Технологиялық карта №1 Сабақтың тақырыбы



бет1/3
Дата19.12.2022
өлшемі0,72 Mb.
#58322
түріСабақ
  1   2   3

Технологиялық карта №1


Сабақтың тақырыбы:
CorelDRAW бағдарламасын орнату. Қолданушы интерфейсі және жұмыс ортасы. Объектілерге қолданылатын қарапайым амалдар. Қарапайым фигураларды жобалау әдістері. Объектілерді туралау. Қисық сызықтарды редакциялау. Түйіндер арқылы фигура және сызықтарды өңдеу


Мақсаты: CorelDRAW бағдарламасын орнатуды. Қолданушы интерфейсі және жұмыс ортасын. Объектілерге қолданылатын қарапайым амалдарды. Қарапайым фигураларды жобалау әдістерін. Объектілерді туралауды. Қисық сызықтарды редакциялауды. Түйіндер арқылы фигура және сызықтарды өңдеуді үйрету, студенттердің білімділік дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар: Дербес компьютерлер, Corel Draw орнатқышы, Corel Draw бағдарламасы, проектор, жеке үлестірмелі тапсырмалар, видео сілтемелер, смартфон телефон
Практикалық жұмыстың мазмұны және орындалу реті:
1. CorelDRAW бағдарламасын орнату. Қолданушы интерфейсі және жұмыс ортасы. Объектілерге қолданылатын қарапайым амалдар. Қарапайым фигураларды жобалау әдістері. Объектілерді туралау. Қисық сызықтарды редакциялау. Түйіндер арқылы фигура және сызықтарды өңдеуді қолдануға қатысты әдістемелік нұсқау – матриалдарды алдын ала танысып меңгеру.
2. Ұсынылған мысалды орындау және талқылау.
3. Өзіндік жеке тапсырмалардың оқытушы ұсынған нұсқасын орындау.
4. Лабораториялық жұмыстың есебін (отчет) дайындап тапсыру.


Тапсырманы орындау нұсқауы:


Видео сілтемелер: https://youtu.be/-lQbQUFE2d4 https://youtu.be/iIbBOUQSvCY





https://youtu.be/n0SY0Y-nJIE https://youtu.be/wf_WOI84JDY





https://youtu.be/zaqMR38CiUA



Қарапайым фигураларды жобалау әдістері.
Объектілерді туралау.
Тапсырма
Ellipse(Эллипс) құралының көмегімен келесі фигураларды құру болады: эллипс, дөңгелек, сектор, доға. (1-сурет)



1-сурет
Бұл фигураларды эллипстің атрибуттар тақтасынан көре аласыз. Бұлардан басқа эллипс құралына пайданып, әртүрлі өзгерістер келтіруге болатын бірнеше батырмалар орналасады. (2-сурет)

2-сурет. Эллипстің атрибуттар тақтасы

Эллипстің атрибуттар тақтасының ішінен төмендегі 3-суреттегі эллипстің


қасиеттер тақтасының параметрлерін қарастырайық:

3-сурет

Сектор (Pie) және Доға (Arc) объектілердің сыртқы түрін анықтайтын келесі


параметрлер бар:
 Бастапқы және соңғы бұрыштар (Starting and Ending Angles) - доға дөңгелегінің ұзындығының бұрыштық өлшемі.
 Сағат тіліне қарсы доға мен сектор (Clockwise/Counterclockwise Arcs or Pies) батырмасы доға мен секторды инверсиалды түрде бейнелейтін санап шығару бағытына сұраныс қояды.
Қасиеттер тақтасындағы сектормен доғаның бастапқы және соңғы бұрыштарына нұсқау үшін берілген жолдарды қолдануға геометрия ілімін білуді талап етеді.
Көбінесе қолданатын ыңғайлы әрикеттің бірі, ол Форма құралын пайдалану болып келеді. (4-сурет)

4-сурет. Бақылау түйін нүктесінің көмегімен доға, сектор және эллипстің өзгеруі


1. Сектор және/немесе Доғаның Бастапқы және соңғы бұрыштарына мәндерін беріп келе, төменде орналасқан суреттегідей бейнелерді құрыңыз. (6-сурет)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет