Тарихи ескерткіштер



Дата15.03.2023
өлшемі0,53 Mb.
#74544




ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР



ДАЙЫНДАҒАН: КАДЫРОВА АРУЖАН


2022 ЖЫЛ

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні 1984 жылдан бастап жыл сайын 18 сәуір күні атап өтіледі. Мерекені 1983 жылы ЮНЕСКО жанындағы Ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі Халықаралық кеңес Ассамблеясы белгілеген.


Қазақ даласы тарихи – мәдени ескерткіштерге бай. Батыс Қазақстан аймағында ғана 300-ден астам тарихи-мәдени ескерткіштер тіркелген. Оларға Шопан -Ата жер асты мешіті, Қараман –Ата ескерткіші т.б жатады. Бұлардың көпшілігі Маңғыстаудың оңтүстік бөлігінде орналасқан. Олар, көбінесе тастан тұрғызылған әр түрлі құрылыстар. Аса ірі тарихи және мәдени ескерткіштер қатарына Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесі, Сарыарқадағы Алаша хан кесенесі, Тараз өңіріңдегі Айша бибі және Қарахан кесенесі,Бабаджа Хатун кесенелері бар. Тарихи және мәдени ескерткіштердің түрлері көп. Әрбір қалада, әрбір ауылда жергілікті ескерткіштер болып табылады. Мұндай ескерткіштер қалпына келтіріп отырады.





Арыстанбаб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Бұл кесене XI ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасырға жатады. Сол құрылыстан кесілген айван тізбектері қалған. Тарихи деректер бойынша XII-XVIII ғасырларда кесене бірнеше рет қайта салынып, қайта жаңартылған. Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады.




Қожа Ахмет Иасауи кесенесі.
Қожа Ахмет- өз өмірінде ақ өлеңмен жазылған көп хикметтерді дүниеге келтірген пәлсапашыл ақын. Біздің қолымызға жеткен екі жүзден асатын хикметі бар. 63 жасынан бастап, соңғы 12 жылын ол жер астында жатып, күн сәулесін көрмей өткізді. Бүкіл Шығысқа әмірін жүргізген атақты қолбасшы Ақсақ Темір далалықтар мен қалалықтар қосылып пір тұтатын, күніне жүз мәртебе тағызым етіп, мінәжат қылатын Қожа Ахметке зәулім ескерткіш тұрғызуды қолға алды.
Қожа Ахмет Иасауи кешені порталды- күмбезді құрылыс. Оның көлемі 46,5х65,5 метр. Орталық залдың айналасына әр түрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан. Оның бірінде сопы ақынның мүрдесі жерленген. Орталық бөлмеде қолымен жазылған Құранның көшірмесі, кітаптар, шежірелер сақтаулы. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы




Қарахан кесенесі
Кесене ортағасырлық Тараз аумағында құрылған қасиетті-мемориалды кешенеге жатады.Қарахан кесенесі өзінің әсемдігімен Ресей сәулет өнерін бағалаушыларын 1902 жылдың өзінде ежелгі Тараздың теңдесіз жасампаздығы ретінде таңдандырыпты. Археологиялық қазбалар көрсеткендей, бұл ғимаратты өрлеу кезінде өте шеберлікпен әзірленген 30 түрлі өрнекті кірпіштер пайдаланған. Құрылыс қараханидтер дәуірінде, ХІ ғасырда жасалған. Оның құрылысы Айша бибі мен Бабджа қатын кесенесімен тікелей байланысты. Оның жерленуін тарих, біздің аймақты Х-ХІІ ғасырларда билеген Қараханидтер әулетінің хандығымен байланыстырады. Әулие-Ата атануы да содан.



Ғұмырын исламның дамуына арнаған қайраткер, сопылық ілімді уағыздаушы, жерін жаудан қорғаған ерен ерлігімен танылған батыр – Бекет Мырзағұлұлының есімі Ұлы дала халқына жақсы таныс. Бекет атадан мұра болып қалған 5 жерасты мешітінің бірі Маңғыстау облысының Оғыланды жерінде орналасқан. Осынау киелі орынға зиярат етіп, медет тапқандардың саны жыл сайын артпаса, кеміген емес.
Жерасты мешітінің құрылымы төрт бөлмеден тұрады. Бекет ата пайғамбар жасында дүниеден өткені белгілі. Атаның жерленген орны да осы мешіттің бір бөлмесінде. Төргі бөлмеде атаның қасиетті асатаяғы сақталған. Түпкі бөлмеге тек келіншектерге кіруге рұқсат етілген. Мұнда нәзік жандылар назымен бөлісіп, ниеттене тілек тілейді.
Бекет ата жерасты мешітінде әр келген жан жанына жай, көңіліне сая, жүрек дертіне дауа табады. Таңғажайып табиғаттың құшағынан орын тауып, жартасқа қашалып салынған ислам ордасы киелі рухани ғибадатхана емес, қазақ даласындағы сәулет өнерінің озық үлгісі.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет