Тексерген: Қабыл а тобы: b-жмқБ-07-22



Дата15.02.2023
өлшемі53,67 Kb.
#68049


Эссе
Алғашқы қауымдық өнер ескерткіштеріндегі антропо- және зооморфтық бейнелердің ерекшеліктері.
Орындаған:Тиллабеков Б
Тексерген: Қабыл А
Тобы: B-ЖМҚБ-07-22
Алғашқы қауымдық өнер ескерткіштеріндегі антропо- және зооморфтық бейнелердің ерекшеліктері.

Барлап қарасақ, бабаларымыз еншіге қалдырған ұлан-байтақ даламыз – тірі галерея. Басқасын айтпай-ақ қоялық, Жетісу жеріне тән Іле өзенінің аңғары мен Жоңғар Алатауының құз-қияларындағы, тіпті ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енген Тамғалы шатқалындағы тастарда 5000-нан астам сурет бар. Олар біздің жыл санауымыздан бұрынғы ХІV – ХVІІІ ғасырдың ортасы мен ХІХ – ХХ жүзжылдық арасындағы халықтық таным мен пайымынан сыр шертуде. Егер біз осы тастардағы суретті тереңдей зерделейтін болсақ, салиқалы өнердің салмақты заңдылығына кездесеміз.


Айталық, ондағы бейнелердің бәрі пикетаж техникасында, кейбірінің темір аспаптың немесе таспен ойып салынғанын байқаймыз. Тастағы суреттер галереясын арғы ата-бабаларымыз орта қола, кеш қола, өтпелі дәуір (ертедегі сақ), ертедегі темір дәуірі (сақ пен үйсін), орта ғасыр (ертедегі түрік) және жаңа заман (жоңғар және қазақ) сияқты әртүрлі тарихи дәуірде жасаған. Тамғалыдағы тастағы суреттердің көне және ең әсерлі сериясын құрайтын, орта қола дәуірдің петроглифтары эстетикалық және мәдени құндылықтарға бай. Сол кездегі тастағы бейнелеу өнерінің шеберлерін солярий құдіреті («күнбастылар»), «маскарадшылар», шоқпар ұстаушылар, қасқыр маскасындағы садақшылар, қару ұстаған жауынгерлер, мал мен адамды құрбандыққа шалу көріністері, эротикалық көріністер, жас босанған әйелдер, арбалар, түрлі белгілер, символдар, сондай-ақ бұқаларды, қабандарды, аттарды, түйелерді, бұғыларды бірнеше рет бейнелеу сияқты ойларының кеңдігі ерекшеленіп тұрады.

Тастағы суреттердің ғылыми-танымдық негіздері де жеткілікті. Ұқыптап қарайтын болсақ, одан ежелгі палеолит дәуірінде ордос адамдары молынан аулап алатын жалғыз тұяқты шудалы бизон, терістіктің дәу бұғысы амаонот, сирендерия аталатын теңіз сиырынан басқа, динозавр, пілге ұқсайтын апатазаур, бауырымен жорғалап ұша алатын бтуазр, бөкенге ұқсайтын гадзаурлардан басқа да түр-тұлғасы беймәлім хайуандар көптеп кездеседі. Тіпті, халықтық көркемөнермен қатысты жартас суреттеріндегі шеберлік, қарапайым сызылған адам тұрқы және ұзын көйлек киген әйелдер бейнесі, тасқа бедерленген ру-тайпалардың таңбасы, адам, жылқы, сиыр, бұғы, керуен, ағаш, өсімдік, құстардың суреттері үлкен шеберлік пен табандылықтың және жоғары деңгейдегі талғампаздығын көрсетеді.


Ежелгі Жетісуды әр кезеңде мекендеген бағзы жұрттың тұрмыс-тіршілігінен, наным-сенімінен хабар беретін мұралар жиынтығы Алматы қаласынан 170 шақырым солтүстік-батыста, Мәтібұлақ селолық округіне қарасты Қарабастау ауылы маңында орналасқан. Жұрт оны бүгінде «Таңбалы тас» деген атаумен қабылдайды. Жалпы ауданы 3800 гектарды алып жатқан аумақ бейне бір ашық аспан астындағы алып көрме іспетті. Мұнда әртүрлі дәуірге тән жүзден астам ескерткіш бар. Олар қола дәуірінен бастап біздің заманымызға дейінгі ғасырларды және кейінгі жыл санауымызды қамтыған қоныстар, молалар, ертедегі тас қашалған орындар, петроглифтер және құлшылық ғимараттары. Олардың бәрі бірігіп, бірнеше мың жыл бойы осы жерді мекендеген ертедегі және кейінгі кездегі халықтардың тарихын нақтылы көрсететін археологиялық кешен құрайды. Мұндағы негізгі жәдігер – жақпар тастар бетіндегі үш мыңға жуық петроглиф. Жартасқа қашап салынған сансыз суреттер галереясы негізінен қола дәуіріне тән.
Бүгінгі бейнелеу өнерінің бастауы болып табылатын тасқа салынған суреттердің басым көпшілігінің адамдар мен жануарлардың қозғалыстағы бедерлі бейнелері құрайды. Мәселен, тастағы «Күн басты» мен «Ай басты» шекілген суретте екеуін айнала он екі адам қоршап, билеп жүр. Неше мың жылдар өтсе де, композиция анадайдан көзге анық көрінеді. Күнге табынушылардың саны дәл 12 болуы тегін болмаса керек. Жылдың 12 айдан тұратынын, адамның жасы 12 жыл сайын бір мүшелге толып отыратынын Ұлы Далада ғұмыр кешкендер баяғыдан-ақ топшылаған-ау деген ойға жетелейді. Жазба дерек көздеріне сүйенсек, қозғалыстағы аң бейнелері қола, сақ кезеңдеріндегі халықтың тұрмысымен жеке тайпалардың арасындағы қақтығыстардың болып тұрғанын дәлелдейді. Сол сияқты бұғы, қабан, таутеке, бұқа, құлан бейнелері, топталып аң аулау сәті, жылқыны жүгендеп міну, ту ұстаған салт атты, екі дөңгелекті арба жегілген түйе сияқты көріністер өте ертеде бедерленген. Кейінгі түркі дәуірінде жаңартылған кескіндер де кездеседі. Әр суретте белгілі бір мазмұн бар. Отандық ғалымдардың пікірінше, мұндағы суреттерде қазақ өнер тарихының, философиясының бастауы жатыр.
Бір қызығы, жартас бетіндегі суреттер арқылы халқымыздың ғылыми-танымдық деңгейінде, саналық тереңдігінде пайымдауға, математикалық есептеудің ең үлкен тәсілдерін аңғаруға болады. Тіпті, сол тұстағы ата-бабаларымыз жартас бетіндегі жалғыз ағаш бейнесін ғарыштың әмбебап моделінің баламасы ретінде көрсетеді. Сол жалғыз сызбаның аясына уақыт, орта, ғұмыр кеңістігін сиғыза білген. Ал кейбір жартас суреттеріне төрт, жеті сәуленің бейнесін түсірген. Осы арқылы жыл, ай, күн, маусымның бейнесі айшықталған.
Киелі орындар тізіміне енбеген нысандардың бірі Қарадала өңірін ендей жатқан Дардамты ауылының оңтүстігінде 5 шақырым қашықтықтағы Қазанбұлақ шатқалындағы қола, сақ түркі кезеңдерінің қоныстары маңындағы жартастарда салынғансуреттер. Аталған нысан қола, сақ, түркі кезеңдерінің қоныстары маңында бағзы заманда кіші-гірім рулық ғибадатхана ретінде оқшауланған зиарат ету қызметін атқарған.
Онда негізінен мағынасы, тартымдылығымен ерекшеленетін сақ тайпаларының шаруашылығымен тікелей қатысы бар бұғының басқа аумақта кездеспейтін бірегей суреті үйсін, түркі, кезеңдері мен орта ғасырларға жататын түйенің, ақын бейнеленген тау ешкі, жылқы мен құлжаның және қозғалыстағы адамның бейнелері салынған. Олардың мән-мағынасы мен мазмұны Жамбыл ауданындағы Қарабастау тауындағы «Таңбалы», Құлжабасы тауындағы, Ескелді ауданындағы Ешкіөлмес тауындағы палеомәдени сакральды орындар саналатын жартастағы суреттерден кем түспейді. Су­реттер шағын жартас тақталарының Оңтүстiк және Оңтүстiк-батыс беткейлерiне қашап салынған. Жалпы саны 100-ге жуық. Олар негiзiнен тасты қашау әдiсiмен салынған. Суреттердiң арасында адамдардың және жануарлардың бейнелерi кездеседi. Көп бейнелi үлкен композициялар жоқ, ешкi және арқар аулау көpiнicтepiнде көруге болады. Жыртқыш аңдардың шөп қоректi жануарларға шабуыл жасағаны суреттелетiн сюжеттер де бар. Петроглифтердiң көпшiлiгiнде бұғылар, бұқалар, ат мінген адамдар, түйелер, текелер арқарлар көптеп бей­неленген.
Бұл суреттер биiк жартастардың бетiне салынған. Қазiргi кезде белгілі бiр петроглифтiң пайда болған уақытын дәл анықтауға мүмкiндiк жоқ. Алайда тарихшылардың мәліметтеріне сәйкес онда біздің жыл санауымыздан шамамен 2-3 мың жыл бұрынғы қола, сақ кезеңдерінің тасқа қашап салған суреттері деген болжам жасадық. Суреттер негiзiнен судың, желдiң ауа температурасының эрозиялық әрекетiне берiк ұсақ кристаллды тастардың жылтыр тегiс бетiне сызып бейнеленген. Мұндағы тастағы суреттер қашау және сызу арқылы салынған, сондай-ақ, осы тәсiлдер үйлестiре қолданылғандары да бар. Оларда жануардың басы мен дене тұрқы қашалып, құйрық-жалы, аяқтары өткip құралмен сызып келтiрiлген.

Қолданылған әдебиеттер


Таймагамбетов Ж.К., Байгунаков Д.С. Қазақстанның тас дәуірі (зерттелу тарихы мен негізгі мәселелері). – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 266 б.
Толеубаев, А. Т. Раннесакская шиликтинская культура [Текст]: научное издание / А. Т. Толеубаев. - Алматы: ИП «Садвакасов А. К.», 2018. - 528 с.
Зайберт В.Ф. Ботайская культура. – Алматы: Қазақпарат, 2009. – 576 с.
История древнего Казахстана. Под редБайпакова К.М. - 2-е изд. - Алматы: Рауан, 1996. - 112 с.
Подушкин А.Н. Арысская культура Южного Казахстана IV в. до н.э. – VI в. н.э. – Туркестан: МКТУ, 2000. – 202 с.
История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В5-ти томах. – Том 2. – Алматы: Атамұра, 1997. – 345 с

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет