Теориялық конференция материалдары


ОҚУ САПАСЫ-АҚПАРАТТЫ ТЕХНОЛОГИЯ



Pdf көрінісі
бет27/27
Дата28.12.2016
өлшемі2,24 Mb.
#597
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

 
ОҚУ САПАСЫ-АҚПАРАТТЫ ТЕХНОЛОГИЯ 
 
Оқытудың  жаңа  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларын  меңгеру – қазіргі 
заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін 
дамытуда  ақпараттық – коммуникациялық  технологиялардың  маңызы  зор.  Білім  беруді 
ақпараттандыру  жəне  пəндерді  ғылыми – технологиялық  негізде  оқыту  мақсаттары  алға 
қойылуда. Ақпараттандыру  технологиясының  дамуы  кезеңінде  осы  заманға  сай  білімді,  əрі 
білікті  жұмысшы  мамандарын  даярлау  оқытушының  басты  міндеті  болып  табылады. 
Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны 
меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.  
Білім  ақпараттық  қоғамда,  жаһандану  заманында  құнның  негізгі  көзіне  айналуда. 
Ғылым мен жаңа технологияларды, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістері: 
1.
 
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар. 
2.
 
Ақпараттық мəдениет орталығы. 
Ақпараттық-коммуникациялық  технологияға  интернет,  теледидар,  электрондық  почта, 
радионы жатқызуға болады. Оқытушы ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы 
Студентпен  байланысын  жеке-дара  жақындаса  алатындай  жолмен  жүргізуге  мүмкіндік 
алады. Мультимедия кабинетінде электрондық оқулықпен сабақ берудің тиімділігі көп: 
1.  Оқытушы  студенттің  білімін  бағалауды  компьютерге  жүктейді.  Бұл  бағалау 
көрсеткіштерінің нақты, дəл болуын қамтамасыз етеді. 
2. Студент жеке жұмыс жасайды. 
3.  Оқытушы  студенттердің  жағдайын  толық  көріп,  əрбір  студенттің  қабілетіне  қарай 
онымен жеке жұмыс жасауға мүмкіндігі ашылады. 
Сонымен  қатар  пəндерді  оқыту  əдістемесіне  интернет  жүйесін  қосу  сапалы  білімнің 
қайнар көзі болар еді. Интернет жүйесі арқылы оқыту студенттердің өзара ақпарат алмасуын 

225 
 
мүмкін етеді, танымдық қызметін арттырады, білім алуға қызығушылық ұлғайып, өз бетінше 
ізденуге  ұмтылдырады.  Студенттердің  мұндай  қабілеттерін  ашып,  танымдық  іс-əрекетін 
қалыптастыратын  əрине,  оқытушы  екені  даусыз.  Оқытудың  бұл  жүйелерінде  оқытушы  тек 
басшылық жасайды əрі ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде болады. 
Жаңа  ақпараттық  технологиялар  дегеніміз  –  білім  беру  ісінде  ақпараттарды 
даярлап,  оны  білім  алушыға  беру  процесі. 
Ағылшын  тілі – бүгінгі  заманымыздың  кілті, 
компьютер технологиясының кілті екені белгілі.
 
Біздің  мемлекетімізде  жаңа  ақпараттық  құралдардың  дамып  келе  жатқаны  сөзсіз. 
Қазіргі  заман  педагогтарына  компьютер  жəне  мультимедиялық  құралдарды  қолданудың 
сабақ  өту  барсында  өте  тиімді  тəсіл  екені  белгілі.Бұл  құралдың  қуаттылығы  соншалықты 
онымен  бірге  білім  жүйесіне  жаңа  əдістермен  бірге  əлемдік  ойлаудың  жаңа  идеологиясы 
(шығармашылығы) енгізілді.  
Компьютерлік  жəне  ақпараттық  технологиялар  заман  талабы.  Бұл  жұмыстың  басты 
мақсаты  компьютер  желісін  жəне  мультимедиялық – электрондық  құралдарды  шет  тілі 
сабағында  тиімді  қолдану,  нақтылап  айтқанда  ағылшын  тілі  сабағында  презентацияларды 
жəне  мультимедиялық – электрондық  құралдарды  мектеп  қабырғасында  жəне  білім  беру 
процесінде терең қолдану. Ағылшын тілі – ұлы əдебиет тілі. 
Ағылшын  тілі  сабағында  компьютерді,  мультимедиялық  жəне  электрондық 
оқулықтарды жəне интерактивті тақтаны пайдаланғанда:
 
• лексиканы оқып үйретеді;
 
• сөйлеу ырғағын;
 
• диалог, монолог жəне рөлдік ойындарды;
 
• хат жазуға үйретеді;
 
• грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі. 
Қазіргі  кезде  ағылшын  тілімен  компьютер,  телекоммуникациялық  құралдарды 
меңгеруді  уақыттың  өзі  талап  етеді,  тіпті  кейінгі  жылдары  олардың  рөлі  зорая 
түсуде.Студенттердің  ағылшын  тілі  пəніне  деген  қызығушылығын  арттыруда  көп  ізденіп, 
жаңа  ақпараттық  технологияларды  меңгеруді,  əртүрлі  əдіс-тəсілдерді  білуді  қажет  деп 
санаймын  жəне  мен  өз  сабақтарымда  қолданамын.  Жəне  мен  өз  сабағымда “Messages» 
электронды оқулықтарын жиі қолданамын.
 
Жаңа  ақпараттық  құралдарды  ағылшын  тілі  сабағында  қолданғанда  күтілетін 
нəтижелер:
 
• үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;
 
• студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
 
• сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;
 
• студенттердің шығармашылығын арттырады;
 
• студенттерді жеке жұмыс істеуге үйретеді;
 
• грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;
 
• студенттердің есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;
 
• пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады. 
Көбіне  мен  ағылшын  пəнінде  компьютерді  жаңа  сабақ  түсіндіргенде,  грамматикалық 
құрылымдарды өткенде жəне қорытынды сабақта қолданамын.
 
Ағылшын  тілін  оқытуда  ақпараттық  технология  құралдарын  қолданудың  басты 
мақсаты – студенттерге  шетел  тілінде  қарым-қатынас  жасауды  базалық  деңгейде  игерту. 
Осыған сəйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда 
ауызша  жəне  жазбаша  (сөз,  тыңдап  түсіну,  оқу,  жазу)  өзара  мəдени  қарым-қатынас 
процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын  қалыптастыруды қамтамасыз ететін 
тілдік, сөздік, əлеуметтік-мəдени білім, білік дағдылар енеді.  
Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттары:
 
1.  Компьютер  шексіз  ақпарат  əлемінде  енуге  жəне  ақпаратты  жүйелі  түрде  талдап, 
сараптауға  мүмкіндік  береді.  Ақпаратты  алудағы  жоғары  жылдамдық  адамның  ақпараттық 
мəдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.
 

226 
 
2.  Компьютер  адамның  зерттеу-танымдық  əрекетінің  əмбебап  құралы  ретінде 
ерекшеленеді.
 
3.  Өзге  құралдардан  компьютердің  ерекшелігі – оның  қатысымды  құрал  бола  білуі. 
Яғни,  білімгер,  ол  арқылы  қатысымның  барлық  түрлерін  жүзеге  асыра  алады.  Бұл – 
мəтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау əрекеттері. Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең 
маңызды болмақ.
 
4.  Құрал  бітімгерлерге  өз  əрекеттерінің  нəтижесін  айқын  көрсете  алады.  Білім  алуда 
дұрыс  шешім  жасай  білуге  деген  оқушылардың  өзіндік  тəсілін,  стратегиясын 
қалыптастырады.
 
5.  Компьютердің  көмегімен  жаттығулардың  кешенді  түрлерін  аз  уақытта  орындау 
мүмкіншілігі туындайды.  
Ағылшын  тілі  сабағында  компьютерді  қолдану  мəтіндер  мен  ақпаратты  білуге  жол 
ашады. Тіпті нашар оқитын студенттің өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені 
кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.
 
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар 
арқылы  оқыту  ісі  күннен-күнге  өзекті  болып  келеді.  Тілді  ақпараттық - коммуникативтік 
технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне 
игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. 
Сонымен  қатар  студенттер  интелектуалдық,  шығармашылық  жəне  коммуникативтік 
істерін  дамыта  алады,  студенттердің  оқу  белсенділігі  артады,  сабақтың  негізгі  кезеңдерінің 
бəрінде студенттерге шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
 
Қазіргі  заманда  ғылымсыз  жан-жақты  дамыған  өркениетті  елдердің  қатарына  қосылу 
мүмкін  емес.  Ал  оқытушылардың  бүгінгі  заманға  сай  берілген  сабақтары  осы  мəселелерді 
шешуші күш болып отыр.
 
Пəн оқытушылары арасында да үнемі үзілмес байланыс болуы керек деймін. Мысалы: 
қазақ  тілі,  орыс  тілі  жəне  ағылшын  тілі  оқытушылары  бір  тақырыпты  бір  уақытта  бастап, 
пəндер  арасында  тым  құрығанда  атауларын  бала  үш  тілде  біліп,  байланыстыра  отырып 
тіркес,  сөйлем,  қысқа  біліп,  байланыстыра  отырып  тіркес,  сөйлем,  қысқа  əңгіме  құра  білсе 
бір  оқу  жылы  ішінде  біршама  жетістікке  жетер  еді  демекпін.  Əрине,  барлығын 
байланыстыру, жүйелеу оңай жұмыс емес, бірақ белгілі бір жетістікке жету үшін, «тілдердің 
үш  тұғырлылығының»  болуы  үшін,  нəтижесін  көруге  болатын  сияқты.  Үш  тілді  болу – 
қазіргі  заман  талабы.  Өркениет  көшінен  қалмай,  соған  сəйкес  қадам  жасауға,  толыққанды 
білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек. 
 
Қорыта  келгенде  ағылшын  тілі  сабағында  компьютер  жəне  т.б.  жаңа  ақпараттық 
құралдарды  пайдалану  заман  талабы.  Жаңа  замандағы – Жаңа  Қазақстанымыздың  дамып 
келе  жатқан  қадамында  оқу  процессіне  жаңа  ақпараттық  технологияларды  енгізілуі  де, 
келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді.
 
Білім саласындағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне байланысты екендігін 
білеміз.  Сондықтан  біз  тек  Қазақстанның  ішінде  ғана  емес,  əлем  деңгейінде  бəсекеге 
қабілетті  жастарды  дайындай  білуіміз  керек.  Қазіргі  заман  сабағы  жаңа  ақпараттық 
технологияны  меңгерген  мұғалімсіз  болмайды.  Ұлы  ағартушы  Ы.  Алтынсарин: «Маған 
жақсы  мұғалім  бəрінен  де  қымбат,  өйткені  жақсы  мұғалім – мектептің  жүрегі»  деген  екен. 
Онда  «білімнің  жүрегі»  болумен  қатар,  жаңа  егемен  еліміздің  ұрпағын  жаңа  білім  нəрін 
сусындатып, саналы тəрбие, сапалы білім беретін білімді, білікті ұстаз болайық.
 
 
Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Алматы, 2011.  
2. «Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз»  Н.Ə.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы, 
2011 жыл  
3.  Қазақстан  Республикасы  білім  беруді  дамытудың 2011-2020 жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасы.  

227 
 
4.Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық 
технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру əдістемесі. – Алматы: 
ЖШС «Дайыр Баспа», 2010.  
5.  Қалыбаева  Т.Р.  Ағылшын  тілі  сабақтарында  ақпараттық  технологияларды  қолдану. – 
Алматы: Қазақ университеті, 2012.
 
 
 

228 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ғылыми басылым 
 
«МƏҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ МЕН ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ƏДЕБИЕТІНДЕ КӨРКЕМДІК 
КӨРІНІС ТАБУ ДƏСТҮРІ МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢАШЫЛДЫҚ МƏСЕЛЕЛЕРІ»  
 
Қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық 
конференция 
 
МАТЕРИАЛДАРЫ 
 
3 маусым, 2015 жыл 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ИБ № 9487 
Басұға 20.10.2015 жылы қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16. Көлемі 14,25 б.т. 
Офсетті қағаз. Сандық басылыс. Тапсырыс № 4211. Таралымы 60 дана. Бағасы келсімді.  
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ университеті» баспасы. 
050040, Алматы қаласы, Əл-Фараби даңғылы, 71. 
 
«Қазақ университеті» баспаханасында басылды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет