Теориялық конференция материалдары


ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ, ҰЙҒЫР ЖƏНЕ АҒЫЛШЫН БАЛАЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ТІЛДІК-



жүктеу 2.24 Mb.
Pdf просмотр
бет14/27
Дата28.12.2016
өлшемі2.24 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ, ҰЙҒЫР ЖƏНЕ АҒЫЛШЫН БАЛАЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ТІЛДІК-
СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Қазақ,  ұйғыр  жəне  ағылшын  балалар  ақындарының  шығармаларындағы  фонетикалық 
факторларды мəтіннің семантикалық жəне композициялық түзілісімен байланысты талдаған 
жөн. Дыбыстар лексика-семантикалық сөздің құрамында орын алғанда ғана функционалдық 
жағынан  мазмұнға  ие  болады.  Дыбыстың  орналасуы,  жиілігі,  позициялық  өзгешелігі  сөзге 
көшіп,  көркем  мəтінде  олар  дыбыстық  түзілісі  бойынша  белгілі  бір  топтарға  бірігіп,  өзара 
байланысқа  түседі.  Көркем  мəтін  түзілісіндегі  фонетикалық-семантикалық  байланыстарды 
тудыратын тəсілдерге дыбыстық қайталаулар, аллитерация, ассонанс, ұйқас кіреді. 
Алдымен,  фонетикалық  амалдың  ең  кең  тараған  тəсілі  аллитерацияны  мысалға  алып 
қарастырар  болсақ:  ұйғыр  ақыны  И.Бəхтияның  «Қақирилар»  өлеңіндегі  дыбыстық 
ыңғайластықты қарастыра отырып, мынандай тұжырым жасаймыз, бұл өлеңде 43 сөз болса, 
оның 27 жуан  дауысты  дыбыстан, 10 жіңішке  дауысты  дыбыстан,  ал 6 аралас  дауысты 
дыбысты  сөзден  тұрады  (анчə,  кəлдиңлар,  қонмиғайсəн,  қонғайсилəр  кетиңлар,  ейтиңлар) 
жəне «Қақир, қақир, қақирлар» рефрені екі рет қайталанып, «А а» дыбысы 28 сөздің, «Е е» 
дыбыс 22 сөздің , ал «Қ қ» дыбысы 11 сөздің жəне «Р р» дыбысы 21 сөздің құрамында бар. 
Бұл  өлең  жаңадан  мектепке  барған  оқушыға  арналған,  онда  баланы  жануар,  құстармен 
таныстырумен  бірге,  мектепке  жаңадан  барған  баланың  «р»  дыбысын  дұрыс  айтуға 
дағдыландырады.  
Ал,  М.Əлімбаевтың  дыбыстық  ыңғайластыққа  мəн  бере  отырып,  өлең  формасын 
мазмұнға  лайықтап  құру  «Алғашқы  сабақ»  өлеңін  алсақ,  онда 33 сөз  болса,  оның 31 жуан 
дауысты  дыбыстан  тұрады,  тек  екеуі  ғана  (емес,  біздің)  жіңішке  дауыстылардан  құралған. 
Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршінге ең алғаш үйретілетін əріп – «А». Өлең «Алғашқы 
сабақ» деп аталатындықтан, өлеңде 18 сөз (яғни 59%) «А» дыбысынан басталады, 31 сөздің 
құрамында  «А»  дыбысы  бар.  Қаламгердің  мұндай  ұйқасқа  ғана  емес,  өлең  ішіндегі 
сəйкестіктің  сыртқы  пішінге  сай  келуіне  мəн  беруі – «Алма  ағаштың  аясында», «Қораз», 
«Қарға, тауық жəне жылан» шығармаларында кездеседі [1, 33-б.]. 

129 
 
Өлең  жолдарының  бірыңғай  «а»  дыбысынан  басталуы,  ассонансты  қолдану  жырдың 
ырғаққа бейімділігін арттырып, баяу тербеліске ыңғайлайды.  
Ағылшын  балалар  ақыны  Шел  Силверстейннің «Glub, Glub» өлеңінде «t» дыбысы 13 
сөзде, «s» дыбысы 5 сөзде , «i:» дыбысы 6 сөзде , «i» 4 сөзде кездеседі. 
Аллитерация – өлең жолының басында бірыңғай деп бірыңғай дауыссыз дыбыстардың 
қайталануы  болса, «ассонанс  сөздің  интонациялық-музыкалық  мəнін,  экспрессивтік-
эмоционалдық  бояуын  күшейтіп,  ерекше  елеулі  тұстарды  дыбыстандырып,  ой-сезімнің 
əсерлілігін  арттырады»  дейді  С.Негимов [2, 35-б].  Сондай-ақ,  аллитерация  мен  ассонанс 
амалдары  қолданылған  өлеңдер  негізінен  балалардың  жас  ерекшелігіне  қарай  бастауыш 
сынып  оқушыларына  арналған,  ондағысы  бала  тілі,  фонетикалық  дағдыландыру  кейбір 
айтуға  қиын  келетін  «р», «н»  т.б  дауыссыз  болсын  немесе  дауысты  дыбыстарды  нақты, 
айқын, дұрыс қолдануға дағдыландырады. 
Аллитерация  жəне  ассонанс  тəсілдері  қазақ  жəне  ұйғыр  балалар  өлеңдерінде  жиі 
кездеседі,  ақындардың  ондағы  қолданысы  балалардың  фонетикалық  дағдыларын  күшейту 
болып саналады, ал ағылшын балалар өлеңдерінде сирек қолданыс табады. 
«Онға  дейін  санау»  аллитерациялық-ассонанстық  монотонды  ырғаққа  негізделген 
санамақтың,  фольклорлықтан  ерекшелігі  оның  сюжетке  ие  болуында.  Оның  санамақтары 
жаңылтпаш  сипатқа  ие  болса,  жұмбақтары  мен  жаңылтпаштары  құрылысы  мазмұны 
жағынан классикалық мысалдарға тең болумен бірге сөз өнерінің түрлеріне айналды.  
Балалар поэзиясында ең жиі қолданатыны фонетикалық амалдардың бірі – анафора. Осы 
ұғымды  сипаттауда  танымал  қазақ  лингвисі  З.Қабдолов  өзінің  «Сөз  өнері»  еңбегінде  əдепкі 
қайталау – анафора,  ал  эпифора – кезекті  қайталау  десе,  С.Негимов: «анафора – шумақтың 
немесе  өлең  жолдарының  басында  үндесе,  үйлесе  қайталана  беретін  сөздер,  ол  өлеңнің 
үйлестік-əуезділігі мен əсерлі, əсем дауысын күшейтетін стильдік тəсіл» дейді [2, 43- б.]. 
Осы фонетикалық амалды зерттеуші ғалымдар тарапынан оның келесі түрлері берілген: 
1.
 
Əуендік анафора 
2.
 
Синтаксистік-ырғақтық анафора 
3.
 
Лексикалық анафора 
4.
 
Əуендік-лексикалық анафора 
Біз  қарастырып  отырған  қазақ,  ұйғыр  жəне  ағылшын  балалар  ақындарының 
шығармаларында анафораның бірнеше түрі кездеседі. Соның ішінде əуендік анафора ең көп 
таралған,  қолданылу  жағынан  екінші  кезекте  лексикалық  анафора  тұр,  ал  синтаксистік-
ырғақтық  жəне  əуендік-лексикалық  анафоралар  қазақ  тілінде  біршама  бар  болғанымен, 
ұйғыр жəне ағылшын балалар поэзиясында жоқтың қасы. 
Бұл  өлеңдерде  сөйлем  басында  қайталанып  келіп  жатқан  сөздер  анафораға  мысал: 
«жайбасар», «бир тохурум», «чашқан» «you have», ал сөз аяғындағы эпифоралар «жайбасар», 
«майбасар».  Яғни  қазақ  балалар  өлеңдерінде  бір  кезекте  анофора  да,  эпифора  да 
қолданылады.  
Фонолого-стилистикалық  амалдың  тағы  бір  түрі  буындардың  қысқаруы  болып 
табылады,  ол  үш  тілде  де  кездеседі,  ақындар  кейде  əр  тармақтағы  артық  буынды  осы 
қысқарту  амалы  арқылы  реттесе,  ал  кей  тұстарда  бала  тіліне,  қолданысына  сай 
қысқартылынып алынады. 
Алынған  өлеңдерді  қарастырсақ  онда,  қазақ  тілінде  əкелейін,  əперейін  сөздері  алып 
келейін,  əкеліп  берейін  етістік  тіркестерінің  тілге  жақын  болуы  мақсатында  қысқартылып, 
біріккен  сөздерге  айналып  отырғанын  көреміз,  ал  ұйғыр  тіліндегі  мысалда  соңғы 
тармағындағы «Маған көп жұмыс тауып берді» деп қолданылған етістік қысқартылып тапқа 
ауысқан, ал ағылшын тіліндегі because шылауы 'Cos ға ауысқан, яғни бұл қысқартылған сөз 
ауызекі тілде де жазбаша тілде де көп қолданысқа ие.  
Фонетикалық амалдың келесі түрі – рефрен болып табылады, ол стилистикалық амал. 
Ол  халық  ауыз  əдебиетінің  жанрлары  жаңылтпаш,  мазақтама,  санамақ,  жұмбақтарда  көп 
кездеседі.  Яғни  сөз  тіркесі,  бір  жолдағы  сөздерді  түгел  қайталау,  ол  шығарма  айтылуында 
əуезділікке ғана алып келмей, сондай-ақ инерцияны, интонацияны асыруға септігін тигізеді. 

130 
 
Фонетикалық  суреттеу  тəсілінің тағы  бір  түрі – ономатопея,  яғни  еліктеуіш  сөздердің 
өлеңдегі қолданылуы. Ол жан-жағымыздағы дыбыстар, ол мейлі жануарлар, құрт-құмырсқа, 
жəндік болсын немесе бізді қоршаған табиғат əлеміндегі дыбыстарының тура берілуі болып 
саналады: 
Балалар поэзиясының фонетикалық амалдары халық ауыз əдебиетінде əсіресе түрленіп 
қолданылған.  Бүгінде авторлық  сипатқа  ие  санамақ,  жұмбақ,  жаңылтпаштар,  мазақтамалар, 
өтірік  өлеңдерде  жəне  сонымен  бірге  омоним  сөздер,  шарада,  метаграмма  т.б.  сөз 
ойындарында  көп  кездеседі.  Қазақ  ақындары  өлеңдері  кішкентай  балалардың  фонетикалық 
дағдыларын  дамытуды,  тез  жəне  қатесіз  сөйлеу,  оқу  қабілеттерін  арттыруды  мақсат  етеді, 
яғни  «Ұйқасын  тап», «Мына  сөздер  қай  сөздер?»  топтамасында,  ал  ұйғыр  ақындары 
«Дудуқлимай  тез  оқи», «Һүнириңни  синап  бақ,  тез  оқуп,  тез  сөзлəп  бақ»  атты  жинағында 
балалардың жатық сөйлеу дағдыларын арттыратын өлең жолдары берілген.  
Бұл жерде ақындар өлең шумақтарының дыбысталуына аса көңіл бөлген жəне тез оқу, 
қатесіз сөйлеу жаттығуларын орындауда маңызды роль атқарады. 
Одан  сырт  балалар  ақындарын  шығармашылығы  зерттеген  ғалымдар  олардың 
өлеңдерінде  көп  қолданысқа  ие  болған  дыбыстарды  көрсеткен,  мысалы  Ж.Смақов 
шығармашылығын  терең  зерттеген  ғалым  Б.Темірбаеваның  жұмысына  сүйене  айтатын 
болсақ, онда балаларға арналған сөздердің басым бөлігін жуан дауысты сөздер құрайтынын 
мысалдармен дəлелдеген. 
Ал  ағылшын  балалар  ақындары  аллитерация,  ассонанс,  ономотопея  амалдарын 
қолданумен бірге, Шел Силверстейн өлеңдеріндегі ерекшелік сөздердегі əріптер орындарын 
ауыстырып  қолданған,  бұл  əдіс  арқылы  балалардың  өлеңді  оқуға  қызығушылығын 
арттырумен бірге орны ауысқан əріптерді ретке келтіріп, зейінін дамытуға түрткі болады. 
Ал Доктор Сьюз шығармашылығының фольклормен ара қатынасын қарастырар болсақ, 
онда  екі  жауап  ала  аламыз,  біріншіден – ол  американдық  фольклор  мəдениетінің  ірі  өкілі, 
өйткені оның шығармаларын оқып бірнеше ұрпақтар өсті, өсуде жəне өседі, ал екіншіден, ол 
американдық  фольклордан  ұзақ  əңгіме  дəстүрін  қабылдаған,  оған  мысал  «Қалпақтағы 
мысық»  суреттермен  берілген  шығармасы,  ол  алып  мысықтың  көпірген  сандырағын 
елестететіп,  ертегіге  тəн  эпикалық  баяндау  арқылы  жасалған  өте  ұзақ  туынды.  Ол  мысық 
басқа  ертегі  кейіпкерлері  секілді  алыптармен  соғыспайды,  əлемді  құтқармайды,  саналуан 
құбыжықтармен күреспейді, тек ақылға сыймайтын істер жасап, фольклор мен фантастиканы 
байланыстырады. 
Ағылшын  балалар  ақыны  А.  Милн – классик  ақындардың  бірі,  оның  тілі  таза,  жеңіл, 
балаға  түсінікті,  ал  өлеңдерінің  көбі  ұлы  Робинге  арналған  ертегі  өлеңдер  түрінде  келеді. 
Кейіпкерлері – орман жануарлары. Олар негізінен Робинге сыйлыққа алынған ойыншықтар. 
Оларға  жан  бітірген  ақын  сол  жануарларды  тек  Робинның  емес,  əлем  балаларының  сүйікті 
ойыншықтарына айналдыра білді. Орман жануарларының əңгімесінде А.Милне ономотопея 
əдісін кең қолданады.  
Ал  американдық  балалар  ақыны  Шел  Силверстейн  тілі  естуге,  жаттауға,  оқуға, 
қабылдауға  өте  жеңіл.  Күнделікті  оқиғалар,  бізді  қоршаған  қарапайым  іс  əрекет,  қоршаған 
орта  ақын  шығармашылығында  орын  алған,  автор  бала  фантазиясын  айқын  көрсетіп,  оны 
шынайы бала арманы, бала болмысы ретінде көрсете білген.  
Балалар  өмірге  басқаша  көзбен  қарайды,  олар  табиғатты,  өмірді  жан-жақты  үйренуге, 
тануға  талапты.  Ақын  И.Бахтия  осы  айтылғандарды  жете  түсінген.  Ол,  балаларды 
əдептілікке,  инабаттылыққа,  кітаппен  дос  болуға,  еңбек  етуге,  Отанды  сүюге,  жақсы-
жаманды ажыратуға жəне саналы болуға шақырады. 
Мысалы: «Молнияз», «Мəрт бала», «Иш яқмас», «Соғдин қорқмас балиниң сөзи», «Зия 
билəн Сия», «Оқушхумарниң армини», «Батур бала», «Қизиқ екəн додиси», «Оғлиғим» т.б. 
өлеңінде «булуттин аппақ» метафорикалық эпитеті қолданылған. 
Əдетте,  көркем  əдебиеттегі  поэтикалық  мағына  сөздердің  стилистикалық  қызметінен 
туатын  мағынасымен  ұштасып  жатады.  Сондықтан  жаңа  тіркестер,  сөз  қолданыстарынан 
туады,  сөздің  үйреншікті  мағынасын  бейнелеп,  поэтикалық  көтеріңкі  сипатта  қолдану 

131 
 
көркем  шығармаларда  жиі  кездесетін  құбылыс.  Осыдан  барып,  поэтикалық  мағына 
қалыптасады. Ол дегеніміз – айшықтау, құбылтуның түрлері сияқты поэтикалық тəсілдерді 
қолдану арқылы сөздің айрықша əсермен, көтеріңкі мəнермен айтылуынан туатын мағынасы. 
Үш  халықтың  балалар  ақындары  өлеңдерінің  ортақ  ерекшелігі – өте  қарапайым, 
көпшілікке  əбден  таныс  халық  тілімен  жазылуы,  олардың  сол  себептен  де  өте  аз  уақыт 
ішінде тез, жеңіл жатталатындығы. 
Көркем шығарманың көп жанрларында қайталамалар өте белсенді түрде қолданылады. 
Олар  суреткердің  өзіндік  стилін  таныту  мақсатында  көркемдегіш  тəсіл  ретінде 
қолданылатын  қайталамалардың  стильдік  қызметі  орасан  зор.  Қайталамалардың  тілдік 
табиғатын  А.А.Шахматов,  А.А.Потебня,  Г.О.Винокур,  Н.К.Шведова  т.б.  зерттеген. 
Қайталамаларды  мəтін  бойынша  зерттегендер  қатарында  Т.А.Казаков,  Н.В.Данилевский, 
С.И.Львов  есімдерін  атауға  болады,  қазақ  тіл  білімінде,  А.Байтұрсынұлы  алдыңғы  қатарда 
тұрады жəне ол оларды «қайталақтау» деп атаған.  
1975  жылы  «Қазақ  балалар  поэзиясы»  атты  мақаласында  С.Қирабаев: «Балалар 
əдебиетінің дербес жанр есебінде есеюі оның тұрақты маман кадрларының жиналуы əрине, 
Ұлы  Отан  соғысынан  кейінгі  мерзімге  жатады.  Балалар  поэзиясының  профессионалды 
дəрежеге  көтерілгені  елуінші  жылдардың  бер  жағында  М.Əлімбаевтың,  Қ.Мырзалиевтің, 
Ə.Дүйсенбиевтің  оларға  кейінерек  қосылған  Ж.Кəрібозиннің,  Т.Нұрмұхамедовтің, 
Ж.Смақовтың  шығармалары  кең  тарады.  Бұл  ақындар  творчествосы  балалар  поэзиясының 
өзіндік  ішкі  сырларын  терең  түсінуімен,  оны  ойдағыдай  меңгеруімен  ерекшеленеді»  деп 
жазды [3, 145-б.]. 
Жақан Смақов алғашқылардың бірі болып, өлеңдерінде сол жылдары орыс тілі əсерінен 
кіре  бастаған  «папа», «кəмпит»  т.б.  сөздерді  қолданған.  Қосарлап,  қайталай  айтып,  екпін 
бере  сөйлеу  арқылы  баланың  назарын  өзіне  аударады.  Осы  əдістің  балалар  назарын  өзіне 
қаратуда таптырмас əдіс екенін түсінген ақын өз шығармаларында жиі қолданған. Мысалы: 
«Əйей  бала,  əй  бала», «Ерте,  ерте,  ертемен», «Əукем,  əукем,  əукешім», «Тоғай,  тоғай,  көк 
тоғай», «Айтшы  əжетай,  əжетай»  т.б.  Осындай  аллитерациялық  қайталаулар  ақын 
шығармаларының  басында,  ортасында  я  соңында  орын  алып  отырған.  Ж.Смақов  бесіктегі 
бөбек  пен  бала  тілі  жаңадан  қатайып  жатқан  балдырған  тілі  табиғатын  тануға  талпыныс 
жасаса, Қ.Мырзалиев балаға аса қажетті танымдық, интеллектуалдық саласына ерекше көңіл 
бөлген. Ал, Қадыр Мырзалиев тілі туралы айтар болсақ, оның өлеңдері бастауыш, орта, тіпті 
жасөспірімдерге  де  етене  жақын.  Ақынды  əдебиеттанушылардың  өзі  бала  танымын 
дамытушы,  таза  қазақ  тілін  байытушы  деп  айтады,  себебі  ақын  өз  шығармашыларында 
көптеген синоним сөздерді қолданады, онда көнерген сөздермен бірге неологизм сөздер мен 
жаңа  атауларды  да  кездестіреміз.  Оның  қай  жанрдағы  туындыларын  алсақ  та,  өлең, 
жаңылтпаш,  жұмбақ,  мазақтама,  мысал  я  ертегі-поэма  болмасын,  онда  бала  тынымын 
асыратын «гепард, каперс, камбала, лоцман» сияқты жан-жануарлар мен таныстырып қоймай 
«мандрагога»  сияқты  жаңа  сөздердің  мағынасын  түсіндіреді,  бұл  сөзді  бүлдіршін  емес, 
үлкендердің  біле  бермейтіні  анық.  Ақын  өз  туындыларында  «ділгер,  оспадар»  сынды 
көнерген сөздерді қолданған.  
Ұйғыр балалар ақындарынан – И.Бахтия, П. Сабитова жəне А.Хезим, үшеуі де кеңестік 
кезеңде  бастаса,  П.  Сабитова  тəуелсіздік  алғаннан  кейін  жаңа  тақырып,  тың  идеяда 
туындылар жазса, А.Хезим бүгінге дейін шығармашылықтан қол үзген жоқ. И. Бахтия поэзия 
жанрында  ғана  емес,  лирика,  сатира  жəне  балалар  əдебиетіне  де  көп  еңбек  сіңірді. 
Шығармашылық  жолын  елуінші  жылдарда  бастады,  алғашқы  өлеңдер  жинағы 1956 жылы 
баспадан  шықты.  Ол  қазақтың  дарынды  ұлы  М.Мақатаевпен  Шығармашылық  пен  өмір 
жолында өте жақын қарым-қатынаста болды. И.Бахтия ұйғыр ақындарынан алғашқылардың 
бірі болып, 1961 жылы мерзімді баспа сөз бетінде ұйғыр балалар əдебиетінің дамуы туралы 
мақала  жазып,  дабыл  қаққан  еді.  Сол  себепті  балалар  поэзиясындағы  ақауларды  өз 
туындыларында  қайтамасқа  тырысты.  Ақын  лексикасына  келер  болсақ,  жалпы  таза  ұйғыр 
тілінде өте тартымды, тапқырлықпен, жеңіл, бала тілінде жазды. И. Бахтия ұйғыр əдеби тілін 
парсы-иран кірме сөздерінен азат етіп, тек түркі сөздерін қолданып, өлең жазған ақын.  

132 
 
Ақын  өлеңдерінде  сонау  елуінші  жылдың  ортасында  ғылым  мен  технологияның 
дамуына  байланысты  енген  щетка,  зоология,  лагерь,  электр  сынды  жаңа  сөздер, «əлтəк, 
сəдəп, ғил қилип, алғур» сияқты көнерген сөздер жəне ұйғыр халқының ұлттық болмысы мен 
тұрмыс-тіршілігіне  байланысты  «дутар,  тəмбир,  мəнтəң,  жоза»  сынды  сөздер  жəне 
«Қараңғулуқ  ишт-ешəкниң», «Судин  чиққан  чашқандəк», «Өзи  тоймасниң  көзи  тоймас» 
сынды халық ауыз əдебиетінен нақыл сөздер кездеседі.  
П. Сабитова шығармашылығына келер болсақ, оның балаларға арналған əңгіме, проза 
жанрындағы  шығармалары  ұйғыр  оқырмандары  арасында  танымалдыққа  ие,  автордың 
сондай-ақ  балалар  өлеңдері  бойынша  екі  кітабы  жарық  көрген,  алайда  поэзия  жанры  автор 
үшін проза саласындай табысты, тартымды еместігі хақ. 
Ақын  жинақтарын  зерттей  келе  көбінесе  үлкен  адамның  балаға  айтқан  ақылы, 
көрсеткен  жолы,  насихаты  айқын  сезіліп  тұр  жəне  балаға  көбінесе  дидактикалық-тағылым 
тұрғысында  жазылған  шығармалар  өте  көп,  ал  лексикасына  келер  болсақ, «мисс,  полиглот, 
параход,  светофор,  витамин,  футбол,  микроб»  т.б.  орыс  тілінен  қолданысқа  енген  жаңа 
сөздер, «қайсу» – сөзінің  «қай», «Аяз,  соғ  қиш»  сын  есім  тіркесіндегі  «аяз»  сөзі  жəне  «Ақ 
түйенің қарны жарылған күн» фразеологизмін «Ақ төгиниң қосиғи йерилди» деп қолдануы 
қазақ  тілінің  ұйғыр  халқына  тигізген  əсері  деп  білеміз.  Сондай-ақ  «мутəһəм,  йəр  евиса, 
ғарайип» т.б. архаизм сөздер қолданылған. Ұлттық ойындар атаулары «лəглəк», «ағчайлам», 
«бəш  таш»  жəне  ұлттық  болмысқа  байланысты  «жут,  мəһəллə,  пешайван,  дəстихан,  етиз» 
сөздері жəне əдет-ғұрыпқа байланысты «норуз», «һейт» туралы өлеңдерінің болуы автордың 
Қазақстан егемендігін алғаннан кейін жазылған өлеңдер екені күмəн тудырмайды. «Йəттə əза 
сақ болса», «Бөлүнгəнни бөрə йəр», «Сағлам тəн, сағлам əқил», «Өй алғичə хошна ал», «Қиз 
бар  өйдə  қил  ятмас»  сынды  нақыл  сөздерді  өлеңдерде  ұтымды  қолдану  арқылы  ақын 
барынша  ұлттық  нақыш,  ұлттық  сана-сезім  мен  бала  дүниетанымын  қалыптастыруға 
тырысқан.  Жəне  осы  фразеологиялық  бірліктерді  қолдану  арқылы,  таза  болуға,  досттар, 
көршілермен бейбітшілікте өмір сүруге, денсаулықты сақтау т.б. өмірге қажетті қасиеттерді 
күшейтіп, дамыту қажеттілігін тағы бір ескерткендей. 
Ал  «шопур,  велсопед,  морожное»  сынды  кірме  сөздерінің  бала  тіліндегідей  қалай 
айтылса, сондай берілуі, шынайы бала тілін көрсету мақсатында алынған деп айта аламыз. 
Ұйғыр  ақыны  Аблиз  Хезим  тілі  əдеби  сөздер  кейде  архаизмдер,  сонымен  бірге 
Шынжаңдағы  ұйғырлар  тіліне  жақындау  болып,  біздің  бүгінгі  буын  балаларымыз 
қабылдауына қиындық тудырары анық.  
Ақын  шығармашылығы  тек  Қазақстанда  емес,  сонымен  бірге  Шынжаңдағы  ұйғыр 
оқырмандары  арасында  танымал.  Дəлел  ретінде1988-жылдан  бастап  Шынжаң  Ұйғыр 
автономиялық  ауданында  «Тəтүр  кирпик» («Теріс  кірпік»)  атты  мысалдар  жинағы 11 000 
нұсқада , 2004 жылы «Тохсəн тоққуз тепишмақ» (Тоқсан тоғыз жұмбақ) жəне «Қизиқарлиқ 
сөз  оюнлири» («Қызықты  сөз  ойындары»)  атты  екі  кітапшасы  жарық  көргендігін  айтуға 
болады. Ал, 2013 жылы «Сөз оюнлири» («Сөз ойындары»), «Тепишмақлар» («Жұмбақтар»), 
«Балилар  шеирлири» («Балалар  өлеңдері»), «Шеир,  мəсəл,  чөчəклəр» («Өлең,  мысал, 
ертегілер»)  атты  төрт  кітабы  əрбірі 3000 нұсқада  баспадан  шығуы  оның  аса  танымал 
екендігін  көрсетсе  керек.  Автордың  «Бəшинчи  пəсил» («Бесінші  мезгіл»)  кітабы  сол 
Шынжаң  баспасында,  ал «1001 мəсəл» (1001 мысал)  атты  кітабы  Бейжиңдегі  «Ұлттар 
баспасы» тарапынан жарық көрді [4]. 
Ақын  туындыларын  зерттей  келе,  орыс  тілінен  кірген  «цемент,  асфальт,  реактивный 
самолет,  трамбовка,  нафталгин,  парашют,  салют»  сынды  сөздерді  өз  жұмбақтарында 
жасырса,  қытай  тілінен  енген  «жоза,  жонуйду,  чока»  кірме  сөздері, «тəскəй,  рəллə,  янтақ» 
сынды  көнерген  сөздер, «чəбдəс,  һозур,  тəскəй»  əдеби  сөздер  мен  «һеч  вəқəси  йоқ» «оюн 
қепи», «тəйяртап»  тіркестерінің  Шыңжаң  ұйғырлары  тілінде  көп  қолданылады,  ал  ұлттық 
болмысқа  байланысты  «бөшүк,  тонур,  нохта,  бопа»  сөздері  мен  «Тошқан  териси  үч  күнгə 
чидайду», «Ишлигəн – чишлəйду», «Илим – чирақ» нақыл сөздері қолданысын тапқан. 
Ағылшын балалар ақындары: А.Милн, Доктор Сьюз жəне Ш.Силвертейн лексикасына 
келер  болсақ,  ағылшын  балалар  əдебиетінің  классиктерінің  бірі  А.Милне  өз 

133 
 
шығармашылығын XX ғасырдың жиырмасыншы жылдары бастады, оның еншісінде 3 роман, 
18  драмалық  шығарма жəне  балалар  прозасы  мен  поэзиясы  бар.  Поэзиялық  жинақтар  саны 
екі, олар «When we were very young» («Біз тым кішкентай болғанда»), «Now we are Six» («Біз 
алтыдамыз»).  Осы  жинақтарды  зерттей  келе,  ақынның  қарапайым  бала  тілін  көп 
қолданғанын  байқадық,  ал  күрделі  тіркестер  жоқтың  қасы,  ұлттық  болмыс,  яғни 
монархиялық басқару орын алған ағылшын еліне тəн «Buckingham Palace, the King, Knight, 
castle, the Queen» сөздер өз қолданысын тапқан.  
Американдық  балалар  ақындарынан  Доктор  Сьюздің  айтарлықтай  ерекшелігі  ол 
кішкентай  бүлдіршін,  оқырмандарына  болашақтың  иесі  ретінде  қараған  жəне  «үлкендер 
əлемінің»  соғыс,  зорлық-зомбылық,  қоршаған  орта  т.б.  көптеген  проблемалық  мəселелерін 
шеше алатынына сеніммен қараған. 
Қорыта айтсақ, үш елдің балалар əдебиетінде байланыстардың түрлі формалары болды. 
Олар негізінен типологиялық түйісулер түрінде келеді. 
 
Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. Жанаева Ш.А. 1960-1980 жылдарындағы қазақ балалар поэзиясы жəне Қадыр Мырза Əли 
шығармашылығы: филол. ғыл. канд. дис. – Алматы: СемМУ, 2007. – 140 б. 
2. Əдебиеттану. Терминдер сөздігі / құраст. З. Ахметов, Т. Шаңбай. – Семей; Новосибирск: 
Талер-Пресс, 2006. – 398 б. 
3. Қирабаев С. Əдебиет жəне дəуір талабы. – Алматы: Жазушы, 1976. – 300 б. 
4. Үрүмчидин кəлгəн хуш хəвəр. – 2013, 18 қазан // http://uyguravazi.kz/  
5. Чуковский К. Познакомьтесь с Доктором Сьюзом! // Детская литература. – 1966, № 12. – 
С. 32. 
 
А.С. Бүркітбаева, 
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар жəне инжиринг 
университетінің доценті, филология ғылымдарының докторы 
 
АҚТАН – ЛИРИК АҚЫН 
 
Ақтан  Керейұлы (1850 ж.т.,  қазіргі  Ақтөбе  обл.,  Байғанин  ауд.1912  ж.) – қазақтың 
суырыпсалма  ақыны,  Атырау  өңірі  Маңғыстау,  Жем,  Сағыз,  Хорезм  аймағына  белгілі  Абыл 
бастаған ақындық ортаның көрнекті өкілі [1, 208-209 бб.].  
Абыл, Нұрым, Ақтаным. 
Осылар еді тақтағым  
Осылай деп маған үйреткен 
Тарихтың ескі ақпарын [2, 7-8 бб ], –  
деп  Қашаған  ақынның  зор  бағалауына  ие  болған.  Көне  ақындық  дəстүрден  нəр  алып, 
Сыпыра,  Шалкиіздердің  терме-толғау  үрдісінде  жыр  тудырған,  Батыс  өлкесіндегі  Шернияз 
бен  Махамбет  мұраларын  жастайынан  бойына  сіңіріп  өткен  ақынның  суырып  салмалық 
өнері де болған. Сол себепті ақын мұраларының жинақталып, қағаз бетіне хатталып түсірілуі 
кештеу  қолға  алынды.  Батыс  өлкесінің  ақындарын  зерттеген  Қ.Сыдиықов  зерттеулерінің 
басты  нысаны  да  осы  Ақтан  ақынның  мұрасы  болған  еді.  Ғалымның  зерделі  еңбегінің 
нəтижесінде Ақтанның өлең, толғаулары 1967 жылы шыққан «Ертедегі əдебиет нұсқалары», 
1972  жылғы  «Ақберен», 1982 жылы  жарық  көрген  «Өсиетнама», «Бес  ғасыр  жырлайды», 
1995  жылғы  «Жыр  Дария», 1997 жылы  шыққан  «Абыл,  Нұрым,  Ақтаным», «Ай,  заман-ай, 
заман-ай» жинақтарына енді. Ақтанның өмірбаяндық кезеңдері, ата тегі жөнінде мəліметтер 
көп  айтылып  келеді.  Ақынның  бет-бейнесі  Қаби  Молдажановтың  айтуынша  ғалым 
зерттеулерінде  былайша  келтіріледі: «Ақтан  орта  бойлы,  селдір  сақалды  адам  еді.  Жыр, 
толғауды  домбырасыз  да,  жай  отырып  та  айта  беретін», – дейді [3, 233-б.]. «Қырымның 
қырық  батыры»  аталатын  ерлік  дастанының  бірқатары  Атырау,  Қарақалпақ  аймағына  осы 
Ақтан  арқылы  тараған.  Одан  бұл  жырларды  Қашаған,  Нұрпейіс  секілді  ақындар  үйренген. 

134 
 
Ақтан  Керейұлы 1850-1912 жылдары  өмір  сүрген  ақын.  Маңғыстау,  Ақтөбе  өңірін 
мекендеген. 
Сақилықпен көп кездім  
Əлімұлы, Байұлы, 
Тама, Табын, Жетіру- 
Кіші жүздің аймағын,- 
дегенде ақын Жайық, Ойыл, Қиыл, Жем, Маңғыстау, Атырау өңірлерін аралап, Нұрым, 
Қашаған,Қоспақ,  Жаскілең,  Нұрпейіс,  Құлманбет,  т.б  елдің  дуалы  сөз  майталмандарымен 
бірге жүрген. Ақын өлеңдерінде ирония да, сарказм да, өткір мысқыл əжуа да қатар жүреді. 
Ақынмын деп сөз қуған өлеңшілерді Ақтан былайша сипаттайды: 
Кейбір жаман жыршылар, 
Əшейінде ақтарып, 
Сатып жүр жырын теңгеден. 
Менің сөзім аяусыз, 
Аға менен жеңгеден 
Тағы бірде: 
Сөз баққанмен сумаңдап, 
Сөйлемейік суаңдап... 
деп сөздің қадіріне жете білуді өмірдің өтпелілігімен ұштастыра бейнелейді. 
Ақын өлеңдерін жанрлық жағынан былайша топтастыруға болады: 
1) тұрмыс-салт тақырыбындағы өлеңдері («Тойбастар», «Көңіл айтуы», «Бата»); 
2) өмір, дүниенің өтпелілігі жайындағы философиялық толғау-термелері («Аяғына қан 
түссе», «Біріншіден  не  жаман»);(«Замана  жайында», «Кəріліктің  белгісі», «Бұл  мəжіліс 
белгісі», «Жайық деген жанды су», «Болжау сөз»); 
3) Батырлықты дəріптеген жырлары («Ерлік жыры»); 
4)  Риторикалық  сұрақ-жауап  өлеңдері («Біразырақ  сөйлейін», «Тыңдасаңыз  сөзімді», 
т.б.) 
5) лирикалық сарындағы өлеңдер («Аққулар көркем көрінер», «Мамығын төгіп қаз бен 
қу», «Қаражан қызға»),  
Өлеңдерінде  "белгісі", "реті", "көрінер", "не  жаман",  т.б.  сөздердің  қайталануы 
шығармаларының  философиялық  мəнін  арттыра  түседі.  Лирикалық  сарында  жазылған 
өлеңде  табиғаттың  əсемдігін  айшықтайтын  -аққулар,  шөлдегі  қашқан  құралайлар, «бетінен 
нəрі тамған қыз» ажарымен байланыстыра суреттейді.  
Аққулар көркем көрінер 
Айдын шалқар көлдегі. 
Құралайдың балдары – 
Бұл да көркем көрінер 
Орғып қашқан шөлдегі. 
Қатарланған қалың көш – 
Бұл да көркем көрінер 
Сағым шалған белдегі. 
Қыз, жігіт көркем көрінер 
Қалың дара елдегі. 
Аруанадан туған кез өркеш –  
Бұл да көркем көрінер 
Айт-айт деген жердегі. 
Қыз бала көркем көрінер 
Беттегі нұрлы қанменен... 
Ақын  өлеңдеріндегі  шоқтығы  биік  жырлар  циклі-Қаражан  қызға  арнаған  мұңды 
махаббат өлеңдері. Қаражан қызға ғашықтық сарыны былайша өріледі: 
Үдеріп елім көшті Барқын құмға, 
Қаражан, қайда кеттің, халқың мұнда. 

135 
 
Сен кеттің бір жат елге бауыр басып 
Мен қалдым баулы құстай талпындым да. 
Қимастық,  жан  тебірентер  лирикалық  желі  тартылған  өлеңде  ғашықтық,  өтпелі  өмір, 
сүйгеніне  қосыла  алмаған, «сыздаған»  сағыныш  бар.  Ақтан  ақынның  «Тойбастарында»  да 
фольклордағы  қыз  ұзату  дəстүрі  суреттеле  отырып,  қыздың  ата-анасының  байлығы  емес, 
ажары, көркіне баса мəн беріледі. 
Айырған алтын реңді 
Күміске меңзер өңдерің. 
Əдемі, артық баласың 
Майда бір нəзік сөздерің. 
Жүз тоқтатып қарасам 
Лағыл, жауһар көздерің... 
Ауыз  əдебиетіндегі  қыздың  ажарын  сипаттау  үлгісінде  жыр  жалғасады.  Метафора 
əдісін молынан ұшыратамыз. «Мен ақ бауыр кер жорға//Əдемі басқан аяғын//Қарасаң, көзің 
жеткісіз,//Жылмиып жатқан даламын». 
Жыраулық,  ақындық  поэзияда  жиі  қолданылатын  поэзиядағы  «мен»  Ақтан 
шығармаларында  да  кездеседі.  Зерттеуші  Л.  Тимофеев  «лирикалық  образ  арқылы  нақты 
адамның жан тебіренісін көре отырып, оның осы толқуына себеп өмірлік биографиясын да 
түйсінуге»  болатындығын [4, 350 б.],  зерттеуші  Г.Поспелов  «лирика – ақын  жүрегіндегі 
эмоциялық көңіл-күйді жеткізуші, ал эмоциялық ойлау – медиативті (толғаныс) тіл» [5, 106-
б.], – деген анықтама береді. Кеңес дəуірінің зерттеушісі Л. Гинзбург: 
Зерттеуші  Т.  Тебегенов  ақындық  поэзиядағы  автор  тұлғаның  айқындалуына  қатысты 
«меннің» 3 түрде көрінетіндігін айтады [6, 65-б.]. 
а) шығарма иесінің өзінің тұлғасын, яғни лирикалық «менін» айтуы; 
б) шығарма иесінің өзіне-өзі мінездеме беруі; 
в) шығарма иесінің туындысында оның өмірбаяндық кезеңдерінің көрініс табуы. Біз өз 
мақаламызда  ғалым  Т.  Тебегеновтың  бұл  саралауын  негізге  ала  отырып,  поэзиядағы 
ақындық «меннің» көрінуін былайша бөліп қарастырдық. 
3)  Ақындық  талантты  білдіру  үшін  қолданылатын  шығармашылық  «мен».  Ақын – 
көркемдік  тіл  қуаты  құнарлы,  сөзі  шымыр,  ойы  алдаспандай  өткір  творчество  адамы. 
Ақынның  жұрты  алдындағы  беделі  қандай?  Осы  мақсатта  біздің  қарастырған 
шығармашылық «мен» туралы таратып айта кетейік.  
1) Ақын өзінің сөзін тыңдар əлеуметті сағынады. Бұл əсіресе толғау-жырларында анық 
байқалады. 
Ақтан: 
Əлеумет, келдің құралып, 
Сөз базарын құралық. 
Айтулы жүйрік мен едім 
Алысқа шапқан шұбалып. 
Майлықожа: 
Бісміллə деп бастайын, 
Ал, жақсылар, тыңдаңдар 
...Бұлбұлың келді сайрауға 
Миуалы гүлдер дарағым  
Базар жырау: 
Көре алмай халқым сендерді –  
Көптен бері көбеңсіп, 
Қалыппын тоғым шайқалмай  
2)  Ақынның  білгірлігін,  білімін  сынға  салуы.  Бұл  ақындар  тілінде  өткен  ғұлама-
шайхылардың есімін тілге тиек етуімен байланысты. Жəне де əр өлкенің дəстүрлі ақындық 
орта ықпалын да анықтайды. 
Ақтан: 

136 
 
Расул, Имам Ағзам, Арыстан бап 
Солардан реушен жарық бізге тарап. 
Əулие Құл Қожа Ахмет діннің шамы, 
Күндіз-түн зікір айтқан Хаққа мадақ... 
Ұзақбай жырау: 
Қожа Ахмет Иассауи 
Пірден пірге төре екен. 
...Зарыққанды жебеген, 
Құр емес дейді зайырдан. 
Базар жырау: 
Ғали-Сина, Фирдоуси, 
Орасан озық білгірлер, 
Шыққан дейд тəжік, парсыдан. 
Əбубəкір, Науаиы 
Шығыпты айрықша ғалымдар 
Өзбек пен қазақ халқынан... 
3)  Ақындардың  сөз  қағыстыруында  бір-біріне  өр  талаптар  қойып,  ақындық  қуатын 
қайрап,  шамырқана  толғайды.  Өзін  көтермелеп,  қарсыласын  кішірейте  сөйлеуі  −  ежелгі 
ақындық айтыстың дəстүрлі əдісі.  
«Қашағанның Ізбаспен айтысында»:  
Сен – бір жабы, мен – тұлпар, 
Сен қарға да, мен – сұңқар, 
...Мен – теңіздегі кемемін. 
Басармын да кетермін, 
Батарсың да кетерсің  
4)  Ақынның  топ  алдында  өзінің  ақындық  қарымын  таныту  үшін  бейнелі 
метафоралармен беруі. 
Ақтан ақын: 
Мен-Адайдың Ақтаны, 
Сөйлемес сөзім тақталы. 
Бөгесе бөгет бермейтін, 
Қаратаудың ақпары,- 
Немесе: 
Мен ақ бауыр кер жорға 
Əдемі басқан аяғын. 
Қарасаң көзің жеткісіз 
Жылмиып жатқан даламын. 
Базар: 
Тереңдігім теңіздей, 
Қайратым – қоңыр өгіздей. 
Қалнияз: 
Табаны тайпақ сүргінмін, 
Тауысқан топты жорғалап. 
5)  Халықтың  өлең-жырға  құмарын  қандыру  да  ақынның  қаумалаған  көпшілік 
алдындағы  парызы  саналатын.  Мұнда  ақын  көп  сусынын  қандырар  халықтың  қалаулы 
азаматы, той-думанның дүлдүлі ретінде танылады. 
Ақтан ақын: 
Қаумалап халқым келгесін, 
Селдетпей топан жел сөзді, 
Көрінбейін бекер жек... 
Таңдайына татымас 
Абыл менен Нұрымнан 

137 
 
Дəніккен жұртым секер жеп. 
Базар: 
Құмарын тарқат алқаның, 
Ықыласын көптің қайтармай. 
6)  Ақын  жүрегіндегі  жан  толқынысын,  шерлі  мұңын  жеткізеді.  Перзентке  зар  болу 
мұңы-қазақтың фольклорлық мұраларынан бастау алған, кейінгі жыраулық поэзияда да жиі 
қозғалған тақырып. Батыс өлкесі ақындарында: 
Аралбай: 
Еңсесі кеткен жүйрікпін 
Еріксіз шауып бұланған. 
Қайғы толса қалыбыңа, 
Ұшқындап шығар зыбаннан. 
Ақтан ақында: 
...Оныншыдан не жаман- 
Оймақ ауыз, қиғаш қас 
Бір перзенттің жоғынан 
Мұңдық болсаң-сол жаман... 
Ғалым  Б.  Кəрібозұлы  лирикалық  жəне  ақындық  «меннің»  бір  ұғым  еместігін  көрсете 
келе,  біз  саралаған  шығармашылық  «меннің» «ақындық  көңіл-күйге,  түрлі  психологиялық 
сəттер  мен  сезімдерге  негізделіп  дүниеге  келетіндіктен,  онда  жалпылық  сипат  басым,  жеке 
ақынның  ғана  емес,  адам  баласының  барлығының  басында  болатын  жағдайлар 
жырланатындығын»  айтады [7, 23-б.].  Зерттеуші  Б.  Кəрібозұлы  біздің  мақаламыздағы 
шығармашылық  жəне  элегиялық  «менді»  біртұтас  ақынның  ішкі  сезімін,  толқынысын 
танытатын тұтас лирикалық «менге» сыйдырып отыр.  
Біздің  ақындық  қарымын  танытатын  шығармашылық  «мен»  деп  айрықша  бөлуіміздің 
де  мəнісі  бар  еді.  Өйткені,  шаршы  топта  қызбалықпен  сөз  бастау  ақындарға  оңайға  түскен 
жоқ.  Бұқар  жыраудың  «шаршы  топта  сөз  бастаудан  қиынды  көргем  жоқ»  дегені  де  тегін 
емес. Дуалы сөзбен жиналған топтың аузын қаратып, ақын-жырау атану үшін де ел бағасына 
лайық  құрметке  ие  болу  керек  болған.  Міне,  ақын-жыраулар  өздерін  ерекше  бітімді,  кесек 
тұлғалы  етіп,  айрықша  теңеулермен  сипаттауы  арқылы  ақындық  қиялының  ұшқырлығын, 
сөзінің  асылдығын,  ойының  маржан  ділмəрлігін  дəлелдеу  үшін  шығармашылық  «менін» 
еркін қолданған. 
Қорыта  айтқанда,  ғалым  Қ.Сыдиықов  «Ақтан  аты  ерлік толғауларымен  шыққан»  десе 
де, ақынның өлеңдеріндегі сыршылдық сарынды жоққа шығаруға болмайды. 
Айдынға үйрек, қаз керек, 
Сұлуға құшақ, наз керек, 
Жырға əуез бен саз керек, 
Теріге пұшпақ баз керек, 
Тері жаймай Ақаң не қылсын 
Заманға қарай саз керек. 
Əдемі  лирикалық  сарынның  астарында  əлеуметтік  жағдай  көрініс  береді.  Өйткені 
Ақтанның  кедейшілікпен  жоқшылықта,  тері  илеп,  жалданып  жұмыс  жасап  жүргенін 
көргендер оның бұл ісін сынға алады. Сондағы ақынның қайтарған жауабы екен делінеді.  
 
Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. Маңғыстау энциклопедиясы. – Алматы: Атамұра, 1997. – 384 б. 
2. Нұрдəулетова Б. Маңғыстау ақын-жырауларының тіліндегі ерекше сөздердің түсіндірмесі 
(«Қазақ əдеби тілінің тарихы» пəніне қосымша оқу құралы). – Алматы: үш қиян, 2003.-72 б. 
3.  Сыдиықұлы  Қ.  Ақберен.  ХVІІІ-ХХ  ғасырлардағы  қазақ  ақын-жырауларының 
шығармалары. – Алматы: «Нұрлы əлем» баспасы, 2007.-576 б. 
4. Тимофеев Л. Советская литература. – М.: Советский писатель, 1964. – 524 с. 
5. Поспелов Г. Теория литературы. – М., 1978. – 351 с. 

138 
 
6.  Тебегенов  Т.  Ақындық  поэзиядағы  фольклор  мен  əдебиет  дəстүрі.  Əдеби  процесс. 
Авторлық поэзия. Ақындық өнер психологиясы: Филол. ғыл. д-ры дис. автореф. – Алматы, 
2002. – 65 б. 
7. Кəрібозұлы Б. Қазақ өлеңінің ұлттық сипаты: Филол. ғыл. д-ры дис. автореф. – Алматы, 
1997. – 23 б. 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет