Тарихи эпопеяның танымдық сипаты Қ.Әбілғазы



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі148,83 Kb.
#6755

Тарихи эпопеяның танымдық сипаты 

 

Қ.Әбілғазы, 

докторант 

Қазақстан, Астана 

 

Ӛткен  ғасырдың  90жылдарының  ортасында  Шынжаң  қазақ  әдебиетінде  жарыққа 



шыққан аса зор сапалық ӛсудің айғағы боларлық елеулі құбылыс- Сұлтан Жанболатовтың  

«Елжау  күнби»,  «Саншора  күнби»,  «Оңғай  күнби»  деген  кітаптардан  тұратын    тарихи 

эпопеясының жарық кӛруі болды. 

Мұның  ӛзі  Шынжаң  қазақ  әдебиеті  ғана  емес,  жалпы  қазақ  әдебиетінде  де  Ілияс 

Есенберлиннің  «Кӛшпенділер»  эпопеясынан  кейінгі  қазақтың  алыс  тарихынан  толық 

қамтып  жазылған  тарихи  танымдық,  ғылми  және  әдебиеттік  сипаттағы  аса  ірі  роман 

эпопея болды. 

Кезінде  қазақтың  ғұлама  жазушысы  Мұхтар  Әуезов    тарихи  роман  жазуды 

«...Бейне  әлдеқашан  кӛшіп  кеткен  елдің  ошағында  қалған,  күл  арасында  жылт  еткен 

ұшқынды тынымсыз үрлеп, қайта жандыру тектес қиын шаруа...» [1] деген-ді. Сол сияқты 

автор  бұл  епопеасында,  екі  мың  жылдың  алдында  Азиядағы  күшті  елдердің  бірі  болған, 

хан  және  ғұн  империяларының  арасындағы  сан  ғасырға  созылған  атыс-шабыстар 

тұсындағы  Елжау,  Саншора,  Оңғай  күнбилердің  тарихи  ролы  туралы,  олардың 

шаруашылық  економика,  әскери  күш-қуат,  дипломатиялық  икемділік,  рухани  және  елдік 

бірлік  жақтағы  бірқыдыру  сәтті  дамушылықтарын,  тарихи  құжаттардың  шындығына 

табан  тірей  отырып,  кӛркем  образбен  қайта  тірілдіріп,  аса  құнды  әдеби,  танымдық 

шығармаға айналдырған.  

Оқырмандар бұл кітапті  алғашта бірден құшақ жая қабылдады деп айта алмаймыз. 

Мұндағы  себептерді  айтсақ,  ең  алдымен  біздің  оқырмандарымызда  мұндай  тым  арыдағы 

шым-шытырық  тарихты,  тірі  образдар  түрінде  қайта  кӛріп,  ұғуға  танымдық,  білімдік 

рухани  жақтағы  дайындығы  жетерсіз  еді.  Кейіннен  бұл  кітап  кең  таралып,  радиодан  да 

оқылып,  шет  тілдерге  де  аударылып,  ӛзінің  мығым  қуатын,  тапжылмас  тиянағын 

айқындағаннан  кейін  барып,  жоғары  ғылыми  зерттеу  және  оқу  орындарында  зерттеу 

тақырыбына айнала бастады.  

Бұл кітапты   оқу,  түсіну үшін  ең алдымен оқырмандарында  еләуір жоғары  тарихи 

білім,әдеби талдау қуаты және жалындаған  ұлттық рух болуы керек.  Сон соң барып бұл 

кітаптың  не  үшін  жазылғандығын,  кітаптың  ӛзіне  тән  жылнамасын,  жағрапиясын, 

бүгінгіге  ұқсамайтын  атаулар  сӛздігін,  кітаптың  сюжеттік  ерекшелігін,  композицялық 

бірлігін  ,  ұлан  асыр  тарихи  оқиғаларға,  кейіпкер  бойына  сіңірілген  ғажайып  пайым-

парасатты, философиялық тұжырымдарды, адам болу, ұлыс-ұлт болу, ел болу, ел басқару 

туралы  айтылған  осы  күнге  арналған  тағлыматты  таным  ақылияларды,  телегей  теңіз 

ұлттық тіл байлықтарын , мақал-мәтел, шешендік толғауларды жік-жігімен талдап зерттеу 

және  ұрпаққа  ашып  беру  керек.  Егер  біз  бұл  эпопеяны  осы  бағдар  бойынша  оқырманға, 

болашақ ұрпаққа  тарихи  тағлым, ұлттық  тіл,  салт-сана оқулығы  ретінде  тәптіштеп  оқыта 

алсақ,  ұрпақтың  тарихты,  тілді,  әдебиетті,  ұлттық  рухты  білмей  қалуынан  алаңсыз  болар 

едік...  

Шығарманы  эпопея  деп  атаудағы  негіздер:  Роман  сынды  кӛлемді  әдеби 

шығармаларды  кӛлеміне,  мазмұнына  қарай  роман,трилогия,  эпопея  деп  атау  үрдіске 

айналған. «Елжау күнби» 2кітап, «Саншора күнби», «Оңғай күнби»деп аталатын бұл тӛрт 

кітап  ,  кӛлемі  жағынан  да,  қамтыған  тарихи  дәуірлері  мен  эпостық  мазмұны  жағынан  да 

эпопеялық ӛлшемге дәл түседі. 

1.

 



Шығарманың сюжеті  Xан елі, Ғұн елі, Үйсін елі және мадазаттар елінің су шары 

қатарлы тӛрт жақты қамтып келіп, Xан, Үйсін, және мадазаттар- осы үш желіні алма кезек 

баяндап , бір-бріне байланыстыра жымдастырып ӛріп шыққан. Шығармада олардың ӛзіне 

тән  жылнамасы,  салт-санасы,  даралық  сипаттары  мықты  ғылыми  негізде  иландырарлық 



қуатқа  адами  құндылық,  таным-түсінік,  мүдде  қатынастары  негізінде  тамаша  суреттеліп, 

есте  қаларлық  тірі  образдар  жасалған.Мысалы,  Xануди  образы,  Елжау  күнби  образы, 

Жаңчян образы, Чаң-анды орталық еткен Чин елінің хан орда суреті, сахаралық сипаттағы 

Үйсін  ордасы  «Қызылкүрен»  және  жаздық  ақ  орда  суреті  бар-  барі  тарихи,  тұрмыстық 

дәуірлік  мазмұндардың  дәлме-дәл  мәстабына  түсірілген.  Әрі  әдеби  тартымдылық,  тірі 

образдылық  сынды  әдеби  қуатынан  айырылмаған  адам  образдары  тегіс,  толық  та  дәл 

сызылған портретімен , қара-сары, селдір-бұйра,  сақалдарымен, кӛк, қара, қоңыр, бадрақ, 

қысық, қиғаш кӛздерімен ӛз-ӛз ұлтына, ұлысына, тӛре-қаралық орнына қарай киген түрлі-

түсті  киімдері  мен  жан  тебрентерлік,  кейде  жантүршігерлік  сӛздерімен,  айқай,  сыбыр 

дауыстарымен, асықпай-үсікпей, мұқият мүсінделген,  оқырманды  шынында да сол дәуір, 

сол заманды кӛріп, естіп тұрғандай  сезімге келтірген  толыққанды тірі образ деуге болады 

[2]. 


2.

 

Шығарманың  жылнамасы,  географиялық  орындары  қатаң  ғылыми  ӛлшем, 



құжаттық  тарихи  негіздерден  еш  айырылмай  отырып,  мүмкіндігінше  болып,  жыл 

санауымыздан кейінгі 300 жыл аралығын тиянақ етіп, кейде арғы мың жылға, кейде бергі 

мың  жылға  шарықтай  сӛйлеп,  баяндап  отырған,  алайда,  нақты  оқиғалар  нақты  құжаттық  

жылнамалар арқылы жазылған да, еске алулар, авторлық, мадазаттық баяндаулар әлгі бес 

жүз жылдық шектен ары да, бері де  кеңейіп отырса да, автор бұл орындарды айқын шек-

шегарамен айырып, оқырманның жыл мӛлшерін, оқиғаларды шатастырып алмауын мақсат 

еткен.  Әрине  мұндай  кеңейте  баяндау  кӛркем  шығарма  үшін  қажетті,  әрі  ерікті  тәсіл 

қолданған, шындыққа тиянақ болған. 

Жылнамалар  және  тарихи  құжатты  материялдарға  келсек,  Xанудиге  қатысты 

материялдар  «ханнамадан»,  Жаңчянға  қатысты  материялдар  «батыс  ӛңір  естеліктерінен» 

алынды  деп  тұспалдауға  болады.  Бірақ,  Қытайдың  24тарихында  Үйсінге,  батыс  ӛңірге  , 

қазаққа  қатысты  материялдар  топтасқан  қалпында  үйіліп-тӛгіліп    тұрмағанын,  қайта  екі 

абзатс,  бір  абзатс,кейде  бір  сӛйлем,  екі  сӛйлемнен    жүз,  мың  бетте  бір  рет  қана  кезігіп 

қалатынын,  «үйсін»атауының  ӛзі  де  он  түрлі  ұқсамаған  атауда,  Ғұн  шығыста  он  неше 

түрлі, батыста оннеше түрлі аталғанын, Ал, тарихи орындар мен қала кенттер , тіпті тұтас 

елдер  әр дәуірде  әр түрлі аталғанын, әр кітапта  әр  түрлі  әріппен алынғандығын ескерсек, 

сол кітаптардан пайдалану дегеннің ӛзі де қияметтей қиын жұмыс екнін сезінуге болады . 

Сонда  бұл  алып  шығармаға  тарихи  құжаттардан  алынғаны  тек  там-тұмдаған  нақты 

деректер  мен  жыл  мӛлшері,  әр  заманда,  әртүрлі  жазылған  жер-су,  ұлыс  аттары  болып, 

шығарманың  тұтас  тұлғалық  образды  баяндаулары,  байымдау  тұжырымдары  бүкілдей 

қанатты  қиял  мен  батыл  болжам,  пайым-парасаттан  құралған,  аты  затына  сай  әдеби 

шығарма болып табылады. Бұған «тарихи естеліктер жинақтамасы», «әдебилігі аз » деген 

сияқты жетесіз пікірлерді жапсыруға тіпті орайлы бостық та қалмаған. Тарихи құжаттарда 

неше түрлі ӛзгеріспен жазылса да, автор осы қағанат, хандықтардың, ру-ұлыстардың шек-

шекарасын  шартты  түрде  типтестіріп,  кейде  тіпті  осы  заманғы  атауымен  түсінік  бере  

отырып,  осы  күнгі  жай  оқырмандарда  белгілі  дәрежеде  сауаттана  аларлықтай, 

шығарманың  сағымдық  картасын,  шартты  дәуірлік  жағрапиясын  сызып  шыққан.  Осы 

жағрапия болмаса осынау ұланқайыр Еуропа-Азия даласындағы жүздеген ру-ұлыстармен, 

қағанаттарға қатысты баяндарды шатастырмай ұғыну мүлде мүмкін болмас  еді.  Мысалы, 

шығармада  айтылатын  ұлы  қағанаттар  Чин  елі  яғни  хан  хандығы  «аспан  асты  елі», 

«дүниенің қақ ортасы» [3] деп танылған. 

Алып  елдің  тынық  мұқит,  шығыс  теңіз,  оңтүстік  теңіз  жағалауынан  тартып, 

солтүстігі  ұлы  қорған,  батысы  Келентау,  сол  заман  ұғымында  жарты  әлемді  алып 

жатқандығын,  жүздеген  қаласы,  мыңдаған  ауданы  бар,  отырақты  егін  шаруашылығы, 

тоқымашылығы  дамыған,  шын  мәніндегі  мемлекет  болғандығын  образдайды.  Құнзұм, 

Қасби  теңізіне  дейінгі  ұлы  дала,  асқар  тауларға  қанат  жайған  24  баулы    Ғұндар 

қағанатының  тәңірқұттары  мен  олардың  жер  жадысын,  батыс  Ғұнның  шек-шекарасын, 

сағым сурет картасымен кӛрсетіп ӛтеді. Ал, бұрын Келентау, Дұнқана тұсында мекендеген 

Үйсіндер  «ӛрмекші  қырғынынан»  кейін  ауып  келіп  қайта  тиянақ  тапқан.  Кӛркейіп -


гүлденген  мекенінің  шығысы  Құтыби,  солтүстігі  Тарбағатай,  орталығы  Іле  ӛңірі,  батысы 

Балық-қаш,  есік,  яғни  Жетісу  ӛңірі  екнін  сағым  суретпен  қайталап  кӛрсетеді.  Осылай 

болғандықтан да Үйсіндердің қазақтың негізін құраған ең басты ұлыстардың бірі екендігі 

жәй  бір  оқырманға  да  айқын  болады.  Бұған  Қаңлыларды,  Дулаттарды,  Ғұн  қағанаты 

ішінде  жүрген  Керейт,  Найман,  Уақтарды,  алыстағы  Арғын,  Аландарды,  Қоңырат, 

Қияттарды  тегіс  ыңғайластырып,  байланыстырып,  тіл  бірлігі,  тәңір  бірлігі,  шаруашылық 

қарекет  ұқсастықтарын  қайта-қайта  дәлелдеген.  Осызаманғы  қазақ  халқының  осылайша, 

бір замандардағы алып қағанаттардың ыдырап кеткендігі, кішірейіп қалған ру-тайпалары 

мен  сол  замандағы  кіші  ұрулардың  замандар  ағысында  үлкейіп,  әлгілерді  ӛзіне  сіңіріп 

алғандығы  сынды  тарихи  дамуының  диялектикасын  ӛте  тамаша  образдаған.    Мысалы, 

Үйсінге  сіңген  басқа  рулар.  Міне  осылар  кейін  Үйсіннен  де  кӛп  болып    ӛсуі  де,    жоқ 

болып ӛшуі де мүмкін ғой...Шығарманың негізін құраған хан патшалығы желісі мен Үйсін 

желісінен сырт , мақсатты түрде қосылған «су шары» тұрғындары дамудың шегіне жеткен 

, ұшпа затқа отырған мадазаттар дейтін бір желі  бар.Бұл желі жоғаыдағы екі желінің әрбір 

тарау  баянына,  тарихи,  ғылыми,  психикалық,  философиялық  талдаулар  жасап  отырады. 

Жоғары дамыған кӛлденең кӛз  ретінде, мынау жер бетіндегілердің  ӛткендегісін әзіргімен 

салыстырып,  болашағына  болжау  айтады.  Шынында  да  олар  айтқан    болжамдарға  сол 

тұстағы Xанудідің де, тәңірқұттың да, Елжаудың да, Жаңчиянның да мүмкіндігі жоқ қой. 

Мадазаттар  айтатын  ғылыми  болжалды,  ӛткен  тарихты,  келе  жатқан  келешекті 

қағандардың  аузынан  айтқызса  да,  автордың  ӛз  аузымен  айтса  да  шығарманың 

шындығына,  нанымдылығына  кесірін  тигізетін  болғандықтан,  сол  бір  дамып  шегіне 

жеткен,  әлемнен  кӛшу  алдында  тұрған  ұлы  ӛркениет  ӛкілдерінің  аузынан  айтқызып, 

тарихты  дұрыс  қортындылап  отыру  ,  автордың  бұрын  болмаған,  тек  «жан  пида» 

романындағы  Ш.Айтматов  қана  қолданған  жаңалығы.  Бірақ  Шыңғыстың  ұшар 

кемедегілері  мадазат  емес,  адамзат  болатын,  әрі  жәй  кӛрермен  «құлақ  молласы»  ретінде 

ғана  рол  атқарушы  еді.  Ал,  «Елжау  күнбидегі»  мадазаттар  адамзат  қоғамының  қазіргі 

халын  болашағы құрдымның жиегінде тұрған «су шарымен» салыстыра отырып, жандары 

ашып,  күйзеле,  күңірене  сӛз  қозғайды,  тіпті,  оқи  келе  оларды  осы  күнгі  жер  шарының  

электронды,  атомдық  дәуіріне  жетіп,  барлық  жақтан  қайта  ойланбаса  болмайтын  күйге 

түскен  кәдікті  жағдайымен    шендестіре  қарауға  мәжбүр  боламыз.  Бүгінгі  халқымызға 

соншалық  жақындай  сӛйлегені,  қабырғасы  қайыса  күңіренгені  үшін,  сол  мадазатты 

әкеміздей жақын тартып, кӛсем, ғалымдарымыздай әулие санап, сүйе түсеміз. Сондықтан, 

бұл  желі  де  ӛте  сәтті  тартылып,  ӛз  мұрат  мақсатын  ада  қылған  асыл  желі  деуге  болады. 

«Шеберлікте  шек  жоқ»,  «Жасампаздықта  жарық  мол»деген  осы  болар  сірә.  Шығармаға 

жоғарыдағы тұрғыдан тереңдей сәп салып оқыған кісіге, кітаптің ӛзіне тән кӛне тарихи « 

сӛздігі»  де,  шаруашылық  харекет  деңгейі  де,  дипломатиясы  да,  бірінен  соң  бірі  ашылып 

отырады. Бір  тәуір кітапта әр  реткі  сұрапыл соғыстардың не аттанысқа келтіруге үндеген 

үндеуі,  не  соғыс  болып  ӛткеннен  кейінгі  ,  жалпылама  нәтижелік  баяндауы  ғана  беріліп, 

шу-шұрқан, астаң-кестең соғыстардың нақтылы суреті берілмеген. Автор бұл жағында да 

ӛте  ұтымдылық  кӛрсеткен  .  Мәселе  соғыстың  басында  емес,  оның  туылу,  аяқтауының 

себеп-салдарында, әрі сол соғыс арқылы жарыққа шыққан тарихи ӛзгерістерді ұғуда  ғой. 

Ал,  соғыс  деген  қашан  да  соғыс  қана,  онда  қызық  та,  лирика  да  жоқ.  Оны  баспа -бас 

баяндаймын деп әлек болу тек шығарманы ұғымсыз шұбалаңдыққа ғана апарары хақ.  

Сонымен  шығарманы  құраған  бінеше  ерекшеліктерді  оқырманның  ӛз  пайымына 

тастап, шығарманың реал құндылығы үшін алтындай салмақ қосып тұрған мадазаттар мен 

қағандардың аузынан берілген парасат-пайым, ишараттарға үңілейік.  

3.

 

«Елжау  күнби»  эпопеясында:  «Қазақ  халқының  адамзат  тарихында  ұстаған 



орнын,  атқарған  ролын  »кейінгі  ғасырлардағы  отаршылдардың,  билеушілердің  және 

солардан  шыққан  идеашыл  ғалымдардың  бұрмалаушылық,  кемсітушілік,  қасақана 

ескермеушілік  сынды  қилы-қилы  мақсатты,  мақсатсыз  жоққа  шығарулары  мен  олардың 

қазақ  халқының  ішкі  рулық  қатынастарын,  шежірелік  тізбегін  және  қазақ  тілінің 

мағыналық  жүйесін  білмегендігінен  туылған  қате  атама,  қате  мӛлшер,  қате  түсініктерін 


мүмкіндіктің барынша түзетіп, қалпына келтіруге күш салған. Ӛте-мӛте , қазақ халқының 

іште  де,  сыртта  да  ұлт  болып  қалыптасуын:1456жылғы  қазақ  хандығының  құрылуынан 

бері қарай деп қарастыратын ӛрескел надандық ұғымды түбірінен жоққа шығарып, Қазақ 

тілінің,  салт-санасының,  ұлттық  құрамының  осыдан  3000  жыл  бұрынғы  Ғұн,  сақ,  үйсін, 

түрк заманынан бері бар екенін қыруар ісжүзіндік факттер арқылы дәлелдеген. 

Бұл  дәлелдеулер  әйгілі  тарих  ғалымы  Мұхтар  Мағауиннің  ең  жуықта  жариялана  

бастаған  «Шыңғыс  хан»  [4]  зерттеу  кітабындағы  дәйектемелермен  мазмұндас  шыққан.  

Парқы,  тек  біреуінің  материял  кӛзі  шығыстағы  2000жылдық  қытай  жазбалары,  енді 

бірінікі  соңғы  мың  жылға  тән  батыс  ғалымдарының  зерттеулері  арасынан  екшеп 

алынғандығы. Бірақ, осы екі дерек кӛзі де қазақ тарихын арнаулы зерттейін деп жазылған 

емес,  тек сол тұстағы реал ӛмірде сол халықтығң бар болғандығы, белгілі ықпалдастығын 

ӛткізіп  тұрғаны  үшін  «жолымызда  бір  ӛзен,  бір  тау  бар  екен»деген  сияқты  хабарлай 

айтылған там-тұм деректер ғана болған. 

Қазақ тарихын қазақтың ӛз ғалымдары дұрыстап, тереңдетіп, нақтыландырып қайта 

жазып  шығудың  қажеттілігі  ослайша,  батыс  шығыстағы  қазақтың  екі  ғалымын  ортақ  бір 

пікірге келтірген сияқты. 

Үлкен  тарих,  ұзақ  замандарды  баяндай  отырып,  автор  қазақтың  ұлттық  рухын, 

салт-санасын,  бай  тілін  бейнелеп  беретін  неше  жүздеген  мақал-мәтел,  шешендік  сӛздерд 

ікейіпкелер  аузынан  беруден  тыс,  мадазаттық  тұжырымдар  мен  авторлық  сілтемелер 

арқылы  кӛптеген  пайым,  парасатты  пікірлер  айтқан.  Мәселен:  «Тәңірім  аяқ  пен  қолды  , 

кӛз бен құлақты екіден берген пендесіне ауызды біреу-ақ қып жасаған екен, онысы әрине 

кӛп істе, кӛп кӛр, кӛп  есті, бірақ, аз сӛйле, аз ішіп, аз же дегені  шығар»[5], «Кемеші мен 

ӛлімнің  арасы  кеменің  қалыңдығындай  ғана»,  «Ішіңді  алалама,  алыс  жақын  демей,  ең 

артқыны алға шығар, қит етсе ӛз қаныңа тарта берме, ӛресі артық болса сүйемнен қарысты 

сила»,  «Ой  бірлігі  тірлік  тағаны  болған  барлық  тірліктің  мәйегі»,  «Бұрын  сӛйлеген  айып 

емес,  қырын  сӛйлеген  айып»,  «Ат  күйгелек  болса  арық  болар,  ер  күйгелек  болса,  кәріп 

болар», «Ағашыты желім, елмен елді келін қосады», «Байлық іздесең даласына қара, сауда 

қылсаң қаласына қара, дос ел тұтсаң ағасына қара, ертеңін білмек болсаң, баласына қара, 

күшін  шақтасаң,  қарасына  қара,  келін  түсірсең  ,  анасына  қара»,  «Тӛлді  таңдайдан  қақпа, 

баланы маңдайдан қақ па», «...Ағаны ағалаған бірлік, аянбай арпалысқан  —тірлік,  соның 

бодауына  келетін  игілік»,  «Үлкен  алыптығын,  күшті  құдүреттілігін  аранына  арқалық 

етпей  қоя  ма?»,  «  Сырттай  қанша  кішпейілсіп,  монтансып,  момақансып  сӛйлесе  де,  адам 

діні ар жағында тығулы жатады ғой...»,  деген  сияқты бірқатар ақылиялар адам болудың, 

мұралдық, заттық ӛлшемдерін тағлымдаса, одан да кӛбірек тұжырымдардың, ел болудың, 

ел басқарудың маңызды шарттарын болжамдайды. 

Кӛлденең  кӛз  парасатты  мадазаттар  былай  дейді:  «...  Бір  елдің  үздіксіз  ӛркендеп, 

дамылсыз дамуы үшін , ең әуелі білікті де пәрменді кӛсем керек... Ал, ол меншіл, тоғышар 

болса , құдай атты дей бер... сосын ӛркениетті, ұлтжанды, ұйымшыл, еңбекшіл, жанкешті 

халық  керек...жарғы  жалтақ,  би  қалтақ,  ұлық  салтақ  болса,  құриды...»,  «...  Тұқым  қуар 

мұрагерліктен  кӛсем  шыға  бермейді,  ел  ішінде  жүйріктер  болғанмен,  қараға  хандық 

тимеиді...бүгінгі  хануди  мен  Елжауда,  кешегі  Либай  мен  Мӛде  де  ӛз  ортасынан  озып 

шыққан  кӛсемдер.  Бірақ  бұлардың  да  соңы  елден  айрылу,  алжу...бұл  елдерден  тайласып 

сайлану деген жоқ...» 

«Әлде  неше  ұлыс  болып  жүрген  сақ  жұртының    болашақ  тарихы  олардың 

ұрпақтары  осы  үш  жақты  ұштастырғанда  ғана  шығады...  Әрине  топтасса  тобықтан 

шалдырмас еді, оған қолы жетпей-ақ  барады ғой» – олар жер бетінде Үйсін ұлысына ақыл 

ойлай  отырып,  ӛздерінің  дамыған  әлемінің  де  жан  алғыш  дерттерін  ӛкіне  еске  алады. 

«Мынау  жер  шарылықтардың    басындағы  қазіргі  ауыр  күй  ашық  та  әшкере  түрдегі 

озбырлық,  зорлық,  мейірімсіздік,  қастандык,  қан  ішерлік,...  Ал  бізде...  кӛбінесе  құпия 

түрде,  әсем  перделердің  артында,  жасырын  әдістермен  жантүршігерлік  дәрежеде 

жүргізіліп жатыр» [6]. 


«... мадазаттың байлығы, әр жан иесінің кӛңіл жайлығы, тұрмыс күйлілігі, күн кӛріс 

оңайлығы, шығармашылық қолайы, мәдениетті жақтарынан гӛрі... бірін-бірі қырып-жоюға 

қажетті  қару-жарақ  дайындауға  алты  жүз  есе  жұмсалғанының  ӛзі-ақ  сенің  сӛзіңе  дәлел 

бола  алады».    Мадазат  келсе  мынаның  барін  жояды...  Біздікінің  барі  әдемі,  бұлардікінің 

барі мешеу босын біз кӛппіз, кӛп қорқытады, терең батырады... Бізде болған дағдарыстар 

мұнда  да  болады.  Әр  хан  тек  ӛз  қамын  ойлап,  қомағайлануынан  эффект  әсері  күшейеді. 

Ұлтра күлгін сәуле ӛртейді, ормандар құриды...  

«Күйеу баласын аямаған  хануди жағы  тұзұттерден қия басушыларды  да кешірмей 

жазалап  отырды...  Бір  қыдыру  жақтан  ата-бабадан  асқандай  сезінеді.  Бірақ,  амал  не, 

...билікті  әбден  алып,  бад  елді  әбден  орнатып,  ақылың  толып,  тәжірибе  мейлінше 

жиналып,  келіскен  кемел  шағыңда    бір  жағынан  арманның  соны  асулары  тізіліп  тұрса, 

енді  бір  жағынан  кӛңліңді  әлің  қуып  жете  алмай,  бойдан  қуат  кетіп  кәрілік  жеңе 

бастайтынын  қайтесің..  әттең  шіркін!...  мәңгі  ӛлместің  дәрісі  рас  бар  болса,  бүкіл 

қағанатты сұраса да беріп алар едім!....». 

Мінеки,  бір  тұстарда  әділдік,  бірлік,  елдік  үшін  күресіп  кӛсемдік  орынға  шыққан 

пенденің  тойымсыз  нәпсісі,  қалай-қалай  жұтынып,  ӛзеурейді.  Бұның  емі  осындай 

жалмауыздыққа  жеткізбей  ауыстырып  отыратын  ,  әділ  қоғамдық  түзім,  яғни 

демокркатиялық  әділ  сайлам  қажет  дегенді  меңзейді.Тіпті  кейде  кӛрінгеннен  «  ӛлместің 

дәрісін»  сұрап  емініп  жүрген  Үйсіннің  жиырма  ғасырдан  кейінгі  бір  биін  меңзегендей 

сезіледі.  Жарайды,  кімді  меңзесе  де  адамзаттың  қулық-құлқынын  дәп  басып  айтып  отыр 

ғой.  Сол  бір  мадазаттар...мадазаттың,  Елжау  күнбидің,  С.Жанболатовтың  жиырма 

ғасырлық  ұлы  жырын  бұлайша,  сӛзбе-сӛз  талдай  берсек,  жиырма  кітап  болатын  шығар. 

Саналы оқырман ӛзі-ақ сараптап түсінер. 

«Елжау күнби» эпопеясы әдебиет қана емес, үлкен тарихи, ғылыми шығарма, қазақ 

халқынан  шыққан  аты  затына  сай  осы  заман  ғалымы,  азаттықтың  алды-артын, 

реформаның  ұзына  бойын  бастан  кешірген  әлемнің  жартысын  аралап,  саналы  кӛзбен 

сараптаған,  қытайдың  кӛне-жаңа  тіліне,  қазақтың  ұшан  теңіз  ұлттық  мәдениетіне  жетік  , 

гуманитарлық,  жаратылыстық  ғылымдардың  бірдей  білгірі  –  С.Жанболатов  ағамыздың 

жарқын ӛміріндегі бойына жинақтаған пайым-парасаттың жариялы жинағы болғандықтан, 

тарихтың  тағы  бір  ұлы  бұрылыс    кезеңінде  тұрған  халқымыздың  зиялы  қауым,  қалың 

жастары бұл кітапты оқып, біліуі зерттеп зерделеуі тӛтенше қажет деп білемін... 

 

Әдебиеттер тізімі 

1.

 

Әуезов.М. Әдебиет тарихы. –А., 1991. 



2.

 

Үйсін туралы зерттеу.Шыңжаң халық баспасы, 1989ж. -99 б. 



3.

 

Жанболатов.С. Елжау күнби. Күйтін, 1994. -9 б. 



4.

 

Мағауин.М. Шыңғысхан.Жұлдызжурналы. –А., 2011. 1 кітап. 



5.

 

Жанболатов.С. Елжау күнби. Күйтін.1994. -409 б. 



6.

 

Жанболатов.С. Елжау күнби. Күйтін.1994.  -809 б. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет