«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



жүктеу 0.7 Mb.
Pdf просмотр
бет4/6
Дата22.12.2016
өлшемі0.7 Mb.
1   2   3   4   5   6

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 

1.

 



Тарихи құжаттар және олардың түрлері? 

2.

 



Тарихи құжаттармен сабақ өтудегі басты бағыт? 

3.

 



Құжаттармен қалай жұмыс істеуге болады? 

4.

 



Конспектілеу дегеніміз не? 

      


 

 

Тақырып№6:  Тарихты  оқыту  үрдісінде    оқушылардың  білімін, 

іскерлігін тексеру және бағалау жүйесі   

Дәріс мақсаты: Тарихты оқыту үрдісінде  оқушылардың білімін, іскерлігін 

тексеру және бағалау жүйесін көрсету   

1.

 

Тарихты оқыту үрдісінде оқушылардың білімін, іскерлігін тексеру 



және бағалау жүйесінің қызметі    

2.

 



Білімді тексеру талаптары 

3.

 



Оқушылардың білімін, іскерлігін тексеру және бағалау түрлері, 

формасы мен тәсілдері  



 

          1

. 

Білімді  тексеру  мен  бағалау  жүйесінің  мақсаты  мен  мағынасы. 

Білімді  есепке  алу  және  бағалау.Оқушылардың  білімін  бағалау  –  күрделі 

педагогикалық  мәселе.  Білім  бағалау  барысында  әрбір  мұғалім  алдында 

мақсат  қойып,  шәкірттерінің  одан  әрі  өсу  жолын  ойластырады.  Мұғалімнің 

білімі  мен  іскерлігі,  тәжірибесі  мен  сезімталдығы,қоғам  мен  ұрпақ 

алдындағы 

жауапкершілігі, 

адамгершілігі 

мен 


мамандық 

әдебі 


педагогикалық саясат негізімен қабысып жатқанда ғана ол бұл бағытта дұрыс 

шешім қабылдай алады. Соның өзінде де мақсат билігінен көріндім деу қиын. 

 

Мектеп  мұғалімдерінің  оқушы  білімін  бағалауы  туралы  әр  түрлі  пікір 



айтылып  жүр.  Тіпті  бір-біріне  қарама-қарсы  келетіндері  де  аз  емес.  Бірақ 

өзіндік  ерекшеліктері  бар  бағалау  жүйелерімен  жұмыс  істейтін  мұғалімдер 

тәжірибесінің  жақсы  жақтарын  көре  білу  де  маңызды.  Ең  басты,  баланың 

оқуға ынтасын арттыру. 

 

Сонау кеңес дәуірінің соңғы жылдары оқу құралдары, бағдарлама, әдіс-



тәсілдер  үлкен  өзгеріске  ұшырады.  Оқыту  қиын,  балалар  игере  алмайды 

дедік. Оқу бағдарламасы қысқартылда. Толық үлгірім береміз деп жаман баға 

қою  шектелді.  Бірақ  бұдан  балалар  оқу  бағдарламасын  толық  игеріп  кете 

алмады,  қайта  кері  кету  орын  алды.  Қайтадан  жаман  баға  қою  керек  дедік. 

Бәрібір жақсара қойған үлгірім жоқ. 

 

Дегенмен  де,  оқу-тәрбие  сапасын  оқушы  –  мектеп  әкімшілігі  деген 



тізбектен  іздейтініміз  рас.  әлі  күнге    мектептегі  оқу-тәрбие  ісінің  жетістігі 

мен  кемшілігінің  нақтылы  критерийлері  жоқ.  Жұмысты  бағалау  – 

салыстырмалы дүние. Сондықтан да субъективтілікке жол беріледі. Айтылып 

жүрген  жұмыс  нәтижесі  өзара  байланысты  мәселеге  тәуелді.  Мысалы, 



мектептегі  мұғалімдердің  ұжымшылдық  беріктігі,  бірлігі  сезілмесе, 

оқушылар арасындағы ұжымшылдық та болмайды. Педұжым шығармашылқ 

жұмыс 

істей 


алмаған 

мектепте 

сабақтың 

да 


шығармашылқпен 

ұйымдастырылуы  неғайбіл.  Мұғалім  мен  басшы  арасында  ынтымақтастық 

орнамаса,  бала  мен  мұғалім  арасында  да  түсінік  тумайды.  Осының  бәрінің 

үлгірімге, сапаға тигізер әсері мол. 

       2. Тексеру мен бағалау тәсілдері.Жасыратыны жоқ, мұғалімдердің ішінде 

бағаны  қорқыту  құралы  ретінде  қолданатындары  да  кездеседі.  Ондайлар 

сабақта  тыныш  отырмаған  оқушыларға  да  екілік  қояды.  әріптестеріміздің 

қайсібірі  бағаны  қалтасынан  беретіндей  тым  сараңдық  жасайды.  «Жомарт» 

ағайлар  мен  апайлар  да  бар.  Түптеп  келгенде,  осы  әрекеттердің  бәрі 

оқушылардың  сабаққа  байланысты  еңбегіне  жасалған  қиянат  десек  артық 

айтпаған болар едік. Бұл – жекелеген мұғалімдердің өз мамандығы бойынша 

теориялық  білімі  таяз,  әдістемелік  шеберлігі  төмен,  педагогика  мен 

психологиядан  білім  деңгейі  әлсіз,  дидактикалық  озат  тәжірибелерді 

күнделікті жұмысына шығармашылықпен пайдалана алмайды деген сөз.  

 

Баға қою арқылы бала жанына үрей туғызудан гөрі тез толғанып, қайта 



талпынуға  ұмтылдыру  керек.  Әділ  қойылған  баға  оқушы  мен  мұғалім 

арасында адамгершілік қарым-қатынас орнықтырады. 

3.  Білімді  тексеру  барысындағы  сұрақтар  мен  тапсырмаларға  мінездеме. 

Педагогиканың  және  бір  қиындығы  сонда,  білім  берумен  жұмыс  бітпейді. 

Білімді  оқушыға  меңгертіп,  дарыта  білу  керек.  Бұл  –  үлкен  өнер,  ұстаз 

мұраты  да  осыған  саяды.  өкінішке  орай,  кейбір  әріптестеріміз  әр  түрлі 

себептерде  сылтауғып    бұл  талаптарды  орындаудан  үзілді-кесілді  жалтарып 

жүреді.  Оларға  оқу  бағдарламасы,  оқулықтар,  әдістемелік  әдебиеттер, 

көмекші  құралдар  жетіспей  жатады.  Олар  білімді  бағалаудың  тиімді 

жолдары, ұстанымдары мен ережесі бар екенін біле бермейді. 

 

Оқушылардың  білімін  бағалауға  қойылатын  талаптардың  біразын 



жоғарыда айттық. Енді бір кездегі Герман Демократиялық Республикасының 

Ғылым академиясы жанындағы дидактика институтының ғылыми қызметкері 

Хельмут Вектің «Оценки и отметки» деген еңбегінен біраз мысал келтірейік. 

Бұл кітапта  білімді бағалаудың негізгі төрт ұстанымы көрсетілген. өз басым 

кітапты  бірнеше  рет  оқып  шықтым,.  Оның  мазмұнымен,  шартымен,  бағыт-

бағдарларымен  таныстым.  Оларды  мұқият  ой  елегінен  өткізіп,  нақтылы 

мүмкіншілігімізді  есепке  алып,  білімді  бағалаудың  тиімді  жолдарын, 

ықпалды  әрекеттерін  қарастырдым.  Осы  орайда  бірқатар  шараларды 

қамтитын  өзіндік  бағдарлама  жасап,  күнделікті  жұмысыма  пайдалана 

бастадым. Әрине, бұл әрекеттерім төр аяғынан тең басып тұр  дей алмаймын, 

дегенмен  құр  алақан  емеспен.  Бұл  жайында  айтпағымызды  біраз  шегер 

тұрып,  әуелі  Хельмут  Век  сараптаған  төрт  ұстанымға  тоқтала  кетуі  жөн 

көрдік. Неге десеңіз, мұны әріптестеріміздің көпшілігі біле бермейді. Вектің 

(орысшаға  аударған)  кітабының  таралымы  өте  аз,  екінші  басылымы  болған 

жоқ. Сонымен ол ұстанымдар қандай?  

1.Бағалау және баға – оқу үрдісінің бөлінбес құрамдас бөлігі. Мұның өзі төрт 

дәйектемеден тұрады.  


а) Бағалау ынталандыру әдісі, онсыз кез келген үрдісті игеру мүмкін емес. 

ә) Бағалау және емтихан алу – үлгерімді жақсартудың, оқушылардың басқа 

да қасиеттерін дамытудың кепілі. 

б)  Бағалау  мұғалімдер  мен  оқушылардың  өзара  қарым-қатынасына  үлкен 

ықпал жасайды. 

 

2. Бағалау және баға оқушыларды өмірге дайындау ісіне қызмет етеді. 



а) Ол үлгерімді  жоғарылату ісіне ықпал жасайды, бірақ «ғажайып» туғыза 

алмайды. 

ә)  Бағалау  және  баға  –  тәрбиенің  маңызды  құралы.  Алайда  мұғалім  мен 

оқушылардың  қарым-қатынасы  өз  дәрежесінде  болмай,  мұғалімнің  беделі  

төмендесе,  оқушылар  оның  әділдігіне  күмән  туғызады,  онда  бағалау  мен 

баға өзінің тәрбиелік күшін жояды. 

б)  бағалау  және  баға  –  оқушылардың  белсенділігін  ынталандырудың 

маңызды әдісі, бірақ ол бір ғана емес және үнемі тиімді бола бермейді. 

 

3.  Бағалау  және  баға  барлық  оқушылардың  дамуына  ықпал  жасай 



алғанда ғана дұрыс қолданылған болады. 

 

4.  Бағалау  қашанда  әділетті  сипатта  болу  керек.  Мәселен  мұғалім 



тақтада  есеп  шығару  кезінде  қателер  жібереді.  Математикадан  үздік  оқушы 

байқады  да  түзету  енгізеді.  Мұндай  жағдайда  оқушының  әрекетін  қалай 

бағалау керек?  

 - Бірден бес қойылады. 

 - Шыдамсыздығы ескертеді. 

 - Ауызша мадақтайды. 

 - «Мен сендерді сынау үшін өстіп едім» делінеді. 

 - Мән бермей қояды

 

Айта кеткен жайт, Хельмут Вектің «Оценки и отметки» деген еңбегі – 



көп  жылғы  зерттеу  негізінде  ғылыми  тұрғыда  өмірге  келген  мазмұнға  бай 

туынды.  Жоғарыдағы  ұстанымдардың  тиімділігі  нақтылы  мысалдар  арқылы 

түсіндірілген.  Егер  әріптестеріміз  бұл  еңбекті  кәдеге  асыға  келсе,  оны 

тиянақты оқып алғаны жөн. 



 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 

1. Білімді тексеру мен бағалау жүйесінің мақсаты неде? 

2. Баға үшін оқыма білім үшін оқыны қалай түсінесіз?  

3. Тексеру мен бағалау тәсілдері туралы не айтасыз? 

4. Білімді тексеру барысындағы сұрақтар мен тапсырмаларға сипаттама   

    беріңіз 

5. Білімді бағалау формалары қандай? 

 

Тақырып№7: Тарих пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстар 

Дәріс мақсаты: Тарих пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстарды көрсету 

1.

 



Тарихтан сабақтан тыс жұмыстар туралы түсінік және олардың жалпы 

сипаттамасы  

2.

 

Тарихтан сабақтан тыс жұмыстардың түрлері және ұйымдастыру 



формалары   

 

Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері. Жұмыстың бұл түріне де тарих 

сабақтарының  белгілі  үш  міндетін  орындауға  үлес  қосу  жүктеледі. 

Айырмашылығы ол міндеттер сыныптан тыс жұмыстарда басқа материалдар 

мен құралдардың көмегі арқылы орындалады. 

Сыныптан  тыс  жұмыстардың  басты  міндеттерінің  бірі  -  оқушылардың 

білімін қоғам тарихының түрлі салаларынан хабар беретін жаңа фактілермен, 

ұғымдармен  толықтыру.  Өйткені  сыныптан  тыс  жұмыстар  оқушыларды 

тарихи  білімнің  археология,  нумизматика,  геральдика  сияқты  қосымша 

салаларымен таныстырады. 

Бұл  жұмыстың  тағы  бір  маңызды  міндеті  оқушылардың  тарихқа  деген 

қызығушылығын  арттыру.  Сыныптан  тыс  жұмыс  дұрыс  ұйымдастырылса, 

тарих  пәніне  деген  оқушылардың  көзқарасы  мүдде  өзгереді,  олар  тарихтың 

қоғамдағы маңызды ғылымдардың бірі ғана емес, сонымен қатар оның әрбір 

адамға күңделікті өмірде аса қажет білім саласы екенін саналылықпен ұғады. 

Осы  тұрғыдан  келгенде  тарихтың  сыныптан  тыс  жұмыстарының 

тәрбиелеушілік  мүмкіндіктері  айқын  байқалады.  Оқушылар  сыныптан  тыс 

жұмыстардың  түрлі  формаларына  қатыса  жүріп  қазіргі  кезең  тарихындағы 

өзін  толғандырған  мәселелерге  ерекше  назар  аударатын  болады,  оларға 

жауап табуға тырысады. 

Сыныптан  тыс  жұмыстардың  тағы  бір  артықшылығы  оның  дерек 

көздерінің  алуан  түрлілігі.  Олар:  мемлекет  атынан  қабылданып  жататын 

түрлі  қаулы-қарарлар,  маңызды  тарихи  құжаттар,  қоршаған  ортада  болып 

жататын  жаңалықтар  мен  өзгерістер,  материалдық  мәдениеттің  құнды 

ескерткіштері мен  қазір жасалып жатқан тамаша ғимараттары, түрлі көркем 

бұйымдар,  мерзімді  баспасөз,  көркем  әдебиет  пен  өнер  туындылары, 

театрлар  мен  кино  залдарында  күнделікті  қойылатын  шығармалар  мен 

фильмдер,  архив,  мұражайлардағы  құжаттар  мен  экспонаттар  т.б.  Осы 

аталған және басқа да деректер оқушылардың білімін, ақыл ойын дамытуға, 

оларда  күнделікті  өмірге  қажетті  біліктерді  қалыптастыруға  үлес  қосады. 

Бұлар  әсіресе  көрсеткіш  және  энциклопедиялық  басылымдармен  жұмыс 

жасап, бибиографиялық тізім құрастырғанда, архив құжаттары мен басқа да 

деректермен  жұмыс  істегенде,  оқушылар  мен  үлкендер  арасында  хабар, 

баяндамалар  жазғанда,  тарихи  фильмдер,  көркем  әдебиеттер  туралы  пікір 

жазғанда, 

тарихи 


оқиғалардың 

куәгерлерімен 

кездесіп, 

олармен 


әңгімелескенде,  оны  қағаз  бетіне  түсіргенде,  туған  өлкесінің  өткен  тарихы 

және  қазіргі  жағдайы  туралы  материал  жинағанда,  тарихи  орындарға, 

мұражайларға  экскурсия  жасағанда,  түрлі  тақырыптарда  көрмелер 

ұйымдастырғанда,  түрлі  кестелер,  сызбалар,  көрнекі  құралдар,  макеттер, 

модельдер  жасағанда  біртіндеп  қалыптасып,  одан  әрі  дамып,  жетіле  түседі. 

Осы  жұмыстардың  бәрі  оқушыларға  өткендегі  және  қазіргі  тарихи 

құбылыстар  мен  оқиғаларға  ғылыми  тұрғыдан  қарауды,  қоғамның  даму 

зандарын  түсінуді,  өзі  меңгерген  тарихи  білімін  өмірде  қолдана  алуды 

үйретеді. 


Оқушы  сыныптан  тыс  жұмыстардың  өзі  таңдаған  формаларына  қатыса 

отырып,  белгілі  бір  ұжым  мүшелерімен  жұмыс  істейді:  қиындықты  да, 

жұмыстың  нәтижесін  де  бірлесіп  көреді,  бұл  оларды  ұйымшылдыққа, 

бірлесіп шығармашылық жұмысты істеуге тәрбиелейді т.б. 

Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі ерекшеліктері: 

Жұмыстың бұл түрінің тарихи білімді күнделікті оқытуды ұйымдастыру 

формалары арқылы үйретуден бірқатар өзгешеліктері бар. Оларды жеке-жеке 

атап өтейік. 

Алдымен  назар  аударатын  ерекшелік  бұл  жұмыстың  еріктілік  сипаты. 

Тарихшы  мұғалімдер  оқу  жылы  басында  өз  шәкірттерін  мектепте 

ұйымдастырылатын  сыныптан  тыс  жұмыспен,  оның  формаларымен 

таныстырғаннан  кейін,  оқушылар  жұмыстың  қандай  түріне  қатысатынын 

өздері  таңдайды.  Мұғалім  тек  білімдік,  тәрбиелік,  дамытушылық  жағынан 

тиімдірек  түрлерін  басымырақ  ұсынады.  Ал  оқушыларды  сыныптан  тыс 

жұмыстардың  түрлеріне  бөлгенде  олардың  ынтасын,  бейімділігін  ескеру 

керек. 


Сыныптан  тыс  жұмыс  қазіргі  кезеңмен  тығыз  байланысты  жүргізіледі. 

Мұның өзі бұрын болып өткен оқиғаларды қазіргі жағдайлармен салыстыру, 

өткендегінің  қазіргімен  байланысты  тұстарын  ашып  көрсету,  қазіргі 

қоғамдық-саяси, әлеуметгік-экономикалық, мәдени жағдайларды жақсы білу, 

түсіну  үшін  тарих  пәнінің  өмірлік  маңызы  зор  екенін  және  де  Қазақстан 

Республикасының  тәуелсіздік  алғаннан  бергі  жылдардағы  қол  жеткен 

табыстарын айқын сезіну үшін қажет. Өткенді қазіргімен байланыстырудың 

басқа  да  жолдары  бар,  бірақ  қандай  тәсілді  қолдансақ  та,  ол  оқушылардың 

ойлау қызметінің одан әрі дамуына, тәрбиелілігінің жақсара түсуіне әсер етуі, 

демек әдістемелік жағынан тиімді болуы тиіс. 

Сыныптан  тыс  жұмыстар  оқушылардың  зерттеу  әдісімен  танысуына, 

оны  іс  жүзінде  байқап  көруіне  мүмкіндік  береді.  Бұл  жұмыс  алдымен 

оқушылардың  сабақ  үстіндегі  өздігінше  атқаратын  жұмысында  басталады. 

Бірақ та сабақ үстінде зерттеу жұмысын жүргізу шектеулі. Ал сабақтан тыс 

уақытта  бұған  мүмкіндік  мол.  Мұнда  оқушыларға  күрделірек,  көлемді 

тапсырмалар  беріледі,  ал  тапсырмалар  көбіне  жалпы  беріледі,  оларды 

шешудің нақты жолдарын оқушылар өздері іздеп табады. Мұны біз Алматы 

қаласындағы №12 мектептің жоғары сынып оқушыларымен өткен ғасырдың 

80  жылдарының  екінші  жартысында  Республикалық  Мемлекеттік  архивте, 

Республикалық 

Мемлекеттік 

өлкетану 

мұражайында 

жүргізген 

жұмыстарымыз  кезінде  байқадық.  Мұндай  жұмыстар  Қазақстан  тарихы 

бойынша қазір көптеген мектептерде жолға қойыла бастады. 

Сыныптан  тыс  жұмыстардың  көбінің  қоғамдық  пайдалы  бағыты  бар, 

яғни  жұртшылық  үшін  пайдалы  іс  деген  сөз.  Мәсселен,  жоғары  сынып 

оқушылары халық арасында саяси үгіт-насихат жұмысын жүргізеді, тарихи-

мәдени  ескерткіштерді  тауып,  оларды  қамқорлыққа  алады,  ұйымдар  мен 

мекемелердің  тапсырмаларын  орындайды  (үлкен  қалалардағы  бірқатар 

мектептер  қалалық  әкімшілікпен  бірлесе  отырыи  белгілі  ауданның, 

көшелердің  экологиялық  тазалығын  қамқорлыққа  алады  т.б.),  ғылыми 


экспедицияларға  қатысады,  аты  ұмыт  болған  ардагерлерді  тауып,  есімі  мен 

еңбегін қалпына келтіреді, оларға ескерткіш орнатуға қатысып, оны одан әрі 

қамқорлыққа алады, мектеп музейі мен залдарын да ұйымдастырады, соғыс, 

еңбек  ардагерлерін,  мүгедектерін  қамқорлыққа  алады.  Осы  жұмыстардың 

бәрі  оқушыларды  өмірді  шын  мәнісінде  түсінуге,  қоғамдағы  өзгерістер  мен 

жаңалықтарды бағалай білуге, осы қоғамда лайықты өмір сүріп, еңбек етуге 

тәрбиелейді. 

Жоғарыда  аталып  көрсетілген  алуан  түрлі  сыныптан  тыс  жұмыстарды 

орындау  оқушыларды  белсене  әрекет  жасауға,  әр  істе  бастамашы  болуға 

тәрбиелейді. 

Сыныптан тыс жұмыстардың бірқатарының мазмұны оқытылып жатқан 

тарих  сабақтарының  мазмұнымен  тікелей  байланысты.  Мәселен,  қазақ 

халқының  сырттан  болған  шапқыншылыққа  қарсы  ерлік  күресі,  мәдениет 

тарихы,  Тәуелсіз  Қазақстан  Республикасының  тарихы,  отарлық  бұғауға 

қарсы  жүргізген  ұлт-азаттық  қозғалыстар  тарихы  және  басқа  да  маңызды 

тақырыптардың  мазмұны  сыныптан  тыс  жұмыстардың  түрлі  формаларында 

жүргізілетін жұмыстарда қамтылып жатады. 

Мектепте оқытылатын тарих пәні өзінің негізін тарих ғылымынан алады, 

ал  ол  ғылымның  аса  маңызды  салаларына  жатады.  Кез  келген  өркениетті, 

дамыған  елдер  өз  мемлекетінің  барлық  азаматтарын  тарихи  біліммен 

қаруландыруға  ұмтылады  және  де  оны  алдымен  өз  халқының,  өз  елінің 

тарихын оқытып үйретуден бастайды. Тарихи білімді меңгерген адам өзі өмір 

сүрген  қоғамдағы  орынын,  атқаратын  қызметін,  басқа  да  іс-әрекеттерін  дәл 

анықтай  алады.  Сондықтан  да  Қазақстан  Республикасы  Президенті 

жанындағы  Мемлекеттік  саясат  жөніндегі  Ұлттық  Кеңес  бекіткен  1995 

жылғы 


Қазақстан 

Республикасында 

тарихи 

сана 


қалыптастыру 

тұжырымдамасын  қабылдаған  болатын.  Бұл  тұжырымдамада  оқу 

орындарында  тарихты,  әсіресе  Қазақстан  тарихын  оқытуды  алдын-ала 

межелеу  жөнінде  аса  жауапты  міндеттер  қойылған.  Ол  міндеттер  алдымен 

жалпы  білім  беретін  мектептерде  жүзеге  асады.  Өйткені  елдің  барлық 

азаматтарына  жүйелі  тарихи  білім  беретін  оқу  орны  -  мектеп.  Ол  пәңді 

оқытатын  -  тарихшы  мұғалімдер.  Сондықтан  да  университеттер  мен 

пединституттардың  тарих  факультеттерінде  болашақ  тарихшылар  4-5  жыл 

оқып,  орта  мектептің  тарихшы  мұғалімі  деген  мамандық  алады.  Осы 

факультетте  оқылатын  пәндердің  арасында  "Тарихты  оқыту  теориясы  мен 

әдістемесі" (ТОТӘ) пәнінің орны ерекше. 

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 

1.

 



Тарихтан сабақтан тыс жұмыстарға  жалпы сипаттама берініз  

2.

 



Тарих пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстардың қандай түрлері бар? 

 

Тақырып№8: Тарихты оқыту барысында оқушыларды тәрбиелеу 

Дәріс мақсаты: Тарихты оқыту барысында оқушыларды тәрбиелеудің 

маңыздылығын көрсету 



 

1.

 

Қазақстан Республикасында мектептегі тарих курсының негізгі 



тәрбиелік міндеттері  

2.

 



Мектептегі тарих курсының тәрбиелік әлеуеті   

 

Тарих пәнінің тәрбиелеушілік мүмкіндігі өте мол. Өйткені ол бүкіл адам 

баласының  ғасырлар  бойы  жинаған  тәжірибесін  баяндайды.  Ал  мектептегі 

тарих  курсына  сол  тәжірибенің  алдымен  ең  маңыздылары,  құндылары, 

ізгілері  алынады.  Әрине  мектептік  тарих  курстарында  құнсыз  тарихи 

оқиғалар  да  оқытылады.  Мәселен,  фашизм,  крест  жорықтары,  басқа  елге 

шапқыншылық  жасап,  бейбіт  халықты  қырғынға  ұшыратқан  соғыстар  т.б. 

Бірақ  мұндай  құнсыз  оқиғалар  білім,  тәрбие  ретінде  құнды,  өйткені  оларды 

оқыта  отырып  оқушыларды  келешекте  осындай  келеңсіз  оқиғаларды 

болдырмау  үшін  күресуге  дайындаймыз.  Тарих  пәні  небір  тамаша  тарихи 

фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды, жеке тарихи қайраткерлердің халық 

үшін  жасаған  қызметін  баяндайды,  осылардың  бәрі  олардың  жүрегіне, 

сезіміне  күшті  әсер  етеді,  адамгершілігі  жоғары,  саналы  азамат  болып 

қалыптасуына үлес қосады. 

Қазақстан  Республикасы  тәуелсіз  даму  жолына  енді  ғана  түсті,  оның 

келешегі  алда,  ол  да  жақсы  дамыған,  гүлденген  өркениетті  елдер  қатарына 

қосылады.  Мұны  жүзеге  асыратын  Қазақстанның  қазіргі  жас  азаматтары, 

мектеп  оқушылары.  Қазақстанға  жан-жақты  білімді,  осы  республикадағы 

барлық халықтың тілін, тарихын, әдет-ғұрпын сыйлайтын, осы ел үшін, оның 

халықтарының  бақытты  келешегі  үшін  бар  білімі  мен  күш  жігерін  аянбай 

жұмсайтын  нағыз  отаншыл  азаматтар  керек.  Осы  міндетті  орындауға 

мектептегі тарих пәні өте зор үлес қосады. 

Кеңес  елі  тұсында  тарих  пәнін  оқыту  барысында  оқушыларды 

тәрбиелеудің ең негізгі бағыттары: марксизм-ленинизм идеясына берілгендік, 

дүние  жүзінде  капитализмнің  құрып,  коммунистік  қоғамның  салтанат 

құратынына сендіру, социалистік идеологиядан басқа идеологиялардың бәрін 

жек  көру,  дінді  жек  көру  рухында  тәрбиелеу  болды.  Тәрбиенің  мұндай 

бағыттарының мүлде теріс екеңдігін өмір тәжірибесі көрсетті. Сондықтан да 

біз  қазір  (Қазақстан  мектептеріндегі)  тәрбиенің  міндеттерін  анықтағанда 

мұндай теріс бағыттарынан бас тартамыз. Тарих сабақтарында оқушылардың 

дүниеге 

ғылыми 


көзқарсы 

қалыптастырылады, 

адамгершілікке, 

имандылыққа, 

ізгілікке 

тәрбиеленеді, 

отаншылдыққа, 

халықтарды 

құрметтеуге, сыйлауға, яғнн халықтар достығына тәрбиеленеді, еңбекке, қарт 

ұрпақтың  еңбек  және  жауынгерлік  дәстүріне  тәрбиеленеді;  діннің  қызметін 

дұрыс  түсінуге,  оны  дұрыс  бағалауға,  бейбітшілікті  сақтауға  үлес  қосуға, 

адамзат 


жасаған 

құндылықтарды 

құрметтей 

білуге 


тәрбиеленеді; 

эстетикалық, экологиялық, экономикалық т.б. тәрбие алады. 

Оқушылардың  дүниеге  ғылыми  көзқарасын  қалыптастыру  дегеніміз  — 

табиғаттың да, қоғамның да (соларда болып жататып өзгерістердің де) белгілі 

бір зандалықпен дамитындығын дәлелдеу. Оларда болып жататын өзгерістер, 

жаңалықтар  т.б.  құдайдың  бұйрығымен,  немесе  басқа  бір  күштің  әсерінен 

емес, даму заңдылығы нәтижесінде болады деген қорытындыға әкелу. Бұған 


Қазақстан  тарихынан  нақты  мысалдарды  көптеп  келтіруте  болады.  Әңгіме, 

қоғамда 


болып 

жатқан 


өзгерістерді, 

жаңалықтарды 

оқушыларға 

түсіндіргеиде  мәселені  нақты  мысалдар  келтіре  отырып,  сенімді  түрде 

дәлелдеуде. 

Ежелгі  Қазақстан  тарихы  оқулығында  алғашқы  адамдардың  пайда 

болуы,  олардың  тіршілігі  мсн  тұрмысы  қарапайым  тілмен,  бірақ  жүйелі 

баяндалады. Олар топ болып жүрді, одан руға бірікті, рудан тайпаға, одан әрі 

тайпа  одақтарына  бірікті.  Сол  өзгерістердің  бәрі  қажеттіліктен,  демек  даму 

заңдылығынан  туды.  Топ  болып  жүрмесе  жыртқыш  аңдардың  шабуылына 

ұшырайтын болды, күнделікті тамақ табу үшін де топ болып жүру қажет еді. 

Туыстық  жақындығы  бар  адамдар  ғана  бірігіп  үй  салатын  болды,  мал 

жайлымдарын  біріктіріп,  оларға  иелік  етті,  оларды  бірігіп  қорғау  қажеттігі 

туды т.б. 

Қазіргі  заманғы  сурет  өнерінің  тамаша  туындыларының  түп-тамыры 

ежелгі  тас  дәуіріндегі  адамдардың  тасқа  қашап  салған  түрлі  белгілері  мен 

бейнелерінен басталады. Сол сияқты осы заманғы биіктігі 150 қабатқа дейін 

жететін  зәулім  үйлер  де  өзінің  бастауын  ежелгі  адамдар  жасаған  күркелер 

мен  жеркепелерден  алған.  Адам  баласының  қол  жеткізген  жетістіктсрінің 

бәрі тәжірибенің, сол арқылы ақыл-ойдың дамуының нәтижесі. 

Оқушылардың  дүниеге  ғылыми  көзқарасын  қалыптастыру  күрделі 

жұмыс.  Осы  мәсслеге  тікелей  қатысты  тақырыптарды  алдын  ала  іріктеп, 

ондағы  ғылыми  көзқарасты  қалыптастыруға  қатысты  білім  мен  ұғымдарды 

анықтап, пайдаланылатын құралдар мен әдіс тәсілдерді белгілеп алса жұмыс 

нәтижелі болады. 

Адамгершілік  (мораль)  қоғамдық  сананың  бір  формасы.  Адамның 

қоғамдық  өмірдегі  өз  орнын  анықтауы,  еңбекке,  оқуға,  ғылымға  қатынасы, 

отбасындағы,  қызметтегі  т.б.  тәртібі,  іс-әрекеті  осының  бәрі  оның 

адамгершілік  қасиеттерінің-сапаларының  қаншалықты  дұрыс  қалыптасуына 

байланысты. Адамгершілік адамшылық дегеннен шыққан. Яғни адам барлық 

іс-әрекетінде нағыз адамшылық қасиеттерді көрсетуі тиіс. Сондықтан да қай 

заманда да, қай ел  болмасын, қай ұлт, отбасы болмасын  болашақ ұрпағына, 

жастарға,  балаларына  адамгершілік  тәрбиесін  беруге,  оның  бойына 

адамшылық  қасиеттерді  сіңіруге  ерекше  мән  берген.  Адамгершілік 

тәрбиесінің негізіне бүкіл адамзат жинақтаған, тарих тәжірибесінде сыналған 

адамшылық қасиеттер алынады. Олар: адалдық, шыншылдық, кішіпейілділік, 

қарапайымдылык,  сыпайгершілдік,  еңбексүйгіштік,  жолдастық,  достық, 

үлкенді, қарт адамдарды, әйелдер мен жас балаларды сыйлаушылық сияқты 

қасиеттер. 

Демек 


адамгершілік 

тәрбиесі, 

тәрбиенің 

басқа 


салаларымен, 

бағыттарымен  тығыз  байланысты.  Алдымен  дүниеге  ғылыми  көзқарасты 

қалыптастырумеи  тығыз  байланысты,  егер  дүниеге  көзқарас  дұрыс 

қалыптаспаса 

адамгершілік 

қасиеттер 

де 

дұрыс, 


немесе 

толық 


қалыптаспайды. Сондықтан да мектепте оқушыларға адамгершілік тәрбиесін 

беруге баса назар аударылады. Тәрбиенің бұл түрі оқушыда мектептегі бүкіл 

оқу-тәрбие  жұмысы  арқылы  қадыптасады.  Бұл  күрделі  жұмысқа  барлық 


пәндер үлес қосады. Өйткені жеке адамның қоғамның нағыз белсенді мүшесі 

болуы,  ондағы  оның атқаратын қызметі,  әсіресе  өзіне тапсырылған міндетті 

орындауға  асқан  жауапкершілікпен  қарауы  т.б.  бәрі  адамда  адамгершілік 

сапалардың қалыптасуына тікелей байланысты. 

Мектеп  үлкен  де  маңызды  қоғамдық  орын,  мемлекеттік  мекеме.  Оған 

өте  жауапты  жұмыс  тапсырылған.  Бұл  мекемеде  оқушыны  1  сыныптан 

бастап-ақ  адамгершілікке  тәрбиелеуге  қойылатын  талаптар  да,  оларды 

орындайтын жағдайлар да, мүмкіндіктер де бар. 

Мектепте  адамгершілікке  тәрбиелеу  жұмысы  балада  туғаннан  бастап 

отбасында  қалыптасқан  адамгершілік  қасиеттсрін  одан  әрі  жетілдіруден 

басталады.  Адамгершілік  қасиеттерді  тәрбиелей  отырып,  мектеп,  әрбір 

тәрбиеші ұстаз оқушыны теріс, жағымсыз әдетке үйір болмауға тәрбиелейді. 

Тарих  бүкіл  адамзат  жинаған  бай  тәжірибемен,  әсіресе  өркениеттілік, 

мәдениеттанушылық  дәстүрмен  таныстырады.  Тарихи  оқиғалардың,   

фактілердің,  тарихи сабақ — мектепте Қазақстан тарихын оқытудың негізгі 

формасы. 

Қазір тарих сабағы оқытуды ұйымдастыру формалары арасында ең жиі 

қолданылатып түрі. Оның да бірнеше түрі (типі) бар. Олар: оқытудың барлық 

негізгі элементтері бар нсмесе аралас сабақ; түгел немесе түгелге жуық жаңа 

тарихи  материалды  оқытып  үйретуге  арналған  сабақ;  түсіндірмелі  оқу 

сабағы; біліктерді қалыптастыруға арналған сабақ; қайталау және қорытынды 

қайталау сабақтары. 

Бұған  дейінгі  айтқанымыздай,  белгілі  тарихшы  әдіскерлер  сабақтардың 

типтерін  онға  дейін  жеткізгеніне  қарамастан  біз  Қазақстан  тарихын 

оқытқанда  сабақтың  осы  негізгі  бес-алты  типін  ғана  ұсынып  отырмыз.  Бес-

алты  деп  отырған  себебіміз,  қайталау  сабақтарының  өзін  бірнеше  типке 

бөлуге  болады,  біз  олардың  екеуіне  тоқталамыз.  Сабақтардың  типтерін, 

олардың санын анықтағанда біз қазақ мектептерінің де ерекшелігін ескердік. 





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет