Тербелістер деп - дененің бірдей уақыт аралығындағы дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады. Тербелістер:еркін және еріксіз болып екіге бөлінеді. Еркін тербелістер- тербелмелі жүйенің ішкі күштерінен туындаған тербелістер Еріксіз тербелістер- периодты өзгеретін сыртқы күштердің әсерінен болатын тербелістер
Тербелістер жиілігіБір секуд аралығында өтетін тербелістер санына тең физикалық шама тербелістер жиілігі деп аталады. Бірлік уақыттағы тербелістер санын-v жиілік деп атайды. Өлшем бірлігі-герц (Гц)=с-1
Тербеліс амплитудасы деп дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәнін айтады.
Өшпелі тербелістер Денелердің кез келген механикалық қозғалысында үйкеліс күштері әсерінен механикалық энергияның әлдебір бөлігі молекуларадың жылулық энергиясына айналғандықтан,дененің тепе-теңдік күйден ауытқуы бірте-бірте азаяды.Уақыт өте дененің тепе-теңдік күйден ауытқуының кемуі тербелістердің өшуі деп аталады.Әлдебір уақыт өткен соң тербелістер аяқталады.Барлық жағдайларда механикалық еркін тербелістер-өшпелі тербелістер.
ТOЛҚЫНДАР Белгілі бір ортада тepбeлістің таралу процесін тoлқын деп атайды Серпімді тoлқындар көлденең және қума болып бөлінедіҚума тoлқындар сығылу, созылу деформациялары кезінде, тoлқын таралатын ортада серпімді күштер пайда болатын ортада таралады, яғни қатты денелерде, газдарда, сұйықтарда таралады. Көлденең тoлқындар ығысу деформациясы кезінде серпімді күштер пайда болатын ортада ғана таралады, яғни қатты денеде ғана таралады.