Тазалық. Айтуға оңай болғанымен, салмағы ауыр, МӘні терең, мазмұны кең



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата06.03.2017
өлшемі11,06 Mb.
#8006
  1   2   3   4

ТАЗАЛЫҚ. АЙТУҒА ОҢАЙ 

БОЛҒАНЫМЕН, САЛМАҒЫ АУЫР, 

МӘНІ ТЕРЕҢ, МАЗМҰНЫ КЕҢ 

СӨЗ. АҚИҚАТЫНДА, ТАЗАЛЫҚ 

СӨЗІН ЗЕРДЕЛЕП ҚАРАСАҢЫЗ 

АҚНИЕТТІЛІКТІ, АДАЛДЫҚТЫ 

БІЛДІРЕТІНІН ТАНУҒА БОЛАДЫ. 

АЛ, АДАЛДЫҚ – АДАМ БОЙЫНДАҒЫ 

ТАЗА НИЕТ, ИМАНДЫЛЫҚ 

ҚАСИЕТТІҢ СИПАТЫ. ЯҒНИ, 

АДАМДЫҚ ПЕН ТАЗАЛЫҚ – РУ-

ХАНИ БАЙЛЫҚТЫҢ КӨЗІ. МІНЕ, 

БҮГІНГІ ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІ ОСЫ-

НЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ТҮСІНІП 

ЖҮР? КЕЗЕКТІ РЕТ АУДАНДЫҚ 

БАСЫЛЫМНЫҢ ЖАНЫНАН 

АШЫЛҒАН «КӨЗҚАРАС» ПІКІР-

САЙЫС АЛАҢЫНА ЖИНАЛҒАН ЕЛ 

АҒАЛАРЫ ОСЫ СҰРАҚҚА ЖАУАП 

ІЗДЕДІ. 


ТАЗАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ

ҚАЙТСЕ ҚАЛЫПТАСАДЫ?



   Ханзада ДОШАН.

Сыр – Анам, Қаратау – Панам!

4 НАУРЫЗ

 СЕНБІ 

2017 ЖЫЛ 

№17 (8039)

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ГАЗЕТ

ПІКІР МЕН ПАЙЫМ

ЧЕМПИОНАТ 

ҚОРЫТЫНДЫСЫ:

Тақырыптың  тұздығын  алдымен  егіс 

көлемінен бастайық. 

– Биыл аудан бойынша көлемі 31 617 (2016 

жылы  –  31  618)  гектарға  егiс  егу  межеленіп 

отыр.  Оның  ішінде  дәндi  дақылдар  –  10  617, 

мал азықтық дақылдары – 16 000 гектар, кар-

топ, көкөнiс пен бақша  дақылдары – 2555 гек-

тарды  құраса,  майлы    дақылдар  –  2500    гек-

тар. Негізгі дақыл күрiштің көлемі – 7 750 гек-

тар, – деді бөлім басшысы.

Енді, тұқым дайындау ісіне көшсек. 

– 2017 жылдың көктемгі егісіне аудан бой-

ынша  2170  тонна  күріш  тұқымы  құйылып, 

бүгінгі таңда 2170 тонна «Маржан» сортының 

840 тоннасы І-репродукциялы «Лидер» сорты-

на ауыстырылып, сатып алынды. 

«КазАгроЭкс»  АҚ  аудандық  филиалының 

мәліметі  бойынша  тексеруге  түскен  1611  тон-

на  күріштің  787  тоннасы  себу  дәрежесіне 

жеткізілді.  Сондай-ақ,  биылғы  жылдың  егісі 

үшін  құйылған  16  тонна  мақсары  тұқымы 

толық  тазалаудан  өткізіліп,  себу  дәрежесіне 

жеткізілді. Қалған қажетті тұқымды сатып алу 

жұмыстары  жүргізілуде.  Сол  сияқты  жоңышқа 

егісі  үшін  құйылған  13,5  тонна  жоңышқа 

тұқымдарын тазалау жұмыстары жүргізілуде, – 

деді Қаржыбек Тәжібайұлы. 

Жалпы, Жаңақорған жерінде күріш өнімі аз 

егілмейді.  Биыл  өнімділігі  жоғары,  нарықтағы 

бағасы қымбат «Лидер» тұқымына аудандасты-

ру  жұмыстары  қолға  алынады.  Бұл  ауданның 

рекордтық  көрсеткішке  қол  жеткізуіне  жағдай 

жасайтыны  сөзсіз.  Оны  Сырдария,  Жалағаш 

ауданындағы  тәжірибе  көрсетіп  берді.  Биыл 

Жаңақорғанда  жоңышқа  өсіру  жұмысы  тіпті 

қарқын алады. Жалпы, өткен жылы облыстағы 

жоңышқаның  30  пайыздан  астамы  аудан 

үлесіне тиіпті.

Минералдық тыңайтқыштар мен гербицид-

тер  дайындау  бойынша  2017  жылдың  егісіне 

қажетті  минералдық  тыңайтқыштың  көлемі 

2854  тоннаны  құрайды  екен.  Қазіргі  таңда 

минералдық  тыңайтқыштардың  1254  тонна-

сы  алынған.  Нақты  айтсақ,  931  тонна  Аммо-

ний  сульфаты,  128  тонна  Карбамид,  128  тон-

на  Аммафос  және  67  тонна  Аммиак  селитра-

сы  бар.  Сонымен  қатар,  ауыл  шаруашылығы 

құрылымдарының  сұранысы  бойынша  биылғы 

жылы арамшөптерге қарсы қолданатын герби-

цидтерден 2280 келі қажет деп есептеліп, са-

тып  алу  жұмыстары  жүргізілуде  екенін  сала 

басшысы тілге тиек етті.

Келесі  кезекте  техника  мен  оған  кететін 

жанар-жағар майдың мәселесі қалай шешілмек? 

Осының мән-жайын сұрадық.  

–  201  трактордың  122-сі    дайын,  яғни 

61  пайыз  техника  дайын.  Ал,  101  трак-

тор  тіркемелерінен  62-сі  дайын,  82  соқадан 

59-ы,  45  дәнсепкіштен  29,  50  жүк  көлігінен  

31дана  іске  дайын  тұр.  Биылғы  жылы  аудан  

әкімшілігінің  бастамасымен, жергілікті  қаржы  

есебінен, шаруашылыққа  пайдалануға  5 дана 

Беларус-2022,3 тракторы, 9 дана «Мара» атты  

лазерлі жер тегістегіші мен 1 бірковшты экска-

ватор және бес дана дән сепкіштері  алынуда.

Сонымен  қатар,  бекітілген  егіс  көлеміне 

сәйкес 2017 жылдың көктемгі дала жұмыстарын 

жүргізуге  2400    тонна  арзандатылған  ди-

зель  отыны,  480  тонна  бензин,    144  тонна 

дизель    майы  қажет.  Қазіргі  уақытта  аудан 

операторлығына  «Қызылорда  НефтьТранс» 

ЖШС бекітілді, – деді Қ.Бүркітбаев. 

(Жалғасы 4-бетте)

БЕТБҰРЫСҚА 

ДАЙЫН БА?

 ЫРЗЫҒЫН ЖЕР – АНАДАН АЙЫРА-

ТЫН ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ЕГІНШІЛЕР 

БИЫЛ МОЛ ӨНІМ АЛУҒА НИЕТТІ. 

СОНДЫҚТАН, ҚЫСТАН ШЫҒА ДИҚАНДАР 

КЕТПЕНІН САЙЛАП, ҚАРА ЖЕРГЕ ДӘН 

ЕГУ ҚАМЫНА КІРІСІП ТЕ КЕТТІ. ОСЫ 

ТҰСТА, ДИҚАНДАР АУДАН ӘКІМІ ҒАЛЫМ 

ӘМІРЕЕВ ҰСЫНҒАН ЖАҢА БҰТБҰРЫСҚА 

ҚАНШАЛЫҚТЫ ДАЙЫН? БҰЛ СҰРАҚТЫҢ 

ЖАУАБЫН АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ ӨТКЕН 

БРИФИНГТЕ САЛА БАСШЫСЫ ҚАРЖЫБЕК 

БҮРКІТБАЕВТАН БІЛДІК. 

Спорт  мамандары  Біріккен  күрес  әлемі 

жариялаған ең үздік балуандары рейтингісінде 

61 келіде 6-орында тұрған Дәулет Ниязбеков-

ты  фаворит  ретінде  бағалаған  болатын.  Сары 

құрлықты екі рет мойындатқан балуан сенімді 

алдамады.  Бірінші  айналымда  қызылордалық 

Асхат  Айдарханнан  басым  түсті.  Одан  кейін 

Алматы  қаласының  намысын  қорғаған  Қуат 

Әміртаевты тізе бүктірді. Маңғыстаудан келген 

Шохан Шыңғысовтан айласын асырды. Жарты-

лай  финалда  қостанайлық  Тимур  Айтқұловқа 

ұпай  ұстатпай  ұтты.  Халықаралық  дәрежедегі 

спорт  шебері  Дәулет  өзінің  тәжірибелі  балу-

ан екенін Шымкентте төселген боз кілемде ал-

тыншы  рет  дәлелдеді.  Ақтық  сында  Алматы 

қаласынан  келген  Қайрат  Әміртаевты  жеңді. 

Жалпы, Дәулет чемпионатта қарсыластарының 

бәрін 10:0 есебімен ұтқан «дара балуан» бол-

ды. Қола медаль қарағандылық Азад Оганесян 

мен алматылық Қуат Әміртаевқа бұйырды.

74  келі  салмақта  әлем  чемпионатының 

күміс жүлдегері Нұржан Бекжанов, жастар ара-

сында  Азия  чемпионатының  чемпионы  Болат 

Сакаев,  Қазақстан  чемпионатында  бірнеше 

рет  алтын  алқа  таққан  Жігер  Зәкіров  және 

қарулы күштер арасында Әлем чемпионатында 

топ жарған Ғалымжан Өсербаев бас жүлдеден 

дәмелі  болды.  Қай-қайсысы  болсын  «сен  тұр, 

мен атайын» дейтін кіл мықты балуандар. Де-

генмен,  алтын  медалға  Ғалымжан  лайықты 

өнер  көрсетті.  Осыған  дейін  Қазақстан  чем-

пионатында  екі  рет  топ  жарған  халықаралық 

дәрежедегі спорт шебері Қостанай мен Ақмола 

облысынан  келген  қарсыластарын  айқын 

басымдылықпен  еңсерді.  Жартылай  финалда 

8:0  есебімен  ақтөбелік  Айдар  Балданбаевты 

ұтты. Ал, финалда алматылық Болат Сақаевты 

белдесудің соңғы секундтарында сан соқтырып 

кетті.  Финалдық  айқас  өте  тартысты  өтті. 

Алғашқы  үш  минутта  Болат  Ғалымжаннан  3:0 

есебімен алда тұрған еді. Бірақ, қызылордалық 

балуан  жігерлік,  қайсарлық  танытып,  екінші 

кезеңде таразы басын теңестірді.  Бұдан кейін 

Сақаев 5:3 есебімен тағы да алға шықты. Бел-

десу  аяқталуға  санаулы  секундтар  қалғанда 

Ғалымжан дегеніне жетіп, жеңіске жетті.

Ғалымжан  мамыр  айында  Үндістанның 

астанасында  өтетін  Азия  чемпионатында  топ 

жаруға күш салатынын айтты. Ал, Дәулет бақ 

пен баптың, елдік пен ерлік сыналатын доданы 

үшінші  рет  бағындыруға  тырысып  бағатынын 

жеткізді. 

Жарыстың  екінші  күні  70  келіде  белде-

скен Қанат Мұсабеков Атырау және Ақтөбеден 

келген  балуанды  айқын  женді.  Алайда  жар-

тылай  финалда  Лондон  Олимпиадасының 

жүлдегері Ақжүрек Таңатаровқа 11:5 есебімен 

есе жіберді. Қола медаль үшін болған күресте 

қостанайлық  Талғат  Ерсебаевтан  айласын 

асырды.  Кадеттер  (17  жасқа  дейін),  жастар 

арасында  (22  жасқа  дейін)  өткен  Қазақстан 

чемпионатында  топ  жарған  Қанаттың  ересек-

тер  арасына  енді  қосылғанын  ескерсек,  бағы 

жанып, бабы келіссе әлі-ақ жеңісті күндері көп 

болатыны айқын.

–  Бұл  чемпионаттың  алда  тұрған 

жаңа  олимпиадалық  төртжылдықтың  ба-

сталу  кезеңінде  маңызы  зор.  Сондықтан 

жігіттер  жақсы  нәтиже  көрсету  үшін  аянып 

қалмады.  Дәулет  те,  Ғалымжан  да  бабын-

да  екенін  көрсетті.  Тактикалық  дайындығы 

мен  техникалық  шеберлігінің  арқасында 

қарсыластарын  қапы  қалдырды.  Ал,  Қанатқа 

сәл  сәттілік  жетіспеді.  Жалпы,  Токиода  жала-

уы  желбірейтін  Олимпиада  ойындарында  Сыр 

өңірінің балуандары олжа алу жолында аянбай 

тер төгетін болады, – деді Қазақстан Республи-

касына еңбек сіңірген жаттықтырушы Әбутәліп 

Аманов.


Облыстың жастар құрамасының аға бапкері 

Серік Әбдімәуленовтің сөзінше, Қызылорда об-

лысы  екі  алтын,  бір  қола  медальмен  жалпы 

командалық есепте бірінші орынды алыпты. 



ТҮЙІН.  Лондонда  –  Дәулет,  Рио-

да  –  Ғалымжан  сынық  сүйем  жерде  сүрінгені 

әлі  есте.  Осы  олқылықтың  орнын  толты-

рып,  Токиода  жүлде  алып,  Қазақ  елінің  туын 

желбірететін күн ұзақ емес деп ойлаймын. Бұл 

қатардан Қанаттын да таласы бар. Сондықтан, 

жігіттердің жеңісті күні болғай!..

Нұрсұлтан  Назарбаев  елдің  негізгі  заңына 

енгізу  ұсынылған  өзгерістер  жобасын  әзірлеу 

үдерісіне арнайы тоқталып, оны талқылау бары-

сында жариялылық қамтамасыз етілгенін айтты.

– 

Менің 



Жарлығыммен 

әзірленген 

конституциялық  реформалар  жобасы  бір  ай 

бойы өткен бүкілхалықтық қызу талқылауға са-

лынды. Әр адам ұсыныс беру құқығына ие бол-

ды. Бәріміз заң жобасын жаппай талқылап қана 

қоймай,  оның  сапалы  болғанын  көріп  отырдық, 

– деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ,  Мемлекет  басшысы  Жұмыс  тобы 

атқарған  жұмыстың  қорытындысына  тоқталып, 

Конституцияның 26-бабына қатысты өзгерістерді 

халықтың кей бөлігінің әрқалай түсінгенін айтты.

–  Жұмыс  тобына  Конституция  баптарының 

үштен  екісін  және  оның  барлық  бөлімін 

қамтитын  6000  ұсыныс  келіп  түсті.  Бүкіл 

Конституциялық реформа қоғамымызды біріктіре 

түсуге  бағытталады.  Сондықтан  мен  26-бап-

ты  бұрынғы  редакцияда  қалдыруды  ұсынамын. 

Жалпыұлттық талқылаудан өткенін ескеріп, заң 

жобасын  Қазақстан  халқының  ортақ  ұстанымы 

деп  байыптауға  болады.  Жұрт  өз  сөзін  айтып, 

сол  арқылы  мемлекеттік  биліктің  жаңғыруын 

қолдады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы  қазіргі  реформалардың  ерекшелігін 

атап  өтіп,  елді  саяси  жаңғыртудың  жекелеген 

кезеңдеріне назар аударды.

–  Біріншіден,  жаңа  заң  Парламенттің 

мемлекеттік  істердегі,  соның  ішінде  Үкіметті 

жасақтаудағы  рөлін  айтарлықтай  күшейтеді. 

Екіншіден, 

экономиканы 

тікелей 


басқару 

жөніндегі  өкілеттіктер  берілетін  Үкіметтің 

дербестігі  артады.  Үшіншіден,  құқық  қорғау 

және  сот  жүйесінің  конституциялық  негізі 

жаңғыртылады.  Заңдардың  сақталуын  жоғары 

деңгейде  бақылау,  сотта  мемлекет  мүддесін 

қорғау 

жайын 


қарастыратын 

прокурату-

ра  қызметінің  базалық  негіздері  қаланады. 

Төртіншіден,  конституциялық  бақылау  жүйесі 

нығая  түседі.  Бесіншіден,  Тәуелсіздігіміздің, 

НЫҒАЙТАТЫН НАҚТЫ ҚАДАМ



МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ 

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЗАҚСТАН 

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ 

ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫНА 

ҚАТЫСТЫ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ 

AKORDA.KZ. ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТА-

РЫ АЛДЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНДЕ ЕЛБАСЫ 

ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР 

ЕНГІЗУ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН СА-

ЯСИ РЕФОРМАЛАРДЫҢ БАСТЫ ФАКТОРЛАРЫ 

МЕН АСПЕКТІЛЕРІН АТАП ӨТТІ.

біртұтастығымыздың, аумақтық тұтастық 

пен  басқару  нысанының  өзгермейтініне 

конституциялық  деңгейде  берілетін 

кепілдік бекемдене түседі, – деді Елбасы.

Мемлекет  басшысы  биліктің  барлық 

тармағының жоғары кәсібилігін, олардың 

өзіне  жауапкершілік  алып,  шешім 

қабылдай алатын қабілетін атап өтті.

Бұдан  бөлек,  Қазақстан  Президенті 

президенттік 

басқару 


нысанының 

сақталатынын,  мемлекет  пен  қоғамды 

одан әрі жаңғырту үшін саяси жағдайлар 

жасау мақсатымен жүргізіліп жатқан ре-

формалар  бағытының  өзгермейтінін 

мәлімдеді.

– Жолдауда айтылған жаңа міндеттер 

заң шығарушы және атқарушы органдарға 

айрықша  жауапкершілік  жүктейді.  Пар-

ламент  пен  Үкіметтің  өкілеттіктерін 

кеңейту  ел  экономикасының  үшінші 

жаңғыруының  мақсаттарына  тиімдірек 

қол  жеткізуге  септігін  тигізетін  болады, 

– деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Елбасы Парламент депутат-

тары алдында заң жобасын белгіленген 

барлық  үдерістерді  сақтай  отырып 

қарастыру жөнінде ұсыныс білдірді.

Мемлекет  басшысынан  кейін  сөз 

алған  Президент  Әкімшілігінің  басшысы 

– Мемлекеттік билік тармақтары арасын-

да өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері 

жөніндегі  жұмыс  тобының  жетекшісі 

Ә.Жақсыбеков 

ұсынылып 

отырған 


өзгерістердің нақты жобасын Парламент 

депутаттарына таныстырды.



ДИҚАНДАР

ЖАҢА 

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.

СҮЙІНШІ! НАУРЫЗ АЙЫНЫҢ БАСЫНДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНАН 

ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ ЖЕТТІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢ ҮЗДІК 

БАЛУАНДАРЫНЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ДӘУЛЕТ 

НИЯЗБЕКОВ ПЕН ҒАЛЫМЖАН ӨСЕРБАЕВ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНЫҢ ЕҢ 

БИІК САТЫСЫНАН КӨРІНСЕ, ҚАНАТ МҰСАБЕКОВ ҚОЛА МЕДАЛЬ-

ДЫ ҚАНЖЫҒАСЫНА БАЙЛАПТЫ.

ЕКІ АЛТЫН, БІР ҚОЛА

Қазақстан Республикасы Парламенті 

палаталарының бірлескен отырысында Елбасы 

депутаттар алдында қазіргі реформалардың 

негізгі бес ерекшелігін атап өтіп, елді сая-

си жаңғыртудың жекелеген кезеңдеріне на-

зар аударды. Оның ішінде  құқық қорғау 

және сот жүйесінің конституциялық негізі 

жаңғыртылады делінген. Әрі, заңдардың 

сақталуын жоғары деңгейде бақылау, 

сотта мемлекет мүддесін қорғау жай-

ын қарастыратын прокуратура қызметінің 

базалық негіздері қаланатынын да атап өтті. 

Демек, сот жүйесінің жаңғыртылуы алды-

мен осы саладағы қызметкерлерге деген 

жауапкершілік жүгін арттыра түседі. Сондай-

ақ, сот саласына деген сенімділікті еселей 

түсетіні қуантады.

Дүйсенбек КЕРІМБЕКОВ,

зейнеткер.



***

Мемлекет басшысы Парламент депут-

тары алдында жаңа заң аясындағы негізгі 

мәселелердің жай-күйін саралап берді. Жол-

дау аясында туындайтын негізгі басымдықтың 

бірі экономиканың дамуы. Бұл жөнінде Прези-

дент Парламент пен Үкіметтің өкілеттіліктерін 

кеңейту ел экономикасының үшінші 

жаңғыруының мақсаттарына тиімдірек қол 

жеткізуге септігін тигізетінін нақтылады. Яғни, 

елдегі экономикалық тұрақтылық, даму жо-

лында жаңа бетбұрыс айшықталды. Сонда 

ғана халықтың әлеуметтік әлеуеті арта түседі. 

Ерғали МӘТЕНОВ,

шаруа қожалығының төрағасы.



***

Өздеріңізге белгілі, бұған дейін Мемлекет 

басшысының Үндеуі жарияланып, бұл еліміздің 

болашағы үшін жасалған ұтымды шешім бо-

латын.  Өйткені, бәсекеге қабілетті дамыған 

отыз елге енуді  меже еткен Қазақ елі үшін 

басқару жүйесінің тиімділігін арттыра түсері 

айқын. Даму жолындағы өрелі өзгерістер 

демократиялық ашықтыққа бастайтыны 

айқын. Күні кеше Елбасы Конституциялық ре-

форма жасау арқылы мемлекеттік басқару 

жүйесін жаңғыртуды ұсынды. Шын мәнінде 

Президенттің бұл тарихи шешімі – алдағы 

уақытта мемлекеттік басқару жүйесінде Үкімет 

пен Парламенттің рөлі күшейе түседі де-

ген сөз. Өйткені, жаңа демократиялық қоғам 

құруда мұның маңызы зор. Екіншіден, бұл ре-

формалар баянды болашақ үшін халықтың 

конституциялық құқықтарын кеңейтуге 

бағытталған деп білемін.



Ербол ҚҰРЫҚБАЕВ, 

заңгер.


  Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.

КӨЗҚАРАС

БРИФИНГ


(Жалғасы 2-бетте)

2

4 наурыз, 2017 жыл

Жуырда аудан әкімдігінің мәжіліс залында облыстық 

Әділет департаментінің ұйымдастыруымен көшпелі семи-

нар өткізілді. Алқалы жиында аудан әкімінің орынбасары 

Бақытжан Айтбембет алғы сөз сөйлеп, жиынның мән-

мазмұнына тоқталып, шараны ашып берді. 

«Бүгінгі басқосудың басты мақсаты Елбасының 

биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық 

бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын насихаттау. Сондай-ақ, 

Үндеуде айтылған мемлекеттік билік тармақтары арасында 

өкілеттілікті қайта бөлу жөніндегі мәліметтерді түсіндіру», 

– деді департамент басшысының орынбасары Ирина 

Бәкішева.

Сонымен қатар, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу 

бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрсұлу Арзыкуло-

ва Әділет департаментінің 2017 жылдың жұмыс жоспарына 

сәйкес, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, қабылдау, 

тіркеуге ұсыну және құқықтық мониторинг жүргізу 

тәртіптеріне түсіндірмелер берді. 

Шараға қатысқан кент, ауылдық округ заңгерлері мен 

аталмыш басқармадан келген өкілдер арасында өзара 

пікірлер алмасып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.



БӘТУАЛЫ БАСҚОСУ

Жаңақорған кенті, А.Иманов көшесіндегі «Ордакент» арда-

гермер мен жастар ресурстық орталығында 2017 жылы 30 нау-

рыз күні сағат 11-00де Жаңақорған кенті бойынша қоғамдастық 

жиыны өтеді.

Күн тәртібі:

1. «Қазақстан Республика сындағы жергілікті мемлекеттік 

басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республи-

касы Заңының 39-3-бабына сәйкес Жаңақорған кенті әкімінің 

жергілікті мәселелерді шешуде және жергілікті өзін-өзі 

басқарудың кіріс көздерін пайдалануда атқарған жұмыстарының 

тоқсандық қорытынды есебі.

2. Жаңақорған кенті әкімінің жергілікті мәселелерді шешу-

де  жергілікті өзін-өзі басқарудың алдағы уақытта атқарылатын 

жұмыстарға пайдалану мәселелерін келісу жайлы.

3. Жаңақорған кентінің  көшелерін жөндеу жайлы түскен  

ұсыныс-пікірлер  жайлы.

4. Жаңақорған кентінің атауы жоқ көшелеріне атау беру 

жайлы түскен ұсыныс-пікірлерін қарау жайлы.

ҚОҒАМДАСТЫҚ ЖИЫНЫ ӨТЕДІ

КӨШЕГЕ АТАУ БЕРУ ТУРАЛЫ

«Қазақстан 

Республикасындағы  

жергілікті 

мемлекеттік 

басқару 


және 

өзін-өзі  бақару  туралы»    Қазақстан 

Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  

Заңына, 


«Қазақстан 

Республикасының 

әкімшілік-аумақтық 

құрылысы 

туралы» 

Қазақстан  Республикасының  1993  жылғы 

08  желтоқсандағы  Заңына  және  Қызылорда 

облыстық  ономастика  комиссиясының  2016 

жылғы    21  қыркүйектегі  №3  қортындысына 

сәйкес 


Байкенже 

ауылдық 


округі                                                         

әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ : 

1. Жаңақорған ауданы Байкенже ауылдық 

округінің  Байкенже  ауылындағы  атауы  жоқ 

көшеге «Берікқара Байдалиев» есімі берілсін.

2. 


Шешім 

оның 


алғашқы 

ресми 


жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн 

өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Ж.ӨТКЕЛБАЙ,

Байкенже ауылдық округі әкімі.

О ПРИСВОЕНИИ 

НАИМЕНОВАНИЯ УЛИЦЕ

В соответствии с Законом Республики Ка-

захстан от 23января 2001 года «О местном го-

сударственном управлении и самоуправлении 

в Республике Казахстан»  Законом Республи-

ки Казахстан от 8 декабря 1993 года «Об ад-

министративно  –  территориальном  устрой-

стве  в  Республике  Казахстан»  и  заключени-

ем  Кызылординской  областной  ономастиче-

ской комиссии  от 21 сентября  2016 года за 

№3 аким сельского округа  Байкенже РЕШИЛ:

1.  Присвоить  безымянной  улице  в  селе 

Байкенже  сельского  округа  Байкенже  Жана-

корганского  района  имя  «Бериккара  Байда-

лиева».

2.  Решение  вводится  в  действие  по  ис-



течении десяти календарных дней после дня 

первого официального опубликования.



Ж.ОТКЕЛБАЙ,

аким сельского  округа Байкенже.

2017 жылғы 5 қаңтар №52 

Әділет департаментінде 

2017 жылы 1 ақпанда №5711 

болып тіркелді.

от 5 января 2017 года №52 Зарегистриро-

вано Д епартаментом юстиции 1 февраля 

2017 года №5711.



БАЙКЕНЖЕ АУЫЛДЫҚ 

ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ 

ШЕШІМІ

РЕШЕНИЕ АКИМА 

СЕЛЬСКОГО ОКРУГА 

БАЙКЕНЖЕ

ЖАҚЫНДА «ҚАЗ АТОМ ӨНЕРКӘСІП» 

ҰЛТТЫҚ АКЦИОНЕРЛІК КОМПА-

НИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ САЛАЛЫҚ 

КӘСІПОДАҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІК 

ТӨРАҒАСЫ ҚАСЫМЖАН МӘДИЕВ АР-

НАЙЫ ІС-САПАРМЕН АУДАНҒА КЕЛДІ.

Мәртебелі  мейман  арнайы  «Қызылқұм» 

ЖШС-де болып әуелі жұмысшылардың тыныс-

тіршілгімен  танысып,  олармен  пікір  алма-

сты. Мұнан соң мәртебелі қонақ «Қызылқұм» 

және «Байкен-U» ЖШС мекемелері жұмысшы 

қызметкерлерінің 

біріккен 

бастауыш 

кәсіподақ  ұйымының  жылдық  есеп  беру  жи-

ынына қатысты. 

Жиында 


бастауыш 

ұйым 


төрағасы 

Қалжан 


Құлтасов 

ұйымның 


жұмысшы 

қызметкерлер  мүддесін  қорғауда  және 

қолдау көрсетуде атқарған жұмыстары тура-

лы жан-жақты тоқталды. «Есепті жыл ішінде 

кәсіподақ  ұйымынан  серіктестік  жұмысшы 

қызметкерлерінің  балаларының  жазғы  де-

малысын  лагерьде  өткізу  үшін  134  оқушыға, 

денсаулықтарын  түзетуге  19  жұмысшы 

қызметкерге  шипажайға  жолдама  берілді. 

Кәсіпорында  жұмыс  істейтін  жұмысшы 

қызметкерлердің  отбасындағы  758  балаға 

жаңа жылдық сыйлық тапсырылса, 38 адамға 

материалдық  көмек  көрсетілді.  Жұмысшы 

қызметкерлер  тұратын  вахталық  «Құткент» 

жатақханасындағы  жатын-жаймен,  олардың 

салауатты  өмір  салтын  ұстануына,  демалып, 

спорттық  ойындар  өткізіп  жаттығуларына 

барлық  жағдай  жасалған.  Онда  сауна, 

спорттық жаттығу залы, теледидар көріп, әуез 

тыңдайтын бөлме мен кітапхана, бильярд сто-

лы бар» деді ұйым төрағасы.   

–  Құрметті  жиынға  қатысушылар.  Бүгін 

есепті  жиынға  көршілес    «Байкен-U»  ЖШС-

нен    арнайы  делегация  келді.  Олардың 

негізгі  мақсаты    өз  кәсіпорындары  жаны-

нан    кәсіподақ  ұйымын  ашу.  Біз  бұл  баста-

маны  толық  қолдаймыз.  Егер  көмек  қажет 

болса,  қол  ұшын  беруге  дайынбыз,  –  деп 

кәсіпорындағы өзге де істерге тоқталып сөзін 

түйіндеді. 

Шара 

барысында 



серіктестік 

бас 


директорының  орынбасары    Пернебай 

Өтебаев  сөйлеп,  кәсіпорын  басшылығының 

2017 жылға жасаған бағдарламасымен таны-

стырып,    жұмысшы  қызметкерлерге  жасала-

тын  қолдау  жөнінде  мәлімдеді.    «Байкен-U» 

–  ден  келген  делегация  мүшелерінің  бірі 

Әлібек Ишимов сөйлеп, өз кәсіпорындарында 

осындай  дербес  бастауыш  ұйым  ашқылары 

келетінін  жеткізе  келіп,    өздеріне  қолдау 

білдіруді сұрады. Жиынның қонағы Қасымжан 

Баянжанұлы    есепті  жиында  сөз  алып,  өз 

пікірін төмендегіше жеткізді. 

–  Бүгін  «Қызылқұм»  кәсіпорнын  ара-

лап,  жұмыс  орындарында,  асханасы  мен 

жатақханасында болып олардың өмірімен та-

нысып,  мәселелерін  тыңдадым.  Кәсіпорында 

оларға  барлық  жағдай  жасалғанын  сол 

қарапайым  жандардың  аузынан  естіп,  осы 

істерді  атқарудағы  бастауыш  ұйымның  

атқарған  жұмысына    риза  болып  жылдық 

есебіне жақсы деген баға бергім келеді. Қазір 

осында  келіп  отырған  екінші  кәсіпорын  де-

легациясына  да  айтарым,  бастауыш  ұйым 

ашу  үшін  жұмысшы  қызметкерлердің  толық 

қолдауын  жинаңдар.  Ол  үшін  арнайы  баста-

машыл  топ  құрыңдар  дегім  келеді.  Ал  біздің 

тарапымыздан қолдау көрсетілетін болады, – 

деп сөзін қорытты. 

Жиын  соңында  «Байкен-U»  ЖШС  жаны-

нан жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымын ашуға 

даярлыққа  Әлібек  Ишимов  бастаған  арнайы 

топтың құрамын бірауыздан бекітті.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет