Тәрбие сағатының тақырыбы: «Патриотизм ұлттық рухтың асқақ белгісі»



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі0,81 Mb.
#8024

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Патриотизм – ұлттық рухтың 

асқақ белгісі» 

Мақсаты:  Елімізде  өскелең  ұрпақтардың  Отанға  деген 

патриоттық  сезімдерін  ояту  және  одан  әрі  арттыру.  Жас 

ұрпақты  Отансүйгіштікке,  елжандылыққа  тәрбиелеу.  Өз  Отанына  шексіз  берілген, 

патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер аға-апалардың ерлігін үлгі ету. 

Армысыздар! Құрметті ұстаздар, оқушылар. 

Мақсаты: Елімізде өскелең ұрпақтардың

Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту

және одан әрі арттыру

Жас ұрпақты Отансүйгіштікке, 

елжандылыққа тәрбиелеу.

Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық 

рухы жоғары, қайсар жауынгер аға-апалардың 

ерлігін үлгі ету.

 

Бүгінгі    «Патриотизм  –  ұлттық  рухтың  асқақ  белгісі»  атты  тәрбие 



сағатымызға қош келдіңіздер. 

1 жүргізуші: Хуснийдин Мөлдір 

Тәрбие  сағатымызды  бастамас  бұрын  өз  еліміздің  яғни  Қазақстанымыздың 

әнұранымен бастамақпыз. 

Әнұран орындалады 

 

Қандай бір халық болмасын Отанын, елін, жерін сүймейтіні жоқ. Соның ішінде 



қазақ  халқы  да  жалпы  шығыс,  оның  ішінде  түркі  тілді  халықтардай  Отанын,  жерін, 

суын, табиғатын сүюге жастарды тәрбиелеу көне заманнан  өзімен бірге дамып келеді.  



Отансүйгіштік қай елдің болмасын алтын босағасы. Адам 

тәнін  жан  билесе,  Отан  тәнін  халқының  оған  деген 

сүйіспеншілігі билейді. Бұған ешкімнің күмәні жоқ.  

2-жүргізуші: Серік Әділбек 

Елбасының  Қазақстан  халқына  Жолдауында  «Өз 

бойымызда  және  бабаларымыздың  бойында  жаңа 

қазақстандық  патриотизмді  тәрбиелеуіміз  керек».  Бұл  ең  алдымен  елге  және  оның 

игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады», - деген сөзінің өзі  «Балам деген жұрт 

болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деген Ахмет Байтұрсынұлының сөзімен 

дәлме-дәл келгендей.  

1-жүргізуші: Хуснийдин Мөлдір 

Қазақстандық  патриотизмнің  негізі  –  ежелгі  ұлттық  салт-дәстүр,  әдет-ғұрып, 

аңыз - ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт 

өкілдері  –  қазақстандық  батырлардың  ерліктері  туралы  тарихи  деректер  болып 

табылады. Осыған орай бүгінгі кешімізді 3 кезеңге бөліп отырмыз.  

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың кезеңдері: 

1.

 

Ежелгі  ұлттық  салт-дәстүр,  әдет-ғұрып,  аңыз-ертегілер,  жырлар  сыр 



шертеді (сұрақ-жауап) 

2.

 



Негізгі ұғымдармен жұмыс 

3.

 



Ұлы  Отан  соғысындағы  түрлі  ұлт  өкілдері  –  Қазақстандық 

батырлардың ерліктері 

 

2-жүргізуші: Серік Әділбек 



Алғашқы кезең. Ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз-ертегілер, жырлар 

сыр шертеді (сұрақ-жауап) 

1.

 

«Мен  қазақпын,  мың  өліп,  мың  тірілген»  өлеңінің  авторы  кім?  (Жұбан 



Молдағалиев).  Міне  керемет,бұл  өлеңнің  тарихы  өте  жақсы  қазақтың  қазақ 

екенін  білдіреді.Олай  болса  келген  қонақтарға  осы  өлеңнің  бірер  шумақ 

аитып жіберсеңіз. 

2.

 



Қазақтың ұлттық ойындарын ата? (Ханталапай, қыз қуу, бәйге, аламан күрес, 

көкпар, тоғызқұмалақ, асық)  

3.

 

Қазағымыздың әйгілі  үш данасын кім біледі? (Абай, Шоқан, Ыбырай)  



4.

 

Қасиетті  киіз үйдің құрылысы (шаңырақ, уық, кереге, иіні, түндік, туырлық 



т.б.) 

5.

 



Қазақтың  ұлттық  аспаптарын  ата  (Домбыра,  қобыз,  сазсырнай,  дауылпаз, 

жетіген)  Ия  дұрыс  достар,  соның  ішіндегі  домбыра  –  сан  ғасырлардан  бері 

қазақтың  сырын  сақтаған,  қазақ  даласында  кеңінен  танымал  аспап.  Ол  – 

қазақтар  өмірінде  маңызды  орын  алатын,  өзіндік  музыкалық  сипаты  бар 



аспап.  Алғаш  эпикалық  дәстүр  шеңберінде  жыр,  толғау,  термелерді 

сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма-күй жанрының 

қалыптасуына  ықпал  еткен.      Нағыз  қазақ  қазақ  емес,  нағыз  қазақ  домбыра 

демекші  Жанаман  ұлдарыңыздың  қолынан  қасиетті  домбыраның  үнін 

тыңдайық. Күй «Адай» 

6.

 



Қазақтың үш биін ата (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) 

7.

 



Мақал,  мәтел  халықтың  барлық  өмір  тәжірибелерін  үлгілі,  қысқа  түрде 

айтады. Туған жер, отан, еңбек туралы қандай мақал – мәтелдер білесіздер?  

(«Еңбек  түбі-мереке»,  «Ат-ер  қанаты»,  «Еңбегі  аздың  –  өнбегі  аз»,  «Туған 

жердің тауы ыстық», «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі», «Елін сүйген 

ер болар» т.б.)  

8.

 



Батырлар жырын тудыратын халық десек, батырлардың халықтық сипаттары 

қандай  болған?  (Олар  халықты  езушілерге  қарсы  күрес  жүргізеді,  еңбек 

адамын  азаптан,  құлдықтан,  ауыр  өмірден  құтқару  үшін  халықты  бақытқа 

жеткізу үшін әрекет етеді) 

9.

 

Батырлар туралы қандай жырларды білесіз? («Қобыланды батыр», «Алпамыс 



батыр», «Ертарғын батыр», «Қамбар батыр», «Ертөстік»).  

10.


 

Қазақ халқының салт-дәстүрлерін атаңыз (беташар, жар-жар, түйемұрындық 

(ғұрып),  өңір  салу  (дәстүр),  шаңырақ  көтеру  (салт),  қыз  ұзату  (салт,  той), 

тұсау кесу, бесікке салу, тілашар, асату, қазан шегелеу т.б. ) 

 

Топ тәлімгерінің сөзі: 



Алғашқы кезеңіміз аяқталды. Бұл кезеңде оқушылардың білгір екенін байқадық. 

Салтымызды сақтайтын, баба үмітін ақтайтын оқушылар қазақта өте көп екен. Ал,енді 

қонақтар,оқушылар келесі кезеңге кезек берсек. 

 

 



 

 


 

2-жүргізуші: Серік Әділбек 

ІІ кезең. Негізгі ұғымдармен жұмыс 

 



патриотизм  дегеніміз  –  Отанға  деген 

сүйіспеншілік,  әрбір  азаматтың  мемлекет  алдындағы 

борышын жанқиярлықпен орындау;  

-  отаншылдық  патриотизм  –  бұл  елдікті,  мемлекеттілікті  саналы  түрде  сезіну. 

Мәселен,  кез  келген  адамның  өзі  туып-өскен  жеріне  бауыр  басуы,  ана  тілін  толық 

меңгеріп,  оған  құрметпен  қарауы,  өз  Отанының  мүддесін  ойлау,  туған  жеріне  деген 

адалдық,  өз  елінің  саяси,  экономикалық,  әлеуметтік,  мәдени  саладағы  жетістіктерін 

мақтан  ету,  өз  Отанының  бостандығы  мен  Тәуелсіздігін  қорғау,  ата-бабаларың  мен 

Отанының  тарихына  құрметпен  қарау,  сондай-ақ,  өзіңнің  табанақы,  маңдай  теріңді 

туған еліңнің гүлденуіне арнау – бұлардың да қазақстандық патриотизм деген ұғымның 

ішіне сияды.  

-  әскери  патриоттық  тәрбие  –  жас  өренді  Отанды  қорғауға  ұдайы  әзір  болуға 

моральдық  және  дене  бітімі  жағынан  даярлау  болып  табылады.  Әрбір  жасөспірім 

жасынан «Қазақстан – менің Отаным», «Ол мен  үшін жауапты болғаны сияқты мен де 

ол  үшін  жауаптымын»  -  деген  қарапайым  ойды  меңгеруі  керек.  Әскери-патриоттық 

тәрбие  –  жас  өренді  Отанды  қорғауға  ұдайы  әзір  болуға  моральдық  және  дене  бітімі 

жағынан даярлау болып табылады. 

 

1-жүргізуші: Хуснийдин Мөлдір 



Жалпы патриот дегеніміз ол сіздер айтқандай елін сүйетін, отанын сүйетін жас 

өрең. Осындай патриот жастарымыз көбейе берсін дей отырып «Қазақ жастары»  атты 

патриоттық әнге кезек береміз. Жайман Акмарал  


 

2-жүргізуші: Серік Әділбек 

Жарайсың Ақмарал,енді соңғы кезең 3 кезең  

ІІІ кезең. Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері – Қазақстандық 

батырлардың ерліктері 

 

1-жүргізуші: Хуснийдин Мөлдір 



Қазақтың  қара  жеріне кіндік  қандары  тамған  қас  батырларымыз  Б.Момышұлы: 

«Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі 

мен  қасиеті»,  деп  Отанға  деген  сүйіспеншілік  оның  әрбір  азаматының  жүрегінен 

туындауы  керек  деп  жеткізсе,  Ұлы  Отан  Соғысының  шегіне  жете  беріп, 

қаһармандықпен  қаза  тапқан  Баубек  Бұлқышев:  «Адал  адам  Отанын  сүйеді.  Адал,  ақ 

жүрекке  Отан  анасындай.  Отанның  дегенін  істеу-қуаныш,  мақтаныш.  Отанға  деген 

махабатты  бізде  өлшеуге  болмайды»,  деп  жүректің  пәктілігі  ғана  Отанды  анасындай 

қастерлеуге тәрбиелейтінін айтады. 

Отанға деген сүйіспеншілігін сөзбен емес, іспен дәлелдей білген батырларымыз 

көп. Отанымыздың патриот тұлғаларға арналған бейнеролигімізді тамашалаймыз. 

Бейнеролик «Қазақстан - ұлы жеңіске ұлы үлес». 

 


 

 «Шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүк» - Ғимранова Маржан 

 2-жүргізуші: Серік Әділбек 

 

Ал,ендеше  қазақтан  тек  қана 



ер  азаматтар  ғана  емес,қазақтан 

батыр  қыздарды  шыққанын  міне 

көрдік.  Келесі  кезекті  «Әлия»  атты 

батыр  қызымызға  арналған  әнге 

кезек береміз. Ибатова Мадина  

Топ тәлімгерінің сөзі: 

Қорытынды:  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев  отансүйгіштікке  баулып, 

патриоттық  сезімін  ояту  мақсатында:  «Еліңнің  ұлы  болсаң,  еліңе  жаның    ашыса, 

адамзаттық  намысың  болса,  қазақтың  ұлттық  жалғыз  мемлекетінің  нығайып-көркеюі 

жолында  жан  теріңді  сығып  жүріп,  еңбек  ет.  Жердің  де,  елдің  де  иесі  өзің  екеніңді 

ұмытпа!»  деген  болатын.  Олай  болса  жүрегі  елім  деп  соққан  азаматтарымыз  көбейе 

берсін демекпіз! 

2-жүргізуші: Серік Әділбек 

Құрметті қонақтар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғысымыз 



шексіз. Келесі кездескенше аман сау болыңыздар. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет