«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



жүктеу 0.7 Mb.
Pdf просмотр
бет5/6
Дата22.12.2016
өлшемі0.7 Mb.
1   2   3   4   5   6

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 

1.

 



Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастырудың маңызды ролі? 

2.

 



 Мектепте 

адамгершілікке  тәрбиелеу  жұмысы  қалай  жүзеге 

асырылады? 

3.

 



Қазір  тарих  сабағы  оқытуды  ұйымдастыру  формаларының  маңызды 

жақтары? 



 

Тақырып№9:  Ежелгі  дүние  тарихы  курсының  міндеттері  және  негізгі 

мазмұны 

Дәріс  мақсаты:  Ежелгі  дүние  тарихы  курсының  міндеттері  мен  негізгі 

мазмұнын түсіндіру 



 

1.

 



Ежелгі дүние тарихы курсы бойынша берілетін міндетті оқу 

материалдары   

2.

 

Ежелгі дүние тарихын оқыту үрдісінде қалыптасатын оқушылардың 



негізгі білімі, іскерліктері және дағдылары   

3.

 

Негізгі жалпы білім беретін мектепте ежелгі дүние тарихын оқыту 



әдістемесінің ерекшеліктері  

 

Тарихтан  білім  беруде  және  тарихи  сананы  қалыптастыруда  "Ежелігі 

дүние тарихы" пәнінің атқаратын рөлі мен маңызы өте зор. Оның оқу барысында 

адамзатты  алғашқы  даму  жолы,  мемлекеттердің  қалыптсу  заңдылықтарын 

әлеументтік  -  шаруашылық  саналарындағы  өзгерістердің  себептерімен  салдары 

рухани  өмірде  қол  жеткен  табыстар  т.б  туралы  ғылыми  көзқарас  қалыптасады. 

Бұл пәннің тәрбиелік мәнін де үлкен .  

      Осыларға орай аталмыш пән біздің елімізді мектептердің 6 - сыныптан бастап 

оқытылатын болды.  

     Қазірге 

дейін  қолданып  келген  6-сыныпта  "Ежелгі  дүние  тарих" 

оқуылықтарында ежелгі Египет, Оңтүстік-Батыс Азия, Үндістан, Қытай елдерінің 

тарих  оқытылғанымен  ,  тақырып  аясын  ашуда  еуроцентристік    көзқарасы  

басылым  болады.  Бұл  көзқарастардың  ұстатқан  ғылымдардың  оқулықтарының 

ежелгі  Грекия  мен  ежелгі  Римінің  тарихы  көбірек  оқытылуға  бас  көңілін 

аударады.  Осы  жағдай  басқа  халықтарының  көне  тарихының  оқып-үйренуге 

нұқсан  келтіреді.  Орта  және  орталық  Азияның  ежелгі  халықтары  мен 

мемлекеттерінің  тарихы  ауызға  алынбады.  Сондықтан  да  олар  туралы 

мектептерде нақты білім берілмей келеді. Осы кемшілікті жою мақсаттарында бұл 

оқулықтарды  Орта  және  Орталық  Азияда  қалыптасып,  дамуға  ежелгі 

бактриялықтар,  ежелгі  Кушан,  ежелгі  парфия  патшалықтары  туралы  жеке 

тақырыптар  енгізіліп  отыр.  Бұл  тақырыпта  осы  елдердің  көптеген  тарих 

құбылыстарын, оқиғалаын, тарихта із қалдырған деректерін ашады. Соның ішінде 

бұл  патшалықтардың  құрылуы,  дамып  гүлденуі  мәдени  өркендеуін, 

халықтарының  тұрмысы  мен  өмірін  олардың  көрші  елдерімен  экономикалық 

сауда  саттық    қарым  қатнастарын  мәдени,  байланыстары  және  патшалықтардың 

ыдырауын  жаңа  жан-жақты  да  терең  паямдайды.  Сонымен  қатар,  Орта  Азия 

халықтарының  парсы  және  грек-  макендондық  басқыншылыққа  қарасы  өз  ата 

мекендерін  қорғаудағы  жан  аямас  күресі  де  әңгіме  етіледі.  Сондай  ақ  Хетт, 

Финикия, Палестина, Рим және Грекия елдері тарихы жаңа көзқарас тұрғысында 

сипатталады.  Бұл  ежелгі  дүние  туралы  білімді  байыта  түседі.  Жаңа  оқулықтың 

ерекшелі осында. 

    Алтыншы  сыныптың  "Ежелгі  дүние  тарих"  оқулығында  оқушылардың 

өздігінен  оқуына  лайықталған.  Материяларды  берілген  олардың  оқуы  тарих 

жағдайлары  мен  оқиғаларды  терең  түсінігі  көмектеседі.  Ескі  оқулықтарды 

қолданбаған. Біраз жаңа терминдер мен ұғымдар төл оқулыққа енгізілді. Олар осы 

оқулықты білімдік мазмұнын тереңдете  түседі. 

      Сонымен  6-сыныпқа  арналған  "Ежелгі  дүние  тарихы"  оқулығы  адамзат 

дамуының  өркениетке  жету  жолдарын,  олардың  артқан  заңдылықтары  мен 

ерекшеліктерінің тарих ғылымындағы соңғы жетістіктері негізде әңгімелейді. 

Орта ғасырлар тарихының мектептегі курсы шамамен V ғасырдың аяғынан бастап  

XVII  ғасырдың  ортасына  дейінгі    аралықты,  яғни  12  жүз  жылдықты,  Европа 

елдерінің  көпшілігінде  феодалдық құрылыс үстемдік еткен кезді қамтиды.  

 


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 

1.

 



Ежелігі дүние тарихы" пәнінің атқаратын рөлі қандай? 

2.

 



Ежелгі дүние тарихының хронологиялық шегі? 

3.

 



"Тарих деректерінде қандай түрлерде болады? 

4.

 



"Алғашқы адамдар қай аймақтарда қоныстаған? 

 

Тақырып№10: Орта ғасырлар тарихы курсының міндеттері және негізгі 

мазмұны 

Дәріс  мақсаты:  Орта  ғасырлар  тарихы  курсының  міндеттері  мен  негізгі 

мазмұнын түсіндіру 



 

1.

 



Орта ғасырлар тарихы курсы бойынша берілетін міндетті оқу 

материалдары   

2.

 

Орта ғасырлар тарихын оқыту үрдісінде қалыптасатын оқушылардың 



негізгі білімі, іскерліктері және дағдылары   

3.

 



Негізгі жалпы білім беретін мектепте орта ғасырлар тарихын оқыту 

әдістемесінің ерекшеліктері  



 

Орта ғасырлар тарихының курсы  феодалдық құрылыстың даму кездеріне  

сәйкес келетін  үш бөлімге бөлінеді.  

    Орта  ғасырлар    тарихы  курсының    құрылымы    синхрондық  принципке 

негізделген.  Жеке  елдер  мен  халықтардың  тарихы  белгілі  бір  кезең  шеберінде  

оқытылады.  

     Курста  негізінен  феодалдық  қоғамдық  формацияның  сипаты  белгілері  

неғұрлым  айқын  әрі  толық  көрінген    елдердің,  сондай-ақ    орта  ғасырларда 

халықаралық аренада ірі рөл атқарған немесе дүние жүзілік мәдениеттің дамуына 

үлкен  ықпал  жасаған  елдер  мен  халықтардың  тарихы  көрсетіледі.  Программада 

елдердің тарихындағы аса маңызды тарихи құбылыстар неғұрлым айқын әрі бас -

аяғы түгел көрінетін кезеңдерін оқыту көзделген, араптардың тарихи тек курстың 

бірінші бөлімінде, Чехия - екінші, ал Аңглия- екінші үшінші бөлімдерде өтіледі 

     Жеке  тақырыптарда  көптеген  елдерге  тән  фактілер:    қолөнер  мен  сауданың  

дамуы, Батыс  Еуропадағы  орта ғасырлар мәдениеті  және  басқалар  суреттеледі. 

    Орта ғасырлар  тарихының  бірінші  кезеңі .  

    "Феодалдық  құрылыстың  орнауы"    деген    бірінші  бөлімнің    бірінші    міндеті  - 

феодализмнің    туу  және  қалыптасу  просецін,  сондай-  ақ  феодалдық      қоғамдық  

формацияның    IX-X  ғасырларда    Еуропа  мен    Таяу    Шығыс    елдерінде  

қалыптасқан  турінде  көрсету. 

     Алғашқы    орта  ғасырға    тән    құбылыстар:  ірі    жер  иеленушіліктің    өсуі  мен  

ерікті    шаруаларды    крепостнойға    айналдыру,  феодалдық  поместье  ,  натуралды  

шаруашылықтың    толық    үстемдік    етуі,  қауымдас    шаруалардың 

крепостнойлыққа    және    феодалдық    қанаудың    күшеюіне    қарсы    куресуі, 

алғашқы  феодалдық  мемлекеттердің    құрылуы    және    кейінректегі    саяси  

бытыраңқылығы ашылады.  Бірінші  бөлімнің  құрылымы  осы  міндеттерге  сай  

белгіленеді.  

 


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 

1.

 



Орта ғасырлар тарихының хронологиясы қай ғасырды қамтиды? 

2.

 



Орта ғасырлар  тарихын  неше  кезеңге бөліп қарастырады?  

3.

 



Алғашқы  орта ғасырға  тән  құбылыстар? 

 

Тақырып№11:  Жаңа  заман  тарихы  курсының  міндеттері  және  негізгі 

мазмұны 

Дәріс  мақсаты:  Жаңа  заман  тарихы  курсының  міндеттері  мен  негізгі 

мазмұнын түсіндіру 



 

1.

 



Жаңа заман тарихы курсы бойынша берілетін міндетті оқу 

материалдары   

2.

 

Жаңа заман тарихын оқыту үрдісінде қалыптасатын оқушылардың 



негізгі білімі, іскерліктері және дағдылары   

3.

 



Негізгі жалпы білім беретін мектепте жаңа заман тарихын оқыту 

әдістемесінің ерекшеліктері  



 

Қазіргі тарих ғылымында жаңа тарих деп капитализмнің туып, орнығу 

дәуірін айтамыз.Сонымен бірге бұл-материалдық және рухани мәдениеттің

өркениеттің (цивилизация) дамуындағы жаңа саты. 

        Капитализм  феодализммен  салыстырғанда  қоғамның  өндіргіш  күштерінің 

дамуына  үлкен  серпін  берді.  Кәсіпкерлік  пен  рухани  іс-әрекет  еркіндігі,  өмірдің 

барлық  саласындағы  бәсекелестік,  қоғамның  саяси  өміріндегі  демократиялық 

құрылым-осының  бәрі  феодализмге  қарағанда  капитализмде  динамикалық  даму 

мүмкіндіктері  анағұрлым  молырақ  екендігі,  өз  бетімен  даму  үшін  икемділік 

қасиеттері қажеттігін көрсетеді. 

       Жаңа  тарих  дәуірі  адамзаттың  дамуындағы  заңды  үрдіс.  Ежелгі  дүние 

тарихынан  көне  Шығыс  өркениеті  Грекия  мен  Римнің  ұлы  мәдениетіне  жол 

салғаны  белгілі.  Бұл  мемлекеттердегі  құлиеленушілік  құрылыс  біздің 

заманымыздың ІІІ-VII ғасырларында жойылды. 

Азияда  ертерек,  Еуропада  бірінші  мыңжылдықтың  ортасында  экономикалық 

жағынан  неғұрлым  тиімді,  шаруалар  еңбегіңе  негізделген  құрылыс-  феодализм 

орнады.  Алайда  бұл  барлық  жерде  бірдей  өткен  жоқ.  Континенттің  көп  жерінде 

және аралдарда әлі де алғашқы қауым жағдайында тұрып жатқан халықтар болды. 

Колумб ашқанға дейінгі Америка халқында біздің заманымызға дейінгі неолиттік 

мәдениет  болғаны, жер өңдеу әдістері, металл өңдеу кәсібі, өзіндік жазу жүйесі 

дамығаны  белгілі.  Бұл  –  бүкіләлемдік  тарихи  заңдылықтардың  біртұтастығын 

дәлелдейді,  барлық  даму  орталықтан  басталады  дейтін  теорияны  жоққа 

шығарады. 

   Бұрынғы  Еуразияның  материалдық  және  рухани    мәдениетті  жетістіктерін 

бойына  сіңірген  Еуропа  феодалдық  дамудың  бір  мың  жылдық  дәуірінде  Шығыс 

елдерімен  деңгейлес  сияқты  еді  .  Тіпті  XV  ғасырдың  ақырына  шейін  Еуропа 

Шығысқа  қарағанда  өркениеттің  кейбір  жетістіктерінен  ,  мысалы  Қытайдан  арт 

қалған  еді.  Бірақ  1500  жылдан  бастап    ғаламат  өзгеріс    басталды:  бір  ғасырдың 

шеңберінде  (XVI) Еуропа мәдениеті қарыштап дами бастады.  


   Орта  ғасырларда  Еуропа  үлкен  жетістіктерге  қол  жеткізді.  Бұл  континенттің 

жетістіктеріне  жер  жыртатын  құрал-сайман,  соқа,  доңғалағы  сумен  айналатын 

қуатты  диірмен,  темір  қорыту  және  өңдеу,  кеме  жасау  және  теңізде  жүзу,  кітап 

басу,  т.б.  жатады.  XV-XVI  ғасырлар  аралығындағы    кезең  интеллектуалдық 

(рухани әм ғылыми) гүлдену уақыты деп есептеледі. Бұл Ленардо да Виничи мен 

италияндық  қайта  өрлеу  дәуірі  Федолизм  мен  обсолютизмге  қарсы  батыл  күрес 

заманы басталды.  

      Кереметі  сол  ,  Еуропа  неғұрлым  жоғары  өндіріс  тәсілдері  –  капитализмге 

көшуге қабілетті болып шықты. Ал кезеңде дүние жүзіне оқ – дәрі    мен магнитті  

инені , жібек мата, қағаз жасау  тәсілін үйреткен  шығыс бұл жерде капитализмге  

өтуге дайын болмай шықты.  

    Оның себептері қандай? 

    Еуропаның    басуын  тездеткен    екінші  жайт  –  ұлы  географиялық  ашулар  . 

Американың  ашылуы    және  Африканы    айналып  өту  жолын    табу    өсіп  келе 

жатқан буржуазияға  жаңа іс -әрекет серпінін берді. Шығыс Үндістан мен Қытай 

тауарлары  ,  ашылған  аралдар  байлығы,    Американы  отарлау  сауда  мен  тауар 

алмасу  ісін алға бастырды.  

    XVI  ғасырдың  соңында  Нидерланды  революциясы,  XVIІ  ғасырдың  ортасында 

ағылшын  революциясы  жеңді.  Сауда  капиталы  дамыған  кішігірім  ел 

Нидерландыға  қарағанда,  1640-1689  жылдардағы  ағылшын  революциясы 

мануфактуралық  өндіріс  дамуының  нәтижесі    дейміз.  Бұл  капиталистік 

қатынастардың  бекуіне негіз болды.  

    Осы кезеңнен  бастап Еуропа буржуазиясы шаруалармен  және 

қолөнершілермен одақтаса отырып, феодолизм мен обсолютизмге үлкен соққы 

берді. Еуропада буржуазиялық  және буржуазиялық  ұлттық қозғалыстар  мен 

революциялар жиеленді. Соның нәтижнсінде  ХІХ ғасырдың 70-жылдарында  

континеттің ең елдерінде  капитализм  біржолата орнықты. 

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 

1.

 



Жаңа заман тарихы қай уақыт аралығын қамтиды? 

2.

 



Жаңа заман тарихын оқытуда қандай әдістер қолдану тиімды? 

 

Тақырып№12:  Қазіргі  заман  тарихы  курсының  міндеттері  және  негізгі 

мазмұны 

Дәріс  мақсаты:  Қазіргі  заман  тарихы  курсының  міндеттері  мен  негізгі 

мазмұнын түсіндіру 



 

1.

 



Қазіргі  заман тарихы курсы бойынша берілетін міндетті оқу 

материалдары   

2.

 

Қазіргі заман тарихын оқыту үрдісінде қалыптасатын оқушылардың 



негізгі білімі, іскерліктері және дағдылары   

3.

 



Негізгі жалпы білім беретін мектепте қазіргі заман тарихын оқыту 

әдістемесінің ерекшеліктері  



 

Орта  мектептің  9-сыныбына  арналған  „Қазіргі  дүние  жүзі  тарихы“ 

оқулығы  әлемдік  тарихтың  ең  жаңа  кезеңі  –  адамзат  қоғамының  1914  –  1918 

жылдардағы  Бірінші  дүние  жүзілік  соғыстан  бастап  күні  бүгінгі  дейінгі 

оқиғаларын қамтиды.  

    Еуропа  және  Америка,  Азия  және  Африка,  Латын  Америка  елдерінің  қазіргі 

тарихы  осы  елдерде  тән  әлеуметтік  –  экономикалық,  саяси  және  рухани  даму 

жолдарының  жиынтық  мәселелеріне  коңіл  аударады.  Хранологиялық  шеңберде 

әлемдік  тарихтың  кәзіргі  кезеңі  -  өзінің  ішкі  жағынан  ХХ  ғасырдың 

құбылыстарымен  тығыз  байланысты.  Ең  ірі  өзгерістер  адамзат  қоғамының 

экономикалық даму жолы мен адам баласының өмір сүруі жағдайынан басталады. 

Дүние  жүзінің  дамудың  жаңа  сатысына  көтеріледі.  Хақаралық  байланыспен 

коммуникатция,  көлік  түрлерінің  ойдағыдай  дамуы  бұрын  қол  жетпейтін 

аймақтарды  емін-еркін  игеруге  жол  ашады.ХХ  ғасырдың  басын  бөлігі  бір  топ 

дамыған  (Ұлыбритания,  Франция,  Германия,  Италия,  Ақш,Жапония,  КСРО 

(Рессей  Федератциясы))  басқалардан  артықшылығымен  айқындалады.“Қазіргі 

дүние  жүзілік  тарихын“  сөздер  бағдарлама  бойынша  2  үлкен  кезеңге  бөлініп 

оқисындар.1914-1945  жылдарды  қамтитін  бірінші  кезең  –  Еуропа  қоғамның 

әскери  –  соғыс  топтарына  бөлінуі      мемлекеттік  монополистік  капитализмнің  

қалыптасып,  одан  әрі  нығаюы,  тоталитарлық  қоғамдық  жүелердің    басқа 

жүелермен  қатар өмір  сүруі  туралы  материалдарды   кеңінен  қамтыған.  

         ХХ    ғасырдың    басында    империалистік    елдердің    отаршылдық  жүйесі  

біржолата      турақтанды.  Азия,  Африка,  Латын    Америкасы    елдері  өнеркәсібі 

дамыған    мемлекеттердің    неше  турлі    шырмауына    оралып,    отарлық    тепкіге  

ұшырады. Патриархалды – феодалдық  құрылыстың  ыдырауы,  жаңа  әлеуметтік  

топтардың  қалыптасуы,  жеке  меншіктік  капиталистік   шаруашылықтың  пайда  

болуы  аталған  елдер  халықтарының   өте  кушті  ұлт-азаттық  қозғалыстарына  

алғышарттар әзірледі. 

          Екінші  дуниежузілік соғыстың  аяқталуы  әлемдік саяси  кеңістікке  сапалы  

өзгерістер  туғызып, „ қырғи қабақ  соғыс „ ылаңын  өршітіп,  социалистік  және  

капиталистік    әлемнің    арасындағы    арпалысты    тудырды,    халықаралық  

қатынастарды биополярлық  екі  жақтық  қарама-қайшылықа  итерді.    

          1945 жылдан   бастап   күні  бүгінге дейінгі  уақытты „ Қазіргі  дүние  жүзі  

тарихының  „    екінші    кезеңі    деп      қарастырамыз.  Бұл    кезеңнің  ерекшелігі  – 

индустриялық  өркениет  толық  дамып,  сапалық    

қбылыстарын   молайтып  , жаңа қоғам құрылысына бет бұрыс жасады. Бұл кезең 

– ғылымый –техникалық револютция кезеңі деп аталады.  

           Соғыстан  кейінгі  1940-1970  жылдар  аралығында  Батыс  Еуропа    қоғамы  

британ  ғалымы  Джон    Кейнстің    ой-пікіріне    сұйеніп  .  өзінің  әлеуметтік-

экономикалық  тәжірбиесінде  шаруашылықты  ұйымдастырудың    жаңа  үлгісін 

пайдалануға    тырысты.  Бұл  үлгінің  ерекшелігі  –қоғамның  әлеуметтік-

экономикалық  даму  барысында  „кірісті  теңестіру“ саясатын  іске асыруға  күш 

салды.  Мемлекет    салық  арқылы    ауқатты  ,  бай  топтардың    кірісін    кедей 

топтармен   қайта  бөлісіп, қоғамды  теңестіруге талпынды. Батыстағы  көптеген 

капиталистік мемлекеттер  муниципалдық  ұй салу , білім беру және  денсаулық  

сақтау  жөнінде    кедейлерге    көмек  көосету    бағдармаларына    ерекше  көңіл 


бөлінді. Мемлекет  органдары  жалақының  төменгі  мөлшеріне  кепілдік орнатып 

,  жұмыс  аптасы      мөлшерін    максималды    шектеп  ,  еңбеккерлерді    жұмыстан  

жөнсіз  шығару  әркеттерінде  бақылау орнатты. 

           XX  ғасырдың  80-  ж  бпстап    АҚШ    және  Батыс  Еуропа    қоғамы  

шаруашылықты    ұйымдастырудың  басқа  үлгісіне  көшті.  Реформалардың    негізгі 

міндеті  –  экономикалық    қатынастарға    мемлекеттің    араласуын  бәсеңдетіп  

барлық  дамыту  іс-әрекетін   жеке меншік   кәсіпкерлікке   тапсыру болды. Сөйтіп 

, мемлекеттікм  кәсіпорындардың   акциялары  жеке меншік  иелеріне  сатылды,  

жеке  меншік    кәсіпкерлікке    арналған      салықтың          қысымы  жұмсарды  ,  баға 

белгілеу және  тауар шығару    ісіндегі  мемлекеттің бақылау тәртібі  жұмсарды ,  

сауда-қаржы  саларында  фирмалар  еркіндігі жарияланды. 

          „Қазіргі      дүние    жүзі      тарихының“    екінші  кезеңінде      социалистік    жүйе  

эволюциялық  өрістеу  жолында      терең      дағдырысқа    ұшырып,    ыдырады. 

Социалистік  елдердің      тірегі    болған      еуразиялық    алып    мелекет  –  КСРО,  

сондай-ақ Шығыс  Еуропа  мен  Еуроазиядағы  бір топ социалистік  елдер ыдырап 

кетті.  


 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 

1.

 



Қазіргі заман тарихы қай уақыт аралығын қамтиды? 

2.

 



Қазіргі заман тарихын оқытуда қандай әдістер қолдану тиімды? 

 

Тақырып№13: Тарихты оқытудағы жаңа технологиялар 

Дәріс мақсаты: Тарихты оқытудағы жаңа технологиялармен таныстыру 

 

1.

 



Тарихты оқытудағы инновациялар 

2.

 



Оқытудың модульды технологиясының сипаттамасы және ерекшелігі  

 

Соңғы  жылдары  тарих  сабақтарында  оқушылардың  өз  бетімен  іздену, 

зерттеу,  басқаның  пікірін  тыңдай  білу  дағдыларын,  шығармашылық 

қабілеттерін  қалыптастыру,  жеке  тұлғаны  дамыту  жолында  жұмыс 

жүргізілуде.  Оның  мақсаты  -  оқушыларды  белсенділікке,  өз  бетімен  білім 

алуға, ізденуге, өздерін тұлға ретінде сезіне білуге үйрету. 

Педагогикалық  әдістемедегі  оқыту  кезендерінде  қайталау  тәсілін 

пайдалансақ, оқыту құрлымы ортақ, мазмұны әртүрлі жекелеген блоктардан 

тұратын модульдік сипат алады. 

Модульдік  технологиямен  окыту  нұсқасында  білімді  толық  игеруді 

негізге ала отырып, қазіргі дидактика талабына сәйкес балаларды оқыту ғана 

емес,  тұлғаның  танымдық  қызметін  ұйымдастыруға,  оқу  үрдісін  диалогтық 

қарым-қатынас  негізінде  құруға  болады.  Бұл  оқу  үрдісі  мен  мұғалімнің 

жқмысына кейбір өзгерістер туғызады. Оның жалпы нұсқасы мынадай: 

1. Оқушыларды оқу мақсатымен таныстыру. 

2.  Сыныпты  мазмұндары  ұқсас  бірнеше  тақырыптан  түратын  (тарау) 

блок модулімен таныстыру. 


3.  Мұғалімнің  белгілік  (знак)  жүйе  бойынша  (сызба,  кесте,  т.б.) 

қысқаша  мазмұндауы  (оқушыларға  материал  кодталған  түрде  түсіндіріледі, 

не зерттеу, іздену бағыты негізге алынады). 

4. Оқушының таным қызметіне негізделген диалогтық қарым-қатынасы 

мен  сабақ  сайын  «әрбір  оқушының  білім  нәтижесінің  бағалануын 

ұйымдастыру. 

5. Оқу материальша негізделген ортақ тақырыптарға (тарауға) 4-7 ретке 

дейін қайта-қайта орала отырып, үдемелі (қайталау емес) түрде зерттеу. 

6.  Бүкіл  тақырып  бойынша  (модульдегі)  тест  өткізу  (тесттің  әртүрін 

пайдалану) 

7.  Тақырып  бойынша  денгейлік  (релелік)  сынақ,  бақылау  жұмысы, 

тарихи сынақ хат т.б. 

Деңгейлік  —  әр  оқушыға  үш  деңгейлік  (қиьш,  орташа,  оңай)  жүйе 

бойынша  билет  таңдауға  мүмкіндік  беру.  Рейтингтік  жүйені  пайдалануға 

болады. 

Оқу модулі үш бөлімнен тұрады:  кіріспе, диалогтық және қорытынды 

бөлім. 

Бір  модуль  шамамен  5-12  сағатты  қамтуы  мүмкін  (өзгертуге  болады). 



Кіріспеге 1-2 сағат, қорытындыға 2-3 сағат, қалған уақыт диалогтық бөлімге 

арналады.  

Диалогтық  бөлімде  оқушылардың  тақырыпқа  бірнеше  қайта  оралуы 

(оқыту  ойындары,  бірін-бірі  оқыту  және  тексеру)  оқу  материалын  жақсы 

меңгеруге,  қарапайымнан  күрделіге,  жай  тапсырмадан  шығрмашылық 

ізденуге мүмкіндік береді. Әр оқушы тақырыпты түсіну дәрежесінен білімді 

жеткізе білу дәрежесіне көтеріледі.  Диалогтық бөлімде таным үрдісі 2,  4,  7, 

т.б.  адамдық  топтарға  бөлінеді,  ол  оқушылардың  бір-бірін  оқыту,  ойындар 

арқылы қарым-қатынас жасауына негізделеді. 

Мысалы,  Ежелгі  Қазақстан  тарихынан  "Қола  дәуіріндегі  Қазақстан" 

модуль-сабағына 4 сағат бөлінген. 

1-сабақта (кіріспе бөлім) модулге кіріспе, саяхат сабақ, тірек сызбамен 

жұмыс жүргізіледі. 

2-сабақ оқыту ойындарына арналады. 

3-сабақ. Картамен жұмыс жасау. Сөзтізбек шешу.  

4-сабақта  деңгейлік  (релелік)  сынақ  өткізіледі  Бұл  жүйе  оқушыларды 

ынталандырады. 30 және одан да көп оқушысы бар сыныптарда әрбір баланы 

сабақ сайын бағалау және біріне-бірін бағалату оның белсенділігін арттырып, 

сенімін күшейтеді. 

Жаңашыл мұғалімдер идеясын сабаққа қолдану 

Оқу  мазмұны  үздіксіз  жаңаруда.  Білім  берудің  жаңа  философиясы, 

теориялық  негізі,  әдістемелік,  дидактикалық  практикасы  сапалық  жаңа 

кезеңге  қадам  басты.  Тарихи  білім  жүйесі  де  жетілдірілуде.  Жаңа  мазмұнға 

жаңа  әдістер  жүйесі  қажет.  Мемлекеттік  стандарт,  оқу  бағдарламалары 

қасандықтан догмалық арылған, оған шығармашылықпен даму қағидаларына 

тән. Содан да білім беру жүйесінде мұғалімдердің қызметі үнемі ізденумен, 



өзін-өзі дамытумен ерекшеленеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда оқу-тәрбие 

процесіндегі жаңалыққа ұмтылушылық мұғалімдердің бәріне тән болуы тиіс. 

Жаңашыл мұғалімдердің идеясын сабаққа қолданудың маңызы зор. Бұл 

жағдай сабақты, оқыту процесінің үдістерін түрлеңдіре отырып, жаңа білімді 

игерудегі  оқушылардың  әрекетін  жеңілдетуге  көмектеседі.  Жаңашыл 

мұғалімдер,  олардың  идеялары  да  көп.  Әр  мұғалім  өзінің  қабілеті  мен 

бейіміне, мүмкіндігіне қарай өзі таңдап алуы керек. Бұл жерде біз жаңашыл 

идеялардың бірнешеуін үлгі ретінде мысалға келтіреміз. 

В.Ф.Шаталовтың әдістемелік жүйесінің мынадай ерекшеліктерін бөліп 

атауға  болады:  мұғалімнің  жан-жақты  түсіндіруі;  оқу  материалын  тірек-

сигналдармен  жазылған  плакат  бойынша  қысқаша  мазмұндау;  тірек-

сигналдарды  үлестірмелі  материал  бойынша  әрбір  оқушының  танысуы; 

оқулықпен және тірек-сигналдар парағымен окушының үйде жұмыс жасауы

тірек, сигналдарды келесі сабақта жазбаша жаңғырту; тірек-сигнал бойынша 

жауап беру; бұрын оқылған материалдарды үнемі тереңдету және қайталау. 

Ал  А.Литвановтың  икондық  үлгілеу  әдісі  осыған  ұқсас  көрінгенімен 

өзіндік ерекшелігі де мол. Оның мәні — оку материалындағы негізгі ұғымдар 

мен құбылыстарды сұлба немесе сурет түрінде беру. Ол мынадай тәсілдерден 

құралады: — мұғалім түсіндіре отырып, тақтаға сурет салады, ал оқушылар 

оны өз дәптерлеріне түсіреді; 

— тақтадағы жазбалар бойынша мұғалімнің қайталап түсіңдіруі; 

— оқушылардың оқулық және конспект бойынша үйде жұмыс жасауы; 

— келесі сабақта оқушының тақтадағы конспект бойынша жауап беруі. 

С.Д.Шевченконың әдістемесінде ауызша сұрауды оқушылардың өздері 

кезектесіп жүргізеді, келесі кезенде үйде дайындалған материал бойынаша әр 

оқушының өзіне-өзі баға беруі іске асады; одан соң қарама-қарсы сұрақ қою 

арқылы  оқушылар  бірін-бірі  бағалайды;  тірек-сигнаддарды  жаңғырту 

бойынша  жазбаша  бағылау  жұмысы;  жаңа  материалды  түсіндіру;  тірек-

сишалдарды қолданып жаңа материалдардың мазмұны қайталау. Бұл әдістер 

бойынша  оқу  дағдыларын  қалыптастыру  бір  сабақтың,  тақырыптың, 

бөлімнің, тұтас оқу жылының негізінде белгіленеді. 

Соңғы  жылдары  республикадағы  білім  беру  саласында  жаңашыл 

мұғалімдердің  іс-тәжірбиелері  жинақталып,  насихатталуда.  Солардың 

қатарында 

М.М.Жанпейісованың 

модульдік 

оқыту 

технологиясы, 



Б.А.Тұрғанбаеваның 

дамыта 


оқыту 

технологиясы 

бағыттарындағы 

жаңашылдық істерін атап айтуға болады. 

Қорыта айтқанда, жаңашыл оқыту білім беру жүйесінде болашағы зор 

аса маңызды міндеттердің бірі. 





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет