Технология және биоресурстар факультеті


-сұрақ.  Зәр  бөлу  мүшелері



жүктеу 1.67 Mb.
Pdf просмотр
бет14/30
Дата03.03.2017
өлшемі1.67 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30

1-сұрақ.  Зәр  бөлу  мүшелері  –  жануарлар  денесінде  зат  алмасу  үдерісі  нәтижесінде 
соңғы  ыдырау  өнімдерінен  түзілген  зәрді  (несепті)  организмнен  сыртқы  ортаға  бөліп 
шығарады.  Құрылысына  және  атқаратын  қызметіне  байланысты  зәр  бөлу  мүшелері  екі: 
несеп түзу мүшелері және несеп өткізу жолдары болып екі бөлімге бөлінеді. Несеп түзу 
мүшесіне  құрылысы  жағынан  қомақты  паренхималы  мүше  –  бүйрек,  ал  несеп  өткізу 
жолдарына – несепағар, қуық және несепшығар өзегі жатады. 
2  –  сұрақ.  Зәр  бөлу  мүшелері  өзінің  филогенезінде  даму  үдерісінің  көптеген 
сатыларынан өтеді. 
1. Төменгі сатыдағы жәндіктерде (қарапайымдар, ішекқуыстылар) ыдырау өнімдерін 
жасуша  немесе  дене  қабықшалары  арқылы  диффузиялық  жолмен  бөледі. 
Инфузорияларда  ыдырау  өнімдерін  сыртқа  шығару  қызметін  жиырылғыш  вакуольдер 
атқарады. 
2. Көпжасушалы күрделі организмдерде (жалпақ құрттарда) зәр бөлу жүйесі шығару 
өзекшелер  (протонефридийлер)  түрінде  қалыптасады.  Протонефридийлер  жәндіктердің 
дене  паренхимасында  тарамдалып,  тұйықтаушы  жасушалардың  көмегімен  соңғы 
ыдырау  өнімдерден  зәр  түзіледі  және  сыртқа  шығарылады.  Бұларда  протонефридийлер 
эктодермадан дамиды. 
3. Екінші дене қуысты (целомалы) жануарларда (жауын құрты) протонефридийлер 
дене  сегменттеріне  сәйкес  орналасады.  Протонефридийлердің  зәр  бөлуге  маманданған 
жасушалары соленоциттер – деп аталады. 
4.    Жануарлар  организмдерінің  күрделенуіне  байланысты  (мыс.  Қылтанаяқты 
құрттарда)  зәр  түзу  қызметін  мезодермадан  дамитын  өзекшелер  –  нефридийлер 
атқарады.  Дене  сегменттеріне  сәйкес  орналасқан  бұл  өзекшелердің  құйғыш  тәрізді 
кеңейген  ұштары  ішкі  жағындағы  кірпікшелерінің  көмегімен  екінші  дене  қуысындағы 
сұйық ыдырау өнімдерін сорып сыртқа шығарып отырады. Нефридийлерден басқа екінші 
дене  қуысынан  кеңейіп  басталатын  қуысты  өзекшелер  –  целомодуктер  арқылы  жыныс 
өнімдері  сыртқа  шығарылады.  Целомодуктер  де  мезодермадан  дамиды.  КЕйбір 
жануарларда  нефридийлер  мен  целомодуктер  бірігіп,  екі  жүйеге  ортақ  мүше  – 
нефромикцияны  түзеді.  Насекомдарда  зәр  бөлу  қызметін  Мальпиги  өзекшелері 
атқарады. 
5.    Төменгі  хордалыларда  (қандауырша)  зәр  бөлу  қызметін  мезодермадан  дамыған 
100  шақты  жұп  нефридийлер  атқарады.  Дене  қуыстарындағы  нефридийлер  ұштары 
тұсында зәр бөлетін қан капиллярларының шумақтары жетіледі. Нефридийлердің сыртқы 
ұштары  бір-бірімен  бірігіп,  қарапайым  несепағар  түзеді.  Омыртқалы  жануарларда 

нефридийлер  құрылысы  жағынан  күрделеніп,  қан  капиллярлары  шумақтарымен  бүйрек 
сатыларына  сәйкес  түрлі  деңгейде  әрекеттесіп  бірігіп,  қомақты  зәр  бөлу  мүшесі  – 
бүйректі құрайды. Омыртқалы жануарлар филогенезінде бүйрек – бірін-бірі алмастырып 
отыратын үш сатыдан өтеді:  
1.Бастапқы  бүйрек  –  пронефрос,  (пронефрос  несепағарынан  аналық  көбею 
мүшелерінің  жыныс  жолдары  дамиды),  дененің  бас  аумағында  2-10  дене  сегменттері 
тұсында 
қалыптасып 
дамиды, 
3-4 
жұп 
құйғышты 
нефрондардан 
тұрады 
(дөңгелекауыздыларда, кейбір сүйекті балықта, қосмекенділер дернәсілдерінде); 
2.Аралық  бүйрек  –  мезонефрос,  (мезонефрос  несепағарынан  аталық  көбею 
мүшелерінің жыныс жолдары дамиды), 10-30 дене сегменттері, яғни дене тұлғасы тұсында 
қалыптасып, 
бастапқы 
бүйректі 
алмастырады. 
Мезонефроста 
нефрондардың 
метамериялық  орналасуы  бұзылады,  целомамен  байланысы  үзіледі,  нефронның  тостаған 
тәрізді  ұшы  мен  қан  капиллярлар  шумағынан  бүйрек  денешігі  түзіледі  (балықтарда, 
қосмекенділерде  тұрақты  түрде,  ал  бауырымен  жорғалаушылар  мен  құстар  және 
сүтқоректілер эмбриондарында болады).    
3.Тұрақты  бүйрек  –  метанефрос,  31-32  дене  сегменттері,  яғни  тұлғаның  жамбас  
тұсында  қомақты  мүше  ретінде  қалыптасып  дамиды  (бауырымен  жорғалаушыларда, 
құстарда, сүтқоректілерде)
Жануарлар  онтогенезінде  бүйрек  паренхимасы  (нефрондар  бөлімдері)  -  мезодерма 
нефрогонадотомының  нефротомынан  (сегменттік  аяқшалардан),  ал  стромасы  – 
мезенхимадан дамып жетіледі. 
3 – сұрақ. Бүйрек – пішіні бұршақ тәріздес, қызыл-қоңыр түсті қомақты жұп мүше. 
Ол негізгі қызметі – зәр бөлумен қатар, организмдегі су-тұз алмасуын және қан қысымын 
ретеуге  қатысады.  Бүйрек  –  сыртынан  май  қапшығымен  және  тікелей  талшықты 
(фиброзды)  дәнекер  ұлпасы  қапшығымен  қапталған,  бел  аумағында,  бел  омыртқалардың 
вентральды бұлшық еттерінің төменгі бетінде (жылқыдаоң – 14-,15- қабырғалардан 2-
бел омыртқаға, сол – 18- көкірек омыртқадан 2-, 3- бел омыртқаға дейін; сиырдаоң- 12-, 
13-  қабырғалардан  2-,  3-  бел  омыртқаға,  сол  –  2-5-  бел  омыртқалар  аралығында  сол 
жақта;  қой  мен  ешкіде:  оң  –  12-,  13-  қабырғадан  2-  бел  омыртқаға,  сол  –  3-  6  –бел 
омыртқалар аралығында сол жақташошқада: оң және сол – 1-4-; иттеоң және сол -1-
3- бел омыртқалар аралығында) орналасады.  
Бүйрек  -  шеткі  қыртысты  аймақтан,  ішкі  бозғылт  аймақтан  және  олардың 
аралығындағы  шекаралық  аймақтан  тұрады.  Оның  бастапқы  құрылымдық  бірлігі  -   
бүйрекшелер.  Бүйрекшелердің  бір-бірімен  түрлі  деңгейде  бірігіп  байланысуына  сәйкес 
жануарларда бүйректің негізінен төрт түрі ажыратылады:  
1. Көптік бүйрек (китте, түленде, дельфинде, ақ аюда, моржда),  
2. Тілімді көпемізікшелі бүйрек (сиырда),  
3. Тегіс көпемізікшелі бүйрек (шошқада, маймылдарда, адамда),  
4.  Тегіс  біремізікшелі  бүйрек  (жылқыда,  түйеде,  қойда,  ешкіде,  барлық  жыртқыш 
жануарларда).  
Бүйрек қомақты паренхималы мүше ретінде паренхимадан және стромадан тұрады. 
Бүйрек  паренхимасы  бүйрек  өзекшелері  –  нефрондардан  тұрады.  Ал  оның  стромасын  – 
нефрондардың  аралықтарындағы  тым  жұқа  борпылдақ  дәнекер  ұлпасында  жатқан  қан 
тамырлары құрайды.  Нефрон – бүйрек паренхимасының құрылымдық және қызметтік 
бірлігі. Бүйректе жануарлардың түрлеріне байланысты 2 – ден 8  миллионға дейін нефрон  
болады. Нефрон бөлімдері:  
1.  Бүйрек  денешігі  (тамырлы  бөлік  –  капиллярлар  шумағы,  капиллярлар 
аралықтарындағы  перицит  тәрізді  мезангиальды  жасушалар  және  несептік  бөлік  – 
нефрон  қапшығы,  подоциттер:  цитотрабекулалар,  цитоподийлер  –  1  –  2  мкм,    сыртқы 
бірқабатты жалпақ эпителий),  
2.  Проксимальды  бөлім  (арнасының  диаметрі  60  мкм,  ирек  бөлік,  түзу  бөлік: 
бірқабатты  текше  тәрізді  эпителий  -  микробүрлер,  лизосомалар,  митохондриялар 

қатарлары, базальды жолақ – реабсорбция: судың - 85 %, глюкоза, электролиттер, амин 
қышқылдары, витаминдер),  
3. Жіңішке бөлім (диаметрі 13-15 мкм, төмендеген бөлік, өрлеме бөлік: бірқабатты 
жалпақ эпителий, су сорылады), 
4.  Дистальды  бөлім  (20-50  мкм,  түзу  бөлік,  ирек  бөлік,  бірқабатты  текше  тәрізді 
эпителий,  натрий,  калий  тұздарының  электролиттері).  Нефрон  ілгегін:  төмендеген 
проксимальды  бөлік,  жіңішке  бөлімнің  төмендеген  және  өрлеме  бөліктері,  өрлеме  түзу 
дистальды бөлік құрайды.  
5.  Жинағыш  түтікшелер  (бірқабатты  текше  тәрізді  эпителий,  бірқабатты  призма 
тәрізді  эпителий  –  гипотоникалық  зәр).  Жинағыш  түтікшелер  бір-бірімен  қосылып, 
емізікше 
өзекшелерін 
түзеді. 
Олар 
бүйрек 
тостағаншаларына, 
бүйрек 
сабақшаларына, бүйрек түбегіне ашылады.  
Нефрондардың  80%  жіңішке  бөлімдері  қысқа  болып  келеді.  Олар  бүйректің 
қыртысты аймағында орналасады. Ал 20% - бозғылт аймақ маңында орналасады. Олардың 
жіңішке  бөлімдері  бозғылт  аймаққа  терең  еніп,  кері  көтеріледі.  Бұларды  бозғылтмаңы 
(юкстамедулалы)  нефрондар  –  деп  атайды.  Нефрондарда  алғашқы  несептен  (қанның 
сарысуынан)  нағыз  несеп  (зәр)  түзіледі.  Зәр  –  бүйрек  түбегінен  несепағар  арқылы 
қуыққа барады. 
Юкстагломерулалы кешен – зәр бөлуге қажет қанның қысымын реттейтін және су 
мен  электролиттердің  кері  сорылуына  ықпалын  тигізетін  ренин  гормонын  бөледі. 
Кешенді:  нефрон  дистальды  бөлімі  өзекшесінің  тығыз  дағы,  әкелгіш  артериола 
қабырғасындағы  эпителий  тәрізді  (юкстагломерулалы)  жасушалар,  әкелгіш  және 
әкеткіш артериолалар аралығындағы (Гурмагтиг) жасушалары құрайды. 
4 – сұрақ. Несепағар – бүйректі қуықпен жалғастыратын түтікше мүше. Қабырғасы 
үш  қабықтан:  ішкі  –  кілегейлі  (екі  қабаттан  -  көпқабатты  ауыспалы  эпителий,  өзіндік 
тақташа,  көпіршікше-түтікше  бездер),  ортаңғы  –  етті  (үш  қабаттан  -  ішкі    және  сыртқа 
ұзынша, ортаңғы сақинаша қабаттар) және сыртқы – сірлі қабықтар. 
Қуық  –пішіні  алмұрт  тәрізді  зәр  уақытша  жиналатын  қуысты  мүше  (қуық  төбесі, 
қуық денесі, қуық мойны – қуық білеуліктері, несепағар тесіктері, несепағар қатпарлары, 
қуық  үшбұрышы,  олар  несепағар  қырын  түзеді).  Қуықтың  сірлі  қабығы:  қуықтың 
орталық  байламы  (аллантоис  қапшығына  өтетін  –  несепжолы  –  урахус,  кіндік 
артериялары).  Сақа  жануарларда  бұл  байлам  қуықтың  жұмыр  байламына  айналады. 
Қабырғасы үш қабықтан: кілегейлі қабық (үш қабаттан - көпқабатты ауыспалы эпителий, 
өзіндік  тақташа,  кілегейліасты  негіз),  етті  қабық  (үш  қабаттан  -  ішкі  және  сыртқы 
ұзынша, ортаңғы сақинаша) және сірлі қабық (қуықтың төбесі және денесі), адвентиция 
(қуық мойны) тұрады. 
Несепшығар өзегі  (уретра) – үш қабықтан (кілегейлі – эпителий, өзіндік тақташа; 
етті – ішкі ұзынша, сыртқы сақинашаадвентиция) тұрады.       
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Зәр бөлу мүшелерінің жануарлар организміндегі маңызы. 
2. Зәр бөлу мүшелері қандай бөлімдерге бөлінеді? 
3. Несеп түзу мүшесіне қандай мүше жатады? 
4. Несеп өткізу мүшелерін қандай мүшелер құрайды? 
5. Зәр бөлу мүшелерінің дамуы (филогенезі және онтогенезі). 
         6. Бүйректің құрылысы, түрлері, топографиясы.  
7. Нефронның бөлімдері, олардың құрылысы.. 
         8. Несепағардың, қуықтың, несепшығар өзегінің құрылысы. 
 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1.  «Жануарлар  морфологиясы  және  латын  терминологиясы»  оқулығы,  2005,  383  – 
398 беттер.     

№18  ДӘРІС. 
 
Дәрістің тақырыбы: Еркек жануарлар көбею мүшелерінің  морфологиясы.                                                                        
 
Дәрістің  мақсаты:  Студенттерді  еркек  жануарлар  көбею  мүшелерінің  даму 
процестерімен, макро – және микроскопиялық құрылыстарымен, жануарлардың түрлеріне 
байланысты олардың құрылыстарындағы ерекшеліктермен таныстыру. 
Түйінді  сөздер:  ен,  сперматогенді  жасушалар,  ен  қосымшасы,  несеп-жыныс  өзегі, 
енқап,шәуетжолы, енбау, қосымша жыныс бездері, жыныстық қатынас мүшесі. 
Иллюстрация  –  еркек  жануарлар  жыныс  мүшелері,  ен  мен  ен  қосымшасы 
құрылысының  схемасы,  енқап,  еннің  анатомиялық  және  гистологиялық  құрылысы 
(таблицалар, слайдтар). 
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 
         1. Көбею мүшелерінің жалпы сипаттамасы және құрылыс заңдылықтары. 
         2. Көбею мүшелерінің филогенезі және онтогенезі. 
         3.  Еннің  құрылысы,  топографиясы  және  жануарлардың  түрлеріне  байланысты 
олардағы ерекшеліктер. 
         4.  Енқаптың  және  жыныс  жолдарының  (ен  қосымшасы,  енбау,  шәуетжолы,  несеп-
жыныс өзегі, қосымша жыныс бездері, жыныстық қатынас мүшесі) құрылысы.  
Дәрістің қысқаша мазмұны: 
1-сұрақ.  Көбею  мүшелері  –  жануарлар  түрлерінің  сақталуы  мен  ұдайы  көбеюін 
қамтамасыз  ететін  ішкі  мүшелер  жүйесі.  Жыныс  мүшелері  құрылысы  мен  қызметіне 
байланысты екі бөлімге бөлінеді:  
1.  Жыныс  бездері  (паренхималы  мүшелер)  –  еркек  жануарларда  –  ен;  ұрғашы 
жануарларда – жұмыртқалық.          
2.  Жыныс  жолдары  (түтікше  мүшелер)  –  еркек  жануарларда  –  ен  қосымшасы, 
енбау, шәуетжолы, несеп-жыныс өзегі, қосымша жыныс бездері, жыныстық қатынас 
мүшесі; ұрғашы жануарларда – жатыр түтігі (жұмыртқа жолы), жатыр, қынап, несеп-
жыныс кіреберісі, сыртқы жыныс мүшелері.  
2  –  сұрақ.  Филогенез.  1.Жыныссыз  көбею  (жасушалардың  бөлінуі,  шизогония)  – 
қарапайымдар. 
2.Жыныссыз  және  жыныстық  көбею  (макрогаметалар,  микрогаметалар)  – 
ішекқуыстылар. 
3.Гермафродитизм (бір организмде аталық және аналық жыныс мүшелері болады) – 
ақ планария, паразит құрттар 
4. Жыныстық көбею – дара жынысты жануарлар.  
 Онтогенез. Жыныс бездері - аралық  бүйректің медиальды бетіндегі  мезотелийдің 
(мезодерма  сегменттік  аяқшасы  –  нефрогонадотомынан  жетіледі)  жыныс  қатпары 
(гонад)    ретінде  қалыптасады.  Сарыуыз  энтодермасынан  жетілген  гаметобласттар  
қанның ағысымен  гонадқа келіп қоныстанады. Гонад жасушалары жыныс жасушаларын 
қоректік заттармен қамтамасыз ететін тіректік жасушаларға, ал гаметобласттар – жыныс 
жасушаларына  (болашақ  жынысына  байланысты  сперматозоидтарға  немесе  жұмыртқа 
жасушаларына)  айналады.  Еркек  жануарлардың  жыныс  безі  –  ен,  ал  ұрғашы 
жануарлардың жыныс безі – жұмыртқалық дамып жетіледі. 
Жыныс  жолдарының  дамуы  зәр  бөлу  мүшелері  дамумен  тікелей  байланысты. 
Еркек  жануарларда  аралық  бүйрек  (Вольф)  өзегінен  –  ен  қосымшасының  өзегі  және 
шәует  жолы  дамиды.  Ұрғашы  жануарларда  бастапқы  бүйрек  (Мюллер)  өзегі  белсенді 
жетіліп,  жұмыртқа  жолына,  жатырға  және  қынапқа  айналады.  Жұп  Мюллер  өзегінің 
бір-бірімен  түрлі  дәрежеде  қосылып  дамуына  байланысты  әр  түрлі  жануарларға  тән 
жатыр түрлері дамып жетіледі.  

1.Мюллер  өзектері  бір-бірімен  қосылмай  несеп-жыныс  кіреберісіне  жеке  дара 
ашылуы  нәтижесінде  қосқынапты  қосжатыр  дамиды  (кенгуру,  қалталы  аю  -  коала, 
қалталы пері, қалталы көртышқан т.б.). 
2.Мюллер  өзектерінің  соңғы  ұштарының  қосылуынан  бірқынапты  қосжатыр 
жетіледі (пілде, кейбір кеміргіштерде). 
3.Мюллер  өзектерінің  одан  әрі  көбірек  қосылуынан  қосбөлімді  жатыр  дамиды 
(кейбір кеміргіштер, жарғанаттар). 
4.Мюллер  өзектерінің жартылай  қосылуынан  жоғарғы  плаценталы жануарларға  тән 
қосмүйізді жатыр дамып жетіледі. 
5.  Мюллер  өзектерінің  толық  қосылуынан  қарапайым  жатыр  жетіледі  (адам, 
приматтар). 
3  –  сұрақ.  Ен  –  пішіні  сопақша  келген  жұп  еркек  жануарлардың  жыныс  безі. 
Құрылысы жағынан қомақты паренхималы мүше. Еркек жануарлар жыныс безінде аталық 
жыныс  жасушалары  –  сперматозоидтар  көбейіп  пісіп  жетіледі  және  аталық  жыныс 
гормоны  –  тестостерон  түзіледі.  Ен  –  құрсақ  қабырғасының  қалта  тәрізді  туындысы  – 
енқапта орналасқан. 1. Еннің бөліктері:   1.Ен басы,  
                                                                 2.Ен денесі,  
                                                                 3.Ен құйрығы;  
                            2. Еннің жиектері:    1.Енқосымшалық жиек, 
                                                                  2.Бос жиек; 
                            3. Еннің беттері:        1.Латеральды, 
                                                                  2.Медиальды. 
Ен  екі  қабықпен  қапталған:  1.Өзіндік  қынаптық  қабық  (висцеральды  ішперде 
жалғасы), сыртқы қабық, 2.Ақ қабық (тығыз дәнекер ұлпасы), ішкі қабық. Ақ қабық  ен 
басынан  ен  құйрығына  қарай  үңгілей  еніп,  ен  ортасын  жасайды.  Ақ  қабықты  ен 
ортасымен  жалғастырып,  ен  паренхимасын  (ирек  тұқымдық  өзекшелер)  бөліктерге 
бөлетін  тығыз  дәнекер  ұлпалық    аралықтар  ен  перделіктері  –  деп  аталады.  Еннің 
стромасын:  дәнекер  ұлпалық  ақ  қабық,  ен  ортасы,  ен  перделіктері  құрайды.  Ен 
бөлікшелері – 2 – 4 ирек тұқымдық өзекшелерден тұрады. Сперматогенез процесі ирек 
тұқымдық өзекшелердің  қабырғаларында жүреді. Ирек тұқымдық өзекшелер сыртынан 
өзіндік  қабықпен  (дәнекер  ұлпасы)  қапталған.  Бұлардың  қабырғаларын  құрылымдық 
негізде  бір-бірімен  тығыз  байланысқан  екі  түрлі  жасушалар:  пішіні  конус  тәрізді 
эпителиоциттер  (торфикалық  синцитий,  Сертоли  жасушалары)  мен  сперматогенді 
жасушалар  (өзектің  сыртқы  жағынан  оның  қуысына  қарай  даму  сатысындағы  жыныс 
жасушаларының  орналасу  қатарлары:  сперматогониялар,  біріншілік  сперматоциттер, 
екіншілік  сперматоциттер,  сперматидалар,  сперматозоидтар)  құрайды.  Бұлардың 
аралығында қан тамырларына бай борпылдақ дәнекер ұлпасы мен тестостерон гормонын 
бөлетін  интерстициальды  жасушалар  (эндокриноциттер)  болады.  Бөлікшелерден 
шығатын  түзу  тұқымдық  өзекшелер  ен  ортасында  бір-бірімен  байланысып,  ен  торын 
жасайды. 
4  –  сұрақ.  Тұқымәкеткіш  өзекшелер  (10  -  30)  –  ен  торынан  пісіп  жетілген 
сперматозоидтарды  алып  шығып,  ен  қосымшасының  өзегіне  жеткізеді.  Бұлар  ен 
қосымшасының  басын  құрайды.  Қабырғасы  екі  қабаттан  тұрады:  ішкі  –  бірқабатты 
эпителий  қабаты  (призма  тәрізді  кірпікшелі  эпителиоциттер  және  кірпікшесіз  текше 
тәрізді  эпителиоциттер),  сыртқы  –  құрамында  жекеленген  миоциттер  болатын  дәнекер 
ұлпалық  қабат.  Призма  тәрізді  кірпікшелі  эпителиоциттер  –  сперматозоидтардың 
тұқымәкеткіш  өзекшелерден  ен  қосымшасына  қарай  қозғалуын  қамтамасыз  етеді,    ал 
кірпікшесіз текше тәрізді  эпителиоциттер –  сперматозоидтардың қоректенуіне керекті 
сөл бөледі. Тұқымәкеткіш өзекшелер – ен қосымшасының басын құрайды. 
Ен  қосымшасы  –  пісіп  жетілген  шәует  (сперма)  уақытша  жиналып  сақталатын 
түтікше  мүше.  Ен  қосымшасының  өзегі  тұқымәкеткіш  өзектердің  қосылуынан  пайда 
болады.  Оның  сөлі  сперматозоидтардың  қимыл  қозғалыстарын  тежеп,  олардың  тіршілік 

қасиеттерінің  ұзақ  мерзімге  сақталуын  қамтамасыз  етеді.  Аталмыш  өзек  ен 
қосымшасының денесі мен құйрығын құрайды. Қабырғасы екі қабаттан тұрады: ішкі – 
бірқабатты  екіқатарлы  эпителий  қабаты  (екі  түрлі  эпителиоциттер  құрайды:  1.сопақ 
ядролы  призма  тәрізді  эпителиоциттер  –  ядролары  жоғары  орналасады,  сөл  бөледі;  
2.дөңгелек  ядролы  текше  тәрізді  эпителиоциттер  –  ядролары  негіздік  жарғаққа  жақын 
орналасады,  камбиальды  қызмет  атқарады)  және  сыртқы  –  дәнекер  ұлпалы-етті  қабат 
(құрамында бірыңғай салалы ет миоциттері болады).  
Шәуетжолы – шәуетті ен қосымшасынан алып шығатын түтікше мүше. Қабырғасы 
үш  қабықтан:  кілегейлі,  етті  және  сірлі  қабықтардан  тұрады.  1.Кілегейлі  қабық  –  екі 
қабаттан:  эпителий  және  өзіндік  тақташадан  құралған.  Эпителий  қабаты  –  ен 
қосымшасынан  басталған  бөлігін  –  екіқатарлы  кірпікшелі  эпителий,  ал  несеп-жыныс 
өзегіне жақын бөлігін – бірқатарлы призма тәрізді эпителий астарлайды. Несеп-жыныс 
өзегіне  ашылар  тұста  кеңейіп,  ампула  тәрізді  без  түзеді.  Бездің  сөлі  сперматозоидтарды 
қоректендіреді.  2.Етті  қабық  –  екі  қабаттан:  ішкі  –  сақинаша,  сыртқы  –  ұзынша 
қабаттардан тұрады (бірыңғай салалы ет ұлпасы). 3.Сірлі қабық. 
Енбау  –шәуетжолынан,  қан  және  лимфа  тамырлары  мен  жүйкелерден  құралған   
пішіні  кесілген  конус  тәрізді  құрылым.  Ол  шап  өзегіндегі  қынаптық  өзекте  жатады, 
тамырлар және шәуетжолы қатпарларынан құралған. 
Несеп-жыныс өзегі  – шәуетэжолының қуық  мойнына ашылған жерінен басталады. 
Ол  екі  бөліктен:  жамбастық  және  жыныстық  мүше  бөліктерден  тұрады.  Қабырғасы  үш 
қабықтан:  кілегейлі,  кеуекті  және  етті  қабықтардан  тұрады.    1.Кілегейлі  қабық 
(көпқабатты  ауыспалы  эпителий  және  өзіндік  тақташа),  2.Кеуекті  қабық  (дәнекер 
ұлпалық  перделіктер  –  миоциттер,  эластин  талшықтары;  эндотелиймен  астарланған 
үңгірқуысты  вена  қан  тамырларының  торы),  3.Етті  қабық  (көлденең  жолақты  бұлшық 
ет). 
Қосалқы  жыныс  бездері  –  несеп-жыныс  өзегінің  жамбастық  бөлігі  қабырғасында 
орналасады:  1.Көпіршікше  без  –  жұп  без.  Қабырғасы  үш  қабықтан:  1.Кілегейлі  қабық 
(бірқабатты  призма  тәрізді  эпителий,  өзіндік  тақташа  –  көпіршікше-түтікше  бездер  – 
кілегейлі сөл бөледі), 2.Етті қабық (нашар жетілген), 3.Адвентиция.  
2.Қуықалды  без  –  қабырғалық  бездер  (шашыранды  без  –  кеуекті  қабықта)  және 
қабырғадан тыс бездер (оң, сол бүйір бөліктер, мойыншығы, денесі). Құрылысы жағынан 
көпіршікше-түтікше  бездергежатады.  Без  –  дәнекер  ұлпалық  перделіктермен  бөлінген 
бөлікшелерден  тұрады.  Без  альвеолалары  қабырғаларын  бірқабатты  безді  эпителий 
құрайды. Олардан без сөлін алып шығатын өзекшелер бір-бірімен қосылып, несеп-жыныс 
өзегіне  ашылатын  негізгі  без  өзегін  (көпқабатты  ауыспалы  эпителий  астарлайды)  түзеді. 
Без  секреті  шәуетпен  бір  мезгілде  бөлініп,  шәуеттің  қышқылдық  ортасын 
бейтараптандырып, сперматозоидтардың қимыл қозғалысын арттырады. 
3.Баданаша  без  –  несеп-жыныс  өзегі  жамбастық  бөлігінің  соңғы  жағында 
орналасқан жұп без. Безді бадана-кеуекті бұлшық еті жоғарғы жағынан жауып тұрады. 
Без құрылысы жағынан күрделі көпіршікше-түтікше бездерге жатады. Без альвеолалары 
қабырғаларын бірқабатты призма тәрізді безді эпителий құрайды. 
Каталог: attachments -> article -> 285
285 -> Мал шаруашылығЫ Өнімдерін өндіру және өҢдеу
article -> Род имён существительных
article -> Истинная вежливость. Цель. Воспитывать чувство уважения и вежливости. Оформление
285 -> Биохимия кафедрасы
285 -> Биохимия кафедрасы
285 -> Н. О. Базанова атындағы физиология, морфология және биохимия кафедрасы jbhim «Жануарлар биохимиясы»
285 -> Мал шаруашылығЫ Өнімдерін өндіру және өҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ФАКУЛЬТЕТІ мал шаруашылығы және балық Өнімдерін өндіру технологиясы


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет