Тексерген: Гайсина М. «Саяси жүйе» термині саясаттануға ХХ ғасырдың 50



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата08.12.2022
өлшемі144,57 Kb.
#55798
  1   2


«САЯСИ ЖҮЙЕ»
Орындаған: Несіпбаева А.
Мырзағалиева А.
Қалымбетова Ш.
Тексерген: Гайсина М.


«Саяси жүйе» термині саясаттануға ХХ ғасырдың 50-
60- шы жылдары енгізілді. Бұған дейін билік
қатынастарын сипаттау үшін «басқару типі», «басқару
жүйесі» түсініктері қолданылған. Алайда қоғамның
даму процестері қоғам мүшелерінің бекітілген
нормалар мен қағидаларға бағынумен қатар
партиялар, қозғалыстар, ассоциациялар және т.б. құру
арқылы билік құрылымдарына ықпал ете бастауына
әкелді.


Австриялық-американдық биолог Л. фон Берталанфи жасуша
мен сыртқы орта арасындағы заттар алмасуын сипаттау үшін
ХХ ғасырдың 20-шы жылдары «жүйе» түсінігін ғылыми
айналымға енгізді. Ол жүйені өзара байланысты
элементтердің, өзара әрекетте болатын элементтерден тұратын
біртұтастық ретінде қарастырды: өзара тәуелділік қатынастары
егер бір жүйенің элементі өзгерсе онда ол тұтастай өзгереді.
Жүйе сыртқы сигналдарға және өзінің ішкі элементтерінің
талаптарына жауап беру арқылы дамиды.


Саяси жүйе құрылымында келесі
компоненттерді бөліп көрсетуге болады:
1) саяси құрылым-саяси ұйымдардың, институттардың және де олардың
арасындағы қатынастардың жиынтығы;
2) конституция, жарғылар және партиялардың бағдарламалары, саяси
процестерді реттейтін саяси дәстүрлер мен процедуралар ретінде әрекет
ететін саяси және құқықтық нормалар;
3) адамдар әрекетінің алуан түрін қамтитын қоғамда саяси билікті жүзеге
асыру жүйесін, жұмыс жасауын, қайта жаңаруын және қорғауда болуын
қамтамасыз ететін саяси іс-әрекет;
4) саяси сана, бірінші кезекте оның идеология және саяси психология
сынды құрамдас бөліктері, олар әр саяси жүйеде айырықша сипаттарға
ие болады.


Саяси жүйе-бұл күрделі,
иерархиялық құрылым
болғандықтан, оның
қосалқы жүйелері және
құрылымдық элементтері
туралы сауал туындайды. Г.
Алмонд оған жауап бере
отырып, қосалқы жүйе
ретінде «объектілердің үш
қомақты класын бөліп
көрсетеді:
1) заң шығару және атқарушы немесе
бюрократия сынды арнайы рөлдер мен
құрылымдар;
2) жеке монархтар, заң шығарушылар
және әкімшілер сынды рөл
орындаушылар;
3) нақты қоғамдық іс-шаралар,
шешімдер немесе шешімдерді
орындау».


Бұл құрылымдар, рөл орындаушылар және шешімдер, өз кезегінде, олардың
саяси процеске, яғни «кіріске» немесе әкімшілік процеске, яғни «шығысқа»
араласу не араласпауына байланысты нақтырақ жіктелген. Оның үстіне, саяси
жүйенің ішкі құрылысын талдай отырып,
Г. Алмонд назарға алдымен құрылымдарды емес, олардың арасындағы өзара іс-
қимылды, сондай-ақ саяси жүйеде олардың атқаратын рөлдерін шығарады.
Саяси жүйе бір-бірімен тікелей байланысқан қосалқы жүйелерден тұрады және
де көпшілік биліктің жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Әр зерттеуші қосалқы
жүйелер сандарын әр түрлі көрсетеді. Алайда, оларды анықтау үшін осы әрбір
элементтің орындайтын қызметін алатын болсақ, онда институционалдық,
нормативтік, коммуникативтік, мәдени және идеологиялық қосалқы саяси
жүйелерді бөліп шығаруға болады.


САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ ҚОСАЛҚЫ ЖҮЙЕЛЕРІ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет