Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



жүктеу 2.6 Mb.
Pdf просмотр
бет18/24
Дата15.03.2017
өлшемі2.6 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24

 
 
 
Ойын технологиясы 
 
Проблемалы оқыту 
 
Тірек белгілері мен тірек 
конспектілері негізінде 
оқыту технологиясы 
(В.Ф.Шаталов) 
 
Жаңа ақпараттық 
коммуникативтік 
технологиясы 
 
Витагендік оқыту  
(А.С. Белкин)  
 
Тренингтік технология 
 
Акмеологиялық технология 
 
Ӛздігінен даму 
технологиясы 
(М.Монтессори) 
 
Дамыта оқыту 
технологиясы 
(Л.С.Выготской, Л.В.Занков, 
Д.В.Элькони, В.В.Давыдов) 
 
Бағдарламалап оқыту 
 
Саралап оқыту тех-
нологиясы (В.В.Фирсов,    
Н.П.Гузик) 
 
Жекеше оқыту тех-
нологиясы  
(А.С. Границкая, Инге Унт,          
В.Д.Шадриков) 
 
Оза отырып оқыту  
технологиясы 
(С.Н.Лысенкова) 
 
Топтық және ұжымдық 
оқыту технологиясы 
(И.Д.Первин, В.К.Дьяченко) 
 
Компьютерлік оқыту 
технологиясы (Ж.А.Қараев) 
 
Модульдік оқыту 
технологиясы 
(М.М.Жанпейісова) 
 
Мультимедиалық 
технология 
 
Жобалау технологиясы 
 
Дидактикалық бір-ліктерді 
ірілендіру (ДБІ, П.М. 
Эрдниев) 
 
«Мәдени диалог» 
технологиясы (В.С.Библер, 
С.Ю.Курганов) 
 
«Экология және 
диалектика» жүйесі 
(Л.В. Тарасов) 
 
Ойлау іс-әрекетін кезеңмен 
қалыптас-тыруды жүзеге 
асыру технологиясы 
(П.Я.Гальперин) 
 
Ойлау іс-әрекетін кезеңмен 
қалыптас-тыру теориясын 
жүзеге асыратын технология       
(М.Б.Волович және т.б.) 
 
 Сатылай кешенді талдау 
технологиясы 
(Н.А.Оразахынова) 
 
Бейнетехнология 
Оқушы іс-әрекетін 
белсендіруге негізделген 
педагогикалық технология 
Оқыту үдерісін тиімді 
ұйымдастыру және басқаруға 
негізделген педагогикалық 
технология 
Оқу материалын ди-
дактикалық-әдістемелік 
жетілдіруге негізделген 
педагогикалық технология 
Инновациялық педагогикалық технология 

152 
 
Сурет-1. Инновациялық педагогикалық технологиялар классификациясы 
 
Соңғы кезде оқытудың тұлғаға бағытталған тұжырымдамалары кеңінен  қолданысқа 
ене 
бастады. 
Оқытудың 
тұлғаға-бағытталған 
технологияларын 
жақтаушылар 
Ш.А.Амонашвили және т.б.           
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Білім беруді ізгілендіру технологиясының ерекшеліктері 
Ынтымақтастық 
педагогикасы 
Білім беруді 
ізгілендіру 
технологиясы 
Түсіндіре басқарып  
оза оқыту 
 
Мұғалім – оқушы, 
оқушы-мұғалім, Оқушы-
оқушы. Оқушы да субъект, 
мұғалім де субъект. 
 
Екеуінің бірлік одақта 
қызмет істеуі, бір-біріне 
басымдық кӛрсетпеуі. 
 
Жалпы мектеп ұжымның 
арасында ӛзара ынтымақтың 
болуы. 
 
Талап ету педагогикасынан 
қарым-қатынас 
педагогикасына ӛту. 
 
Балаға ізгілік тұрғысынан 
қарау. 
 
Оқыту мен тәрбиенің 
бірлігі. 
 
Балаға жеке ізгілік қарым-
қатынас. 
 
Дидактикалық белсендіруші 
және дамыту кешені. 
 
Тәрбиелеу тұжырымдамасы 
 
Қоршаған ортаны 
педагогикаландыру 
 
 
Баланың қасиеттерін ашу 
арқылы  жеке тұлға етіп 
тәрбиелеу. 
 
Баланың жаны мен 
жүрегіне жылылық ұялату. 
 
Баланың танымдық күшін 
қалыптастыру және дамыту. 
 
Білімді терең меңгеруге  
жағдай жасау. 
Меңгеруге тиіс барлық 
құзыреттіліктер: 
 
Жазу-сӛйлеу қаракеті. 
 
Математикалық 
пайымдау, математикалық 
түсіну. 
 
Әсемдікті, әлемдікті 
сезіну, қабылдау, ӛзге тілді 
меңгеру. 
 
Рухани жетілу т.б. 
әдістері. 
 
Ізгілік, жеке қарым-
қатынас, қарым-қатынас 
шеберлігі, ата-анамен 
бірлесіп жұмыс істеу. 
 
Оқыту арқылы тәрбиелеу 
 
 
Болашақ білімнің алғашқы 
бӛлігін алдын-ала енгізу. 
 
Жаңа ұғым, түсінікті 
нақтылау, қолдану. 
 
Оқу әрекеті мен ойлау 
қисынының  жылдамдығын 
дамыту. 
 
Бағдарламаның кейбір 
тақырыптарының  
қиыншылығын жеңу, азайту 
үшін оза оқыту әдісін 
қолданады. 
 
Қиын тақырып әр сабақ 
сайын азғантайдан ӛтіле 
бастайды. 
 
Сабақты пысықтауға әуелі 
озаттар, сосын орташалар, ең 
соңында нашар оқушылар 
қатыстырылады. 
 
1 сыныпта үйге тапсырма 
берілмейді. 
 
Үй тапсырмасы тек әр 
оқушының мүмкіндігіне 
қарай (әркім ӛзі орындай 
алатын жағдай да ғана) 
беріледі. 
 
Ережелерді құр жаттап 
алуға жол берілмейді. 
 
Баланы жинақылыққа 
баулу. 
 
Ата-анамен қарым-қатынас. 
 
Оқудағы сабақтастық. 
 
 

153 
 
Сурет - 2. Білім беруді ізгілендіру технологиясының ерекшеліктері 
 
3– суретте дамыта оқыту технологиясының ерекшеліктері сараланды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Педагогикадағы  инновациялар  оның  дамуына  қажетті  алғы  шарттар  болып 
табылады: бір жағынан, кӛп жылдардағы барлық құндылықтарды сақтай отырып, екінші 
жағынан, олар барлық ескі нәрседен арылып, әлеуметтік түрленулерге негіз қалайды. 
ХХІ ғасырдағы қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік, экономикалық ӛзгерістер білім 
беру парадигмасының ӛзгерісіне әкеліп отыр, яғни білім беру саласындағы педагогикалық 
инновацияның қажеттілігі туды. 
Дамыта оқыту технологиясының ерекшеліктері 
Дамыта оқыту 
технологиясы 
Ӛздігінен даму 
технологиясы 
Тірек сигналдары 
арқылы оқыту 
технологиясы 
 
 
Дамыту, оқыту және 
тұлғаның барлық сапаларын 
тұтас сәйкестікте дамытуға 
бағытталған. 
 
Дамыта оқыту-дәстүрлі 
оқуға балама жүйе: әр оқушы 
ӛзін-ӛзі ӛзгертуші субъект 
дәрежесіне кӛтерілуі 
кӛзделіп соған лайықты 
жағдайлар жасалады. 
 
Оқыту дамудың алдында 
жүру керек. 
 
Дидактикалық 
құралдардың дамуына әсері 
зор.  
 
Кешенді даму жүйесі 
негізінде мақсатты даму 
 
Мазмұнның жүйелігі мен 
тұтастығы 
 
Теориялық білімнің 
жетекші рӛлі басымырақ 
 
Жоғары қиындық 
деңгейінде оқыту 
 
Материалды меңгеруде 
жедел ілгерілеу 
 
Оқыту үдерісінің 
әртүрлілігі. 
 
Жекелеп оқыту, барлық 
баланың дамуы жолындағы 
жұмыстар. 
 
Оқыту баланың дамуына 
сәйкес табиғи (жасанды емес) 
болуы керек, сонда бала ӛзін-
ӛзі дамытады. 
 
Монтессори 
педагогикасының ұраны 
баланың мұғалімге «Мынаны 
менің ӛзімнің жасауыма 
кӛмектесіп жібер» деуіне 
жету.  
 
Ортаның тәрбиелік рӛлі. 
 
Оқу-материалы дүниені 
танып, қабылдаудың 
психологиялық қаруы, 
құралы. 
 
Оқытудың бірыңғай 
бағдарламасы болмайды, 
әркім ӛзінің даму жолымен 
жүреді. 
 
Мектепте сабақ жалпы 
жиынан басталады. 
 
Жиынан кейін әркім ӛз 
еркімен қалаған жұмысымен 
айналысады: 
-
 
біреуі математика;  
-
 
келесі біреуі әріптер 
жазумен шұғылданады; 
-
 
түпкі нәтиже талданады;  
-
 
сараптама жүргізіледі. 
 
Материал ірі мӛлшерде 
беріледі. 
 
Материалды блокпен 
топтау. 
 
Оқу материалдарын тірек-
схема, тірек-конспект түрінде 
хаттау 
1)
 
 теорияны блоктау; 
 
 Теориялық материалды 
сыныпта меңгеру. 
 
Үйде ӛз бетімен жұмыс 
істеу. 
Бірінші қайталау: 
 
Конспект (меңгергенін жан-
жақты бақылау) 
 
Тірек конспектісін ауызша 
баяндау 
Екінші бақылау: 
 
Жалпылау және жүйелеу. 
Үшінші бақылау: 
 
Ӛзара бірін-бірі бақылау 
2)
 
Практиканы блоктау: 
 
Практикалық жұмыс 
(жаттығу) 
 
Есеп шығару 
 
Нәтиже 
 

154 
 
Педагогикалық инновациялық іс-әрекеттің негізгі мақсаты: 
-
 
мұғалім – оқушы одағындағы шығармашылық қарым-қатынас субъектісін анықтау; 
-
 
педагогикалық  үдеріс  кезеңіндегі  оқушының  жеке  басының  шығармашылық 
дамуын қамтамасыз ету. 
Инновациялық іс-әрекет нәтижесінде мұғалім инновациялық педагогикалық үдерісті 
ұйымдастырушы  ортаның  әсерін  бағалап,  инновациялық  үдеріске  әсер  еткен  ішкі  және 
сыртқы факторларды анықтайды. 
Мұғалімнің инновациялық  іс-әрекетін қалыптастыруда тӛмендегідей  педагогикалық 
принциптерді басшылыққа алған жӛн: 

 
таңдаған (жаңа) әдістің оқыту заңдылықтарына сәйкестігі; 

 
жаңа әдістің оқытудың дидактикалық мақсат – міндеттеріне сәйкестігі; 

 
жаңа әдістің жеке оқушылардың дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі; 

 
таңдаған әдістің мектептің материалдық – техникалық базасына сәйкестігі; 

 
жаңа әдістің мұғалімнің әдістемелік мүмкіндігіне (дәрежесіне) сәйкестігі және т.б. 
Осы  жоғарыда  аталған  педагогикалық  талаптар  орындалған  жағдайда  мұғалімнің 
инновациялық іс-әрекеті оң нәтиже берері анық.  
Сондықтан  мектептің  оқу-тәрбие  үдерісіне  инновациялық 
педагогикалық 
технологияны  ендірудің  алғы  шарты  мұғалімнің  инновациялық  іс-әрекетке  даярлығын 
қалыптастыру болып табылады. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  Қазақстанда  инновациялық  мектептердің  қалыптасуының  кейбір  шарттары  //ХХІ 
ғасырдағы білім мен ғылымның  ӛзекті мәселелері: Е.А.Бӛкетов атындағы ҚарМУ-дің 30 
жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 
(19-20 қыркүйек 2002ж). - Қарағанды: ҚарМУ, 2002. - Б.347-349. 
 2.Қазақ этнопедагогикасының негіздері. - Қарағанды: Санат, 2003. - 33 б. 
3.  Инновациялық  мектептер  және  олардың  Қазақстанда  қалыптасуы  мен  дамуы 
//Шоқан тағылымы-11: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - 
Кӛкшетау, 2009. - Б.187-189. 
4.Педагогика    теориясындағы  оқытуды  бейіндік  саралау  мәселесі  //Қарағанды 
университетінің хабаршысы: Педагогика сериясы. - 2010. - №2. - Б. 137-142.  
5.Педагогика пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы. - Астана, 2010.  
 
Аннотация.  В  статье  рассматриваются    педагогические      основы    инновационных  
технологий в учебно-воспитательном процессе начальной  школы.  
Аnnotation. One of the main tasks of society development is the usage of new technology 
in educational system.   
 
 
 
ӘӚЖ. 1(091) 
             М79 
САНКХЬЯ ОРТОДОКСАЛДЫҚ МЕКТЕБІ 
 
Мусабекова Г.К., Шойынбаева Ғ.А. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҦУ, Астана қ. 
 
«Санкхья» ұғымы «сан, санау», «есеп» деген мағына береді. Санкхья жүйесін б.д.д. 
VII ғ.ғ. ертедегі үнді ойшылы Капила қалыптастырған. Санкхья  – қос реализмді, пуруша 
мен пракритиді қабылдаған ертедегі философиялық жүйеге жатады. Оның негізгі еңбегі: 
«Санкхья-сутра» мен «Санкхья-правачана-сутра». 

155 
 
Санкхья-қос  реализмді,пуруша  мен  пракритиді  қабылдаған  ертедегі  философиялық 
жүйеге  жатады.  Оның  негізін  Капила  атты  ойшыл  ӛзінің  Санкхья-сутра  еңбегінде 
қалапты.  Капиланың  кӛзқарасын  атеистік  санкхья  деп  те  атайды.  Санкхья  материалдық 
дүниені де,рухани дүниені де мойындайды. Бұл ағым бойынша материя үнемі қозғалыста 
және  тәуелсідік  жағдайында  ӛмір  сүреді,бірақ  еш  нәрседен  бейхабар  күйде  болады. 
Рухани  дүниенің  енжарлығы  басым,бірақ  бұл  жерде  саналылық  басымдылық  танытады. 
Адамдар  материя  мен  рухты,яғни  соқыр  мен  ақсақтың  бастарын  біріктірсе,  олардың 
бойындағы  кемшіліктер  мүлде  жойылады.  Сӛйтіп  бұл  дүниеде  жаңа  құбылыстар  пайда 
болады, адам бейнесі қалыптасады. Оның тәндік болмысына қайғы-қасіреттер жазылған, 
ал  одан  арылу  үшін  руханилық  материалдықтан  бӛлінуі  шарт  [1,55  б.].  Бұл-ӛмірге  келу 
мен  ӛлімдер  тізбегінің  торынан  шығып,  нағыз  бостандық  пен  әділеттілікке  жету  жолы. 
Санкхья будда дінінің идеялық  жағынан қалыптасуына үлкен ықпал жасады. Бұл  ілімде 
материяның  одан  да  нәзік  түрлері  қарастырылады.  Соңғылардың  қатарында  сезімдер 
индрии,  ақыл  манас,  интеллект  буддхи  және  жалған  эго  аханкара.  Капиланың 
пайымдауынша, бұлардың ӛзі табиғаттың дербес бӛліктерін құрайды. Содан әлемді тұтас 
тірі  организм  ретінде  қабылдаушылық,  әрі  онда  үлкен  және  кіші  космос  тепе-тең  деген 
идея ұсынылады. Ұстанымның екі маңызын ескерген абзал. Мұнда әлемдегі себеп-салдар 
байланысы талдауға ұшырайды және әрбір нүкте әлем туралы информацияны, энергияны 
ӛзіне  жанай  да,  жеткізе  алады.  Бұл  идея  кейінгі  реалистік  кӛзқарас  пен  ғылымның 
қалыптасуына ұйытқы болған қағида. Санкхья дүниенің бастамасы пуруша мен пракрити 
болып  табылады  деп  есептейді.  Пуруша  -  әлемік  рухани  бастама,  ол  мәңгі,  ӛзгермес, 
иенртті  бастама,  ал  пракрити  болса-табиғат,  мареиалды  субстрат,  ол  да  мәңгі,  алайда 
белсенді, таусылмайтын шығармашыл болып  келеді. Пракрити үш саттва, раджас, тамас 
сыңайлы гунаға, яғни қасиетке ие. 
Пракрити  мен  пурушаның  әсерімен  дүние  қалыптасады.  Оның  қалыптасуы  махат 
пен  буддхи  (физикалық  және  психикалық)  бағыттары  арқылы  жүзеге  асады.  Махат-
физикалық  денелердің  бастамасы,  ал  буддхи  –  ӛзіндік  сананың  («Мен»)  негізі  болып 
табылады, ӛзіндік сана шығармашылығымен дүниенің дамуына септік болады. Махат пен 
буддхидың    ӛзара байланысы  арқылы  аханкара  (саналы  «Мен»)  қалыптасады.  Аханкара 
физикалық  денелердің  қалыптасуына  бастама  болып  келеді.  Гуналардың  әсерімен 
аханкара болмысты құрылымын қалыптастырады. Аханкара тамастың әсерімен 5 танматр: 
потенция, түс, иіс, дыбыс, дәм сыңайлы қасиеттерді қалыптастырса, ал олардан алғашқы 
элементтер  эфир,  жер,  су,  ауа,  от  қалыптасады  деп  есептейді  [2,48  б.].    Аханкара  мен 
саттваның әсерімен біріншіден 5 индрий кӛру, есту, дәм сезу, иіс сезу, сипай сезу сыңайлы 
сезімдік  органдар  қалыптасса,  екіншіден  әрекеттің  бес  мүшесі  сойлеу,  иелену,  қозғалу, 
тазару,  қайта  ӛндіру  сыңайлы  қасиеттері  қалыптасады.  ал    аханкара  манастың  әсерімен 
сезім мен  ақылдың ӛзара үйлесуына септігі  тиеді. Сонымен, санкхьяның космологиялық 
бейнесі 25 элементтен:  пуруша, пракрити, буддхи, аханкара, 5 танматрдан, 5 индрийдан,   
5  іс-әрекет  мүшелерінен,  5  ақыл  мен  әс-қимылдың  негізінен    тұрады.  Адам  азаттыққа 
дүниенің  құрылымын  игергеннен  кейін  жете  алады.  Авидьяның  (білімсіздік,  надандық) 
кесірінен, адам сезім мен ақылдын шырмауында қалады, ал дүниені таный келе, ол рухани 
бастама – пурушаның бір бӛлігі ғана екені түсінуі керек. Содан кейңн ғана адам азаттыққа 
қол  жеткізе  алады.  Бастаманың  бірін-пракрити  алғашқы  материалды  субстрат,  материя 
және  энергия  деп,  екіншісін-пуруша  материлды  дүниенің  түр-сипатын  құрайтын  рухани 
бастама деп атайды. Пракрити таусылмайтын  шығармашыл, бірақ санасы жоқ күш-қуат. 
Пуруша  және  индивидтердің  жан  дүниесінен  құралады.  Ол  саналы,  бірақ  қимылсыз, 
инертті бастама. Пуруша магнит күшіндей пракритиге, санасы жоқ материяға ықпал ете 
алады [3,72 б.]. 
Санкхья  ілімінің  үйғарымынша,  пуруша  мен  пракрити  қарым-қатынасы  түтас 
дүниенің қалыптасуы мен тіршілігінің бас себебі. Пуруша мен пракрити ӛзара аралас, бір-
бірімен  қабаттасып  жатса  да,  олардың  ықпалында  еркіндік,  бос  кеңістік  пен  мүмкіндік 
табылады.  Оған  бір  себеп,  пракрити  энергиясы  үш  гуннен  қасиеттен,  белгіден,  сападан 

156 
 
тұрады.  Пракритидің  бірінші  гуны,  саттвасы-жарық  пен  тыныштық  жасайтын,  даналық 
пен  бақыт  тудыратын,тепе-теңдікке  жеткізетін  игі  бастама,екінші  гуны,  раджасы-іс-
әрекетке  итермелейтін  белсенді  де  құмар  бастама,  үшінші  гуны,  тамасы-жалқаулық  пен 
ақымақтыққа,  бейтараптық  пен  алдауға  итермелейтін  инертті,әрекетсіз,жанама  бастама. 
Әр  гун  жеке-жеке  ӛз  күш-қабілетін  инертті,  әрекетсіз,  жанама  бастама.  Олардың  қуаты 
мен  құдіреті-бір-бірімен  араласуда.  Дуалистік  түсінік  бойынша  дүниенің  о  баста  қос 
бастауы  болған.  Олар-пуруша  және  пракрити.  Дүние  жасалынбаған,  оның  жасаушысы 
жоқ.  Дүниенің  себебі  дүниеде.  Классикалық  санкхьяның  бұл  пікірі  атеистік  түсінікке 
жақын  екені  айғақ.  Пуруша  туралы  гимде  Ригведа  Х  пурушаны  дүние  пайда  болғанда 
құдайлар құрбандыққа шалатын әлемдік адамал упанишадта пуруша- Атман –Брахманмен 
теңестірілеі. Санкхьяда пуруша әлемдік рух,ӛзгермейтін және ӛзімен-ӛзі болотын рух деп 
сипатталады. Пуруша ӛзгермиді және әрекеттенбиді. 
Санкхья  мені  екінші  реальдылыққа  жатқызады.  Әркім  ӛзінің  ӛмір  сүру  болмысын 
күдіксіз сезінеді. Бұл –табиғи да, даусыз күй. Санкхья ілімінде, мен дегеніміз таза, мәңгі, 
алуан-алуан  аяғы  енетін  сана.  Сана  менің  сапасы  емес,оның  мәні.  Мен–трансцендентті 
субъек ретінде ӛмір сүретінін дәлелдейтін тәжірибеге жүгінеді [3,97 б.].   
Пракрити-дүниенің бастапқы себебі. Сондай-ақ мәңгі, санасыз бастамасы. Пракрити 
ӛзі ӛзгере отырып, әрдайым мені  қанағаттандыруға қызмет етеді. Пракритидің құрамдас 
бӛлшектері-сатва,  раджас  және  тамас,  үш  гун.  Гундар  екі  түрлі  қасиеттерден-бір  жағы, 
рахат-қанағаттан,  азап-қайғыдан,  бей-жай  қатынастан,  бір  жағы, 
коріністен, 
белсенділіктен, керенау енжарлықтан тұрады. Пракрити үш гунді де тыныштыққа немесе 
теңдікте ұстайды. Гун пракритидің сапасы да, атрибуты да емес, оның субстанцирналды 
элементі. Гундар арқылы рахатты, қайғыруды, бір нәрсеге бей-жайлықты сезінеміз.  
Пракрити мен пурушаның байланысынан гундардың тепе-теңдігі бұзылады, гунның 
біреуі  басқаларына  үстемдік  орната  бастайжы.  Гундық  сапаның  қызметі  жаңарады, 
жіктелінеді.  Мұндай кӛп қырлы қатынастар пурушаны паркритимен тағы да байланысқа 
итермелейді.  Осыдан  әлемнің  эволюциясы  басталады  және  бұл  эволюцияның  мынандай 
бағыттары қалыптасады. Эволюцияның бірінші нәтижесін-махат немесе будхи, яғни ұлы 
бірлестік  деп  атайды.  Бірлестік  интеллекттен  басталады.  Интеллект  менге  жақын 
саналыда, ақылды бастама. Махатта мендік сана бейнесңн табады, содан ол саналылыққа 
дәнекер. Интеллектік эвалюцияның екінші кӛрінісі-ананхара, эго, яғни Мен және Менікіні 
сезіну.  Санкхия  жүйесінде  барлығы  25  бастама  бар.  Пурушадан  басқа  олардың  24-і 
пракрити құрамына енеді. Пракрити барлық физикалық объектілердің бас себебі, негізгі 
қайнар кӛзі, тіпті ақылдың, материяның, ӛмірдің де себебі.  
Санкхья таным ілімі   қабылдауды логикалық тұжырымды  киелі жазбаның уәжді 
дәлелді  танымның негізгі бастауына жатқызады.Дәлелді таным дегеніміз Менің санасын 
бейнелейтін  интелектің серпілісінен қалыптасатын объект туралы қатесіз де айқын білім. 
Санкья филосафиясында,  интеллект  санасыз   материалдың   мәнін  білдіреді, ал мен сана 
мен ақылды иемденеді, ӛзін де еркін де, мәңгі сипатта бола алады. Егер таным объектіні 
және  Мен  туралы  сананы  қатар  бейнелейтін  болса,  ондай  таным    дәлелді  де,  толық. 
Объект пен Мені салыстырған таным толастайды. Танымның дұрыс болуына  білімсіздік 
ғана  кедергілік  етеді.  Білімсіздікте  Мен    ӛзін  денемен,сезіммен  және  ақылмен 
шатастырады  [4,157  б.].  Мен    және  Мен  еместі  ажырата  алмағандықтан,  адам  ауыр  хал 
мен  қайғы  мұңға  ұшырайды.  Меннің  денеден,  сезімнен,  ақылдан,  интеллектен,  жеке 
адамнан, тіпті  Мен еместен айырмашылығын терең ұққанда, біздің Мен дегеніз  қуаныш 
пен  қайғының,қыспақ  ӛмірдің  ықпалынан  шығады,  ондай  күйде  адам  сыртқы  дүниемен  
араласпайды,оны  ұстамдылық  пен,  сыр  білдірмей  бақылайды.  Босану  күйі,  қайғыдан 
еркіндік дегеніміз осы. 
Мұндай  биік  күй  мен  деңгейге  біреулер  осы  ӛмірде  жетеді,біреулер  о  дүниеде  де 
жете алады. Мені қайғыдан босату үшін алдымен шындықты білу және оны интеллектпен 
ұғыну керек. Бірақ ол жеткіліксіз. Келесі саты,Мен –заттардың тәртібінен тәуелсіз,таза да 
мәңгі сана деген әдетті адам ӛзінде үнемі және ұзақ уақыт бойы  тәрбиелеу керек. Рухани 

157 
 
тәрбие туа біткен қасиетте   немесе құри салатын рух та емес. Рухани тәрбие-тура,тұтас 
табанды процесс; «менің» еркіндігіне, ӛшпейтініне, мәңгі ӛмірге кепілдік. 
Дәлелді    таным  үш  фактордан-субъекттен  (прамата),объекттен  (промия),таным 
негізінен  (прамана)  құралады.Субъект-саналы  бастама,  таза  сананың  жетекшіс-Мен. 
Объектіні  танитын  тікели  мен  емес,  оның  интелекті,сезімі,ақылы.  Егер  сезім  мен  ақыл 
қызметі объект түрлерін белгілеп, сол объектінің бейнесі арқылыы интеллекте із, кӛшірме 
қалдырса,  ондай  таным–дұрыс,  тура,  толық.  Дұрыс  таным-менің  интеллектісіндегі 
шағылыс,бейнесі.  Интеллект  менің  санасыз  ешнәрсені  тани  алмайды.  Объект  түрленген 
ақыл  арқылы  менің  назарына  түседі.  Екі  объектінің  қатар  табиғатын  үнемі  бақылау 
арқылы  бір  тоқтамға  келеміз.  Тоқтам  қабылданған  нәрсенің  ұқсас  байланысы  арқылы 
танымаған  нәрсеге  келтіреді,  таныман  термин  арқылықабылданбаған  терминді  талдап 
тануға мүмкіндік ашады. Тақтам арқылы адам сезімнің қызметіне ӛзін кӛндіреді. Тоқтам 
ризалы  және  теріс  болып  бӛлінеді.  Ризалы  тоқтам  дегеніміз  жалпы  дұрыс  ой-пікірге,ал 
теріс  тоқтам-жалпы  бекер  ой-пікірге    сүйенеді.  Екі  тоқтам  да  бір-біріне  қайшы  алғы 
шарттардың  мағынасын  жоққа  шығаруды  мақсат  тұтады.  Наяктар  сияқты  санкхья 
ойшылдары  бес  мүшелі  силлологизмді  ой-тұжырымды  дәлелдеудің  ӛтімді  түрі  деп 
есептейді. Танымның үшінші бастауы-уәж. Уәж қабылдау мен тоқтам арқылы біле беруге 
болмайтын,базы  беделді,киелі  жазбалар  арқылы  алатын  білімнің,  дәлелдің  түрі.  Уәжде 
сӛз-объектінің,  сӛйлем-ой  тұжырымның  орнын  басады.  Уәжде  а.    Сӛз  бен  сӛйлемнің 
мағынасын 
түсіндіру 
немесе 
түсіну-басты 
шаруа. 
Б. 
Беделділік-куәліліктің 
белгісі,кепілдігі  [5,86  б.].    Мысалыға  веда  шығармашылығы  беделді,  ол  кемшілік  пен 
жітіспеуден  сау.  Веданы  серпілген  пайғамбарлардың  жаңалығы  деп  есептеді.  Веда  сол 
пайғамбарлармен  әулиелердің  рухани  тәжірибиесінен  туындағандықтан,оның  мағынасы 
мәңгі  бола  бермиді.  Әр  ұрпақ  веданы  ӛзінше  талдауға  мүмкіндік  алады.  Әр  кім  қайғы-
қасіреттің үш түріне ұшырайды: 1. Ішкі себептер,тән мен жанның кемшіліктері; 2. Сыртқы 
себептер  адам  мен  хайуандардың  жыртқыштығы;  3.  Сыртқы  табиғаттан  тыс 
себептер,кӛзге елестетушілік,рух т.б. барлығына ортақ себеп-білмегендік, түсінбеушілік, 
мағлұматсыздық, қысқасы, реальдылықты  дұрыс танымаушылық.  Беймәлімдік мен және 
мен  еместі  ажырата  алмайды.  Мені  ӛзін-ӛзі  танығандар  сезімнің  алып-қашты 
күйіне,ақылдың  алыс  қиялына  беріле  бермейді.  Ондай  жандар  ӛзін  ӛзі  ұстайды, 
физикалық және психикалық ӛзгерістерді ұстамдылықпен бақылай алады. 
Ол  екі  субстанцияның,  екі  түпнұсқаның-рух  пен  материяның  алғашқы 
байланысынан,  пуруша  мен  пракритидің  ӛзара  қатынасынан  туындайды.  Пурушаның 
екінші  бастамасы  мен,  ӛзінше  ӛзгере  бермейтін,қозғалыссыз  бастау.  Мен    пракритимен 
араласып, ӛзі де орнаны түрлендіруге әсер етеді. Мен туралы түсінік пен кӛзқарастар әр 
түрлі.  Олар  таза  санадан  емес,  интеллектке  әсер  ететін  сыртқы  денелерге  қатысты. 
Санкхья жүйесінің түп мақсаты-адамды азап-мұңнан босату,құтқару. Мұндай қағида дінге 
табынатындардыда  қайғы-қасірттен  босатуда  үлкен  септігін  тигізері  даусыз.  Санкхья, 
йога, локаята- ертеден қатар қалыптасқан философиялық ағымдар.  Санкхьяның байырғы, 
ескі  мәтіндері  кейінге  қалмағандай,  ал  кейінгі  мәтіндері  түрленіп,ӛзгеріп  кеткен.  
Санкхьядағы материалистік идеялар құрайды жасаушы құдірет ретінде қабылдай бермеді. 
Онда  жеке  қағидалары  теріске  шығарыладыда  оның  ранына  дүниенің  материалдық  бас 
негізден  қалыптасуы туралы  ілімұсынылады. Мұнда дүниенің себебі  болуы керек, бірақ 
ол  құдай  емес  деген  қағида  анықталады.  Санкхья  ойшылдары  ӛз  пікірлерін  былайша 
жалғастырады:  егер  құдіретті  күш  нақты  заттардан  тыс,  бӛлек  тұратын  болса,  онда  ол 
қайтіп жер бетінде игілік жасау мақсатына жете алады? 
Дүниенің материалдық бас себептері ілімінен, біржағы 24 элементтер немесе мәндер 
туралы түсініктер таралды,бір жағы гун бағдарламасы туындайды. 24 элементтен  тасты 
пуруша  мен  йога  қалады.  Пуруша-материядан  тыс  рухани  бастауды  мойындаушылық, 
йога  жеке  құдайды  мойындап  қана  қоймай,  оны  таттва  жүйеге  енгізеді.  Материалды 
эвалютция  бес  дӛрекі  элементтен  бес  сезімнен  және  бес  әрекет  мүшелерінен  тұрады. 
Санкхья  ілімі-бір-бірімен  етене  екі  белсенді  бастамадан  нәр  алады.  Бастаманың  бірін 

158 
 
пракрити деп, екіншісін-пуруша деп атайды. Пракрити таусылмайтын шығармашыл бірақ, 
санасы жоқ күш-қуат. Пуруша  жеке  индевиттердің жан дүниесінен құралады [6,143 б.]. 
Ол саналы бірақ қимылсыз инертті бастама. Пуруша магнит күшіндей пракритиге санасы 
жоқ  материяға  ықпал  ете  алады.  Санкхья  ілімінің  ұйғарымынша  пуруша  мен  пракрити 
қарым-қатынасы  тұтас  дүниенің  қалыптасуымен  тіршілігінің  бас  себебі.  Санкхья 
материалдық  және  рухани  дүниені  де,  олардың  үнемі  қозғалысқа  және  тәуелсіздік 
жағдайда  ӛмір  сүретінін  мойындайды.  Бұл  ағымдар  рухани  дүниенің    енжарлығы  ұйып 
тұрса да,саналылық басымдылық танытады.  
Адамның  тәндік  болмысына  қайғы-қасіреттер    жазылған,  ал  одан  арылу  үшін 
руханилылық  материлдықтан  бӛлінуі  шарт.  Бұл-ӛмірге  келу  мен  ӛлімдер  тізбегінің 
торынан шығып,  нағыз бостандық  пен әділеттілікке жету  жолы. Санкхья  жолы а) будда 
дінінің идеялық  жағынан қалыптасуына,  ә)  йогтардың ерекше рухани жағдайға жеткізер 
әдістерін-ӛзін-ӛзі шектеу, қалыпты жағдайдан  мүлде басқаша кӛңіл күйге  жетуіне ықпал 
еткен.  Үнді  поэзиясының  тамаша  туындысы  Марабхараттада  санкхья  ілімі  мен  йог 
тәжірибиелерін  ӛзара  байланыстырып  біріктіру  қажеттігі  аталынған.  Йог  жүйесінде 
психикалық белсенділікті шектеп, басу тәсілдері мен кез-келген ақыл-ой қызметін тоқтату 
әдістерін  қолдануға  ерекше  назар  аударылады.  Демек  йогтардың  шынайы  дарындылық 
қасиеттері  мен  құдіреттен  басым  түсу  қабілеттерінің  сыры  осы  бір  жағдайларға 
байланысты  болып  келеді.  Санкхья  философиясы  пурушаны  материалдық  орта  мен 
тұсаудан  босатуға,сансара  мен  карманың  тұйығынан  жеңілдетуге  бағытталған.  Оның 
мақсаты-адамды іштей бостандыққа босануға жеткізу. Екі бастау да ӛздерінің түсінігімен, 
парасатымен түптес, тамырлас келеді деп ұқты. 
 
Каталог: journals -> 1425
journals -> №3(63)/2011 Серия филология
journals -> №4(56)/2009 Серия история. Философия. Право
journals -> Казахский национальный
journals -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 / 2015
journals -> Рецензируемый медицинский научно-практический журнал
journals -> Редакционная коллегия: В. В. Тулупов — главный редактор
journals -> Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады
1425 -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық республикалық журнал


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет