Тарих кафедрасы



бет1/28
Дата11.11.2022
өлшемі482 Kb.
#49541
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Ф-ӘД-001/079


ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ


ТАРИХ КАФЕДРАСЫ
Білім алушының өзіндік жұмысы (БӨЖ, ОБӨЖ) бойынша материалдар және оны ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар


ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ пәнінен


Барлық білім бағдарламалары үшін

Түркістан 2022


Өзіндік жұмысқа қойылатын негізгі талаптар жоғары оқу орнындағы барлық білім беру бағдарламаларының/мамандықтардың білім алушыларына арналады. Бұл нұсқауда білім алушылардың өзіндік жұмыстарына қойылатын талаптар берілген


Әдістемелік нұсқауды дайындаған: Сандыбаева А.


Нұсқау «Тарих» кафедрасының № 1, 01.09.2022 ж. мәжілісінде қаралды.


Кафедра меңгерушісі _______________ Примкулова Г.


Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің №1 хаттама, 01.09.2022 ж.


Оқу-әдістемелік комитетінде қаралып, мақұлданды.

Факультеттің оқу-әдістемелік комитет төрайымы __________ Джумадуллаева А.



Алғы сөз
Құрметті студенттер! Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік нұсқауы сіздердің өздік жұмыстарыңызға арналған. Бүгінгі таңда студенттердің өздік жұмына көп көңіл бөлініп отыр.
Аталмыш оқу әдістемелік нұсқауы ХХ ғасырдың басынан қазіргі кезеңге дейінгі уақыт аралығын қамтыған. Қазақстанның қазіргі заман тарихын оқытудың нәтижесі тек құрғақ тарихи дәлел, жаттанды түсінік ұғымдар арқылы білімдерін жетілдірумен шектелмейді, сонымен қатар студенттерді практикалық ойлауға, теориялық сұрақтарды өздігімен орындауға жетелейтін нақты қойылған міндеттердің жемісі болуы қажет.
Осы орайда дәрістен алған теориялық білімдеріңізді машықтыруға арналған тапсырмалар түрлерін ұсынып отырмыз.


Өздік жұмыстарына қойылатын талаптар
Жоғары оқу орнының оқу жоспарына сәйкес, әрбір студент берілген пән бойынша бірнеше өзіндік жұмыстарды жазып өткізуі тиіс. Өзіндік жұмысқа арналған тақырыптар екі бөлімде топтастырылыған, себебі жұмыстардың әрқайсысы әр бөлімдегі тақырыптар тізімінен таңдап алынып, бірін-бірі қайталамауы керек. Тақырыптар саны жеткілікті мөлшерде құрастырылған, сондықтан да бір топтағы екі студент бір тақырып бойынша жұмыс орындауына болмайды.
Әрбір бөлімдегі тақырыптар теориялық немесе тарихи кезеңдердегі қамтитындықтан, тиісті дейтін әдебиеттердің тізімімен қамтамасыз етілген, дегенмен соңғы уақыттарда баспадан шыққан жаңа кітаптар тақырыпты ашуға көмектессе, тізімде көрсетілмеген әдебиеттерді де пайдалануға болады.
Студент өзіндік жұмыстарды жазбас бұрын, сабақ жүргізетін оқытушыларынан мына мақсатта тиісті кеңестер алуы қажет.

  1. Таңдап алынған тақырыпты мұғаліммен келісу, себебі көрсетілген тақырыптар шеңберінен шығуға студент мәжбүр болса, жетекшімен ақылдасуы қажет.

  2. Керек болған жағдайда, ғылыми әдебиеттер, мақалалар туралы кеңес алу.

  3. Өзіндік жұмыстардың жоспарын бекіту.

  4. Жұмысты жазу және талапқа сай формада көркемдеу.

  5. Түсінбеген мәселелер, сұрақтар жайында мағлұмат алу.

  6. Өзіндік жұмыстарды белгіленген мерзімдерде тексеруге беру.

  7. Оқытушы тарапынан жасалынған ескертулер мен түзетулерді толықтырып, жұмысты көрсетілген уақытта тапсыру.

Кредиттік оқу жүйесі бойынша кез келген теориялық тақырып бойынша студенттердің талдау жұмысы келесідей тәртіппен өтуі ұтымды:

  1. Студенттің өздігімен танысқан теориялық материалды лекцияда тереңдету және талдау. Студенттар оқытушының көмегімен ақпаратты талдаудың негізі бақыттарын толықтырады.

  2. Теориялық материалды семинар сабағында проблема шешу тұрғысынан талқылау. Студенттер оқытушының жетекшілігімен теориялық материал бойынша нақты проблемаларды айқындап, олардың шешу жолдарын қарастырады.

  3. Студенттер оқытушы ұсынған теориялық материалды өздігімен шығармашылық тұрғыдан меңгереді, нәтижесін жазба жұмысында келтіреді.

  4. Студенттер өз жұмыстарын аудиториядан тыс уақытта бірлесе талқылап, жұмыстарын тереңдетудің жолдарын қарастырады, бір-біріне кеңес береді, бір-бірінің жұмыстарына бағалайды.

  5. Студенттердің өткізген шығармашылық жұмыстары оқытушы тұрғысынан бағаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет