Тау-кен жыныстарын бұрғылап-аттыру əдісiмен қопару



бет1/3
Дата12.12.2022
өлшемі15,09 Kb.
#56643
  1   2   3

Тау-кен жыныстарын бұрғылап-аттыру əдісiмен қопару
Ашық тау-кен қазбаларында жартылай жартасты жəне жартасты тау- жыныстарын сiлемнен жарылыс көмегiмен бөлiп алу жəне оларды белгiленген кесектiк мөлшерiне дейiн ұсақтау кеңiнен қолданылады.
Жарылыс жұмыстары тау-кен жыныстарының қажеттi дəрежеге дейiн ұсақталуын, пайдалы қазындының талап етiлген сапасын жəне сортын, қопарылған таужыныстарының үйіп-төгiлуiн, көлемiн жəне қопсыма пiшiнiн, биiктiк белгiлердiң сақталуын, жұмыс алаңдары мен кемерлердiң мөлшерiн жəне пiшiнiн, сiлемге, құрылыстарға шектiк сейсмикалық əсерiн, қазу-тиеу құрал-жабдықтарының жоғары өнiмдiлiгiн жəне үздіксіз жұмысын, сондай-ақ тау-кен жұмыстарының тиiмдiлiгiн жəне қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуi қажет.
Маңыздылығы мен бiрiншi кезекте орындалатындығы жəне де келесi өндiрiстiк процестер жарылыс жұмыстарының сапасына байланыстылығын еске ала отырып, карьерде басқа да жұмыстармен үйлестiрiлген тиiмдi жарылыс технологиясын қолдану қажет.
Жарылыспен ұсақтаудың сапасын жақсартудың негiзгi алдыңғы шарты - сiлемде жарылғыш заттарды (ЖЗ) бiркелкi орналастыру, осының арқасында таужыныстарының бiрқалыпты ұсақталуы болып табылады.
Карьерде таужыныстарын ұсақтаудың екi кезеңiн атап өтуге болады: Бiрiншiсi - алғашқы ұсақтау; екiншiсi - iрi кесектi таужыныстарын қосымша ұсақтау, сондай-ақ кемердiң табанын тегiстеу, кемер беткейiнде салбыраған жəне iлiнiп тұрған таужыныстарын түсіру жəне т.б.
Ұңғылық зарядтар əдісi диаметрi 105-400 мм жəне тереңдігі 30-40 м-ге дейiнгі ұңғыларда ЖЗ зарядтарын орналастыруды қамтиды.
Жапсырма зарядтар əдісi қопарылатын объектiнiң үстіне зарядты орналастырумен сипатталады жəне қосымша ұсақтау кезiнде жəне жетуге қиын жердегi қосалқы жұмыстарда, сондай-ақ бұрғылау техникасы болмаған жағдайда қолданылады.
Ұңғылық зарядтардың конструкциясы мен параметрлерi жəне оларды анықтау
Жарылыс ұңғылары жарылғыш заттар зарядтарын орналастыруға арналған. Олар диаметрi 75 мм-ден жəне ұзындығы 5 м-ден артық тау-кен қазбалары болып есептелiнедi. Ұңғылардың параметрлерiне диаметрi d, тереңдiгi L, асыра бұрғылау Lа.б. жəне көлбеулiк бұрышы b жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет