ТӘмпіш қара танысу



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата19.01.2017
өлшемі2,12 Mb.
#2192
1   2   3   4   5

66

гаданы үмытпасын,  барып түрсын,  газет шығарсын,  ойын 

көрсетіңдер” деді.  Атап тапсырды.

Шаншатайдан  хабар  алғаныма  қуандым.  Бірақ  оның 

сәлемдемесі мені қатты ойға қалдырды.

Бүрын  жаз  шыгысымен,  шашылған  тарыдай  басымыз 

бірікпейтін.  Біріміз ойда, біріміз қырда дегендей, тентіреуді 

ғана  білетінбіз.  Жүмысқа  қуып,  бүйідей  тиіп  әкіреңдеген 

бригадирден жасырынып  қалғанымызға  мәз болушы  едік. 

Жазғы демалыста біздің қолымыздан пайдалы  іс келеді деу 

үғымымызға сыймайтын.

Ойда  жоқ  жерде  келе  қалған  тәмпіш  кара  бала  өбден 

сүрлеу  болған  біздің  бүрынғы  өдетімізді  лездің  арасында 

өзгертті.  Біздің қолымыздан пайдалы іс келетінін, біздің де 

жаз күндері басымыз бірігетінін ойын екеш ойынды да ой- 

най  білсек,  онда да бір мақсат барын көрсетті.  Бойымызда 

бүғып  жатқан  өнерімізді  ашып,  өз  күшімізге  өзімізді 

сендірткен еді.

Біздің де  игі  мақсат  үшін  күрес  қолымыздан  келетінін 

білдік.  Қос  басында  шығарған  жедел  газетіміз  де,  қойған 

ойынымыз да,  күнде  ертеңгісін  барабан  қағып,  can түзеп, 

өн айтып көшеде жүруіміз де бір жағынан бойымызда қан- 

шама күш-қуат барын басқаларға көрсетсе, екінші жагынан 

өзіміздің де санамыз өсіп, көңіліміз марқая түсті.

Бөрік теппек, асық, ләңгі ойындарынан өзіміз де жерініп, 

доп қуу ойнына қүмартқанымыздың өзінде сол тәмпіш қара- 

ның әсер-ықпалы бар емес пе. Кешкісін алқа-қотан отырып 

алып,  оның айтқан әңгімелерін тындағанда баяғының жез 

тырнағы,  қара  дәуі,  мыстан  кемпірлері  өз  алдына  адыра 

қалып, біздің кәз алдымызда бүгінгінің батырлары түрушы 

еді  ғой.  Сол  әңгіме  әсері  емес  пе,  біздің  келесі  күндері 

“Қызыл”  мен  “А қ”  боп  ойнайтынымыз Аманкелді,  Чапай 

болуға таласатынымыз.

Енді ойлап түрсам, біз сол ойындарымызбен қызу күрес- 

ке араласыппыз.  Біз көре білмегенді тәмпіш қара көрген екен.

Өз  еркіміз  өзімізге  тиген  жазғы  демалыс  түрм ақ, 

оқудың нағыз қызу кездерінде кейбіріміз ата-анамыз жел- 

келемесе,  сарсылып отырып  кітап оқушы  ма ек.  Оқулық- 

тардан  басқа  кітаптар  мен  газет-журналдарға  мойнымыз 

жар  бермеуші  еді  ғой.

Енді қарасақ, біреудің қолынан кітап не журнал көрсек, 

таласатын болдық. Оқуға қүныққанымыз сонша, “Амантай-

67


дың  ауылын”  талай  рет  жарыса  оқыдық.  Өтебай  ағайдың 

“ Қарлығашын” жаггап алдық.  Әттең, тек кітап жоқ. Әйтпе- 

се,  аранымыздың  ашылғаны  соншама,  бір  жазда  талайын 

қылқыр ек.

Ал соңца бүрын бізге кітап оқы деп ешкім айтпады дейсің 

бе?  Әкеміз  базарлап  қайтқанда  соңғы  тиынға  “Саңлаусыз 

болма, үлым”,— деп кітап әкеп бермеуші ме еді.  Бірақ соны 

тесіле  оқимыз ба?  Ертең қажет болар деп  қүнттаппыз  ба? 

Өлең кітап болмаса, қара сөзбен жазылгандарын оқымаушы 

едік қой?

Енді  біз  лезде  қалайш а  кітапқүм ар  бола  қалдық? 

Кітапты  оқығанда  шәрбат  ішкендей  неліктен  қүмары- 

мыз қанбайды?  Осының бәріне желіктірген тәмпіш  қара- 

ның сиқыры  бар  ма?

Оны  білу  үшін,  ш іркін,  бір  кеште  біздің  қасымызда 

отырып  Ш анш атайдың  әңгім есін  тыңдасаң.  Күндізгі 

оқы ған  кітабыңа  қайтадан  жан  бітіп,  тастап  кеткен 

беттердегі табигат бар өсем көркімен  алдында түрады-ау. 

Жансыз жапырақтар сыбдыр қағып,  жапырылған  шалғын 

бой көтеріп,  иіле майысып тербелген орман, болмаса, дала- 

ның сыбызғы сырлы үні қүлағыңа келіп,  бойынды балқы- 

тар әсерге  шомасың.

Келесі күні сол кітапты бастан аяқ тесіле қайта оқисың.

Қазір ойлап түрсам,  Шаншатайдың өңгімесі біздің жаңа 

фильм көргеніміздей екен.  Осы күні жазушының шығарма- 

сына  қойылған  жақсы  фильмді  көргенде,  үйге  келіп  сол 

шығарманы  тағы  да  оқимыз  ғой.  Сан  оқыған  шығармаң 

енді саған жаңа бір қырымен көрініп,  өсер етпей ме?

Мені ойға қалдырған осылар еді.  Байқасам, сол бір елтіп 

әкеткен жақсы өнеге,  жақсы істерді іле жөнелмеппіз. Тағы 

да тарьщай шашырап, бүрынғы өуенімізге басқан корінеміз. 

Шаншатайды көбірек еске алғанмен, кейде онымен  кеңес- 

кенмен,  мүның  бәрі  кер-жер,  үсак-түйек  екен.  Айтқан 

сөлемдемесінде  үлкен  мән,  терең  сыр  жатқандай  қалың 

кештен сырылып қалып барады екенбіз:

— Жүр!  — дедім мен, орнымнан үшып түрып.

Қызылқүрдағы  егін  орылып  біткен.  Біздің  ауылға  ора- 

луымыз да сондықтан болатын.  Қазір колхозшылардың ай- 

налдырғаны  —  ауылдың етек жағындағы  қара жолдың ас- 

тында жатқан қызылша егістігі.

Оның басында ешқандай қос жоқ. Колхозшылар үйлерінен

68


барып-келіп түрады.  Мынандай  ақ жауында жүмысқа  кім 

шықты  дейсің.  Кешелі  бері  Қарақүлдың  үйіне  күндізден 

барып кітапшаны оқып тамамдағам.

Бір қызығы, кара кемпір мені көрсе,  үндемейді.

Оңалбек  кеше  де,  бүгін  де  ертеңгісін  келіп,  босағаға 

сүйеніп түрып-түрып кеткен.  Оған салса, осындай жауында 

су-су болып ойнай береді. Ал оған менің зауқым соқпаған.

Бейсекүл де бір соғушы еді.  Шамасы, өзіне бір қызық іс 

тапқан болуга керек, қарасын көрсетпейді.

Назымды көргелі бері газеггегі қызға қүмартуым көмескі 

тартты.  Атагы  бүкіл  елге  өйгілі  болған  алыстағы  ол  қыз 

мені қайтсін.  Қасымдағы Назымды көбірек ойлаймын.  Бірақ 

ол  жаққа  баруға жолым  кесілгендей.  Жүрттың лақабынан 

гөрі, балалардың мазағынан қорқамын.  Бейсекүлдің аузын- 

да  сөз  түрмайтыны  белгілі.  Бірде  болмаса,  бірде  айтады. 

Меніңше қызға сену қиын  ғой, бәрі де бір  қалыптан шық- 

қандай.  Былтыр осында Сүйімхан мен Түрғынбайды  “Қыз 

Жібек пен Төлеген” деп  келемеждеп,  ит терісін бастарына 

қаптағандары  бар.  Ақыры,  Сүйімхан  шыдай  алмай  басқа 

мектепке кетіп қалуға мәжбүр болды.

Кеше “Октябрь балаларын” сыртга ойнап жүрген Ержан 

әкелді.  Шамасы, Теке қарт көк есегін тепеңдетіп өткен бо- 

луға керек.  Шіркін, оның да мандайында бес елі ырысы бар 

екен.  Назымдай  немересі, тобылғы торы жүйрігі түрғанда, 

оны  кім  “Жаман  шал”  демек.  Маңдайымнан  күніне  жүз 

шерткізер ем, сол аггың үстіне бір мінсем.

Ықсанды ертіп мен колхоз кеңсесіне келдім.  Қазіргідей 

кеңсе ол кезде қайда?  Үзыннан-үзақ созылған ат қораның 

бір жағын кеңсеге бөлген. Жазда шатырына қарлығаштар үя 

салып, шырылдай үшып жүреді.  Кірсең, атгың қиының иісі 

қолқанды қабады.  Еденнің шаңы шығып жатады.  Кеңсе бо- 

лар  еш  сиқы  жоқ.  Сонда  да  жүрт  осында  отырып  жүмыс 

істейді.  Қысы-жазы адам арылмайды.

Біз келсек, қараңғы тар коридорында қүжынаған халық. 

Үш-төрт есікте дамыл жоқ, бір ашылып, бір жабылады.

Іздегенім — бригадир.  Онымен көдімгідей сөйлеспекпін. 

Ойлап алған іш есебім бар.

Біз сығылысып жүрттың арасынан өтіп келеміз.

— 

Мына  өдіре  қалғырларға  не  жоқ?  —  деп  қалды  бір 



өйел.  Кимелегенде,  шынтағымыз қатты тисе керек...

Бір есікті аштым.  Шатырлатып есеп-шот қаққан адам-

69


дар.  Екіншісін аштым.  Мүнда да алдарына жуан-жуан пап- 

ка үйіп қойып, есеп-шот қаққандар.

Үшінші есікті ашып қалғанымда...

Шегіншектей беріп едім...

—  Мүнда кел,  Ертай,  — деп,  Келдібай ағай шақырды.

Төргі  стоддың  басында  шашы  аппақ  ат  жақты,  кесек

мүрын,  үстіне  жайылма  жаға  қара  гимнастерка  киген  бір 

адам отыр.  Оның алдындағы  орындықта —  Келдібай ағай. 

Оган  қарама-қарсы  күнқағары  былғарыдай  жылтыраған 

қоқырайтып фуражка киген қара сүр жігіт.

— Төрлетіңцер, балалар! — деп төрдегі кісі қолын  созып 

ишарат  жасады.—  Бүлар  да  сіздің  пионерлеріңіз  ғой?  — 

Мойнын Келдібай ағайға бүрды.

—  Иә,  — деді  Келдібай  ағай.

—  Үйымш ылдығы  үнайды ,  —  деді  төрдегі  кісі  жы- 

м иы п.—  А л...—  Келдібай  ағай  оны ң сөзін  бөлді:

—  Ондай-ондай ханның  қызында да болады деген  емес 

пе?  Інішек бір жолға кешірім етер...  Бүдан былай қайталан- 

байды.  Солай ғой,  Ертай?

— Дәл солай!  —  қызыл өскер қүсап тік түра қалдым.

Біреулер сыңғырлап күлді. Жалт қарасам,  Бейсекүл мен

Назым. Есік жақ қабырғаға қойылған үзын орындықта отыр. 

Ауыздарын басып күледі.  Орындықтың екінші шетінде басы 

төмен салбырап,  жүні жығылған түлкідей боп сөлбірейген 

Иманбек отыр.

Мен  әуелі  бригадирге  жолығып,  сонан  соң  Келдібай 

ағайға бармақшы болып жүргенімде, алдымнан орап кетіпті. 

Бүлардың  неліктен  жиналғаны  санама  енді-енді  жеткен- 

дей.  Жауындатып  Келдібай  ағайдың  бүл  жүрісі  ішімді 

елжіретті.  “Мен ноқай дәнеңе білмейді екем ғой...”

—  Енді не  істейміз,  жігітім?  — деп,  ақ шашты кісі  қара 

сүр  жігітке  қарады,— Ауылдық кеңеске, мына пионерлер- 

ге бір жолға сенерсің.  Қалай, ә?  Кешірім ете аласындар ма? 

Бастықтарыңа өзім жолығамын.

Түксиген қара сүр жігіттің реңі жіпсіп:

— Айтқандарыңыз болсын, ағасы,— деді.

—  Рақмет.  Аулымызды  үятқа  қалдырмадың,  жігіт 

екенсің!  — төрдегі  кісі  орнынан түрып,  жігіттің,  қолын 

қы сып  жатыр.  Келдібай  ағай да  жүзі  жадырап  қолын 

сілкіледі.

Бәріміз сыртқа шыққанда,  Иманбек Келдібай ағайға:

70


—  Ж ақсылығыңызды  үмытпаймын,  аға,  —  деді  жы- 

ламсырап.

—  Алғысынды  мыналарға  айт,  —  деді  директор  бізді 

көрсетіп.  —  Білер болсаң,  нағыз достарың осылар.



Үш  кун  қалганда

Менен  гөрі  Бейсекүл  де  жақсы  ма  деймін.  Ол  Теке 

шалды  көк есекпен тепеңдетіп  ауыл  кездірмей,  аудан  ор- 

талығынан  алып  келетін  хат-газеттерін  Назым  екеуі  та- 

суға  келісіпті.

Ол  кезде  қазіргідей  ме?  Ауылда  газет-журналды  колхоз, 

мектеп, ауыл кеңесі, бірен-саран мүғалімдер алады. Хат, қаты- 

нас қагаздар келсе, әлгі айтқан орындарға келеді. Қиналатын 

дәнеңе  жоқ.  Бірақ  мүның  өзі  —  қолғабыс.  Сексендегі  Теке 

шал бүған риза. Ауданнан Сүратқа, одан Қосарыққа келу қарт 

адамға қиын да.  Оның үстіне қолында қолғанат жігіт баласы 

жоқ, қыс отын-суын қамдап, қолындағы атын баптап, бақша- 

сын күтерлік. Бүрын “қолында немересі бар” дегенді есгімеген 

едік, Назымның қайдан тап болғанын кім білсін?

Дегенмен Бейсекүл тапқырлық жасаған.  Бүл да пионерлік 

жақсы  іс екені сөзсіз.

Сол колхоз кеңсесіне барған жауынды күні Келдібай ағай 

бізден:


—  Иманбекке келдіңдер ме? Әлде басқа да шаруаларың 

бар ма еді?  — деп сүраған.

Осы арада бір мақтанып қояйын. Өмірімде өтірік айтқан 

жан  емеспін.  Әжемнің:  “Басынды  кессе де,  шынынды  ай- 

тып өл”,— дегені қүлағыма әбден сіңсе керек.

Мен Шаншатайдьщ сәлемдемесін, кеңсеге бригадирді іздеп 

келгенімді жасырмай айттым.

—  Сендердің  Шаншатайларың маған да өтірік айтқыз- 

ды,— деп  күлген  Келдібай  ағай  Иманбектің көзінше  онан 

әріге барған жоқ.  Here бүлай дегенін Ықсан екеуміз түсіндік. 

Күлгенбіз.

Сонда  Келдібай ағайдың кеңесімен ауылдық кеңес жа- 

нынан  “Ауыл айнасы”  атты қабырға газет шығармақ бол- 

ғанбыз.  Кеңседе  көрген  ақ басты  кісі  ауылдық  Кеңестің 

төрағасы екен.  Келдібай ағай мені онымен жолықтырған. 

Біздің ойын  қоятын  өнерімізді де  ол  кісі  қүптады.

71


— Жақсылап дайындалыңдар.  Қызылша қазу басталғанда 

көрсетесіндер,— деген.

Біздің  ісімізден  хабардар  болып,  біздің ісімізді  ауыл- 

ды қ кеңестің төрағасы  қолдаса,  бүған  неге  мақтанбасқа! 

Here  көңіліміз тасымасқа.  Ерекше  бір  қүлш ыныс,  жігер 

бітеді  екен.

Содан бастап,  күнде ертеңгісін Ержандарды шүбыртып, 

can түзеп, өлең айтып, көшемен өтетін болдық.  Өзін ересек 

санамай, саптың алдында сорайып Иманбек түратын болды. 

Ол Мешітбайдың үйінің қасынан өткенімізде:



Байлар мен молданы 

Қойдаи қу қаміиымен! —

дегенді қаттырақ айтады.

Біздің газет шығаратынымызды естігенде Иманбек:

—  Мешітбайды жазыңцар.  Бар бәленің үйтқысы сол,  — 

деп қылқылдап қоймай қойды.

Ақыры,  оның  көңілін  қимай,  таң  атқалы  қағазды  ши- 

майлап отырғаным  мынау.  Шаншатай қүсап өлең жазайын 

десем, сөздерім үйлеспейді. Атамның тонына оранып,  азап 

шегіп, терлеп-тепшіп мен отырмын.  Бар киімімді сыпырып 

алып,  есік алдында шешем кір жуып жатыр.

—  Козім сәл тайса,  өстіп  кір-қожалақ боп кетеді,  — деп 

күңкілдейді.

Шешем үйге келгенде, маған ешкім жоламайды.  Ықсан 

да,  Бейсекүл де, тіпті  Оңалбек те шешемнен қорқады.  Осы 

үйде  шешемнен  ықпайтын  жан  жалғыз  Ержан  ба  деймін. 

Ол таңертеңнен бері бір қурайды ат қылып мініп,  шапқы- 

лап,  ойнап жүр.

Кеше  біз  Назымдікіне  барғанбыз.  Әнеукүнгі  теңкиген 

қауындар ада болып, біз қарбыз жедік. Теке қарт шаншулап 

үйде  жатыр  екен.  Біз  емін-еркін  сыртта  біраз  ойнадық. 

Шіркін,  Назымды  көргенде,  Оңалбектің  екі  көзі  жайнап 

қүлпырып кеткені-ай!..  Менің қызғаныш сезімім аздап қоз- 

ған болады.  Бірақ оны  кеудемнің қатпар-қатпар түкпіріне 

тығып, сездірмеуге тырысам.

Бір орайда Назымға:

—  Бүрын қайда оқыдың? — дедім.

—  Меркеде.

—  Биыл бізде оқисың ба?

72


—  Иә.

—  Here? Аудан орталығы жақсы гой.  Көңілді.

— Жақсы, — деді Назым. — Атамды аяймын. Ол жалғыз ғой.

— Мектеп қаш ық болмай ма?

Назым басын шайқады.  Көзімен үй қасында көлеңкелеп 

түрған атты көрсетті жымиып.

Күлімсірегені қандай әдемі. Томпақ бетінің үшы шүңқы- 

райып, мөлтілдеген жанары шапақ атады.

— Атпен барасың ба?

Назым басын изеді.

—  Қорықпайсың ба?

—  Қорықпаймын,  — деді.  —  Мен  мүны  қүлын  кезінен 

өзім өсіріп келем.

—  Онда сен кішкентай болдың ғой?

—  Ол да  кішкентай  болды,  — деп  күледі  Назым.

— Сонда  қалай, бүл атты да осында сен өкелдің бе?

—  Иә.  Екеуміз  жүбымызды  жазбаймыз,  —  деді  Назым.

—  Бүл қазір — бесті.

Ат біздің не сөйлескенімізді түсінгендей, басын шүлғып, 

оқыранып қойды.

—  Бесті дейсің бе?

— Ат әуелі қүлыннан еседі. Сосын тай, одан кейін қүнан 

болады.  Төрт  жасында  дөнен  дейді,  бес  жасында  —  бесті. 

Бүл қазір бесте.

Қарабайырдан туған мүндай жылқының бабын білмесең, 

күту  қиын  ғой.

—  Here  білмеймін,  —  дейді  Назым.  —  Мүндай  жүйрік 

аттар  шікәмшіл  келеді.  Қорек  пен  сусынды жіті  талғайды. 

Бүған  бидай  бермеймін.  Аяғына  жем  түседі.  Беретінім  — 

түйген арпа, қүрақ жоңышқа.  Ішетіні — мөлдір су.

—  Шіркін, бәйгеге қосса өзін!

—  Ол  үшін  суыту  керек  қой.  Қолтығы  сөгіліп,  өкпесі 

өшіп,  жүні  өлмесе,  алысқа  шаба  алмайды.

—  Осының бәрін  қайдан  білесің?  — деймін  сүйсіне та- 

ңырқап.

— Теке атам  кезінде атбегі болған кісі, кісінеуінен, қүлы- 



нын көрмей түрып-ақ, қай айғырдың түқымы екенін айыр- 

ған.  Көз үшында бүлыңғырланып  кетіп  бара жатқан  қыл 

қүйрықты  қай  түқым  екенін  білетін.  Атам  шобылар  мен 

жабыларды осы күнге менсінбейді. Ат санатына қоспайды. 

“Бордақылап, соғымға сойса”, — дейді. Тек шомбалды ғана 

жүк аты деп  ауызға  алады.

73


— Атаңның өнері мүндай болса, әкеңнің онері қандай? — 

деймін мен әзіддеп.

Сөзімді шынға жорып,  Назым бүған да жауап береді.

— Әкем — қүсбегі. Жүйрік ат, тазысыз жүрмейді.  Мына 

бесті — әкем мініп жүрген биенің қүлыны.  Биесі де жүйрік. 

Ой,  Ертай  білсең  бар  ғой!  Аң  аулау  қандай 

қызық  — 

дейді  тәтті бір әсерге батқандай көзін шарт жүмып, тамса- 

нып.  —  Былтыр  мамыр айында әкем  мені  Сүлутөрдің жо- 

тасына алып шықты.  Бүл айды шаруалар сәуір десе, аңшы- 

лар  қүралай  айы  дейді  екен.  Сонда  мен  мүйізі  абажадай 

қүлжаны,  арқардың тушасын,  қүралайын көрдім.

— Ал өз онерің қандай?

Назым менің бетіме бажырайып қарады. Менің үнім кекет- 

кендей болып шықса керек.  Іштей қысылып қалдым.  Назым 

ештеңе болмагаңцай, дәнеңе сезбегендей, бақжиып кдраған бойы:

—  Білмейсің бе? — деді.  Мен алдымен бапкермін.  Содан 

соң  шабандозбын.  Мен  мінген  ат  еш  уақытта  сүрінбейді. 

Себебі: тартпасын тартамын.  Ер мойнына кетпейді. Жауыр- 

дың түғыры жаман ер екенін білемін!  Ер батса,  ат қайқаң- 

дайды.  Шоқтыгы қажалады. Сондықтан тоқым, терлігін сай- 

лаймын.  Түсіндің бе? Тағы да не сүрағың бар?

— Түсіндім.

—  Ендеше мен сүрайын.

— Айта ғой.

—  Осы  Қосарық колхозының төмен  жағында  үш  терек 

өскені рас па?

—  Төменгі жағы  емес.  Мектептің  қасында  өскен.  Екеуі 

әлі түр,  — деймін мен.

—  Соны кескен адам тірі ме?

—  Мен қайдан білейін. Жүрт:  “Теректен қан ақты.  Кес- 

кен адам өлді”,  — деседі ғой.

— Сен соған сенесің бе?

—  Білмеймін.  Қан саулап аққанын көргендер әлі бар.

— Адамның өлгенін көріп пе?

—  Білмедім.  Ол саған неге керек?

Назым менің сөзімді тындамай, қайта сүрақ қояды.

—  Ш айтанның бары рас па? Отын көріпсіндер ғой.

—  Ол шайтан емес дейді ғой.

—  Кім айтты?

— Шаншатай.

— Ал өзің не дейсің.  Күмілжімей, тоқ етерін айтшы.

— Мен қайдан білейін, — дедім мен, дүдәмәл жауап беріп.

74


— Түнде молаға барған Шаншатайды  “жын үрып кетіпті” 

десіп  жүрт гу-гу  етеді.  Оған  не дейсің?

—  Ол өтірік қой.  Иманбектер үрыпты ғой.

— Жүмсаған кім?

—  Мешітбай.

—  Here?


—  Осы сен қайдан білесің бәрін? — деймін мен сүрағы- 

нан тайқақтап.

—  Менің тагы бір онерім — осындай білгіштігім, — дейді 

Назым күліп.— Мешітбай — молда.  Мүнысын жасырады. Ал 

пионерлердің  міндеті  —  соны  әшкерелеу.  Үйінің  түсынан 

өлең айтып өтумен епггеңе тыңдырмайсың. Андыганмен, қолға 

түсіру қиын.  Ол өте қу, әккі.  “Ағаштан қан ақты”,  “Шайтан 

бар” деп от жақтыру, молада “жын соқты” деу оныңтаратқан 

үгіті.  Оған біраз жүрт сенеді.  Сондықтан  оны  жүрт  көзіне 

масқара  етіп  әшкерелеп,  өтірігін  ашу  керек.  Ол  үшін  ең 

алдымен өзіңнің сенімің мықты болуы қажет.  Үқтың ба?

— Дүрыс қой,  — деймін мен.  —  Бірақ өтірігін ашу қиын 

ғой.  Жүртты қалай сендіресің? Онан да андып,  қылмысы- 

ның үстінен түскен дүрыс.

—  Б ізсіз  де  оны м ен  ш үғы лд ан аты н дар  бар.  Біз 

Мешітбайлар  жайған  дін  уытына  қарсы  күресуіміз  керек. 

Өтірігін  ашу  қиын  дейсің,  қалай  ашамыз дейсің.  Шыбық 

секілді  солқылдақ  екенсің  өзің.  Тыңда.  Газет  шығаратын 

болдың  ғой?  Сонда  “Шаншатайды  үрған  “жын”  —  мына 

бізбіз деп,  Иманбек мақала жазсын.

— Жазбас,  — дедім күмәнданып.

— Жазады, — деді Назым сеніммен. — Сен сөйлеспесең, 

Бейсекүл екеуміз  сойлесеміз.  Мен бір мақала беремін.

—  Сен бе?

— Несіне таңқаласың?

— He жазасың сонда?

— “Теректі кескен адам — менің өкем,” — деймін.  “Өлген 

де жоқ, жын соққан да жоқ, тірі”, — деймін. — “Сыпатайды” 

қаны  тамған  әулие  ағаш деулерің  қате”  деймін.  “Терек тез 

өсіп, тез қартаяды. Қан дегендерің — оның ырса-ырса қабыр- 

шықтарының арасьша толған қүрт-қүмырсқалар” деймін.

—  Қызық екен?

— Қызықтың көкесі алда, — дейді Назым. — Бірге оқыған- 

да көрерсің әлі.  Ал сен молдалардың келемеж суретін сал.

— Сурет салатынымды да біліп қойғансың ба?

75


— 

Білмегенде,  —  деді  Назым,  маржандай  ақ  тістерін 

көрсете.

...Мен  Мешітбайға үқсатып түнде бір молданың суретін 

салғанмын.  Енді соның астына жазуға өлең керек. Ақыры, 

нар тәуекелге салып, былай деп жаздым:



Шайтан  да  жоқ,  жын  да  жоқ 

Оган  енді сенбеңдер 

Молдсиіардың сөзіне 

Будан былай ермеңдер!

Қүлгана мен мерездей 

Молда  сөзі  —  ол  да  дерт.

Аластайық арадан,

Жан-жагына қойып  өрт.

Өлеңнің жатық шықпағанын ішім сезеді. Дегенмен, оқуға 

болатын секілді.

Енді кешегі сөзімен  Назым келіп қалмаса деп, қыпылдап 

отырмын.  Менің мына тонға оранып отырған түрімді көрсе, 

кім болса да,  шошыр.  Газеттің тақырыбы,  мен салған сурет 

пен астындағы өлеңнен басқа алдымдағы ақ қағазға еш белгі 

түскен жоқ.  Иманбек пен  Назым жазса,  онда толып  қала- 

тын жайы  бар. Дегенмен,  мектептің қабырға  газеті  секілді 

бас жағына бір мақала керек тәрізді.  Оны кім жазады?  Бүл 

маған өзірге жүмбақ.  “Ауылдық кеңеске бара көрермін,  — 

деймін.  —  Көшіріп жазатын бәрібір өзіммін ғой”.

Осы күні сол кездегі мүғалімдерге рақмет айтамын.  Бірінші 

кластан кітапты мәнерлеп оқуға, сүлу жазуға қадағалап оты- 

рып үйретуші еді. Сүлу жазудың өзі мақтаныш болатын.

Сондықтан болар, мен әріптерді өдемі жазуға тырысатын- 

мын. Оным жеміссіз болған жоқ. Қабырға газетін жазу не бол- 

маса бірдеңені кошіріп жазу керск болса, маған тапсыратын.

Тон  жамылып  отырмын.  Сыртгағы  ашық  күннің  сөулесі 

терезеден сығалап, делбемді қоздырып, көңілімді қытықтайды. 

Далаға шығуға дәрмен жоқ. Жіпсіз байлану деген осы екен.

Мүндайда  кітап  оқисың,  болмаса,  қиялға  берілесің. 

Үйқтауға болар еді.  Бірақ түні бойы  үйқыны да сарыққан 

секілдімін.

Тағы да есіме әнеукүнгі түс түседі. Әйтеуір, сол түс есімнен 

шықпайды. Тобылғы торы үстіңде Назым отыр.  “Кел, жары- 

сайық! Алда талай бөгет, талай сын бар.  Солардан сүрінбей 

өте аласың ба?” деп түрғандай. Әсем бір әсерге шомамын.

76


“Бас жарылса — бөрік ішінде,  қол сынса — жең ішінде” 

деген аталарымыз.  Менің емханада жатқаным сөз болып па. 

Ертең-ақ мүның бәрі қолдың кіріндей шайылып үмыт бола- 

ды. Түнде молаға барсам, сендерге дүниеде ешбір шайтан мен 

жынның жоқ екенін дәлелдеу еді. Сол  мақсатыма жеттім бе 

немесе жаңылыс басып көңідцеріне қаяу салдым ба? Білмеймін.

Бірақ менің ең бір қуанатыным — дүниеге жаңарған жаңа 

бір  адам  келіп  бізбен  бірге  сапқа  түрды.  Ол  адасқан  еді, 

тура жолға түсті.  Енді ол бүл жолдан ешқашан да таймайды.

Міне, осы үшін таяқ жеуге де болады.  Күресуге де бола- 

ды.  Берік  саптың  қатарына  адамның  қосылуы  —  үлкен 

жеңіс. Өмірдегі бақыт,  міне, осында”,—  Шаншатай осылай 

деп сөйлеп түрган секілді.

Ол да ат үстінде. Ол да қол бүлгап:  “ Кел, жарысайық!” — 

деп түрғандай.

Көңілім өсіп, жүрегім лүп-лүп соғады.  Осы әсер үстінде 

шешем  үйге  кіріп,  төрдегі  абдыраны  ашты  да,  ішінен  су 

жаңа киімдер алып:

—  Мә,  ки!  —  деді.—  Сыртта  достарың  күтіп  түр.  Есік 

алдында Оңалбек,  Ықсан,  Бейсекүл,  Назым,  Иманбек, тағы 

басқа балалар түр екен.

—  Ой,  Ертай,  сүйінші!  —  деп,  Бейсекүл  бір  газетті 

төбесінен жоғары бүлғап айғай салды.  Балалар маған көрме- 

ге қойылған заттай таңырқай қарап, қоршалап алған.

—  Суретің  “Октябрь  балаларына”  шығыпты.  Қүттық- 

таймын!  —  деді  Назым  қолымды  алып.  Басқа  балалар  да 

қолымды қысып жатыр.

—  Кәне,  көрейінші!

Суретте  —  м асақ  терген  Бейсекүл.  Суретте  ол  маған 

сүлу көрінді.  Астына  “Егін орағында” деп  қойыпты. Аты- 

жөнімді  жазыпты.

—  Ой,  Ертай! Сен жақсы баласың! — деп, осы кезде  Бей- 

секүл екі қолымен мойнымды айқара қүшақтады да, бетімді 

шөп-шоп сүйді. Жүрегім шым ете түсті.  “Апырау,  осы мен 

Бейсекүлге ғашық болмасам нетті?”

Шынын айтқанда,  мен жақсы достардың бәріне ғашық 

едім.

Газетпен бірге хат келген екен.  Онда:  “Нағыз пионердің 



суретін салып жібер”,— депті.

Коз алдымда тәмпіш  қара Шаншатай түрды.



1971  —  1972 жыл

77


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет