Темперамент типтері



бет1/3
Дата04.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#47431
  1   2   3

Темперамент типтері

Орындаған: Утеулиев Ерлан

Кіріспе

Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ болды.

Гиппократтың пікірінше, адамның тәнінде төрт түрлі сұйықтық болады: қан, шырын, сары және қара өт, олар дұрыс араласса — адамның дені сау, дұрыс араласпаса — сырқат болады. Ағзадағы сұйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына орайлас қойылган темперамент атаулары күні бүгінге дейін сақталып келеді. Темперамент тұлғаның барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді. Бірақ темпераментке жеке адамның моральдық тәрбиесі, әлеуметтік бағдары, әуестенуі, қызығуы тәуелді еместігін естен шығармаған абзал.

Темпераменттің жалпы түсінігі

  • Белгілі бір адамға тән және өмір әсерлеріне жауап реакциялардың динамикасы, тонусы мен бірқалыптылығында көрініс беретін мінез-құлықтың табиғи ерекшеліктерін — темперамент деп ұғынуымыз керек.
  • Мінез-құлық тек әлеуметтік жағдайларда ғана емес жеке адамның табиғи құрылымына да тәуелді. Адамның биологиялық жағын көрсететін қасиеттің бірі болып табылатын темперамент жас балалардың ойыны үстінде, түрлі қарым-қатынас жағдайында анығырақ және ертерек байқалады.

    Темперамент тұлғаның барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді. Бірақ темпераментке жеке адамның моральдық тәрбиесі, әлеуметтік бағдары, әуестенуі, қызығуы тәуелді еместігін естен шығармаған абзал.

  • Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара көріністерін бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді ойластырады. Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ болды. Гиппократтың пікірінше, адамның тәнінде төрт түрлі сұйықтық болады: қан, шырын, сары және қара өт, олар дұрыс араласса — адамның дені сау, дұрыс араласпаса — сырқат болады. Ағзадағы сұйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына орайлас қойылган темперамент атаулары күні бүгінге дейін сақталып келеді.
  •  Холериктік темперамент – (өт) -, сангвинигтік темперамент (қан), флегмативтік темперамент — (шырын), меланхоликтік темперамент — (қара өт) деген сөздерден алынған. Гиппократ темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа райы жағдайларына тәуелді болады деп санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, үнемі қимыл қозғалыстағыларда — өт көбейеді, темперамент те осыған сәйкес анықталады. Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағанымен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет