Тексерген: Кудайбергенов С. Е



Pdf көрінісі
Дата29.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#46082


Қазақ халқы мәдениетінің тарихи өлшемдері: 
Қазақ халқының мәдени мұрасын сараптау
Орындаған: Ақылбек Ә. Ұ.
Тексерген: Кудайбергенов С. Е.
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
БИОАЛУАНТҮРЛІЛІК ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР КАФЕДРАСЫ



Жоспар :

Кіріспе:

Негізгі бөлім:

Қазақ халқының мәдениеті;

Қазақ халқының мәдени мұрасы;

Қорытынды:

Пайдаланылған әдебиеттер:


Қазақтар-ежелден
көшпелі халық,
Көк
Түріктің
ұрпақтары.Территориясы
Алтайдан Каспийге дейінгі үлкен аумақты алып жатыр. Ежелгі көшпенділердің
мұрасын сақтаған, қазақ халқының мәдениеті салт-дәстүр мен жора-жоралғыларға
бай келеді. Қазақ қауымының осы күнге дейін сақтап келе жатқан баспана түрі -
киіз үй. Киіз үй-көшуге қолайлы, жиналып-құрастырмалы, жазда-салқын, қыста-
жылы баспана. Бұл ағаштан, әртүрлі үй жануарларының терілерінен жасалады.
Киіз үй қанатына байланысты, алтықанатты, он екі қанатты және т.б. атаулармен
аталады. Бұрынғы кездері ақсүйектер, байлар, билер мен хан, патшалар өздерінің
ордаларында яғни, үлкен киіз үйлерде өмір сүрген. Бұл қазақ халқының бай
болғанының нышаны. Қазақ халқының ең қадірлі ұғымдарының бірі- шаңырақ.
Шаңырақ сөзін әртүрлі мағынада қолданады. Мысалы: «Әке-шаңырақтың негізгі
тірегі», бұл тіркесте шаңырақ сөзі «отбасы» ұғымын білдіріп тұр. Сонымен қатар,
шаңырақ- киіз үйдің тірегі, төбесі. Қазақ халқында шаңырақ-киелі ұғым ретінде
қалыптасқан және ол туралы әртүрлі мақал-мәтел, тыйым сөздер көп кездеседі.
Қазіргі күнге дейін қазақтардың басынан қандай күн өтпеді... Қой үстінде
бозторғай жұмыртқалаған заман да, қиыншылық, аштықта да, репрессия кезінде
де, қайғылы соғыс жылдарында да өмір сүрді, мойымады, талмады. Бұл
қазақтардың төзімділігінің белгісі.

Қазақ халқының мәдениеті


Қонақжайлылық- қазақтардың ерекшеленетін қасиеттерінің бірі. Ежелден келе жатқан
қалыптасқан қонақжайлылық қанымызға сіңіп кеткен. «Тас түскен жеріне ауыр, қонақ
қонған жеріне ауыр» демекші, қазақтар өздеріне қарағанда, қонақтардың жағдайын көбірек
ойлаған. Үй иесі үйіндегі қонақтың кеткенінше, барлық қажеттілігін әкеліп, денсаулығына
жауап беретін болған. Бұл қазақтардың қонақжайлылығының айқын бейнесі. Қазақ
еліне,тарихына қызығатын әрбір адам алдымен, қазақтардың салт-дәстүрлері жайлы білуі
шарт. Қазақтарда салт - дәстүрдің түрлері өте көп. Ол әртүрлі жағдайларға байланысты,
тақырыптарға сай әрбір қазақ жадында сақталып қалған. Мысалы: «Қыз ұзату», «Жар-жар»,
«Шілдехана», «Тұсаукесер», «Сүндет той». Бұл салт - жоралғылардың өзіндік ерекшелігі
мен мән - мағынасы бар. Ежелден келе жатқан бұл дәстүр қазірге дейін сақталып келеді.
Қазақ халқында өзін - өзі ұстай білу ережелері де аз емес. Бұл қатарға «тыйым сөздерді»
айтуға болады . Тыйым сөздер – деп жасауға болмайтын іс -әрекеттерді айтады . Оларға:
"Дастарқан үстінде қатты сөйлеме"; "Қажетсіз сөзді айтпа"; "Нанды баспа"; "Аққуды атпа";
"Үлкен кісіге қарсы сөз айтпа", - деген секілді түрде кездеседі. Қазақ қауымында, тыйым
сөздер мен қатар әртүрлі нақыл сөздер де көптеп кездеседі. Бұл қазақ халқының ертеден
дана халық екендігін мойындаттырады. Қазақ қауымында «жеті» саны қадірлі болып
саналады. Осыған орай, жеті санына байланысты көптеген салттар мен жоралғылар бар.
Олардың қатарына: «Жеті жарғы», «Жеті қазына», «Жеті жоқ», «Жеті ата», «Жеті нан»
немесе «Жеті шелпек», «Жеті керемет», «Жеті күн», «Жеті ғашық», секілді түрлері көп. Бұл
«жеті» санының қасиеттілігін айқындай түседі деп ойлаймын.

Қазақ халқының мәдениеті


Қазақ халқында, бұрыннан жалғасқан салт бар. Бұл «жеті» санына
тіркес болып келеді. Бұл туыстық қатынасқа тікелей байланысты.Бұл
«Жеті ата» дәстүрі. Яғни, «Жеті ата» дәстүрі бойынша, әрбір ер азамат
өзінің ата-тегін білуі қажет. Ол ата, әке, бала , немере , шөбере, шөпшек,
немене қатары бойынша жалғасуы шарт. Сонымен қоса, туысқан жігіт
пен қыз ешқашан отау құрмаған. Бұл қазақ халқының қанының
тазалығын білдіреді. Тікелей айтқанда, егер екі жастың жеті аталарында
ортақ кісі кездеспейтін болса, жастардың үйленуіне рұқсат етілген.
Сонымен қатар, қазақтар үш жүзге бөлінеді. Олар: «Ұлы Жүз», «Орта
Жүз», «Кіші Жүз» деп аталады. Ал әрбір жүз бірнеше тарауларға
бөлініп, руларға ұласады. Бұл да қанның тазалығына әсер етеді.
Қортындылай келе, қазақтың асыл мұрасы жетерлік. Олардың
күнделікті өмір сүру ережесіне де байланысты екенін ұмытпаған жөн.
Қазақ елі-асыл да, ғажап мәдениетке бай, дана халық.

Қазақ халқының мәдениеті


Қазақстанның мәдени мұрасының қазіргі жай-күйі сан ғасырлық
дәстүрлерді сақтау мен одан әрі дамыту жөніндегі шаралар кешенін қолдан
келгенше
қаматамасыз
етілумен,
тарих
пен
мәдениеттің
жаңа
ескерткіштерінің ашылуымен, кесенелерді, ескі мешіттерді, ежелгі
кенттерді тұмшалаумен, қалпына келтіру жөніндегі жұмыстардың
жандануымен,
олардың
негізінде
жаңа
тарихи-мәдени
мұражай
қорықтардың құрылуымен сипатталады.
Қазақстанда қазіргі уақытта тарих, археология, сәулет және мүсін өнерінің
жылжымайтын ескерткіштері 25 мыңнан астам, 11 мың кітапхана, 147
мұражай, 8 тарихи-мәдени қорық мұражай, 215 мұрағат бар деп
есептеледі.
Тарихи және этнографиялық бейнедегі мемлекеттік мұражайлардың,
Қазақстан тарихындағы есте қалатын оқиғаларға арналған мемориалдарды
тармақталған желісі жасалды.

Қазақ халқының мәдени мұрасы


Қазақстанның тарихы мен мәдениетінің қайталанбас ескерткіші-Түркістан
қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі 2003 жылғы маусымда ЮНЕСКО
–ның дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілді.
Астана қаласының мәдени инфроқұрылымын жақсарту жөнінде шаралар
қолданылады. Республика астанасында соңғы жылдары Қазақ музыкалық
комедия театрын, мұражайын, кітапханасын және концерт залын қамтитын
Президенттік мәдени орталығы ашылды. Ұлттық кітапхананың құрылысы
аяқталды. Киноконцерт залы мен цирктің құрлысы жүргізілуде.
“Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы”, “Мәдениет
туралы”, “Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы” Қазақстан
Республикасының Заңдары қабылданып, күшіне енді.
Сонымен қатар, мәдени мұраны қорғау мен дамыту саласында қалыптасқан
ахуал осы бағыттағы қызметті одан әрі дамыту мен жандандыруда кезек
күттірмейтін кешенді шараларды қолдауды талап етеді.

Қазақ халқының мәдени мұрасы


Қазақстанның ұлттық тарихы үшін орасан зор мәні бар көптеген тарихи,
археологиялық және сәулет обектілері шұғыл көмекке мұқтаж. Олардың
арасында-Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанбаб кесенесі, Қызылорда
облысындағы Асан-Ата және Айқожа кесенелері, Алматы облысындағы
Жаркент мешіті, Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрбат ауылындағы
тарихи-сәулет және археология ескерткіштері, Маңғыстау қорығы және
“Ордабасы” қорығы және т.б. секілді тарих пен мәдениеттің қайталанбас
ескерткіштері бар.
Олардың көпшілігі осы уақытқа дейін урбандалу, индустриялану және
технократизациялану
салдарынан
болатын
бұзылып-бөлінуден
қорғалмаған.
Ежелгі уақыттан бергі заттық емес, рухани мәдениетінің ескерткіштерін,
соның ішінде ежелгі түркі жазу ескерткіштерін зерделеу, пайдалану,
қазіргі авторлардың шығармашылығындағы дәстүрлі мифологемалар мен
бейнелердің өзгеру жүйесімен әдістерін дамыту жеткіліксіз.

Қазақ халқының мәдени мұрасы


Өткен ғасырдың 90 жылдарынан бастап қазақ тілі оқырман үшін философия,
тарих, заңгерлік және басқа салалардағы әлемдік ғылым ой-сананың негізі
қаланған еңбектерді, сондай-ақ көркем әдебиетті басып шығару іс жүзінде
тоқтап қалды.
Осымен байланысты өскелең ұрпақты қазақстандық отансүйгіштік рухында
тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны жан-жақты зерделеуде ақтаңдақтарды
жабу, сондай-ақ қазақ; халқының сан ғасырлық рухани тәжірибесін қорыту
мақсатында мемлекеттік тілде тарихи, көркем ғылыми толық дестелерді
шығарудың мәселелері ерекше өзекті болып отыр.
Қағаздан, желімнен, теріден, қатырма қағаздардан және т.б. органикалық
материалдардан жасалған жазба мұраның, құжаттардың табиғи сарғайып-
ескіруі
орын
алуда.
Құрманғазы
атындағы
Қазақ
мемлекеттік
консерваториясының қорында, елдің мұрағаттары мен қоймаларында сақталған
аса
көрнекті
ауызекі
кәсіби
дәстүрде
орындаушы-музыканттардың
фоножазбаларының табиғи жай-күйіне де айрықша назар аудару керек.

Қазақ халқының мәдени мұрасы


Өткеннің көрнекті ғалым ойшылдарының мұрасын зерделеу, сондай-ақ қазақ
халқының мәдени мұрасында тарихи мәні бар сирек кездесетін басылымдардың
қолжазбаларын, кітаптарды және мұрағат құжаттарын табу мен сатып алу үшін
алыс және жақын шетелдердің мұрағаттары мен кітапханаларына ғылыми-зерттеу
экспедициялары ұйымдастырылады.
Ұлттық мәдениет үшін айрықша мәні бар тарихи-мәдени, сәулет және археология
ескерткіштеріне, соның ішінде қорық-мұражайлар өңірлеріне оларды сақтау мен
мұражайға айналдыру мақсатында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу де
көзделеді.
Құжаттық мұраның бірегей үлгілерін сақтау, сондай-ақ оларға еркін қол жеткізу
мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында өткеннің көрнекті ғалымдарының,
ойшылдарының, оның ішінде: әл-Фарабидің, Ж.Баласағүнидың, М.Қашғаридың,
С.Бақырғанидың, А.Йүгінекидің, М.Дулатидың, Қ.Жалайыридың, З.Бабырдың
және басқалардың мұрасын зерделеуді жалғастыру қажет.

Қазақ халқының мәдени мұрасы


Қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи мәні бар
қолжазбалардың, сирек кездесетін басылымдар мен
кітаптардың “Кодекс Куманикустың ”, “Қорқыт Ата
кітабының”
(Дрезден
мен
Ватикан
қалаларында
сақтаулы), “Оғыз-наменің” (Парижде сақтаулы), “Бабыр-
наменің”, “Махаббат-наменің” (Лондонда сақтаулы),
Ж.Баласағұнидың
“Құтадғу
білігінің”
(Каирда
сақаталуы) көшірмелерін табуды, сатып алуды, немесе
дайындауды жалғастыру қажет.
Ежелгі қолжазбалардың, кітаптар мен басқа да дерек
көздерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін Ұлттық
кітапхана жанында Ұлттық кітап жәдігерлерін табу мен
сатып алу, сондай-ақ кітаптар мен ежелгі қолжазбаларды
қалпына келтіру жөнінде орталық құру қажет.

Қазақ халқының мәдени мұрасы


Әлемдік
мәдениеттің
көрнекті
ойшылардарының,
әдебиетшілері
мен
қайраткерлерінің
таңдаулы
шығармаларының кең ауқымын қазақ тілді оқырманға
таныстыру және гуманитарлық білім берудің мемелекеттік
тілдегі толыққанды қорын жасау мақсатында әлемдік ой-
сананың таңдаулы жетістіктерінің негізінде іргелі әдеби-
көркем және ғылыми басылымдарды әзірлеп, шығару қажет.
“Фольклортану, әдебиеттану, және өнертану” – қазақтың
халық ауыз әдебиетін біріктіретін “Бабалар сөзі” кітабының
дестесінде беріледі, ол жүздеген жылдар бойына қалыптасып,
қазақтардың
халық
ауыз
әдебиетінің
бай
мұрасын
бейнелейтін ертегілерден, аңыздардан, эпостық шығармалар
мен тарихи дастандардан тұрады.

Қазақ халқының мәдени мұрасы


“Тарих ғылымы”-“Қазақстанның тарихы бойынша жаба деректер”
жобасы Қазақстанның ежелгі уақыттан осы күндерге дейінгі тарихы
бойынша жазба деректердің мемелекеттік тілдегі бірнеше дестелерін
басып шығару дайындықты көздейді, олардың ішіндегі Геродоттың,
Птолемейдің еңбектері, сондай-ақ аса маңызды араб, парсы, түркі тілі,
қытай, монғол, орыс және батыс жазба деректері қамтылған.
“Археология, тарих және мәдениет ескерткіштері”кестесі-“Тарих және
ескерткіштерінің жинағы” кітаптарында
Қазақстанның
археологиясы
мен
тарихының
жылжымайтын
ескерткіштерінің
тарихи
және
көркемдік құндылығы, сондай-ақ халықтың тарихы мен қолөнері
иллюстрациялармен қысқаша баяндала отырып, мол мәліметтер береді.
Қазақ халқының тарихи мұрасын зерделеудің тұтастай жүйесін жасауға
ықпал ететін альбомдар дестесі де қызығушылық туғызады. Олардың
арасында
“Қазақстанның
археологиясы”,
“Қазақстанның
петроглифтері” бар.

Қазақ халқының мәдени мұрасы


“Мәдениеттану”-“Әлемдік мәдениеттану ой-санасы”-жобасына
мәдениеттанудың
“мәдениет”
және
“өркениет”, “мәдени
құндылықтар”
және
“мәдени
құбылыстар”,
“мәдениет
субъектісі” және “мәдени мұра”, “мәдениеттегі дәстүрлер мен
жаңалықтар”, “мәдениеттің типтері” және басқалары секілді
негізгі
ұғымдарына
арналған
өткеннің
ойшылдарының
көптеген
трактаттарының
аудармалары
мен
қазіргі
ғалымдардың монографиялары енген.
“Этнография
және
антропология”-“Қазақтың
халықтық
дәстүрлері
мен
әдет-ғұрыптары”
иллюстрацялы
кітап-
альбомдары дестелерінде халықтың дәстүрлері мен әдет-
ғұрыптары сипатталып, қазақтардың мәдени құндылықтары
мен қолөнері туралы мәлімет беріледі.

Қазақ халқының мәдени мұрасы



Пайдаланылған әдебиеттер
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0
%B0%D2%9B_%D1%85%D0%B0%D0%BB%D2%9B%D1%8B
%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D0%BC%D3%99%D0%B4%D0
%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5%D1%82%D1%96
https://baribar.kz/student/6330/madeni-murany-saqtaudynh-basty-
maseleleri-men-mindetteri/



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет