Тараздың тәттісі бал татиды Құстар, құстар сызылтып



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата03.03.2017
өлшемі4,34 Mb.
#7057
  1   2   3   4   5   6   7   8

 №15 (1250)           8

  сәуір  

2015 жыл, сәрсенбі

www.z-taraz.kz



Тараздың тәттісі 

бал татиды

Құстар, құстар сызылтып

ән салады...

 

„



Қазақ сазының 

сайыпқыраны, сал-серілік 

дәстүрдің соңғы тұяғы 

Нұрғиса Тілендиевке 90 жыл

.                                                                                                                                             

                                           



7

  бет.

Бедеулік - демографияға 

әсер етуде 

 

„



Бүгінде еліміздегі жас 

отбасылардың 16 пайызы бала 

сүю бақытынан айырылып отыр.

                                                                                                                                            

                                         

9

  бет.

 

„



Өңірде өндірілетін 

тәттілер брендке айналатын 

күн де алыс емес

                                                                                                                                                                   

                                            

5

  бет.

Жаңғырту жұмыстары 

жалғасады

 

„



Тараз - Шымкент 

қаласынан кейінгі газ 

құрылғыларын жабдықтау 

желілері жаңғыртылып, 

ауыстырылып жатқан 

екінші қала. Бұл салада 

өткен жылы бірқатар 

жұмыстар атқарылды. 

Биылғы меже де жоғары. 

Тұрғындар тарапынан 

осы жұмыстарды жүргізіп 

жатқан мердігерлер өз 

жұмыстарына аса үлкен 

жауапкершілікпен қараса 

екен деген өтініш те бар

.                                                                                                                                             



Ұстаздар ұстанымы – 

салауаттылық!

 

„



Орталық стадионда 

білім және ғылым 

мекемелері мен 

ұйымдары қызметкерлері 

арасында VII аймақтық 

спартакиада жалауын 

көтерді. Спорттық додада 

болашақ ұрпақты білім 

нәрімен сусындатып 

жүрген мұғалімдер 

салауатты өмір салтын 

насихаттаудың үздік 

үлгісін көрсетті.

                                                                                                                                                    

                                   

4

 бет.

 

„



Биыл еліміз үшін тарихи жыл. Сондай ауқымды шаралардың бірі – Қазақ 

хандығының 550 жылдығы Тараз қаласында өтеді.  Мерейтой  қарсаңында 

облыс  орталығындағы  көшелер  жөнделіп,  көпқабатты  тұрғын  үйлердің 

қасбеттері  әрленеді.  Мердігер  «Айя  –  Сервис»  ЖШС  жаңа  технология 

бойынша  Сүлейменов  көшесінде  күрделі  жөндеу  жұмыстарын  жүргізіп 

жатыр. Жөндеу жұмысының барысында көше біршама кеңейіп, аялдамалар 

жаңартылады.  Мұнда  бордюрға  Қордай  ауданында  өндірілетін  гранит 

тастары  төселуде.  Пайдалануға  берілу  мерзімі  6  айды  құрағанымен, 

жөндеу  жұмыстары  алдағы  1  мамыр  мерекесіне  аяқталады  деп  күтілуде.  

                                                                                          



ҚауырТ шаҚ

қала қарбалас

2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №15 (1250), 8 сәуір 2015 Жыл 



Елі ардақтады батырын

 

„



ОііД Даңқ аллеясында 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында 

лаңкесті ұстау барысында ерлікпен қаза болған Халық Қаһарманы, полиция 

капитаны Ғазиз байтасовтың туған күніне орай төртінші жыл қатарынан еске алу 

митингісі өтті.



Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ 

Шараға қала басшылары, Ішкі Істер органдарының 

ардагерлері, мемлекеттік мекемелер мен жұртшылық 

өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері, орта 

мектептердің жол қозғалысы жас инспекторларының  

жасақтары мен БАҚ өкілдері қатысты. Шара батырдың 

отбасы Ғ.Байтасовтың ескерткішіне гүл шоқтарын 

қоюмен басталды. Жиынды ОІІД және Ұлттық гвар-

дия  ардагерлер  кеңесінің  төрағасы,  отставкадағы  

полковник Өрнекбай Смайлов ашып берді. Сондай-ақ, 

көпшілік қызметтік парызын атқару барысында қаза 

тапқан Ішкі Істер органының барлық қызметкерлерінің  

құрметіне  қарудан үш дүркін оқ атылып, бір минут 

үнсіздік жарияланды. Жиналғандар алдында сөз алған 

ОІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі 

Қалижан Шоңғарбаев:

-Бейбітшілік пен тыныштықты, азаматтарымызды 

құтқару үшін құрбан болған полиция қызметкерлерінің 

есімдері мәңгілікке Қазақстан Республикасы Ішкі 

Істер органдары тарихына жазылған. Отанымыз өзінің 

патриот ұлдарын ешқашан ұмытпайды. Халқымыз 

мәңгілік  өз жүрегінде  сақтайды. Лаңкесті құрықтау 

барысында ерлікпен қаза болған жол полициясы жеке 

батальоны 1-взводының командирі, полиция капитаны 

Ғазиз Байтасовқа еліміздегі ең жоғарғы атақ –Халық 

қаһарманы атағына қаза болғаннан кейін ие болған 

алғашқы полицей. 2013 жылдан бастап ҚР ІІМ жыл 

сайын оның ерлік істеріне арналған «Қазіргі заман 

қаһарманы»  патриоттық  акциясын  өткізіп  келеді. 

Ғазиз Байтасовтың ерлігі ешқашан ұмытылмайды 

және заңдылық пен құқықтық тәртіп күзетінде тұрған 

Қазақстан полицейлері үшін үлгі бола бермек,-деді. 

Сонымен  қатар  Халық  Қаһарманының  жұбайы 

Гүлжамал  Тәжиева  жыл  сайын  Ғазиз  Байтасовты 

еске алуда ауқымды шараларға ұйытқы болып жүрген 

азаматтарға туыстары мен жақындарының атынан Ішкі 

Істер департаменті басшылығы мен жеке құрамына 

шексіз алғысын білдірді. Шарада Гүлжамал Тәжиеваға 

Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алу құрметіне 

Жамбыл облысы Ішкі Істер органдары және Ұлттық 

гвардия ардагерлер кеңесі тағайындаған сыйлық тап-

сырылды. Осындай естелік жәдігерлер Астана және 

Алматы қалаларындағы Қазақстан полициясының 

Даңқ мұражайына, Солтүстік Қазақстан облысының 

Ішкі Істер департаментіне жіберілді. Митинг соңында 

ҚР ІІМ Академиясының бітірушісі полиция сержанты 

Азамат Әбішов сөз тізгінін ала отырып, Ішкі Істер 

органдарының  жас  қызметкерлері  атынан  барлық 

қатысушыларды Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың 

ерлігіне  тағзым  етіп,  бой  түзейміз  деп  сендірді. 

Сондай-ақ ол сөзінде полиция атына лайық болып, 

Ғазиз Байтасов секілді Отанға қалтқысыз адал қызмет 

ететінін айтып өтті. 

 

„



Қалалық әкімдігінде «ҚазТрансГазаймақ» аҚ ЖӨФ өкілдері және 

квартал комитеттері төрағаларымен кездесу өтті. басқосудың басты 

тақырыбы - ағымдағы жылы жалғасын табатын газ құбырларын 

ауыстыру жұмыстарының барысы болды.

Жаңғырту жұмыстары жалғасады

Айсана нұрбАп

Оңтүстік өңірде Тараз, Шымкент қаласынан 

кейінгі газбен жабдықтау желілері жаңғыртылып, 

ауыстырылып жатқан екінші қала. Бүгінгі таңда 

қалада инновациялық технологияларды қолдану 

ұзақтығы – 370 шақырымға ескі газ құбырларын 

ауыстыруға мүмкіндік берді, 7218 заманауи жеке 

шкафтық  газ  таратушы  пункттер  орнатылды. 

Осының  арқасында  жеке  меншік  сектордан 

11 мың абонент және коммуналдық сектордан 

4  мың  абонент,  Тараз  қаласы  бойынша  743 

коммуналдық –тұрмыстық және 64 өнеркәсіптік 

кәсіпорын көгілдір отынды жаңа жүйе бойынша 

алады. Жерүсті ескі болат газ құбырларын едәуір 

ұзақ  мерзімге  жарайтын  жерасты  полиэтилен 

құбырларға  ауыстыру  желілердің  бүтіндігін 

және  қауіпсіздігін  арттырып  қана  қоймай,   

Тараз  қаласының  бірегей  архитектуралық 

келбетін сақтап қалуға мүмкіндік беруде. Жоба 

«ҚазТрансГаз  Аймақ»  АҚ  қарыздық  және  өз 

қаражаты  есебінен  қаржыландырылады  және 

облыс орталығында 935,5 шақырым жер асты по-

лиэтилен газ құбырларын төсеу, газбен жабдықтау 

сызбасын газ берудің үш сатылы жүйесінен қос 

сатылыға өзгерту, жеке дара 23 051 ШП орнату, 

автоматтандырылған  басқару  жүйесін  енгізу 

жоспарлы түрде жүзеге асуда. Осымен төртінші 

жыл  «ҚазТрансГаз  Аймақ»  АҚ  тұрғындарды  

газдандыру және қазіргі газ желілерін ауқымды 

жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда. 

Осы орайда қалалық әкімдікте өткен шараға 

қала әкімінің орынбасары Ерік Көшербаев және 

алдағы уақытта газ жүйелерін модернизациялау 

жоспарында  тұрған  «За  линий»  аумағының 

квартал комитет төрағалары қатысты. Жиында 

«ҚазТрансГазАймақ»АҚ ЖӨФ директоры Болат 

Мұртазаев, қалада әлі 940 шақырымды құрайтын 

газ құбырларын ауыстыру жоспарланғандығын 

айтып өтті. Мамандардың айтуынша жаңа поли-

этилен құбырлары табиғи-сейсмикалық апаттарға 

айтарлықтай төзімді екен. 2015 жылы 6888 за-

манауи жеке шкафтық газ таратушы пункттер 

орнатылып, 10779 абонентті көгілдір отынмен 

қамтамасыз ететін тағы 262 шақырым жерасты 

газ  құбырлары  іске  қосылмақшы.  Жаңа  жүйе 

тұтынушыларға да, сала мамандарына да тиімді. 

Және  жаңа  газ  құбырларының  жарамдылық 

мерзімі 50 жылдан аса уақытты қамтитын көрінеді. 

Дегенмен, қала тұрғындары газ құбырларын ауы-

стыру жұмыстарынан кейін қазылған күйі қалып 

кеткен көшелерге алаңдаулы. Нақты уақытта мо-

дернизация жұмыстарымен «Сырэнергогазстрой» 

(директоры  И.Дудников),  «Газспецстрой  -  А» 

 

„



м.Х.Дулати атындағы 

Тарму-дің бас ғимаратында 

Қр Президент сайлауын 

бақылау жөніндегі 

республикалық қоғамдық 

комиссия құрылып, өз 

жұмысын бастады.

сайлаудың 

әділ өтуі – 

ел назарында



нұржан СЕрІКХАнұЛЫ

Осыған  орай  аталмыш  республикалық 

қ о ғ а м д ы қ   ком и с с и я с ы н ы ң   Жа м б ы л 

облысындағы филиалы Парида Мамедованың 

басшылығымен республикалық және жергілікті 

БАҚ  өкілдерімен  кездесіп,  алдағы  сайлауға 

қатысты  бірқатар  мәселелерді  талқылап, 

арнайы  брифинг  өткізді.    Шараның  басты 

мақсаты  –  ҚР  сайлауды  бақылау  жөніндегі 

республикалық  қоғамдық  комиссияның 

қызметін атқару, яғни бақылаушылар сайлауға 

қатысушы әрбір үміткердің барлығына бірдей 

жағдай  жасалуын қадағалайды және қандай 

да болмасын құқық бұзушылықтардың болу-

ына жол бермейді дейді комиссия мүшелері.                                                                                                                              

- Комиссия құрамына өңірдегі қоғамға белгілі 

қоғам қайраткерлері, ардагерлер мен ғалымдар, 

жастар  бірлестіктерінің  жетекшілері  еніп 

отыр. Ұзын саны 461 мүшенің 100-і қалада, ал 

қалған 361-і шалғай аудандарда жұмыс жасай-

тын  болады.  Комиссия  мүшелері  сайлаудың 

әділ  де  шынайы  өтуіне  ат  салысады.  Атап 

айтқанда, ҚР Президенттігіне үміткерлердің 

сайлауалды  насихаттаудағы  тепе-теңдікті 

қадағалайтын  болады.  Комиссия  мүшелері 

бақылаушылар  үшін  семинар-тренингтер 

өткізеді және бақылаушылар сайлау күні сай-

лау учаскілерінде қоғамдық ұйымның атынан 

қатысады. Оларға қойылатын басты талаптың 

бірі - ҚР Сайлау туралы заңын білу. Сонымен 

қатар бақылаушылар үшін әдістемелік құралдар, 

жадынама мен хаттама үлгісімен бақылаушы 

блокноты  дайындалады.  Бақылаушы  блок-

ноты дауыс беру басталысымен және дауыс 

беру аяқталуымен толтырылатын хаттамадан 

және қандай да бір ереже бұзу анықталғанда 

толтырылатын  хаттамадан  тұрады.  Филиал 

кеңсесінің  жұмысы  үздіксіз  жүргізіледі,  ал 

демалыс күндеріне  арнайы кезекшілік кестесі 

ұйымдастырылған,- дейді ҚР Президент сайлау-

ын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық 

комиссияның Жамбыл облысы  филиалының 

төрайымы  Парида  Иманжанқызы.Қоғамдық 

комиссия  өз жұмысының нәтижесін сайлау 

науқаны аяқталған соң жариялайтын болады.

(Т.Бақышев), «Газ - Сервис» 

(Қ.Аралбаев),  «Мехстрой» 

(А.Закарьянов),  «САПАР  - 

Консалтинг»  (М.Өмірбаев), 

«Темір Айбархан» (Б.Пулатов) 

ЖШС-і айналысуда.  Квартал 

комитеттерінің  төрағалары 

серіктестік  жетекшілерімен, 

олардың  жұмыс  кестесімен 

танысу  мақсатында  бөлек 

жиын өткізуді сұранды. Жиын 

барысында аталмыш сұраныс 

назарға  алынып,  бұл  өтініш 

жуық  арада  жүзеге  асатын 

болды. Кездесуге қатысушылар 

да өз кезегінде салаға қатысты 

мәселелерін  ортаға  салды. 

Мәселен  №30-шы  квартком 

төрайымы Ирина Айденаның 

айтуынша, осы аумаққа қарасты 

көшелердің  ешқайсысының 

жағдайы мәз емес. Құрылыс 

жұмыстарынан  кейін  сол 

күйі  қалпына  келтірілмеген. 

Көктем  мен  күз  мезгілінде 

көшенің қазылған жерлеріне 

жиналған  судан  аяқ  алып 

жүру мүмкін емес. Модерни-

зация  жұмыстары  басталар 

сәтте көше құрылысына кірісу 

тиімсіз.  Ал  газ  саласының 

мамандарына  бұл  жұмысты 

қолға алуға әжептеуір қаражат 

керек. Осындай себептермен 

биыл тағы бұл аумаққа қарасты 

көшелерге жөндеу жұмыстары  жүргізілмейтін 

болып отыр. Тек асфальт төселген көшелер ғана 

қалпына  келтірілмек.  Бұған  қоса  тұрғындар 

тарапынан  қысқы  мезгілде  газ  жүйелеріндегі 

ақаулардың салдарынан газдың өшуі де назардан 

тыс қалмады. Бұл тұрғыда Болат Мұртазаев, атал-

мыш мәселе көгілдір отынды тасымалдаушы жаңа 

жүйелерді қысқы мерзімде іске қосу салдарынан 

орын алғанын алдыға тартты. Жиын барысында 

қатысушылар газ жүйелеріндегі модернизациялау 

жұмыстарының келесі жоспарымен танысты.


мәслихат

3

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №15 (1250),  8 сәуір  2015 Жыл 



құмшағалда жаңа мЕктЕп болады

 

„



Тараз қаласы әкімдігінде қалалық мәслихаттың кезекті ХХХХ сессиясы өтіп, онда күн тәртібіне 

шығарылған бірқатар мәселелерге шешім шығарылды.

әр өтініштің ізі бар

нұржан СЕрІКХАнұЛЫ

Сессия  жұмысына  қала  әкімі  Нұржан 

Календеров,  мәслихат  хатшысы  Балабек 

Нарбаев, қала әкімдігіне қарасты бөлім бас-

шылары қатысты. Сессияны №4 аумақтық 

округінен сайланған депутат Анар Досым-

баева  жүргізіп  отырды.  Жиналғандар  ең 

бірінші  мәслихат  хатшысының  мәслихат 

алдындағы есебімен танысып, атқарылған 

жұмыстарға бір ауыздан жоғары баға берді. 

Күн  тәртібіне  шығарылған  қалалық  ішкі 

істер басқармасының 2013-2014 жылдары 

атқарған жұмысы туралы және заңдылық, 

азаматтар құқығын қорғау, құқықтық тәртібі 

мен  гендерлік  саясат  жөніндегі  тұрақты 

комиссияның  есебі  белгілі  себептермен 

кейінгі сессияның отырысына қалдырылды. 

Бұдан  әрі  күн  тәртібіндегі  мәселенің  бірі 

2015-2017 жылдарға арналған қала бюджеті 

туралы мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу 

бойынша Тараз қаласы әкімдігі экономика 

және бюджет жоспарлау бөлімінің басшысы 

Арман Нұрақын хабарлама жасады. Оның 

айтуынша  2015  жылға  арналған  қалалық 

бюджеттің  түсімдері  29  млрд.897  млн.  31 

мың теңге көлемінде нақтыланып, жоғары 

тұрған  бюджеттерден  түсетін  нысаналы 

трансферттердің есебінен бекітілген бюджет-

пен салыстырғанда 2 млрд. 89 млн. 305 мың 

теңгеге азайтылыпты. Ал бюджеттің шығыс 

бөлігі тиісінше жоғары тұрған бюджеттерден 

түсетін нысаналы трансферттердің есебінен 

және жыл басындағы бюджет қаражатының 

бос қалдықтары есебінен бекітілген көлемге 

қатысты  30  млрд.  505  млн.    497  мың 

теңгені құрамақ. «Нұрлы жол» мемлекеттік 

бағдарламасының аясында инфрақұрылымдық 

жобаларды қаржыландыруға Ұлттық қордан 

қарастырылған қаражат «Құмшағал» станци-

ясында 300 орынды орта мектеп құрылысын 

салуға, «Салтанат» мөлтек ауданы №37 «А» үйі 

мекенжайындағы ескі балабақша ғимаратын 

бұзып, 280 орындық балабақша құрылысын 

салуға,  «Арай»  алқабындағы  14  га  тұрғын 

кешенін сумен, газбен қамтамасыздандыру, 

магистральдық кәріз желілерінің құрылысын 

салуға, құрылыс нысандары мен «Бәйтерек» 

2 ықшам аудандарын электрмен қамтамасыз 

етуге, Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы 

тұрғын  алқабының  магистральдық  және 

ішкі  кварталдық  инженерлік  желілерінің 

құрылысына және кредит есебінен тұрғын үй 

салуға жұмсалмақ. Бұдан басқа, бюджет жо-

басында республикалық бюджеттен «Кірпіш 

зауыты» тұрғын алқабына 300 орынды орта 

мектеп құрылысын салуға, Ұлы Жеңістің 70 

жылдығы мерекесіне орай біржолғы ақшалай 

материалдық көмек көрсетуге трансферттер 

көзделген. Салаға қатысты осы іспетті бірқатар 

мәселелер  айтылып,  шешімге  енгізілген 

өзгерістер бір ауыздан қолдау тапты. Жиын 

барысында қалалық жұмыспен қамту және 

әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімінің  бас-

шысы  Гаухар  Олжабаева  «Тараз  қаласы 

бойынша  әлеуметтік  көмек  көрсетудің, 

оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж 

азаматтардың  жекелеген  санаттарының 

тізбесін  айқындаудың  Қағидаларын  бекіту 

туралы» қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 

8  қазандағы  №19-7  шешіміне  енгізілген 

толықтырулармен таныстырды.  Бұған қоса, 

күн  тәртібінде  тұрған  Тараз  қаласы  бой-

ынша  коммуналдық  қалдықтардың  норма-

лары  мен  тарифтерін  бекіту  туралы  және 

мемлекет  мұқтажы  үшін  жер  учаскесін 

сатып  алу,  жылжымайтын  мүлікті  сатып 

алу туралы шарттардың жобаларына келісу 

туралы мәселелер де мәслихат депутаттары 

тарапынан сараланып, қолдау тапты. Жиын 

соңында қалалық мәслихаттың кезекті ХХХХІ 

сессиясының төрағасы болып депутат Берік 

Ақшалов  сайланды.

 

„

ы.сүлейменов атындағы №37 орта мектепте осы аумақтан 



сайланған депутат,  Тараз қалалық мәслихатының хатшысы балабек 

Нарбаев сайлаушылар алдында есеп берді.



Айсана нұрбАп

ҚР  Президентінің  2013  жылғы  3 

желтоқсандағы  №704  Жарлығына  сәйкес, 

№22  сайлау  округінің  депутаты,  қалалық 

мәслихат хатшысы Б.Нарбаевтың сайлаушы-

лар алдында есеп беру жиынын Тараз қалалық 

мәслихатының  «Нұр  Отан»  партиясынан 

депутаттық фракцияның төрағасы  Қаржаубай 

Бекболатов  жүргізіп  отырды.  Сондай-ақ, 

шараға Тараз қаласы әкімінің орынбасары 

Ерік Көшербаев, қалалық әкімдіктің бөлім 

басшылары, квартал комитетінің төрағалары, 

кварткомдар мен аумақ  тұрғындары қатысты. 

Жиын  барысында  сөз  алған  Б.Нарбаев 

елдің болашақ жолын нақтылап, өркениетке 

ұмтылған  ұзақ  мерзімді  мақсаттар  мен 

міндеттерді  айқындап  отырған  Елбасы 

Жолдауын,  экономикалық  саясатын,  ел 

бірлігі негіз болып отырған «Мәңгілік Ел» 

жалпыұлттық идеясының өміршеңдігі мен 

ұлттық тарихымызды ұлықтау мақсатында 

жоспарланған алдағы атаулы даталарды тілге 

тиек етіп өтті. 

–Тәуелсіздігін  алғанына  23  жыл 

болған  еліміздің  абыройын  аспанға 

асқақтатып,  әлемдегі  алпауыт  елдермен 

иық  тірестіретіндей  әлеуетке  жеткізген 

Елбасының сарабдал саясатының тереңдігі, 

отандық  қана  емес,  жаһандық  саясаттағы 

жетекші орынын, бүкіл дүниежүзінің әйгілі 

саясаткерлерінің  мойындап  отырғаны  біз 

үшін зор мақтаныш. Жамбыл облысы аймағы 

қазақ  хандығы  ту  тіккен  өңірі  ретінде  та-

рихтан  белгілі,  ал  Қазақ  хандығының  550 

жылдығына  арналған  ұлттық  мерейтойды 

атап  өту  -  Тараз  қаласының  қанжығасына 

байланғаны  аса  қуантарлық  жәйт.  Атал-

мыш  мерекеге  қаламызда  атқарылатын 

іс-шаралар  жоспары  құрылып,  әртүрлі 

жобалар, республикалық мүшәйра, көрме-

жәрмеңкелер, тарихи сахналық көрсетілімдер, 

театрландырылған  қойылым,  ақындар  ай-

тысы,  ұлттық  спорт  бойынша  жарыстар, 

«Қазақ хандығының құрылуы және тарихы» 

кітабының  таныстырылуы  өткізіліп,  киіз 

үйлерден қалашық дайындалады, экспеди-

ция  ұйымдастырылып,  Хандығымыздың 

550  жылдығына  арналған  монумент  ашы-

лады  деп  күтілуде.  Бұл  үлкен  шараны 

жүзеге асыруда халық аманатын арқалаған 

мәслихат депутаттарына үлкен жауапкершілік 

жүктелетіні анық.  Тәуелсіздік алған жылдар-

дан бері қаламызда атқарылған жұмыстарға                                                                                                           

байланысты, жергілікті өкілетті органдардың 

қосып отырған үлесінің зор екендігі баршаға 

аян.    Қалалық  мәслихаттың  2014  жылына 

арналған мәслихат сессиясында бекітілген 

жоспардағы шаралар толықтай атқарылды 

деуге болады. Атап айтқанда, өткен жылғы 

сессияның отырыстарында қала объектілерінің 

қысқы  мерзімдегі  жұмыстарға  дайындалу 

барысы  туралы  мәселесі  және  жергілікті 

өкілетті органның құзыретіне жатқызылған 

басқа да мәселелер қарастырылған болатын. 

Мәселен, әлеуметтік көмек төлемін ұлғайту 

туралы  мәселеге  байланысты,  туберкулез 

ауруымен ауыратын азаматтарға көрсетілетін 

көмек  мөлшерін  ай  сайын  16  000  теңге 

көлемінде белгілеу  мәслихаттың кезекті сес-

сиясында бекітілді. Тұрғын үй қатынастары 

саласындағы атқарылған жұмыстармен таныса 

келе, әлеуметтік жағынан, яғни, баспана және 

т.б. жағынан әлсіз қорғалған жас медицина 

қызметкерлері,  жас  мұғалімдерге  қатысты 

мәселенің кезең-кезеңімен шешілуіне ықпал 

ету және қала бойынша 2009-2015 жылдарға 

арналған «Ауызсу кешенді бағдарламасының 

орындалуы туралы» мәселе бойынша, сумен 

жабдықтау  нысандарының  құрылысы  мен 

қаланы  сумен  қамтамасыз  етудің  бірыңғай 

жүйесін  құра  отырып,  қаладағы  иесіз  су 

құбырларын  «Тараз-Су»  мекемесінің  ба-

лансына  қабылдау  жұмыстарын  қолға  алу, 

апатты жағдайларда, аталған су құбырларына 

тез арада жөндеу жұмыстарын жүргізу, осы 

мақсаттағы  жұмыстарға  алдын-ала  қаржы 

қарастырып  отыру  мәселелері  ұсынылды. 

Ал жұмыспен қамту бөлімінен келіп түскен 

Жеңістің  70  жылдығына  орай  жергілікті 

бюджет  есебінен  ҰОС  қатысушылары  мен 

мүгедектеріне  150  мың  теңге  көлемінде 

тағайындау  туралы  мәселесі  қаралып,  өз 

шешімін тапты. Нәтижесінде 15 мың теңгеден 

соғыс  ардагерлерінің  жесірлеріне,  15  мың 

теңгеден тылда еңбек еткен ардагерлерге бөлу 

алдағы кезекті сессияда жоспарланып отыр. 

Өткен  жылы  мәслихат  хатшысының  жеке 

қабылдауына  32  азамат  жүгінді.  Негізінен 

сайлаушылар тұрғын үй мәселелерін, аула-

ларды көркейту, коммуналдық қызметтердің 

тарифтік-қарыздарын  реттеу,  көшелерді 

асфальттау,  күрделі  жөндеу  жұмыстарын 

жүргізу,  ауызсу,  газ  кіргізу,  газ  кіргізу 

жұмыстарынан  кейінгі  көшелерді,    арық 

жүйелерін  қалпына  келтіру,  каналдарды 

қоқыстан  тазарту,  көшеге  жарық  орнату,  

халыққа қызмет көрсету жүйесінің кеңеюі мен 

жақсаруы,  медициналық  қызметтің  сапасы 

мен деңгейін тиісті талаптарға сәйкестендіру, 

азаматтардың жұмысқа орналасуына, қатынас 

жолдары мен қоғамдық көліктің қозғалысын 

қалыпқа  келтіруге  көптеп  ықпал  жасау  ту-

ралы мәселелерін қойды. Аталған өтініштер 

бойынша  хаттар  тиісті  өкілетті  органдарға 

қарастыру  және  қажетті  мәлімет  беру 

үшін  жіберілді.  Кейбір  өтініштерге  жеке 

қабылдау барысында түсініктемелер беріліп, 

мәселе  толық  шешілгенге  дейін  қосымша 

бақылауға алынды,-деді Балабек Жанбекұлы. 

Қалалық  мәслихат  тарапынан  бұдан  басқа 

да атқарылған жұмыстар мен ұсыныстарды 

жіті  айтып  өткен  мәслихат  хатшысы  атал-

мыш  сайлау  округіне  қатысты  мәселелерді 

де  назардан  тыс  қалдырған  жоқ.  «Алдағы 

орындалатын  аманаттарыңыздың  біреуі  А. 

Асқаров көшесінің аяқ жағына жарық орнату, 

жаяу жүргіншілер жүретін жол салу. Әлі де 

жолға қоюды қажет етіп отырған мәселелер 

жоқ емес. Барлығы кезең-кезеңімен шешімін 

табатын  болады»,-деді  Б.  Нарбаев.  Жиын 

соңында шараға қатысушы зейнеткер Шара-

пат Қоңырбековадан Ыбырайым Сүлейменов 

атындағы  №37  мектепке  күрделі  жөндеу 

жұмысын жүргізу жөнінде өтініш айтылды. 

Зейнеткердің бұл мектепте балалары оқитын 

көрінеді.  Ал  облыстық  жұқпалы  аурулар 

емханасының дәрігерлері Қосы батыр мен Ле-

нин көшелерінің қиылысындағы жол белгісінің 

дұрыс орналаспағандығын, нәтижесінде жедел 

жәрдем көліктерінің жиі апатқа ұшырағанын 

алға  тартты.  Тұрғындардың  бірі  спорт 

алаңының  жоқтығын  айтса,  енді  бірі  газ 

саласының модернизациялау жұмыстарынан 

кейін қазылған күйі қалып кеткен көшелерді 

асфальттау,  тым  болмаса  шағал  төсеп  беру 

жөнінде  өтініштерін  айтты.  Арасында, 

қалалық мәслихаттың ықпалымен атқарылған 

жұмыстарға  алғысын  білдіріп  жатқан 

тұрғындар да аз болған жоқ. Мәслихат хатшысы 

тұрғындардың барлық айтылған өтініштеріне 

жауап беріп, талқыланған  мәселелердің жуық 

арада шешімін табатындығын айтып, жиынды 

қорытындылады. 


әлеумет

4

//   «ЖАМБЫЛ - ТАРАЗ»  //  №15 (1250),  8 СӘуІР  2015 ЖЫЛ 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет