Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



жүктеу 2.6 Mb.
Pdf просмотр
бет16/24
Дата15.03.2017
өлшемі2.6 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24

Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Айталы А. Ұлттану: Оқу құралы. – Алматы: Арыс, 2000. 
2.
 
Салғараұлы Қ.  Ертеңі бар ел боламыз десек. – Алматы, 2000. 
3.
 
Ӛ.Тұрманжанов.  Қазақ мақал – мәтелдері. Алматы,   «Ана тілі», 1993. 
4.
 
Қазақ мақал – мәтелдері -1997.   
 
Аннотация.  На  семинарских  занятиях  речь  шла  об  особенностиях  использования 
казахских пословиц и поговорог. 
Annotation. Seminfres were devoted to some peculicrities of the use of Kazakh 
 
 
 
ӘӚЖ 81.213     
   
ЖАСТАРДЫҢ  БОЙЫНА ПАТРИОТТЫҚ  
ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Кҥмісбекова Ж.Н., Бегалықызы Б. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Ұрпағымызды  кеудесінде  намысы  бар,  білімді,  туған  елін,  жерін  сүйетін  ӛнегелі 
ұрпақ  етіп  ӛсіргіміз  келсе,  бар  назарды  келешек  ұрпақ  тәрбиесіне  аударуымыз  қажет. 
Қазіргі білімнің болашағы мол факторларының бірі – патриоттық тәрбие.  
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  мемлекеттік  білім 
құжаттарында  маңызды  орынды  патриотизм,  патриоттық  тәрбиеге  береді.  Әсіресе, 
бастауыш сынып оқушылары ӛзінің «қазақстандық» екенін мақтанатындай етіп тәрбиелеу 
үшін педагогика, халық педагогикасына сүйену қажет екенін айтады.  
Патриоттық тәрбиенің мазмұны мынадай қасиетті қалыптастыруды кӛздейді: Отанын 
сүю  және  азаматтығын  мақтан  тұту;  ӛз  отанының  болашағы  үшін,  мамандығы  үшін 
қызмет ету, ана тілін жетік меңгеріп сүйе білу халқының салт  – дәсүрін, ерекшеліктерін 
білу, дінге, тарихи мұраларға құрметпен қарау, ӛз отандастарына, сондай  – ақ басқа ұлт 
ӛкілдеріне адамгершілік кӛзқарас білдіру.  
Қазақстандық  отаншылдыққа,  ұлтжандылыққа,  елдегі  барлық  халықтарды  достық 
қатынасқа  тәрбиелеу  аса  маңызды  міндет.  Қазір  Қазақстан  Республикасы  –  тәуелсіз 
мемлекет. Мұнда кӛптеген ұлттар мен халықтардың бір – бірімен тату – тәтті, сыйластық, 
ынтымақта  қатынас  жасауы  тиіс.  Қазақстан  олардың  бәрінің  отаны  болғандықтан  біздің 
елді  мекендеген  барлық  халықтар  отаншылдық  рухында  тәрбиеленуі  қажет.  Мектеп 
оқушылары  арасында  жүргізілген  жұмыстарымызда,  сабақтарда  оларды  қазақстандық 
отаншылдыққа тәрбиелеуге ерекше мән беруіміз керек. Ал қазақ жастарын отаншылдыққа 
тәрбиелеуге үлкен міндеттер жүктеледі. Ӛйткені, Қазақстанның байырғы тұрақты халқы – 
қазақтар,  жердің  де,  елдің  де  негізгі,  түпкі  иесі  солар.  Сондықтан  да  алдымен  қазақ 
жастарын отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу ерекше маңызды.  
Патриоттық  тәрбие  мәселесі  адамзат  тарихының  ӛн  бойындағы  ұрпақтан  –ұрпаққа 
жалғасып  келе  жатқан  ұлы  мақсат  болғандықтан,  мектеп  оқушыларының  бойындағы 

138 
 
Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар 
ұлы, 
ержүрек 
қолбасшы,жазушы, 
Қазақстанның 
Халық 
Қаһарманы 
батыр      
Б.Момышұлы  атамыздың  кейінгі  ұрпаққа  үлгі  етіп  қалдырып  кеткен  ӛсиеттерінің  және 
ерлікке толы шығармаларының   алатын 
 орны   ерекше.  
    
«Ұлттық  патриотизм»  және  «Қазақстандық  патриотизм»  ұғымдары  арқылы  Отан, 
туған ӛлке, туған халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділгі арта түспек. Ал түсінік 
дегеніміз  –бір  нәрсенің  мағынасы  мен  мәнін  ұғыну.  Сӛйтіп,  «ұлттық  патриотизм  және 
«қазақстандық  патриотизм»  ұғымдарына  анықтама  беру,  олардың  мазмұнын  құрайтын: 
отансүйгіштік  сезімін  дамыту,ұлттық  салт-дәстүрді  ұстану  мен  мемлекет  рәміздеріне 
құрмет  қалыптастыру,  т.б.  тәлім-тәрбиелік  мүмкіндіктерін  кеңейте  түседі.Осыларды 
кӛздеп  жүргізген  зерттеу  еңбегімізде  педагог,  психолог,  философ  ғалымдар  мен  ақын  –
жазушылардың ой-пікірлеріне сүйене отырып «ұлттық патриотизм»  және «қазақстандық 
патриотизм» ұғымдарына анықтама беруге ұмтылдық. Сондай – ақ бұл ұғымның маңызын 
ашып кӛрсету жас буындарды тәрбиелеуде бүгінгі күннің кезек күттірмейтін қажеттігінен 
туындап 
отыр.  
      Қазақстандық  патриотизмнің  арқауы  қазақ  мемлекетіне  деген  сүйіспеншілік,  ұлтына 
сенімі, нанымы, саяси кӛзқарасы, т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық ӛзі ӛмір сүріп, күн 
кӛріп отырған мемлекетін-«Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына 
сыйластық,оның заңдарында бас ию, рәміздеріне құрметтеу, жетістігіне сүйсініп, мақтану, 
кемшіліктерін  болдырмаудың  жолын  қарастыру  қазақстандық  патриотизмнің  белгілері 
болуы керек. 
Патриотизм  –  адам  тұлғасының,  оның  рухани  дүниесі  мен  тіршілік  іс-әрекетінің 
барлық жақтарымен байланыстағы маңызды, түпкілікті қасиеттерінің бірі деп есептеледі.  
Патриотизмде 
тұлғаның 
дүниетанымдық 
жетілуі, 
адамгершілік 
сенімділігі, 
құндылықтарды  бағалай  білу  біліктілігі,  азаматтық  бағыт-бағдары,  оның  ӛмірлік 
кӛзқарасы  тәжірибелік  мінез-құлқы  кӛрсетіледі.  Сондай-ақ,  табиғат  аясына  серуенге 
шығудың    мектепке  дейінгі  балаларға  жан-жақты  әсер  ете  алатын  танымдық  қасиеті 
болғандықтан, ол оған барлық осы аспектілерді, патриоттық сана, сезім және іс-әрекетті 
қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. 
Отандық патриотизм – бұл елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну. Мәселен, кез 
келген  адамның  ӛзі  туып-ӛскен  жеріне  бауыр  басуы,  ана  тілін  толық  меңгеріп,  оған 
құрметпен  қарауы,  ӛз  Отаныңның  мүддесін  ойлау,  туған  жеріңе  деген  адалдық  және 
азаматтық  сезімдер,  ӛз  еліңнің  саяси,  экономикалық,  әлеуметтік,  мәдени  саладағы  же-
тістіктерін мақтан ету, ӛз Отаныңның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау, ата-бабаларың 
мен  Отаныңның  тарихына  құрметпен  қарау,  сондай-ақ,  ӛзіңнің  табанақы,  маңдайтеріңді 
туған  еліңнің  гүлденуіне  арнау  –  бұлардың  барлығы  да  қазақстандық  патриотизм  деген 
ұғымның ішіне сияды. Бұл мәселені ашып айту үшін, мынадай мақсаттарды бӛліп алайық. 
Біріншіден,  азаматтардың  бойында  жоғары  патриоттық  сезімді,  ӛз  Отанына  деген 
адалдықты  қалыптастыру  қажет.  Ол  үшін  әр  адам  ӛз  Отанының  мүддесін  қорғауда  аза-
маттық борыштары мен конституциялық міндеттерін атқаруға әрқашан дайын болуы тиіс. 
Екіншіден,  әр  тұлғаның  бойында  белсенді  азаматтық  ұстанымын  қалыптастыру.  Бұл 
ұстаным бала жастан, отбасындағы, ӛскен ортасындағы тәлім-тәрбиеден бастау алатыны 
баршаға  мәлім.  Үшіншіден,  жас  жігіттер  мен  қыздардың  рухын  шыңдайтын  әскери-
патриоттық тәрбие беру. Тӛртіншіден, әртүрлі ұлт, нәсіл, конфессиялардың ӛзара қарым-
қатынасының принципі  ретінде тӛзімділікке тәрбиелеу.  Бесіншіден,  қоғам мен тұлғаның 
әлеуметтік жағынан маңызды құндылықтарын қалыптастыру және дамыту. 
Балаларды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу – оларды жаңа заманның талабына 
сай  кӛпұлтты  Қазақстан  халқының  болашағын  қамтамасыз  ету  үшін  ӛзін-ӛзі  дамытуға 
дағдыландыру,  белсенділікке,  біліктілікке,  шығармашылыққа  бағдарлау,  ұлттық 
құндылықтарға,  сүйене  отырып  балалардың  серуендеу  іс-әрекеттері  арқылы    ішкі  жан 
дүниесін, елжандылық пен патриоттық сезімін, туған ӛлкесіне сүйіспеншілігін дамытып, 
қалыптастыру деген анықтама беруге болады 

139 
 
Р.А.Жаңабаеваның  пікірінше:  «Патриотизм  ұғымы  азаматтардың  қоғамдық  ӛмірдің 
саяси құрылымына және басқа да компонеттеріне деген идеологиялық қарым-қатынасын 
білдіреді.  Әрбір  адам  осы  бір  жоғары  да  ізгілікті  сезімді  әр  түрлі  түсінетіні  белгілі: 
біреулер  бұл  ұғымды  ӛз  отбасы,  істеп  жүрген  жұмысы,  туып-ӛскен  және  мекен  ететін 
жерімен астастырса, ал екінші біреулер үшін бұл мемлекет, ел, қоғам, қоршаған ортаны 
тұтасымен  қамтитын  аса  кең  мағыналы  ұғым.    Патриотизм,  жалпы  алғанда,  ұлттық 
мәдениеттің, ал, жекелей алып қарағанда, саяси мәдениеттің элементі болып табылады»,  - 
деп тұжырымдаса.  
Ал,  С.Иманбаева:  «кӛпұлтты  Қазақстан  үшін  қазақстандық  патриотизмді 
қалыптастырудың негізгі бағыттары: бірінші – ұлттық экономиканың дамуы, қалыптасуы 
мен  оның  халыққа  қызмет  етуі,  екінші  –  Қазақстанды  мекендейтін  халықтардың  еркін 
дамуы, тілі, діні, мәдениеті, әдет-ғұрпы және мемлекетке атын берген ұлттың тілін, дінін 
құрметтеу  мен  сол  елді  Отаным  деп  тану,  тәуелсіздігі  мен  егемендігін  сақтауға  бір 
адамдай  ат  салысу,  еліміздің  рәміздеріне  құрметпен  қарау,  үшіншіден  -  ӛңірлік  және 
халықаралық ынтымақтастықты дамыту және т.б,» - деген анықтаманы береді. 
Д.Құсайынова  «патриотизм»  дегеніміз  –  адамның  туа  біткен,  биологиялық  қасиеті 
емес, ол  – әлеуметтік, тарихи қалыптасқан, Отанға деген сүйіспеншілік сезім, ол Отанға 
қызмет етуден кӛрінеді,  - деп анықтап, Патриотизмнің мазмұнына мыналарды жатқызған 
жӛн:  адамның  ӛзі  туып-ӛскен  жеріне  сүйіспеншілік  сезімі;  ана  тіліне  құрметпен  қарау; 
Отан  мүдделеріне  қамқорлық  жасау;  азаматтық  сезімдердің  кӛрініс  беруі  және  Отанға 
адалдықты  сақтау,  оның  бостандығы  мен  тәуелсіздігін  қорғау;  әлеуметтік  және  мәдени 
жетістіктерге  деген  мақтаныш;  Отанның  тарихи  ӛткеніне  және  одан  қалған  мұраларға, 
дәстүрлерге құрметпен қарау; ӛз еңбегін, күш-жігері мен қабілеттерін Отанның гүлденуіне 
арнауға ұмтылу»,  - деп мазмұндық сипаттама береді.  
Патриоттық  тәрбие,  ұлттық  намыс,  ұлттық  сана-сезім  рухани  байлықтан  кӛрініс 
табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт - дәстүрімізді 
жатқызсақ,  тіл  -  қазақ  болуымыз  үшін,  дін  -  адам  болуымыз  үшін,  салт  –  дәстүр  -  ұлт 
болуымыз  үшін  қажет.  Патриотизм  сезімінің  оянуы  мен  қалыптасу  үрдісін  белгілі  бір 
асқақ сезімдерден, мақтаныш - сүйініштен бӛле - жара қарауға болмайды. Ол елінің ӛткен 
тарихын  мақтаныш  тұту,  жерінің  байлығына,  әсем  кӛркіне  сүйсіну,  атадан  балаға 
жалғасып, жақсы үрдісін тапқан ұлттық тілді құрметтеу. Осы сезімдерден туатын, санада 
орнығып  қалыптасатын  асыл  қасиеттер  ұлттық  патриотизм  деңгейінде  ӛркен  жайып, 
азаматтық  патриотизм  биігіне  ұласатын  сыңайлы.  Әрине,  бұл  ӛздігінен  бола  салатын 
нәрсе  емес,  ол  да  нақты  тәрбиенің  жемісі.  Бұл  тәрбиенің  жемісін  еккен  әрине,  мектеп 
жасына дейінгі балалар үшін - тәрбиеші, ал орта білім мен жоғарғы білім алушылар үшін 
–ұстаздар  
қауымы  
деп   айтуға  
болады. 
Қорыта айтқанда, оқушылармен осы жоғарыда баяндалғандай патриоттық сезімдерді 
жеткізе  білсек,  оқушының  кӛкейіне  патриотизм  туралы  ой  сала  білсек,  үлгі  кӛрсетсек, 
онда заманға сай, қоғамға керекті азамат, отансүйгіш, елсүйгіш азамат, елге қызмет ететін 
қайраткер тәрбиелейміз. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1.
 
С. Иманбаева «Ұлттық потриотизм негіздері» Алматы, 2004 ж 
2.
 
Жастарды  патриотизмге  тәрбиелеу  -  мұғалімнің  басты  міндеті  //  Қазақстан  орта 
мектебі – 2005. 
3.
 
Патриоттық тәрбие берудің  әдiснамалық негiздерi //Бастауыш мектеп. -2005 
4.
 
Қазақстандық патриотизмнің негізгі тірегі //Қазақстан мектебi. -2005 
 
Аннотация. Рассмотрена пути патриотического воспитания молодежы. 
Annotation.In the wjke were considered some ways of the patriotikal educatione of  youth. 
 
 

140 
 
ӘОЖ 541. 21: 54  
 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА  ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 
ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУДА  ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ 
МАҢЫЗЫ 
 
Мунайбекова Б. 
Оңтҥстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы 
 
Қазақстан  Республикасының  ―Білім  туралы‖  заңының  5-тарауындағы   41-баптың  1-
бӛліміндегі  ―педагог  қызметкерлер  ӛз  біліктілігін  артыруға  міндетті‖  деп  кӛрсетілуі, 
―Қазақстан-2030‖ стратегиялық бағдарламасында елбасының ―біз балаларымызға ӛзіміздің 
жақын және алыс кӛршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз 
керек‖  деген  сӛзі  бүкіл  ағартушы  қауым  алдында  ―Оқу  тәрбие  үрдісіне  жаңа 
педагогикалық  технологияларды  енгізу  арқылы  оқушылардың  білім  сапасын  арттыру, 
шығармашылық қабілетін дамыту‖ ӛзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі.  
     Мектеп  –еліміздің  халыққа  білім  беру  жүйесінің  –  күрделі  тармағы.  Сондықтан 
мектебіміздің  мақсаты:  жеке  тұлғаны   жан-жақты  дамытудың  алғы  шарты  ретінде 
оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту [1;31].  
Міндеттері ретінде: 
   Оқу –тәрбие үрдісіне диаагностикалық талдау жасау 
   Оқушының жеке тұлғасының мониторингісін құру 
   Оқу –тәрбие үрдісін ізгілендіруді жүзеге асыру, оқушының білім сапасын кӛтеру 
негізгі мақсат.Оқушыға қойылатын талаптар: 
   қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу; 
   ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру; 
   алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу; 
   ӛзін - ӛзі талдауды, ӛзін - ӛзі бағалай білуді меңгеру; 
   басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай   технологияларды 
пайдалана білу (интернет, электронды пошта); 
    қоршаған ортада ӛз орныңды , жеке рӛліңді анықтай білу; 
   Сондықтан, мектеп мұғалімінің сапасын соңғы нәтижеге бағыттау керек.  Кӛздеген 
мақсатымыздың  нәтижесін  кӛреміз,  мұғалімнің  кәсіби  шеберлегін  дамытуға  қажетті 
жағдай жасау арқылы білімнің жаңа парадигміне ӛту тәртібі бойынша ғылыми-әдістемелік 
жұмысын  ұйымдастыру.       Мектеп  мұғалімдері  шығармашылық  жұмыспен  айналысуға 
даяр болуы керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет.     Елбасының  егемен елімізге арналған 
Жолдауында  ―Біздің  болашақтағы  жоғары  технологиялық  және  ғылыми  қамтымды 
ӛндірістері  үшін  кадрлар  қорын  жасақтауымыз  қажет‖  деп  айтқаны  бәрімізге  белгілі. 
Сондықтан,  оқушылардың  ғылыми  зерттеу  жұмыстарына  қызығушылығын  арттыру, 
шығармашылық  қабілетін  дамыту,  заманауи  жаңа  технологияны  пайдалану  мәдениетіне 
тәрбиелеу – мектептің міндеті.  Бұл салада қазіргі мектептерімізде  жүргізіліп,орындалып 
жатқан жұмыстар да жеткілікті, алайда атқарылатын жұмыстар да жетіп артылады.  
            ―Баланың  шығармашылық  қабілетін  ашу,  оны  алға  қарай  дамыту  үшін  ең 
бастысы жағдайлар жасау қажет‖[2].  
Оқушының  дарындылығының  дамуы,  қабілетінің  ашылуы  кӛбінесе  мұғалімнің 
кәсіби  біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Мектеп 
мұғалімдерінің  пікірінше  талапты,  дарынды  оқушылар  –  жақсы  оқушылар.  Белгілі 
ағылшын  психологі  П.Торранстың  зерттеулері  бұл  пікірдің  мұғалімдер  арасында  жиі 
кездесетінін  анықтады.  Оларға  оқуда  қиыншылық  туғызбайтын,  тәртіпті,  ұйымшыл, 
білімді, тұрақты, ұғымтал, ӛз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар кӛбірек 
ұнайды.  Ал  қисынсыз  сұрақ  қоятын,  ӛз  жұмысымен  ғана  айналысатын,  тәуелсіз,  кӛбіне 
түсініспеушілік  туғызатын,  қияли,  әр  нәрсеге  кӛзқарасы  бӛлек  оқушылар  ұнамайды. 

141 
 
П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын 
кӛрсететін  және  оның  нашар  оқитын  оқушылардың  арасында  да  аз  емес  екендігін 
айқындаған.  Сондықтан  мұғалімдер  осы  зерттеулердің  нәтижесін  есте  ұстағаны 
жӛн.       Дарынды  оқушымен  жұмыстың  негізгі   мақсаты-  олардың  шығармашылық 
жұмыста ӛзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу 
бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы 
жүзеге  асады.    Дарынды  оқушымен  жұмыс  жүйесіндегі  мұғалім  маңызды  орын 
алады.  Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана 
жақсы  мұғалімге  байланысты.    Бұл  контексте  болашақ  мұғалімді  жаңашыл 
педагогтердің  
инновациялық 
тәжірибесін 
шығармашылық 
ынтамен 
меңгеру 
және   пайдалану  арқылы  даярлаудың  келешегі  зор  деп  ойлаймыз.  Жаңашыл  педагогтер 
оқушының  жеке  тұлғалық  абройын  барынша  құрметеуге,  оның  шығармашылық 
қабілеттері  мен  бейімділіктерін,  ӛздігімен  ойлау  қабілетін  дамытуға,  жағымды 
эмоциональдық  педагогикалық  үрдісті  қалыптастырып,  одан  педагогикалық  зорлықтың 
барлық түрін аластатуға  бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.  
Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді: 
   оқытуды мұғалім мен оқушының ӛзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде 
қабылдау. 
    Күрделі  мақсат  идеясы  (оқушының  алдына  барынша  күрделі  мақсат  қойылып, 
оны орындай алатындығына сенімін нығайту); 
   Ӛзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау); 
   Ерікті  таңдау  (мұғалімнің  оқу  материалының  жақсы  меңгерілуі      мақсатында 
сабақ уақытын ӛз бетінше пайдалануы); 
   Оқушылардың ӛзін- ӛзі шығармашылық басқаруы; 
   Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау; 
   Ата- аналармен ынтымақтастық құру; 
Сонымен,  жаңашыл  педагогтердің  инновациялық  тәжірибесі  тұлғаны  дамытуда 
ізгілік және шығармашылық кӛзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды. 
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар: 
   ӛзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу; 
   оқушы дарындылығының моделін білу; 
   қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу; 
   дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана кӛңіл бӛлмей оның 
басқа да кӛрсеткіштерімен байланысына да кӛңіл бӛлу; 
   дарынды  оқушылардың  ерекшелігін  ескере  отырып,  оларға  шығармашылықпен 
жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі. 
Мұғалімнің іскерлігіне қойлатын талаптар: 
   дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы; 
   дарынды  оқушыларды  (жекелей  және  топпен)оқытуға  арналған  бағдарлама 
құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі; 
   оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы; 
   дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі; 
     дарынды  оқушының  ғылыми  –ізденіс  жұмыстарымен  айналысуына  жетекшілік 
етуі; 
   дарынды  оқушыны  олимпиадалар  мен  сайыстарға  дайындауда  жетістікке  жете 
алатындай деңгейде жұмыс жасауы. 
     Сондай-ақ  дарынды  оқушылармен  нәтижелі  жұмыс  жасайтын  мұғалімнің  кәсіби 
―бейнесі‖  мынадай  қасиеттерден  тұрады:  жоғары  кәсіби  біліктілік,  даралық  қасиет, 
білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми  зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін 
ӛздігінен  жетілдіруге  ұмтылушылық.  Дарынды  оқушымен  жұмыс  мұғалімнің  ӛзіне, 
қызметіне  және  кәсіби  біліктілігіне  жаңа,  жоғары  талаптар  қояды.  Тіпті  оның  кәсіби 
жетілуіне  ӛзгеше  емтихан  болып  табылады  .  Ұлы  ойшыл  Плутарх  кезінде  былай  депті: 

142 
 
―…Кӛптеген  табиғи  талант  дарынсыз  ұстаздардың  кесірінен  жойылып  кетеді.  Олар 
дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай,  тұпарды  есекке айналдырып құртып 
тынады‖. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек. 
Оқушылардың шығармашылық  қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды 
мынадай жолдармен ӛткізуге болады: 
1.     Сабақта кең кӛлемде кӛрнекі құралдарды пайдалану; 
2.     Сабақты түрлендіріп ӛткізу; 
3.     Сабақта оқушылар ӛздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану; 
4.     Техникалық құралдарды тиімді қолдану; 
5.     Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді кӛрсету. 
    Қорыта  келгенде,  О.Бальзактың  ―ұдай  еңбек  ету-  ӛнердің  де,  ӛмірдің  де  заңы‖ 
дегеніндей, оқушылардың шығармашылық  қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге 
үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. 
      Әрине,  артқарылған  істер  аз  емес.  Дегенмен,  әлі  де  болса  бізді  ойландыратын, 
толғандыратын  істер  жетерлік.  Атап  айтқанда,  олар  –  білім  сапасын  арттыру, 
оқушылардың  біліміне,  ойлау  қабілетіне  сай  деңгейлеп   оқыту,  ғылыми-ізденіс 
қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Ӛйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой 
ӛрісі  жоғары дамыған, зерделі,  жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен 
шығармағанымыз жӛн.  
    Соңғы кездерде педагогикалық технология жӛнінде жиі сӛз қозғалып жүр. Адамзат 
баласының ӛз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық,  тиімді,  ізденістерін, тәжірибелерін 
жалғасытырып,  тың  жолдарын  іздеу,  классикалық  педагогиканың  озық  үлгілерін 
жаңашылдықпен  дамыту  жалғаса  бермек.  «Педагогикалық  технология»  дегеніміз  не? 
Педагог-  ғалым  Беспалько  ӛзінің  «Слагаемые  педагогической  технологии»  деген 
еңбегінде  былай  дейді:  «Оқу  тәрбие  процесінің  алдын  ала  жүйелі  түрде  жоспарлануы 
және  оның  тәжірибеде  жүзеге  асуы  –  белгілі  бір  педагогикалық  жүйенің  тәжірибеде 
жүзеге  асу  жобасы».  Педагогикалық  технология  оқыту мақсатына  жетудің  тиімді  нақты 
жолдарын кӛрсетеді. 
    «ХХІ  ғасырда  білімі  дамымаған  елдің  тығырыққа  тірелері  сӛзсіз»  –  делінген 
Қазақстан  халқына  жолдауында  президентіміз  Н.Ә.Назарбаевтың  18  ақпан  2005  жылғы. 
Бұл  мәселе  жалпы  білім  беретін  мектептерге  байланысты  айтылып  тұрғандығы  белгілі. 
Сол  орта  мектептен  толық  қанды  сапалы  білім  алған,  оның  бағдарламасын  толық 
меңгерген  баладан,  яғни,  оқушыдан  болашақта  жақсы  маман  білімді  адамзат  шығары 
анық.  Мектепте  жұмыс  атқаратын  әрбір  мұғалімге  қазіргі  таңда  талап  ӛте  үлкен  болып 
отыр.Мұғалім ӛзінің инновациялық  іс  -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа 
педагогикалық  технологияларды  оқу-тәрбие  үрдісінде  жүйелі  пайдалану  арқылы 
оқушылардың  білім  сапасын  арттыруы  қажет.  Жалпы  білім  беретін  мектептерде  бүгін 
белең алып отырған кемшілік те жетерлік [3;41].  
Олар мына тӛмендегідей: 
- білім сапасының тӛмендігі 
- білім сапасына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен, оқудың нәтижесінің 
болмауы 
- оқушылардың ӛздігінен білім алу дағдысының болмауы. 
- Сабаққа қызығуының тӛмендігі 
- Оқушылардың және оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы 
   Оқу-тәрбие  үрдісіне  жаңа  педагогикалық  технологияларды  ендірудің  алғашқы 
шарты:  мұғалімдердің  иннновациялық  іс-әрекетін  қалыптастыру  болып  табылады.  Жаңа 
педагогикалық  технологияларды  меңгерген  әрбір  мұғалім  ӛз  сабағын  нәтижелі  даму 
жағынан кӛре алады. 
   Мұғалім  алғаш  жаңа  педагогикалық  технологияларды:  оқып  үйренеді,  екнішіден, 
меңгереді,  үшіншіден,  жаңа  педагогикалық  технологияларды  тәжірибеде  қолданады, 
тӛртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді. 

143 
 
    Жаңа  педагогикалық  технологиялар  педагогика  ғылымының  жаңа  саласы. 
Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың 
тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің кӛтерілуіне жағдай жасайды. Инновацияны 
«жаңалық», «жаңа әдіс», «ӛзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті 
«жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады. Қоғамның дарында адамдарға деген қажетін 
қанағаттандары  талабы  оқыту,  білім  беру  жүйесінің  алдына  баланың  жеке  қабілеті  мен 
әлеуметтік  белсенділігінің  дамуына  жол  ашу,  шығармашылық  тұлға  қалыптастыру 
міндетін қойып отыр. 
    Алдымыздағы  межеленіп  отырған  12  жылдық  білім  беру  жоспарының  ішіндегі 
бастауыш мектептегі оқыту жүйесі де басты назарда. Келешекте біздің қоғамымызда жеке 
тұлға  қалыптастырудың  негізгі  міндеттерін  бастауыш  мектеп  шешуі  тиіс.          Бастауыш 
мектеп  – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу оның тұлға ретінде ӛзін-ӛзі  ашуға, жалпы 
дамуының қалыптасуына жағдай  жасайтын негізгі саты. Қазіргі таңдағы мұғалім оқушы 
үшін  «  дайын»  білім  кӛзі  болмай,  керісінше  кіші  мектеп  оқушыларының  танымдық  іс-
әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білуі қажет. Қазіргі кезде ҚР-да 12 
жылдық  1-2  сыныптарында  оқулықтарымен  оқу  әдістемелік  кешендер  сынақтан  ӛтуде. 
Кіші  мектеп  жасындағы  оқушының  негізгі  ерекшелігі  –  білімді  қазығушылықпен  алуы. 
Бүгінгі  таңда  ӛмірде  болып  жатқан  ӛзгерістерге  байланысты  қоғамның  шығармашылық 
әрекетпен шығырмашыл тұлғаға мұқтаж екендігі дәлелденуде. Ана тіліміздің мемлекеттік 
мәртебеге  ие  болуы,  ұлттық  мектептердің  кеңінен  ашылу  түсуі  –  пән  мұғалімдеріне 
күрделі міндетті жүктеп отыр. Бұрынғы догмалық әдістерден арылып, тиімді әдістемелік 
жолдарды қажетіне қарай пайдаланып отыру тәжірибеге айналып келеді. 
                Қазіргі  уақытта  Қазақстанда  білім  берудің  ӛзіндік  ұлттық  үлгісі 
қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының ӛзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі 
ескі  мазмұнның  орнына  жаңасы  келуде.  Заман  ағысына  сай  технологияларды  қолдану 
ауқымы,  түрлері  ӛзгеріп  отырады.  Бірақ  ең  бастысы  технологияларды  тиімді,  жүйелді 
қолдану  керек.  Республикада  оқыту  мазмұны  жаңартылып,  жаңа  буын  оқулықтарының 
негізінде  жасалған  бағдарламалар  бастауыш  мектептің  жаңа  жүйеге  кӛшуін,  әрбір 
мұғалімнен  жаңаша  жұмыс  істеуін,  батыл  шығармашалық  ізденісін,  оқушылардың 
белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім ӛз білімін 
жан-жақты  жетілдіре  отырып,  оқушыны  қызықтырып  оқыту  керек  екенін  айтқан.  Ұлы 
неміс  пегагогы  А.А.Дистервег:  «Жаман  мұғалім  ақиқатты  ӛзі  айтып  береді,  ал  жақсы 
оқушының ӛзін  ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді»  – деген. Республикамыздың білім 
беру жүйесінң ең басты мәселесі – қазақ мектебі түлегінің деңгейін халықаралық дәрежеге 
жуықтату.  Ол  үшін  мектепке  заман  талабына  сай  мемлекеттік  білім  стандарын  енгізу, 
соған сәйкес кәсіби шеберлігін дамыған кадрларымен қамтамасыз ету ӛркениетті ғылыми 
әдістемелік  бағытқа  ынталандыру,  жаңа  базистік  оқу  жоспары  мен  жаңа  буын 
оқулықтарына  кӛшу,  орта  білімді  ақпараттандыру,  т.с.с.  білім  беру  саласында  жүйелі 
жұмыстар атқару еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер. Қазақстан 
Республикасының «білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті  – ұлттық 
және  жалпы  адамзаттың  құндылықтары,  ғылым  мен  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды 
қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар, 
оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық 
ғаламдық коммуникациялық  желілерге  шығу » делінген. Сондықтан оқыту да қоғамдық 
құбылысқа жатады [4;17].  
Инновациялық технологияны оқыту екі бағытта жүргізіледі: 
1.
 
Білім,  білік  дағдыны  меңгертуде  ақпараттық  технологиялардың  мүмкіндіктерін 
тануға, оларды түрлі мазмұнды мәселелерді шешуге пайдалану; 
2.
 
Инновациялық  технологиялар  оқу-тәрбие  үрдісін  ұйымдастырудың  ықпалдығын 
арттырудың ортасы болып табылады. 
Бастауыш  пәндердің  мұғалімдерін  оқу  үрдісіне  ақпараттандыру  технологияларды 
пайдалануға  даярлаудың  дидактикалық  негізін  оқыту  мазмұнына,  әдістеріне,  оқыту 

144 
 
мақсатына  жетуге  бағытталған  оқытудың  ұйымдастырылған  пішімдеріне  қойылатын 
талаптарды  анықтайтын  дидактикалық  принциптерден  құралады.  Сонымен  қатар 
ақпараттық  жалпы  қасиеттерін,  оның  түрлерін,  адамды  дамыту  және  тәрбиелеудегі 
ықпалық  талдау  негізінде,  ақпарат  оқу  үрдісінің  нақты  сатысында,  оқушымен 
әрекеттерінің әрбір мезетінде ықпалды қолданылуы тиіс екендігі анықталады. Бұл жерде 
мұғалім  оқу-тәрбие  үрдісінің  жалпылай  мақсатын  ғылыми  тұрғыдан  қарастыруды 
түсіндіре  отырып,  оқушылардың  шығармашылық  дайындығын,  тапсырманы  орындау 
тәсілдерінің  сәйкестігін  анықтап  отырады.  Білім  меңгеруде  мұғалім  мен  оқушының 
біріккен  еңбектері  қажет.  Қазіргі  заманғы  педагогикалық  ой  тұжырымдамада  гуманизм 
идеялары,  еркін  білім  беру,  оқушының  жеке  тұлғалық  күшін  дамыту,  оның 
шығармашылық  потенциялының  дамуы  басты  рӛлді  атқарып  отыр.  Олай  болса  қазіргі 
ұстаздар  қауымының  алдындағы  белсенді,  шығармашылық  іс-әрекетіне  қабілетті,  еркін 
және жан-жақты жетілген тұлғаны дамыту. 
Оқушылардың  шығармашылық  іс-әрекетіне  жағдай  тудыру  дегеніміз  оқушыны 
білуге  үйрету.  Бастауыш  сабақтарында  оқушылардың  ойлау  қабілетін  жан-жақты 
дамытуға бағыттайтын жаңа оқыту технологияларын тапсырмаларымен бағытталған. 
Осының нәтижесінде оқушылардың жұмыстарының нәтижесі мынадай болады: 
-
 
Газет, журнал, оқулықтармен жұмыс жасайды; 
-
 
Интернетпен жұмыс жасайды; 
-
 
Үнемі ізденісте болады; 
-
 
Білім сапасын кӛтереді. 
Мұғалімнің жұмысында: 
-
 
психологиялық-педагогикалық дайындығы; 
-
 
дайындықтардың кӛлемімен құрамы; 
-
 
компьютерлік дайындықтың мазмұны қарастырылады 
Болашақта  ұстаздардың  кәсіби 
қызметтерінде  ақпараттық-технологияларды 
пайдалану даярлығын қалыптастыру моделі тӛмендегідей болмақ. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Білім  беру  жүйесінің  міндеттерінің  бірі  –  оқытудың  жаңа  енгізу,  білім  беруді 
ақпараттандыру,  халықаралық  ғалымдардың  комуникациялық  желілерге  шығуы  ».  (ҚР 
«Білім туралы» Заңның 86 бабы) 
  Күн ӛткен сайын ғылым мен техника дамып,  адамзат қиял жетпес  ғажаптарға жол 
салып  келеді.  ӛзге  ӛркенниетті  мемлекеттерден  қалып  қоймай,  білім  беру  саласын 
жетілдіру  бүгінгі  күннің  ӛзекті  мәселесі.  «Халықты  халықпен,  адамды  адаммен 
Интелектісі 
Шығармашылық 
қабілетін дамыту 
Шығармашылық 
іс-әрекетке 
жағдай туғызу 
Іс-әрекетін болжау 
Жүйелі түрде шығармашылық 
әрекет жағдайы болуы 
Есте 
сақтау 
Ойлау мүмкіндігінің 
деңгейіне жету 
Ойлауы 
Ізденіске баулу 
Шығармашылыққа баулу жолдары 
 

145 
 
теңестіретін  білім»,  -  деп  ұлы  жазушымыз  Мұхтар  Әуезов  айтқандай  тәуелсіздік  алған 
елімізді ӛркениетке апарар жолдың бастауында әрдайым мектеп тұрады.   XXI 
ғасыр 
білімділер  ғасыры  болғандықтан,  бүгінгі  таңда  зерделі,  ой-ӛрісі  жоғары,  жан-жақты 
дамыған  азаматты  қалыптастыру  мемлекеттің  ең  маңызды  стратегиясы  болып  отыр. 
Бүгінгі күні еліміздің  білім беру саласында ірі-ірі ӛзгерістер дүниеге келіп, білім берудің 
жаңа  сатысына  кӛтерілу  кезеңінде  түрлі-түрлі  реформалар  жасауда.Оқыту  формасы 
бұрынғы  білім  беруді  ғана  негіз  еткен  дәстүрлі  оқыту  формасынан  жеке  тұлғаны 
қалыптастыру  формасындағы  сапалы  оқыту  жүйесіне  ӛзгерді.  Оқыту  барысын  зерттеп 
үйрену  іс-әрекетін  басты  форма  ете  отырып,  іс-әрекет  барысында  ӛзін-ӛзі  басқару  мен 
ӛзара  әсерлесіп  үйренуді  іске  асыру  ерекшелігіне  ие  болады.  Мұғалім  оқыту  мақсатына 
жету,  түсіну  негізінде  оқыту  іс-әрекетін  мұқият  жоспарлауға  кӛшті  және  оқушыларды 
зерттеп үйренуге ұйымдастырудың алуан түрлі әдістерін қолдануда.[5;22].  
 
Каталог: journals -> 1425
journals -> №3(63)/2011 Серия филология
journals -> №4(56)/2009 Серия история. Философия. Право
journals -> Казахский национальный
journals -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 / 2015
journals -> Рецензируемый медицинский научно-практический журнал
journals -> Редакционная коллегия: В. В. Тулупов — главный редактор
journals -> Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады
1425 -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық республикалық журнал


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет