Тәрбие сағатының тақырыбы: «Салауатты өмір салты» Сабақтың мақсаты


Сұрақ 1. Оқушылар жұмбақ кейіпкердің әрекеті дұрыс па? 2. Сіз жұмбақ кейіпкердің орнында болсаң не істер едің?Келесі бөліміміз жағдаяттар



бет2/2
Дата20.02.2023
өлшемі22,2 Kb.
#69352
түріСабақ
1   2
Сұрақ 1. Оқушылар жұмбақ кейіпкердің әрекеті дұрыс па? 2. Сіз жұмбақ кейіпкердің орнында болсаң не істер едің?Келесі бөліміміз жағдаяттар 1 жағдаят: Бір күні сені жан досың бір отырысқа ертіп баратындығын айтты. Онда барғаныңда үлкен жиынның үстінен түстің. Сен бейтаныс адамдар ішімдік ішуге, шылым шегуге шақырады. Досың да солар жағында. Бұған дейін досыңның мұндай әдеттерін байқамапсың. Осы жағдайда сен не істер едің, қандай да бір шұғыл шешім қабылдайсың ба? Өз шешіміңмен бөліс. 2 жағдаят: Сыныпқа жаңадан оқушы келді. Барлық сынып оқушылары онымен жақын араласып кетті. Сіз онымен дос та болып алдыңыз. Кейін сіз оның жұқпалы аурумен ауратының білдіңіз. Бұл жағдайдағы сіздің іс - әрекетіңіз қандай? 3 жағдаят: Сенің өте жақсы көретін ағаңның аузынан ептеп сыраның иісі шығатынын бір – екі рет байқадың. Ағаңды қалай құтқарар едің? 4 жағдаят: Мектептен шығып үйге келе жатқаныңда темекі шегіп отырған бір баланы көрдің. Сен не істер едің? 5 жағдаят: Саған 11 - сынып оқушысы: «Маған күнде бір қорап темекі алып бер. Екеуіміз бірлесіп шегеміз. Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық. Әйтпесе......» деп жұдырығын көрсетіп, шарт қойды. Не істейсің? II. Зиянды әдеттер Слайд пен плакаттар арқылы оқушыларға мағлұматтар беру. III. Медбике кеңесі. (оқушылар сұрақ қояды) - Қазіргі кока-кола, чипсы дегендердің құрамында бізге зиян қандай нәрселер бар? IV. «Денсаулық – зор байлық» сұрақ жауап кезеңі. 1 – топқа: 1. Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер? Денсаулық дегеніміз - адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп, жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді. Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты. Денсаулық салауатты өмір салты туралы ғылым. 2. Денсаулықтың достарына, қастарына нелерді жатқызамыз? 3. Өздерін қандай спорт түрлерін жақсы көресіңдер?

2 - топқа: 1. Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек? Жеке бас гигиенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу. 2. Біз не үшін тамақтанамыз? Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс. Дұрыс тамақтану - денсаулық негізі. Өмір сүру үшін тамақтанамыз. 3. Қазақстанның туын көкке көтеріп, намысымызды асқақтатып жүрген қандай спортшыларды білесіңдер?



3 - топқа: 1. Денсаулыққа не зиян?(Күн тәртібін бұзу, жеке бас гигиенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу ) 2. Сезім мүшелеріне не жатады? Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері. 4. Кандай ұлттық ойындарды білесіңдер? V. Сергіту сәті. Би – қозғалыс. Қозғалыс – денсаулық. Денсаулық – зор байлық. (Би «Чемпиондар әні») VI. Қорытынды: Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет