Тарихқа дейінгі адам эволюциясы



бет1/6
Дата22.03.2023
өлшемі46,28 Kb.
#75681
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6

Тарихқа дейінгі адам эволюциясы
Сұрақтар: 1.Адамзаттың даму эволюциясы және адамзаттың алғашқы кезенің зерттеудегі дерек көздері
2.Палеолит; оның кезеңдері,ерекшіліктері
3. Адамның қалыптасу тарихы. Антропогенездің қозғаушы күші.
4. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті.
5.Тас дәуіріндегі Қазақстан
Сабақтың мақсаты: Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап негізгі кезеңдері туралы оның этногенезі, рулық қоғамның шығуы, алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының алғы шарттары, дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.
Сабақтың міндеттері: Адам баласының және қоғамның пайда болуы мен дамуының теориялық мәселелері, шаруашылықтың, материалдық және рухани мәдениеттердің пайда болуы және даму проблемасы, алғашқы қоғамның ыдырау заңдылықтары мен жалпы бағыттарын айқындауға міндеттелген.
1.Адамзаттың даму эволюциясы және адамзаттың алғашқы кезенің зерттеудегі дерек көздері
Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихы адамның шығуын, оның шаруашылық және қоғамдық қызметінің тууы мен бастапқы дамуын, оның материалдық және рухани мәдениетінің пайда болуы мен алғашқы қадамдарын зерттейді. Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихының аса маңызды міндеті алғашқы тұрмыстық қауым құрылысының негізгі ерекшеліктерін анықтап табу, оның қалыптасуының, дамуы мен ыдырауының жалпы заңдылықтарын ашып көрсету, оның таптық қоғамға айналу жағдайлары мен формаларын зерттеу болып табылады. Тапқа дейінгі қоғам тарихын зерттеу адамзат дамуындағы бастапқы кезеңнің жалпы заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Бүкіл дүние жүзілік тарихтың ең ежелгі заманының тарихын зерттеудің зор теориялық маңызымен қатар, практикалық да мәні бар. Алғашқы тұрмыс қоғамы тарихының дерек-төркіндері мейлінше сан алуан. Адамзаттың өткен шағы туралы көрсететіндердің, адам жасағандарының, оның ықпал еткендерінің, адам іс-әрекеттеріне ықпал етіп әсерін тигізгендердің бәрі - тарихи ғылым үшін дерек- төркін жиынтығы болып табылады. Олар археологиялық, этнографиялық, антропологиялық, лингвистикалық және басқа да түп деректер болып бөлінеді
Дерек түрлері:1)Археология деректері Көне замандардан сақталған заттық дерек-төркіндердің немесе оларды басқаша атап жүргендей археологиялық ескерткіштердің зор маңызы бар. Заттық дерек-төркіндер, яғни еңбек құралдары, көне құрылыстардың қалдықтары, сәндік бұйымдар, ыдыс-аяқтар, тағы сондайлар-бұл оны жасаған қоғамның материалдық мәдениетінің қалдықтары.XIX ғасырдың аяғына қарай археологиялық ғылымда алғашқы тұрмыс тарихын зерттеу үшін өте үлкен маңызы бар археологиялық мәдениет туралы ұғым қалыптасты. Археологиялық мәдениет деп бір заманаға қатысты, жергілікті ерекшеліктерімен көзге түсетін және белгілі бір шектеулі территорияда жинақталған археологиялық ескерткіштердің ортақтығын айтады. Археологиялық мәдениет көбіне ежелгі тайпалар мен халықтардың оқшауланып тіршілік етуін керсетеді. Археологиялық мәдениет туралы ұғым мен оның пайда болып, таралуын және құрып кетуін зерттеу жазба дерек-төркіндер пайда болудың алдындағы кезеңдердегі тайпалар мен халықтардың тарихын реконструкциялауға мумкіндік береді. 2)Этнография деректері Тарих ғылымы салаларының бірі—жер шары халықтарының мәдениеті мен тұрмысын зерттейтін этнография осы тайпалар мен халық топтарын, сондай-ақ неғұрлым дамыған халықтардың тұрмысында сақталған алғашқы тұрмыс сарқыншақтарын ақтарып тексерумен шұғылданады. Этнографиялық төркіндердің арқасында өткен шақтағы қоғамдық дамудың әр түрлі сатылары туралы анағұрлым толық ұғым алуға қол жетті. Алғашқы тұрмыс қауымдық құрылыстын қайсы бір дәрежеде сипаттарын сақтаған тайпалар мен халық топтары жер шарының түрлі жерлерінде қазірде де өмір сүреді немесе осы таяудағы өткен шақта өмір сүрді. Олар түрлі сатыларда тұрады және дамудың әр түрлі кезеңдерінде болып саналады. Бұлардың кейбіреулері, әлі мүлде металдарды білмейді және тас ғасырында өмір сүреді, екіншілері осы заманғы капиталистік дүниенің күшті ықпалына ұшыраған, бірақ қалайда өмірдің көне сиқының элементтерін сақтап қалған. Осы алыстағы өткен шақты реконструкциялау үшін, жоғарыда айтылып өткендей, сарқыншақтарды, яғни ең кейінгі қоғамдардағы сақталған өткеннің іздері мен қалдықтарын зерттеудің зор маңызы бар. Мұндай сарқыншақтар салт-саналарда ерекше айқын байқалады (құда түсу, той-думан, жерлеу салттарында), кейде бұлар киім-кешекте, әшекейлерде, үй құрылысында т. б. сақтала береді. Алғашқы тұрмыстық табыну және алғашқы тұрмыстық тіршіліктің басқа да көріністері фольклорда-әңгімелерде, өлең-жыр, толғау, жұмбақ, аяттарда, тағы басқаларда бейнеленіп қалған. 3) Лингвистикалық деректер Халықтың өткен шағы туралы ұғымның маңызды дерек-төркіні лингвистикалық деректер бола алады. Осы заманғы тілдердің өз ара қарым-қатынастары мен туыстық дәрежесін зерттеу халықтар арасындағы тарихи байланыстар фактілерін табуға әкеп соғады, өйткені тілдік семьялар дегеніміз тілдердің тобы, демек шыққан тегінің ортақтығына байланысты халықтардың да тобы. Басқа лингвистикалық деректердің арасында топонимика деректері, яғни қайсыбір территориядағы географиялық атаулар жиынтығы (елді мекендер, езендер, көлдер, таулар т. б.) зор маңызға ие болды. Өте тұрақты, сірә жанды топонимдік атаулар халықтың көне тайпалық құрамы туралы, оның алмасуы жөнінде сонау алыстағы өткен шақтағы жергілікті мекендердің немесе өсімдіктердің сипаты жайында, халықтың әуел басқы іс-қарекеті туралы, т. б. пайымдауға мүмкіндік береді. 4)Антропологияның және басқа да жаратылыс ғылымдарының деректері Антропологиялық дерек-төркіндердің-алғашқы тұрмыс адамдарының сүйек қалдықтарының да маңызы өте зор. Бұл қалдықтар тиісті заманға неғұрлым көне болған сайын соғұрлым олар фрагментарлы және олардан толық кұнды дерек алу үшін соғұрлым көп өнер жұмсау керек болады. Қандай да болсын қазылып алынған форманың физикалық типі туралы ұғым қаңқа сүйектердің, толық сақталмаған бас және жақ сүйектердің фрагменттеріне жиі негізделеді. Тек мұқият салыстырмалы-анатомиялық зерттеу ғана жетіспеген бөлімдерді реконструкциялап, оның бөліктері бойынша тұтас бейнесі туралы ұғым құрастыруға мумкіндік береді. Бұған антропологияда мұқият жасалған қаңқалардың өлшем системасы көмектеседі. Алғашқы тұрмыстық қоғамның антропологы мен тарихшысының қарамағына приматология-маймылдарды зерттеумен арнайы шұғылданатын зоология саласы маңызы үлкен материалдарды бере алады. Түп-төркіндердің барлық түрлерін түгелдей алып зерттеу ғана алғашқы тұрмыстық қоғамның өмірін көз алдыға келтіруге мүмкіндік береді. Мұнда салыстырма этнография мен археология деректерінің барлық жиынтығын іске қосудың, бүкіл дүние жүзілік тарихи процестің жалпы бағыттары мен жалпы заңдылықтарын есепке алудың аса зор маңызы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет