Тема номера



жүктеу 7.47 Mb.
Pdf просмотр
бет10/12
Дата27.03.2017
өлшемі7.47 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Ә

ДІЛЕТТІҢ

  Ж

ҰМЫС

  К

ҮНДЕРІ

59

В Е С Т Н И К



МИНИСТЕРСТВА ЮСТИЦИИ РК

2015  жылдың  30  қарашасынан  бастап 

заңды  тұлғаларды  тарату  рәсімінде  жеңілде­

тулер жасалынды, яғни тарату тіркеуін жүргіз­

бес  бұрын  заңды  тұлғада  салық  берешегінің 

бар/жоғын  анықтау  мақсатында  Орталықтан­

дырылған  Бірыңғай  Жеке  Шоттарға  (әрі  қа­

рай ­ ОБЖШ) хабарлама жіберу арқылы заңды 

тұлғалардың  мемлекеттік  дерек  қорына  (әрі 

қарай ­ ЗТМДҚ) жаңа инновация енгізілді.

Аталған  инновация  «Заңды  тұлғаларды 

мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкіл­

діктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Ре­

спубликасының  Заңының  16­бабының  6­тар­

мағының  талабын  жүзеге  асыру  мақсатында 

енгізілген.

Көрсетілген  Заң  талабына  сәйкес,  мем­

лекеттік  кіріс  органдары  бизнес­сәйкестендіру 

нөмірлерінің  ұлттық  тізілімі  негізінде  тараты­

латын заңды тұлғаның салық берешегінің бар/

жоғы туралы мәлімет береді немесе заңды тұлға 

салық міндеттемелерін орындамаған жағдайда 

аталған мәлімет беруден бас тартады.

Мемлекеттік кіріс комитетінің заңды тұлға 

салық  берешегінің  бар/жоғы  туралы  мәлімет 

беретін  информациялық  жүйе  – Орталықтан­

дырылған Бірыңғай Жеке Шоттары болып та­

былады.


Орталықтандырылған  Бірыңғай  Жеке 

Шоттарға информациялық жүйесін енгізу жеке 

шоттардың  есебін  жүргізудегі  бизнес­процес­

сін жеңілдетуге мүмкіндік берді.

Атап  айтсақ:  республика  бойынша  жал­

пы  бірыңғай  дерек  қорын  құру  арқылы  орта­

лықтандырылған жүйеге ауысуына; салық бой­

ынша мәліметтердің өңделу мерзімінің қысқар­

тылуына негіз болып табылды.

Бұл  жұмыстар  әрине  мемлекеттік  қызмет 

көрсету мерзімдеріне жақсы әсерін тигізетіндігі 

анық және де бүгінгі таңда Әділет органдары­

ның  жоғарыда  көрсетілгендей  ведомстволық 

ақпараттық  жүйелері  мен  кіріс  органдарымен 

өзара  әрекеті  арқылы  жүзеге  асырылатын­

дықтан,  бұл  заңды  тұлғаның  іс­әрекетінің 

тоқтату  тіркеуінің  мерзімін  10  күннен  5  күнге 

дейін қысқартуға мүмкіндік берді. 

Мемлекеттік  қызметтер  көрсету  меха­

низмін жеңілдету жөнінде қолданыстағы заңна­

маға енгізілген өзгерістер еліміздің инвестици­

ялық климатын жақсартып, бизнес саласының 

дамуына апаратыны сөзсіз. Өйткені, әділет ор­

гандарының басты міндеті – мемлекеттік қыз­

меттер сапасын арттыру болып табылады. 

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу 

қызметі де бірнеше жетістіктерге жетуде. Оған 

себеп болған, осы қызметке қатысты қолданы­

стағы  Заң  талаптарына  енгізілген  өзгерістер 

мен толықтырулар болып табылады.



Атап айтқанда, 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 269-V «Қазақстан 

Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  Қазақстан  Респу

-

бликасында  кәсіпкерлік  қызмет  үшін  жағдайды  түбегейлі  жақсарту 

мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы» 

Қазақстан  Республикасының  Заңы  қабылданып,  «Жылжымайтын 

мүлікке  құқықтарды  мемлекеттік  тіркеу  туралы»  Қазақстан  Респу

-

бликасының Заңына, № 272-V «Қазақстан Республикасының Әкімшілік 

құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар ен

-

гізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен «Әкімшілік құқық 

бұзушылық  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Кодексіне  өзгері

-

стер мен толықтырулар енгізілген.

Жоғарыда  аталған  Заңдар  2015  жылдың  1  қаңтар  айынан  бастап 

қолданысқа еңгізіліп, оның ішінде маңызды өзгерістердің бірі жылжы

-

майтын мүлік құқығы бойынша нотариалды куәландырылған келісім 

шарттарды  әділет  органдарымен  баламалысыз  әдеттегі  баж  са

-

лығы төлем ақысымен бір күн ішінде мемлекеттік тіркеуден өткізу 

немесе  негіздер  болған  жағдайда  мемлекеттік  тіркеуден  бас  тарту 

мен тоқтату болып табылады.

ЕСТЕ 

САҚТАҢЫЗ

Мемлекеттік  кіріс  комитетінің  заңды  тұлға  салық  берешегінің 

бар/жоғы  туралы  мәлімет  беретін  информациялық  жүйе  –  Орта

-

лықтандырылған Бірыңғай Жеке Шоттары болып табылады.

60

Ж А Р Ш Ы С Ы

ҚР  ӘДІЛЕТ  МИНИСТРЛІГІНІҢ

Мысалы,  2015  жылғы  көрсеткіш  бойын­

ша  аумақтық  Әділет  басқармаларымен  –  194 

278  объект  бойынша  жылжымайтын  мүлікке 

құқығы тіркелген болса, оның ішінде Электрон­

ды  түрде  мемлекеттік  тіркеуден  өткен  объек­

тілердің жалпы саны – 41 892 (2014ж. – 3170) 

құраған,  яғни  2014  жылмен  салыстырғанда  4 

есе көбейген.

Ал, жедел тәртіппен жылжымайтын мүлік­

ке  құқықтары  тіркеуден  өткен  объектілердің 

жалпы саны – 5 338 (2014ж. – 8962) құраған, 

яғни 34% пайызға азайған.

«Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы»  Қа­

зақстан  Республикасының  Кодексінің  460­ба­

бына  сәйкес  (тіркеу  мерзімінен  кешіктіріп 

ұсынған  үшін),  жоғарыда  аталған  мерзімде  – 

1169 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хатта­

малар толтырылған. 

Осы сала бойынша да, 2014 жылмен салы­

стырғанда  9,4  пайызға  көбейген.  Оған  себеп, 

2015  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  тікелей 

тіркеуші органмен әкімшілік құқық бұзушылық 

хаттамалар  толтыру  және  қаулы  шығару  бо­

лып табылады.

Сонымен  қатар,  Департаменттің  жылжы­

майтын  мүлікке  құқықтарды  тіркеу  жұмысын 

ұйымдастыру бөлімінің тапсырмалары негізін­

де, аумақтық басқармалар басқа да аталған өз­

герістер мен толықтырулар бойынша жергілікті 

тұрғындар  арасында  және  аумақтық  Халыққа 

қызмет  көрсету  орталығының  мамандарының 

қатысуымен апта сайын құқықтық насихат жұ­

мысын жүргізуде. 



Әділет  органдарының  негізгі  функцияларының  бірі  нормативтік 

құқықтық актілерді тіркеу болып табылады. 

«Нормативтік  құқықтық  актілер  туралы»  Қазақстан  Республи

-

касының Заңына сәйкес, 2015 жылы мемлекеттік тіркеуге – 802 акті 

ұсынылған, оның ішінде облыстық деңгейде – 109, аудандық, қалалық 

деңгейде – 693 акті.

Осы  кезеңде  тіркелген  нормативтік  құқықтық  актілердің  саны 

637, оның ішінде облыстық деңгейде – 92, аудандық, қалалық деңгей

-

де – 545 акті.

Мемлекеттік  тіркеуден  мемлекеттік  органдардың  өз  сұраулары 

бойынша 126 акті қайтарылған.

«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 

24-бабының 4-тармақшасына сәйкес 2015 жылы жалпы саны – 8 нор

-

мативтік  құқықтық  актілерді  шығару,  қолдану,  мемлекеттік  тіркеу 

және жариялау тәртібін реттейтін заңдарды сақтауларына тексеру 

жүргізілді. Аталған тексерулер, тізбелерді зерделеу және мониторинг 

барысында барлығы – 197 заңсыз актілер анықталды. 

Н А З А Р 

АУДАРЫҢЫЗ

Ә

ДІЛЕТТІҢ

  Ж

ҰМЫС

  К

ҮНДЕРІ

61

В Е С Т Н И К



МИНИСТЕРСТВА ЮСТИЦИИ РК

Мониторинг  жүргізу  кезінде  жергілікті 

өкілді  және  атқарушы  органдарының  норма­

тивтік  құқықтық  актілер  жобаларын  әзірле­

уші­уәкілетті  органдарымен  бірлесіп  барлығы 

1463 актілер қаралды.

Келіп  түскен  мәліметтердің  сандық  көр­

сеткіштерін қорытындылауы өкілді және атқа­

рушы органдарымен Әділет департаменті мен 

аудандық (қалалық) Әділет басқармаларында 

мемлекеттік тіркеуден өткен, тіркеу уақытынан 

бері  2015  жылдың  30  желтоқсанына  дейінгі 

жай­күйі бойынша қолданыстағы 1463 НҚА қа­

тысты мониторинг жүргізілгендігін көрсетті.

Азаматтық  хал  актілерін  тіркеу  және  құ­

жаттарды  апостильдеу  бойынша  Алматы  об­

лысында 2015 жылы 87 249 азаматтық хал ак­

тілері тіркелсе, былтырғы жылы тіркелген акт 

жазбалардың саны 90 565 (туу – 44 527, неке 

қию – 15 676, неке бұзу – 5 350, бала/қыз асы­

рап  алу  –  320,  әкелікті  анықтау  –  6929,  тегін 

өзгерту – 745, қайтыс болу – 13 702). 

Құжаттарды  апостильдеу  бойынша  Ха­

лыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ресми 

құжаттарға апостиль мөрін қоюға 567 азамат­

тар  өтініш  білдіріп,  79  құжатқа  апостиль  мөрі 

қойылған. 

Қазақстанның әлемдік нарықтық кеңістікке 

өтуіне орай зияткерлік меншік құқығын қорғау 

саласындағы жұмыстарды әрі қарай жетілдіру 

қажет.

Алматы  облысының  Әділет  департаменті 



қызметінің осы салада 2015 жылы және 2016 

жылдың екі айында «BEATSN Electronics» ком­

паниясына тиесілі – 6 тексеру болса, «WD­40 

Manufacturing  Company»  компаниясына  ти­

есілі  –  3  тексеру  жүргізілді,  ал,  «Apple  inc», 

«Adidas  International  Marketing  BV  Reebok 

International Limited», «HEAD & SHOULDERS», 

«Hermes  International  S.C.A.»,  «Tealand  RG 

Brands Kazakhstan», «HUGO BOSS Trade Mark 

Management» және «Toyota Motor Corporation» 

мен  «Swarovski Aktinegesellschaft»,  «Газпром­

нефть» компанияларына тиесілі әр компания­

лар  бойынша  бір­бір  тексерулер  жүргізілді, 

тексеру  барысында  фирмалық  атаудың  шығу 

тегінің  орнын,  атауын,  қызмет  көрсету  бел­

гілерін,  тауар  таңбаларын  заңсыз  қолдану 

туралы  17  факті  анықталып,  жеке  және  заң­

ды  тұлғаларға  680  АЕК  көлемінде  айыппұл 

түрінде әкімшілк жаза қолданылды, сондай­ақ 

тексеру барысында алынған айғақ заттар сот 

шешімімен тәркіленді.

Зияткерлік  меншік  құқықты  қорғау  сала­

сында құқықтық білімді насихаттау шеңберінде 

Әділет департаменті облыс кәсіпкерлері және 

халық  арасында  кең  көлемді  құқықтық  түсін­

діру жұмыстарын жүргізді.

Департамент Қазақстан Республикасының 

қолданыстағы  заңнамасын  құқықтық  насихат­

тау және түсіндіруге қатысу, адвокаттық және 

нотариаттық  қызметке  орналасуға  үміткер 

тұлғаларды аттестациядан өткізіп, заңды және 

жеке  тұлғаларға  жекеше  нотариустар  және 

адвокаттар  көрсететін  қызметтің  сапасына, 

жеке нотариустармен жасалатын нотариалдық 

әрекеттердің заңдылығына бақылау жасалып, 

оларға  практикалық  және  әдістемелік  көмек 

көрсетіледі. Сонымен қатар түсіндіру жұмыста­

ры және халыққа заң көмегін көрсету бөлімінің 

мамандары нотариалдық қызметті жүзеге асы­

ратын  ауылдық  округтар  мамандарын  оқыту 

және аттестаттау жүргізеді.


62

Ж А Р Ш Ы С Ы

ҚР  ӘДІЛЕТ  МИНИСТРЛІГІНІҢ

2015 жылы Алматы облысы нотариустар­

дың саны ­ 261 (2014 жылы ­ 245), яғни 6,5 пай­

ызға  өскен,  барлық  аудандары  нотариаттық 

қызметпен 100 пайызға қамтылған. 

Сонымен қатар, облыста 2015 жылы 401 ад­

вокат қызмет атқарады. Барлық 19 аудан (қала) 

адвокаттық қызметпен қамтамасыз етілген.

«Адвокаттық  қызмет  туралы»  Қазақстан 

Республикасы  Заңының  6­бабына  сәйкес 

адвокаттар  тегін  құқықтық  көмек  көрсетеді. 

«Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» 

Қазақстан  Республикасының  Заңын  орындау 

мақсатында  Әділет  департаменті  281  адво­

катпен  мемлекет  кепілдік  берген  заң  көмегін 

көрсету туралы келісім­шарт жасалып, 10 957 

азаматқа,  мемлекетпен  кепілдендірілген  те­

гін  құқықтық  көмек  көрсетілді.  Облыс  тұрғын­

дарына  мемлекетпен  кепілдендірілген  тегін 

құқықтық  көмек  алу  тәртібі  туралы  тұрақты 

ақпарат беріліп тұрады.

Алматы  облысы  Әділет  департаментінің 

сот  орындаушылар  қызметіне  келсек  «Атқа­

рушылық іс жүргізу және сот орындаушылары­

ның мәртебесі туралы» Қазақстан Республика­

сының Заңының 33­бабына сәйкес, 2015 жылы 

жеке сот орындаушылары арқылы жалпы саны 

972 борышкерлерге «шет мемлекеттке шығуға 

шектеу»  қойылып,  «Беркут»  бірыңғай  элек­

тронды базасына енгізілінген.

2015  жылы  жеке  сот  орындаушыларына 

орындауға  алимент  өндіру  санатындағы  781 

атқару  құжаттары  беріліп,  оның  ішінде  жеке 

сот  орындаушыларымен  459  атқару  құжат­

тары  орындауға  қабылданған,  ал,  322  атқару 

құжаттарын тиісінше рәсімдеу үшін орындауға 

қабылдаусыз талапкерлерге кері қайтарылған, 

жеке  сот  орындаушылары  арқылы  ішкі  істер 

органдарына  Қазақстан  Республикасының 

Қылмыстық  кодексінің  430  бабына  сәйкес, 

2 қылмыстық материал жолданған.

Бұл бағытта Әділет департаменті жеке сот 

орындаушылары институтын халыққа насихат­

тау  бойынша  құқықтық  түсіндіру  жұмыстарын 

белсенді жүргізуде.

Әділет  органдарының  маңызды  функция­

ларының бірі азаматтарға құқықтық көмек көр­

сету және құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүр­

гізу болып табылады. Азаматтардың құқықтық 

санасы  мен  мәдениетін  арттыру  мақсатында 

тұрақты түрде облыста «Әділет кеңес береді» 

2015 жылдың 30 қарашасынан бастап заңды тұлғаларды тарату 

рәсімінде жеңілдетулер жасалынды, яғни тарату тіркеуін жүргізбес 

бұрын заңды тұлғада салық берешегінің бар/жоғын анықтау мақса

-

тында  Орталықтандырылған  Бірыңғай  Жеке  Шоттарға  (әрі  қарай- 

ОБЖШ) хабарлама жіберу арқылы заңды тұлғалардың мемлекеттік 

дерек қорына (әрі қарай - ЗТМДҚ) жаңа инновация енгізілді.

2016 жылдың 1-тоқсанында Алматы облысы  

Әділет департаментімен жүргізілген құқықтық түсіндіру жұмыстары туралы мәлімет

БАҚ  баспасында  жарияланған мақалалар

Электронды БАҚ, ақпарат  агенттіктерінде сөз сөйлеу 

Теледидар 

Радио

Мемлекеттік органның интернет  ресурсында (веб сайт)



Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстелге қатысқан  тыңдаушылардың саны

Лекциялар, семинарлар, тренингтер

Лекцияларға, семинарларға,  тренигтерге қатысқан  тыңдаушылардың саны

Пресс

­конференциялар, 



брифингтер

Пресс


­конференцияларға, 

брифингтерге қатысқан БАҚ саны

Ақпараттық

­ насихаттау топтарының 

аймақтарға, кәсіпорындарға шығуы

Ақпараттық

­насихаттау топтарымен 

қамтылған аймақтар, кәсіпорындар

Ақпараттық

­насихат топтарын 

ұйымдастыру барысында қаралған  арыз

­шағымдар саны

Ашық есік күндері 

Ашық есік күндеріне қатысқан  азаматтардың саны

169

4

25



4

122 182 1230 316

2618

­

­



23

23

75



22

932


Ә

ДІЛЕТТІҢ

  Ж

ҰМЫС

  К

ҮНДЕРІ

63

В Е С Т Н И К



МИНИСТЕРСТВА ЮСТИЦИИ РК

акциялары  өткізіледі.  Аталған  акцияны  өткізу 

барысында Әділет департаментінің, аудандық 

және  қалалық  әділет  басқармаларының  қыз­

меткерлері  нотариустармен,  адвокаттармен, 

жеке сот орындаушылармен бірлесіп, халыққа 

құқықтық көмек көрсету бойынша түрлі іс­ша­

ралар: «Ашық есік күндері», «Нұр Отан» пар­

тиясының  қоғамдық  қабылдауында,  Халыққа 

қызмет көрсету орталығының филиалдарында 

азаматтарды қабылдау өткізеді.

Алматы облысы Әділет департаменті кадр 

саясаты  бойынша  бірқатар  жұмыстар  атқару­

да.  2015  жылы  мен  2016  жылдың  ақпан  айы 

аралығында  Әділет  департаменті  мемлекет­

тік  әкімшілік  бос  лауазымдарға  орналасуға 

барлығы  3  конкурс  жариялады.  Нәтижесінде, 

37  қызметкер  лауазымға  қабылданды.  Оның 

ішінде, департаменттің бос лауазымдарына – 

7 қызметші, сот орындаушыларға – 23 қызмет­

ші қабылданса, қалған 7­і аудандық, қалалық 

Әділет  басқармаларына  қабылданды  және 

кадр  резервінен  7  қызметші  сұратылып,  кыз­

метке тағайындалды. 

Сонымен  қатар,  департамент  бойынша 

есептік  кезеңде  өз  қызметкерлері  тарапынан 

қөптеген  қызметші  лауазымынан  жоғарыла­

тылды. 


Сондай­ақ,  мемлекеттік  қызметшілерді 

қайта даярлау мен біліктілікті арттыру бойын­

ша 2015 жылы департамент басшысы бекіткен 

оқу кестесіне сәйкес, 47 қызметші Алматы қа­

ласының Мемлекеттік және жергілікті басқару 

институты  мемлекеттік  қызметшілерді  қайта 

даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орта­

лығында оқытылды.

Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

мемлекеттің  даму  жолында  алға  қойған  мін­

деттерін әділет органдарының іске асыру жұ­

мыстары жалғасын табатын болады.              



2016 жылдың 1-тоқсанында Алматы об

-

лысы Әділет департаментімен көрсетілген 

мемлекеттік қызметтер туралы мәлімет 

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің 

жалпы саны  

59620


АХАТ саласы бойынша 

199


Заңды тұлғаларды тіркеу саласы 

бойынша 


1019

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды 

тіркеу саласы бойынша 

57376


Нотариат және адвокатура саласы 

бойынша 


6

Сот актілерін орындау саласы 

бойынша 

1020


«Электрондық Үкімет» веб порталы 

арқылы электронды түрде көрсетілген 

мемлекеттік қызметтер 

11965


Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу 

саласы бойынша (электронды түрде)

11619

Заңды тұлғаларды тіркеу саласы 



бойынша (электронды түрде)

346


Әділдікті мойындау— адал кісінің ісі.

Б. Момышұлы

64

Ж А Р Ш Ы С Ы

ҚР  ӘДІЛЕТ  МИНИСТРЛІГІНІҢ

Д.Н. ҚАСЕНОВА

Астана қаласы 

Әділет департаментінің ұйымдастыру -  

талдау жұмысы бөлімінің басшысы



ҮШТҰҒЫРЛЫ ТІЛ САЯСАТЫ

«Үштұғырлы  тіл»  идеясы  туралы  Мемлекет  басшысы 

2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблея

-

сының ХІІ құрылтайында жария етті. Ал 2007 жылғы «Жаңа 

әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  Жолдауында  «Тілдердің 

үштұғырлығы»  атты  мәдени  жобаны  кезең-кезеңмен  іске 

асыруды ұсынған болатын. Яғни, идеяның негізі мынандай: 

«Тілдердің үштұғырлығы» - этносаясат арасындағы тіл 

мәселелерін  салиқалы  шешудің  басты  құжаты  саналатын 

Елбасының жария еткен тіл стратегиясы.

Тілдерді  дамыту  –  еліміздегі  мемлекеттік 

саясаттың ең маңызды бағыттарының бірі. Қа­

зақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтара­

лық қатынас тілі, ал ағылшын тілі – жаhандық 

экономикаға  ойдағыдай  кіруге  көмектеседі. 

Қазақстанның қазіргі кезеңдегі қарқынды даму 

жолындағы елді демократияландыру, әлеумет­

тік өркендеу саласындағы талпыныстары білім 

беру жүйесін жаңаша өркендетіп оқыту, тәрбие 

үрдісін жетілдіруді талап етіп отыр. Егемендік 

алған  еліміздің  жаңа  даму  кезеңінде,  оның 

дүниежүзілік аренаға шығып, басқа елдермен 

саяси­экономикалық,  мәдени  қатынастарды 

қалыптастыруы,  Қазақстан  Республикасының 

Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуы, әр түрлі 

дипломатиялық қызмет атқаруы шетел тілінің 

ролін  көтеруді  қажет  етеді.  Осыған  байланы­

сты  шетел  тілдерін  пайдалану  қажеттілігі  де 

артып келеді. 

Мұндай  тіл  саясаты  ұлттық  үйлесімділік 

пен мәдениетті сақтауға және нығайтуға мүм­

кіндік  берумен  қатар,  ғаламдық  бәсекелестік­

ке қажет білімді қамтамасыз етеді. Әрбір аза­

маттың парызы – мемлекеттік тілді білу және 

отандастарымызға  оны  меңгеруге  көмектесу. 

Сонымен қатар, Қазақстандағы барлық ұлттың 

тілдерін дамыту үшін жағдай жасау, үштілділік 

принципін енгізу де маңызды. 

Қазіргі  таңда  әлемнің  алпауыт  мемлекет­

тері  көп  тілді,  әсіресе  халықаралық  тілдерді 

меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сон­

дықтан біз де өз халқымыздың қарыштап да­

мып, өркениеттен қалыс қалмауы үшін бірнеше 

тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан 


МЕМЛЕКЕТТІК

  ТІЛДІҢ

  ДАМУЫ

  ТУР

А

ЛЫ

65

В Е С Т Н И К



МИНИСТЕРСТВА ЮСТИЦИИ РК

«Тілдердің  үштұғырлығы»  -  этносаясат  арасындағы  тіл  мәсе

-

лелерін салиқалы шешудің басты құжаты саналатын Елбасының 

жария еткен тіл стратегиясы.

туындап  отырған  қажеттілік.  Себебі,  бірнеше 

тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман 

бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз.

«Басылымға  шығатын  10  кітаптың  85 

пайызы  ағылшын  тілінде.  Ғылым,  даму  және 

ақпараттық  технологиялар  –  бәрі  ағылшын 

тілінде.  Қазақстанда  3500­ден  астам  шетел­

дік  кәсіп орындар  қызмет  етуде.  Олай  болса, 

біз олармен қай тілде тілдесуіміз тиіс? Шетел­

ден келетін құрал жабдықтарды қай тілде енгі­

земіз?», ­ деген Елбасымыздың сөзі үштұғыр­

лы  тіл  саясатының  қандай  маңыздылыққа  ие 

екенін айқындап берді. 

Қазақстан Республикасының Конституция­

сында  мемлекеттік  тіл  –  қазақ  тілі  деп  бел­

гіленген.  Ал  орыс  тілі  –  қазақ  тілімен  теңдей 

қолданысқа ие ресми тіл ретінде көрсетілген. 

Халыққа  қызмет  көрсету  орталығы  немесе 

басқа  да  мемлекеттік  органдарға  қазақ  тілін 

білу  міндеттілігі  артуда.  Осыған  байланысты, 

қазір еліміз тілдің үштұғырлығы саясатын ұста­

нып отыр. Ендігі кезекте үштілдік жүйенің ортақ 

балансын сақтау қажеттілігі туындады. 



Қазіргі  таңда  мемлекеттік  тілді  оқып,  үйренуге  мемлекет  тара

-

пынан  барлық  жағдай  жасалған.  Тіпті,  мемлекеттік  мекемелер  мен 

кәсіпорындардың  бәрінде  курстар  ашылып,  ғылыми-әдістемелік  ма

-

териалдар таратылады. Әрине, әр қазақ өз ана тілінде еркін сөйлеп, 

жаза білуі тиіс. Алайда, орыс тілін меңгерудің де маңызы зор. Орыс 

тілі – ұлтаралық қатынас тілі, сондай-ақ әлемдік тілдердің қатарына 

енген орыс тілін меңгеруге бәсекеге қабілетті болғысы келетін әрбір 

ұлт ұмтылады.

Сонымен қатар, Қазақстанда соңғы он жылдықта ағылшын тілін 

оқыту курстары жаппай ашылуда, қазіргі таңда жастардың екіден бірі 

ағылшын тілін жетік меңгерген. Ағылшын тілін меңгерген тұлғаның 

үлкен белестерді бағындыруға мүмкіншілігі зор. Мысалы, әлемдік үздік 

оқу орындарында білімін шыңдап, шетелдің тәжірибелерін іс жүзінде 

игеріп, Қазақстанда белгілі бір салалардың дамуына өз үлесін қосуына 

да болады.

Үштілдік  саясатты  қабылдау  арқылы 

еліміздің  даму  тенденциясы  үдейе  түсетіні 

анық.  Себебі,  орыс  тілі  мен  ағылшын  тілі  тек 

қарым  ­  қатынас  құралы  ғана  емес,  сонымен 

қатар  әлемдік  ғылымды  меңгерудің  тиімді 

жолы  болып  есептеледі.  Сондай  –  ақ,  бұл 

ұлттық  бірлікті  қалыптастырудың  бірден  бір 

бағыты. Қазақстан көпұлтты мемлекет болған­

дықтан,  өмір  сүріп  жатқан  барлық  этностың 

ауызбіршілігін  сақтап,  ел  ішінде  татулықты 

сақтау маңызды.

Алайда, тілді дамытатын нәрсе – азамат­

тардың  ана  тіліне  деген  сүйіспеншілігі  мен 

оны қастерлеп, киелі дүние санауы. Ана тілі – 

кез­келген  адамның  адамшылық  қасиеттері 

мен  ұлттық­діни  құндылықтарын  қалыптасты­

ратын құрал.

Осының бір дәлелі ретінде Елбасының қа­

зақ тілінің мемлекеттік тіл тұрғысынан басым­

дыққа  ие  екенін  ашып  көрсеткенін  келтіруге 

болады. 


Осыған орай, Астана қаласының Әділет де­

партаменті үштұғырлы тіл саясатын ұстану жо­

лындағы тілдерді дамыту бойынша саясаттың 

жүзеге асуына айтарлықтай назар аударады. 



Каталог: sites -> default -> files -> leaflets
files -> ҚазҰТУда «Ерлігі жүрегінде елінің» атты Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
files -> БАҒдарламасын дамыту жолдары ақашева Ә. С г.ғ. к., доц., Дүйсебаева К. Ж. г.ғ. к., доц
files -> А. Т. Селкебаева
files -> Бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін) Түсінік хат
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
leaflets -> Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіліміне енгізілген Қр бғм бғсбк 30. 05. 2013 ж
leaflets -> Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіліміне енгізілген Қр бғм бғсбк 30. 05. 2013 ж


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет