Тарих факультеті



Дата22.04.2022
өлшемі16,16 Kb.
#31919

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Тарих факультеті

Тарих және дінтану кафедрасы

ОСӨЖ


Тақырыбы: 1997-2019жж. АҚШ, Латын Америкасы

елдері.


Дайындаған:Әбдіқаниева А.Ж

Тексерген:Бегимбаева Ж.С

Латын Америка елдері қатарына Орталық Америка мен Кариб алабында орналасқан Антигуа және Барбуда, Багам Аралдары Бірлестігі, Барбадос, Белиз, Гаити, Гватемала, Гондурас, Гренада, Доминика, Доминикан Республикасы, Коста-Рика, Куба, Мексика, Никарагуа, Панама, Сальвадор, Сент-Винсент және Гренадина, Сент-Китс және Невис, Сент-Люсия, Тринидад және Тобаго, Ямайка; Оңтүстік Америкада орналасқан Аргентина, Боливия, Бразилия, Венесуэла, Гайана, Колумбия, Парагвай, Перу, Суринам, Уругвай, Чили, Эквадор енеді. Латын Америкасының қазіргі саяси картасы, негізінен, еуропалық отарлау және ұлт-азаттық қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасты. Қазіргі кезде мұнда 33 тәуелсіз мемлекет орналасқан. Еуропалықтар келгенге дейін XV ғасырдың соңына қарай Латын Америкасы аумағында ацтектердің (Мексика таулы қыраты), майя (Юкатан түбегі) және инктердің (Анд тауы ауданы) аса күшті дамыған өркениеттері болды. Латын Америкасын, жалпы Американы отарлау Кариб теңізі аралдарынан басталды. Географиялық жағынан алғанда да орталық болып саналатын бұл аудан жаңа дүние бөлігін игерудің тірегіне айналды. XVI ғасырдың алғашқы ширегінде Орталық Американы тұтасымен дерлік отарлаған испан басқыншылары (конкистадорлар) кейінірек Оңтүстік Америкаға да жетті. Жаңа жерлердің көпшілігі Испанияның иелігінде болды, Португалия Бразилияны отарлады. Кариб алабындағы аралдарда Еуропаның бірқатар елдерінің отарлары орналасты. Франция Оңтүстік Американың солтүстігіндегі аумақтарды отарлады (қазіргі кезде оның иелігінде Гвиана ғана қалған). Суринам алғашында испан, кейіннен ағылшын отары болса, ақыр соңында Нидерланд Суринамды Англиядан Жаңа Амстердамның (Нью-Йорк) орнына айырбастап алған.АҚШ-тың тәуелсіздік алуы Латын Америкасындағы жаппай ұлт-азаттық қозғалыстың басталуына түрткі болды. 1791 жылы француз отары Сан-Домингода (Гаити аралының батысы) құлдар көтерілісі басталып, 1804 жылы Латын Америкасындағы ресми танылған алғашқы тәуелсіз мемлекет — Гаити пайда болды. XIX ғасырдың 30-40-жылдарында АҚШ Мексиканың біраз бөлігін (қазіргі Техас штаты мен Үлкен Тұзды көлге дейінгі аралықты) басып алды. XIX ғасырдың 80-жылдары болған соғыс нәтижесінде жағалау аудандары Чилидің иелігіне өткен Боливия теңізге шыға алмай қалды. 1898 жылы Испаниямен соғыста жеңген АҚШ Пуэрто-Рико мен Кубаны иеленді. Сонымен XX ғасырдың басына қарай Латын Америкасында Ұлыбританияның, Нидерландтың, Францияның, АҚШ-тың, Данияның иеліктері сақталып қалды.

XX ғасырда Латын Америкасының саяси картасы біршама өзгерістерге ұшырады. 1902 жылы Куба, 1903 жылы Панаманың тәуелсіздігі жарияланды; 1916 — 1917 жылдары Дания өз иелігіндегі аралдарды АҚШ-қа сатты; 1838 жылы Парагвай аумағы Боливиядан алған Гран-Чако есебінен ұлғая түсті. 1959 жылы Кубада социалистік революция болып, мемлекет жүйесі өзгерді. XX ғасырдың 60-80-жылдары аралдың аумақтар азаттық алды. Қазіргі кезде Латын Америкасындағы кейбір аумақтар әлі де болса басқа елдердің иелігінде қалып отыр. Қазіргі кезде мемлекеттің экономикалық қуаты оның әлемдік саясаттағы орнын белгілейтін аса маңызды көрсеткішке айналған. Жалпы алғанда, Латын Америкасының геосаяси жағдайына баға беруде мынадай факторларды атап өту қажет:

1) аймақ елдерінің басқа дүние бөліктерінен шалғайда орналасуы. Осы себепті мұндағы жеке елдің дамуына халықаралық жағдайға қарағанда аймақ ішілік саяси-экономикалық ахуалдың әсері мол;

2) Латын Америкасының дүниежузіндегі аса күшті дамыған мемлекет — АҚШ-пен көршілес орналасуы. Дүниежүзілік экономика мен саясатта жетекші орын алатын мемлекетпен көршілестігі белгілі бір дәрежеде Латын Америкасы елдерінің экономикалық және саяси-әлеуметтік даму бағытын анықтайды десе де болады. Латын Америкасы тарихи-географиялық себептерге байланысты халықаралық деңгейдегі геосаяси орталық болып табылатын АҚШ-тың басты ықпал ету аймағына айналған. Мысалы, АҚШ-тың мұнай өңдейтін ірі кәсіпорын-дары Кариб алабындағы ірі танкерлер тоқтауға ыңғайлы айлақтарда орналасқан және сауда кемелері бұл елдердің «қолайлы жалауларын» пайдаланады. Аймақтағы елдердің көпшілігінің сыртқы саясаты АҚШ мүддесіне сай үйлестіріледі;

3) Латын Америкасында жоғары дамыған елдердің иеліктерінің сақталып қалуы. Іс жүзінде саяси, экономикалық жағынан тәуелді аумақтар Еуропа мен Американың дамыған елдерінің әскери-стратегиялық жағдайын нығайтумен қатар өздерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына мүмкіндік алады. Мысалы, Франция Гвианада ғарыш айлағын орналастырған; Француз Одағына енетін шалғай департаменттердің (Гвиана, Мартиника, Гваделупа, Сен-Пьер және Микелон) дамуына ЕО тарапынан тұрақты түрде қаржы бөлінеді;

4) аймақ елдерінің барлығы дерлік (Парагвай мен Боливиядан басқалары) Дүниежүзілік мұхитқа тікелей шыға алады; бұл елдердің халықаралық қарым-қатынастарын жақсартуға қолайлы алғышарт болып табылады. Әсіресе Атлант және Тынық мұхиттарын жалғастырып жатқан Панама каналы маңы мен Орталық Америка елдерінің географиялық орнының экономикалық және стратегиялық маңызы аса зор;



5) Кариб алабы елдерінің халықаралық деңгейдегі буферлік (аралық) рөлі; географиялық орнының ерекшелігіне байланысты Кариб алабын-дағы елдердің көпшілігінің экономикасы транзиттік сипат алған; аралдың мемлекеттерде салық жеңілдіктеріне байланысты халық-аралық аса ірі қаржы мекемелері мен офф-шорлық зоналар орналас-қан. Мысалы, Кайман аралдарында (Ұлыбритания иелігі) 500-ге жуық банк орналасқан, дүниежүзіндегі аса ірі 50 банктің 40 шақтысының осы аралдарда филиалы бар;
6) Америка елдерінің өзара ынтымақтастығының жедел түрде дамуы; 1995 жылы Америка елдерінің басшылары 2005 жылға қарай Батыс жартышардағы еркін сауда аймағын құру жөніндегі құжаттарға қол қойды. Ынтымақтастық ұйымы аясында бірлескен экономикалық жоспарлар ғана емес, экологиялық, есірткіге қарсы және т.б. бағдарламалар да жүзеге асатын болады. Іс жүзінде мұндай ұйымның құрылуы Латын Америкасы елдерінің геосаяси жағдайын нығайта түседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет