Темно-зеленая и Белая Диагональные Блоки Недвижимость Покупатель Листинговая Презентация



Pdf көрінісі
Дата05.02.2023
өлшемі2,93 Mb.
#65253


Орындаған: Нұрбаева Әниел
Рахымет Самал


Қазіргі еуропалық және отандық
мәдениеттің құрылымы
күрделілігімен ерекшеленеді, онда
әртүрлі деңгейлерді (қарапайым
және мамандандырылған), әртүрлі
түрлерді (элиталық, жаппай,
классикалық және халықтық
мәдениеттер), сондай-ақ өнер,
техника, дін, ғылымды қамтитын
көптеген мәдени құбылыстарды
бөлуге болады. Қазіргі мәдениеттің
күрделілігі, көп өлшемділігі әлемдегі
барлық дамыған елдердің қоғамына
тән екі процестің әсерінен
туындайды: урбанизация және
жаһандану.


Сонымен, жаһандану дегеніміз-
жекелеген мемлекеттер арасындағы
экономикалық, саяси, әлеуметтік және
мәдени салалардағы интеграциялық
байланыстарды нығайту, біртұтас
адамзаттың қалыптасуы, бірыңғай
стандартқа келтіру процесі. Басқаша
айтқанда, қоғамды біртұтас ететін
процесс.


Бұл үрдіс – экономикалық, технологиялық, мәдени-әлеуметтік және саяси күштердің
қисындасуы. Жаһандану экономикалық, ақпараттық, саяси, экологиялық, мәдени
және тағы басқа болуы мүмкін. Мәдени жаһандану дегеніміз мәдени
байланыстардың дамуы; «жаһандық» сияқты мәдени кеңістікті біріктіретін, жаңа
технологиялар мен әдістерді үйрене отырып, шет елдік өнімді қабылдап, идеясына
ие болуға деген құштарлық және «әлемдік мәдениетке» қатысу сынды сананың жаңа
категорияларының пайда болуы.


Мәдени жаһандануға әлемнің әртүрлі елдерінің
іскери және тұтынушылық мәдениетін
жақындастыру мен халықаралық қарым-
қатынасты өрістету тән. Бір жағынан бұл әлемдегі
кейбір жеке ұлттық мәдениет түрлерін танымал
етеді. Екінші жағынан әйгілі халықаралық мәдени
құбылыстар ұлттықты ығыстырып немесе оларды
ұлтаралыққа айналдыруы мүмкін. Көпшілік мұны
ұлттық мәдени құндылықтарды жоғалту деп
түсініп, ұлттық мәдениеттің жандануы үшін
күреседі. Қазіргі заманғы кинофильмдер экранға
әлемнің көптеген елдерінде бір мезгілде шығады,
кітаптар аударылып, әртүрлі елдер оқырмандары
арасында бір уақытта танымалдыққа ие болады.
Мәдени жаһандануда ортақ Ғаламтордың
таралуы үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ жыл
санап халықаралық туризм кеңінен етек алуда.


Мұның барлығын жас әрі дамып келе жатқан тәуелсіз Қазақстан
мемлекетінен көруге болады. Ұлттық қайта жандану үрдісі тек
қана қазақ тарихына деген қызығушылық негізінде жүзеге
асырылуда емес, сонымен қоса өзіндік салт-дәстүрлер мен әдет-
ғұрыптарды жаңғыртумен байланысты. Қазақ салт-дәстүрінің
қайта жаңғыруы бүгінгі таңда Қазақстанда тарихи жалғастықтың
қайта қалыптасуы ретінде қабылданады. Қазақ халқы үшін бұл өте
қиын және күрделі мәселе, себебі жоғалған салт-дәстүрді қайта
қалпына келтіру туралы мәселенің көтерілуінде болып отыр.
Қазіргі қазақтар – бұрынғы малшы-көшпенді халық емес. Сондай-
ақ, жиырмасыншы ғасыр бойы саналы түрде салт-дәстүрді жою
және қудалау жүзеге асырылып келді. 
Мәдени жаһандану деп мағына құрастыру аясын
өзгерту, бірегейлікті, нақты бір жерге тән болуды,
жалпы түсініктерді, құндылық, ұмтылыстарды, мифтер
мен сенім, қауіпті өзгертуді түсіну керек. 


Жетпіс жылға созылған кеңестік кезеңде
Қазақстанда салт-дәстүрмен «өткеннің
қалдығы» ретінде күресті. Алайда, сол
уақытта да, бүгінгі таңда да қазақтар
бұрынғы өмір салтының қалдығын
қажырлықпен талмай күресіп сақтап келеді.
Бұл жерде туыстық қатынасқа ерекше мән
беріледі. Ру, руға бөліну – қазақ халқының
идеологиясы. Бұл бірегей құбылыс ежелгі
заманда шыққан, дегенмен, руға бөліну
бүгінгі замандада қолданылады. Бұл «қиын
мәселе» барлық басқа халықтық мәдени
институттардың аясында әртүрлі әлеуметтік
және саяси жағдайларға бейімделуде .
Жалпақ бірлестіктердің жауластық пен
«жүзге бөлінуді» жоюына қарамастан, қазақ
халқының рулық санасы ғасырлар бойы
сақталып келеді. Ол ұзақ уақыт бойы қазақ
зияткерлерінің арасында бір мағыналы
бағаға ие бола алмады.
1


Біреулері оны ұлттық бірлікке деген қауіп
деп түсінді, екінші біреулері «жеті атаны»
білу ұлттық мәдениеттің құбылысы деп
қарастырды. Барлық болжамдарға Елбасы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің
«Тарих толқынында» атты кітабында нүкте
қойды, ол қазіргі Қазақстанның мәдени
өмірінде рулық сананың мәні мен рөлінің
аса маңызды екенін баса айтты. «Жеті ата»
принципі барлық халықтың рухани
бірлігінің құралы іспетті. Осы принцип
қарапайым болғанымен, отбасы-туыстық
махаббаттың негізіндегі этникалық
тұтастықты анықтайтын күшті ядро болып
табылады. Қазақ халқы этномәдени
қауымдастық ретінде өздерінің
этноұжымдық зердесінің арқасында
сақталды
2


Бүгінгі Қазақстан ұлттық жандану кезеңін бастан кешіруде.
Ұлттық-мәдени жандану үрдісі мәдени парадигманың ауысуын
білдіреді. Бұрынғы концепцияларды қайта қарау, ұмытылған
немесе тиым салынған атаулардың қайта келуі – казіргі
Қазақстанның мәдени өміріне тән ерекшеліктер.
3
Бүгінгі күнде қазақ халқы өзінің бай, қанықты, қуаныш пен қайғыға толы тарихты аса
қызығушылықпен оқуда. Ұлттық жанданудың үрдісі мемлекет және халық үшін де
бейнетті болып табылады. Бұл үрдіс өзінің ұлттық және тұрмыстық салт-дәстүрлерін
мұқият зерттеуді талап етеді. Ескі салт-дәстүрлерді бүгінгі таң мен болашақтың
талаптарына сай жандандыру қажет. Сол кезде ол «салмақ» емес, мемлекеттің
ілгерілеуге деген қозғалтқышы болып табылады. Салт-дәстүрімізді жаңарту
өткенімізді естен шығармауға, бүгінгімізді жақсартуға және болашаққа жоспар
құруға мүмкіндік береді.


Пайдаланылған әдебиеттер:
Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/mangilik_el/48589/
https://melimde.com/s-l-rubinshtejn-1-jalpi-psihologiya-negizderi-
ebeginde-1940-bi.html?page=53
https://stud.baribar.kz/719/zha-andanu-zhane-onynh-madeni-urdisterg/


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет