Тд-305 Қабылдаған: Смаханова Ж. С ақтөбе 2021 жыл



Дата31.03.2022
өлшемі20,69 Kb.
#29356

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлікуниверситеті

Тарихфакультеті

ОСӨЖ №4


Тақырыбы: Қарахандықтар тұсындағы ислам


Дайындаған:Достанова А.Д

ТД-305

Қабылдаған:Смаханова Ж.С


Ақтөбе 2021 жыл

Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін қоныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекетінің Үзгент, Мерке, Құлан сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттар мен қолөнершілер мекендеген. Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915–955жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі – Білге құл Қадыр ханның немересі. Сатұқ Тараз және Қашғар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Мемлекеттің күшеюіне қарлұқ, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астанасы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен-ілек Баласағұнды иеленді. Кейін бұл өңірді оның ұлы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды. Мұса өлген соң, Қарахан жеріндегі жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арслан ханға көшті. 990 жылы Қарахан билеушілерінің бірі Хасан (Харун) Боғра хан Испиджабты бағындырды. Ал 992 жылы қарахандықтар шығыста Хотанды, батыста Бұхараны басып алды. 999 жылы Қарахан билеушісі Әли Арсланның баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилер мемлекетіне соққы берді. Қарахан хандығы ұзақ соғыстардан кейін 1004–1005 жылдары Мәуеренахр жерін түгелдей өзіне қаратты.

Тарихшылырдың мәліметі бойынша алғашқы медреселер 10-ғасырда Қарахандықтар дәуірінде бой көтергендігін жеткізеді. Қараханидтар кезінде медреселердің ашылу себебі Шиттердің пікірлерінен халықты сақтандыру, Әһлі Сүннет сенімін қорғау мақсатында ашылғандығын тарихшылар баяндайды.

Ортағасырлық жазба мәліметтерде бір ғана Баласағұн қаласында 40 мешіт, 20 медресе болғаны айтылады. Қарахандықтардың мұрасын одан әрі дамытқан Ғазналылар мен Саманилар. Медреселердің оқуының тегін болып, ұстаздарына жалақы төленіп, мемлекеттен арнайы қаржы бөлінген, жүйесі көркем түрде дамыған кезеңі ол Селжуқтар(10-11ғ.) дәуірінде болған еді. Уәзір Низамул Мүлктің бастамасымен Нисабурдағы Тұғрыл Бейдің медресесі, Бағдат, Балық, Нисабур, Херат, Исфахан, Басра, Мерв, Табаристан, Мусулдағы салынған медреселер бұның айғағы болып табылады. Бұл медреселер Низамия медреселері-деп аталды. Атақты Имам Ғазали Бағдаттағы медреседе ұстаздық қылған. Низамия медреселерінде Құран, Хадис, Фиқһ, Тәпсір, Кәләм, Медицина, Астрономия, Математика, Араб тілі және әдебиеті, Парсы тілі және әдебиеті, Философия және логика сынды ілімдерді оқытқан.

Қарахандықтардың кезеңінде құрылған медреселер:

1.Сәжия медресесі:

Жәмәл Қаришидың білдіруі бойынша Сатуқ Боғра хан тарапынан құрылған. Медресе және үлкен кітапханасы болған. Қарахандықтардан кейін Найман ханзадасы Күшлік ханның кезінде қиратылған. 1206 жылы Шағатай ұлысының Орта Азия уәлиі Мәсғуд Бейдің кезінде қайтадан қолға алынып, үлкейтілген. Медресеге дүниенің төрт бұрышынан талапкерлер келіп оқитын болған. Діни сабақтармен бірге Аристотельдің, Сократтың, Фараби және Ибн Сина, Хорезмнің философиясы оқытылатын болған.

2.Хамидия немесе Махмудия медресесі:

Махмуд Қашғаридың атымен аталған бұл медреседе Махмуд Қашғаридың ұстазы Хусейн Ибн Халаф Қашғаридың дәріс берген. Қарахандықтардың кезеңінде өте көп дін ғалымдарын шығарған медресе. Махмуд Қашғари өмірінің соңында Бағдаттан оралып осы мседреседе сегіз жыл сабақ берген. Көптеген шәкірт тәрбиелеп халық тарапынан «пири илм»(ілімнің иесі, ілімнің ұстасы) деген атқа ие болған. Ғалымдардың білдіруі бойынша сол кезеңдегі Қашғар қаласы Ислам әлемінінң түкпір-түкпірінен келген ілім адамдарына тола еді. Қашғар қаласын халық «әулиелер жұрты», «құрметті басшылыр қаласы», «ғалымдардың отаны» - деп атайтын еді. Қашғар қаласы Орта Азияның мәдениет орталығы болатын. Әмірлер тарапынан Ұстаздарға жалақы тағайындалып, медресе, кітапханалардың сапалы әрі кітап қорына бай болуы тікелей әмірлер тарапынан қадағаланатын. Шыңғыс ханның кезінде Қашғар жерінен өткен Қытай саяхатшысы Чанг-чун медреселердің ғимаратының сапалы кірпіштен жасалып, өте сәнді болғандығын, ғимараттардың Ислам архитектурасы бойынша салынғандығын айтқан.

Қарахандықтар 1058- жылы Батыс және Шығыс болып екіге бөлінеді. Шығыс бөлігі 1130- жылы Қарақытайлар тарапынан жеңіліс тауып, құрамына енді. Батыс Қарахандықтар 1212- жылы Хорезмшахтарға қосылды.

Қарт тарихтың қатпарларын парақ-тар болсақ, қазіргі Қазақстан жері мен Орта Азияға Ислам дінінің таралуы сонау VI-VIII ғасырларда басталғанына куә боламыз. Атақты араб қолбасшысы Құтайба ибн Муслим 709 жылы Бұхараны соғыссыз алып, 710-712 жылдары Самарқанды, 714 жылы Шаш (Ташкент) пен Фараб шаһарларын да Әмауи халифатының қоластына қаратады. Сол кездегі Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың Ислам дінін қабылдай бастауы да осы жылдарға сәйкес келеді. Ислам дінінің қазақ даласында түбегейлі орнығуы қазақ тарихында «Талас ғазауаты» деп те аталатын Атлах шайқасымен тығыз байланысты. 751 жылы шілде айында Тараз маңындағы Атлах деген жерде бетпе-бет келген қытайдың 100 мың әскері мен араб әскері арасында қиян-кескі ұрыс жүреді. Бес күнге созылған қан майданда араб қолбасшысы Зияд ибн Салих түркілердің (қарлұқтар) көмегінің арқасында қытай әскерін қайтып бас көтерместей талқандап, Гао Сянь Чжи қолбасшы аз ғана топпен қашып құтылады. Міне, осылайша қазақ даласының Талас топырағында осыдан он екі ғасыр бұрын Ислам туы желбіреген еді!

Осы тарихи соғыс сол кездегі Орталық Азияны мекен еткен тайпалар тағдырына елеулі ықпал еткен маңызды оқиға болды. Нәтижесінде Мәуәраннахр мен Түркістан өлкесінің тұрғындары қытай экспанциясы қаупінен құтылып, біртіндеп Ислам дініне кіре бастайды. Қарахандықтар Ислам дінін саяси күш пен бірігудің көзі ретінде қабылдап, мұсылман емес түркілерге қарсы Ислам діні үшін соғысты. Ислам халифатын шығыстан келген шабуылдардан қорғап, шекаралық қалқан кызметін атқарды.



Қарахан мемлекетінің құрылуы шы-ғыста Қашқардан батыста Испиджабқа (Сайрам) дейінгі ұлан-байтақ аумақтағы саяси оқиғалармен, сондай-ақ Қарлұқ қағанатының ыдырауымен байланысты болды. Жетісуды және көршілес өңірлерді мекендеген қарлұқтардың, жікілдердің, яғмалардың Саманилерге қарсы, сондай-ақ, шығыстан дүркін-дүркін шабуыл жасаған тоғыз-оғыздарға қарсы ұзаққа созылған әрі табанды күресі Қазақстан аумағының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы түрік тайпаларының этникалық-саяси тұрғыдан топтасуын тездете түсті. 942 жылы Сатұқ Боғраханның өзін жоғарғы қаған деп жариялауынан кейін Қарахандар мемлекетінің тарихы басталады.

Тарих сахнасында екі ғасырдан астам уақыт бойы билік жүргізген Қарахан мемлекетінің негізін қалаған Сатұқ Боғрахан 955 жылы Ислам дінін қабылдап, өзіне «Әбу әл-Керім» деп мұсылманша есім алғанын жар салады. Зерттеуші С.Сыздықов түрік тарихшысы Мүнәжжімбасшы шейх Ахмедтің «Қарахандар шежіресі» еңбегінен алынған мына бір деректі келтіреді: «Боғра хан діншіл, білім сүйгіш еді. Имам-хатибке өзі үшін дұға оқытқанда ылғи да «Тәңірім! Саған табынуда жеткіліксіздік көрсеткен және ылғи да сенің ықтиярыңды орындамақ үшін еңбек еткен Сулейман ұлы Харунның халін жақсылыққа жеткізе көр!» деп айтуын тапсыратын. Өзіне ылғи да «Тәңірі жіберген құлы» деп айтылуын және солай жазылуы керектігін құптайтын. Әр жұма күні білімділерді жинайтын». Алайда, сол жылы атақты қағанның дәм-тұзы таусылып, жарық дүниемен қош айтысады. Мұрагерлік жолмен таққа отырған ұлы Харун Мұса қаған 960 жылы Ислам дінін мемлекеттік дін етіп жариялайды. Мемлекет басшысы Мұса қағанның бұл шешімінен кейін сол кездегі оған бағынышты елдің жаппай Ислам дінін қабылдай бастағанын көнеден жеткен тарихи деректер де айғақтай түседі. Тарихшы З.Китапчы, В.Кляшторний, Т.Сұлтановтардың келтірген деректеріне сүйенсек, бір күнде он мың отбасы Ислам дінін қабылдаған кездер де болған көрінеді. Ал, атақты «Тарихи Рашиди» кітабында бір күнде 360 мың адамның мұсылман атанғандығы жайлы да дерек кездеседі. Қорыта айтқанда, Қарахан түркілерінің исламдануы дін таратушылардың белгілі бір күштеуімен емес, бірыңғай мемлекеттік діннің ықпалы негізіндегі экономикалық және саяси пайда күшімен дами түсті. Ал, Қарахандықтардың саяси және әскери жеңістері Орталық Азия аумағына Ислам дінінің кеңінен таралып қана қоймай, тұрғылықты халықтың бұқаралық идеологиясы ретінде ресми мәртебеге ие болуына да өз ықпалын тигізді. Тағы бір қаперде ұстайтын жайт, бірнеше ғасырлар бойы Орта Азияда араб тілі ғылым мен білімнің тілі болды. Отырарлық Әбу Насыр әл-Фараби, Ысқақ әлФараби, Исмаил әл-Жауһарилер Таяу және Орта Шығыс елдерінде білім молықтырып, әлем мәдениетінің алтын қорынан орын алатын классикалық шығармалар қалдырды. Х-ХІІ ғасырларда тек араб тілі ғана емес, сондай-ақ бірте-бірте жергілікті халықтың түркі тілінде де шығармалар дүниеге келе бастады. Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи салған дәстүрді ХV-ХVІІ ғасырларда Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали би Қасымұлы Жалайырилер жалғастырды. Сөйтіп, Ислам өркениеті орта ғасырлардан күні кешеге дейін Орта Азия халықтарының әдебиеті мен мәдениетіне, рухани өміріне үлкен әсер етті. Елімізден шыққан араб, парсы, түркі тілді ғалымдардың бір тобы философия, тарих, мәдениет, астрономия, логика, музыка, әдебиет пен тіл, медицина саласындағы еңбектерімен мәшһүр болса, енді бірі қасиетті Құран мен тәпсір, шариғат, мәзһаб, фиқһке арналған шығармаларымен де ел құрметіне бөленді. Бұл ретте Бұрһан ад-Дин Ахмад әл-Фараби, Имад ад-Дин Әбу-л Қасым әл-Фараби, Қауам ад-Дин әл-Фараби, Молла Ахмет әл-Женди, Хусам ад-Дин әлХусейн ас-Сығанақи, Әбу Абд Алла әл-Баласағұни, Әбд әл-Ғафур әлКердери, Мұхаммед әл-Кердери, Хафиз ад-Дин әл-Кердерилерді айрықша атауға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет