«Тастандыбақ» жаттығуы



бет1/5
Дата22.04.2022
өлшемі24,67 Kb.
#31962
  1   2   3   4   5

«Тастандыбақ» жаттығуы

Мақсаты: жұмысы көп болып, не істерін білмей жүрген, ісінең біріншінеден бастарын білмеген адамға арналған жаттығу.

3-4 рет терең демалыңыз да көзіңізді жұмыңыз. Сіз бір үлкен зәулім қамалдың ішінде серуендеп жүрмін деп елестетіңіз. Барқытпен қапталған биік қабырға мен ондағы ағаш есікті көресіз. Есікті ашқан уақытта, қараусыз қалған баққа тап боласыз. Бұл бақ бұрындарда керемет болатын, ал қазір ешкім оны баптамайды. Өсімдіктер өсіп, арам шөптер қаптап, тіпті жер де көрінбей соқпақтардың бар жоғы да белгісіз болып қалған. Бақтың кез келген жерінен бастап арам шөптерін жұлып, ағаштардың ескірген бұтақтарын кезіп, кейбір ағаштарды қайтадан егіп, оларды суарып, яғни бақты сол баяғы қалпына келтіру үшін бар мүмкіншілікті жасайтыныңызды көз алдыңызға елестетіңіз...

Біраз уақыттан соң тоқтаңыз да, сол тұста өзіңіздің не сезінгеніңізге көңіл аударыңызшы...

Қандай сезімде болғаныңызды саралап болсаңыз, 3-4 рет терең демалыңыз да көзіңізді ашыңыз.

Егер бір нәрсе жасауды бастасаңыз, өмірде оны жалғастырып алып кетуге болатындығын сезініңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет