Технология және биоресурстар факультеті



жүктеу 1.67 Mb.
Pdf просмотр
бет5/30
Дата03.03.2017
өлшемі1.67 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

лимфоциттер  қатарының  бастама  унипотентті  жасушалары  әлі  анықтала  қойған  жоқ. 
Бірақ,  тиісті  жасушалық  антигендік  маркерлер  арқылы  жекелей  Т  және  В 
лимфоциттердің унипотентті жасушалары анықталды. 
Эритропоэз:  полипотентті  ДК  -  полипотентті  ЖДК  -  унипотентті  бастама 
жасушалар  –  эритробласттар  (15-25  мкм)  –  пронормоциттер  (митоз  12-18  мкм)  – 
базофилді  нормоциттер  (10-12  мкм)  -  полихроматофилді  нормоциттер  –  оксифилді 
нормоциттер – ретикулоциттер – эритроциттер. 
Гранулоцитопоэз – полипотентті ДК - полипотентті ЖДК - унипотентті бастама 
жасушалар - миелобласттар (20-25 мкм) – промиелоциттер (митоз арқылы бөлініп үш 
түрлі  миелоциттерге  айналады):  1.  Нейтрофилді  миелоциттер  (12-18  мкм)  – 
метамиелоциттер  (қанға  шығарылса  лобия  тәрізді  ядролы  балғын  нейтрофилді 
лейкоциттер, таяқша ядролы нейтрофилді лейкоциттер, сегментті ядролы  нейтрофилді 
лейкоциттер),  2.  Эозинофилді  миелоциттер  (14-16  мкм)  –  эозинофилді 
метамиелоциттер  (балғын,  таяқша  ядролы,  сегментті  ядролы),  3.  Базофилді 
миелоциттер  –  базофилді  метамиелоциттер  (балғын,  таяқша  ядролы,  сегментті 
ядролы). 
Моноцитопоэз  -  полипотентті  ДК  -  полипотентті  ЖДК  -  унипотентті  бастама 
жасушалар – монобласттар – промонобласттар – моноциттер. 
Лимфоцитопоэз  -  полипотентті  ДК  -  полипотентті  ЖДК  -  унипотентті  бастама 
жасушалар  –  Т  және  В  лимфобласттар  –  үлкен  Т  және  В  лимфоциттер  –  орташа  Т 
және В лимфоциттер - Т және В кіші лимфоциттер. 
Тромбоцитопоэз  - полипотентті ДК  - полипотентті ЖДК - унипотентті  бастама 
жасушалар  –  мегакариобласттар  –  промегакариоциттер  –  мегакариоциттер  –  қан 
табақшалары (тромбоциттер). 
3-сұрақ.  Дәнекер  ұлпалары  3  топқа  бөлінеді:  1)  талшықты  дәнекер  ұлпасы,  2) 
арнайы  қасиеттері  бар  дәнекер  ұлпалары,  3)  қаңқа  дәнекер  ұлпалары.  Қызметі:  1) 
трофикалық (зат алмасуды іс жүзіне асырады), 2) қорғаныс (қорғаныс, иммунды денелерді 
түзу),  3)  тіректік,  4)  механикалық,  5)  құрылымдық  (строма-қапшақтар,  перделіктер),  6) 
пластикалық (қалпына келу - регенерация), 7) организмнің ішкі орта тұрақтылығын сақтау 
– гомеостаз
Талшықты дәнекер ұлпасы: борпылдақ және тығыз дәнекер ұлпаларына бөлінеді. 
Тығыз  дәнекер  ұлпасы:  1)  тығыз  қалыптасқан  дәнекер  ұлпасы,  2)  тығыз  қалыптаспаған 
дәнекер ұлпасы.  
Борпылдақ  дәнекер  ұлпасы:  жасушалардан  және  жасушааралық  заттан  тұрады. 
Жасушалар:  1)  отырықты  жасушалар  –  фибробластар,  липоциттер,  адвентиоциттер, 
тамырлар  перициттері,  пигментоциттер,  2)  қозғалмалы  жасушалар  –  гистиоциттер 
(макрофагтар), ұлпа базофилі (шырлы жасуша), лимфоциттер, плазмоциттер. 
Фибробласттар – 40-50 мкм, ядросында 1-2 ядрошық, эндоплазмалық тор, Гольдж 
кешені, рибосомалар жақсы, митохондриялар мен лизосомалар орташа деңгейде жетілген. 
Олар:  коллаген,  эластин  талшықтарының  жіпше  белоктарын,  аморфты  заттың 
гликозамингликандарын  түзеді  (эмбриогенез,  постэмбриогенез).  Мезенхима  –  діңгекті 
жасушалардан дамиды.  
Гистиоцит  –  пішіні  сопақ,  ұршық  тәрізді.  Моноциттен  жетіледі.  Ядросы  (сопақ, 
лобия  тәрізді)  цитоплазмасының  бір  шетіне  ығыса  орналасады.  Органеллалар  жақсы 
жетілген, лизосомалар тым көп. Жалғанаяқтарының көмегімен қозғалады. Бөгде заттарды, 
бактерияларды фагоцитоз арқылы жояды. 

Адвентиоциттер,  перицит,  плазмоцит,  ұлпа  базофилі,  кейде  ретикулоциттер 
болады. 
Жасушааралық зат: коллаген, эластин, ретикулин талшықтары, аморфты зат, ұлпа 
сұйығы. 
Тығыз  дәнекер  ұлпасы:  1.  Қалыптасқан    тығыз  дәнекер  ұлпасы.  Ол  өз 
кезегінде:  коллагенді  (бұлшық  ет  сіңірі,  байлам)  және  эластинді  (желке,  шотүстілік 
байлам,  жота  өсінділеріаралық  байлам)  болып  бөлінеді.  Жасушалары  –  фиброциттер, 
жасушааралық зат – біріншілік шоғыр (фиброциттер қатарлары аралығында), екіншілік 
шоғыр (эндотеноний аралықтарында) т.б. 
Қалыптаспаған тығыз дәнекер ұлпасы – фибробластардан және біріншілік және 
екіншілік 
коллаген 
талшықтары 
шоғырларынан, 
олардың 
аралықтарындағы 
эндотенонийлерден тұрады. Терінің дерма қабатын құрайды. 
4-сұрақ.  Арнайы  қасиеттері  бар  дәнекер  ұлпалары:  1)  ретикулалы  ұлпа 
(ретикулоциттер  және  ретикулин  талшықтары),  2)  май  ұлпасы  (липоциттер,  олар 
сыртынан  ретикулин  талшықтарымен  қапталған),  3)  пигментті  дәнекер  ұлпасы  – 
мелоноциттері бар борпылдақ дәнекер ұлпасы (көздің ңұрлы, тамырлы қабықтары, терінің 
пигменттелген бөліктерінде). 
Қаңқа  дәнекер ұлпалары: шеміршек және сүйек ұлпалары. 
Шеміршек  ұлпасы:  су  –  70-80%,  органикалық  зат  –  10-15%,  тұз  –  4-7%.  Құрғақ 
заттың – 50-70% коллаген талшықтары. 
Гиалинді, эластинді және талшықты шеміршек ұлпалары. 
Гиалинді шеміршек сыртынан шеміршекқаппен қапталған. 
Шеміршекқап:  сыртқы  –  талшықты  (қантамырлары),  ішкі  –  хондрогенді 
(хондробластар).  Жасушааралық  зат  –  гликозамингликандармен  желімделген  коллаген 
талшықтарынан тұрады.  
Эластинді шеміршек – эластин талшықтары болады. 
Талшықты шеміршек – коллаген талшықтарының ірі шоғырлары болады. 
Сүйек ұлпасы – остеоциттерден және сүйек тақташаларынан тұрады. Су, тұздар – 
70%,  организмдегі  кальцийдің  –  97%,  органикалық  затының  95%  -  коллаген  белогі 
құрайды. Қалған бөлігін – гликопротеидер, липидтер, гликозамингликандар түзеді. 
Сүйек  ұлпасының  физикалық  қасиеттері:  иілгіштік,  серпенділік,  қаттылық 
=беріктік. 
Сүйек  ұлпасы:  1)  ірі  талшықтары,  2)  пластинкалық  және  3)  дентинді  сүйек 
ұлпалары.   
Пластинкалық сүйек ұлпасы: 1) остеоциттер, 2) сүйек пластинкалары. 
Сүйек пластинкасы: 1) оссеин талшықтары және оссеомукоид (органикалық зат),  
2) минералды тұздар (кальций, фосфор). Остеобластар – 15-20мкм, остеоциттер – 
зат  алмасу,  остеокластар  –  90-100мкм.  Лизосома  көп.  Сүйек  ұлпасында  сүйек 
пластинкаларының остеондар, ендірме және жалпы жүйелері болады. 
Оссеин  талшықтарының  қалындығы  –  10-150  нм.  Остеон  өзегі  –  20-30  мкм. 
Остеонның орташа диаметрі – 100-170 мкм, қабырғасын 3-8 сүйек тақташалары құрайды.  
Остегенез.  І.  Эмбриогенезде.  1.  жарғақтық  және  2.  сүйектің  шеміршек  моделі 
орнында  дамуы.    ІІ.  Туғаннан  кейінгі  остеогенез.  1.  сүйектердің  көлденеңінен  және 
ұзынынан өсуі, 2. жарылған және сынған сүйектердің қалпына келуі. 
Бақылау сұрақтары: 
1. Дәнекер ұлпасының жалпы сипаттамасы, шығу тегі, қызметі 
2. Қанның құрылысы, маңызы. 
3. Талшықты дәнекер ұлпалары: құрылысы, денедегі орны, маңызы. 
4. Арнайы қасиеттері бар дәнекер ұлпалары: денедегі орны, маңызы. 
5. Қаңқа дәнекер ұлпалары: шеміршек, сүйек ұлпалары: денедегі орны, маңызы. 
Ұсынылған әдебиеттер: 

1. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» оқулығы, 2005, 127 - 161 
беттер. 
 
№5 ДӘРІС. 
 
Дәрістің тақырыбы: Ет және жүйке ұлпаларының морфологиясы. 
 
Дәрістің  мақсаты:  студенттерді  ет  және  жүйке  ұлпаларының  шығу  тегімен, 
құрылысымен,  жануарлар  денелеріндегі  орналасу  орындарымен  және  атқаратын 
қызметімен таныстыру. 
Түйінді сөздер: ет ұлпасы, бірінғай салалы ет ұлпасы, көлденең жолақты ет ұлпасы, 
жүйке ұлпасы, нейроцит, нейроглия, жүйке талшығы, жүйке ұшы, рефлекторлық доға.   
Иллюстрация:  нейроциттер,  нейроглия,  жүйке  талшығы,  рефлекторлық  доға 
(таблицалар, слайдтар).  
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар: 
1. Ет ұлпасының жалпы сипаттамасы 
2. Бірыңғай салалы және көлденең жолақты ет ұлпаларының құрылысы. 
3. Жүйке ұлпасының жалпы сипаттамасы 
4.  Нейроциттердің  түрлері,  құрылысы,  нейроглия,  жүйке  талшықтары,  ұштары. 
Рефлекторлық доға. 
Дәрістің мазмұны: 
1  сұрақ.  Ет  ұлпалары  жануарлар  денелерінің  кеңістіктегі  қозғалысын,  дене 
мүшелерінің ерікті және еріксіз салыстырмалы қимыл-қозғалысын іс жүзіне асырады. Ет 
ұлпасының жиырылу, ширығу, босаңсу қызметтері жүйке ұлпасының қызметімен тікелей 
байланысты және оның басқарумен жүреді. 
Ет ұлпаларына ортақ құрлымдық белгілер: 1) ет ұлпалары эмбриондық жасушалар 
миобластардан  дамиды; 2) ет ұлпаларының жасушалары (миоциттер, кардиомиоциттер) 
мен  талшықтарына  (миосимпласт)  тән  құрылымдық  ерекшеліктер  –  олардың 
цитоплазмаларында  жиырылу  қызметін  іс  жүзіне  асыратын  арнайы  органеллалар  - 
миофибриллалардың болуы. 
Ет  ұлпаларының  жасушалары  мен  талшықтары  цитоплазмасында  жиырылу 
процесіне  көп  мөлшерде  қажет  қуатпен  (энергиямен)  қамтамасыз  ететін  цитологиялық 
құрылымдар  мен  химиялық  элементтер  (митохондриялар,  гликоген,  миоглобин,  кальций 
ионы) болады. 
Ет  ұлпасы  шығу  тегіне,  құрылысына,  денедегі  орналасу  орнына  және  қызметіне 
байланысты:  1)  бірыңғай  салалы  жолақсыз  ет  ұлпасы,  2)  көлденең  жолақты  ет  ұлпасы 
және 3) арнайы жиырылғыш ет ұлпасы болып үш топқа бөлінеді. 
2  сұрақ.  Бірыңғай  салалы  ет  ұлпасы  (БСЕҰ):  құрылысы  -  миоциттерден  (ет 
жасушалары) тұрады, БСЕҰ мезенхимадан дамиды, жануарлар организмдегі орны: ішкі 
мүшелер және тамырлар қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттарды құрайды, БСЕҰ 
-  ның  миоциттері  еріксіз  (автономды)  жиырылады.  Мүшелердің  денедегі  орналасу 
орындары мен атқаратын қызметіне сәйкес миоциттерінің мөлшері әр түрлі (20-500 мкм) 
болып келеді. БСЕҰ миоциттерінің пішіні ұршық сабына ұқсас, ядро орналасқан ортаңғы 
бөлігі  жуандау,  ал  екі  ұшы  үшкір  болып  келеді.  Миоциттер  де,  басқа  сома  жасушалары 
сияқты  –  жасуша  қабықшасынан,  цитоплазмадан  және  ядролан  тұрады.  Жасуша 
цитоплазмасында    жалпы  органеллалармен  қатар,  миоциттердің  жиырылуын  іс  жүзіне 
асыратын  арнайы  органеллалар  –  миофибриллалар  (белоктық  жіпшелер)  ұзынынан 
орналасады.  Миофибриллалар  -  актин  және  миозин  миофиламенттерінен  құралған. 
Миозин актинге қарағанда 3-24 есе жуан. Миоцит сыртынан екі қабат қабықпен: сыртқы - 
негіздік  жарғақ  және  ішкі  -  плазмолеммамен  қапталған.  Бұлардың  аралығында  ені  15-20 
нм  кеңістік  қалады.  Миоциттер  –  эндомизий  қабаттары  (БДҰ,  қан,  лимфа  тамырлары 
мен  жүйкелер)  арқылы  байланысып,  БСЕҰ-ның  етті  қабаттары  мен  қабықтарының 

шоғырларын  құрайды.  Миоциттер  шоғырлары  бір-бірімен  перимизий  (БДҰ,  қан,  лимфа 
тамырлары  мен  жүйкелер)  арқылы  байланысып,  ішкі  мүшелер  мен  тамырлар 
қабырғаларындағы  етті  қабаттар  мен  қабықтарды  құрайды.  Бұлар  құрылысы  жағынан 
паренхималы  құрылымдарға  жатады,  яғни  олар  паренхимадан  (миоциттер)  және 
стромадан (дәнекер ұлпалық аралықтар – эндомизий, перимизий) тұрады. 
 
Көлденең жолақты ет ұлпасы өз кезегінде: қаңқа бұлшықет ұлпасы және жүрек 
бұлшықет ұлпасы.  
 
Көлденең  жолақты  қаңқа  бұлшықет  ұлпасы  (КЖҚБҰ):  құрылысы  - 
миосимпластардан  тұрады,  КЖҚБҰ  мезодерма  миотомынан  дамиды,  жануарлар 
организміндегі  орны  -  қаңқа  бұлшық  еттерін  құрайды,  миосимпласттар  ерікті 
жиырылады.  Миосимпласттар  да,  сарколеммадан  (негіздік  жарғақ,  плазмолемма), 
саркоплазмадан және көптеген ядролардан құралған.  Миосимпласттар миофибриллалары 
ретімен  және  кезегімен  орналасқан  актин  және  миозин  жырылғыш  белок  жіпшелерінен 
құралған.  Оларды  бекітіп  туратын  телофрагма  және  мезофрагма:  титин  және  небулин 
белоктарынан  тұрады.  Миофибрилланың  көрші  екі  телофрагма  аралығындағы  бөлігін  – 
саркомер  дейді.  Саркомердің  қақ  ортасында  М-сызығы  –  мезофрагма  орналасады. 
Мезофрагмадан  телофрагмаға  қарай  миозин  миофиламенттері,  ал  телофрагмадан 
мезофрагмаға  қарай  актин  миофиламенттері  бағытталып,  бір-біріне  жанаса  кіріп 
параллельді  орналасып,  біраз  аралықта  кірмелер  түзеді.  Диаметрі  10  нм,  ұзындығы  1,5 
мкм  әрбір  миозин  миофиламентін,  диаметрі  5  нм,  ұзындығы  1  мкм  алты  актин 
миофиламенті  қоршап  жатады.  М-сызығының  екі  жағындағы,  тек  миозин 
миофиламентімен  тұратын  ақшыл  айырмақты  Н-жолақ  дейді.  Телофрагма  аймағында 
плазмолемма  ішке  қарай  қаптарлана  еніп,  көлденең  түтікшелер  –  (Т-түтікшелер) 
құрайды. Олардың құрамына негіздік жарғақ та кіреді. Актин миофиламенттері – ақшыл 
діскілерді  (I-изотропты),  миозин  миофиламенттері  –  күнгірт  дискелерді  (А-
анизотропты) құрайды. 
Көлденең  жолақты  жүрек  бұлшықет  ұлпасы  (КЖЖБҰ):  құрылысы  -  
кардиомиоциттерден  тұрады,  КЖЖБҰ  мезодерма  спланхнотомынан  дамиды, 
жануарлар  организміндегі  орны  -  жүректің  миокард  қабығын  құрайды, 
кардиомиоциттер 
еріксіз 
жиырылады
Қызметіне 
байланысты 
КЖЖБҰ-ның  
кардиомиоциттері: 
жұмысшы 
(жиырылғыш) 
кардиомиоциттер 
және 
өткізіш 
кардиомиоциттер  болып  бөлінеді.  Жұмысшы  кардиомиоциттердің  пішіні  –  цилиндр 
тәрізді,  ұзындығы  –  100-150  мкм,  қалындығы  –  10-20  мкм.  Ұштарындағы  саусақ  тәрізді 
өсінділері  арқылы  өзара  байланысып,  екі  көрші  кардиомиоциттер  –  ендірме  дискілер 
түзеді.  Өткізгіш    кардиомиоциттердің  ұзындығы  –  100  мкм,  қалындығы  –  50  мкм. 
Жасуша  плазмолеммасы  Т-түтікшелер  түзбейді.  Кардиомиоциттер  тек  өздерінің 
ұштарымен  ғана  емес,  бүйір  бетіндегі  аралық  өсінділері  арқылы  да  байланысады. 
Ендірме дискілерінің құрылысы қарапайым келеді. 
Арнайы  жиырлғыш  ұлпалар:  сүт,  сілекей,  тер  бездерінің  миоэпителиоциттері,  көз 
нұрлы  қабығының  миопигментоциттері,  көз  қарашығын  тарылтқыш  миоциттер  жатады. 
Миоэпителиоциттер (М) – пішіні себет тәрізді көпөсінділі жасушалар. М - сүт, сілекей, 
тер  бездерінің  секрет  (бөлінді)  бөлетін  соңғы  бөлімдерін  сыртынан  себет  тәрізді  қаптап, 
бездің  соңғы  бөлімдері  бөліндіге  толған  кезде  рефлекторлы  түрде  жиырылып 
(миофиламенттердің  көмегімен),  секреттің  шығару  өзектеріне  шығарылуын  қамтамасыз 
етеді.  Миопигменттоциттер  мен  миоциттердің  құрылысы    БСЕҰ-ның  миоциттері 
ұрылысына 
ұқсас. 
Миоэпителиоциттер, 
миопигменттоциттер 
және 
миоциттер 
эктодермадан дамиды. 
3 – сұрақ.  Жүйке ұлпасы – жоғары дәрежеде жетілген, маманданған құрылым. Ол 
жүйке жүйесі мүшелерінің негізін құрайды. Жүйке ұлпасы қоршаған сыртқы ортадан және 
организмнің ішкі ортасынан келетін тітіркеністерді қабылдап, олардың әсерлерінен қозып, 
осының нәтижесінде пайда болған жүйке толқындарын орындаушы мүшелерге жеткізеді, 
сондай-ақ  дененің  әсер  етуші  тітіркеністерге  жауап  реакциясын  ұйымдастырады.  Демек, 

жүйке  ұлпасы  организм  мүшелерінің  қызметтерін  үйлестіріп,  оларды  біріктіріп  біртұтас 
етіді де, оны қоршаған ортамен байланыстырады.  
Жүйке  ұлпасын  нейроциттер  және  жүйкелік  глия  (нейроглия)  құрайды..  Жүйке 
ұлпасының негізгі қызметтерін (тітіркеністерді қабылдау, жүйке толқындарын түзу және 
өткізу) нейроциттер (жүйке жасушалары) атқарады. 
Нейроглия – нейроциттер үшін тіректік, трофикалық,  оқшаулау, секреторлық, қорғаныс 
қызметтерін атқарады. Жүйке ұлпасы нейроэктодермадан дамиды. 
Нейроциттер (Н) - молшері – 4 -130 мкм, өсінділі жасушалар. Н өсінділерінің үзындығы – 
1,5  -  2м  –  ге  дейін  болады.  Н  –  дендриттерден  (тітіркеністі  сырттан  қабылдайтын 
нейроциттер  өсінділері),  перикарионнан  (ядросы  орналасқан  жасушаның  денесі  – 
нейроплазмадан,  нейролеммадан  және  ядродан  тұрады)  және  аксоннан  (нейроцит 
денесінен  тітіркеністі  алып  шығып,  басқа  нейроциттер  дендриттеріне  немесе 
перикариодарына,  болмаса  орындаушы  мүшелерге  жеткізеді)  тұрады.  Құрылысына 
байланысты  (өсінділерінің  санынасәйкес)  нейроциттер:  униполярлы  нейроциттер 
(бірөсінділі  нейроциттер),  биполярлы  нейроциттер  (екі  өсінділі  нейроциттер)
мультиполярлы  нейроциттер  (көпөсінділі  нейроциттер),  ал  қызметіне  байланысты  -  
рецепторлы  (афферентті,  сезімтал)  нейроциттер,  ассоциативті  (байланыстырғыш) 
нейроциттер  және  эффекторлы  (эфферентті,  қозғалтқыш)  нейроциттер  болып 
бөлінеді..  Рецепторлы  нейроциттер  жұлын  мен  мидың  сұр  затында,  вегетативті  екінші 
эффекторлы нейроциттер - жұлын мен мидың сезімтал жүйке ганглийлерде, ассоциативті 
және  қозғалтқыш  сомалық  нейроциттер  –  жұлын  мен  мидың    сұр  затында,  вегетативті  
екінші  эффекторлы  нейроциттер  –  вегетативті  ганглийлерде  орналасады.  Эмбриондық 
кезеңде нейроциттер бір өсінділі нейробластардан дамиды. 
Жүйкелік глия (нейроглия): макроглия және микроглия болып бөлінеді.  Макроглия  – 
эпендимоциттер,  астроциттер,  олигодендроциттер.  Астроциттер  –  протоплазмалық 
(қысқа  сәулелі)  және  талшықты  (ұзын  сәулелі  -  30-40  өсінді)  болып  бөлінеді. 
Олигодендроциттер  –  неврилемма,  леммоцит.  Микроглия  –  глиялық    макрофаг, 
моноцит  туындысы,  мезенхимадан  дамиды.  Жүйке  талшықтары  -  қабықтармен 
қапталған нейроциттер өсінділері. Миелинсіз (үлпексіз) жүйке талшықтары – біліктілік 
цилиндрден  және  нейролеммоциттерден  тұрады.  Олардың  диаметрі  –  0,5-2  мкм,  жүйке 
толқынын – 0,6-0,8 м/сек жылдақпен өткізеді. Бұлардың біліктік цилиндрі – тым жіңішке – 
15-40  нм.  Миелінді  (үлпекті)  жүйке  талшықтары  (МЖТ)  –  жүйке  жүйесінің  сомалық 
бөлігінде  орналасады.  Диаметрі  –  7-20  мкм,  жүйке  толқынын  –  100-120  м/сек 
жылдамдықпен  өткізеді.  Бұлардың  біліктік  цилиндрі  сыртынан  олигодендроциттік 
леммоциттермен қапталған. Мезаксон – ақшыл келген липиді (8-12нм) және қара түсті 
белокты  плазмолемма  қабаттарының  оралымдарынан  тұрады  (цитоплазмасыз). 
Неврилемма (жүйке қабығы) – леммоциттердің цитоплазмасы сығылған сыртқы ядролы 
бөлігі  (бұрынғы  Шванн  қабығы).  Ал  мезаксон  –  миелінді  қабықты  түзеді.  Түйінді 
үзілме  (Ранвье  үзілмесі)  –  көрші  леммоциттер  шекарасындағы  миелинді  жүйке 
талшығының тек неврилеммадан тұрады (миелинсіз) бөлігі. МЖТ-ның екі түйінді үзілме 
аралығындағы  миелинді  қабық  орналасқан  бөлігін  түйінаралық  сегмент  (бөлік)  деп 
атайды.  Мезаксон  оралымдарының  аралықтарында  қиғаш  орналасқан  цитоплазма 
қалдығын миелин кертігі (Лантерман кертігі) деп атайды.  
Жүйке ұштары: сезімтал, қозғалтқыш, нейроциттераралық соңғы аппараттар.  
Сезімтал жүйке ұштары немесе рецепторлар - организмдедегі орналасу орындары 
мен  қабылданатын  тітіркеністердің  табиғатына  байланысты:  экстерорецепторлар 
(сыртқы 
рецепторлар), 
интерорецепторлар 
(ішкі 
рецепторлар) 
және 
проприорецепторлар  (аралық  рецепторлар)  болып  бөлінеді.    Сезімтал  жүйке  ұштары 
арнайы маманданудың нәтижесінде тек өздеріне тән тітіркеністерді қабылдайды. Осыған 
сәйкес  рецепторлар:  механорецепторлар,  терморецепторлар,  барорецепторлар, 
хеморецепторлар,  фоторецепторлар  болып  ажыратылады.  Н  дендриттерінің  соңғы 

ұштарының  құрылысына  байланысты  рецепторлар:  жалаңаш  сезімтал  және  қапталған 
сезімтал жүйке ұштары болып бөлінеді.  
Жалаңаш  рецепторлар  –  Н  дендриттерінің  ешқкндай  қабықтармен  қапталмаған 
жалаңаш  соңғы  ұштары.  Бұлар  эпителий  және  дәнекер  ұлпаларда  (сиыр  мен  қойдың 
қаңсарлары  және  жылқы  еріндері  эпидермисінде,  тері  түктері  фолликулдары  маңындағы 
дәнекер  ұлпасында)  кездеседі.  Жалаңаш  рецепторлар  жүйкелендіретін  құрылымдарды 
сыртынан шырмай (жекеленген тармақтар, шумақ немесе ілмек тәрізді) қаптап жатады.  
Қапталған  сезімтал  рецепторлар  (ҚСР)  –  (Н  дендриттерінің  соңғы  тармақтары) 
сыртынан  сезімтал  қабықтармен  немесе  қапшықтармен  қапталған.  ҚСР  -  өз  кезегінде 
қапшықталмаған рецепторлар және қапшықталған рецепторлар болып бөлінеді.   
Қапталған  қапшықталмаған  рецепторлар  (Ққр)  –  сыртынан  тек  сезгіш 
эпителиоциттермен немесе глиоциттермен қапталған (Меркел дискісі - тегіршегі), арнайы 
қапшықтармен  қапталмаған.  Ққр  –  тері  эпидермисі  аралықтарындағы  сезімтал  жүйке 
ұштары  глиоциттермен  қапталмаған  (қысымдық  тітіркеністерді  қабылдайды).  Сезгіш 
тегіршектер шошқаның жалпақ танауында көптеп кездеседі.  
Қапталған  қапшықталған  рецепторлар  (Ққапр)  –  (Н  дендриттерінің  соңғы 
тармақтары)  сыртынан  жұқа  глиялық  қабықпен  қатар,  оның  сыртындағы  қабатталған 
дәнекер ұлпалық тақташадан тұратын қапшықпен қосымша қапталған.  Ққапр-ге: сезгіш 
денешіктер  (Мейснер  денешігі),  тақташалық  денешіктер  (Фатер-Пачини  денешігі), 
жыныстық  қатынас  мүшелеріндегі  денешіктер  (Догель  денешігі),  баданаша 
денешіктер  (Гольдж-Маццони  денешігі),  соңғы  колбалар  (Краузе  колбасы),  жүйке-ет 
ұршықтары  жатады.  Фатер-Пачини  денешігі:  сезімтал  жүйке  ұшы,  ішкі  бадана 
(глиоциттік қабық), сыртқы дәнекер ұлпалық қапшық.   
Қозғалтқыш  жүйке  ұштары  (эффекторлар)  -  жалаңаш  эффекторлар  түрінде 
(бірыңғай  салалы  ет  ұлпасы  миоциттерінде,  гландулоциттерде)  және  жүйке-ет  синапсы 
түрінде (бұлшық ет талшықтарында).  
Жүйке-ет  синапсы  (қозғалтқыш  түймеше,  моторлы  бляшка)  -    1.  Синапсалды 
жарғақ  (Н аксоны соңғы тармағының неврилеммасы), 2. Синапссоңы жарғақ (бұлшық 
ет  талшығының  плазмолеммасы  –  жанасу  беті  көптеген  қатпарлар  түзеді),  3.  Синапс 
саңлауы (ені 50 нм). Бір қозғалтқыш Н аксонының соңғы ұштары (терминальдары) 2000 
–ға  дейін  бұлшық  ет  талшықтарымен  синапс  жасайды.  Бір  нейроцит  тармақтары  және 
2000 бұлшық ет талшықтары бірігіпжүйке-ет қозғалтқыш бірлігін (мион) түзеді. 
Каталог: attachments -> article -> 285
285 -> Мал шаруашылығЫ Өнімдерін өндіру және өҢдеу
article -> Род имён существительных
article -> Истинная вежливость. Цель. Воспитывать чувство уважения и вежливости. Оформление
285 -> Биохимия кафедрасы
285 -> Биохимия кафедрасы
285 -> Н. О. Базанова атындағы физиология, морфология және биохимия кафедрасы jbhim «Жануарлар биохимиясы»
285 -> Мал шаруашылығЫ Өнімдерін өндіру және өҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ФАКУЛЬТЕТІ мал шаруашылығы және балық Өнімдерін өндіру технологиясы


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет