Тексерген: Турбаева М.Қ



Pdf көрінісі
Дата20.02.2023
өлшемі79,8 Kb.
#69552


Орындаған: Молданазар Сабина ДЯ-203 
Тексерген: Турбаева М.Қ 
БӨЖ 
ҚР- дағы білім беруді реформалауға бағытталған негізгі құжаттар көздері 
1991 жылдан бастап білім беру саласындағы мемлекеттік саясат білім беру жүйесін 
сапалық жағынан жақсарту мақсатын қойды. Осы аралықта білім беруді басқару мен 
қаржыландырудың құқықтық-заңнамалық базасы қалыптасты. Мамандардың пікірінше
Қазақстанда жоғары білім беру саласын реформалау 1995 жылдан бастап қарқынды жүрді. 
Жалпы, Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдардан бергі білім беру жүйесін келесі 
кезеңдерге бөліп қарастырамыз: 
1.1991-1994 жж. - жоғары білімнің заңнамалық және нормативтік- құқықтық базасының 
қалыптасуы; 
2. 1995-1998 жж. - жоғары білім беру жүйесін және оның мазмұнын жаңарту; 
3. 1999-2004 жж. - білім беруді басқару мен қаржыландыру, білім беру ұйымдарына 
академиялық еркіндік беру; 
4. 2005-2010 жж. - «2015 жылға дейінгі Қазақстанның білім беру жүйесін дамыту 
тұжырымдамасы» негізінде нарықтық экономикаға жоғары білім беру жүйесін бейімдеу; 
5. 2011 жж. қазіргі уақытқа дейін - жаңа кезең, инновациялық дамуға бейімделген, еңбек 
нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудың ұлттық моделін қалыптастыру. 
Білім беру саласында жүргізілген реформаға сәйкес, 90-шы жылдары бірқатар 
өзгерістерге қол жетті: білім беру мекемелерінің құзіреті кеңейді; жалпы орта білім мен 
мемлекеттік оқу орындарында кәсіби білімді тегін оқытуға мемлекет кепілдігі берілді; үш 
тілде оқыту жүйесі енгізілді; мемлекеттік емес оқу орындарына рұқсат беріліп, басқа 
мемлекет азаматтарына ҚР азаматымен тең дәрежеде білім алуға рұқсат берілді; 
кредиттік жүйе мен тегін оқу гранты бөлінді; жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу 
институттарына кәсіби білім алу мен мобильділік бойынша оқуға мүмкіндік берілді; ЖОО 
жоғары білімді шыңдауға мүмкіндік беретін негізгі әлеуметтік орын ретінде дербестікке 
ие болды. 
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама. 
1. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы. 
2. Білім беруді ұйымдастыру жүйесі. 
1999 жылы 7 маусымда Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы қабылданды. 
Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын 
орнатты: 
1. ҚР азаматтары білім алуға тең құқылы. 
2. Әрбір азамат үшін интеллектуальдық дамуы мен психофизиологиялық және жеке 
бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қолжетерлік болуы. 
3. Білімнің зайырлылығы. 


4. Жеке тұлғаның білімнің және дарынының дамуына жағдай жасау. 
5. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі. 
6. Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына 
байланысты әртүрлі болуы. 
7. Білім беру ұйымдарының өкілеттілігі және оны басқарудың демократиялық 
бағытта болуы. 
8. Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстануы керек. 
9. Білімнің ғылыммен, өңдіріспен байланысы. 
10. Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу. 
11. Білім беру саласының информатикаландырылуы. 
Заң орта және бастауыш кәсіптік, сондай-ақ конкурстық негізде орта кәсіптік ақысыз білім 
алуға кепілдік береді, егер азамат осы деңгейлердің әрқайсысынын бірінші рет білім алса. 
Білім бағдарламалары үздіксіз және сабақтастық қағидалар негізінде білім берудің төрт 
деңгейін: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 1-6 жас аралығында мектепке дейінгі оқыту 
орындарында немесе отбасында жүзеге асады. Мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепте 
немесе отбасында 5-6 жасар балалар міндетті түрде мектепке дайындау жүргізілуі тиіс. 
Орта білім – жалпы орта (бастауыш, негізгі, орта) немесе кәсіптік (бастауыш, орта) білімді 
қамтиды. 
Қазақстан Республикасы, білім беру жүйесі Заң бойынша білім беру ұйымдарының, оқыту 
бағдарламалары мен әр деңгейдегі мемлекеттік білім беру стандарттары, басқару 
орындары мен оларға бағынышты ұйымдардың өзара байланысы негізінде құрылады. 
Білім беру жүйесінің негізгі міндеті ретінде білім алу жеке тұлғаның дамуы мен кәсіби 
қалыптасуы ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен техника жетістіктері 
негізінде қалыптастыруға қажетті жағдай жасау көзделді. Білім беру жүйесінің 
төмендегідей жаңа міндеттері айқындалды: 
Ақпарат дереккөздері: 
https://ulagat.com 
https://melimde.com 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет