ТӘмпіш қара танысу



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата19.01.2017
өлшемі2,12 Mb.
#2192
1   2   3   4   5
Өкініш

  Ертай.


Біреу ақыры н сыбырлап,  мені түртті.

—  Ә-ә...  О  не-ей!

— Тс-сс... А қырын сөйле...

Дауыс тағы қайталанды.

—  Ертай.

—  Ә-ө...

—  Ү ш -төрт кү н н ен  соң біз  қайтам ы з.  М үнда  біз  істер 

жүмыс  қалмады да.  Сен  тындап  ж аты рсы ң ба?  — Д ауы с- 

ты  енді  тан ы д ы м .  Ш ан ш атай д ы ң   д ау сы .  К ү р к е   іш і 

қараңғы .  Сы рттан  с о қ қ а н   желдің сусылы  естіледі.  Бүгін 

түстен  кейін  күн  жауып,  біз  ж үм ы сқа  ш ы қ қ ан   ж оқпы з. 

М үндайда меыің күдайым жарылқайды.  Бос уақытым мол. 

Әнеугүні  Ш анш атай  айтқан  

суретті  салы п  бітіріп, 

көңілім  

ж айланғандай  болған.  Салғаны м   Б ейсекүлдің 

суреті.  Қ анш ам а  екі  ойлы  болсам  да,  Ш анш атайды ң сол 

айтқаны   жөн  секілденіп,  ақыры  Бейсекүлге тоқтағам.

Мен бүгін ерте жатып қалғам.  Жүмыстан ба,  әлде миды 

ашытып көп ойлағандықтан ба, шаршағандай сезінгем өзімді.

Енді,  міне,  Ш анш атай  оятты.  Сыртта  жаңбыр  басылса 

керек. Себебі төбемнен тырс-тырс тамған тамшы жоқ.  Бетіме 

Ш аншатайдың демі тиеді.  “Бүгін қасыма жатқан екен ғой” .

— Сен қалай дейсің, егерде кетерде колхозшыларға ойын 

көрсетсек?

—  Ойын!  —  Басымды көтеріп алдым.

— Т-с-с...  — Алақанымен  аузымды жаба қойды.

—  Сен  әуелі тыңца...  Біз  олардың алдына  шығып,  әуелі 

қосылып өлең айтамыз.  Бейсекүл жақсы тақпақ біледі екен. 

М ен бір-екі ән айтып берем.  Сосын ойын  қоямыз.

—  Ол  не...  “ Ж а с ы р ы н б а қ ”  па,  әлде  “тү й е -тү й е -тү й е - 

л е р ”  ме?

—  Ж о-о,  ол  емес,  —  деді  Ш аншатай  түнш ыға  күліп.  — 

Ойын  дегеніміз  кәдімгі  біріміз  бай,  біріміз  кедей  болып 

ойнайтын ойын.

—  Е-е...

О ндай  о й ы н д ы   к ө р м е к   тү р м а қ ,  б ү р ы н   естіген   де 

е м е с п із .  Ә не  бір   к ү н і  Ш а н ш а т а й   б ә р ім із г е   а й ты п

31


сілекейім ізді  ш үбы ртқан :  “ М үхтар  Әуезов деген дөй  жа- 

зушы  бар.  С оны ң  “Айман  —  Ш о л п ан ” ,  “ Еңлік  —  К ебек” 

деген  пьесалары   бар.  Әулиеатаға  барған да  к ө р д ім ” .  Ол 

бізге  о қи ғасы н   жыр  қы лы п  айты п  берген  еді.

Енді  келіп  Ш анш атай  сондай  о й ы н н ы ң  сирағы н  ш ы- 

ғарғаны   м аған  с а й қ ы м азақ   күлкі  тәрізд і  көрінді...

—  Қалай дейсің?

— Әй,  ол біздің қолымыздан келе  ме? Ж үрт мазақ етпей 

ме?  Сен  ойын  көрген Әулиеата қайда,  біз қайда.

—  Сен  әуелі тында.  Біз  өзімізге лайы қты   ойын  қоямыз. 

Мен  “ Б ауы рсақ” деген  шағын  пьеса  әкелгем.  Ол  мына  біз 

секілді балаларға арналған. Тек сен  осыған жарайды десең, 

басқа балаларды да екі жақтап кендірер ек.

— Тфу!  Білмейтін пәлең ж оқ екен өзіңнің!

М ен  Ш анш атайды  қүш ақтай  алдым.  Осылай  қүш ағы - 

мыз  ажырамай  үйқтап,  таң  атқан  соң,  әлгі  “ Бауы рсақты ” 

бар  балалар  бірігіп  оқы п  ш ы қты қ.

Ш ағын  ғана  күлдіргі  пьеса  екен.  О қы п  шығып,  қы ран 

күлкіге  баттық.  Сонымен,  біздің омірімізге тағы  бір жаңа- 

л ы қ   енген  еді.  Күні  кеше  шаң  кешіп  көше  кезетін,  күн 

батса,  бақш аға  түсіп  қауы н-қарбы з  үрлайтын,  көлшіктегі 

лай суға түскенде гана басы бірікпесе, жаз күндері шашыл- 

ған  тарыдай  бытырап  жүретін  “сабаздар”  енді  оқта-текте 

жүдырықтасуға да  мүршалары  келмей,  “ п ақы р”  болды  да 

қалды.  Енді  олардың күнделікті тірлігі де,  ермегі де  өзгер- 

ген  еді.  Біз  Қ ы зы лқүрдан  кетерде  көпш ілікке  “ Бауырсақ- 

ты ” кәрсетгік.  Бауырсақ болып мен ойнаған ем. Сол кештегі 

алған алғысымызда қисап жоқ,  қуанышымызда шек жоқ.

К өңілім із  осылай  тасқы н дап,  ауылға  қай тты қ.  М ен 

Бейсекүлдің  суретін  салғанмын.  (Әрине,  өзіне  көрсеткен 

жоқпын). Ол  суретті  Шаншатай  алған. Айтқаны:  “Келдібай 

ағаммен ауданға беріп жіберем.  Ол кісі  почтага салады” .

Енді  м ен  екі  көзім   төртеу  б олы п ,  суретім нен  хабар 

күтудем ін.  Ш анш атай:  “ Сөзсіз  б асад ы ” ,  —  деп,  мені  әб- 

ден  ссндірген.

Ауылға  келген  соң,  баяғьщай  бытырап  кеткеніміз  жоқ. 

Күидс  сртеңгісін  ешкім  айтпаса  да,  қос  теректің  қасы на 

жиналамыз.  Осы арада бір күнді  қалай өткізуді жоспарлай- 

мыз.  Ешкім атап сайламаса да,  Шаншатай біздің командиріміз 

секілді.  Кобіне  соны ң  айтқаны  болады.  И м анбекке  дейін 

қ ы ң қ  ете алмайды.

32


Бірте-бірте біздің қатарымыз көбейе берді. Тіпті боқмү- 

рын  Ержанның қатарластары келетінін  қайтерсің.  Олар біз 

сапқа түрып өлең айтқанымызда артымыздан шаңды кобейтіп 

топырлап еріп жүргені.  Бір жолы қуып жібермек болып ек:

—  Here  қуасындар?  Бүлар да үйренсін.  Бүлар сендердің 

жеткіншектерің.  Бүлар  —  октябряттар,  — деді  Ш аншатай. 

Ол сөзімен  қойм ай,  келесі күні қатты  қағаздан бес жүлдыз 

жасап,  оны  қызылмен  бояп  әкелген  екен,  Бейсекүл  екеуі 

Ержандардың кеуделеріне қадап берді.  Мүнан кейін Ержан- 

ды көр!


Байлар мен молданы,

Қойдай ку қамшымен

деп, үйдің маңына келген иттерді тырқыратып  қуып әндетіп 

жүргені.  Өзі  пәле  деймін!  Л езде-ақ  біздің  әніміздің  бәрін 

үйреніп алды.  Бір жолы әжем ши барқыттан маған әдейілеп 

тігіп берген сумкамды сүйретіп:

Қагаз-қалам.

Қолга сихам.

Еңбекші елге барганда,

Шам боп ж анам,—

деп әндетіп жүр екен.

Әй, бәлемді үстап алып, сыбағасын бердім-ау!

Бірақ келесі  күні  барлық балалар  мектеп  қасына жина- 

лып түрғанымызда,  Ержан:

—  Ш аншатай,  мені  Ертай  үрды!  — демесі  бар ма.  —  Өзі 

пионер,  өзі үрады.

Балалар маған жалт қарасты.  Әй,  сондағы  үялғаным-ай! 

Ержан тақылдап:

—  Үрдың  ғой.  Қүлағымнан  бүрады ң  ғой.  Төбемнен 

шерггің ғой...

Қояр емес.

—  Енді  сені  үрмайды,  —  деді  Ш аншатай.  —  Ал  бүгін 

Ертай сол үшін жаза тартып, сапқа түрмайды.

Ол  кезде  балалардың қатарында  сапқа  түрмау  біз  үшін 

ең ауыр жаза еді. Тумысымда таяқ жемей-ақ шаршы топтың 

алдында жылағаным сол болар...

280


Біз бір мезгіл сапқа тұрып өлең айтсак, бір мезгіл мектепті 

жөндеу жүмысына қатысатын болдық.  Көлшікке барып суға 

түсеміз.  Су басында  отырып  кітап  оқимыз.  Бізге өте үнай- 

тыны  Қалмақан ағайдың “Амантайдың ауылы”.

Кешкісін, әрине, ойьш.  Шаншатай үйреткен доп қуу ойы- 

ны  үлкен-кішімізге қаггы  үнаған-ды.  Ол кезде резеңке доп 

бізде жоқ-ты.  Сондықтан жүннен жасаймыз.  Кейде арасына 

тас салсақ, таяқпен соққанда тіптен зымырап үшады.

Біздің бүл ойынымызға кәдімгідей жігіт боп қалған Нығ- 

мет, Айымхан,  шашы дудырап  Күлдәріге дейін қатысатын. 

Оларға  іш  тарлығымыз  ж оқ,  қайта  бүл  ойынға  адам  не- 

ғүрлым көп қатысса, соғүрлым қыза түседі. Тек кейде Нығ- 

мет допты кезексіз үрамын деп, ойын шырқын бүзады.  Оған 

“сенікі  ж өнсіз”  деп  айтуға  батпаймыз.  Біріншіден,  жүды- 

рығы қатты.  Екіншіден,  “шайтан арбасы на”  мінгізер деген 

үміт бар  әркімде.  С онды қтан  мүндайда сенеріміз  —  Ш ан- 

шатай.  Бірақ ол да көбіне  үндемейді,  неге екені белгісіз.

Нығметке  Бейсекүл ғана батыл.  Кезегі келгенде таяқты 

оны ң қолынан жүлып алады,  немесе  шап етіп жармасады.

—  Ү ятың ж оқ екен, түге.  Әкел таяғымды!

Кейіннен  байқады қ  Айымхан  ойынға  келгенде  Нығ-

мет қойдан да жуас.  М омақан.  О ңалбек маған  бірде:  “ М а- 

хаббат” ,  — деген қулана жымиып.  Ол Иманбек пен  Күлдәрі 

қатар түра қалса да,  осы сөзді айтатын.

Бір жолы ол:

—  И манбектің мысы  қүры п ж ү р,— деді.

—  Here?

—  Мектеп жөнделіп жатыр.

—  Онда не түр? О ңалбек м ырс-мырс күлді.

—  М енің әпкеммен оңаш а кездесе алмай жүр.  О,  аңқау 

басым!  Анада  т а я қ   ж егенде  К үл д әрі  қай д ан   can  ете 

түсті десем.

Тымпиып  алып  О ңалбек те  қу-ау деймін.  “Үндемеген- 

нен үйдей пәле  ш ығады” ,— деп әжем текке айтпаса керек.

*  *  *

Мен ол  күні түстен кейін үйден  шықпадым. Ж үмыс ба- 



сы ндағы   ш еш ем  к ел іп ,  к ір -қ о ң ы м ы зд ы   ж уам ы н  деп, 

үстім іздегі  бар  лы пам ы зды   сы п ы ры п   алды  да,  Ерж ан 

екеумізді көрпеге орап,  ж атқызып қойды.

34


Шешеміздің мінезі қатал.  Оның алдында көкем де (әкем) 

қ ы ң қ   дей  алмайды.  Ал  біз  қоян н ы ң   көжегіндей  көзіміз 

жәудіреп,  моп-момақан боламыз да қаламыз.

Ш еш еміз  келгелі  бері  күңкілдеп  үрсып  жүр.  Сондағы 

айтатыны:

— Зердесі жоқ мүның (онысы — мен), жалғыз киер киімін 

қүртып.  Елдің бүл секілді балалары тіршілік етіп жүр.  (Бүл 

қаш анғы айтатын сөзі. Тіпті Ержанға да соны айтады.  Оған 

қүлағымыз үйренген,  мүның бәрі зілсіз ашу).

Келесі күні шешем таң қылаң бере, жүмысқа кетті. Әжем 

біз  не  істесек  те,  беттен  қ а қ п а й д ы .  “ Ой,  өркен дерің  

өскірлер”,— деп отырғаны.

М ен  ерте  түрдым.  Ауызғы  бөлмеде  тайқара  қазан  бар. 

О ны ң ішінен не айран, не сүт арылмайды.

Түрған  бетте  қазанға  барып  қақпағы н  ашып  ем, бетіне 

сап-сары қайм ақ түрған айран бар екен.  Ж алма-жан тоста- 

ғанды салып жіберіп, аузыма өкеле бергенім сол еді.

—  Ертай! — деген Бейсекүлдің даусы шықты.  Ышқынған 

үрейлі дауыс.

Атып  шықтым сыртқа.  Өңі боп-боз болып  Бейсекүл түр. 

Қасында —  Ы қсан.  Онда да өң-түс жоқ.

—  Ш анш атайды   өл тір іп ...  —  деді  Б ей секү л ,  б езгек 

б олған  адамдай  ерні дірілдей.

—  He дейсің?!

Түра  жүгірдім.  Бүрын  Келдібай  ағайдың  үйінің  маңы- 

нан  жүруден  батпаушы  ек.  Енді  сол  үйдің  алдына  қалай 

жеткенімді білмеймін.

Есік алдында Жамал апай түр екен.  Өңінен үрей байқал- 

майды.  Бізді көріп:

—  Ш аншатайға келдіндер ме? — деді.  Басымызды изедік.

—  Оны ағасы мана апасына әкетті.

Біз әлі түрмыз.  Сүрауға тіліміз күрмелгендей.

—  Қорқатын  ештеңе ж оқ,  — деді  Жамал  апай  езу  тар- 

тып.  —  Байқамай  қатты жығылып  қапты.

Көңіліміз  орнына  енді  түскен  секілді.  Мен  Бейсекүлге 

маразы қабақпен қарадым:  “ Қашанда желөкпесің-ау осы!”

Біз бүрылып жүре бергенде,  Жамал апай:

—  Ертай,  — деп шақырды мені — үмытып барады  екем. 

Ш анш атай  саған  бер деп  еді.  —  Жамал  апай  маған  үйден 

газетке оралған бір бума алып шығып берді.

—  Рақмет, апай!

35


—  Оның тағы бір айтқаны ,  — деді Жамал апай,  мені сәл 

бөгеңкіреп,  —  саған  Теке  шалға жолығып түрсын деді.  Ол 

кісіні білесің бе?

—  Білем.

Әншейінде Бейсекүл:  “Бүл не?” — деп қолымдағыға жар- 

масар еді,  қазір үндемеді.

—  Ж амал  апай  ж асы рды ,  —  деді  ол  солғын  үнм ен 

күрсініп.  —  Ш анш атайды  түнде үрып  кеткен.

—  Кім?  Неге?!

—  He  де  болса  мүны  Оңалбек  біледі,  —  деді  осы  кезде 

Ы қсан.  — Ж үр, өзінен сүралық.

Оңалбек мынаны айтты:

Кеше балалар доп ойнап,  өбден ымырт үйріле тарқапты. 

Ең  соңцарында  Ш анш атай,  Ы қсан,  О ңалбек  қана  қалы п 

қойы пты .  Бір  кезде  қай дан   can  ете  түскенін  кім  білсін, 

ентігіп  И м анбек кепті.  (Ол екі  күннен  бері  көрінбеген).

Ол келген бойда-ақ Шаншатайға:

— Анадағы сөзінді  үмытқан ж оқсы ң ба? — деп сүрапты.

—  Ол не?

—  Бөсе,  қо р қақсы ң  деп  ем  ғой.  Ол  кекетіп  қарқы лдап 

күлген.

— Әуелі айтсаңшы.



—  Молаға барам деп ең ғой.

—  И ә,  айттым.

— Ол сөзіңнен қайтпайсы ң ғой?

—  Қайтпаймын.

—  Онда,  — депті  Иманбек,  — бүгін,  батыр болсаң, бара- 

сың.  Ай  қараңғы.  Дөл дер кезі.

Ш аншатай иыгын қозғаң еткізіп:

— Ж арайды,  — деп келісіпті.  —  Қаш ан барайын?

—  Оны өзім айтам.

— Сонымен, — деді Оңалбек, —  Ш аншатай мына Ы қсан 

екеумізді  үйге  қайтары п  жіберді.  Өзі де үйіне  кетті.

М ен  үйге  келіп,  там ақ іш іп,  ақы ры   не болары н білмек 

боп  үйқтам ай  оты рды м.  Б ір а қ  қалғы п   кетіппін.  Бір  кез- 

де  Күлдөрі  келіп  оятты .  “ Әй,  — деді,  —  сен ің   ана  баты - 

рынды  жын  соғып  кетіп ті?”  Ү й қы лы   көзбен  әуелі түсіне 

алм ай ,  арты нан:  “ Кім   ай тты ?”  —  деп  ем,  “ И м ан б ек 

кө р іп ті” ,  — деді.

Т ы сқа ш ы қсам ,  таң  сарғайған  екен.  Ж үгіріп  Келдібай 

ағайдікіне  келдім.  А ғай  к и ін іп  ж үргелі  түр  екен.  Арбада

36


Ш анш атай жатыр.  Бет-аузы н  ақ дәкем ен  шандып байлап 

тастапты.  Мені  көріп,  ақы ры н жымиды.  “ Балаларға айт- 

п а й -а қ   қ о й ” ,— деді.  С осы н  үйге  келдім.  Ж атсам,  ү й ы қ - 

тап  қаппы н.

О ңалбектің  м ы на  бір  қ а н н е н -қ а п е р с із  м үлөйім сіп 

түрған ы н а  ж ы ны м н ы ң  қозбасы   бар  ма.  Әлгі арада түтіп 

жеп  жібергім  кеп,  кіж інген бойы  үмтыла беріп  ем,  м енің 

кейбір  оқы с  м інезім е  с ы р қ а н ы қ   өккі  болған  О ңалбек 

Бейсекүлді тасалай  берді.  Осы  арада  Бейсекүлдің өнеубір 

күні:  “ Қ ит етсе,  ж үды ры ғы ңды   ала  ж үгіресің.  Өзің тағы 

да  пионерсің!”  — деп тамам  балалардың алдында қы зарт- 

қан ы   есіме  can  етті.

Қазір Оңалбекті жөбірлесем,  Бейсекүлдің күні ертең бат- 

титып  бар  баланың  алдында  масқараламасына  кім  кепіл. 

Бүрынғы сөзшендігінің үстіне соңғы  кезде  Ш анш атайдың 

мақтауымен  тым  есіріп  кеткен  сияқты .  Әйтеуір,  ауыздыға 

сөз бермейді.  Қайсарлығы өз алдына.

Оны ң үстіне  Оңалбекті де аядым.  Қой аузынан шөп ал- 

мастың өзі.  Оны  үрғанда,  дәл осы  арада болған  іс бәз  қал- 

пына қайта оралар ма?  Босқа ренжітіп қайтем?

Сондағы бар айтқаным:

— 

Н оқайсы ң  ғой,  ноқайсы ң.  Өзіңде  бір түйсік,  саңлау 



болса ше?  Маған келіп айтсаң ғой?!..

Бармағымды тістелеп, қатты өкінгенмен амал нешік!

Көкейімді бір ғана сүрақ тесті де түрды:

“ Келер ме екен?”



Теке  қарт

Бүл  кісінің шын  аты  Теке ме,  басқа  ма,  оны осы күнге 

дейін білмеймін.  Кемпір-ш алдардан бастап жас балаларға 

дейін  Теке  қартты ң  аты  аталса  болды ,  жүздеріне  күлкі 

үйіріледі.  Ешбір  зілсіз,  кекету-м үқатусы з жылы  күлкі.

Сөйлеген сөзі,  болмаса,  жүріс-түрысы  әлде түс-келбеті 

е р ік сіз  езу  тартты ра  ма,  оны   м ен  дәл   сол  кезде  аң ғар - 

м аппы н.

Әйтеуір, көк есегіне жарбиып мініп алып, анадайдан қара- 

сы көрінсе-ақ болды,  Ержан екеш  Ержанға  дейін:

— 

Теке шал келеді!  — деп айғай салып, алдынан түра кеп 



жүгіреді.

37


Ересек адамдар тығыз шаруасы болса да, оны қоя түрып, 

Теке қарт қастарына келгенше күтіп түрады.

Соған  орай Теке қарт кездескен  үлкенге болсын,  кішіге 

болсын,  өзі  сәлем  береді де,  сонан  соң  көп  жыл  көрмеген 

адамдай хал-жайды сүрап,  шүбыртып ала жөнеледі.

—  Үй  іші  аман  ба?  Бала-шаға  аман  ба?  — деп  бастайды 

да,  сол  үйдің жалғыз күшігіне дейін халін  біледі.

Мүндайда қағілез біреулер сүрау қойдырмай-ақ:

—  Үй  іші  аман.  Ш аруа  жақсы.  Келініңіз  сөлем  айтты. 

Ала күш ік үйқтап жатыр.  Сиыр өрісте, тауықтар жүмырт- 

қалап  жүр,  —  деп  тақп ақтаты п   барып,  өзі  сүрау  қояды . 

Сондағы сүрайтындары:

— Ауданда не жаңалық?

— Дүкенде  кездеме бар ма?

— Базардың нарқы қалай?

—  Мәміле  шай  көзіңізге  түспеді ме?  (Бүл  — өйелдердің 

сүрагы...)

О сының бәріне Теке қарт түгелдей сарқы п жауап беріп 

ш ығады.  Бүл  кезде  кө к  есегі тапж ы лм ай  м үлгіп  түрады . 

Ш ыр айналған  тентек балалар ти іп -қаш ы п  түрткілесе де, 

қы бы р  етпейді.

Бір қызығы: Теке қарт кеудесімен алга үмтылып тебініп- 

тебініп қалғанда,  көк есек аспанга қарап екі-үш  рет ақы ра- 

ды  да,  тепеңдей  жөнеледі.  Онысы  үзаққа  бармайды.  Т аяқ 

тастам  жерге  жете  бере,  қара  жаяуына  көшеді.  Бүл  кезде 

Теке  қарт  тағы  біреулерге  сәлем  беріп,  хал-жайын  сүрап 

жатады.

Күніне жүз кездессең де,  Теке  қарт сәлемдеспей,  аман- 



д ы қ сүрамай кетпейді. Асығыс біреулер мойын бүрмаса да, 

соңынан:


—  Әй,  кем піріңнің дені  сау ма? А қ тоқты ңны ң  қотыры 

жазылды  ма?..— деп айғайлап түрғаны.

Бізді көрсе, тіптен қутыңдап:

— Сен өлгі әңгүдік Қанатбайдың баласымысың? Ой,  ай- 

налайын, әкеңнің дені сау ма?  Ш ешең қандай, ауырмай ма? 

Бетіңе қаспақты көп жағып алыпсың, апаңның айранын үрлап 

іш кенсің-ау,  ә?..  Әпкенді  ешкім  айттырған  ж оқ па,  әлі?  — 

деп  мылжындап түрудан жалықпайды.

Кейде қысы-жазы үстінен тастамайтын қы рық жамау көк 

шапанның сірне-сірне омырауынан қолтығына қолын сүғып, 

кір-кір бүктелген орамал суырып алады. Арасын жазып:


—  Мә, мәмпәси жейсің бе? — деп, жіңішке шидің басына 

қондырылған  жып-жылтыр тәтті үсынады.

Оны  көргенде  көзің  шоқтай жайнап,  сілекейің шүбыра- 

ды. Шыдамсыз біреулер алмақ болып тап беріп қольгн созған- 

да, Теке шал кеңк-кеңк күліп мәмпәсиді өзіне тарта қояды.

—  Е -е,—  дейді  ол 

сүйір 

иегіндегі 



үш -торт  тал 

сақалы селкілдеп,  — тегін жатқан дүние жоқ. Әуелі өнерінді 

көрсет.

Батылдау балалардың бірі осы кезде қарттың алдына қас- 



қиы п  түра  қалып,  танауын  қолы ны ң  сыртымен  оса  бір 

сүртіп:


 

Ей-й,  айтыспаймын сенімен,  тоның жаман, 



Ей-й,  қарга  т уяқ секілді қолың ж аман,—

деп әнге басып жіберсе, Теке шал  мәз болады.

—  Ой,  иттің күш ігі...  М ә-мө...  сенікі,  — деп тәттіні бере 

береді.


Манадан батылсызданып, қысылып түрған балалар осы 

кезде жан-жақтан жамырап:

— Ата,  мен айтайын.

—  Ата,  мен  билеп  берейін!...  —  десіп ,  Теке  ш алды 

қаумаласады.

Б ірақ  Теке  шал  біреу-екеуден  арты қ  м әм пәси  салып 

жүрмейді қойнына.

—  Ата,  бүгін  тегін   айты п  берейін  сізге,  —  дегенге  де 

көнбейді.  —  Ата,  м ен  т а қ п а қ  айтып  берейін.  М әм п әси ді 

ертең  берерсіз,  —  д еп ,  несиеге  а й тп а қ   болғандарды   да 

тынңцамайды.

—  Бүгінге  осы  да  жетеді.  Барга  қанағат  қылыңдар,  — 

деп,  көк есегін тебініп  қойы п, жүре береді.

Бүл  кезде  біраз балалар  әлі де дәм еткен  үмітпен  он ы ң  

соңы нан  ш үбырса,  біразы  әлгінде  конф ет алған  балалар- 

ды  қорш айды.

—  Маған бір сорғызшы!..

—  Әкелші,  мен де бір тістейін...

—  Көк сақаны  сүрап  ең ғой,  берейін!...  — деп жалынып 

жатқаны.


He  керек,  Теке  ш алды ң   қарасы   көрінсе  болды ,  бала- 

лар  балға  үйірілген  ш ы бы ндай  қап тап   кетеді.  Тәттіге 

қ ы зы қ с а қ  та,  сыр  білдірм ей  ш ы дам ды лы қ ж асайты н  біз

39


секілді  ересек балалар  он ы ң  сөзіне  қ ү л а қ  түреміз.  Аудан 

о р талы ғы ны ң ж аңалы ғы   бізді де  қы зы қты раты н   секілді. 

Іш ім ізд е  ан ан ы   біліп  кел,  м ы наны   біліп  кел,  —  деп 

ш еш ем із  ж іберетіндер  де  болады.  Олар  керек  хабарды 

ести  салы сы м ен,  үйді-үйге  жүгіреді.

Қарттың тәттісінен  үміт үзгендерге кок есектің қасында 

журудің өзі қызық.  Ш ағын ауылдан үзатып салып, көңілдері 

тынғандай,  үйлеріне оралады.

Теке  қарт  —  ауылдағы  хат  тасушы.  Он  сегіз  ш ақырым 

жердегі аудан орталығына күнде қатынайды.  Сондықтан осы 

ауылда  жаңалықты  көп  білетін де сол.  Ауданның базарын, 

дүкендерін аралап жүретін адамда мәмпәси болмай қайтсін. 

Оны  алуға  тиын  керектігін,  сол  тиы н  Теке  шалда  бола 

бермейтінін  біз  ол  кезде  ойлаппыз ба?  Теке  қарт осы  қара 

тірсек,  қасп ақ мүрын  балаларға күніне мәмпәси әкеп беру 

үш ін  қолындағы  жалғыз  ешкісін  сатып  жібергенін  де  біз 

қайдан біліппіз?

Теке қартгың үйі ауылдан жырақта.  Басқүдық деген жерде 

екенін білемін.  Бірақ күні осыған дейін көрген емеспін.

Жамал апайдан Ш аншатайдың сәлемдемесін алып,  “Теке 

шалға жолығып түрсын” деген хабарын естіген соң,  көңілім 

алып  үш ып,  хат  тасушы  қарттың  кеш кісін  келуін  тосуға 

ш ыдамым жетпеді.

Оңалбекті ілестіріп, түске қарай “Басқүдық,  қайдасың?” 

деп тартып бердім.

Біз түрған  жерге  қы рғы з Алатауы ж ақы н  болатын.  Күн 

аш ы қ  күндері  дәл  төбеңнен  төніп  түрады.  Шілдеге  дейін 

ғана үшар басында қар жатады. Сонан соң тот басқан темірдің 

бетіндей  күреңітіп  біз  ж ақ  беті  сақалы  қы рылған  иектей 

сүйірленіп жып-жылмағай боп мелшиіп түрғаны.

Б а с қ ү д ы қ   осы  тауды ң  етегінде  екен .  Ауылдан  алты - 

жеті  ш ақырымдай.  Сайдың аузында болса да,  ағып жатқан 

суды  көрм едік.  Ш а ң қ и ға н   күн  өзім ізді  әбден  қақтад ы  

да,  терлетті де.

Айдаладағы жалғыз моладай жалғыз жапа там түр, айна- 

ласы н  қураймен  қорш ап тастапты.  Үйдің қасы нда мыжы- 

райған қора.

Әріректе  түсалған  тобылғы  торы  бір  ат  жайылып  жүр. 

Көзім түсуі мүң екен,  аузым аңқайы п түрып қаппы н.

“Ауылды  жердің баласы  атты  ж ақсы   көреді” ,  —  дейміз 

ғой қазір біз. Меніңше, қай-қайсымызға болсын, атгың орны 

ерекше.


40

Өзім  жасымнан атты сүйіп  өстім.  Кішкентайымда әкем 

маған  бір  қүлынды  бәсіре  қып  қүлағына  ен  салған  екен. 

Соның қасынан шықпасам керек. Тай кезінде үйретіп мініп, 

балалармен жарысқаным әлі есімде.  Шіркін, қалың дүрмек- 

ке бүйірі қызып,  көсілуші-ақ еді.  Әлі де оны сағынам.

Амал  не,  әкем  сол  бір  қысылтаң  жылы  сатып  жіберді. 

Менің  шырқырап  жылағанымды  көріп,  мейірлі  өжемнің 

көңілі бүзылып,  әкеме жалынса да,  көнбеді.  Мен де өкеме 

ештеңе  дей  алмадым.  Айбары  жасқантты.  Жылап-жылап, 

ақыры қойдым.  Онан басқа қолымнан не келмек?

Жайылып  жүрген  ат  менің  сол  тайымды  көз  алдыма 

елестеткендей.  Шіркіннің сырт мүсіні қандай сүлу! Жота- 

сы  түтас,  мойны  қысқа.  Үзын жалы  Жібекше төгіліп түр. 

Нагыз алысқа шабатын тобылғы торының өзі.  Мүндай атгың 

мінезі байсалды  келетінін жас та болсам,  білетінмін.

Мен  бүл  үйге  неге  келгенімді  мүлде  үмыттым.  Аяғым 

еріксіз атқа карай жетеледі.

Атқа жақындай бергенде, көлеңкеде жатса керек,  үлкен 

сары  ит арс  етіп түра  үмтылды.  Қорыққанымнан ба,  бол- 

маса  “отырғанды  ит  қаппайды ” деген  бір  сөз  миыма  әб- 

ден  сіңген  бе,  қарсы  айбат көрсетудің орнына жалп  етіп 

отыра кетіппін.

—  Ойбай!  —  Ащы  айғай  шықты.  (Оңалбек:  “Айғайла- 

ған  —  сен”,  — деп,  мен:  “Сенсің!”  деп  осы  күнге таласып 

келеміз).

— Ақтөс!  Кет, Ақтөс!  — қыз даусы естілді.  Үмтылған ит 

қаһары дым өшіп,  айналып жүре берді.

Қолында газет бар бір жас қыз қарсы алдыма келе қап- 

ты.  Оның лезде қайдан шыға келгенін аңғармадым.

—  Ақтөс  қауып  ала  жаздады  ғой.  Байқамайсың  ба?  — 

деді қыз маған күлімсірей қарап.

Аққүба дөңгелекжүзді, жасы мен шамалас, бейтаныс қыз. 

Үстінде  қызыл  гүлді,  сарғыштау  көйлегі  бар.  Аяғында  ақ 

брезент  туфли.  Көйлектің  етегі  үзын  емес.  Тізесінен  сәл 

ғана  түсіңкі.  Шүлығы  қысқа  (оның  носки  екенін  кейін 

білдік).  Мойнында  галстук.  Жуан  бүрымды  үзын  шашын 

желкесінен асырып арқасына тастапты. Шашы қап-қара. Көзі 

ботаның көзіндей дөп-дөңгелек, мөп-мөлдір.

Айдаладағы кішкентай тапал тамның қасынан мен сүлу 

атты,  әдемі  қызды  кездестіремін  деп,  ойладым  ба  екен? 

Ғажап!

41


— Жолдасыңыз ба анау қашып бара жатқан? — деді қыз 

қолын шошайтып.

Қыз нүсқаған  жаққа қарасам,  Оңалбек әлгінде біз кел- 

ген жолға түсіп алып заулап барады.

—  Оңалбек!  Оңалбек!  —  деп,  қолымды  бүлғап  айғай 

салдым.


Ол  жалт  қарады  да,  тоқтай  калды.  Сонан  соң  өлденені 

жоғалтқан адамдай жерге шүқшия, жан-жағын қарай баста- 

ды.  Қыз алдында жолдасымды қорқақ көрсеткім  келмей:

—  Әлгінде  сақасын  лақтырып  жіберіп  ем.  Соны  іздеп 

жүрген болар,— дей салдым.

Бейтаныс  қыз  сенгендей  шырай  білдірді.  Зады,  мінезі 

көнтерлі болса керек. Бейсекүл секілді жеңілтектік көрсетпеді.

— Атама келдіңдер ме?

—  Иә.

— Атың кім?  — деді. Даусы  ашық.



—  Ертай, — дедім мен.

—  Менің  атым  —  Назым,  —  деді  ол.  Жатырқауы  жоқ. 

Қолын  үсынды.  Алдым.  Саусақтары  сүп-сүйір.  Үп-үзын. 

Алақаны ып-ыстық.

—  Атам  үйде.  Демалып  жатыр.  Асығыс  болсандар, 

оятайын,  — деді  Назым.

— Жоқ, оятпа,  — дедім мен қыздың қасында түра бергім 

келіп. — Асығыс емеспіз.

—  Ендеше,  жүріңцер!  —  деді  қыз,  бізді  тапал  тамның 

сыртына  қарай  бастап.  Бүл  кезде  Оңалбек  те  қасымызға 

келген  еді.  Қызды  көрген  ол,  көзі  ш арасынан  шыға, 

кірпіктері жыпықтап, аңырайды да қалды.  Қыз оған да қолын 

берді. Атын айтты. Оңалбектің қүты қашқаны соншалық өз 

атын өзі сасқалақтап айта алмады.

—  Бір жеріңіз ауырып түр ма? Оңалбек басын шайқады.

— Өй, саған не болды? —  Бүйірінен түрттім.

Біз қызға ілесіп, тамның ту сыртына шықтық.  Қалқадан 

көрмеппіз,  жүні  жидіп  түскен  терідей  тап-тақыр  тастақ 

жердің  үлкен  үй  орнындай  бүрышы  көкпеңбек.  Теңкиіп- 

теңкиіп сары қауындар жатыр. Алақандай-алақандай жасыл 

жапырақтар жасыра алмапты.  Бір шетте желісін кең жайған 

ақшыл көк өрнекті жапырақтардың арасынан ала бүйір қар- 

быздар көрінеді.  Бақшаны жағалай жүгері, күнбағыс отыр- 

ғызыпты.  Кейбір  күнбағыстың табақтай  басы  жерге  иіліп 

кеткен, жүгерінің қи яқ жапырақтары арасынан собықтар- 

дың қызғылт шашағы көрінеді.

42


Бақш а  үлкен  болмаса да,  осының өзі  бізді қатты таң- 

ғалтты.  Теке  қарттың  мүндай  өнері  барын  кім  білген.

Біздің ауылдағылардың бау-бақша дегенмен ісі жоқ. Ана 

бір  қысылтаң жылдан  кейін үй-үйдің қасына жүгері сала- 

тын  болған.  Осы  күні  көбіне  жейтініміз  соның  талқаны. 

Сүтке  де  шылаймыз,  суға  да  шылаймыз.  Былай  да  аузы- 

мызға  қүямыз.  Кейде  көзімізден  жас  парлап,  киқылдап- 

шиқылдап жатқанымыз.  Бүл көбіне қапқа түсіп, көмейлеп 

жатқанымызды сырттан біреу оқыс кеп көріп қойған кезде 

болатын жай.  Сөйтіп  “үрлығымыз” ашылып қалатын.

Соңғы  бір-екі жылдан  бері  бір  үй өзбек көшіп келді де, 

ауылдың қасына бакдіа салды.  Балалардың көбіне андиты- 

ны  сондағы  қауын-қарбыз.  Қолға түсіп, таяқ жеп жатады. 

Бірақ оған да қарамай, жымқырып та жатады.

Мен  де  бала  емеспін  бе,  бір-екі  рет  бақшаға  түскенім 

бар.  Түтылғам  жоқ.  Рас,  жап-жаңа  шалбарымды  жыртып, 

шешемнен таяқ жегенім осы күнге дейін үмытылар емес.

Жапа  тамға  тақап  күрке  түрғызыпты.  Іші  оншама  кең 

болмағанмен, тап-таза. Көлеңкесі де мол, қоңыр салқын екен.

Алаша төселіпті.  Үстінде газет-журналдар шашылып жа- 

тыр.  Мүнша көп газет, мүншама көп журналды көруім осы.

—  Отырындар!  — деді  Назым,  газет-журналдардың ша- 

шылып жатқанына  қысылғандай жүзі сәл алаулап, оларды 

тез жинастырды.  —  Қазір қауын жейміз.

Мен  күрке  ішіне  кіріп,  алаша  үстіне  жантайып  жата 

кеттім.  Оңалбек кіретін емес.  Көзі өлі Назымда. Әншейінде 

сайрауық неменің тамағы кептеліп қалса  керек.  Күркенің 

босағасына отыра кеггі.  Кіруге батылы жетпеді ынжықтың.

— Here кірмейсіз?  — десе Назым.

—  Осы  ара болады,  — дейді  байғүс  міңгірлеп.  Назым 

жүгіріп бақшаға кетті.  Жаңағы дәу сары  ит үндемей  келіп, 

күркенің  алдына  көлденеңдей  жатты.  Оңалбектің  көзі 

бақш иы п,  қүйры ғы м ен  ысырыла-ы сырыла,  күркенің 

төрінен  шықты.

—  Ой,  су  жүрегім-ай!  —  деймін  мен,  оның  жотасынан 

қағып қалып.  Күлкіге тығылам.

—  Неменеге күлесің? — дейді Оңалбек жақтырмай.

— Әлгі қашқаның не, тырақайлап, — деймін мен оған. — 

Бақырған даусың да ащы екен өзіңнің.

—  Ешқайда қашқам жоқ, — дейді Оңалбек міз бақпай. — 

Айғайлаған езіңсің!

43


—  Мүмкін,  жоғалтқан  асығыңцы  іздеген  шығарсың?  — 

деймін мен кекете.

—  Іздедім.  Сенбесең,  міне!  — дейді  ол,  қалтасынан  көк 

сақасын шығарып.  Беті бүлк етпейді.

Енді мен қызарақтаймын.

—  Шын айтып түрмысың?

—  Шыным,  — дейді бедірейіп.

— Тфу!  Безбүйрек те сендей болмас!

—  Болмай-ақ қойсын.

— Оңбаған-ау.  Қашқан мен бе, сен бе? Бақырған мен бе, 

сен бе?

— Мен қашқам жоқ.  Бақырған мына сенсің.



— Ендеше, күркеден былай шығып көрші, батыр екенінді 

көрейін.  Неғып тығылдың қазір?

— Тығылғам жоқ, отырмын.  Ш ықсаң, өзің шық.  Менің 

отырғым келеді.

— Тфу!

—  Ш ықпайсың ба? — дейді ол енді маған мазақтағандай 



көзі ойнап. Әлгінде мен өктем болсам, енді тізгінді ол алған 

секілді. — Босқа кергілесіп қайтеміз.  Батырлығынды көрсет.

Оңалбекке  дәл  бүлай  ыза  болмаған  шығармын,  сірә. 

Көзімді бақырайтып қойып,  мені кеңкелес қылғанына жы- 

ным мүндай қозбас.

—  Кәне,  кәне.  Бақырмасаң,  сыртқа  шық!  —  деп  мені 

иығымнан итеріп,  қозғалып-қозғалып қояды.

—  Тфу!  —  Мен  орнымнан  түрмақ  болып  ем,  ит  тісін 

ақситып ырылдады.  Сыртқа шығарар түрі жоқ.

Осы кезде үлкен торлама сары қауынды  көтеріп  Назым 

келді.  Ит түрды да,  күркені айналып жүре берді.

Назым төрге шыққан Оңалбекті көріп:

—  Міне, енді дүрыс болған,  — деді, қауынды алдымызға 

теңкитіп қоя беріп.

—  Жігіт  иттен  қорықса...  —  дей  бердім  де,  дымымды 

ішке тартып, аузымды жаба қойдым. Әлгінде өзімнің қорық- 

қаным қара басып, есімнен тарс шыгып кетіпті. Әй, аңқаулы- 

ғым қалмайды-ау!

Үялғаннан төмен қарай бердім.  Назым сезбегенсіді. Оңал- 

бек сыр бермеді.

—  Хм,  —  деп  жөткірініп  алды  да,  Назым  үсынған  пы- 

шақпен қауынның ішін  қарс айырып жіберді.

М үның  өзі  мені  жер  қылғандай:  “Жығылып  жатып

44


сүрінгенге күлгенің не?” дегендей.  Назымның ойында еш- 

теңе жоқ секілді.

—  Ақтөс  үш  қасқыр алған  ит.  Бөтен  жанды  үй  маңына 

жолатпайды.  Қорқытқаны  болмаса,  жас  балаларды  қап- 

пайды,— деді.

“Қап, мына қызды-ай!  Бізді көзіне ілмегені ғой бүл сөзі! 

Жас балаға санап,  менсінбеуін!” —  Here екені белгісіз, өлгі 

арада  іштей  шамданып,  қыз  сөзін  көңіліме  алдым.  “Әдейі 

бізді мүқатқаны ғой. Сендей тәкаппар қызға пысқырғаным 

бар ма?”  — деймін,  ішім қыз-қыз қайнап,  іштей кіжініп.

Алдына  қауын  келген  Оңалбекте  әлгі  бір  қысылу  жоқ. 

Жайсаңың сүғынып  кеткен.  Төтті  қауынның бал шырыны 

иегінен сорғалап, омырауына тамғанын да байқамайды.  Екі 

танауы пысылдап, қарпып тістеп, қылғытып жүтуда.  Назым 

оны үялтпайын деді ме, күркенің іргесінде жатқан бір газетті 

алды да,  бетін  қалқалап,  оқи  бастады.  Анда-санда  көзінің 

астымен бізге  қарайды.  Мен болсам,  қыздың менсінбегені 

жаныма батқандай, сүлқ отырмын.  Күркеден шығып кетер 

ем, әлгі иттен қорқамын. Өзі де бір рабайсыз дөңкиген неме 

екен.  Көзінің аласы  қып-қызыл.  Сырт түрінің өзі  кісі  шо- 

шытарлық. “Баланы қаппайды, дегенмен, кім білсін қүрғыр- 

ды!  Итке сенім бар ма! Адам екеш адамның өзі алдап соға- 

ды, орайы келсе”,  — деймін  іштей.

Оңалбектің  ойында  донеңе  жоқ.  Үлкен  қауынның  тең 

жарымын бітірді де, асқа тойған мешкейдей ыңыранды, қам- 

пиған қарнын қағып-қағып қойып (қыз отырғанын үмытса 

керек.  Үят-ай!  Осылар ғой  беттің отын  шығаратын.  Тфу!), 

миығынан  күлді.  Жалаңаш  қарнын  керсетіп,  жейдесінің 

етегімен аузын,  қолын сүртті.  Орнынан түрды.

—  Кеттік,  Ертай!  — деді.

Нағыз  кеңкелес  деп  осыны  айтпай  ма,  ә?  Назым  лып 

етіп орнынан түрды.

— Асықсаңыздар, атамды оятайын.

Мен тоқтатпадым. Алғаш көргенде әсем әсер қалдырып, 

ыстық көрінгенмен,  шай қайнатым  ішінде арамыз салқын- 

даған сияқты.

Теке  шалды  кок  есектің  үстінде  көп  көргендіктен  бе, 

оның бойы маған бір қарыс секілді болатын.  Қазір көйлек- 

дамбалшаң күркенің алдына келгенде сүңғақтау сияқтанды.

— Е-е, ассалаумәликүм!  Қал қалай, балалар? Үй іші...

Күрке  алдына ш ы ққан  біздің қолымызды  қос  қолдап

45


алып,  сүрақты  түйдектетті.  Біз де  төпелеп  жауап  қайы - 

рып жатырмыз.

—  Е-е,  жөн-жөн!  — деп,  қарт сүйір иегіндегі бір түтам 

сақалы н  ш ошаңдатып,  иегін  шүлғығанда,  біз  де  тоқта- 

дық-ау.

Мен  Теке  қартқа  Шаншатайдың  айтуымен  келгенімді 



білдірдім.

—  Е-е,  ол  бір  айналайын  жақсы  бала  ғой,  —  деді  қарт, 

даусын көтере сөйлеп.— Ол сенің атыңа газет жаздырған.  — 

Шал қасымызда түрған  Назымға:  —  Қарағым, 

әлгі бала- 

лардың газетінің біреуін әкелші,  — деді.

Жүрегім аттай тулады.  Көңілімді ерекше бір қуаныш кер- 

неп кетгі. Дөл осы арада қарсы алдыма келе қалса, қас дүшпа- 

нымды да қүшағыма қысып сүйе берер ем, сүйе берер ем.

Назым секіре басып,  газет өкелуге кетті.

Осы арада Теке қарт оқыс бір қылық шығарды.

Ол сүқ саусағымен ымдап,  мені қасына шақырды.  Қүла- 

ғыма сыбырлай сөйледі:

—  Газетгің ақысын төлемейсің бе?

— Ақысын?! — дедім мен көзім бақжиып.  — Тиын керегін 

білмедім.  Әйтпесе әжемнен сүрап әкелер едім.  Кешіріңіз.

Теке қарт басын шайқады.  Қырқылдаған тауық қүсап үн 

шығарып күлді.

—  Сен  өлең  айт.  Болмаса  мына  тақы р  басы ңнан 

ш ерткіз,  —  деді,  тағы  да  көзін  үй  ж аққа  тастап  қойы п, 

үрлана сөйлеп.

Бақсыға  үқсап,  айдалада  бақырып  түру  немесе  тақыр 

басты  шерткізіп  ойбай салуды кім қалайды дейсің.  Осын- 

дай  бір  амалсыздық  басқа түскен  соң,  не  шара.  Қинала- 

қинала көнесің де.

—  Бол!  Бол!  —  деп,  Теке  шал  асы қтырып,  тақымдап 

барады.

Тыжырынып қойып, жалтыр басымды алдына тоса бердім 



де,  қайтадан жүлып алдым. Теке қарттың сіңірі адырайған 

саусақтары маган ертегіде кәп еститін жез тырнақтың қолын- 

дай боп көрінді.  Қазір шертсе, төбемді ойып, миымды аузы- 

ма лы қ еткізіп түсіретін сияқты.

— Өлең айтайын,  — дедім,  кеудемді кере дем алып.

Өлең айтып түрған мені көріп Назымның не ойлағанын

білмеймін. Оның қай кезде қасымызға келгенін де білмеймін. 

Себебі  екі  көзімді  шарт жүмып  алған  ем.  Кеңірдегімді со-

46


зып айғайға басқан мені сырттан көрген  адамның:  “Есуас” 

деуі сөзсіз.

Өленді айтып бітіп, енді көңілің тынды ма дегендей, Теке 

шалға  адырая  бір  қарадым.  Ол  иегі  шошаң  қағып  күліп 

қалыпты.  Көзінен  ш ыққан  жасты  тарбиған  саусағымен 

сүртіп-сүртіп кояды.

— Әнді жақсы айтады екенсің,  — деді.

Шын мақтауы ма, әлде кекеткені ме? Теке шалдың жыр- 

тылған жердің қыртысындай әжім басқан түрінен оны байқау 

қиын.


—  Еңбегің сінді,  енді ала ғой, — деді маған газетті беріп.

Газет қолыма тиюі  мүң екен,  алды-артыма қарамастан

бездім-ай  келіп.  Дәл  бір дозақты ң отынан  қүтылғандай 

күйде  едім.

— Табаныңа біреу шоқ басты ма? Сонша жүгіріп саған не 

болды?  —  дейді  соңымнан  қуып  жеткен  Оңалбек  ентіге 

дем алып.

Шынында да, мен неден қысылып, неден қаштым? Теке 

қарттың  мүнысын  біздің ауылда  көрмеген  бала  қалды  ма, 

сірә? Ешбір қысылмай-ақ топ баланың алдында өлең айтып

тәттісін алып  жатады ғой.

Теке  қартты  қойш ы ,  оған  ермек  керек.  Оңалбек бол- 

са,  тонның ішкі  бауындай,  бір-бірімізді жақсы  білмейміз 

бе? Жүртқа лақап етіп жаятын ол емес.  Сонда мен мүнша- 

ма қара терге түсіп,  неліктен  қысылдым? Сол арадан түра 

қашуыма себеп  не?

Көз  алдыма  Назым  келді.  Мөлдір  кәзінің  жанарында 

кекесін бар.  Езуінде  әлдебір мысқыл түр

Суық тер маңдайыма бүрқ етті.

He  болды  бізге?

Ғашықтық үлкен-кішіге қарамайды-ау деймін.  “Октябрь 

балаларын” алып оқығаннан бері онда суреті шыққан  кыз- 

дардың бәріне ғашық болған сияқтымын. Әсіресе қоп-қою 

қара шашының алдын мандайына келтіріп, айналасын қүла- 

ғының үшымен түспа-түс етіп біркелкі кестірген дөңгелек 

жүзді қыз көз алдымнан  кетпейді.  Сан рет түсіме де  кірді.

Бірақ  қара  басып,  түндегі  тәтті  түсті  ертесіне  үмытып 

қала беремін.

47


алып,  сүрақты  түйдектетті.  Біз де  төпелеп  жауап  қайы - 

рып  жатырмыз.

—  Е-е,  жөн-жөн!  — деп,  қарт сүйір иегіндегі бір түтам 

сақалы н  ш ошаңдатып,  иегін  шүлғығанда,  біз  де  тоқта- 

дық-ау.

Мен  Теке  қартқа  Шаншатайдың  айтуымен  келгенімді 



білдірдім.

—  Е-е,  ол  бір  айналайын  жақсы  бала  ғой,  —  деді  қарт, 

даусын көтере сөйлеп.— Ол сенің атыңа газет жаздырған.  — 

Шал қасымызда түрған  Назымға:  —  Қарағым, 

әлгі бала- 

лардың газетінің біреуін әкелші,  — деді.

Жүрегім атгай тулады.  Көңілімді ерекше бір қуаныш кер- 

неп кетгі. Дәл осы арада қарсы алдыма келе қалса, қас дүшпа- 

нымды да қүшағыма қысып сүйе берер ем, сүйе берер ем.

Назым секіре басып,  газет әкелуге кетті.

Осы арада Теке қарт оқыс бір қылық шығарды.

Ол сүқ саусағымен ымдап, мені қасына шақырды.  Қүла- 

гыма сыбырлай сөйледі:

— Газеттің ақысын төлемейсің бе?

— Ақысын?! — дедім мен көзім бақжиып. — Тиын керегін 

білмедім. Әйтпесе әжемнен сүрап әкелер едім.  Кешіріңіз.

Теке қарт басын шайқады.  Қырқылдаған тауық қүсап үн 

шығарып күлді.

—  Сен  өлең  айт.  Болмаса  мына  тақы р  басы ңнан 

ш ерткіз,  —  деді,  тағы  да  көзін  үй  ж аққа  тастап  қойы п, 

үрлана сөйлеп.

Бақсыға  үқсап,  айдалада  бақырып  түру  немесе  тақыр 

басты шерткізіп ойбай  салуды  кім қалайды дейсің.  Осын- 

дай  бір  амалсыздық  басқа  түскен  соң,  не  шара.  Қинала- 

қинала көнесің де.

—  Бол!  Бол!  —  деп,  Теке  шал  асы қтырып,  тақымдап 

барады.

Тыжырынып қойып, жалтыр басымды алдына тоса бердім 



де,  қайтадан жүлып алдым. Теке қарттың сіңірі адырайған 

саусақтары маған ертегіде көп еститін жез тырнақтың қолын- 

дай боп көрінді.  Қазір шертсе, төбемді ойып, миымды аузы- 

ма лық еткізіп түсіретін сияқты.

— Өлең айтайын,  — дедім,  кеудемді кере дем алып.

Өлең айтып түрған мені көріп  Назымның не ойлаганын

білмеймін. Оның қай кезде қасымызға келгенін де білмеймін. 

Себебі  екі көзімді  шарт жүмып  алған  ем.  Кеңірдегімді  со-

46


зып айғайға басқан мені сырттан көрген адамның:  “Есуас” 

деуі сөзсіз.

Өлеңці айтып бітіп, енді көңілің тынды ма дегендей, Теке 

шалға  адырая  бір  қарадым.  Ол  иегі  шошаң  қағып  күліп 

қалыпты.  Көзінен  ш ыққан  жасты  тарбиған  саусағымен 

сүртіп-сүртіп кояды.

— Әнді жақсы айтады екенсің,  — деді.

Шын мақтауы ма, әлде кекеткені ме? Теке шалдың жыр- 

тылған жердің қыртысындай өжім басқан түрінен оны байқау 

қиын.


—  Еңбегің сінді,  енді ала гой, — деді маған газетті беріп.

Газет қолыма тиюі  мүң екен,  алды-артыма қарамастан

бездім-ай  келіп.  Дәл  бір дозақты ң отынан  қүтылғандай 

күйде  едім.

— Табаныңа біреу шоқ басты ма? Сонша жүгіріп саған не 

болды?  —  дейді 

соңымнан  қуып  жеткен  Оңалбек  ентіге 

дем алып.

Шынында да, мен неден қысылып, неден қаштым? Теке 

қарттың мүнысын  біздің ауылда  көрмеген  бала  қалды  ма, 

сірә? Ешбір қысылмай-ақ топ баланың алдында өлең айтып, 

тәттісін алып  жатады ғой.

Теке  қартты  қойш ы ,  оған  ермек  керек.  Оңалбек бол- 

са,  тонның ішкі  бауындай,  бір-бірімізді  жақсы  білмейміз 

бе? Жүртқа лақап етіп жаятын ол емес.  Сонда мен мүнша- 

ма қара терге түсіп,  неліктен қысылдым? Сол арадан түра 

қашуыма себеп  не?

Көз  алдыма  Назым  келді.  Мөлдір  көзінің  жанарында 

кекесін бар.  Езуінде  әлдебір мысқыл түр

Суық тер мандайыма бүрқ етті.



He  болды  бізге?

Ғашықтық үлкен-кішіге қарамайды-ау деймін.  “Октябрь 

балаларын” алып оқығаннан бері онда суреті шыққан кыз- 

дардың бәріне ғашық болған сияқтымын. Әсіресе қоп-қою 

қара шашының алдын мандайына келтіріп, айналасын қүла- 

ғының үшымен түспа-түс етіп біркелкі кестірген дөңгелек 

жүзді қыз көз алдымнан  кетпейді.  Сан рет түсіме де кірді.

Бірақ  қара  басып,  түндегі  тәтті  түсті  ертесіне  үмытып 

қала беремін.

47


Адамға  қиял  коңілді  демеу  үшін  берілген  бе  деймін. 

Оңашада сол қиял тербейтін мені.  Мен газеттегі сол қыздың 

суретіне  қаншама тесіле  қарадым,  қаншама  онымен  бірге 

бүзауларды жайып өріске шықтым десейші! Біресе көк теңізді 

кеудемен жарып қатар жүзіп бара жатқандай боламын, біресе 

қасымдағы сол қыздан көз жазып қалам.  Соны іздеп,  қиян 

даланы кезіп, бар өңірді шарлап, талмаурап барып, көзімнің 

ілініп кеткенін байқамаймын.

Түс кіреді. Мен жерден іздеген қыз үлкен самолетке мініп 

алып,  Солтүстік  Мүзды  мүхиттың  үстінде  қалқы п  бара 

жатады.  Қолымды  созамын.  Айғайлаймын.  Ш ақырғаны- 

ма қарамайды.

Өз даусымнан өзім  шошып, селк етіп оянып  кетемін.

Оянганыма өкінемін.

Кеше  Теке  қартқа  өлең  айтып  беріп  алып  келген 

газетімде  сол  қыз  жайлы  үлкен  мақала  шығыпты.  Коп 

баланың ортасында түскен  суреті  басылыпты.  Мақаланы 

оқып  шығып,  суретті  коз алдыма  үстап, тесіле  қарап жа- 

тып,  үйқтап  қалыппын.

Түс көріппін. Адырлы кең дала екен деймін.  Соның дәл 

ортасына жүмыртқадай аппақ киіз үйлер тігілген. Сол үйлерге 

беттеп  шоғыр-шоғыр  топ  келеді.  Көбі  сай  тасындай  сақа 

жігіттер.  Апыр-ау,  мынау Теке  шал  ғой.  Оган  не  жоқ!  Көк 

есегін тепеңцетіп, топ арасында ол да жүр.

Үлкен ақ үй алдында суреттегі қыз түр. Үстінде үлбіреген 

ақ жібек көйлек.  Бір шетте  Нығметтің патефоны “Қара то- 

рғайды” сайрайды.

Осы  кезде  бір  бала  (ой,  мынау  Оңалбек  қой!)  қыздың 

алдына қаракөк түлпарды тарта берді.  Ер-түрманы күмістей 

жалтырайды.

— 

Кел,  Ертай,  жарысайық!  —  дейді  қы з,  бота  көзі 



жалт етіп.

Менің алдыма бір ат тартыла береді.  Қарасам, Теке шал- 

дың  тобылғы  торысы.  “ Е-е,  маған  берген  екен  ғой!  Бүл 

үшін сізге мың өлең айтып беремін, ата!”  — деймін қуанып.

Ерге қарғып міндім. Тақымымды қысып қалдым. Ат ыр- 

ғып шыға берді.

Қыз  алда.  Мен  қуып  келемін.  Оның  аты  үшқыр  екен. 

Бірден ытырыла суырылып, оза берді.  “Саспа,  бәлем!  үзап 

кете алмассың.  Бәрібір қуып жетемін!”  — деймін мен.

Бүйірі  қызған  екі  ат  жүлдыздай  ағады.  Бірде  қүйрық 

тістесіп те қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет