Тәрбие сағаты «Салауаттану- болашағынды сәулелендіру»



бет1/4
Дата12.11.2022
өлшемі0,83 Mb.
#49571
  1   2   3   4

ЖЕТІСУ ГУМАНИТАРЛЫҚ- ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

КЕЛІСЕМІН
Директордың тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары
______Сандыбаева А.Н
«21».09.2022 жыл.


ТӘРБИЕ САҒАТЫ
«Салауаттану- болашағынды сәулелендіру»

Педагог: Бактын Алия Фархатқызы
Тобы: 110-тоб. Жол қозғалысын ұйымдастыру (10410400)
Мамандығы: 3W10410401- Жол инспекторы

Есік қаласы, 2022 ж.
Тәрбие сағатының мақсаты: балаларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Балаларымызды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болуы үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуының қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын үйрету.
Қолданылатын көрнекіліктер: сөз жұмбақ, күн макеті, гүлдер, буклеттер, қанатты сөздер («Дені саудың жаны сау» «Денсаулық кепілі - салауаттылық»)
Жүру барысы:
Студенттер үш топқа бөлінеді.
І топ «Салауаттылық»
ІІ топ «Болашақ»
ІІІ топ «Сәулеленген өмір»
Мұғалім: «Бірінші байлық - денсаулық» деп жайдан жай айтылмаған. Алдымен адамға денсаулық керек. Адам баласын,ың днесаулығы оның жаны мен тәнінің саулығынан құралады. Адам денсаулығының жақсаруы, рухани жанының тазаруы тіршілікте салауатты өмір салтын ұстануда, салауатты өмір кешумен байланысты.
Салауаттылық – адам тіршілігіндегі күнделікті өміріндегі қимыл-әрекет, тамақтану, ойлау, әдет, құмарлық, тұрмыстық қарым-қатынас, қимыл-әрекеттер жүйелерінің жиынтығы.
Ал салауатты өмір – жоғары саналы адамгершілік өмір, салауатты салт-сананың жоғары көрінісі. Сондықтан адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы ең алдымен салауатты өмір салтына қалыптастыру бүгінгі күннің жауапты парызы деп санаймын. Себебі ол – адам денсаулығының мықты тірегі. Сондықтан да балалар, біз салауатты өмір салтын ұстануымыз керек. Болашақтың иелері сендер болсаңдар, салауаттану келешегімізді сәулелендіру екенін ұғынайық.
Бүгінгі тәрбие сағатындаосы үш топ арасында «Тіршіліктің көзі – салауатты болашақ» тақырыбында сайсамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет