колледж және жоғары оқу орындарының алдына әлемдік ӛркениеттің барлық талаптарына 

136 
 
сай  келетін,  парасатты,  тәрбиелі  жастарды  тәрбиелеп  дайындау  талап  етілуде.  Бұл 
Отанымыздың келешек дамуымен, әлемнің алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылумен, 
жастардың  білім  дәрежесімен,  шығармашыл  ойлай  алу  қабілеттерімен  сабақтасады. 
Осыған  орай  білім  беру  салаларында  оқыту  мен  тәрбиелеудің  жаңа  технологияларын 
қолдану жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 
Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту  
тұжырымдамасында  «... білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге  қабілеттілігін 
қамтамасыз  ету  үшін  тілдік  фактілерді  жалаң  емес,  қатысымдық  тұрғыдан    меңгерту 
қажет» делінген. Бұл жастарымыздың ана тілінде  жатық таза сӛйлеуіне, ӛз ойын жүйелі, 
анық жеткізуге әсерін тигізеді. Сондықтан  сабақ ӛткізу барысында халқымыздың мақал-
мәтелдерін кӛптеп пайдалануды  ұсынамын. Мақал-мәтелдерді  пайдалану арқылы біз  екі 
негізгі іс-әрекетті жүзеге асыра аламыз. Біріншіден, мақал-мәтел арқылы жастарымыздың 
ойын  ұшқырлап,  сӛздерін  әсерлі  етіп,  сӛздік  қорын  кеңейтіп  тіл  білімінің  деңгейін 
кӛтерсек.  Екіншіден,  жастарымызға  халқымыздың  салт-дәстүрімен  жақындастырып, 
ұлттық тұрғыда  тәрбие бере аламыз.   
Жоғары  оқу  орындарындағы  семинар  сабақтарында    мақал-мәтелдерді  қолдану, 
білімгерлердің  шығармашыл  ойлауын  қалыптастыру,  бүгінгі  ӛмір  талабына  сай  
азаматтарды  тәрбиелеудің  негізгі  жолдарының  бірі.  Ӛйткені  семинар  сабақ    барысында 
қолданылған  мақал-мәтелдер  білімгерлердің  сабаққа  деген  ынталарын  арттырып,  ана 
тілінің терең қатпарларын игеруге және асыл маржандарын түсінуге кӛмектеседі. 
Мақал-мәтел – әрі қысқа, әрі нұсқа айтылған сӛз мәйегі, ой маржаны. Семинар сабақ 
барысында  білімгерлер  мақал-мәтелдерді  пайдалану  арқылы  сӛзін  нақты,  кӛркем  әрі 
әсерлі  жеткізуге  дағдыланады.  Сонымен  қатар  білімгерлердің  лидерлік  қабілетін 
жетілдіріп,  ӛз  пікірін  дәлелдеуге,  құрбы-құрдастарымен  еркін  пікірлесуге  ықпал  етеді. 
Мақал-мәтелдер білімгерлердің тілдік материалдарға қызығушылығын арттырып,  сӛздік 
қорын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын, еңбекқорлығын жетілдіріп, олардың 
жеке тұлғалық қабілеттерін тәрбиелеуде маңызды рӛл атқарады. 
Қоғамның  қазіргі  даму  кезеніңде  болып  жатқан  әлеуметтік,  саяси  және  жаңа 
технологиялық ӛзгерістердің әсерінен, ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардан білім беру мен 
тәрбие  жүйелерінің  ісін  жаңа  сатыға  кӛтеру  қажеттілігі  туындап  отыр.  Осыған  орай, 
бүгінгі  таңда  қоғамның  ұлттық  мәдени  тұрғыдан  кемелденуі  жас  ұрпақты  ӛз  халқының 
рухани қазынасымен ұлттық тәрбиенің озық, ӛнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, 
соның  негізінде  жеке  тұлғаны  қалыптастырып,  оның    шығармашылық,  рухани  
мүмкіндіктерін дамыту кӛзделеді. Ӛйткені, еліміздің болашағы, оның материалдық және 
рухани дамуы жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің деңгейіне байланысты. 
Әр жасӛспірімнің қалыптасып дамуына ӛзі күнбе күн ӛмірден сезіп, еститін, кӛретін 
заттар  мен  құбылыстар,  оқиғалар  үлкен  орын  алады.  Солардың  ішіндегі  негізгісі-  қазақ 
халқының  ұлттық  мәдени  құндылықтары.  Қазақ  халқының    сан  ғасырлар  бойы  бойы 
жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз ертегілері, 
жұмбақ,  мақал-мәтел,  ӛлең  жырлары,  ұлттық  ойындарының  ерекше  тәрбиелік  мәні  бар, 
баға жетпес асыл қазынасы екені белгілі. 
Мақал-мәтел тек сӛздік қорды молайтып, сӛйлеу мәнерін дамыту үшін ғана емес, жас 
ұрпақты  тәрбиелеуде  де    ерекше  орын  алады.  Семинар  сабақтарында  мақал-мәтелдерді 
пайдалану  арқылы біз білімгерлерді жан-жақты тәрбиелей аламыз. Ӛйткені ақ пен қараны 
ажырататын әділ таразы болып табылатын халқымыздың мақал-мәтелдері  адамның жан-
жақты    тәрбие  алуына  негізделген.  Мақал-мәтелдердің  мазмұны    бабаларымыздың  ӛмір 
тәжірибесін    қамти  отырып,  біздің  санамызды,  әсемдік  сезімімізді,  талғамымызды, 
кӛзқарасымызды  дамытады.  Сонымен  бірге  ұлтымыздың  мақал-мәтелдері  сӛздің 
мағынасын  түсіне  білуге  және  тапқырлыққа  баулиды,  шеберлікпен  шығармашылыққа  
бастайды,  кӛркем  сӛз  табиғатына  жетелеп,  кӛңілге  қонымды,  ойлы,  бейнелі  сӛйлеуге 
үйретеді. 

137 
 
Мақал – мәтел халықтың ӛз перзенті, ӛзі жасаған баға жетпес қазынасы, ӛзіне жақын 
да,  түсінікті  де,  сондықтан  сүйікті  де.  Бұлар  сан  ғасырлар  бойы  заман  сынынан  ӛткен, 
керегіне жараған және ӛміріне ӛнеге болған, қисығын түзететін таразы болған.   
Қорыта  келе,  қазақ  мақал  –мәтелдерін  семинар  сабақтарында  тиімді,  талғамды 
пайдаланса,  барлық  сабақтар    тартымды  әрі  мағыналы  болар  еді.  Мақал  мен  мәтелдің 
ғибраттық,  ӛсиеттік  мәні,  болашақ  мамандарды  дүниетану  қабілеттерінің  дамуына 
баулумен,  ұлтжандылыққа  тәрбиелеумен  қатар,  ӛмір  шындығының    кӛрінісі  ретінде  
ұлтымыздың тарихымен танысуға да септігін тигізеді.  
Каталог: journals -> 1425
journals -> №3(63)/2011 Серия филология
journals -> №4(56)/2009 Серия история. Философия. Право
journals -> Казахский национальный
journals -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 / 2015
journals -> Рецензируемый медицинский научно-практический журнал
journals -> Редакционная коллегия: В. В. Тулупов — главный редактор
journals -> Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады
1425 -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық республикалық журнал


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет