Тәрбие сағатының тақырыбы: «Даланың дара ұстазы!»



Дата07.01.2022
өлшемі19,12 Kb.
#19229

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Даланың дара ұстазы!»
Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру.
Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Ы. Алтынсарин портреті, буклет, презентация

Барысы:

Мұғалім: Әр халықтың болашаққа бет алған тарихы даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт - бағдар сілтеген, сөйтіп сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Халқымыздың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановпен, ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевпен бірге аса көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин. Ы. Алтынсарин - алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш рет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы, балаларға арнап
өте құнды өлеңдер мен әңгімелер жазған жазушы, даланың дара ұстазының 180 жылдығына арналған іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз!

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсаринге арналған «Даланың дара ұстазы!» атты шарамызға қош келдіңіздер!

1. Экранға назар аударайық!

(Ы.Алтынсарин туралы видеоролик жүреді)

2. Келесі кезекте 9 «А» сынып оқушылары «Макет құрастыру»

3. «Жылдар сөйлейді» 9 «А» сынып оқушылары

Мұғалім: Биыл Ы.Алтынсарин атамыздың туылғанына 180 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Біздің республикамызда ағартушы, педагог, жазушы, қоғам қайраткерінің есімі: 50 мектепке, Рудный әлеуметтік – гуманитарлық колледжіне, Арқалық мемлекеттік пдагогикалық институтына және 1996 жылдан бастап Ұлттық білім академиясына есімі берілген.

4. Сауатты болса екен деп қазақ халқын,
Білімге бастап беріп, жолды салды.
Тәлімді, тәрбиелі еңбегімен,
Ыбырайдан өшпестей мұра қалды.
Сәлем жолдап шәкіртке дұғай - дұғай,
Ұрандап өлеңімен келді былай.
Жас ұрпаққа жар салып жанымен де
«Кел, балалар, оқылық»- деді Ыбырай – дей отырып Ы.Алтынсаринның өлең жолдарына кезек береміз.


(Оқитын 9 «Ә» сынып оқушысы Тәженова Диана)

(Оқитын 9 «Ә» сынып оқушысы Серікова Аяулым)

  1. Мұғалім: Ы. Алтынсарин өз өлеңдерінде балаларды оқуға, білім алуға шақырса, ал әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді.

«Таза бұлақ» әңгімесінің тәрбиелік мәні. 11 «Ә» сынып оқушысы Мендіғалиева Д.

  1. Ы.Алтынсаринның өлең жолдарына кезек беріледі.



  1. Викториялық сұрақтар. Экранға назар аударайық.

(Экранда тұрған бір ұяшықты таңда.)

1.Ы.Алынсариннің туған жылы? (1841жыл)

2.Ы.Алынсариннің атасының есімі? (Балқожа)

3.Ы.Алтынсариннің алғашқы еңбегінің аты? (Қазақ хрестоматиясы)

4.Ы.Алынсарин оқып, білім алған қаласы? (Орынбор)

5.Ы.Алтынсариннің өлеңдері? (Кел, балалар, оқылық!, Өнер білім бар жұрттар)

6.Ы.Алтынсарин үлгі тұтқан атақты педагог кім? (К.Д.Ушинский)

7.Ы.Алтынсарин қай қалаларды орыс-қазақ мектептерін ашты?

(Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз)

8.Ыбырайдың шын аты кім? (Ибрагим)

9.Ыбырайдың аудармаларының саны нешеу? (35)

10.Тұңғыш мұғалімдер мектебі қай қалада, қай жылы ашылды?

(Омбы қаласы, 1881 жыл)

  1. Қорытынды.

Біз, бүгінгі шарамызда ұлы ағартушы, тұңғыш қазақтың елінде мектеп ашқан, алғашқы ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірбаянымен толық таныстық. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларына, ағартушының еңбектеріне тоқталып өттік. Өзіндік ізін қалдырған, өскелең ұрпақтың еш есінен кетпестей ұстаздың жолын арнап өткендігін көріп, біліп, танысып өттік. Міне, осындай тәрбиелік мәні бар шарамыз арқылы оқушыларды әр істі
ойланып ақылмен жасауға, кішіге қамқор болуға, ата - анасын сыйлап құрмет тұтуға, еңбекқор болуға шақырамыз.
Ұлылар ұлағаты өркениеттің өр тауларына жетелейді. Ыбырайдай асыл бабаның таза, мөлдір, кәусар бұлағынан нәрлене білейік, рухани әлдене білейік деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рақмет!



Ә.Молдағұлова атындағы №22 орта мектеп

Тақырыбы: «Даланың дара ұстазы!»

Атырау, 2021жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет