«Тарих және педагогика» факультеті «Замануи педагогика және психология» кафедрасы



бет1/8
Дата07.01.2022
өлшемі10,25 Mb.
#17887
  1   2   3   4   5   6   7   8

«Тарих және педагогика» факультеті

«Замануи педагогика және психология» кафедрасы

ҚАЗАСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

«М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»

Тақырыбы: Педагогикалық шеберлік педагогикалық мәдениеттің компоненті ретінде мәні мен мазмұны

Орындаған: Бектасова Балнұр

ТП-18-2К1

Қабылдаған: Нуридинова Г.А
    • Педагогикалық шеберлік және педагогикалық мәдениеттің компоненттері ретінде
    • Педагогикалық шеберлік компоненттері
    • Мұғалімнің кәсіби білімі - шеберлік негізі.
    • Педагог мамандығындағы жеке шығармашылық қабілетті іске асыру.

Жоспар:

А.Дистервег

«Педагогикалық шеберлік шынайы оқыту, істі білу, өз ісін, және оқушыларды жақсы көру, педагогикалық қабілеттерден құралады»

И.А.Зязюнь

Педагогикалық шеберлік – кәсіби педагогикалық іс-әрекетті өзіндік ұйымдастыруды жоғары деңгейде қамтамасыз ететін мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттер кешені

И.П.Андриади

Педагогикалық шеберлік - қоғамның әлеуметтік мәдениеттік құндылықтарын шығармашылық тұрғыда меңгерудегі жеке тұлғаның рухани-адамгершіліктік, интеллектуалдық дайындығын бейнелейтін және кәсіби іс-әрекетте білім, іскерлік, дағдылардың шығармашылық тұрғыда қолдана алудағы практикалық дайындығын қамтитын жеке тұлғалық қасиеттері.

Н.В. Кузьмина

«Шеберлік деп маманға ситуацияны сәтті зерттеуге мүмкіндік беретін кәсіби білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, осы ситуациядан шыға отырып, кәсіби міндеттерді құрастыруы, оларды ғылым мен өндіріс мақсаттарына сәйкес шеше алуы. Шеберліктің құрылымы кәсіби білім, іскерлік, дағыдалар және оларды меңгеруі»

Ю.П.Азаров

« Педагогикалық шеберлік негіздері балаларды тәрбиелеу заңдылықтарын білу деп көрсетеді. Педагогикалық шеберліктің құрамдас бөліктері «сезімдер мен техниканың өзара әсерлесуі педагогтың тұлғаға образды эмоциянальды ықпалына әкеледі. Бұл біртұтастық – шеберліктің күші. Сезім мен техниканың арасындағы қашықтағы шекті жеңу шеберлікке жету жолы»

В.А.Сластенин

«Бірқатар кәсіби іскерліктердің жоғары деңгейлі дамуы шеберлікті береді . Теориялық білімдер және оларға негізделген іскерліктер – барлық мұғалімдерге ортақ педагогикалық шеберліктің объективті мазмұны және ең бастысы. Мұғалімнің шеберлігі - педагогикалық процестің жоғары тиімділігін анықтайттын тұлғаның тұлғалық-іскерлік сапалары мен қасиеттерінің синтезі.»

Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жанжақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы.

Педагогикалық шеберліктің мәні – әлеуметтік-психологиялық тұтастық, яғни ол педагог тұлғасына қатысты.

Педагогикалық шеберліктің құрылымы психологиялық –этикалық эрудиция, тұлғаға қажетті сапалар жатады.

Педагогикалық шеберлік негіздері – педагогикалық техника. Педагогикалық шеберлікті «мақсаттар ағашы» ретінде қарастыруға болады, олардың әрбіреуін шешу (мақсаттарды) жиынтығы педагог өнерін дамытады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет