Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



жүктеу 2.6 Mb.
Pdf просмотр
бет23/24
Дата15.03.2017
өлшемі2.6 Mb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

Пайдаланған әдебиеттер: 
1.
 
Ж.Н.  Нұрғалиев,  С.Т.  Тӛлеуханов  «Эндокринология»  Алматы  «Қазақ 
университеті», 2002. 19-27 бет, 75-105бет, 116-131 бет, 150 бет. 
2.
 
Ж.Б. Ахметов «Паталогиялық анатомия» Алматы «Экономика», 2012. 426-443 бет. 
3.
 
Х.Қ. Сәтбаева, А.А. Ӛтепбергенова, Ж.Б. Нілдібаева «Адам физиологиясы» 136-178 
бет. 
4.
 
Ж.К. Ермаханы «Тәнтану» Алматы «Білім», 2004. 293-299 бет. 
5.
 
М. Дайырбекова «Адам анатомиясы» алматы, 2002. 95 бет. 
6.
 
Қ.С.  Рақымжанов,  И.М.  Тӛленбек  «Адам  және  жануар  физиологиясы»  Алматы, 
2000. 96-бет. 
7.
 
Г.Бейбітова «Қант диабетінен қалай емделеді» астана хабары, 2006 жыл 7 қазан. 79-
бет. 
8.
 
Ж.Нұрғалиев «Эндокриндік жүйелер физиологиясы» Алматы, 2000. 56-бет. 
9.
 
Т.Несіпбаев «Адам және жануарлар физиологиясы» Алматы, 2005. 131-бет. 
 
Аннотация.  Сахарный диабет  — это эндокринное заболевание, характеризующееся 
хроническим  повышением  уровня  сахара  в  крови  вследствие  абсолютного  или 
относительного  дефицита  инсулина  —  гормона  поджелудочной  железы.  Заболевание 
приводит  к  нарушению  всех  видов  обмена  веществ,  поражению  сосудов,  нервной 
системы, а также других органов и систем. 
Лечение  сахарного  диабета  проводится  пожизненно.  Самоконтроль  и  точное 
выполнение  рекомендаций  врача  позволяют  избежать  или  значительно  замедлить 
развитие осложнений заболевания. 
Аnnotation. Diabetes mellitus - endocrine disease is characterized by a chronic increase in 
blood sugar levels due to absolute or relative insulin deficiency - pancreas hormone. The disease 
leads to disruption of all types of metabolism, vascular damage, nervous system and other organs 
and systems. 
Treatment of diabetes  is held for  life. Self-control and strict compliance with the doctor's 
recommendations can avoid or significantly slow the progression of complications of the disease. 
 
 
 
 
 
 

198 
 
ӘОЖ 57 
       Х 17 
 
БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА АСТІV STUDIO БАҒДАРЛАМАСЫН 
ҚОЛДАНЫП САБАҚ ӚТКІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Халық З., Абжапарова А., Шолпанкулова Г. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Жаңа  ақпараттық  технологияның  негізгі  ерекшелігі  –  бұл  оқушыларға  ӛз  бетімен 
немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, ӛз жұмысының 
нәтижесін  кӛріп,  ӛз  ӛзіне  сын  кӛзбен  қарауына  және  жеткен  жетістігінен  ләззат  алуға 
мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім ӛткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет. 
Сабақты сәтті ұйымдастырудағы басты мақсат -оқушының сабаққа деген қызығушылығын 
арттырып,  бүгінгі  заман  талабына  сай  білім  беру.  Сабақтың  сәтті  ӛтуі  біріншіден, 
мұғалімнің  біліміне,  іскерлігіне,  тәжірибесіне  байланысты  болса,  екіншіден,  сабақ 
материалына,  ал  үшіншіден,  сабақ  типіне,  тӛртіншіден  мұғалім  мен  оқушының  кӛңіл  – 
күйіне де байланысты. Сабақты тартымды әрі сәтті ӛткізе білу мұғалімдер қауымынан кӛп 
ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет етеді[1]. 
Оқыту  үрдісін  компьютерлендіру  мақсатында  интерактивті  тақтамен  жұмыс  жасау 
тиімді.  Қазіргі  уақытта  Қазақстанның  жалпы  орта  білім  беретін  мектептерінің  барлығы 
дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың 
қызығушылығын,  интеллектуалдық  танымын,  білім  сапасын  арттыруға  болады. 
Интерактивті  тақтаны  әр  сабақ  барысында,  соның  ішінде  биологиядан  практикалық, 
зертханалық  сабақтарды  ӛткізген  кезде  жиі  қолданылады.  Биология  пәнін  оқытуда 
интерактивті  тақтамен  жұмыс  жасауда  оқушылардың  қызығушылығын  танытып  қана 
қоймай,  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  мен  қатар  жаңа  ақпараттық  технологияны 
меңгеруге,  оны  пайдалана  алуына  мүмкіндік  береді.  Сабақта  интерактивті  тақтаның 
элементтерін  пайдалану,  дайындалған  арнайы  тапсырмаларды  тыңдап  қана  қоймай, 
кӛздерімен  кӛріп,  оны  жетік  түсінуге,  дағдыланады.  Интерактивті  тақтаны  пайдалану 
аркылы  оқушылардың  білімін  тексеру  үшін  әр  тарауды  аяқтаған  кезде  немесе  жаңа 
сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін қолдануға болады[4].  
Қазіргі  таңда  елімізде  білім  беру  жүйесінде  жаңашылдық  қатарына  ақпараттық 
кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті  білім, 
білік, дағдының кӛлемі күннен күнге артып, мазмұны ӛзгеріп отыр[2]. 
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бӛлігі. Соңғы 
жылдары  заман  ағымына  сай  күнделікті  сабаққа  компьютер,  электрондық  оқулық, 
интерактивті  тақта  қолдану  жақсы  нәтиже  беруде.  Білім  беру  жүйесі  электрондық 
байланыс,  ақпарат  алмасу,  интернет,  электрондық  пошта,  телеконференция,  On-line 
сабақтар  арқылы  іске  асырылуда.  Бүгінгі  күні  инновациялық  әдістер  мен  ақпараттық 
технологиялар  қолдану  арқылы  оқушының  ойлау  қабілетін  арттырып,  ізденушілігін 
дамытып,  қызығушылығын  тудыру,  белсенділігін  арттыру  ең  негізгі  мақсат  болып 
айқындалады[5]. 
Ақпарат құралдарын пайдалана отырып, сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, 
білім  деңгейіне,  ынтасына  қарай  топқа  бӛліп,  ӛз  бетімен  еңбектенуге,  ізденуге, 
шығармашылыққа  баулып,  қорытынды  жасауға  машықтандырылады,  оқушының  ақыл-
ойын  дамытып,  ӛзіндік  дүниетанымын  қалыптастырылады,  сабаққа  ынтасын  арттырып, 
тапсырманы  орындау  барысында  жіберілген  қателер  мен  кемшіліктерді  уақытында 
анықтап түзетуге мүмкіндік береді[2]. 
Жалпы оқушылардың ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы: 
1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады. 
2. Шығармашылық қабілеттері артады. 

199 
 
3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады. 
4.Оқушылар ӛз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды. 
5. Компьютерлік сауатты болуға үйренеді[5]. 
Қазіргі  кездегі  шапшаң  жүріп  жатқан  жаһандану  үрдісі  әлемдік  бәсекелестікті 
күшейте  түсуде.  Елбасы  Н.  Ә.  Назарбаев  Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  50 
елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы Қазақстанның 
бәсекеге  нақтылы  қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  аса  маңызды 
құралдарының бірі» деп атап кӛрсетті. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: 
«Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеттерінің  бірі  —  білім  беру  бағдарламаларын  меңгеру 
үшін  жағдайлар  жасау  керек»-  деп  кӛрсетілген.  Солардың  бірі  білім  беруді 
ақпараттандыру  барысында  дидактикалық  және  оқыту  құралы  болып  компьютер 
саналады.  Сондықтан  кез  келген  білім  беру  саласында  мультимедиялық  электрондық 
оқыту  құралдары  барлық  пәндерді  оқытуға  пайдаланады.  Бұл  бағытта  ақпараттық 
технологияны  оқыту  үрдісіне  екпінді  түрде  енгізу  бағытында  және  қолданылатын  жаңа 
құралдардың  бірі  —  бағдарламалық  –  техникалық  кешен  болып  саналатын  «Активті 
экран» болып табылады[1]. 
Қазіргі  уақытта  жаратылыстану  —  ғылыми  білім  беруде  сабақ  барысында 
интерактивті  құралдарды  қолдануда.  Интерактивті  құралдардың  кӛмегімен  мұғалімнің, 
оқушының  шығармашылықпен  жұмыс  істеуіне  жол  ашылып  отыр.  Білім  берудегі 
интерактивті технология — мұндағы интерактивті сӛзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау) 
ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін 
емес,  бірін-бір  толықтыратын,  сабақ  барысында  барлық  оқушылардың  қатысуын 
ұйымдастыратын  оқыту  барысы.  «Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық  технологиямен 
байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру ӛте қажет» деп, Ел басы атап 
кӛрсеткендей  жас  ұрпаққа  білім  беру  жолында  ақпараттық  технологияны  оқу  үрдісінде 
оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор[3]. 
Бүгінгі  күні  бірнеше  интерактивті  тақтаның  түрлері  бар.  Олардың  ішінде  білім 
саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық. 
Interwrite  Board  интерактивтік тақтасы  - бұл тақта АҚШ-тың 7125 Riverwood Drive 
Columbia,  MD  21046  зауытында  жасақталған.  Бұл  тақтада  дәстүрлі  сызуқұралдары 
(сызғыш,транспортир,бұрыштама және т.б.) қолданылады. Олар геометрия, алгебра, сызу, 
физика  және  т.б.  мектеп  пәндері  үшін  кеңінен  қолдануға  болады.  Тақтаның  беті 
бүлінбейді және ол білім мекемелерінде үлкен сұранысқа ие. 
 Interwrite  Workspace  интерактивтік  тақтасы  -  суреттер  кітапханасы  және 
шаблондарымен  бірге  ӛз  материалдарын  толықтыруға  мүмкіндік  беретін  қарапайым 
құралдары  бар  тақта.  Оған  барлық  ақпараттарды  сақтап,  басу  құрылғысына  және 
электрондық пошта арқылы ақпараттарды жіберуге болады. 
Hitachi  экраны  және  интерактивті  тақтасы  -  24  функциональды  батырмалардан,72 
виртуальды  түстермен  сурет  салуға  мүмкіндік  беретін  жаңаStarBoard  FX  Duoсофт-ның 
негізіндеИнтернет  арқылы  50  басқа  StarBoardFX  бір  мезетте  байланысқа  шығуғажәне 
қашықтықтан конференциялар ӛткізугенегізделген тақта болып табылады. 
 SMART Technologies Inc Технологиясы -  SMART Board интерактивті тақтасында екі 
түрлі  технология  қолданылады:  Резистивтік  матрицалы  технология.  Резистивтік 
матрицалы технология –бұл жұқа сілтеуішті екі қабаттан тұратын тор, ауа қабаттарымен 
бӛлінген,  беті  пластикпен  қапталған  интерактивтік  тақта.  DViT  (Digital  Vision  Touch) 
технологиясы  -  бұл  меңзер  координатын  қолданатын  (маркер  немесе  саусақ)  тақтаның 
бұрыштарында  сандық  бейне  камералар  орналасқан.  Бұл  технологияны  қолданғанда 
меңзердің жылдамдығы артады да, функциональдық мүмкіндіктері артады. 
Panaboard  KX-BP800  интерактивті  тақтасы  -  электронды  Panaboard  KX-BP800 
интерактивті тақтасының  жиналыстар, семинарлар, телеконференциялар, презентациялар 
мен сұхбаттасу жүргізуге мүмкіндігі мол тақта. Мұнда тақтаныңкӛшірмесін алуға болады, 
проектортүсіретін экран, интерактивті монитор және басқа да кӛптеген мүмкіндіктері бар. 

200 
 
Оны  компьютерге  және  проекторға  қосқанда,  Panaboard  KX-BP800  тақтасыинтерактивті 
мониторға  айналады,  электронды  маркердің  кӛмегімен  компьютердің  қосымшаларын 
басқаруға болады. 
Webster  интерактивтік  тақтасы-  электронды  Webster  интерактивті  тақтасының 
сериясы TS (TS-400 / TS-600 / TS-800) Polyvision компаниясынан – кәсіптік презентациясы 
ӛткізуге  арналған  құрал.  Комплектіге  «Webster  тақтасы,  дербес  компьютер,мультимедиа 
проектор»  жатады.«Маркер  Тақта»  Маркер  4  түсті  (қызыл,  қара,  жасыл,  кӛк)  және 
ӛшіргіштің  кӛмегімен  қарапайым  тақта  тәрізді  кез  келген  жазбамен  суреттерді  салуға, 
құруға  және  редакторлеуге  болады.  «Электронды  тақта»  маркермен  немесе  саусақпен 
басқара  отырып  қажетті  операцияларды  атқарғанда  компьютерлік  тышқанның  қызметін 
атқарады[2]. 
Биология 
сабақтарында 
интерактивті 
тақтаның 
кӛмегімен 
ACTIVstudio 
бағдарламасын  пайдаланып  флипчарт  қолдану  арқылы  сабақтарды  ӛткізу  тиімді.  Бұл 
ACTIVstudio  (Promethean  компаниясы)  —  ACTIVstudio  программасы  арқылы  іске 
қосылады.  Бұл  құрылғы  компьютер,  мультимедиялық  проектор  және  ақпараттарды 
енгізуге арналған активті қаламнан тұрады. 
Aктивті  қалам  –  бұл  меңзерді  басқару  құрылғысы  және  компьютер  мен  тақта 
арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы. 
Флипчарт  –  бұл  бірнеше  қажетті  беттерден  тұратын  негізгі  жұмыс  аймағы.  Бұл 
аймақта  презентацияны  құруға  және  оны  кӛрсетуге  қажетті  құралдардың  барлығы 
кӛрсетіледі.  Бірнеше  флипчарттарды  бірден  ашып,  бір  флипчарттан  келесі  флипчартқа, 
объектілерге  сілтемелер  қоюға  немесе  объектілерді  бір  мезетте  келесі  бетке  кӛшіруге 
болады.  Флипчартты  басу  құрылғысынан  шығаруға  немесе  әр  түрлі  форматтарда 
экспорттауға болады. 
«Активті экран» кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты кӛрсетуге және оны 
компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады[3]. 
Бағдарламалық  —  техникалық  кешеннің  құрамына  кіретін  интерактивтік  тақтаны 
оқытушыға  сабақты  қызықты  және  динамикалық  түрде  мультимедиялық  құралдар 
кӛмегімен  оқушылардың  қызығушылықтарын  тудыратындай  оқуға  мүмкіндік  беретін 
визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында 
тұрып,  бір  мезетте  мәтіндік,  аудио,  бейне  құжаттарды  DVD,  CD-ROM  және  Интернет 
ресурстарын  қолдана  алады.  Бұл  кезде  мұғалім  қосымшаны  іске  қосу,  CD-ROM,  Web- 
түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы 
қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады. 
Бұл  технологияны  оқу  материалын  хабарлау  және  оқушылардың  ақпаратты 
меңгеруін ұйымдастыру арқылы, кӛзбен кӛру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау 
мүмкіндіктерімен  қамтамасыз  ететін  әдіс  деп  қарауға  болады.  Оқушылардың  кӛпшілігі 
естігенінің  5  %  және  кӛргенін  20  %  есте  сақтайтыны  белгілі.  Аудио  –  және 
видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады[2]. 
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін 
танымдылығы  жағынан  қызықты  әрі  жаңаша  ӛтуі  үшін  ӛзінің бағалы  уақытын  қажетті 
материалды  іздеу  мен  жүйелеуге  жұмсайды.  Ал  жекелеген  курс  бойынша  мәселелік  – 
бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге « мұғалім  – оқушы » жүйесінде 
ақпаратты  беруді,  ӛңдеуді  және  қайталауды  жаңаша  ұйымдастыруына  мүмкіндік  береді. 
Бірақ  ,  мұны  барлығы  жүзеге  асуы  үшін  мұғалім  компьютерлік  оқыту  технологиясы 
бойынша білімдер мен  іскерліктерді  игеруі қажет.  Бұл дайындық диференциалды болуы 
тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі 
сипатқа ие. 
Іс  тәжірибемізде  интерактивті  құрылғылардың  барлық  мүмкіндіктерін  пайдалана 
отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта тӛмендегі 
іс – шаралардың қолданудың маңызының зор екенін байқадық. 

201 
 
—  Оқушының  дайындық  деңгейін,  ынтасын  және  қабылдау  жылдамдығын  ескеру 
арқылы  жаңа  материалдарды  меңгеруге  байланысты  оқытуды ұйымдастыру  және  оқыту 
процесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану 
— Оқытудың жаңа әдістері мен  формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс 
— әрекетін компьютерлік ойындар және т. б.) сабақта жиі қолдану. 
—  Проблемалық  зерттеу,  аналитикалық  және  модельдеу  әдістерін  қолдану  арқылы 
классикалық әдістерді жетілдіру. 
—  Жаңа  ақпараттық  технология  құралдарын  (жаңа  типті  компьютерлер, 
телекоммуникация,  виртуальды  орта  және  мультимедия  –  технология,  интерактивті 
құрылғылар)  пайдалану  арқылы  оқу  процесінің  материалдық  –  техникалық  базасын 
жетілдіру[1]. 
Сабақ  материалы  Power  Point  презентациясы  немесе  мәтіндік  ақпарат  түрінде 
беріледі.  Сонымен  қатар,  материалдың  құрамына  кесте,  диаграмма,  сурет,  басқарушы 
батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның 
алдында  тұрып  жасырулы  ақпаратты  және  объектілерді  кӛрсете  алады  және  ӛзгертеді. 
Сабақтың  соңында  қолданылған  материалды  есте  сақтап,  қажет  жағдайда  қайталап 
қолдана алады. Интерактівтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі 
бір  форматпен  сақталады,  сонымен  қатар  PDF  форматында  да  сақтап,  оқушыға 
электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Мұғалім алдын  –  ала дайындаған сабақты 
оқушының  білімін,  біліктілігін,  дағдысын  бақылауға  бағытталған  тапсырмаларды 
орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру 
жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. 
Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, 
құрал  –  саймандарды  қолдануды  кӛрсетіп  түсіндіреді.  Мұғалім  оқушыны  тақтаға 
шығарып,  оған  жеке  тапсырма  береді,  оған  қалғандардың  кӛңіл  бӛлу  үшін  бағыт  береді 
және бақылап отырады[4]. 
Сонымен,  интерактивтік  тақта  сабаққа  қатысушылардың  барлығының  ойын  бір 
ортаға  жинақтап,  қажет  ақпаратты  ӛңдеу  арқылы  жалпыланған  ақпараттық  біліктілікті 
қалыптастыратын  тиімді  құрал  болып  табылады.  Алдын  ала  дайындалған  оқу 
материалдары – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер  – сабақтың 
жақсы  ӛтуін  және  барлық  ақпарат  түрлерін  қолдануды  қамтамасыз  етеді.  Сонымен, 
«Активті  экран»  кешенін  қолдану  арқылы  оқыту  үрдісінде  жаңа  дидактикалық 
мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді. 
Сабақта  уақытты  үнемдеу,  демонстрациялық  материалдар  даярлау  мақсатында 
интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді.  
   Қазіргі  заман  мұғалімнен  тек  ӛз  пәнінің  терең  білгірі  болуы  емес,  тарихи 
танымдық,  педагогикалық  –  психологиялық  сауаттылық,  саяси  экономикалық  білімділік 
және  ақпараттық  сауаттылық  талап  етілуде.  Ол  заман  талабына  сай  білім  беруде 
жаңалыққа  жаны  құмар,  шығармашылықпен  жұмыс  істеп,  оқу  мен  тәрбие  ісіне  еніп, 
оқытудың  жаңа  технологиясын  шебер  меңгерген  жан  болғанда  ғана  білігі  мен  білімі 
жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. 
ACTIVstudio  программасы  арнайы  презентацияларды  ӛткізуге  және  оны  сабақ 
барысында  қолдануға  негізделген  бағдарлама.  Бұл  бағдарлама  ACTIVboard  және 
ACTIVpen  қаламымен  жұмыс  жасау  үшін  жасақталған  болғандықтан  кӛбіне  жаңа  дәріс 
тақырыбын  түсіндергенде  пайдаланған  ӛте  тиімді.  ACTIVstudio  программасының 
мүмкіндіктері ӛте кӛп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, ӛткізуге, материалдарға 
арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді кӛрсетуге, кӛрсеткіштерді қосуға, қосымша 
ақпараттарды енгізуге, тақырып материалына  перде, прожектор құралдарын қолданудың 
тыңдаушыларға жаңа тақырып материалын түсіну үшін маңызды және басқа да кӛптеген 
мүмкіндіктері бар[2]. 
Актив студио бағдарламасын сабақта тиімді қолдану жолдары 

202 
 
ActivStudio бағдарламасын ашу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет: Пуск  – Все 
программы  -  ActivSoftware  -  Activstudio  3  –  Professional  Edition  V3  –  Enter  батырмасын 
шерту  қажет  немесе  Windows  жұмысшы  ортасында,  жарлығына  тышқанмен  екі  рет 
шертсе жеткілікті[3]. 
Интерактивті құралдар: 
ACTIVstudio бағдарламасының кӛптеген құралдары бар, атап айтқанда, нысандарды 
құратын,  арнайы  эффектілер  енгізетін  презентацияда  интерактивті  элементтерді 
қолданатын,  жаңа  тақырып  материалдарын  түсіндіруге  қолданатын,  оларды  қайталауға 
қолданатын. Бұл құралдарды пайдалану үшін нақты презентацияларда құралдар панелінің 
кӛмегі қажет. 
Флипчарт-ACTIVstudio  бағдарламасымен  жұмыста  ең  негізгі  қолданатын  ұғым  - 
флипчарт  ұғымы.  Флипчарт  –  бұл  бірнеше  қажетті  беттерден  тұратын  негізгіжұмыс 
аймағы.  Бұл  аймақта  презентацияны  құруға  және  оны  кӛрсетуге  қажетті  құралдардың 
барлығы  кӛрсетіледі.  Бірнеше  флипчарттарды  бірден  ашып,  бір  флипчарттан  келесі 
флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке 
кӛшіруге  болады.  Флипчартты  ACTIVstudio  программасы  іске  қосылғанда  бірден 
компьютердің экранына сәйкес келетін жаңа флипчарт құрылады.  
ACTIVstudio  программасы  арнайы  презентацияларды  ӛткізуге  және  оны  сабақ 
барысында  қолдануға  негізделген  бағдарлама.  Бұл  бағдарламаны  қолданса,  оқушылар 
тереңірек  әрі  қызықты,  толықтай  білім  алады.  Негізгі  мақсат,  оқушыларды  жаңа 
ақпараттық техникамен жұмыс жасауға, кӛруге мүмкіндігі болмаса да виртуалды кӛруіне, 
онлайн  режимде  басқа  мектеп  оқушыларымен  білім  алмасуға,  ӛз  ойларын  ашық  еркін 
жеткізе  білуге  қазіргі  заманға  сай  тұлғалар  қалыптасыуына  септігін  тигізеді.  Әрине  кез 
келген  сабақтарда қолдана беруіне болады. Сабақтарда, ашық сабақтарда, сыныптан тыс 
жұмыстарды  ұйымдастыру  кезінде,    семинар,  мастер  класс    және  т.б.  ӛткізгенде 
ACTIVstudio бағдарламасын қолдану ӛте тиімді.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
К.Ж.Бұзаубақова. Білім берудегі инновациялық технологиялар. Оқу құралы. Тараз:  
ТарМПИ, 2014.  230-240 б. 
2.
 
Досжанов  Б.А.  Мультимедиалық  технологияларды  пайдалану  арқылы  оқыту 
процесін жетілдірудің дидактикалық негіздері: пед. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін 
дайын. дис. автореф. / Б.А.Досжанов. Түркістан, 2007. – 30 б. 
3.
 
Кириченко  А.А.  Мультимедиа-технологии:  учеб.  Пособие.  /  Под.  ред. 
А.В.Кострова, ЮНИТА 1 – НОУ «Современная Гуманитарная Академия» - 2005. – 95 стр. 
4.
 
Селевко  Г.К.  Современные  образовательные  технологии  /  Селевко  Г.К., 
Москва:«Народное образование»,2001. 114-115 стр. 
5.
 
Мырзабаев  А.Б.  Биологияны  оқыту  әдістемесі.  Оқу  құралы.  Қарағанды,  ЖШС 
«САНАТ – Полиграфия», 2006. – 344 бет. 
 
Аннотация:  В  данной  статье  рассматривается  эффективность  применений 
программу  ACTIV  STUDIO  на  уроке  биологии.  Применение  новых  информационных 
технологии  помогают  усовершенствованию  знаниям  учеников.  И  на  этой  статье 
возможности программы ACTIV STUDIO полностью открываются.  
Annotation: In  this  article  is  examined  efficiency  of  applications  of  program  ACTIV 
STUDIO on the lesson of biology. Application of new informative technologies help to improve 
knowledge  of  students.  And  on  this  article  the  possibility  of  the  program  ACTIV  STUDIO    is 
fully.opened. 
 
 
 
 

203 
 
МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ 
 
Жарияланым тӛмендегі элементтерден тұрады: 
а)  ӘОЖ (әмбебап ондық жіктеу) 
б)  мақаланың тақырыбы (барлығы бас әріптермен);  
в)  авторлар туралы мәлімет; 
г)  мақаланың мәтіні; 
д)  әдебиеттер тізімі (5-10); 
е)  аннотация. 
Мақалаларды  жазу  мен  рәсімдеу  тәртібін  сақтау  үшін  журнал  редакциясы 
авторлардың тӛмендегі ережелерді сақтауын сұрайды.   
Мақала материалдары баспадан шығу үшін Microsoft Word 2003, 2007 редакторында  
немесе  соған  сәйкес  редакторларда  терілген  3-10  беттік  мақаланың  қолжазбасы  А4 
форматты  қағазға  1  дана  шығарылып,  қазақ,  орыс  немесе  шетел  тілдерінде  тапсыруға 
болады. Мақала материалының электронды нұсқасы міндетті түрде болуы қажет. Баспаға 
ұсынылатын  мәтінді  рәсімдеу  тәртібі:  KZ  Times  New  Roman,  шрифті  –  12,  жоларалық 
интервал – 1, параметрлері барлық жағынан – 2см. 
Мақала тӛмендегі құжаттармен қоса ұсынылуы қажет: 
-  Редакцияға  келіп  түскен  материалдарда  ғылым  докторы  немесе  ғылым 
кандидатының  ұйымның  мӛрі  басылған  пікірі  болуы  керек.  Пікір  беруші  мақалалардың 
сапалылығына жауап береді. Ғылыми дәрежесі жоқ авторлар үшін ғылым докторларының 
немесе  ғылым  кандидаттарының  пікірі  болуы  тиіс.  Мақалаларды  жариялау  үшін  пікір 
берушілердің ұсынысы жеткіліксіз. Соңғы шешімді редакция ұжымы қабылдайды. 
-  қазақ  тіліндегі  мәтін  үшін  –  орыс  және  ағылшын  тілдеріндегі  түйіндеме;  орыс 
тіліндегі  мәтін  үшін  –  қазақ  және  ағылшын  тілдеріндегі  түйіндеме;  шетел  тілдеріндегі 
мәтін үшін – қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме; 
- автордың түйіндемесі: тегі, аты, әкесінің аты, қызметі, жұмыс орны, үй және жұмыс 
телефондары, мүмкіндігінше – факс және e-mail. 
Мақала тӛмендегі талаптарға сәйкес рәсімделуі қажет: 
- сол жақ жоғарғы жағында ӘОЖ индексі,  екінші  бас әріптермен (қою шрифтпен) – 
мақаланың тақырыбы, үшінші жолда ортасында автор(лар)дың тегі, аты, әкесінің аты 
жазылады, екі интервалдан кейін негізгі мәтін жазылады. 
-  әдебиеттерге  жасалған  сілтемелер  дәйектемеден  (цитата)  кейін,  тӛрт  бұрышты 
жақшаның  ішінде,  әдебиеттер  тізіміндегі  нӛмеріне  сәйкес  нӛмермен  кӛрсетіледі. 
Дәйектемені  (цитата)  беру  үлгісі  [10,81б.].  Пайдаланған  әдебиеттер  тізімі:  10.  Бердяев 
Н.А. Смысл истории. М.: Мысль, 1990. 175 с. мақаланың ең соңында беріледі. Әдебиеттер 
тізімінен кейін мақаланың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндемесі беріледі. 
Кескіндемелер (кестелер, схемалар, диаграммалар) жеке А4 парағында компьютерде 
немесе  анық  сызба  (тушпен)  түрінде  орындалуы  қажет.  Суреттің  нӛмері  қағаздың  сырт 
жағында  қойылады  және  қай  бетке  және  қай  жерге  орналасатындығы  жазылады. 
Математикалық формулалар Microsoft Equation объектісі ретінде теріліп, беріледі. 
Сілтеме жасалатын  формулалар ғана нӛмірленуі қажет. Графикалық материалдар 5-
суреттен аспау керек. 
Талапқа  сай  рәсімделмеген  мақалалар  қабылданбайды  және  авторға  кері 
қайтарылады. 
Журналдың  бір  нӛмерінде  автор  бір  рет  мақала  жариялайды,  екінші  рет  тек  басқа 
автормен бірігіп ғана жариялай алады. Бір мақаланың авторы 3-ден аспау қажет.  
 
 
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет