Технология «Дебаты»



бет1/3
Дата15.01.2023
өлшемі207,34 Kb.
#61337
  1   2   3

Дебат дегеніміз – пікірсайыс. Жарыссөз, айтыс десек те болады. Шешендік өнер мен ой ұшқырлығы сынға түсетін ойын. Дәлелдер мен фактілерге сүйенеді. Дебат тәртіпке бағынады. Ойыншылар бір-бірін «ханым», «мырза» деп атап, құрмет танытады. Қарсыластың жеке басына тиісуге болмайды. Дебатта уақыт шектеулі. Сондықтан оны дұрыс жоспарлай білу керек. Қатысушы білімді, батыл және әдепті болуға тиіс. Ең бастысы, дебат – ұрыс алаңы емес, нақты тақырып аясында арнайы ережелер негізінде ой жарыстыру.
Дебат – ұрыс алаңы емес
Ортаңыз өзгереді, достарыңыз көбейеді. Сөйлеу мәдениетіңіз қалыптасып, ойды тиянақты жеткізуге дағдыланасыз. Кез келген тақырыпта ойыңызды еркін, нақты жеткізе аласыз. Үнемі ізденісте боласыз. Айтылған қарсы пікірге қарамастан, ойыңыздың дұрыстығын дәлелдейсіз.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзін-өзі басқару, білім беру процесін демократияландыру, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру және бар мәселені бірлесіп шешу сияқты салаларда пікірсайыстың оң ықпалы бар екенін айтып, дебатқа қолдау білдіріп жүр.
Дебат жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
Қарар – дебат ойынының тақырыбы. Қарардың 4 түрі бар: міндеттейді немесе енгізеді, заңдастырады, ...деп есептейді, өкінеді, Х ретінде... Үкімет – жақтаушы топ Оппозиция – қарсылас топ Спикер – дебат ойыншысы Лидер – әр топтың басшысы Кейс – дебат ойынының құрылымы. Дефиниция (кілт сөздер) – қарар бойынша немесе алдағы ойын барысында аргументтерді ашуға көмектесетін түсіндірме Status-kwo – қазіргі қалыптасқан жағдай, сандық немесе сапалық көрсеткіш Философия – топтың қорғаныш шеңберін қорғайтын тұжырымды ой. Қарарға қатыс-ты мақал-мәтел не нақыл сөз. Құндылық – қарарға қатысты ұстаным. Ол тек бір сөзден тұруы мүмкін, соны қорғап шығу керек. Аргумент – позицияны дәлелдейтін ой. Неге? Не үшін? Неліктен? – деген сұрақтарға жауап береді.
ДЕБАТТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет