ТӘмпіш қара танысу



жүктеу 2.12 Mb.
Pdf просмотр
бет4/5
Дата19.01.2017
өлшемі2.12 Mb.
1   2   3   4   5

48

Астымдағы атқа ризамын.  Белі берік.  Бірте-бірте қарқы- 

ны да күшейіп, төрт аяқты көсіле, түйдектете тастайды.

Қызбен  үзеңгі қағысып қатарласа бергенде,  маған жалт 

қарап сыңғырлай күлді.  “Апыр-ау,  мынау Назым ғой!”

Осы  кезде  танауыма  шаң  кіргендей  басымды  кекжитіп 

кәне түшкір.

— Аштфу!

Біреу сықылықтап күледі. Көзімді ашып алсам, Бейсекүл. 

Қасында — Оңалбек.

— Аштфу! — Танауым жыбырлап, тағы да түшкірдім.

Оянып  кеттім.  Түстің  нағыз  қы зы қ  жерінде  оятқан-

дарына  Бейсекүл  мен  Оңалбекке  ж ақтырмай  қарадым. 

Ыза  буынып:

—  He  керек?  —  дедім  ашуланып.  Бүрылып  қайта  жат- 

пақшы болып ем,  Бейсекүл жүлқылап:

—  Түске  дейін  бүл  не  жатыс?  Жүр  жылдам,  Келдібай 

ағай шақырып жатыр,— деді.

Аң-таңмын.  Шаншатай  келгенше  біздермен  онша  көп 

сойлеспейтін  (мүмкін, козіне ілмеген болар) директорымыз 

енді өзі әдейі шақыртқанына неге таң қалмассың!

Орнымнан үшып түрдым.

—  Here шақырды,  ө?

— Білмейміз.

Сыртқа  шықсам,  күн  арқан  бойы  көтеріліпті.  Мен  әлі 

күн  батпаған  екен десем,  келесі  күн түске тақапты.  “ Here 

оятпады екен?”  Есіме  шешемнің кеше  қос  басына кеткені 

түсті.  “Е-е,  қамқор әжем екен гой оятпаган”.

Директор мектептің қасында түр екен.  Үзын бойлы, кең 

мандайлы, иықты кісі.

Қасында бірнеше бала түр. Іштерінде Ықсан,  Ныгмет бар. 

Бойшаң деген  Нығметтің өзі директордың иығынан  әрең- 

әрең келеді екен.

—  Ертай, бері кел!  — деп, директор мені қасына шақыр- 

ды.  —  Шаншатайдың сөлемдемесін алдың ба?

— Алдым.  Коп рақмет.

Кеше біз қағазбен ораған буманы ашып көргенбіз.  Ішінде 

бірнеше  кітап  бар  екен.  Бейсекүл,  Ықсан  бас  салып  алып 

қойған.  Біреуін  Оңалбекке  бергем.  Өзіме  қалғаны  Сәбит 

Мүқанов  алғысөз  жазған  “Батырлар  жыры”  еді.  Оны  мен 

шүберекпен орап, әжемнің абдырасына салғанмын.

Ашық жатса, біреу үстап кетуі мүмкін.  Ол кезде “Батыр-

ПХ-4


лар жырын” үлкен-кіші қолдан-қолға түрғызбайтын. Және 

үй ішін ақтарып, тіміскілеп жүретін Ержаннъщ қолына тисе, 

ертең-ақ жүні жүлынған тауықтай түтіліп шыға келуі созсіз. 

Қимас достың белгісін  сақтай  білмесем,  несіне  адаммын!

— Ағай,  — дедім мен қысыла сөйлеп, —  Шаншатай қай- 

тып келе ме?

—  Мор апасы жіберсе, келеді.

—  Ол кісі қайда түрады? Алыс па?

—  Сүлутөрде.

—  Онда жақын ғой, — дедім мен, тобесіне оркеш-оркеш 

ақ бүлттар ілінген тауға қарап.

Келдібай  ағай  басын  шайқады.  Мені  маңцайымнан  си- 

пап:

—  Ол алыста,  — деді.  —  Қордай жақта да Сүлутөр деген 



жер бар.

Менің  қабағым  түсіп,  ақырын  күрсініп  қойдым.  Сол 

Сүлутөр біздің Мерке жақтағы Сүлутөр болмағанына қатты 

қынжыламын.

—  Қапаланба, әлі талай кездесесіңцер.  Саған берген  хаты 

бар, — дейді  Келдібай ағай. Төс қалтасынан бүктелген қағаз- 

ды суырып  маған үсынды.

Келдібай ағайдың даусы қаггы шыққанын естіген емеспін. 

Қашан да  жайымен  асықпай  сөйлейді.  Бірақ соның өзінде 

біздің қүлағымызға оның даусы ызғардай суық болып естілетін. 

Мүмкін, “бастық адамның қауары қатгы болады, қатал бола- 

ды”  деген  сөз жасымыздан  миымызға  әбден  сіңген  бе,  кім 

білсін. Ал бүгін оның даусы аса мейірімді боп естілді маған.

Қағаздың  бүктеуін  жазып,  жалма-жан  оқи  бастап  ем, 

манадан директордан именіп түрған Бейсекүл, оның жүмсақ 

жүзін көріп,  менің қасыма жетіп келді.

—  Шаншатай бәрімізге ортақ.  Әкелші бері! — деп, хатты 

қолымнан жүлып алмасы бар ма.

Мүндай қызды кім көрген десейші! Түк имену жоқ өзінде. 

Талассаң, шіңкілдеп бет бақтырмайды.  Оқталсаң, жүлқыла- 

суға да дайын.  Нағыз қызыл  шоқ бүл  пәле.

Екі  бетім  ду  етіп,  қызарып  кеттім.  Келдібай  ағайдың 

козінше жармасуға бола ма.

Келдібай  ағай  байқамағансып,  жүзін екеумізден  бүрып 

окетті.  Қасында түрған Нығметке бірдеңелер айтып жатты. 

Осы  сотті  пайдаланып,  Келдібай  ағайдың  көзін  ала  бере, 

Бейсскүлге  жүдырығымды  көрсеттім.  Ол  тілін  шығарып,

so


танауын көтерді.  “Қап,  мына қызды-ай!  Осының да суретін 

салып,  газетке жібердім-ау.  Оңбаймын өзім!”

Мүны  көрген  балалар  үндерін  шығармай,  мырс-мырс 

күлді.


Бейсекүл хатты  өуелі  күбірлеп  ішінен  оқып  шықты да, 

сонан соң қағазды төбесіне көтеріп, айғай салды:

— Алақай!  Мына хатты бәрімізге  жазыпты.  Ықсан,  сені 

де,  Оңалбек сені де айтыпты.  Күзге келе алмасам, қысқы он 

бес күндікте сөзсіз келемін, депті. Хат жазып түрамьш депті.

—  Кбне, кәне...

— Көрсетші!

—  Бері әкелші!  —  Балалар  Бейсекүлді  қоршаласты.  Хат 

қолдан-қолға жүгірді.  Шыдай алмадым.

— Әкелші бері! — деп, бір кезде мен де жармастым.

Хатты  қарындашпен  асығыс  жазыпты.  Айтқандары

жаңағы,  тек  хат  соңында:  “Ертай,  сурет  салуды  тастама. 

Қарындаштан гөрі бояумен салып үйрен.  Менің қагаздарым 

мен бояуымды ағаның үйінен ал.  Ол кісілерден үялма.  Ба- 

рып түр. Досың Ш аншатай”,  — депті.  Хатының ең соңын- 

да:  “Шайтаннан қорықпандар!  Шайтан жоқ!”  — деген  сөз 

бар екен.

Бейсекүл, дегенмен, жетесіз емес.  Бүл сөздерді айғайлап 

жар салған жоқ.  Оны оқуды менің өзіме қалдырса керек.

Келдібай ағай бізді неліктен шақыртқанын айтты:

—  Оқу  басталатын  күн  ж ақын.  Оған  дейін  сендерге 

пионерлік бір тапсырма  бергім  келеді.  Қалай,  орындай- 

сындар ма?

Пионерлік тапсырма дегенді  Келдібай ағайдың аузынан 

алғаш  естуіміз.  Көбіне:  “ Қоғамдық тапсырма”,  — дегенге 

қүлағымыз үйір.

—  Орындаймыз!  — деп шу еттік.

—  Өзіміз  де  солай  ойлаған  едік,  —  деді  Келдібай  ағай 

жымиып.  —  Шаншатай  сендерді бекерге мақтамаған екен.

Бүл  сөзге  қоразданып  қалдық.  Бір-бірімізге:  “ Көрдің 

бе” дегендей көзімізді қысып,  иегімізді қағамыз. Жымың- 

жымың етеміз.

Келдібай ағай бізге бір-бірден кішкентай кітапша үлестіріп 

берді.  Бүл — Совет Одағы  Конституциясының жобасы бо- 

латын. Соны, үйді-үйге бөлініп, ата-әже, әке-шешелерге оқып 

беруіміз керек.

—  Сендерді  мына  Нығмет басқарады,  — деді  Келдібай

51


ағай.  — Асықпай,  күніне бір-екі беттей оқындар.  Сүрақта- 

рын  жазып  алындар.  Сонан  соң Ныгметке әкеліп беріндер. 

Түсіндіндер ме?

—  Түсіндік.

Нығмет біздің тізімімізді  алды.  Үйді-үйге  бөлді.  Маған 

Қарақүл  деген  кісінің  үйі  тиді.  Ол  үйді  жақсы  білемін. 

Мүрны біздей, басы қалт-қүлт еткен сойдақ тіс арық кемпірі 

бар. Дүниеде тілі ащы.  Қашан көрсең ауылды басына көтеріп, 

біреуді қарғап-сілеп,  үрсып-балағатгап жүргені.

—  Басқа үй болмай  ма?  — дедім Нығметке,  қаға берісте 

езімсініп.

—  Болмайды, — дейді маңғазданып.

Бүл — оның мені қасақана сол үйге бөліп өш алуы.  Мүны 

сездім.  Себебі  соңғы  бір  хатын  Айымханға  алып  бармай, 

жыртып тастағам.  (Қашаңғы қүлагымды бүрата бермекпін).

Қарақүлдың үйіне кешке жақын бармақ болдым. Ол кезде 

жүртжүмыстан қайтады.  Үйлерінде болады.

Балалар үйді-үйлеріне тарқасты.  Қос ағаштың түбінде, 

бір қарасам,  Оңалбек екеуміз ғана түрмыз.

— Жүр, ашымал ішесің бе? — деді ол.  Оңалбектің үйінде 

жүгерінің  жармасынан  жасаған,  айран  қатқан  ашымал 

үзілмейді.  Оны  айтқанда  тамағым  қүрғап,  ернім  кеберсіп 

кеткендей болды.  Бірақ Күлдәріден батпаймын.

Күлдәрі бір айтқанын еш уақытта үмытпайды. Және со- 

нысын  орындамай  көңілі  көншімейді.  Түнеугүнгіден  бері 

ол  мені  андып  келеді.  Мен  қолына  түспей  келемін.  Қазір 

ашымал  ішуте  барып,  денемді  кегерткім  келмейді.  Оның 

қолы қатты,  шымшыған жерін ойып түседі.

Күлдәрі  былайша  салақ  болғанымен,  алақаны  ашық. 

Көңілі түссе, үйдегінің бәрін алдыңа жайып тастайды.

— Жүр! — Оңалбек жеңімнен тартқылайды. Осындай но- 

қай  болар  ма?  Күлдәрінің  менде тісі  барын  үмытып  кетсе 

керек.

Кешегісі анау. Көзімді бақырайтып қойып, өз істегенін мой- 



ындамады. Ойыны деуге келмейді. Бедірейіп отырып алды ғой.

Өкпелейін десең, оны да білетін адамға салық ету керек. 

Ренжі не,  ренжіме не  — бәрібір. Түсініп жатқан ол жоқ.

Ашымалдың қышкылтым дәмі  аузыма  келіп,  жүтынып 

қоямын.  Кешеден нәр татпағаным есіме түсіп, қарным енді 

шүрылдағандай.

—  Жүр!  — деді  Оңалбек тағы да.

52


— Өзің бар.  Мен күте түрайын.

— Үйде ешкім жоқ.  Жүрсейші!

—  Күлдәрі қайда?

—  Бригадир жүмысқа қуып кетті.

— Онда, жүр! — дедім  көңілім жайланып.

Осы  Оңалбектен  өнер  шығып  келеді.  Мүнда  да  сасық 

қулық  болады  деп  кім  ойлаған.  Кішкентай  терезесін  тас 

қып бітеп қойған қара көлеңке үйге кіргенде, өуелі ештеңе 

көре алмадым.

— Төрге шық.

Соқыр  адамдай жан-жағымды  сипалап,  оң жақ босаға- 

дағы ағаш тапшанға келіп отырдым.

Оңалбек төр жақ бүрыштагы ағаш күбіні пісіп-пісіп, бір 

тостаған ашымал күйып әкеліп қолыма үстатты.

Дем алмай сіміріп тастадым.  Оңалбек тағы да бір тоста- 

ған  қүйып  өкелді.  Шертіп  ашып  түрған  ашымал  кекірік 

атгырып, шүрқыраған қарным тоғайып қалды.

Екінші тостағанды бір-екі үрттап, дем алып, қоңыр сал- 

қын үйде желпініп қана отырмын.  Ойымда дәнеңе жоқ.

— Терезені ашайын ба?  — деді Оңалбек.

— Аздап саңылау жасап  қой.

Терезеден күннің сәулесі жіп-жіңішке болып созылып 

менің бетіме түсті.  Осыны  күткендей  мүрныма  келіп бір 

көк шыбын қона қалды.  Шапалақпен салып жібердім.  Жа- 

ңғалақтық осы  емес  пе,  шыбын  үшып  кетті.  Өз мүрным- 

ды  өзім  сипаладым  да  қалдым.  Сол  қолымдағы тостаған 

шайқалып  кетіп,  бір қасықтай ашымал жерге төгілді.

—  Берген дәмді неге төгесің?

Түпкі  бөлменің  есігінің  алдында  шашы  дудырап,  был- 

шықтанған көзін уқалап, керіліп-есінеп  Күлдөрі түр.

Мен тостағанды  тапшанның  үстіне  қоя  салып, есікке 

үмтылдым.  Сөйткенше, быртиған толық денесіне қарамай, 

Күлдәрі  келіп  желкемнен  бүрді.  Уысын  жіберместен 

дедектетіп тапшанға қайта әкеп отырғызды.

—  Табалдырықтан  аттап  үйге  кірген  адамға  тимеймін. 

Ата-бабамыздың  салты  ол.  Қас  дүшпаны  болса  да,  күтіп 

алады.  Өзің жаман састың-ау, ә? Ха-ха-ха...

Күлдәрі дарылдап  кеп  күлді.

—  Ашымалыңды  тауысып  іш.  Отыр.  Әй,  Оңалбек,  нан 

тура.  —  Қасыма  келіп өзі де отырды. Дастарқан жайылды. 

Қазанға қақтаған қатырма нан туралды.

— Же, же! — деп, төніп отырса, тамағыңнан ас  өтер ме.

53


Көзімнің астымен  аларып Оңалбекке қараймын. Оған қашан 

біткен бүл әдет?  Бедірейіп мелшие қапты.

— Сен жақсылап тойып ал, — дейді  Күлдәрі.  — Тамақты 

көп  ішкен  адам  күшті  болады.  Ауырмайды.  Ата-бабамыз 

“Ac түрған жерге ауру түрмайды”, — деп бекерге айтпаған.

Қашаннан бүйтіп ділмар боп алганын білмеймін.  Менің 

ойымша, осы үйдің жандары сөзге жоқ әлжуаз. Түрмыста- 

ры да жүдеу, жүтаң. Жан баққан бір пенделер. Айбат шегері 

осы  Күлдөрі болуға керек еді.

Жо-о, мен танымай барам бүларды!

— Ата-бабамыз “жамандыққа — жақсылық, қастыққа — 

достық,  зүлымдыққа  —  ізгілік”  деп  өсиет  еткен.  “ От 

бермегенді ас беріп үялт”, — дейді, үқтың ба?  Сен  қагыңғыр 

менің анада қолымды қыршып алып, көгертіп қойдың. Оны 

үмытты дейсің бе? Үмытқам жоқ.  Оның орайын бір қайта- 

рамын,  есіңде  болсын.  Ал  қазір  саған  тимеймін.  Мына 

жетпегірге жалынып-жалпайып жатып сені өдейі шақырт- 

тым.  Осылардың  ішінде  сенің  ғана  етің  тірі.  Сен  ана 

Келдібайдың  інісімен  дос  болдың  ғой,  ө?  Соны  соққыға 

жыққан  Иманбек.  Осында  екі-үш  жігітті үйымдастырып, 

молаға алдап апарып соқты. Оны мен мына көзіммен көрдім. 

Here үрды дейсің бе? Онысын білмеймін.  Бірақ Иманбекті 

біреу әдейі айдап салып отыр.  Иманбек маған бір уыс ақша 

керсетгі. Тентіреген немеге оны кім берді? Көрдің бе?!  Иман- 

бекке  сенбе.  Ол  қу,  сүм,  нағыз  алаяқтың  өзі.  Сен  де  сақ 

бол.  Саған да тісін қайрап жүр.  Үқтың ба?

Менде  үн  жоқ.  Ойым  сапырылысып  кеггі.  Тізілген  кіл 

сүрақтар. Қайсысына жауап берерімді білмеймін. Себебі, бәрі 

маған жүмбақ.

Ойым дал.  Иманбектің Шаншатайға өшігуіне себеп  не? 

Анада  тоспа  басында  таяқ жегені  ме?  Оған  өзі  кінөлі  ғой. 

Шаншатай мені қорғады.  Сол  үшін қолы тиді.

Талай  рет  төбелесіп  жүрдік.  Соның  бәрін  кек  түтсақ, 

қайсыбірін еске сақтамақсың?

Кейіннен екеуі татуласып кеткен сияқты еді ғой? Ж оқ, 

мүнда басқа бір гәп бар.  “Айдап салатын біреу бар”,  — деді 

ғой  Күлдәрі.  Ол  кім?  Ауылға  бір  келіп  кеткен  жас  бала 

кімнің егініне түсіп үлгірді,  соншама өштесерлік?  М үның 

сыры  теренде.  Оған  мен  жете  алмаймын.  Сонда  кіммен 

ақылдассам  екен?  Келдібай  ағаймен  бе?  Ж о-о,  ол  кісіні 

мазалауым үят.  Қап,  осындайда  Шаншатай болса,  әттең!

54


Иманбекке  көп  ақшаны  кім  берді?  Бүл  да  жүмбақ. 

Күлдәрі  білсе  айтар  еді  ғой.  Айтпақшы,  Күлдөрі  мүның 

бәрін неге айтты, ә?

—  Иманбек алдап  кетіпті.  Әпкем  соған  күйіп-пісіп  жа- 

рылғалы  отыр.  Қызық,  ә?  —  деп,  сыртқа  шыққанымызда 

Оңалбек басын шайқап-шайқап қойды.

“Е-е, гәп осында екен ғой!” — дедім іштей, бір сүрақтың 

жауабы шешілгеніне қуанып.

— Ал, енді қайда барамыз? — дедім мен  Оңалбекке.

Бүрын  мүндайда  мектептің жөндеуіне  көмектесетінбіз.

Қазір оның іші-сырты әктеліп,  іші даңғырап түр.

— Суға түселік,  — деді Оңалбек мүләйімсіп.  Соңғы кез- 

де тоғанға баргым келмейтін бір әдет пайда болған.  Шыжы- 

ған ыстықта ғана амалсыз баратынмын.  Онда да бірер ғана 

сүңгитінмін.

Бір ғажабы,  кейінгі кезде тоғанды ешкім бүзбайтын бол- 

ды. Тыр жалаңаш кішкентай балалар болмаса, мүнда келуге 

ересектер жалыққан сияқты.

—  Бармаймын,— деп мен ашығын айттым.

—  Ендеше газет алып келейік.

Онысы — Теке қарттың үйіне шақырғаны.  “Октябрь ба- 

лалары” бүгін де,  ертең де  келмейтінін білемін.

Here екені белгісіз, көз алдыма манағы көрген түсім қайта 

оралды.  Мүның неге  есте  қалғанына таңым бар.  Суреттегі 

қыздың Назым болғаны қалай? Оятып жібермесе, қуып же- 

тер ме едім,  ә?

Тәтті бір қиял көңілімді қытықтап, жібектей сипап өтті.

Көз алдыма Назым келді.  Мөлтілдеген  көзі қиыла қарай 

ма, қалай?

—  Ертай, ол қыз тым әйбәт, ә? — деп,  Оңалбек тәггі бір 

сезімді тағы да бүзып жіберді.

—  Кімді айтасың?

—  Назым,  — деді Оңалбек, еріксіз бір күрсініп.  “Апыр- 

ау,  не болды бізге?”



Будан  кейінгі  кундерде...

Ол күні Теке қарттың үйіне барған жоқпыз.  Келесі күні 

де бара алмадық.  Бір-бірімізге сездірмесек те, екеуміздің де 

көңіліміз солай қарай жетектегені рас.  Бірақ...

55


Қайда барарымызды білмей, екі ағаштың қасында түрға- 

нымызда тегенедей шомбал атқа мінген Келдібай ағай ердің 

басына кішкентай қара қобдишаны өңгеріп өте берді.

—  Балалар, жүріндер, радио орнатамыз,— деді.

Мына хабар бізге дүниенің барлығын да үмыттырды.  Бір 

сәтке  “ғашықтық мәселесі” де кейінге қалдырылды.

Біз күс-күс табанымызды қарыған ыстық шаңды бүрқы- 

ратып,  Келдібай ағайдың соңына ердік.

“Радионың”  бар екенін естігенімізбен,  әлі күнге көрген 

жоқпыз.  Сырттай  қүмартып,  бір тыңдауға ынтығатынбыз. 

Енді оның ауылға келуі  үлкен жаңалық еді.

Осы  арада  айта  кетерлік  нэрсе  —  біз  оқитын  мектеп 

жеті  жылдық болганымен,  оның қасында  ер  балалар  мен 

қыздарға  арналған  интернат  барды.  Оған  сырттан  келген 

алтыншы,  жетінші кластың балалары жатады.  Бәрі  оқуды 

кешірек бастаған ересек.  Көбі жігіттер мен бой жеткендер.

Интернатта олар үш мезгіл тамақ ішеді.  Киімді де интер- 

наттан киеді. Өздерінің жеке-жеке жатақханалары бар. Сон- 

дай  үзын  жатақхананың  бір  бөлігін  олар:  “ Кітапхана”, 

“Қызыл бүрыш”, — дейтін.

Жазғы  демалыста  сол  ересек  балалар  мен  қыздар  бірі 

жүмыс  істеуге,  бірі туған-туысқандарына  кетіп  қалады да, 

оқу басталуға  екі-үш  күн  қалғанда  қайта жиналады.  Олар 

жоқта  “Қызыл бүрыш” жабық түрады.  Жатақханаларда да 

ешкім  болмайды.  Сондықтан  біз  де  мектептен  қиғаштау 

түрған бүл араға келе бермейміз.

Қазір  бізді  Келдібай  ағай  сол  “ Қызыл  бүрыш ”  үйіне 

бастап әкелген.

Қолындағы қара қобдишасы ауыр екен. Ат үстінен бізге 

беріп еді,  Оңалбек екеуміз өрең көтеріп, жерге қойдық.

Естуімізше, радио баған арқылы сыммен келуге тиіс. Ал 

мынандай қобдиша сөйлейді дегенді естіген емеспіз.

Сонымен, не керек, сол күні жатақхананың төбесінің екі 

жағына үзын-үзын екі  сырық қағылды.  Сырықтардың ба- 

сына  сым тартылды.  Енді  бір сым оларға  жалғастырылып, 

үшы “Қызыл бүрыштың” терезесінен ішке кіргізілді.  Мүны 

“антенна”  дейтінін  кейіннен  білдік  қой.  Қобдишамыз  — 

радиоқабылдагыш екен.

“Қызыл бүрышқа” радио орнатылып жатқан хабар ауыл- 

дың  үлкен-кіші  бәріне  жетіп  үлгеріпті.  Күн  еңкейе  бере 

жатақхананың алды адамға толып кетті.

56


Оңалбек екеуміз осы радионың қожасы секілдіміз. “Қызыл 

бүрыштың” есігінен кішкентай балаларды тырқырата қуамыз. 

Сыртта түрған ересек адамдарға:

— Жөндеп жатыр...

—  Қүлағын шырт еткізіп бүрады.

—  Қыр-қыр егті.

—  Гуілдеді,  —  деп,  деміл-деміл  сыртқа жүгіріп  шығып, 

хабар береміз.

“Қызыл  бүрыш”  ішінде  Келдібай  ағай  мен  дядя  Петр 

дейтін  орыс  мүғалім  екеуі  әлгі  қобдишаны  кешке  дейін 

шүқылады да, ақыры сілесі қатып:

—  Қалғанын ертең жөндейміз,  — десті.  Мүны да біз іліп 

алып:

—  Бүгін тарандар!  Ертең сөйлейді,  — деп хабарладық.



Жүрт осыған да риза болып, жөн-жөндеріне кетті.

—  Сен  мені  қудың ғой,  ә... Түйа-түй,  апам  келсін...  Са- 

ған әжем үйсып жати,— деп, тілін шайнап шолжандап, қасыма 

Ержан жетіп келді.

Сонда ғана күн үзақ үйде болмағаным есіме түсті.  Оның 

үстіне  бүгін  Қарақүлдың  үйіне  баруды  да  үмытып  кете 

жаздаппын. Алғашқы күннен пионерлік тапсырманы орын- 

дамасам,  онда  менің не  болғаным.  Есіме  Шаншатайдың: 

“ Пионер  —  ол жас лениншіл.  Нағыз  пионер  ғана  комсо- 

молдың жеткіншегі бола алады”,— деген сөзі түсті...

Қара кемпір мен келгевде күйбендеп есік алдында жүр екен.

—  Әй,  қараңқалғыр,  неғып жүрсің?  Саған кім керек? — 

деді.

Батылдық  қайдан  пайда  болғанын  білмеймін.



—  Сіз керексіз,  әже,  — дедім.

Кемпір бүкшиген белін жазып, маған қарады.

—  Мен керекпін бе? — деді,  үйітілген терідей тырысқан 

бетінің арасынан жылтыраған көзі оқтай қадалып.

—  Сізді  оқытуға  келдім,  әже,  —  дедім,  ішімді  кеулеген 

үрейді білдіргім келмей көңілденіңкіреп сөйлеп.

—  Әдіре  қал,  әдіре  қалғыр.  Алжыған  менен  не  шығады 

деп едің?  — деді кемпір,  қатқыл даусы еріңкіреп.

—  Ой,  әже,  мына  кітапты  оқысаңыз,  бәрін де білесіз,— 

дедім мен, қолымдағы кітапшаны көрсетіп.

Қара  кемпір  қасыма  келді  де,  кітапшаны  алды.  Жары- 

лып, тілім-тілім болған саусағымен оның беттерін парақта- 

ды.  Ойылып  мүйізденген  ақ жемтік алақанымен  кітаптың 

бетін сипап-сипап қойды. Тамсанды.

57


Сонан соң мені үйдің қасында жатқан томарға жетектеп 

әкелді де:

—  Отыр,  — деді.  Өзі қарсы алдыма жүреледі де:

—  Ал,  оқы ,  —  деді  жай  ғана.  Ж ападаң-жалғыз  қара 

кемпірге кітапты оқуға ыңғайсызданып,  қипалақтап жан- 

жағыма  қарап  едім,  көзіме  ешкім  түспеді  ш ақыратын. 

Оқымасам,  кемпір ендігәрі бүл үйдің маңына жолатпай- 

ты нын  білем.  Амалсыз  кітаптың  алғаш қы  бетін  ашып, 

оқи бастадым.

Кемпір мүлгіген адамдай көзін жүмып, иегін изеп қояды. 

He үғып,  не түсініп отырғанын кім білсін.  Бір уақытта:

—  Жақсы  оқиды  екенсің,  балам,  —  деді.  —  Бір  кезде 

Алмабай  молда қүранды  осылай судыратып жақсы оқушы 

еді.  Қазіргінің қүраны осы ғой.

Қолымдағы  кітапш аны   қүран ға  теңегеніне  денем 

мүздап,  төбе  шашым  тік  түрды.  Көзімді  бақырайтып 

қойып, діншіл  сөз айтуы  —  барып түрған  қылмыс.  Сүйегі 

саудыраған  мына  кемпірдің бүл  сөзіне  не  күлерімді,  не 

үрсары мды   білмедім.  “Алжыған 

қ а қ б а с қ а  

қайдан 

келдім!”  — деймін  өз-өзім нен  налып.



—  Әже,  сіз жаудың сөзін  айтып  отырсыз.  Бүл  —  Кон- 

ституция,  негізгі заң,  түсіндіңіз бе?  М олда-солдаңыздың 

заманы  ж оқ  қазір!  —  дедім 

орны мнан  атып  түрып, 

қызулана сөйлеп.

Кемпір  жайбағыс.  Менің  сөзімді  шіркей  қүрлы  көріп 

отырған жоқ.

—  Оқы тағы да!  — деп бір зекіп тастады.

Мен тағы да оқи бастадым.  Кітапшаның әр сөзін ашық- 

айқын етіп, мәнерлеп оқуға тырысамын. Ашығын айтқанда, 

алғашқыдай емес, қүлықсыздық бар.  Бар ойым мына тара- 

мыстай қатқан қара кемпірдің қасынан тезірек кету.

Мен желке түсыма жиналып қалған үй адамдарын анда- 

маппын.  Кемпір тағы да бір тамсанып қойып:

— Нағыз қүран... қүран,  — деп күбірлегенде,  шыдай ал- 

май орнымнан атып түрдым.

— Әй, кемпір! He айтып отырсың? — дедім қалшылдап. — 

Сен  нағыз  барып  түрған  жаусың.  Сен  бар  ғой,  молданың 

қүйыршығысың!

— Ха-ха... дүрыс айтасың, інім, — деп біреу ж еж е түсым- 

нан күліп жіберді.  Қарасам —  Қарақүл.

Сасқалақтап калып:



58

—  Өзі ғой...  өзі,— дей бердім.

—  Ақылынан  алжыған  кемпірді  қайтесің?  —  деді  ол 

иығыма қолын салып.  —  Осы  күнге  намазын  қойдыра ал- 

май келемін.  Оразада ауыз бекітем деп қиғылық салатынын 

қайтерсің.  Сен оның сөзіне мән берме.  Онан да, қане,  үйге 

кір. Бізге де оқып бер, тындайық! Өзің жақсы окдды екенсің.

Кемпір жүмған аузын ашпастан,  шоқиып  отырған күйі 

қала  берді.  Біз  үйге  кірдік.

Менен бүрын да талай үгітшілер келіп оқыған екен.  Көп 

сөзін жаттап  алыпты.  Сонда да болмай  маған  кітапшаның 

бірнеше тарауын оқытты.

—  Тындай  бергің  келеді.  Сонау  ата-бабамыздан  ар- 

мандаған  асыл  сөз  ғой  бүл,  — деді  Қ арақүл.  —  Өкіметті 

өзіміз  сайлап,  өзіміз дауыс  береміз  дегенді  кім  ойлаған 

бүрын.  Өзімізше  іргелі  ел  болып,  отау  тігеміз.  Кеңес 

Одағының  бір  мүшесі  боламыз  деу  санамызға  кіріп  пе. 

Өкіметтен  айналайын,  Кеңестен  айналайын,  мүны  да 

көрсетті.  Тендігін беріп,  заңын қолымызға үстатып отыр. 

Нағыз бақытты  жандармыз  ғой,  біз.

Мүнан  кейін  әңгіме  біразға  созылды.  Жасырын  дауыс 

беріп, төте сайлау жайлы Қарақүлдың сары әйелі маған сүрақ 

қойып еді, жауап бере алмадым.

—  Сүрағыңызды  жазып  алайын.  Жауабын  ертең  ай- 

тайын.  Бізге  оқып беруді тапсырған,  — деп,  ешбір қысы- 

лусыз  шынымды  айттым.

—  Жас  бала  қайдан  білсін.  Үгітшілер  келіп  жүр  ғой, 

солардан сүрап алмайсың ба? — деп, Қарақүл өйеліне кейіді. 

Маған:  —  Ертең де кел.  Күнде оқып  беріп түрсаң, тыңда- 

удан біз жалықпаймыз.  Сендерді жібергені  дүрыс  бол- 

ған,—  деді.  —  Ал  мына  кітапшанды  бізге  қалдырып  кет. 

Жастанып жатып,  ежелеп оқи берелік.  Ертең аларсың.

Мен  бүл  үйден  қуанып  шықтым.  Пионерлік  алғашқы 

тапсырмамды орындай бастадым.  Here шалқымасқа!

Есік алдында қара кемпір қарсы үшырасты.  Үндеген жоқ.

Мен қуансам, ал Бейсекүл жылап оралыпты.  Келесі күні 

ертеңгісін мектеп қасына Нығмет бәрімізді жинап алып, тап- 

сырманы қалай орындағанымызды сүрағанда:

—  Мен ол  үйге бармаймын,— деді қайсар  Бейсекүліміз 

жабыға сөйлеп. Жылап жіберді.

—  He болды?

—  Саған кім тиді?

59


—  Here  жылайсың?  —  деп  үрпиісті  балалар.  Әлгі  арада 

білгеніміз:  Бейсекүлге  Мешітбай дегеннің үйі бөлінген екен. 

Ол  мыжырайған бір шал  болатын. Жүрт түгелдей колхозға 

кіргенде,  іргесін аулақ салып жекеше қалған.  Үйі де ауыл- 

дан шеткерірек жеке түратын.

Ауылда жер  ш арбақ,  дуал дегенді  кейіннен  білді  ғой. 

Әйтпесе ауласы  аш ық жататын. Ал  Мешітбайдың үйі ел- 

ден  ала-бөтен,  биік  шым  дуалмен  қорш алған  болатын. 

Ауласына  қабаған  ит үстайтын.  Әр нәрсені білуге қүмар, 

әр  нәрсені  тіміскілеп  жүретін  балалар  ол  үйдің  маңына 

жоламайтын.  Жуып  кетсең,  мерезі  жүғатындай  көрінетін. 

Шошитын.


Нығмет маған қасақана қара кемпірдің үйін бөлді десем, 

Бейсекүлге онан да жаманы тиіпті.

— Күні бойы ешқайда шықпай (бәсе, кеше жоқ боп  кетіп 

еді),  кітапты  оқыдым. Дайындалдым.  Барғанда оқи алмай 

ыңқылдап  отырсам,  күлмей  ме...  Кешкісін  үйіне  барып 

дарбазасын  қақтым.  Үйден Мешітбай шықты.  Қасында — 

Иманбек.  Мен  неге  келгенімді  айтып  ем,  Мешітбай  күлді 

де,  қақпасын жауып алды.  Кетпей түрып тағы да үрып ем, 

Иманбек шығып:

— Сен қызға не бар?  Кет! — деп қуып жіберді.  Бейсекүл 

бетін қолымен басып,  екі иығы селкілдеп,  кәне жыла.

Шыдай алмай  қасына бардым.  Әншейінде озіміз де жы- 

латып жүрміз ғой.  Бірақ бүл жолы оны  аяп  кеттім.

— Жылама.  Әлтаман бірге барамыз, — дедім жүбатып.  — 

Есінде ме Шаншатайдың айтқаны:  Павликке бүдан да қиын 

болған.  Есінде ғой?

— Есімде, — деді Бейсекүл танауы пышылдап, басын изеп.

—  Көзіңді сүрт.  Балалардан үят.  “Дап-дардай боп жыла- 

ғаны несі?”  — дер.

—  Ал,  Ертай,  енді  сен  айт,  —  деген  Нығметтің  даусы 

шықты.

Мен  барлығын  бастан -аяқ  ештеңе  қалдырмай  айтып 



шықтым.

—  Жарайсың!  —  деді  Нығмет  мақтап.  Сонан  соң  мені 

оңашалап шығарып алды да:

—  Сен  қара  кемпірдің айтқанын  қағазға түсіріп  бер,  — 

деді.

— Here?


—  Керек.

60


—  Жазбаймын!  —  дедім  мен.  —  Өлмелі  кемпірде  не 

шаруам бар?

Нығметке  тік  қарадым.  Өзіме  бір  қайсарлық  біткен 

тәрізді.


—  Мен  сенен  мүны  күтпеген  ем.  Сенде  әлі  пионерлік 

қырағылық жоқ, — деді  Нығмет.

—  Оны  өзім білем.

—  Кітапшаны жоғалтсаң, көзіңці қүртамын! — деді Нығ- 

мет басқа амалы  қалмағандай зіркілдеп.

Мен  үндегем  жоқ.  Оның  осы  бір  сөзінен  көңілімде 

әлдебір күдік қалғандай болды.  Оның қасынан тезірек ке- 

туге асықтым.

— Әлгі не деді саған?  — деді былай  шыға бере  Оңалбек.

—  Қит етсе,  жүрттың бәрін дүшпан  көреді.  Тфу!  Менің 

кейісті  жүзімді  көріп,  онан  әрі  Оңалбек  аузын  ашпады. 

Тек көзімен ғана:  “Қайда барамыз?” дегендей.

— Анда “Қызыл бүрышқа”, — дедім мен қолымды қүлаш- 

тай  сермеп  қалып.  —  Бейсекүлді  де  шақыр.  Бәріміз  бірге 

баралық.

Ол  күні  радио  сөйледі.  Жаз  бойы  аты  ауыздан  түспей, 

үлкен-кішіні тамсандырған  Күләш апайдың даусын алғаш 

рет сол күні естіп ек.

Баланың бәрі біздей болды ма екен, күнүзақ тамақ ішпей 

тентіреуге бар? Түскі ас кезінде біріміздің шешеміз, біріміздің 

әжеміз шарқ үрып іздеп, тамаққа шақырып айғайлап жүргені. 

Сонда тыжырынып, ішімізден үрсып, біреу желкемізден итер- 

гендей  қиналып  барамыз-ау  тамаққа.  Кешкісін  де  солай. 

Әйтеуір, дала безердің нағыз өзіміз.

Бүл күні түс өлетінде Оңалбек,  Бейсекүл үшеуміз өжеме 

іздеттірмей-ақ, біздің үйге бас сүғып  шықтық.  Бір-бір тос- 

таған айранға талқан шылап, асыға-үсіге жеп алдық.

— Осыларды жын  қуып  жүре ме, түге!  — деп,  үйден біз 

дүркірей шыққанда,  әжем күбірлеп қала берді.

Кешегі  тау басына  ілінген  бүлт  бүгін  етекке  сырғыған. 

Күн  көзін  бір  жауып,  бір  ашып,  кешке  дейін  арлы-берлі 

жөңкілді  де,  ымырт  жабылар  алдында  бүкіл  аспанға  түта- 

сып түра қалған.

Ымырт тез үйіріліп,  көз байланды.  Радионы тындаймыз 

деп отырып, тапсырылған шаруамыз естен шығып кетіпті.

—  Енді  қайттік?  —  дедік,  тас  қараңғы  түн  қүшағында 

түрып.

61


— Мені бөлген үйдің адамдары “Қызыл бүрышта” отыр, — 

деді Оңалбек.

Маған бір ой can етті.

—  Сен  оларға ескерт.  Бүгін  келе  алмайтыныңды  айт,  — 

дедім Оңалбекке.

—  Мені осы арадан күтіндер! — деп,  өзім Қарақүлдікіне 

жүгірдім.

Бір-екі үй айнала бергенде, ол қарсы жолықты.

—  Үйіңе  іздеп  барып  ем,  — деді  ол  маған.  —  Сені  таба 

алмадым.  Айтайын дегенім,  бүгін  бізді  қонаққа  шақырып 

еді.  Бармауға үят.  Сен бізді кешір.  Ертең сөзсіз келетін бол.

— Жарайды! — дедім мен жолымның болғанына қуанып. 

Бірақ  іштей:  “Осымды  Шаншатай  көрсе,  не дер еді?”  — 

деген  күмәнді  сүрақ  келді.  “Әй,  біз  ойнап  жүрміз бе? До- 

сымызға  көмекке  барамыз  ғой.  Ол да  жүмыс  емес  пе?”  — 

деген екінші ой жеңсік алды да,  көңілім орныққандай бол- 

ды.  “ Қажет  болса,  өз  ісінді  тоқтатып,  алдымен  дос  ісіне 

көмектес деуші ең ғой өзің де”.  Мен Шаншатаймен осылай 

сөйлескендеймін.

Үшеуміз Мешітбайдың дарбазасының алдында түрмыз. 

Бойымызда діріл бар.  Әлденеге жүрексінеміз.

Қақпаны қағып едік,  қабаған иттің даусы түнгі аспанды 

басына көтерді.

—  Енді не істейміз? — дейді Бейсекүл.

—  Кетпейміз.  Кіреміз!  — деймін  мен  өжеттеніп.  Кақ- 

паны тағы да қатты-қатты соқтым.  Біреу үйден ш ыққан- 

дай  болды.  Иттің  үні  өшті.  Ешкім дыбыс  бермеді.  Кенет 

ит  шабалаңцап  үріп,  кақпаның  алдына  келді.  Босатып 

жіберген.

Енді  бізге  есік ашпасы  айдан-анық.  Итті өдейі жіберді. 

Дуалдан қарғып түсе алмайсың.

He істеу керек?

Кетер-кетпесімізді  білмей  дағдарып  түрмыз.  Ештеңе 

бітірмей кете беруге арланатын секілдіміз.

— Жүріңдер!

Үйді  айналып  өттік.  Теріскей  бетінде  кішкентай  жал- 

ғыз терезе  бар  екен.  Ш амның сөулесі  көрінеді.  Ортасы- 

нан  а қ   перде  күрып  қойы пты .  М ойнымызды  созып, 

аяғымыздың үшымен түрып сығаламақ болғанмен, бойы- 

мыз жетпеді.

Енді не істеу керек.

62


—  Сен  жеңілсің  ғой,  —  дедім  Бейсекүлге.  —  Оңалбек 

екеуміз көтерелік.

—  Коріп  қоймай ма?  — деді Бейсекүл даусы қалтыраң- 

қырап.


— Жарық үйдегі адам сырттағыны түнде көрмейді. Қәне, 

шық! — дедім мен.

Шайтан  “отынан”  қорқу  бір  сәрі.  Ал  қараптан-қарап 

түрып қазіргі қалтырағанына жыным қозды.

— Бол!

Оңалбек  екеуміз  оның  екі  аягынан  тік  көтердік.  “ Қыз 



ауыр ма, түз ауыр ма” деген рас па,  Бейсекүл ап-арық бола 

түра, салмақты екен.

Қабырғаға тақалып, өрең үстап түрдық.

—  Иә,  не  көрдің?  —  дедік  біз  жарыса  сүрап,  ол  жерге 

түскенде.

—  Ет жеп отыр,  — деді  Бейсекүл.

“Ет”, — дегенде тамсандым.  Оның дәмін үмытып қалсам 

керек. Жемегелі қай заман!

—  Кімдер бар екен?

—  Көп  адам  отыр.  Бәрін  байқай  алмадым.  Араларынан 

көргенім  Нығмет пен Сапар.

—  Иманбекті көрдің бе?

— Сол ғой деймін. Ары қарап отыр. Желкесін ғана көзім 

шалды.


“Нығмет отыр”,  — дегенде,  көңілім  орнына түскендей 

болды.  “Бейсекүлді жылатқан соң, өзі келген ғой, шамасы”. 

Мен оны арамдыққа жорудан аулақ едім.  Келдібай дирек- 

тор әдейі бізді басқаруға қойып, сенім білдірсе, өзі бір кол- 

хозды басқарған бастықтың баласы болса, оған күдік келтіру 

кімнің ойына келмек?

— Жүр, кеттік!  Мүнда біз бітірер дәнеңе жоқ.  Келесі күні 

мектеп қасына тағы да жиналғанда, ешбір алаңсыз көңілмен:

—  Бейсекүл қаггы қысылып еді. Өзіңнің барғаныңа қуан- 

дық.  Енді қумайтын болар? — дедім Нығметке.

—  Нені?  Қайда?  Өзің не  шатып түрсың!  — деді  Нығмет 

абыржып қалып.

Мен тағы да сөйлемек боп  оқтала бергенімде,  қасымда 

түрған Бейсекүл бүйірімді шымшып алды.  “Үндеме” деген- 

дей қабағын қақты.

— Жай, әншейін,  — дедім мен аңқаусып.  Нығмет маған 

ала  көзімен  бір  қарады  да,  басқа  балалардың  не  істегенін

63


сүрап  жатты.  Бізге  тіл  қатқан  жоқ.  Біздің  бар-жоғымыз 

бәрібір секідді.

—  Мен  бір  хабар  айтайын. Тек ауыздарыңнан шықпа- 

сын,  — деді  Бейсекүл  балалар тарап  кеткен кезде.

Ш анш атай  “жаман  әд ет”  десе  де,  әлгі  арада  біз: 

“ Еш кімге  ай тп ай м ы з” ,—  деп  қ ар ған д ы қ.  Ө йтпесек, 

Бейсекүлдің тыртысып  айтпай  қоюы  мүмкін.  Бүл  қы з- 

дан  бәрін  күтуге  болады.

—  Мешітбайдың үйінде ауылдың кейбір жігіттері жина- 

лып, арақ ішеді екен.  Карта ойнайды екен.

—  Е-е,  мен  онысын  білемін,  —  деді  Оңалбек.  —  Әкем 

ана  жылы сүндетке  отырғызарда  Мешітбайды шақырған. 

Мені сол кескен.

Мен мырс етіп, теріс айналдым:  “Мынада ес жоқ! Алаң- 

ғасар ма,  аңқау ма?  Қыздың көзінше  не айтып түр өзі”.

Оңалбектің  ойына  дәнеңе  кірер  емес.  Маңқиып  қарап 

түр.  Бейсекүл ештеңе түсіне алмағандай біресе оған,  біресе 

маған жалтақтайды.  “Сен қызды” білмейтін пәлең бар ма? 

Іш  қулығың ғой бүл,  ө?”.

— Тағы да не білесің?  — деймін  мен  оған.

—  Бар болғаны осы.

—  Мүны  кім  айтты?

— Апамнан естідім.

“ Иә-ә.  Арақ  ішеді...  карта  ойнайды...  Саудагер...  Мол- 

да...  Бір басына жетіп жатыр.  Иманбек сол үйден шықпай- 

ды...  Here?  Бар  пәле осы  үйден  басталмаса...”  —  Ойланып 

түрып  қалдым.  Ақыры,  бір  байлам  жасадым.  Онымды 

сездіргім келмей:

—  Күн жауғалы түр.  Үйге қайталық,— дедім.

—  Әлі  ерте  ғой,  күнүзақ  не  бітіреміз?  —  деді  Оңалбек 

қиналып.

—  Әнеукүнгі  танысқан  сүлуларыңа  бармайсындар  ма? 

Күтіп қалды  ғой,  — деді Бейсекүл жымысқылана.

—  Е-е,  рас екен-ау!  — деді Оңалбек.  “Мәссаған!  Мынау 

нағыз есуас болмаса нетті!”

—  Ол қандай қыз?  — дедім  мен білмегенсіп.

—  Назымды  айтамын.  Сен  Оңалбекке  аларма,  онда  еш 

кінә жоқ, — деді Бейсекүл ойнақылана.  — Айтпасаңдар да, 

бәрін білемін.  Назымды  көргенге рақаттанып, түске дейін 

үйқтадың ғой.  Мүрныңа ши жүгіртіп, әрең ояттық. Түсіңе 

кірген болар.  Қызарандама. Дәл таптым ба?

64


—  Ойынды  қой,  — дедім  мен  шытынап.  —  Ондай  қыз- 

дың маған  қажеті жоқ.  Сүлу көркі өзіне.

— Ә, бәлем, қытығыңа тидім-ау деймін.  Қызараңдауын!

— Болды,  Бейсекүл! Жетер енді!

—  Жә...  жә...  Ашуланба,  — деді  Бейсекүл.  Сонан  кейін 

бүрылып біраз жүріп барды да, артына қарап бізге дауыста- 

ды:  —  Назым биыл бізбен бірге оқиды.  Қуана беріңдер!

Мен жерге еңкейе беріп, бір кесек алғанымша, ол қүлаш 

жетпес жерге жүгіріп барып қалыпты.

“Пәле  енді  басталды.  Үй-үйге  жарапазан  айтқандай 

бүл әңгіме елге жайылмаса нетті.  Назым  қайдан кездесіп 

еді!..” .



Ойламаган  жерден

Бригадирдің баласы  Ықсан  Шаншатай кеткелі көрінбеді 

ғой.  Менің қасымда ылғи Оңалбек жүреді.  Бірде  Бейсекүл 

көрінеді.  Сонда,  мені  біреу  мақтаса,  іші  күйетін  Ықсаны- 

мыз  қайда  жүр?  Азғана  ауылдың  ішінде  онан  кез  жазып 

қалғанымыз ба?

Аспанды торлаған бүлт, ақыры, дегеніне жеткендей, әуелі 

шүмектеп  қүйып-күйып алды да,  артынан сіркіреп жауып 

түрып  алды.  Оңалбек  пен  Бейсекүлден  жасырып  жасаған 

байлауым:  Мешітбайдың үйін кешкісін тору болатын.  Оны- 

ма жаңбыр кесел болып,  үйде жіпсіз байланып жатқанмын.

Далада еркін сайран салып ойнамаған соң,  үйде отырып 

кітап  оқу,  не  сурет салу  көңілінді  жадыратпайтын  секілді. 

Еңсенді бірдеңе басып түрады.

Жамал апай  Шаншатайдың ақ қағаздары мен бояуларын 

беріп жіберген екен,  кешелі бері бір сурет салмақ боп әлек- 

тенсем де, ештеңе шықпады. Оның үстіне Ержан біресе қағаз- 

ды алып қашып, біресе қаламды алып қашып,  біресе бояу- 

ды түрткілеп, әбден мазалады.  Радио орнатқан күні “Қызыл 

бүрышқа”  кіргізбегенімнің өшін алып жүр.

Шынын айтсам, сурет салуға да зауқым жоқ секілді.  “Ок- 

тябрь балаларынан” ешбір хабар жоқ. Салған суретімді Шан- 

шатай жіберген болса (ол екі айтпайды, оған сенемін) ендігі 

бір хат келуге тиіс еді.  Мүмісін,  салғандарымды жаратпаған 

болар.  Бос  әурешілік  шығар  мүным?  Теке  қартқа  барып, 

газет әкелуге де қүлықсызбын.

65

28-5


Апыр-ау, соншама не болды маған?

Осындай күйде отырғанымда, асып-сасып  Ықсан келді.

—  Сен  білесің бе?  — деді  үйге  кірген  бойда.  —  Шанша- 

тайды үрған  Иманбектер екен.

—  Білем.

—  Білсең,  Иманбекті неге соқпадың?  Еһ, тағы да Шан- 

шатайдың досымын дейсің-ау.

—  Өзің ше?

—  Мен  бүрын  білсем,  әрине,  соғар  ем.  Таяқ  жесем  де, 

соғар ем,  — деді  Ықсан кіжініп. Танауын бір тартып койды.

—  Әлі де  кеш емес,  — дедім  мен.

—  Кеш,  — деді  ЬІқсан,  сылқ етіп отыра кетіп. — Әлгінде 

Иманбекті  милиция  келіп,  ауданға алып  кетті.

— Алып  кетті?

—  Иә.

—  Көрсеткен кім екен?



—  Білмеймін.

— Шаншатай болар?

— Жоқ, ол емес.

—  Оны қайдан білесің?

— Білмегенде ше!? Шаншатайды кеше ғана мына козіммен 

көрдім.  Қасында дәл осылай отырып сәйлестім.

—  He сандырақтап отырсың?

Сөйтсе,  Ы қсанды  шешесі  киім -кеш ек  сатып  алуға 

Меркедегі  базарға  апарыпты.  Сол  базарда  Ықсан  Жамал 

апайға кездеседі.  Шаншатайдың емханада жатқанын біледі. 

Бірге еріп, емханаға барады.  Сонда Шаншатайға жолығады.

Ықсанды ішке кіргізбеген.  Ол терезеден сөйлеседі.

—  Басын қатты бір затпен соғыпты.  Қозғалтпайды екен. 

“Әлі де  үзағырақ жататын түрім бар” деді.  Сендерге сәлем 

айтгы.

Мен ойға қалдым:  “Келдібай ағай оны” емханада жатқа- 



нын неге жасырды?”

—  Келдібай  ағай  саған  берген хатты  Ш аншатай  басқа 

балаға жаздырыпты.  Әуелде оған ешкімді кіргізбейді екен. 

Сөйлесуге  де  тыйым  салыпты.  “ Б осқа  өуре  болмасын, 

ағаға жасыртқан менмін.  Ертай ренжімесін. Жазылған соң, 

өзім хабар беремін” деді.  Мені де көп сөйлестірмеді.  Көріп 

қойы п,  қуып  ш ықты.  Ол  И м анбекті  кінәлаған  жоқ. 

“ Біреулерді”  айдап салуы болар.  Қ ам қорлы ққа алсаңцар, 

түзелетін бала” деді.  “Ертай сурет сала берсін” деді.  “Бри-



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет